Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Жер құқығының қағидалары, түсінігі мен түрлері. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге басым құқығы 7 страница



-шетелдік заңды тұлғаларды және жеке тұлғаларды жер пайдалану құқығын жалға алу тәртібі қандай?

-ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді беру тәртібі қандай?

ҚР жер кодексінің 4 тарауы жер пайдалану құқығына аранлады. 4 тарау 28-бапта жер пайдалану құқығына анықтама берген. Жер пайдалану құқығы заттық құқық болып табылады. Осы Кодекске немесе заттық құқықтың

мәнiне қайшы келмейтiндiктен, жер пайдалану құқығына меншiк құқығы туралы нормалар қолданылады.

37-бапта шетелдік заңды тұлғаларды және жеке тұлғаларды жер пайдалану құқығын жалға алу тәртібі көрсетілген.

1. Жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану

(жалдау) құқығы азаматтарға, мемлекеттiк емес заңды тұлғаларға, сондай-ақ халықаралық ұйымдарға

табысталуы мүмкiн.

2. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше белгiленбесе, өз

мiндеттерiн тиiсiнше орындаған уақытша өтеулi жер пайдаланушы (жалға алушы) шарт мерзiмi

аяқталғаннан кейiн, басқа тең жағдайларда, жаңа мерзiмге шарт жасасуға басқа тұлғалар алдында

басым құқығы болады. Жалға алушы осындай шарт жасасу ниетi туралы жалға берушiнi шартта

көрсетiлген мерзiмде, егер шартта мұндай мерзiм көрсетілмесе, шарттың қолданылу мерзiмi

аяқталғанға дейiн үш ай мерзiмде жазбаша хабардар етуге мiндеттi.

3. Мемлекеттен уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану (жалдау) құқығын сатып алған,

осы баптың 5-тармағында аталғандардан басқа мемлекеттiк емес жер пайдаланушылар өздерiне тиесiлi

жер учаскелерiн (немесе олардың бiр бөлiгiн) жалға (қосалқы жалға) немесе уақытша өтеусiз

пайдалануға беруге құқылы, егер осы Кодексте өзгеше белгiленбесе, жер учаскесі орналасқан

жердегі облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар

қаланың уәкілетті органына хабарлай отырып, жер учаскесi меншiк иесiнiң келiсiмiнсiз, жер

учаскесiн жалға беру шартының мерзiмi шегiнде өздерiне тиесiлi уақытша жер пайдалану құқығын



иелiктен шығаруға да құқылы.

Аталған жағдайларда, жалдау құқықтарын кепiлге берудi қоспағанда, жер учаскесiнiң жаңа

жалға алушысы жалға берушiнiң алдында жер учаскесiн жалдау шарты бойынша жауапты болады.

4. Жалға берiлетiн жер учаскесiн үйлердiң, құрылыстар мен ғимараттардың меншiк иелерi

сатып алатын жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк меншiктегi жер учаскесiн сату кезiнде осы жер

учаскесiн жалға алушының ортақ меншiк құқығындағы үлесiн бөгде тұлғаға сатуы үшiн Қазақстан

Республикасының азаматтық заңдарында белгiленген тәртiппен оны сатып алуға басым құқығы болады.

5. Уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы:

1) шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін:

Қазақстан Республикасының азаматтарына – 10 жылдан 49 жылға дейінгі мерзімге;

оралмандарға – 10 жылға дейінгі мерзімге;

2) тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісі үшін:

Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларына – 49 жылға дейінгі мерзімге;

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға 10 жылға дейінгі мерзімге беріледі.

24-бап Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді беру тәртібі

1. Мемлекеттiк меншiктегi ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi осы Кодексте

белгiленген тәртiппен және жағдайларда жеке және заңды тұлғаларға жер пайдалану құқығымен және

(немесе) жеке меншiк құқығымен берiлуi мүмкiн.

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

мемлекеттік заттай гранттар ретінде жеке меншікке беруге жол берілмейді.

Шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар, сондай-ақ жарғылық

капиталындағы шетелдіктердің, азаматтығы жоқ адамдардың, шетелдік заңды тұлғалардың үлесі елу

пайыздан асатын заңды тұлғалар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін он жылға дейiнгі

мерзімге жалдау шарттарымен уақытша жер пайдалану құқығында ғана иелене алады.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiне жеке меншік құқығын табыстыру ақылы

негiзде жүргiзiледi.

