Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі 6 страница



H) ҚР Конституциясында адам және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарының сақталуына кепілдік ұғымы анықталмаған

 

$$$ 176

Адам және азаматтардың ҚР Конституциясында бекітілген міндеттеріне жатады:

A) Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын, абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеуге міндетті

B) ҚР азаматтары табиғатты сақтауға және табиғат байлықтарына ұқыпты қарауға міндетті

C) Әркім Республиканың мемлекеттік рәміздерін құрметтеуге міндетті

D) Мемлекет адамның өмір сүруі мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны қорғауды мақсат етіп қояды

E) Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін білім алуына кепілдік беріледі

F) Ұлтаралық татулықты бұзатын кез келген әрекет конституциялық емес деп танылады

G) еңбек шарты бойынша, жұмыс істейтіндерге заңмен белгіленген жұмыс уақытының ұзақтығына, демалыс және мереке күндеріне, жыл сайынғы ақылы демалысқа кепілдік беріледі

H) ҚР Конституциясында адам және азаматтардың конституциялық міндеттер ұғымы қалыптаспаған

 

$$$ 177

Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу міндетінің орындалуы ҚР-нда қандай нормалармен қамтамасыз етіледі:

A) ҚР Конституциясы

B) тек ҚР Конституциясымен ғана

C) ҚР Салық және бюджетке төленетін өзге де төлемдер туралы Кодекс

D) салықтық заңнамамен

E) Еңбек Кодексімен

F) Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодекспен

G) Бюджет Кодексімен

H) Азаматтық іс жүргізу Кодексімен

 

$$$ 178

ҚР шетелдіктердің құқықтық жағдайының принциптері:

A) ҚР-сында шетелдіктер барлық құқықтар мен бостандықтарға ие

B) Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, қай нәсілге және ұлтқа жататындығына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, шұғылданатын қызметі мен оның сипатына қарамастан заңның алдында бірдей болады



C) Шетелдіктердің өздерінің құқықтары мен бостандықтарын пайдалануы Қазақстан Республикасының мүдделеріне, оның азаматтары мен басқа адамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмеуге тиіс

D) Әркімнің құқық субъектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға хақылы

E) Заң мен сот алдында жұрттың бәрі тең

F) Құқықтық мәртебесі "Шетелдіктердің құқықтық жағдайы туралы" ҚР заңымен анықталатын тұлғалар

G) Әркімнің өзінің жеке басының бостандығына құқығы бар

H) Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды

 

$$$ 179

ҚР-да шет ел азаматтары қандай құқықтардан шектелген:

A) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктердің саяси мақсаттарды көздейтін саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктерге бірігу құқығы

B) Жекелеген қызмет орындарына тағайындау немесе осындай қызмет түрімен шұғылдану заңдарға сәйкес ҚР азаматтығына қатыстылығына байланысты болса шетелдіктер онымен шұғылдана алмайды.

C) ҚР-да сайлау және сайлану құқықтары шектелген

D) ҚР территориясында кәсіпкерлікпен айналысуға

E) Қазақстан Республикасында уақытша жүрген шетелдіктерге Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау органы белгілеген тәртіппен дәрігерлік көмек көрсетіледі.

F) ҚР тұрақты тұратын шетелдіктер тұрғын үй қатынастарында ҚР азаматтарының құқықтарын пайдаланады және солар сияқты міндетті болады

G) Білім беру ұйымдарына қабылданған шетелдіктер ҚР заңнамасына сәйкес оқушылар мен тәрбиеленушілердің құқықтарына ие болады және міндеттерін мойнына алады.

H) Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер Қазақстан Республикасының азаматтарымен және басқа адамдармен некеге тұрып және оны бұза алады

 

$$$ 180

Сенат депутаттығына кандидатқа қойылатын талаптар:

A) Жасы отызға толуы керек

B) Республика алдында ерекше еңбек сіңірген болуы керек

C) Жоғары заң білімі болуы керек

D) Жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы болуы қажет

E) Жасы жиырма бестен кем емес, елуден жоғары емес болуы керек

F) Саяси партияның мүшесі болуы керек

G) Республика аумағында он бес жыл тұруы керек

H) Тиісті облыстың, республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұруы қажет

 

$$$ 181

Мәжіліс депутаты болып сайлану үшін қойылатын талаптар:

A) Жоғары заң білімінің болуы

B) Қазақстан Республикасының азаматы болу

C) Заң мамандығы бойынша он жыл жұмыс стажының болуы

D) Жасы жиырма бестен кем болмау

E) Қандайда да бір саяси партияның мүшесі болу

F) Республика аумағында соңғы он жыл тұрақты тұру

G) Мемлекеттік тілді еркін меңгеру

H) Тиісті облыстың аумағында кемінде бес жыл тұру

 

$$$ 182

Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары құқылы:

A) басқа өкілді органнның мүшесі болуға

B) кәсіпкерлікпен шұғылдануға

C) ғылыми қызметпен айналысуға

D) ақылы қызметпен айналысуға

E) оқытушылық қызметпен айналысуға

F) Парламенттің жұмысына қатыспауға

G) коммерциялық ұйымның басшы органының немесе байқаушы кеңесінің құрамына кіруге

H) шығармашылық қызметпен айналысуға

 

$$$ 183

Парламент Мәжілісінің депутаты мандатынан айырылады:

A) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шыққан болса

B) егер ол өзін сайлаған саяси партиядан шығарылған болса

C) егер ол 65 жасқа толса

D) егер ол кәсіподақ мүшесі болса

E) егер ол әдеп ережелерін бұзса

F) депутатты сайлаған саяси партия қызметін тоқтатқан жағдайда

G) Парламент таратылса

H) егер депутат мемлекеттік тілді білмесе

 

$$$ 184

Парламент депутаттарының өкілеттігі:

A) заңда белгіленген тәртіппен депутаттық сұрау салу

B) Республика азаматтығын беру мәселесін шешу

C) саяси баспана беру мәселесін шешу

D) Палатаның үйлестіруші органына сайлау және оған сайлану

E) соғыс мәселесін шешу

F) Республика аумағында төтенше жағдай енгізу

G) конституциялық қадағалауды жүзеге асыру

H) сессияның күн тәртібі жөнінде ұсыныстар мен ескертпелер енгізу

 

$$$ 185

Депутаттық әдеп ережелерін бұзғаны үшін Парламент депутаттарына қолданатын жазалау шаралары:

A) парламенттік мінеу

B) қамауға алу, тұтқындау

C) бір отырыс уақытына отырыс залынан шығарып жіберу

D) айыппұл салу

E) әкімшілік жауаптылыққа тарту

F) мандатынан айыру

G) көпшілік алдында кешірім сұрауға мәжбүр ету

H) арнайы құқығынан айыру

 

$$$ 186

Парламент депутатының қызметін материалдық және әлеуметтік-тұрмыстық қамтамасыз ету шараларына жатады:

A) Республика астанасынан тыс жерде тұратын депутатқа мемлекеттік тұрғын-үй қорынан тұрмысқа жайлы және жиһазбен жабдықталған тұрғын үй беріледі

B) депутатқа тұрақты түрде ай сайын жәрдемақы төленіп тұрады

C) депутат толығымен коммуналдық төлемдерден, салықтардан босатылады

D) депутат мемлекеттік органдардың ресми таратылатын ақпараттық және анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледі

E) депутатқа Астана шегінде автомобиль көлігімен қызмет көрсетіледі

F) әр депутатқа пайдалануға ұшақ, тікұшақ беріледі

G) депутатқа емдеу-сауықтыру қызметтері көрсетіледі

H) оған мемлекеттік басшысымен кідіріссіз қабылдану құқығы тән

 

$$$ 187

Парламент депутатының қызметін ақпараттық қамтамасыз ету шараларына жатады:

A) депутатқа санаторийлік-курорттық қызметтер көрсетіледі

B) депутат Парламент қабылдаған құжаттармен қамтамасыз етіледі

C) депутат барлық салықтар мен алымдар төлеуден босатылады

D) депутат мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің ресми таратылатын ақпараттық, анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледі

E) депутатқа Республика шегінде, тыс жерде көлікпен жүру қамтамасыз етіледі

F) депутат өмір бойы тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

G) депутат Парламент пен оның органдарының ресми таратылатын ақпараттық және анықтамалық материалдарымен қамтамасыз етіледі

