Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған

«Жалпы медицина» мамандығының 2 курс студенттеріне арналған

«Патологиялық физиология - 1» пәні бойынша емтихандық тесттер

 

4 нұсқа

 

1. Әйгілі канадалық ғалым Г. Селье, аурудың пайда болу сұрағын талқылағанда, ауру тек факторлар жиынтығының әсерінен дамиды деп тұжырымдады. Сондықтан аурудың туындау себебін бөліп қарастырған жоқ.

Этиологиядағы бұл бағыт қалай аталады?

A. конституционализм

B. ++++++++кондиционализм

C. монокаузализм

D. антинозологизм

E. психосоматикс

 

2. Гинекологиялық бөлімшеге 32 жастағы әйел адам жатырдан қан кетуіне байланысты түсті. Көп мөлшерде қан жоғалтуына байланысты науқаста жедел постгеморагиялық анемия дамыды. Қан анализі: эритроциттер 3,2*1012/л, гемоглобин 82г/л. Науқасқа патогенетикалық мақсатта қан құйылды.

Патогенез дегеніміз не?

А. аурудың себебі

В. ауру дамуына ықпал ететін жағдай

С. ауру ағымы

D. +++++ аурудың даму механизмі және салдары

Е. ауру критерилері

 

3. Тұмау эпидемиясы кезінде бухгалтер болып жұмыс істейтін 22 жастағы бойжеткенде, әлсіздік және қатты басының ауруы пайда болды. Жұмыстан кетуге мәжбүр болды және үйге дәрігер шақыру қажет. Дене температурасы 39,60 С көтерілді, дәрі қабылдағаны мен бас ауруы басыла қойған жоқ. Дәрігер «тұмау» диагнозын қойды.

Тұмаудың дамуына не себеп?

А. салқын тию

В. ++++++ тұмау вирусы

С. организм реактивтілігінің төмендеуі

D. ұтымсыз тамақ

Е. организмнің иммундық жауабының төмендеуі

 

4. 23 жасар Х. атты науқасты тексерген кезде өкпе туберкулезына тән симптомдар мен рентгенологиялық көріністері анықталған.

Науқастағы туберкулездің себебі болып не табылады?

А. нашар тұрмыстық жағдайлары

В. организмнің реактивтілігінің төмендеуі

С. ұтымсыз, жеткіліксіз тамақтану

D. +++++ организмге Кох бациллаларының түсуі

Е. жеке гигиена талаптарын сақтамау

 

5. Науқас К. 56 жаста онкологиялық диспансерге тексерілуге келіп түсті. Тәбеттің нашарлауына, асқорытудың бұзылуына, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанын 1 жыл бұрын сезінді, медициналық көмекке жүгінбеген, «халықтық ем тәсілдерімен» емделген. Сонғы жарты жыл ішінде дереу арықтаған, арқасында ауру сезімі, айқын әлсіздік пайда болған. Тексерген кезде науқас кахексияға ұшыраған, терісі бозарған, көз астында және аяқтарында ісінулер байқалады. Қосымша тексеруден кейін «Асқазанның обыр ісігі. IV сатысы. Метастаздар» диагнозы қойылды.



Кахексиялық ісінулердің дамуында қандай патогенетикалық фактор басты орын алады?

А. қанның гидростатикалық қысымының төмендеуі

В. +++++++ қанның онкотикалық қысымының төмендеуі

С. тамырлық өткізгіштігінің төмендеуі

D. фильтрацияланған сұйықтыққа тіннің қарсы қысымының жоғарлауы

E. лимфаның ағып кетуінің жоғарлауы

 

6. Күйік орталығында II дәрежедегі термиялық күйюге (50%) шалдыққан 53 жасар П.атты науқас жатыр.

Науқасқа тамыр ішіне сусыздануға қарсы қандай емдік препаратты еңгізу орынды болып табылады?