Шаруа немесе фермер қожалығын, тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін және орман өсіруді

жүргiзу үшiн жер учаскесiне (жер учаскелерiне) жеке меншiк құқығының табысталуына мүдделi

азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалардың:

1) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын жер учаскесiнiң осы Кодекстiң 10 және 11-баптарына

сәйкес анықталатын кадастрлық (бағалау) құнына тең бағамен сатып алуына;

2) жер учаскесiне жеке меншiк құқығын оның кадастрлық (бағалау) құнына қарай айқындалатын

жеңiлдiктi бағамен сатып алуына болады.

Бұл ретте әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктер бойынша жер учаскелерiне жеңiлдiктi бағаның

мөлшерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.

Мәмiлелер жасалған кезде қолданыста болған Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес

шаруа немесе фермер қожалығын және тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн жер

учаскесiне тұрақты жер пайдалану құқығын (ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын) мемлекеттен бұған

дейiн сатып алған Қазақстан Республикасының азаматтары мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалары, осыКодекс қолданысқа енгiзiлген кезден бастап осы Кодексте белгiленген жер учаскелерi нормаларының

шегiнде жеке меншiк құқығын сатып алуға қосымша төлемақы алынбай, жер учаскелерiнiң меншiк

иелерiне айналады.

Аталған тұлғалардың жер учаскесiне жеке меншiк құқығын iске асыруы осы баптың 3-тармағында

көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.

3. Жер учаскесiне жеке меншiк құқығын сатып алу ақысын толық төлеген тұлғаның:

осы баптың 2-тармағының 1) тармақшасына сәйкес жер учаскесiмен Қазақстан Республикасының

заңдарында тыйым салынбаған мәмiлелердiң кез келген түрiн жасасуға құқығы бар;

осы баптың 2-тармағының 2) тармақшасына сәйкес, жеңілдікті бағамен сатып алынған жер

учаскесімен мәміле жасасуды шектеу мерзімі өткеннен кейін, жер учаскесімен Қазақстан

Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған мәмілелердің кез келген түрін жасасуға

құқығы бар, шектеу мерзімі жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын әрбір он процент төмендету

үшін екі жылды құрайды. Бұл шектеу жер учаскесін кепілге салуға қолданылмайды.

4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жер учаскелерiн сатып алған кезде оның сомасын

төлеу осы Кодекстің 49-бабында белгіленген тәртіппен төлеу мерзiмiн ұзарту арқылы жүргiзiлуi

мүмкiн.

5. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесiнiң меншiк иесi Қазақстан Республикасының

азаматтығынан шыққан кезде, азаматтықтан шыққан кезден бастап үш ай ішінде меншік иесінің

таңдауы бойынша жер учаскесi иеліктен шығарылуға тиіс немесе жер учаскесiне құқық он жылға

дейiнгі мерзімге жалдау шартымен уақытша жер пайдалану құқығына қайта ресiмделуге тиiс не

жергiлiктi атқарушы органның келісімімен жер учаскесi осы учаскенi мемлекеттен (меншік иесінен)

сатып алған баға бойынша жер учаскесiнiң бағасы төлене отырып, мемлекет меншiгiне қайтарылады.

6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасының күзетiлетiн аймағына тікелей

іргелесіп жатқан (үш шақырымдық аймақ) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерi, егер

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, оларды

делимитацияланғанға және демаркацияланғанға дейiн Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды

тұлғаларына ғана уақытша жер пайдалану құқығымен берiледi.

42. Шығыс Қазақстан облысының.... ауданының тұрғыны... өз учаскесіне отырғызған қайындары көршісі... А. К.-нің учаскесіне өтпей, алайда соны жағалай өсіп....(Ивановтың) үйіне және оның... күн түсірмегеніне байланысты...(Севченкоға) қырып тастау туралы ескертеді. Алайда Севченко ол қайындардың тек өз учаскесінде орналасқанын айтып қырқудан бас тартады. Иванов аудандық атқарушы органға шағыммен барады. – жер қатынастарын реттеу саласында аудандық атқарушы органның уәкілеттігі қандай?; – жер учаскесінің меншік иелерінің құқықтары мен міндеттерін көрсетіңіз. – істі шешіңіз.

