Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Клиникаға кіріспе -2 бағдарламасы бойынша тесттік сұрақтар



Клиникаға кіріспе -2 бағдарламасы бойынша тесттік сұрақтар

№ 1 тақырып Медбикелік процесс, медбикелік диагноз ұғымы

 

1 вариант

Медбике келесi қызметтi немесе мақсаты орындайды:

1.медбикелiк көмектi басқару және көрсету

2.науқастарды, клиенттердi және персоналды медико-санитарлы көмекке үйрету

3.''медико-санитарлы көмектiң бригада мүшесi ретiнде'' жұмыс iстеу

4.медбикелiк қызметтiңпрактикасын дамыту (ғылыми зерттеулердi, бiлiмдi кеңейту)

5.алдын ала жұмысын жүргізу

Кiм медбикелердi таңу, кезекшi, дәрiхана, шаруа медбикелерiне бөледi және осы топтың әрбiреуiне арнайы инструкцияларды шығарды?

1.Н.И. Пирогов

2.Т.П. Обуховец

3.Андри Дюнан

4.Х. Опел

5.Ф. Найтингел

Кiм әскери-медициналық көмектi ұйымдастыруға үлес қосты?

1.Андри Дюнан

2.Луи Пастер

3.Н. И. Пирогов

4.Х. Опел

5.Ф. Найтингел

Науқастарды күтудiң алғашқы отандық нұсқаудың авторы кiм?

1.Н. И. Пирагов

2.Т.П. Обуховец

3.Андри Дюнан

4.Х. Опел

5.Ф. Найтингел

Әлем бойынша медбикелiк қызметiңнегiзгi салушы кiм?

1.Д.Севастополская

2.Ф. Флендер

3.Е. Бакунина

4.В. Хендерсон

5.Ф.Найтингел

Гиппократтың''биомедициналық этика'' моделiнiңнегiзгi принциптары:

1.''Жақсылық жасау''

2.''Зиянды келтiру''

3.''Күмәнсiз адамгершiлiк''

4.''Адамныңқұқықтары мен ар-намысын сыйлау''

5.медициналық көмек көрсету

Парацелстiң''биомедициналық этика'' моделiнiңнегiзгi принциптары:

1.''Жақсылық жасау''

2.''Зиянды келтiру''

3.''Күмәнсiз адамгершiлiк''

4.''Адамныңқұқықтары мен ар-намысын сыйлау''

5.медициналық көмек көрсету

Салты биомедициналық этиканыңбүгiнгi күнгi негiзгi принциптерi:

1.''Жақсылық жасау''

2.''Зиянды келтiру''

3.''Күмәнсiз адамгершiлiк''

4.''Адамныңқұқықтары мен ар-намысын сыйлау''

5.медициналық көмек көрсету

Кейiн Халықаралық Қызыл Крест комитетi деп аталған. Жаралағандарға көмек көрсету Халықаралық комитетi қай мемлекетте ұйымдастырылады?

1.Ресейде

2.Италияда

3.Францияда

4.Швейцаияда

5.Англияда

Монопрофильдi (арнайы)стационарларға жатады:

1.облыстық клиникалық аурухана

2.қалалық аурухана

3.өңдiрiстiк өнеркәсiптiңмедика-санитарлы бөлiм



4.туберкулездi диспансер

5.райондық аурухана

№ 1 тақырып Медбикелік процесс, медбикелік диагноз ұғымы

2 вариант

Поликллиника жұмысыныңнегiзгi принцiппi

1.емдiк

2.территориалдi-үлескiлiк

3.территориалдi

4.диагностикалық

5.кеңпрофилдi

Санаторлы типтi мекемелерге жатпайды:

1.санаторилер

2.профилакторилер

3.физиоотерапиялық бөлiм

4.санаторлы-сауықтырушы алаң

5.үлкен ауруханалардыңсанаторлы бөлiмi

Жедел медициналық жәрдем станцияларындағы бригада тұрады:

1.2-3 адам-дәрiгер, 1-2 фелдшер

2.2-3 адам-дәрiгер, шофер

3.4 адам-дәрiгер, медбике, санитар

4.дәрiгер, санитар

5.дәрiгер медбике

Диспансер медбикесiнiңқызметiне кiрмейді:

1.диагностикалық зерттеулер

2.документацияны жүргiзу

3.санитарлы-ағартушы жұмысты жүргiзу

4.патронаж

5.хирургиялық операцияға қатысу

Аурухананыңорталық қабылдау бөлiмiнiң негiзгi қызметтерiне жатады:

1.науқастарды аурухананыңемдiк мекемелерiне тасымалдау, квалифицирленген көмектi көрсету

2.дәрiгерлiк тағайындауды орындау

3.жүктi әйелдердi бақылау

4.патронаж

5.санитарлы - ағарту жұмысы

Бiр науқасқа палата ауданы м2:

1.10

2.3,5

3.5

4.7

5.9

Палата биiктiгi

1.2,5

2.3,5

3.2

4.3

5.4

Науқас қабылдау бөлiмiне түскенде педикулез анықталады.Сiздiңәрекеттерiңiз:

1.дезертiндiмен өңдеу – тарау

2.халат пен бас орамалын кию-дезертiндiмен өңдеу-басты бас орамалмен жабу жылы сумен жуу-ас сiрке қышқылымен шаю-тарақпен тарау

3.сумен шаю-дезертiндiмен өңдеу-ас сiрке қышқылымен шаю-тарау

4.инфекционды бөлiмге тасымалдау

5.арнайы бөлiмге тасымалдау

Науқас қабылдау бөлiмiне түскенде педикулез анықталады:

1дикрезил, ас сiрке қышқылы

2.калий пперманганаты

3.бор қышқылы

4.күкiрт мазi

5.сутектiңасқын тотығы

Науқас қабылдау бөлiмiне түскенде педикулез анықталады қандай ертiңдiлер қолданылады:

1.0,15% карбофос, 6% ас сiрке қышқылы

2.калий перманганаты

3.бор қышқылы

4.күкiрт мазi

5.сутектiңасқын тотығы

 

№ 1 тақырып Медбикелік процесс, медбикелік диагноз ұғымы

3 вариант

Науқас қабылдау бөлiмiне түскенде педикулез анықталды қандай ертiндiлер қолданылады:

1.0,15% карбофос, 6% ас сiрке қышқылы

2.калий перманганаты

3.бор қышқылы

4.күкiрт мазi

5.сабынды-ұнтағы эмулсия, ас сiрке қышқылы

Науқас ''жамбас - буын сынуы'' диагнозымен травматологиялық бөлiмде 3 ай жатыр, асқыну-пролежнь (ойылу) дамыды. Емiнде қолданылмайды:

1.дикрезил

2.массаж

3.5-10% йод ертiндiсi

4.УВ×, УФО

5.0,1% бриллиант көгi

Науқас ''жамбас - буын сынуы'' диагнозымен травматологиялық бөлiмде 3 ай жатыр, асқыну-пролежнь (ойылу) дамыды. Емiнде қолданылады:

1.карбофос

2.күкiрт мазi

3.теріні транспантациялау

4.форалдегид

5.дизекрил

Науқас ''жамбас - буын сынуы'' диагнозымен травматологиялық бөлiмде 3 ай жатыр, асқыну-пролежнь (ойылу) дамыды. Ойылулар профилактикасы үшiн қолданылады:

1.5-10 йод ертiндiсi

2.УВ×, УФО

3.Вишневский мазi

4.камфоралық спирт

5.қанды ауыстырып құю

Қалалық аурухананыңқабылдау бөлiмiне 60 жастағы науқас түстi. Диагнозы ''қант диабетi''. Сонымен қатар қышыма анықталды. Емiнде қандай препарат қолданылады?