А. қан сарысуын

В. изотоникалық ерітінді

С. 5% глюкоза ерітіндісін

D++++++. Рингер ерітіндісін

Е. бикарбонат натрий ерітіндісін

 

7. Науқас М. 20 жаста дәрігерге тұмаудан кейінгі қатты шөлдеу сезіміне шағымданып келді. Тәулігіне бөлінген зәр мөлшері 15 литр құрайды. Зәрі ашық түсті, тығыздығы 1,002-1,005, зәрде глюкоза жоқ. Қандағы глюкоза мөлшері 4,2 ммоль/л.

Загрузка...

Науқаста қандай ауруды болжауға болады?

А. қант диабеті

В. +++++++ қантсыз диабет

С. бүйректік диабет

D. гломерулонефрит

Е. нефроздық синдром

 

8. Бақаның шажырқайының препаратын ауада кептіруге қалдырды. Бір сағаттан кейін шажырқай тамырынан қанағысы тоқтап қалды.

Шеткері қан айналымындағы бұзылысының бұл түрі қалай аталады?

А. ишемия

В. веноздық гиперемия

С. тромбоз

D.+++++++ стаз

Е. артериялық гиперемия

 

9. Науқас облитерацияланған эндоартритпен дәрігерге оң жақ тобығының ауырсынуына шағымданып келді. Тексергенде оң жақ тобығы өте бозғылт және ұстағанда суық.

Науқаста шеткері қан айналымының қандай өзгерісі дамыды?

А. стаз

В++++++++++. ишемия

С. тромбоз

D. веналық гиперемия

Е. эмболия

 

10. Қоянның оң құлағын иннервациялайтын жүйкесін және жоғарғы мойын симпатикалық түйінін кесіп алынып тасталған.

Қоянның оң жақ құлағында шеткері қан айналымның қандай өзгерісі дамиды?

А. ++++++++артериялық гиперемия

В. веналық гиперемия

С. ишемия

D. стаз

Е. тромбоз

 

11. 46 жасар науқас айқын семірумен эндокринологтың қабылдауына келді.

Қай гормон май мобилизациясын тежейді және семірудің дамуына ықпал етеді?

А. адреналин

В. норадреналин

С. тироксин

D.+++++++ инсулин

Е. вазопрессин

 

12. Науқас П., 28 жаста, тексерген кезде терісі құрғақ, ұстағанда суық, беті ісінген, мимикасы жоқ, аяқтарында ісінулер байқалады.Саусақпен басқан соң аяқтарының терісінде шұнқыр қалмайды. Науқаста негізгі алмасудың едәуір төмендеуі байқалады.

Ісінудің бұл түрі қалай аталады?

А. іркілулік

В. +++++гипотиреоидтық

С. лимфатикалық

D. жүректік

Е. нефротикалық

13. Эндокринологқа 17 жастағы қыз тез арада арықтауына, жүрек соғысының жиілеуіне,температурасының 37,2º С көтерілуіне, жылауықтыққа шағымданып келді.

Қыз балада қандай гармонның гиперпродукциясы негізгі алмасуды күшейтеді?

A. эстроген

B. андроген

C. соматотропин

D. +++++тироксин

E. инсулин

14. Авиокомпанияның диспетчері дәрігерге қарқынды зәр бөлуге және шөлдеуге шағымданып келді.Тексеру нәтижесінде терінің және шырышты қабаттың құрғауы, қан анализінде глюкозаның мөлшері 8,8ммоль/л.

Гипергликемияны қандай себеп тудыра алады?

А. инсулин синтезінің жоғарлауы

В. +++++++адреналин өндірілуінің көбеюі және гликогенолиздің күшеюі

С. глюкагон өндірілуінің төмендеуі

D. жасушалардың глюкозаны қолдануының жоғарлауы

Е. бүйректегі глюкоза реабсорбциясының төмендеуі

15.Авиакомпанияқызметкерлерін дәрігерлік тексерістен өткізген кезде диспетчерде гипергликемия анықталды (аш қарында 8,8 ммоль/л). Сұрастырғанда оны үнемі шөлдеу сезімі мен диурездің көбеюі аландататыны белгілі болды.

Қандай гормонның секрециясының төмендеуі науқаста гипергликемияның дамуына әкеліп соқты?