Жер Кодекісінің 14-1-бабының 3-ші тармағында көрсетілгендей 3. Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) уәкілетті органдарының аудан шекарасы, қала шекарасы (шегі) шебіндегі және оның әкімшілік бағыныстылығына берілген аумақтағы құзыретіне:

1) иесіз жер учаскелерін есепке алу;

2) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) мемлекеттік қажеттер үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;

4) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

5) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

8) елді мекендер аумағының жер-шаруашылық орналастыру жобаларын әзірлеуді ұйымдастыру;

9) жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

10) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жер балансын жасау;

12) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;

13) жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттар беру;

14) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;

15) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;

16) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;

17) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
18) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау жатады.

 

43.1996 ж. “Еңбекке-береке” шаруа қожалығы бақша өсіру үшін уақытша өтеусіз пайдалануға 57га жер алды. Сонымен қатар, мерзімінің біткенініне қарамастан пайдалануды әрі қарай жалғыстыра береді. Маңғыстау облысының прокурорынан жерді уақытша өтеусіз пайдалану құқығының мерзімі асып кеткені үшін ол шаруа қожалығына санкция жібереді. Ал шаруа қожалығының басшысы олар жерді уақытша пайдалануға алғанда жердің жағдайы тым құнарсыз тастақ және су көзіне өте жалғай жатқандығының себебінен 3 жылға жуық жерді тиісінше пайдалана алмағандығын және әлі күнге дейін оның құнарлығын арттыру мақсатында жұмыс істеп жатқанын айтады.

-тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру кезінде қойылатын талаптары және жағдайлары

-облыстық прокурордың және тиісті аудан әкімшілігінің құзыреті

Тозған және бүлінген жерлерді қалпына келтіру – белгілі бір мақсатта пайдалану үшін бүлінген жерді қалпына келтіруге, оның ішінде бүлінген жердің кері әсер ету нәтижесінде өз құндылығын толық немесе жартылай жоғалтқан іргелес жатқан жер учаскелері, сондай-ақ қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған жұмыстар кешені.

Қалпына келтіру жобасы – графикалық бейне мен негіздемелерден, есептер мен сипаттамалардан, есептерден, сызбалардан тұратын техникалық, экономикалық, жоспарлы құжаттардың жиынтығы.

Жердің бүлінуі пайдалы қазбаларды өндіруде оның ішінде геологиялық-барлау, іздестіру, мұнай және мұнай өнімдерін алу, құрылыс және өзге жұмыстар барысында топырақ жамылғысының, жергілікті жер рельефінің гидрологиялық режимінің бүлінуіне және жер жағдайының өзге де сапалық өзгерістеріне әкеліп соқтыратын процесс.
Бүлінген жер адамның өндірістік қызметі нәтижесінде бастапқы ландшафтын және өзге құндылығын жоғалтқан немесе топырақ жамылғысының, гидрологиялық режимнің және жер бедерінің өзгеруіне байланысты қоршаған ортаға жағымсыз әсер ету көзі болып табылатын жер.

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобасында: ауданның табиғи жағдайларын (климатын, топырақ - өсімдік жамылғысын, геологиялық және гидрологиялық жағдайларын);ауданның даму болашағын; жерлерді қалпына келтіру уақытында бүлінген жердің нақты және болжамдық жағдайын (аумағы, жергілікті жердің бедер нысаны, шөптің табиғи өсуінің дәрежесі, топырақ қабатының құнарлылығы мен құнарлы тау жыныстарының әлеуетінің бар болуы, сумен толтыру, эрозиялық процесстер, ластану деңгейі); химиялық және гранулометриялық құрамның, агрохимиялық және агрофизикалық қасиеттердің, тау жыныстарының аршылған және сыйымдылық сипаттамасы мен олардың үйінділердегі қоспасының инженерлік-геологиялық сипаттамаларының көрсеткіштері;
бүлінген жерлер орналасқан аудандардың шаруашылық-экономикалық және санитарлық-эпидемиологиялық жағдайларын; қоршаған ортаны қорғау жөніндегі талаптар ескерілуі тиіс.

Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу:
1) жер учаскесін берген кезде, оны пайдалануы жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратында - жер учаскесін беру туралы жергілікті атқару органдардың шешімі қабылдағаннан кейін және жер бүлінуіне байланысты жұмыстардың басталуына дейін;

2) жер учаскесінің нысаналы мақсаты өзгертілгенде, оның нәтижесінде пайдалануы жердің бүлінуіне әкеліп соқтыратында - жер учаскесін беру туралы жергілікті атқару органдардың шешімі қабылданғаннан кейін және жер бүлінуіне байланысты жұмыстардың басталуына дейін;
3) бұрын бұзылған жерлерде, оларды бүлдірген тұлғалар туралы мәліметтер жоқ болғанда - жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша жүргізілуі тиіс. Бүлінген жерлерді қалпына келтіру жобаларын әзірлеу мерзімі, пайдалануы жердің бүлінуіне байланысты болған жағдайда, жер учаскесін беру немесе нысаналы мақсатын өзгерту туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімінде бекітіледі.