1.УВ×, УФО

2.ас сiрке қышқылы

3.дикрезил

4.күкiрт мазi

5.Вишневский мазi

Қалалық аурухананыңқабылдау бөлiмiне 60 жастағы науқас түстi. Диагнозы ''қант диабетi''. Сонымен қатар қышыма анықталды. Дененiңқай бөлiгiнде қоздырғыштыңжұмыртқалары салыну мүмкiн?

1.саусақаралық қатпарларда

2.баста

3.шынтақ, шап бүгiндiлерiнде

4.iште

5.шап бугінділерінде

Стационарлы жағдайда емделуге арналған емдеу мекемелерiн атаңыз:

1.поликлиника

2.госпиталь

3.ЖДА

4.санаторий

5.профилакторий

Диспансерге жатпайтын мекеменi атаңыз:

1.туберкулезге қарсы

2.терi-венерологиялық

3.онкологиялық

4.кәсіпорын медико-санитарлық бөлімі

5.бруцеллезге қарсы

Тек стациоанрда ғана көрсететiн көмек:

1.көк тамырлық инъекция

2.бұлшық ет инъекциясы

3.қан қую

4.асқынусыз жараны таңу

5.зәр анализi

Тек стационарда көрсетiлетiн көмек:

1.көк тамырға инъекция

2.бұлшық етке инъекция

3.iш қуысы операциясы

4.асқынусыз жараны таңу

5.зәр анализi

 

 

№ 2 тақырып:

Дәрiлiк заттар және дәрілік формалар. Дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу. Дәрілік заттарды энтералды және сыртқы жолдармен еңгізу.

 

1 Вариант

1.Дәрiлiк заттарды сырттай қолдану әдiсiне жатпайтын бiр әдiс

1.сылау

2.жағу

3.тiк iшекке еңгiзу

4.ингаляциялар

5.сеппелер

2. Дәрiлiк заттарды сыртқа қолдануға жатпайды:

1.тiл астына

2.терi жабындылары арқылы

3.тыныс алу жолдары арқылы

4.шырышты қабаттар арқылы

5.аппликация арқылы

 

3. Науқасқа аш қарынға сүргi (iштi айдайтын дәрiлiк зат) тағайындалады. Науқасқа дәрiлiк затты

қашан беру керек?

1.тамақ қабылдағанға дейiн 15минут

2.тамақ қабылдағаннан кейiн 15 минуттан кейiн

3.таңертеңгi асқа дейiн 20-60 минут бұрын

4.ұйықтағанға дейiн 30 минут бұрын

5.ұйықтағанға дейiн 1 сағат бұрын

4. Ингаляция әдiсiнiң кемшiлiктерiне жатпайды:

1.дозировканыңдәл болмауы

2.бронхиалды өтiмдiлiк айқын бұзылғанда аэрозолдыңтiкелей патологиялық ошаққа толық түспеуi

3.бронхтар шырышты қабаттарыныңаэрозолмен тiтiркену мүмкiндiгi

4.өкпедегi патологиялық ошаққа тiкелей әсер етуi

5.дәрiлiк заттыңбауырдыңәсерiне түспей, патологиялық ошаққа өзгермеген күйде түседi, дәрiлiк заттыңжоғары концентрациясын туғызады

5.Дәрiрiлiк затты енгiзудiңқандай әдiсiн парентералды деп атайды?

1.асқазан-iшек жолынан басқа, дәрiлiк затты еңгiзудiңкез-келген әдiсi

2.дәрiлiк затты инъекция көмегiмен еңгiзу

3.дәрiлiк затты ауыз арқылы еңгiзу

4.дәрiлiк заттарды клизма көмегiмен еңгiзу

5.дәрiлiк заттарды иенгаляция көмегiмен еңгiзу

 

6. Қай жағдайда дәрiлiк затты еңгiзудiңинъекционды әдiсiн қолданған дұрыс емес:

1.тез емдiк әсер болу үшiн

2.асқазан, ішек ауруларында

3.препараттыңулылығы жооғары болғанда

4.препараттыңқандағы концентрациясы дәл болуы үшiн

5.препаратты еңгiзудiңбасқа әдiстерi болмағанда

 

7.Дененiңқай аймақтары терiастылық инъекцияға ыңғайлы емес:

1.иықтыңсыртқы бетi

2.иықтыңiшкi бетi

3.санныңсыртқы бетi

4жауырын асты аймағы

5.iштiңбүйiр бетi

 

8. Дененiңқай аймақтары бұлшықетiшiлiк инъекцияға ыңғайлы:

1.санныңсыртқы бетi

2.санныңiшкi бетi

3.iштiңбүйiр бетi

4.бөксенiңжоғары-сыртқы квадраты

5.жауырын асты аймағы

 

9. Көктамырiшiлiк тамшылы құйылулар жүйесiндегi ауа өткiзгiш түтiктiңмаңызы қандай?

1.ерiтiндi флакооннан сұйықтықты ығыстырады

2.жүйенiңтүтiгiне ауаныңтүсуiн кедергi жасайды

3.жүйедегi сұйықтықтыңтамшылап шығуына жағдай жасайды

4.флакондаағы сұйықтықтыңараласуына жағдай жасайды

5.ауа өткiзгiш түтiктi қолданбауға да болады

 

10. Инъекциялар жасағанда асептика мен антисептика ережелерiн бұзумен байланысты асқынулар:

1.ауа эмболиясы

2.майлы эмболиясы

3.аллергиялық реакция

4.инъекциялардан кейiнгi инфилтраттар мен абцесстердiңдамуы

5.инъекциялардан кейінгі гематома

 

№ 2 тақырып:

Дәрiлiк заттар және дәрілік формалар. Дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу. Дәрілік заттарды энтералды және сыртқы жолдармен еңгізу.

2 Вариант

 

1. Терiiшiлiк инъекцияларды қолданады?

1.антибиотиктердi еңгiзу үшiн

2.аллергиялық сынаманы жасау үшiн

3.жүрек препараттарын еңгiзу үшiн

4.спазмалитиктердi еңгiзу үшiн

5.гепатопротектор препараттарын еңгізу үшін

 

2. Терiiшiлiк инъекцияларды дененiңқай аймақтарына жасайды?

