Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Депозит таңдағанда қалай қателеспеу керек?



Депозит таңдағанда қалай қателеспеу керек?

Банк депозиті үшін керең таңдау, инфляциядан қорғаныс және қаржыңызды дұрыс жұмсау білу.

Әркім алдағы күнінің алаңсыз болғанын қалайды. Сіз армандаған жарқын болашаққа инвестиция салудың қарапайым әдісі- депозит ашу. Яғни қаржыңызды сенімді орынға жайғастырасыз және табыс табасыз.

Әр банк сізге түрлі депозиттерді ұсынады, олардың әрқайсысының өз артықшылықтары бар. Сізге тек ыңғайылысын таңдау ғана қалды. Соншалықты қарапайымдылығына қарамастан депозит жүйесінің есте сақтау керекті маңызды аспектілері бар. Сонымен, сіз нәтижеге яғни табысыңызға риза болу үшін не нәрсеге назар аудару керектігін түсініп көрелік.

Депозит дегеніміз не және ол қалай жұмыс істейді?

Банк депозиті немесе банк жинағы - ол белігілі бір несие мекемесіне (яғни банкке) пайыз есебінде табыс алу мақсатында берілген, қаржылық операция нәтижесінде пайда болатын ақша сомасы.

Банк жинағының келісімінде салымшыдан түскен ақша сомасын қабылдаған банк оны келісім -шартта көрсетілген жинақ сомасымен қатар пайыздық үстемесімен де қайтарып беруге міндетті. Салымшының өзінің ақшасына қосылған пайыздарды пайдалану өз еркінде. Оның келісім құжатында жазылғандай пайыздарды төлеу уақыты біткенде алуына немесе жалпы жинақ ақшасына қосуына да болады (мұны пайыздың капиталы дейді). Капитализация кезінде сіз пайыздық үстеме қосылған жинағыңыздың сомасын арттыра түсесіз.

Әрине, депозит ашқанда біз табысымызды мөлшерлеп алу үшін пайыздық үстемеге мән береміз. Назар аударыңыз, сақтау мерзімі және сомаңызға байланысты бір депозиттегі пайыздық үстеме өзгеріп тұруы мүмкін. Банк менеджерінен 3,6,12,18,24 ай мерзімнің әрқайсысында жинақ салғандағы жылдық үстеменің қанша тұратындығын сұрап алыңыз. Тамаша дизайндегі банк буклеттерінде сіз таңдағалы отырған депозиттің пайыздық үстемесінің ең макисмалды бағасы көрсетіледі. Бірақ салған сомаңыз бен салым уақытыңызға қарай сіз дәл сондай пайыздық үстемеге ие бола алмауыңыз да мүмкін. Тексерілмеген ақпараттың жетегінде кетпеңіз.



Есіңізде болсын,менеджер өз саласының болуы қажет және сізге толыққанды ақпарат пен керек кеңес беруге міндетті. Егер бүгінгі күнгі реалистің көзқарасымен қарасақ, барлық банк кеңселерінен нағыз кәсіпқой қызметкерлер табыла бермейді. Сондықтан, ақшаңыз қалай сақтау керектігі туралы менеджерден сұрап білместен, тіпті банк таңдамай тұрып-ақ өзіңізге қажетті ақпаратпен қарулануыңыз керек.

Майя ЛЕОНОВА, ұлттық корпорацияның директорлар кеңесінің мүшесі:

- Депозит ашу-маңызды қадам. "Мол" ақша (депозит, ипотек, сақтандыру) қаржылық серіктесті таңдар кезінде әрдайым зейінді болуды талап етеді. Көп жағдайда менеджерлер тек базалық ақпаратты ғана айтады, сіздер оны жарнама буклеттерінен де біле аласыздар. Мен депозит ашпас бұрын, менеджерден кедесуден бөлек қолжетімде ақпарат көздерінен ақтарып, сайттардағы мәліметтерді саралап, келісім-шарттарды салыстырып көремін. Сонда ғана менің көңілімді қалдырмайтын дұрыс шешім қабылдай аламын.

Сонымен, қаржылық жұмысыңызды реттелуінен хабардар болатын қарапайым және сенімді тәсілі бар: банктің сайтына кіріп, депозитті калькуляторды табыңыз, сізді қызықтырған жинақ мерзімі мен барлық сомаларды есептеп көріңіз.

Калькуляторлар әртүрлі болуы мүмкін. Бірақ принцип біреу-сіз "кейінгі" және "дейінгі" соманы көріп, табысыңзыд салыстыруға мүмкіндігіңіз бар. Мысалы:

Сізді қызықтырған барлық банктер үшін осы тәсілді қолданып көріңіз. Барлық мәліметтерді сақтап қойыңыз (Excel-ден файл ашып, кесте жасасаңыз да болады). Сіз үшін шын мәнінде құнды мәліметтер сіздің көз алдыңызда, енді жарнама мен таныстарыңыздың тіпті банк менеджерінің көмегінсіз-ақ сізге ең қолайлы ұсынысты таңдай аласыз. Есте сақтаңыз: банкті таңдап, келісімге отырғаннан кейін де өз таңдауыңызда жасауға себеп болған, сайтта жазылған барлық ақпараттың келісім-шарттағымен бірдей екендігіне тағы да көз жеткізңіз. Кез-келген адамның қателесуі мүмкін. Сайтта ескірген немесе бұрмаланған ақпараттың болуы әбден мүмкін. Қандай жағдай болмасын, мәселе сіздің ақшаңызға қатысты болса- өзіңізден басқа ешкімге сенім артпаңыз. Бұл сіздің мүддеңіз үшін.

АТалған депозиттен мерзімінен бұрын немесе жекелей ақшаны шешіп алғанда пайыздық үстеменің қаншалықты төмендейтіндігін немесе сыйақыдан айырылу мүмкіндігі қандай екендігін біліп алыңыз. Кей банктерден депозиттен ақша алғаныңыз үшін комиссия ұсталынады. Мерзімінен бұрын алғаныңыз үшін ешқандай табыс алмауыңыз да мүмкін. Сондықтан келісім-шарт талаптарын мұқият оқыңыз.

Джон Рокфеллер: "Сіздің табысыңыз сіздің шешіміңізге байланысты" деген. Саналы таңдау жасаңыз сонда қаржылық жағдайыңыз да зардап шекпейді.

Алдағы материалдарымыздан депозит ашар кездегі барлық кеңестерді күтіңіз.

Джон Рокфеллер уверял: «Ваше благополучие зависит от ваших собственных решений». Делайте осознанный выбор, и ваше финансовое благосостояние будет обеспечено.

Ждите наших советов и рекомендаций по прочим тонкостям при открытии депозита в наших будущих материалах!

 


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 269 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Мой постоянный читатель, я хочу предупредить вас, что это не рассказ, а эсса, почти дневник, первоначально опубликованный в журнале New Yorker весной 1990 года. 5 страница | Автономная некоммерческая организация дополнительного профессионального образования

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.007 сек.)