ҚР жер кодексінің 17-бабы. Аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретi

Елдi мекендер жерiн қоспағанда, аудан шекарасының шегiнде жер қатынастарын реттеу

саласында аудандық (қалалардағы аудандардан басқа) атқарушы органның құзыретiне мыналар жатады:

1) осы Кодекстiң 13, 16, 18 және 19-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер

учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;

1-1) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерделеумен және барлаумен байланысты жер

қойнауын пайдалану мақсаттары үшін жер учаскелерін беру;

2) осы Кодекстiң 13, 16 және 18-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жер

учаскелерін алып қою, соның ішінде мемлекет мұқтажы үшін алып қою;

3) алып тасталды - ҚР 03.07.2013 № 124-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 4) ауылдық атқарушы органдардың құзырына берiлген ауыл шаруашылығы алқаптарын қоса

алғанда, елдi мекендер аумағында жер-шаруашылық орналастыру жобаларын тиiстi өкiлдi органның

бекiтуiне әзiрлеу және олардың орындалуын қамтамасыз ету;

4-1) осы Кодекстің 49-2-бабына сәйкес жерді резервте қалдыру;

5) осы Кодекстiң 71-бабының 2-тармағына сәйкес iздестiру жұмыстары үшiн жер учаскесiн

пайдалануға рұқсат беру;

5-1) осы Кодекстің 69-бабына сәйкес қауымдық сервитуттар белгілеу;

5-2) елдi мекендердің аумақтарын жер-шаруашылық орналастырудың бекітілген жобаларын

тұрғындар үшін қолжетімді орындардағы арнаулы ақпараттық стендтерде орналастыру;

6) арнайы жер қорын құру;

7) алып тасталды - ҚР 2006.01.10 N 116 Заңымен.

8) жерді аймақтарға бөлу жобаларын (схемаларын) ауданның өкілді органына бекітуге табыс

ету;

9) алып тасталды - ҚР 13.06.2013 № 102-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік

он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

10) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен

жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

44. Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс станциясының әкімі КСРО кезінде әскери база ретінде пайдаланып келген жерге елді мекендер тұрғызуүшін ол мәселені Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі алдында көтереді. – Аталған жерге елді мекендерді тұрғызу жердің нысаналы пайдалану режиміне қарсы келе ме? – Бұндай шешім қабылдауға облыстық әкімнің уәкілеттілігі мен құзіреттілігін анықтағыз. Істі шешіңіз.

14-1-бап.
1) облыстың жергілікті атқарушы органының жер қойнауын пайдалану және магистральды құбырлар, мұнай және газ өңдеу объектілерін салу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрі кеңейту мақсатында жер учаскелерін беру жөніндегі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындарын (кең таралғанынан басқасын) қазуға, магистральды құбырлар салу, жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру әрі кеңейту үшін жер учаске­лерін мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иеліктен шығару жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;
2) облыстың жергілікті атқарушы органының мемлекеттік ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжірибе шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттік тұқым өсіру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына жер учаскелерін беру жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

3) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөніндегі ұсыныстарды дайындау;

4) өз құзыреті шегінде мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;

5) өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

6) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

7) жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі бағдарламаларды, жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

8) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;

9) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу;

10) өз құзыреті шегінде жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу;

11) аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) деректері негізінде облыстың жер балансын жасау;

12) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;

13) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес облыстың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

14) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

15) облыстың жергілікті атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі негізінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарын беру жатады.
2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың уәкілетті органының, оның әкімшілік бағынысына берілген аумақтағы құзыретіне:

1) жерге орналастыру жұмыстарын жүргізуді лицензиялау;

2) осы Кодекстің 71-бабына сәйкес республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;

3) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

4) барлық түрдегі ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құру үшін жерді резервтеу жөнінде ұсыныстар дайындау;

5) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жер балансын жасау;

6) республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен шешімдерінің жобаларын дайындау;

7) жер учаскелерінің бар немесе жоқ екендігі туралы анықтамалар беру;

8) республикалық маңызы бар қаланың, астананың атқарушы органының жер учаскесіне құқық беру туралы шешімі негізінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжаттарды беру;

9) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 58 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.027 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>