1.бiлектiңбүйiр бетiне

2.бөксенiңсырт-жоғары квадрантына

3.бiлектiңiшкi бетiне

4.жауырын асты аймағына

5.санныңбүйiр бетiне

 

3. ''Лимон қыртысының'' пайда болуы қай инъекцияға тән?

1.бұлшықетiшiлiк

2.терiiшiлiк

3.көктамырiшiлiк

4.терi асты

5.жұлын инъекциясында

 

4. Инъекцияныңқай түрiнде терiнi қатпарға алады?

1. бұлшықетiшiлiк

2.терiiшiлiк

3.көктамырiшiлiк

4.терi асты

5.жұлын инъекциясында

 

5. Терi асты инъекциядан иненi қандай терендiкке еңгiзедi?

1.иненiңөзегi көрiнбегенше

2.иненiң3/4 ұзындығына

3.иненiң 1/3 ұзындығына

4.иненiң1/2 ұзындығына

5.толық еңгiзу

 

6. Гепарин инъекциясын дененiңқай аймағына енгiзген дұрыс?

1.санныңсыртқы бетiне

2.бөксенiңсыртқы бетiне

3.иықтыңсыртқы бетiне

4.бiлектiңiшкi бетiне

5.iштiңбүйiр бетiне

 

7. Терiiшiлiк инъекцияда терi бетiне қатысты иненi қандай бұрышта енгiзген дұрыс?

1.сүйiр

2.тiк

3.доғал

4.паралелдi

5.әр түрлi бұрышта

 

8. Қандай препарат инъекциясында терiасты май қабатыныңнекрозы даму мүмкiн?

1.алоэ ерiтiндiсi

2.атропин ерiтiндiсi

3.кардиамин ерiтiндiсi

4.кальций хлоридыныңерiтiндiсi

5.гиалин бромидыныңерiтiндiсi

 

9. Реанимация шараларын жүргiзгенде эффектiлiгi аз инъекциялар:

1.терiасты

2.бұлшықетiшiлiк

3.көктамырiшiлiк

4.жұлын инъекциялары

5.артерия ішілк

 

10. Бұлшықетке инъекция салғанда иненi қандай бұрышта енгiзедi?

1.300

2.600

3.900

4.1200

5.1800

 

№ 2 тақырып:

Дәрiлiк заттар және дәрілік формалар. Дәрі-дәрмекпен жұмыс істеу. Дәрілік заттарды энтералды және сыртқы жолдармен еңгізу.

3 Вариант

1. Жауапкершiлiгi көбiрек манипуляцияға жатады:

1.терiiшiлiк инъекция

2.терiасты инъекция

3.бұлшықетiшiлiк инъекция

4.көктамырға салынатын инъекция

5.емдiк клизма

 

2. Дәрiлiк затты енгiзудiң қай әдiсiне дәрiлiк заттың концентрациясы қанда тез өседi?

1.асқазан-iшек жоол арқылы

2.ингаляция арқылы

3.терiасты инъекциясында

4.бұлшықетiшiлiк инъекциясында

5.көктамырiшiлiк инъекциясында

 

3. Дәрiлiк затты енгiзудiңқай әдiсiн инфузионды ем деп атайды:

1.көктамыырға тамшылатып құю

2.көктамырға сыздықтатып құю

3.бұлшықетке

4.терiiшiне

5.терiастына

 

4. Дәрiлiк зат қанға баяу түсу үшiн қандай инъекцияны таңдайды?

1. көктамырға сыздықтатып енгiзу инъекциясы

2. көктамыырға тамшылатып енгiзу

3. бұлшықетiшiлiк

4. көктамырiшiлiк

5. терiастына

5. Жедел ем үшiн дәрiлiк затты енгiзедi:

1.көктамырға сыздықтатып

2.көктамырға тамшылатыпп

3.бұлшықетiшiне

4.терiiшiне

5.терiастына

 

6. Дәрiлiк заттарды сырттай қолдану әдiсiне бiреуiнен басқасы жатады:

1.сылап сiндiру

2.жағу

3.ингаляция

4.тамшылап тамырға енгiзу

5.себу

 

7.Терi асты май қабаты некрозы қандай препарат инъекциясында болады:

1.пенициллин ертiндiсi

2.димедрол ертiндiсi

3.хлорид кальций ертiндiсi

4.кардиамин ертiндiсi

5.глюкоза ертiндiсi

 

8. А тiзiмiне қай топтың препараттары жатадыi?

1.әсерi күштi заттар

2.улы және есiрткi заттар

3.антисептиктер

4.антибиотиктер

5.метоболитиктер

9. Б тiзiмiне қай топтың препараттары жатады?

1.әсерi күштi заттар

2.улы және есiрткi заттар

3.антисептиктер

4.антибиотиктер

5.метоболитиктер

10. Дәрiлiк заттын сақталуына жұмсалуына, сақтау орындарындағы тәртiптiңболуына және дәрiлердi беруi, тағайындауға жауапты кiм?

1.бөлiм меңгерушiсi

2.дәрiгер ординаторы

3.аға медбике

4.шаруа медбике

5.егу бөлмесі медбикесі

 

 

 

 

№ 3 тақырып

Егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Тері астына, бұлшықетке, вена ішіне инъекция жасау. Тамыр ішіне инфузиялар дайындау және қолдану.

1 Вариант

 

Дәрiлiк заттарды парентералды еңгiзу әдiсiнеңжақсы жақтары тек бiреуiнен басқа

1 тез әсер етуi

2 дозасыныңанық болуы

3 асқынуыныңболмауы

4 науқас есiнен танып жатқан кезде дәрiлiк затты мүмкiншiлiгi

5 жұтыну қиындаған кезде де еңгiзу мүмкiншiлiгiнiңболуы

Организмге дәрiлiк заттарды енгiзудеңпарентералды жолын көрсет

1 терi асты

2 ректальды

3 пероральды

4 сублингвальды

5 ингаляциялық

Венаға қандай ертiндiнi еңгiзуге қатаңтүрде тиiм салынады?

1 эуфеллин ертiндiсiн

2 5% глюкоза ертiндiсiн

3 тұзды ертiндiлердi

4 майлы ерiтiндiлер мен суспензиялар

5 дұрыс жауап жоқ

 

Терi астына және бұлшықетке қандай ерiтiндiнi еңгiзуге болмайды

1 В1 витаминннiңертiндiсi

2 Кальций хлоридiнiңертiндiсi

3 Глюкоза ертiндiсi

4 Гемодез ертiндiсi

5 Дибазол ертiндiсi

Қажет ағзада дәрiлiк заттыңжоғары концентрациясын жасау үшiн дәрiлiк затты қалай еңгiзу керек?

1 көк тамырға

2 бұлшық ет iшiне

3 қажет ағза қоректендiретiн артерияға

4 төмеңгi қуыс венасына

5 жоғарғы қуыс венасына

Гематоэнцефальды барьерден нашар өтетiн дәрiлiк заттарды қалай енгiзген жөн болады?