H) депутатқа емдеу-сауықтыру қызметтері көрсетіледі

 

$$$ 188

ҚР заңнамасына сәйкес қоғамдық бірлестіктер қызметінің негіздері:

A) ҚР азаматтардың ортақ мақсаттарға жету үшін ерікті негізде құрылған, заңдарға қайшы келмейтін басқа да бірлестіктері қоғамдық бірлестіктер деп танылады

B) коммерциялық ұйымдар

C) Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығын іске асыруда құрылатын бірлестіктер

D) құрылу мақсаты коммерциялық мүдделерді көздейтін мемлекеттік емес ұйымдар

E) Қоғамдық бірлестіктер азаматтардың саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары мен бостандықтарын іске асыру мен қорғау мақсаттарында құрылып, жұмыс істейді

F) қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсаттарында құрылып, жұмыс істейді

G) қайырымдылық қызметке қатысу мақсаттарында құрылып, жұмыс істейді

H) ҚР қоғамдық бірлестіктер ұғымы қалыптаспаған

 

$$$ 189

Қоғамдық бірлестіктер құрудың және олардың қызметінің принциптері:

A) Қоғамдық бірлестіктер заң алдында тең

B) Азаматтың қоғамдық бірлестік қызметіне қатысуы немесе қатыспауы оның құқықтары мен бостандықтарын шектеу үшін негіз бола алмайды

C) Қоғамдық бірлестіктер өз мүшелерінің (қатысушыларының) еріктілігі, тең құқықтылығы, өзін-өзі басқару, қызметінің заңдылығы, есептілігі мен жариялылығы негізінде құрылып, жұмыс істейді

D) Қоғамдық бірлестіктер тең міндеттерге ие

E) Қоғамдық бірлестіктер қажетті жағдайда мемлекеттік органның қызметін атқарады

F) Басқа мемлекеттермен халықаралық-құқықтық қатынастарға түседі

G) Қажетті жағдайда коммерциялық қызметпен айналысу құқығы бар

H) ҚР қоғамдық бірлестіктер ұғымы қалыптаспаған

 

$$$ 190

ҚР заңнамасына сай саяси партия ұғымы:

A) Азаматтардың, әр түрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін мемлекеттік биліктің өкілді және атқарушы органдарында білдіру мақсатында олардың саяси еркін білдіретін ҚР азаматтарының ерікті бірлестігі

B) мақсаты саяси билікке жетуді көздейтін қоғамдық бірлестіктер

C) Қазақстан Республикасы азаматтарының бірлесу бостандығына құқығын іске асыруда құрылатын бірлестіктер

D) құрылу мақсаты коммерциялық мүдделерді көздейтін мемлекеттік емес ұйымдар

E) халықаралық деңгейде экономикалық қызметпен айналысатын ұйымдар

F) мемлекеттің бастамасымен құрылатын қоғамдық ұйымдар

G) сайлау комиссиялары

H) ҚР саяси партиялар ұғымы қалыптаспаған

 

$$$ 191

Жоғарғы және жергілікті атқарушы органдардың қарым-қатынасы:

A) олар көлденеңінен байланыста болады

B) жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органның қызметіне басшылық жасайды

C) жергілікті атқарушы орган жоғарғы атқарушы органның бір бөлігі болады

D) жергілікті атқарушы органдардың заңдарды, Президент пен Үкіметтің актілерін орындауын жоғарғы атқарушы орган бақылайды

E) олар бір-бірінен толығымен дербес, тәуелсіз қызмет етеді

F) олар бір-бірінің алдында жауапты болып табылады

G) олар бір-бірімен саяси партияға мүшелігі арқылы байланысады

H) жоғарғы атқарушы орган жергілікті атқарушы органдардың актілерінің күшін жоя алады

 

$$$ 192

Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік билік жүйесіндегі орны:

A) Қазақстан Республикасының атқарушы билігін жүзеге асырады

B) Қазақстан Республикасының заң шығарушы билігін жүзеге асырады

C) ол атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды

D) ол жергілікті атқарушы орган болып табылады

E) конституциялық қадағалау органы болып табылады

F) өзінің бүкіл қызметінде Республика халқы алдында жауапты болады

G) Президентінің алдында, Конституцияда көзделген жағдайларда Мәжілістің және Парламенттің алдында жауапты болады

H) сот төрелігін жүзеге асырады

 

$$$ 193

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылу тәртібі:

A) Президенттің ұсынысы негізінде Парламент құрады

B) Президент алдымен Мәжілістің келісімімен Премьер-Министрді тағайындайды

C) Жаңа Үкіметті алдыңғы Үкімет құрады

D) Үкіметті толығымен Президент өзі жеке дара құрады

E) Премьер-Министр тағайындалғаннан кейін он күн мерзім ішінде Үкіметтің құрылымы мен құрамы туралы Президентке ұсыныс енгізеді

F) Үкімет Парламент депутаттары арасынан Президентпен құрылады

G) Алдымен Үкіметті Президент құрады, кейін оны Парламент бекітеді

H) Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Президенті

 

$$$ 194

Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымын құрайтын органдар:

A) Республиканың Жоғарғы соты

B) Ішкі істер министрлігі

C) Конституциялық Кеңес

D) Сыртқы істер министрлігі

E) Нотариалдық кеңсе

F) Агенттіктер, комитеттер

G) Парламент

H) Әкімдіктер

 

$$$ 195

Сайлау құқығы:

A) конституциялық құқықтың сайлауға байланысты қатынастарды реттейтін нормалар жүйесінен қалыптасатын институты

B) азаматтардың мемлекетпен кепілденген сайлауға қатысу құқығы

C) азаматтардың мемлекетпен кепілденген сайлану құқығы

D) адам және азаматтардың құқықтық мәртебесін анықтауға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін нормалар

E) банкілік қызметті реттеуге байланысты қатынастарды реттейтін нормалар

F) ҚР әкімшілік-аймақтық құрылысына байланысты қатынастарды реттейтін нормалар

G) тергеу амалдарын жүргізуге байланысты қатынастарды реттейтін нормалар

H) меншік құқығын қолдануға байланысты туындайтын қатынастарды реттейтін нормалар

 

$$$ 196

Республика Үкіметін құруға қатысты Президенттің өкілеттігі:

A) Үкімет отырыстарында төрағалық етеді.

B) Үкіметке заң жобасын Парламент Мәжілісіне енгізуді тапсырады.

C) Парламент Мәжілісінің келісімімен Республиканың Премьер-Министрін қызметке тағайындайды, оны қызметтен босатады.

D) Үкіметтің актілерінің күшін жояды не қолданылуын тоқтата тұрады.

E) Премьер-Министрінің актілерінің күшін жояды.

F) Премьер-Министрдің ұсынуымен Республика Үкіметінің құрылымын айқындайды.

G) Үкіметті таратады.

H) Республика Үкіметінің мүшелерін қызметке тағайындайды, қызметтен босатады.

 

$$$ 197

Сайлау туралы заңдағы бекітілген сайлау құқығының принциптері:

A) сайлау құқығы азаматтылықты алу мерзімімен тығыз байланысты

B) сайлау құқығы міндетті болып саналады

C) Республика Президентін, Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлау жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында өткізіледі

D) Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркін білдіруді шектеуге ешкімнің де құқығы жоқ

E) Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерікті болып табылады

F) Республикадағы сайлау Республика азаматының сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыруына негізделеді

G) ҚР азаматтарының ҚР Президенті, Қазақстан Республикасы Парламентінің, мәслихатының депутаты немесе өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органына мүше болып сайлану құқығы

H) дауыс беруді өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен сайлау бостандығын қамтамасыз ету

 

$$$ 198

Тең сайлау құқығы келесі тәртіпте қамтамасыз етіледі:

A) Сайлауға сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған азаматтар қатысу арқылы

B) сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған адамның сайлауға қатысулары арқылы

C) Сайлаушылар Республика Президенті, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Парламенті Мәжілісінің депутаттары және мәслихаттарының депутаттары сайлауына тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауысы болады

D) Сайлаушылар Республиканың өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшелерін сайлауға тең негіздерде қатысады әрі олардың әрқайсысының тең дауыс саны болады

