Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Президент Есенкуль Сейлова болып табылатын “Сырдария” университеті 1996 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Жетісай оқу



Президент Есенкуль Сейлова болып табылатын “Сырдария” университеті 1996 жылы А.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Жетісай оқу орталығынын базасында ашылды.

“Сырдария” университетінің негізгі 1998 жылы наурыз айында қаланды: 1998 жылы 5 наурызда Оңтүстік Қазақстан облыстың әділет басқармасында 7604-1958-ЖШС нөмірмен алғашқы мемлекеттік тіркеуден өтті. Ал ҚР Білім, мәдениеті және денсаулық сақтау министрлігінің 1998 жылдың 27 шілдедегі №403 бұйрығына сәйкес университетке күндізгі бөлімнің 9 (тоғыз) мамандығы бойынша білім беру қызметімен айналысуға сериясы БМ № 0000 365 мемлекеттік лицензиясы берілді.

Қазіргі кезде “Сырдария” университеті өз қызметінде 2002 жылы 28 желтоқсанда құрылтайшылар бекіткен жарғы мен құрылтайшылар шартын басшылыққа алады.
Сонымен бірге университеттің 2002 жылы 7 наурызда берілген № 7604-1958-ЖШС мемлекеттін қайта тіркеу туралы куәлігі мен № 38652455-ші статистикалық карточкасы және ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2002 ж. 12 ақпандағы № 643-ші бұйрығымен берілген күндізгі және сыртқа бөлімнің 26 (жиырма алты) мамандығы бойынша білім беру қызметімен айналысуға құқық беретін мемлекеттік лицензиясы бар.

ҚР БҒМ 2001 жылдың 18 шілдедегі “ҚР білім сапасы мен білім мекемелерінде бюджеттік қаржыны тиімді пайдалануда мемлекеттік бақылаудың 2002-2003 оқу жылына арналған кестесін бекіку туралы” №580 бұйрығы мен ҚР БҒМ 2001 ж. 24 қазандағы № 857 бұйрығын орындау үшін “Сырдария” университеті 2001 28 қазаны мен 7 қарашасы аралығында мемлекеттік аттестациядан өтті.
Аттестация барысында оқу, ғылыми және тәрбие жұмыстарының ұйымдастырылуы, университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен материалдың базасының жоғары білімді мамандарды дайындаудың ҚР БҒМ-нің нормативті талаптарына сәйкестігі тексерілді.

Бүгінгі таңда университетте профессор-оқытушылар құрамының, оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие жұмыстарының сапасын жетілдіру, материалдық техникалық базаны нығайту, және қазіргі заман талабына сай жоғары білімді мамандарды оқытудың тиімділігін арттыру бойынша тыңғылықты әрі жемісті жұмыстар жүргізілуде.
Бұған қосымша сондай-ақ компьютерленуге және оқу мен оқу-әдістемелік процесіне тиімді оқыту технологияларын енгізуге үлкен көңіл бөлінуде. Оқу үрдісі компьютьер орталығы,қашықтан оқыту орталығы, виртуальды кітапхана аясында жұмыс істейді.
Компьютерлік орталықтағы 14 кабинетте 300-ге тарта компьютер орналасқан, басым бөлігі интернет желісіне қосылған.



Сонымен бірге компьютерлік техниканың соңғы үлгісіндегі «On-line» жүйесінде жұмыс істейтін 10 интерактивті тақта орналастырылған. Оқу-әдістемелік кеңесінде құрылған бағдарламада болашақ мамандардың олардың іс-қызметтіне қатысты өндірістік және өзге де қажетті міндеттерді өз беттерінше қайып шешу қабілеттеріне ерекше назар аударылады. Университетте біліктілігі жоғары штаттың оқытушылар жұмыс істейді. Олардың көпшілігінің ғылым докторы, профессор, ғылым кандидаты, доцент және аға оқытушы ғылыми дәрежелері мен атақтары бар. Жас оқытушылардың көпшілігі еліміздің жоғары оқу орындары мен “Сырдария” университетінің аспирантураның сыртқы бөлімі мен ғылыми дәреженің ізденушілері атанды. Олардың ғылыми тақырыптары бекітіліп, ғылыми жетекшілері анықталды. Жыл сайын профессор-оқытушылар мен студенттердің дәстүрлі ғылыми конференциясы өткізіліп тұрады.

 


Дата добавления: 2015-08-29; просмотров: 90 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Об обязательном социальном страховании от несчастных 4 страница | Прейскурант маникюрного зала женский

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)