1 вена iшiне

2 плевральды қуысқа

3 субарахноидальды

4 iш қуысына

5 бұлшық ет iшiне

Бауыр ауруларында дәрiлiк заттардыңбиотрансформациясы

1 баяулайды

2 өзгермейдi

3 кiрмейдi

4 болмайды

5 күшейеді

Көп жағдайларда дәрiлiк заттар организмнен қандай жолмен шығарылады

1 терi арқылы

2 өкпе арқылы

3 сүт бездер арқылы

4 бүйрек арқылы

5 асқазан-iшек жолдар арқылы

Дәрiлердің көбiнесе қай жерде белсенділігі жойылады(инактивацияланады)

1 бүйректе

2 бауырда

3 сүйекте

4 өкпеде

5 терiде

Дәрiлiк заттардың резорбтивтi әсерi қай кезде басталады?

1 дәрiнiңқанға сiңiрiлгенiнен кейiн

2 дәрiнiңорганизмнен шығарылғаннан кейiн

3 дәрiнiңорганизмде жиналғаннан кейiн

4 дәрiлiк заттар мен интоксикацияланғанда

5 жауаптардыңбәрi дұрыс емес

 

 

 

№ 3 тақырып

Егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Тері астына, бұлшықетке, вена ішіне инъекция жасау. Тамыр ішіне инфузиялар дайындау және қолдану.

2 вариант

 

Дәрiлiк затты организмге қайталап еңгiзуде не туындайды?

1 идиосинкразия

2 кумуляция және сенсибилизация

3 абстенция

4 дәрiлiк заттардыңфильтрациясы

5 дәрiлердiңпассивтi диффузиясы

Дәрiлiк заттарды сүйек iшiне еңгiзудi қай уақытта тағайындайды

1 күйiк ауруында

2 аяқ-қолды жансыздандыру үшiн

3 дәрiлiк заттыңгематоэнцефальдi барьерден өтуi нашарлаған кезде

4 кейбiр онкологиялық ауруларда

5 остеомелитте

Дәрiллiк заттардыңорганизмге әсер етуiне төмендегiлердiңбәрi жатады, тек бiреуiнен басқа

1 жергiлiктi

2 рефлекторлы

3 жанама

4 қайтымсыз

5 функциональды

Дәрiлiк заттардыңеңгiзудiңпарентеральды әдiсiне төмендегiлердiңбәрi жатады, тек бiреуiнен басқа

1 левра iшлiк

2 артерия iшiне

3 буын iшiне

4 сүйек iшiне

5 ректальды

Инсулиндi еңгiзуге арналған иненiңұзындығы қандай боолу керек?

1 5-10см

2 1-5см

3 3-7см

4 1,5-10см

5 3-10см

Тубиркулиндi реакцияға Мантуды қалай жүргiземiз?

1 терi асты инъекциясы

2 бұлшық ет iшiлiк инъекция

3 терi iшiлiк инъекция

4 вена iшiлiк инъекция

5 тіл астына тамызамыз

”Лимон қыртысы” қандай инъекция жасағанда пайда болады:

1.бұлшық еттiк

2.терiшiлiк

3.тамырiшiлiк

4.терiастылық

5.жұлыңдық

Қай инъекция жасағанда терiнi қатпарлап ұстап тұрады:

1.бұлшық еттiк

2.терiшiлiк

3.тамырiшiлiк

4.терiастылық

5.жұлыңдық

Гепарин инъекцияларын көбiне қай зонаға жасайды:

1.санның сырт жақ бетiне

2.жамбастың жоғарғы сыртқы бөлiгiне

3.иықтыңсыртқы бетiне

4.білектiң iшкi жақ бетiне

5.iштiң бүйiр жақ беттерiне

Терi асты шел майы қай инъекциялар салдарынан некрозға ұшырауы мүмкiн:

1.атропин ертiндiсi

2.кордиалин ертiндiсi

3.кальций хлоридi ертiндiсi

4.гепарин инъекциясы

5.инсулин егiлгенде

Реанимациялық шаралар барысында қандай инъекциялар нәтижелi болады:

1.терiiшiлк

2.терiасты инъекциялар

3.бұлшық еттен

4.тамырiшiлiк

5.жұлын инъекциялары

 

 

№ 3 тақырып

Егу кабинетінің жұмысын ұйымдастыру. Тері астына, бұлшықетке, вена ішіне инъекция жасау. Тамыр ішіне инфузиялар дайындау және қолдану.

3 вариант

Аса маңызды манипуляцияларға жатады:

1.терi iшiлiк инъекция

2.терi асты инъекциясы

3.бұлшық ет инъкециясы

4.көк тамыр iшiлiк инъекция

5.емдiк клизма

Дәрiлiк заттардыңконцентрациясы қай әдіспен тез жоғарлайды:

1.асқазан-iшек жолы арқылы

2.ингаляция арқылы

3.терi астылық инъекция

4.бұлшық ет инъекциясы

5.вена iшiлiк инъекция

Дәрiлердi еңгiзу қандай жолы инфузионды терапия деп аталады:

1.вена iшiне-тамшылап

2.вена iшiне-сорғалатып

3.терi iшiне

4.бұлшық етке

5.терi астына

Дәрiлiк заттар қан-тамырлардыңбойымен бiртiндеп ағу үшiн еңгiзiледi:

1.көк тамыр iшiне-тамшылап

2.көк тамыр iшiне-сыздықдатып

3.терi iшiне

4.бұлшық етке

5.терi астына

Жедел терапия кезiнде дәрiлiк заттарды қандай әдiпен жiберген тиiмдi:

1.көк тамыр iшiне-тамшылап

2.көк тамыр iшiне-сыздықдатып

3.терi iшiне

4.бұлшық етке

5.терi астына

Вена iшiлiк инъекция жасағанда венаныңiркiлiсiн күшейту үшiн қажет:

1.пункция жасайтын қолдыңбұлшық етiн бос устау керек

2.алдын-ала қолды жоғары көтеру керек

3.вена пункциясын науқас вертикалды жағдайда жатқанда жасау керек

4.вена пункциясын алдын-ала дайындықсыз жасау керек

5.қолға жгутты салғаннан кейiн, науқас бiрнеше рет жұдырықты түйiп жазу керек

Медикаментозды эмболия келесi ертiнделердi еңгiзгенде болады:

1.майлы ертiндiлер

2.сулы ертiндiлер

3.антибиотиктер

4.тұзды ертiндiлер

5.қан алмастырушы заттар

Ауалы эмболия болуы мүмкiн:

1.терi iшiлiк инъекциялардан кейiн

2.терi астылық инъекциялардан кейiн

3.бұлшық еттiк инъекциядардан кейiн

4.көк тамыр iшiлiк инъекциялардан кейiн

5.жулын-миiлiк пункциясынан кейiн

Инъекциядан кейiннен, уақыт өте пайда болатын асқынулар:

1.абсцесс

2.вирусты гепатит және СПИД

3.анафилактикалық шок

4.гематома

5.тiндердiңнекрозы

Келесi асқыну: жедел көмектi қажет етедi:

1.гематома

2.абсцесс

3.анафилактикалық шок

4.инфекциядан кейiнгi инфильтрат

5.тромбофлебит

 

№ 4 Тақырып

Науқасты зертханалық тексерулерге дайындау.

