Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану



Оқыту мен оқуда АКТ пайдалану

Аталған мақалада аралық зерттеу нәтижелері баяндалады, яғни бұл проблеманың ары қарай зерттелуін қажет деп санаймын. Менің зерттеу назарымда технологиялық білім (ТБ) және білімнің технологиялық аспектісі (БТА), оның біздің мектебімде қалай түсінеді, қолданады деген мәселе.

Білікті мұғалім үшін теориялық және тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ-ны енгізген кезде теориялық және тәжірибелік білімдердің бір тұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз етеді, ал бұл оқыту және және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту үдерісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы болып табылады [1].

Оқыту мен оқуда АКТ-ны пайдалану – мұғалімдерде дағдылар негізінде ақпаратты алу, бағалау, сақтау, өндіру, ұсыну, алмасу үшін қолдану және ол ақпаратты Интернет желісінде бірлескен жұмысқа қатысу үшін жібере білу.

 

Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен электронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Сондай-ақ, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнатуды және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.

Білімдердің технологиялық аспектісі (БТА)

Білімдердің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ-ны қолдану заттар туралы толық түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық технологиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де білуі керек. [2]



Бұл зерттеу шеңберінде мұғалімдерден сұхтаттар, сауалнама жүргізілді. Сауалнама – бұл ақпарат жинау әдістемесі, топтың әрбір мүшесі жеке арналған сауалнамаға өте қысқа мерзімде көптеген адамдардан әр түрлі ақпаратты тез алуға мүмкіндік береді.

ТБ сауаттылықтарын зерттеу мақсатында: «Сабақта АКТ-ны қолдану тәжірибеңіз?» деген сұраққа қатысқан 20 мұғалімнің «5» -12-і, «4» - 5-уі, «3» -3 уі жауап берді. Сауалнама 9 балл жүйемен алынды. Мұғалімдердің берген жауабынан олардың АКТ-ны қолдану технологиялық білімнің аздығын байқатады. Өзіме қорытынды жасадым: мұғалім –оқытушыларға Мicrosoft офистік бағдарламаларды, ActivStudio интерактивті тақта бағдарламасымен қоса тестік құру бағдарламаларынан шеберлік сабақтарды өткізуді жөн санадым. «E-learning» электрондық оқыту жүйесіндегі тест құру, оны сабақта қолдану туралы шеберлік сабағын өткіздім.

БТА сауаттылықтарын зерттеу мақсатында: «Сабақта АКТ- ны қолдану кезіндегі өз әрекетіңізді жоспарлау, күтілетін нәтижені жобалау қабілетіңіз?» деген сұраққа қатысқан 20 мұғалімнің «1» -12-і, «2» - 7-уі, «3» -1 уі жауап берді. Сауалнама 9 балл жүйемен алынды. Мұғалімдердің берген жауабынан олардың сабақта АКТ-ны қолдануда әрекетті жоспарлау, күтілетін нәтиженің білмейтіндінін байқадым. Өзіме қорытынды жасадым: мұғалім –оқытушыларға коучинг тақырыптарын «smart-мақсаты не?» және «критериалды бағалау» тақырыптарында жүргізсем деген мақсатты алып, өткіздім.

Жалпы мектеп бойыша АКТ-ны меңгеру деңгейлерінің диагностикалық көрсеткіші:

         

Компьютермен жұмыс жасай алмайды

Бастапқы

Базалық деңгей

Арнайы

кәсіби

7 %

7%

29%

33%

24%

 

Компьютер туралы мағлұматы бар және оның дидактикалық мүмкіндіктерін игерген, Мicrosoft офис құралдары арқылы көрнекі және дидактикалық материалдардың даярлаудың негізін меңгерген.

Оқу үрдісінде АКТ қолданудың әдістемелік тәсілдерін меңгерген; педагогикалық қызметтерде электрондық білім ресурстары мен Интернетті қолданады.

Мультимедиа технологияларын игерген; сандық білм ресурстарының мазмұнына талдау мен түзетулер енгізу және оны құру тәсілдерін; желілік өзара қарым-қатынас тәсілдерін; қашықтықтан біліктілікті көтеру тәсілдері;

«ActivStudio» программалық құралы арқылы интерактивтік жабдықтармен жұмыс жасау және оны пәндерді оқытуға қолдану мүмкіндіктерін; Электронды оқу материалдарын құру, мазмұнын талдау, түзетулер енгізу, тәжірибеден өткізу; Желілік қоғамды қалыптастыруға қатысу; АКТ мен оқыту технологияларын сабақтастыру қолдану.

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 804 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Первые примитивные музыкальные инструменты, которые появились на заре человечества, были не чем иным, как предметами домашнего обихода и орудиями труда, пригодными для извлечения неких музыкальных | Устали тратить время на приготовление обедов?

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)