E) Үміткерлердің сайлауға тең құқықтармен және шарттармен қатысуына кепілдік беріледі

F) Республика Парламенті Сенатының депутаттарын сайлау жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жағдайында және бір дауыс беруші екі дауысқа ие болуы

G) шет ел азаматтарының да сайлау құқығын бекіту арқылы

H) азаматтығы жоқ тұлғалардың сайлау құқығын тану арқылы

 

$$$ 199

Үкіметтің Республиканың қауіпсіздігіне қатысты құзыреті:

A) ғылым мен техниканы дамытудың мемлекеттік саясатын белгілейді

B) айналадағы табиғи ортаны қорғау жөнінде шаралар әзірлейді

C) Республиканың қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады

D) еңбекақы төлеу шарттарын белгілейді

E) Республиканың аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды жүзеге асырады

F) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады

G) мемлекеттік баға түзу саясатын талдап жасайды және жүзеге асырады

H) Республиканың мемлекеттік шекарасын күзетуді қамтамасыз ету жөніндегі шараларды әзірлеп, жүзеге асырады

 

$$$ 200

ҚР сайлау жүйелері қолданылады:

A) Дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) елу процентінен астамының дауысын алған үміткер сайланды деп саналады

B) Қайта дауыс беру дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс санының көпшілігін алған үміткер сайланды деп саналады

C) Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланады

D) Елдегі белсенді сайлау құқығы бар азаматтардың 50% астамы сайлауға қатысқанда сайлау өтті деп есептеледі

E) Сайлауға қатысқан сайлаушылардың 70% астамының дауысын алған үміткер сайланды деп саналады

F) Саяси партиялардан біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша партиялық тізімдермен сайланып, 30% астамының дауысына байланысты өткізу

G) Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша тізімдермен сайланады және сайлаушылардың 50% астамының дауысын алу қажет

H) Сайлау дауысын есептеуде қатаң бекітілген норма жоқ

 

$$$ 201

Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджет жөніндегі құзыреті:

A) Мәжіліске заң жобаларын енгізеді және заңдардың орындалуын қамтамасыз етеді

B) республикалық бюджетті әзірлейді

C) сот шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді

D) Парламентке республикалық бюджетті және оның атқарылуы туралы есепті ұсынады

E) жергілікті атқарушы органдардың қызметіне басшылық жасайды

F) бюджеттің атқарылуын қамтамасыз етеді

G) мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады

H) Республиканың сыртқы саясатын жүргізу жөнінде шаралар әзірлейді

 

$$$ 202

Пропорционалды сайлау жүйесі:

A) Үміткерлер 50% астамының дауысы бойынша есептеу жүргізу

B) Қайта дауыс беру кезінде басқа кандидатқа қарағанда дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың (таңдаушылардың) дауыс саны бойынша есептеу

C) Сайлау округтері бойынша сайлауды ұйымдастыру жүйесі саналады

D) Саяси партиялардан Парламент Мәжілісінің депутаттары біртұтас сайлау округтері бойынша партиялық тізімдермен сайланады

E) Елдегі белсенді сайлау құқығы бар азаматтардың 50% астамы сайлауға қатысқанда сайлау өтті деп есептеу

F) Саяси партиялардан Мәжіліс депутаттары біртұтас жалпыұлттық сайлау округі бойынша өткізілетін жүйе

G) партиялық тізімдермен сайлау ұйымдастырылатын жүйе

H) Сайлау дауысын есептеуде мандаттар жиналған дауыстар көлеміне байланысты үлестірілетін сайлау жүйесі

 

$$$ 203

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің өкілеттігі:

A) Үкімет қызметін ұйымдастырып, оған басшылық жасайды

B) Парламент қабылдаған заңдарға қол қояды

C) Республикалық референдум тағайындайды

D) Саяси баспана береді

E) Үкімет қаулыларына қол қояды

F) Парламент қабылдаған заңдарға қарсылық білдіреді

G) Үкімет қызметінің негізгі бағыттары жөнінде Президентке баяндап отырады


Дата добавления: 2015-08-28; просмотров: 52 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.046 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>