1 Вариант

Егер зәр анализi уақытында алынбаса, онда консервация үшiн келесi зат қолданылады:

1 формалин

2 10% KCl

3 50% этил спиртi

4 тимол кристалдары

5 Na оксалаты

Клиникалық анализге зәрдi жинау этапына кiрмейдi:

1 ағынды суға 200мл банканы жуу және бетiн жауып туратындай суды алу керек

2 жуынғаннан кейiн бiрiншi ағынын унитазға жiберу керек

3 зәр шығаруды тоқтату

4 150мл ыдысқа зәрдi жинау

5 банканы қақпақпен жабу

Амбулаторлы түрде науқастан зәр анализi жинау кезiнде қандай этаптар жоқ:

1.зәрдi жинауға арналған ыдысты дайындауға науқасты үйрету

2.қақпағы бар құрғақ, таза, шынылы ыдысты дайындау

3.науқасты гигиеналық процедураның техникасына үйрету

4.марганцовканы әлсiз ертiндiсiн дайындау

5.аралықты және сыртқы жыныс мүшелерiн жуу

Зәрдi жинау процедурасының дайындауғанда қандай этап стационар жағдайында жоқ:

1.форма бойынша анализге бағыттама жазу

2.бағыттаманы банқаға жапсыру

3.науқасқа бағыттамасы жазылған құрғақ, таза ыдыс беру

4.сыртқы жыныс мүшелерi мақындағы түптердi қырып тастау

5.тексеру күнi науқасты жуындыру

Қант тексеру үшiн зәр алынады:

1.1рет 200мл банкаға

2.1сағат бойы

3.12 сағат бойы

4.24 сағат бойы

5.36сағат бойы

Қантқа зәрдi жинағанда қандай этап болмайды:

1.зәр жинауға дайын турған ыдысқа консервант қосу

2.сағат 6.00-де науқас зәрдi унитазға шығару керек

3.барлық шығарылған зәрдi күнi бойы жинау және жалпы санын өлшеу

4.банканы аралыстырып, шайқау

5.200мл зәрдi қуыйп алып, лабораторияға жiберу

Қай кезде зәрде ацетон табылау мүмкiн:

1.қант диабетi декомпенсациясы

2.тоқтаусыз құсу кезiнде

3.қандағы глюкоза 6,6ммоль/л дейiн болғанда

4.тамақты шамадан артық жегенде

5.қандағы глюкоза мөлшерi 4,4ммоль/л ден төмен түскенде

Зәрдi қантқа тексеруге қолданылатын ыдыс сақталады:

1.термостатта

2.туалет бөлмесiнде

3.науқастың төсек астында

4.суық жерде

5.клизмалық комнатада

Көрсетiлген ауру кезiнде науқастың зәрдi қантқа тексеру тағайындалады:

1.гипертонический криз

2.қант диабетi

3.қантты емес диабет

4.бүйрек аурулары

5.подагра

Нечипоренко бойынша зәрдi жинау келесi кезекпен өтедi:

1.бастапқы порциясыға алынады

2.ортанғы порциясы ғана алынды

3.сонғы порциясы ғана алынды

4.барлық порциясы алынды

5.бiр күн бойы жиналады

 

 

№ 4 Тақырып

Науқасты зертханалық тексерулерге дайындау.

2 вариант

 

Нечипоренко бойынша зәрдi тексергенде анықталады:

1.салыстырмалы тоғыздық

2.белок

3.тұздар

4.фермендi элементтердi мөлшерi

5.ацетон

Амбулаторлы жағдайда зәрдi Нечипоренко бойынша жинағанда қандай этап кiрмейдi:

1.зәр жинайтын ыдысты дайындауға науқасты үйрету

2.200мл тазартылған, содамен жуылған ыдысты дайындау

3.резенкелi грушаны дайындау

4.жуындыру техникасына науқастарды үйрету

5.қайнаған жылы суды дайындау

Асқазанды фракционды зондтаудың мақсаты:

1.сөл бөлу қызметiн зерттеу

2.шаю

3.бөгде заттарды алып тастау

4.емдеу

5.асқазан ауруын диагностикалау

Асқазанды фракционды зодтауға тура қөрсеткiш:

1.дуодениттi диагностикасы

2.эпигастрий аймағындағы ауырсыну

3.iштiң кебуi

4.созылмалы гастриттiң диагностикасы

5.құсу

Асқазанды фракционды зондтауға келесi резеңкелi түтiк қолданылады:

1.iшкi диаметрi 1мм, сырты-2мм

2.iшкi диаметрi 2мм, сырты-3мм

3. iшкi диаметрi 2-3мм, сырты-4-5мм

4. iшкi диаметрi 5-6мм, сырты-9-10мм

5. iшкi диаметрi 10мм, сырты-15мм

Нечипоренко сынамасы бойынша фермендi элементтердi санау үшiн қанша зәрдiң көлемi керек:

1.1мл

2.5мл

3.10мл

4.50мл

5.100мл

Гельминтоз адам организмде келесi өзгерiстердi әкелмейді:

1.иммунологиялық қорғанысының күшеюiне

2.авитаминозға

3.В12 авитамонозға

4.инфекционды ауруларға сезiмталдығына

5.аллергизацияға

Нәжiстi жасырын қанға тексеру АIТ келесi аурулар көрсеткiш болмайды:

1.асқазан рагi

2.эрозивтi гастрит

3.катаральды гатрит

4.асқазанның жара ауруы

5.12елi iшектiң жаралы ауруы

Нәжiстi жасырын қанға тексеруге алу үшiн қажеттi құралдарға не жатпайды:

1.судно

2.пипетка

3.таза құрғақ банка қақпағымен

4.бiрреттiк қолданылатын ағаш шпатель

5.латекстi қолғап

Нечипоренко сынамасы бойынша қалыпты жағдайда зәрде эритроциттер мөлшерi қанша:

1.100дейiн

2.200дейiн

3.500дейiн

4.1000-ға дейiн

5.5000-ға дейiн

 

№ 4 Тақырып

Науқасты зертханалық тексерулерге дайындау.

3 вариант

 

Диастазаға тексеретiн керектi зәрдiң мөлшерi:

1.1мл

2.10мл

3.50мл

4.100мл

5.200мл

Зәрдi диастазаға келесi ауруға күдiк туғанда тексередi:

1.асқазанның

2.бауырдың

3.iшектiң

4.асқазан асты безiнiң

5.бүйректiң

Нәжiстi тексерудi жүргiзудi 3-5градС температурада көрсетiлген сағаттан кем емес:

1.алғашқы 2 сағатта

2.5-6сағат

3.8-12 сағат

4.тәулiк

5.2тәулiк

Нәжiстiң мөлшерiне копрограммаға дайындық кезiнде келесi препаратты емнен алып тастамауға болады:

1.слабительные

2.симпатропты

3.висмут

4.темiр препараттары

5.витаминдер

Нәжiстi копрологиялық анализге тексеру үшiн дайдықты мына уақытан бурын жүргiзу кажет:

1.тәулiк

2.2тәулiк

3.3тәулiк

4.5тәулiк

5.дайындық керек емес

Нәжiстiң анализi копрологияға 3 реттi тунде алынады:

1.1-2-3күн

2.2-3-4күн

3.3-4-5күн

4.4-5-6күн

5.5-6-7күн

Копрологиялық зерттеуге 3 күн бурын құрамында келесi заты бар продукты қолданбау қажет:

1.кальций

2.магний

3.мыс

4.темiр

5.кобальт

Қалыпты жағдайда копрологиялық зерттеуде анықталады:

1.бұлшық ет қалдықтары

2.крахмал

3.майлар

4.басқа да тағам қалдықтары

5.тағамдық қалдықтар анықталмайды

Сүйық нәжiстi массаны тексерудi көрсетiлен уақытта кейiн жасамау керек:

1.30мин

2.1сағ

3.2сағ

4.3сағ

5.6-8сағ

Алған нәжiстi затты тексерудi келесi уақыттан асырмай жүргiзу керек:

1.30мин

2.1сағ

3.2сағ

4.3сағ

5.6-8сағ

 

 

№ 5 тақырып

Науқасты құрал-жабдықтық (рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық, экг, спирография) тексерулерге дайындау

1 вариант

Рентгендiк зерттеу кезiнде қандай сәулелер қолданылады:

1.γ-сәулелер

2.β-сәулелер

3.α-сәулелер

4.квантты

5.R-сәулелер

Рентген сәулелерiн қолдануы неге негiзделген:

1.мүшелерде радиоизотоптың жиналуы

2.тiндердiң резонансты тербелiстерi

3.тiндердiң өту қаситетiне байланысты

4.тiндердiң шағыстырғыш қаситеiмен

5. тiндерден шығатын импульстердiң байланысуы

Фиброколоноскопия жасауға қарсы көрсеткiш, бiреуiнен басқа:

1.гемофилия

2.шок

3.бейспецификалық жаралы колит

4.коматозды жағдай

5.ми кантамрыларының жедел тромбозы

Фиброколоноскопияны жүргiзгенде науқас қалай орнығу керек:

1.арқасына жату

2.екi аяғын бiрiктiрiп сол жақпен жату

3. екi аяғын бiрiктiрiп оң жақпен жату

4.тiзе-шынтақ жағдайында

5.iшпен жату

Флюорграфия дегенiмiз-кеуде клетка ағзаларын пленкаға түсiру әдiсi:

1.қабаттар

2.динамикасында

3.үлкейтiп

4.кiшiрейтiп

5.әр-түрлi проекцияда

Тiндермен мүшедердiң R-графиясы ненiң көмегiмен жүредi:

1.ультрадыбыс

2.рентген сәулесi

3.γ-сәулелер

4.β-сәулелер

5.α-сәулелер

Томография әдiсi дегенiмiз:

1.қабатталған рентгенография

2.мүшелердi рентген сәулерiмен фотографтау

3.кiшiрейтiлген рентгнеография

4.термометрия

5.тiндердегi электрлi тоқтарды бекiту

Рентгеноконтрасты заттарды мына мүшелердiң қайсысын зерттегенде қолданады:

1.өкпенi

2.жүректi

3.бауырды

4.бүйректi

5.асқазан мен iшектi

 

Иодолипал қай мүшенi зерттегенде қолданылады:

1.бронхтарда

2.урологияда

3.қабын

4.өкпенi

5.жүректi

Қай мүшенiң R-зерттегенде индигокармин қолданады:

1.бронхтарда

2.урологияда

3.қабын

4.өкпенi

5.жүректi

 

№ 5 тақырып

Науқасты құрал-жабдықтық (рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық, экг, спирография) тексерулерге дайындау

2 вариант

 

Ультродыбыстық тексеру (УДТ) негiзделген:

1 электромагниттi толқынға

2 радиациялық сәулелер

3 гамма сәулелер

4 жарық толқындарына

5 ультродыбысты толқынға

Ультродыбысты толқындар шағылысады: дұрыс жауабын тап:

1 ваккум

2 сұйықтықтан

3 тығыз тiннен

4 тығыздығы әртүрлi мүшелердiң аралығынан

5 ауадан

Осы әдiстiң артықшылығына жатады, бiреуден басқасы:

1 алдын-ала дайындау керек

2 инвазивтiлiгi жоқ

3 қатерсiз

4 қауыпсiз

5 науқастың қал-жағдайына байланыссыздығы

Ирригоскопия қай мүшенiң рентгенологиялық зерттеуiнде қолданылады:

1.өңеш

2.асқазан

3.ұлтабар

4.тоқ iшек

5.ащы iшек

Ирригоскопияны жүргiзуден 3 күн бұрын қай тағамды шектеу керек:

1.ет

2.сүт

3.балық

4.колбаса

5.ақ нан

Бронхоскопиялық әдiспен ненi көремiз?

1 трахея және бронхтар

2 өкпелер

3 плевра қуысын

4 жүрек қуыстарын

5 асқазанды

Бронхоскопия жүргiзгенде керктi құралдардың iшiне мыналардың қайсысы кiрмедi?

1 бронхоскоп

2 резенкелi груша

3 дезертiндi

4 бiр рет қолдануға арналған шприцтер

5 премедикацияға қажеттi ерiтiндiлер

Нуқасқа қандай жағдайда бронхоскопия жасаймыз?

1 отырғызып

2 арқасына жатқызып

3 iшiне жатқызып

4 сол жақ бүйiрiне жатқызып

5 оң жақ бүйiрiне жатқызып

Ирригоскопия жасауға дайындық ретiнде жасалатын тазарту клизманы қалай жасау керек

1.тексеру алдында 1 сағ бурын бiр рет

2.тексеру алдындағы күннiң түнiнде 1 клизма және таңертең 1 рет

3.тексеру түнiнде 2 клизма

4.тексеру алдындағы күннiң түнiнде 2 клизма және таңертенiнде 2 клизма жасайды аралығы 1 сағаттан

5.түнде 2 клизма, таңертен 1 клизма және тексеру алдында 2 сағат бурын аралығы 1 сағ 2 клизма

Ирригоскопия жасайтын күнi науқасты немен тамақтандыру керек

1.тексеретiн күнi тамақ iшуге болмайды

2.1 стакан сүт

3.ақуызсыз жеңiл таңертенгi ас iшуге болады

4.2 жумыртқа және шай iшуге болады

5.барлық тамақты iше беруге болады

 

 

№ 5 тақырып

Науқасты құрал-жабдықтық (рентгенологиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық, экг, спирография) тексерулерге дайындау

3 вариант

 

Қай ауруларда холецистографияға қарсы көрсеткiш болып табылады

Қай мүшенiң R-зерттегенде триотраст қолданады:

1.бронхтарда

2.урологияда

3.қабын

4.өкпенi

5.жүректi

Қай мүшенiң R-зерттегенде иопагност,биллигност қолданады:

1.бронхтарда

2.урологияда

3.қабын

4.өкпенi

5.жүректi

Құрамында иоды бар контрастысы заттар, көбiне қандай асқынуларды тұғыздырады:

1.токсикалық

2.инфекциялық

3.химиялық

4.термикалық

5.аллергиялық

 

Ирригоскопия жасар алдында тiк iшекке клизмамен бiрге барий сульфатын қанша мөлшерде жiбередi

1.0,5л

2.1,0

3.1,5

4.2,0

5.3,0

Холецистография қай мүшенiң рентгенологиялық зерттеуi:

1.өңеш

2.асқазан

3.ұлтабар

4.өт қабын

5.тiк iшектi

Холецистрографияда қолданылатын билитраст қалай еңгiзiледi:

1.iшке

2.бұлшық етке

3.терi астына

4.көк тамырға

5.тiк iшеккке клизма арқылы

Өт айдайтын таңертенгi астан кейiн холецистографияға түсiрудi қанша уақыттан кейiн бастау керек:

1.1,5,10,15 мин

2.5,10,20,30

3.10,20,30,45

4.30,60,90,120

5.1,2,3,4 сағат

 

Экскреторлы әдiсiн жүргiзгенде ненi қолданбайды:

1.бiр рет қолданатын шприцтер 20мл

2.тиосульфат натрийдiң 30% ертiндiсi

3.20мл-лық пробиркалар

4.тазарту клизмасына қажеттi барлық заттар

5.рентгеноконтрастты препараттар

Эксреторлы урография дегенiмiз-рентгендiк зерттеу әдiсi:

1.бүйрек және зәр шығару жолдарының

2.өт қабы және оның жолдарының

3.асқазанның

4.шектердiң

5.бронхтың

Экскреторлы урография жасағанда R-контрастты затты еңгiзу үшiн рентгенкабинетте болу керек:

1.жасанды тынысалу аппараты

2.дефибрилятор

3.тиосульфат натрий және шоққа қарсы жинақ

4.азық-түлiк жинағы

5.операциялық жинақ

 

 

№ 6 тақырып

Жүрек аймағының ауырсынуларын, гипертониялық криз, өкпенің ісінуін, іштің ауырсынуларын диагностикалау және дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

 

1 Вариант

 

Тамыр соғуын(пульс) көбiне қай тамырларда тексередi:

1ұйқы артерияларында

2.бiлезiк артерияларында

3.шап артерияларында

4.бұғана асты артерияларында

5.иық артерияларында

Пульстық қысым дегенiмiз:

1.жүрек систоласы кезiндегi қысым

2.жүрек диастоласы кезiндегi қысым

3.систолалық және диастолалық қысым айырмашылығы

4.шеткейлiк тамырлық кедергi

5.веналық қысым

Систолалық қысым дегенiмiз:

1.жүрек систоласы кезiндегi қысым

2.жүрек диастоласы кезiндегi қысым

3.систолалық және диастолалық қысым айырмашылығы

4.шеткейлiк тамырлық кедергi

5.веналық қысым

Диастолалық қысым дегенiмiз:

1.жүрек систоласы кезiндегi қысым

2.жүрек диастоласы кезiндегi қысым

3.систолалық және диастолалық қысым айырмашылығы

4.шеткейлiк тамырлық кедергi

5.веналық қысым

Қалыпты жағдайдағы артериялық қысым:

1.110/70-150/90

2.100/60-140/90

3.90/60-130/90

4.80/60-120/80

5.110/70-160/90

Жүрек ишемиялық ауруында науқасқа қандай ем-дәм(диета) тағайындалады:

1.№1 диета

2.№7 диета

3.№9 диета

4.№10 диета

5.№5 диета

Жүрек тұсында ауырсыну пайда болғанда мейiрбике iс-әрекеттерi:

1.науқасқа тыныштық жағдай қамтамасыз етiп, тiл астына нитроглицирин салып беру

2.қан қысымын өлшеп, шүйде тұсына және аяқ балтырына қыша қағаз салу

3.оттегi берiп, аяқ-қолына веналық бұрма(жгут) салу

4.науқасты шалқасынан жатқызып, нашатыр iскету

5.науқасты аяғын жоғары қойын жатқызу, оттегi ингаляциясын бастау

Гипертониялық криз кезiндегi дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек:

1.науқасқа тыныштық жағдай қамтамасыз етiп, тiл астына нитроглицирин салып беру

2.қан қысымын өлшеп, шүйде тұсына және аяқ балтырына қыша қағаз салу

3.оттегi берiп, аяқ-қолына веналық бұрма(жгут) салу

4.науқасты шалқасынан жатқызып, нашатыр iскету

5.науқасты аяғын жоғары қойын жатқызу, оттегi ингаляциясын бастау

Жүрек астмасы кезiндегi дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек:

1.науқасқа тыныштық жағдай қамтамасыз етiп, тiл астына нитроглицирин салып беру

2.қан қысымын өлшеп, шүйде тұсына және аяқ балтырына қыша қағаз салу

3.оттегi берiп, аяқ-қолына веналық бұрма(жгут) салу

4.науқасты шалқасынан жатқызып, нашатыр iскету

5.науқасты аяғын жоғары қойын жатқызу, оттегi ингаляциясын бастау

Естен танғанда(обморок) дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек:

1.науқасқа тыныштық жағдай қамтамасыз етiп, тiл астына нитроглицирин салып беру

2.қан қысымын өлшеп, шүйде тұсына және аяқ балтырына қыша қағаз салу

3.оттегi берiп, аяқ-қолына веналық бұрма(жгут) салу

4.науқасты шалқасынан жатқызып, нашатыр iскету

5.науқасты аяғын жоғары қойын жатқызу, оттегi ингаляциясын бастау

 

 

№ 6 тақырып

Жүрек аймағының ауырсынуларын, гипертониялық криз, өкпенің ісінуін, іштің ауырсынуларын диагностикалау және дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

2 Вариант

 

Коллапс кезiндегi дәрiгерге дейiнгi алғашқы көмек:

1.науқасқа тыныштық жағдай қамтамасыз етiп, тiл астына нитроглицирин салып беру

2.қан қысымын өлшеп, шүйде тұсына және аяқ балтырына қыша қағаз салу

3.оттегi берiп, аяқ-қолына веналық бұрма(жгут) салу

4.науқасты шалқасынан жатқызып, нашатыр iскету

5.науқасты аяғын жоғары қойын жатқызу, оттегi ингаляциясын бастау

Пульстың қандай қасиетi артериялық қысым деңгейiн сипаттайды:

1.жиiлiгi

2.ырғағы

3.кернеуi

4.толықтығы

5.пiшiнi

Пульс дефицитi(тапшылығы) пайда болады:

1.артериялық қысым төмендегенде

2.артериялық қысым жоғарыланғанда

3.тамыр соғу жиiлiгi жүрек соғу жиiлiгiне қарағанда сирегенде

4.тамыр соғу жиiлiгi жүрек соғу жиiлiгiне қарағанда жиiлегенде

5.екi қолдағы пульс екi түрлi болғанда

Стенокардия ұстамасындағы жүрек тұсындағы ауырсынуларға тән:

1.шаншып ауыру, күш түсумен байланыстылығы

2.ұзақтығы 5-10 минут төс сүйек тұсы бүрiп қысып ауыру

3.тыныштық жағдайда пайда болатын сыздап ауыру

4.ұзақтығы 30-40 минут жүрек тұсының сыздап ауыру

5.эмоциялық күш түскендегi(қобалжу) жүрек тұсының шаншып ауруы

Созылмалы жүрек шамасыздығына тән:

1.ентiгу, iсiну, цианоз

2.тахикардия, ентiгу, артериялық қысым жоғарылауы

3.артериялық қысым жоғарылауы

4.коллапс, естен тану

5.брадикардия, цианоз

Созылмалы жүрек шамасыздығы жағдайындағы науқасты күту барысында аса маңызды:

1.iсiктер деңгейiн бақылау, сұйықтықтар және ас тұзын шектеу

2.науқас iш киiмдерiн жиi ауыстыру

3.аяқтарына бұрма(жәут) салу

4.жүрек тұсына қыша қағаз салу

5.басын төмен ұстатып шалқасынан жатқызу

Стенокардия ұстамасының қандай ерекшелiктерi миокард инфарктiсiне айналғанын шамалауға мүмкiншiлiк бередi:

1.стенокардия ұстамасы тыныштық жағдайда пайда болуы

2.бiр неше сағатқа созылатын ұстама болса

3.ұстама нитроглицеринге көмбейтiн болса

4.ұстама тәулiк бойы қайталанып отырса

5.физикалық күш түсумен байланысты болса

Стенокардия ұстамасы кезiнде қолданылатын шаралар:

1.физикалық тыныштық

2.тiл астына нитроглицирин салу

3.жүрек тұсына қыша қағаз орнату

4.адреналин терiастына егу

5.оттегi ингаляциясы

Оң диурез дегенiмiз:

1.науқас тәулiк бойы бөлiп шығарған зәр мөлшерi қабылдаған сұйығынан артық болса

2.науқас тәулiк бойы бөлiп шығарған зәр мөлшерi қабылдаған сұйығынан кем болса

3.қабылданған сұйық пен бөлiнген зәр мөлшерi тең болса

4.тәулiктiк зәр мөлшерi 2 литрден артық болса

5.тәулiктiк зәр мөлшерi 500 мл ден аз болса

Терiс диурез дегенiмiз:

1.науқас тәулiк бойы бөлiп шығарған зәр мөлшерi қабылдаған сұйығынан артық болса

2.науқас тәулiк бойы бөлiп шығарған зәр мөлшерi қабылдаған сұйығынан кем болса

3.қабылданған сұйық пен бөлiнген зәр мөлшерi тең болса

4.тәулiктiк зәр мөлшерi 2 литрден артық болса

5.тәулiктiк зәр мөлшерi 500 мл ден аз болса

 

 

№ 6 тақырып

Жүрек аймағының ауырсынуларын, гипертониялық криз, өкпенің ісінуін, іштің ауырсынуларын диагностикалау және дәрігерге дейінгі көмек көрсету.

3 Вариант

 

Науқас адамда кенеттен жүрек тұсының ауырсынуымен қатар жалпы әлсiздiк, бас айналу, көз қарауытуы пайда болды. Терiсi боз, суық тер жапқан, АҚ 90/60. Пульсi ырғақты, минутына 130, әлсiз, қолға әзер сезiледi. Осы жағдайда пульс қалай аталады:

1.парадоксты пульс

2.қыл тәрiздi

3.бос пульс

4.жұмсақ пульс

5.секiрмелi пульс

Науқас адамда кенеттен жүрек тұсының ауырсынуымен қатар жалпы әлсiздiк, бас айналу, көз қарауытуы пайда болды. Терiсi боз, суық тер жапқан, АҚ 90/60. Пульсi ырғақты, минутына 130, әлсiз, қолға әзер сезiледi. Мейiрбике қандай шаралар қолдану керек:

1.науқас адамға физикалық және эмоциялық тыныштық жағдайын қамтамасыз ету

2.шұғыл түрде дәрiгерге хабарлау

3.науқас адамға нитроглицирин беру

4.оттегi ингаляциясын бастау

5.екi аяғына жгут салу

 

Науқас адам кенеттен төс сүйек артында қатты қысып ауыратын ауырсыну пайда болғанына шағым айтады. Ауырсыну сол жақ қолға, сол жақ жауырынға тарап отыр, баспалдақпен 2 қабатқа көтергеннен кейiн басталады.Мейрбике қандай шаралар қолдану керек:

1.науқас адамға физикалық және эмоциялық тыныштық қамтамасыз ету

2.науқас адамға нитроглицирин беру

3.артериялық қысымын өлшеу

4.жүрек тұсына қыша қағаз қою

5.оттегi ингаляциясын жасау

Пульс негiзгi қасиеттерiне жатпайды:

1.ырғағы

2.жиiлiгi

3.кернеуi

4.тербелуi

5.толықтығы

Сау адамда пульс жиiлiгi:

1.80-100

2.60-80

3.40-60

4.100-120

5.70-90

Хирургиялық практика кезiнде студент К. қан көрiп тұра кенеттен бозарып естен танып қалады. Бұл не жағдай:

1.шок

2.коллапс

3.обморок

4.кома

5.гипертониялық криз

Хирургиялық практика кезiнде студент К. қан көрiп тұра кенеттен бозарып естен танып қалады. Мейiрбике қандай жедел жәрдем көрсету керек:

1.басын жоғары қойып жатқызу

2.басын төмен қойын жатқызу

3.мойына қысылмас үшiн киiмдерiн түймесiн босату

4.таза ауамен қамтамасыз ету

5.нашатырге малынған мақта иiскету жауап түрдерi

Жүрек ауруымен ауыратын науқастың екi аяғы iсiп отыр. Төменгi қатардан қай тағамдарды рұқсат етуге болады:

1.шырын

2.қызыл икра

3.құырылған тауық етi

4.сүға пiскен сәбiз

5.iрiмшiк


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 80 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
перевод с английского Н.Трауберг 5 страница | Тестовые задания по дисциплине 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.332 сек.)