A. +++++++инсулин

B. глюкагон

C. тироксин

D. альдостерон

E. вазопрессин

 

16. Өте аязды күні электриктер тобы тоқ бойындағы апатты жоюға мәжбүр болды.

Суықта жұмыс істеген кезде салқын тиюдің дамуына қандай жағдай ықпал етеді?

А. ауаның қозғалыс жылдамдығының төмендеуі

В. ++++++++күшті жел

С. жоғары калориялы тағам

D. жылу берілудің тоқтауы

Е. төмен ауа ылғалдылығы

 

17. Науқас П. 42 жаста қант диабетінің II түрімен ауырады. Тексерген кезде аш қарындағы қандағы глюкозаның мөлшері 9,7 ммоль/л, зәрде глюкоз анықталды.

Қандағы глюкозаның қандай мөлшерінде глюкозурия дамиды?

A. 3,0 ммоль/л

B. 4,0 ммоль/л

C. 5,0 ммоль/л

D. 6,5 ммоль/л

E. +++++8,8 ммоль/л

 

18. Науқас П., 52 жаста нефрологиялық бөлімге ауыр созылмалы бүйрек жеткіліксіздігінің симптомдарымен «Жасанды бүйрек» аппаратының көмегімен емдік курс алу үшін келіп түсті. Қандағы қалдық азот мөлшері 78,6 ммоль/л (нормада 14,3-28,6 ммоль), көбінесе несепнәр азотының есебінен.

Науқаста гиперазотемияның даму механизмі қандай?

А. жасушалық белоктардың қарқынды ыдырауы

В. бауыр патологиясы салдарынан аммиактан несепнәрдің құрылуының бұзылысы

С.+++++бүйректің экскрециялық қызметінің бұзылуы, ретенциондық гиперазотемияның дамуы

D. аминқышқылдарының дезаминдеуінің бұзылуы

Е. аминқышқылдарын зәрмен жоғалту (аминоацидурия)

19. 10жастағы бала тұқымқуалайтын агаммоглобулинемиямен ауырады.

Бұл ауыр дерт қандай негізгі бұзылыстармен сипатталады?

А. қан кету

В. эритроциттердің гемолизі

С. ++++++++барлық инфекциялық ауруларға иммунитеттің болмауы

D. аллергиялық реакцияларға бейімделушілік

Е. ақылдың төмендігі

 

20. Науқас ер адам, С гемофилиясымен ауырады, сау әйелге үйленген, оның тұқымында ешкім гемофилиямен ауырмаған, дәрігерге балаларында бұл аурудың көріну мүмкіншілігін анықтау үшін келген.

Гемофилия үшін тұқым қуалаудың қандай түрі тән?

A. аутосомдық-доминантты

B. толық емес басымдылықпен

C. рецессивті

D. аутосомдық-рецессивты

E. +++++++жыныспен тіркелген рецессивті

 

21. Әйел адам, 25 жаста, бойы 148 см, құлақтары ерекше пішінді, төмен орналасқан, мойны қысқа, екі жағында қатпарлары бар («сфинкстің басы»), екіншілік жыныстық белгілері әлсіз дамыған. Тексерген кезде ішкі жыныстык ағзалары толық дамымаған, кариотип 45 хромосома, оның ішінде біреуі ғана жыныстық Х-хромосома.

Бұл ауру қалай аталады?

A.Гирке ауруы

B. Даун ауруы

C. Х-трисомия

D.++++++++++Шерешевский-Тернер синдромы

E. Кляйнфельтер ауруы

 

22. Анафилактикалық серпіліс патогенезін оқу мақсатында теңіз шошқасын сенсибилизирлеп парентералды жолмен жылқы сарысуын енгізді.

Жануар организмінде түзілетін антидене аллергиялық серпілістің қандай түріне тән?

A. ++++++++Ig E (реагендік)

B. Ig G

C. Ig A

D. комплемент

E. сенсибилизирленген лимфоциттер

 

23. Бронх демікпесімен зардап шегетін 8 жастағы балада, экспираторлы ентігу ұстамасы дамыды.

Қандай Ig қатысуы анафилактикалық типтегі аллергиялық реакцияның дамуын дәлелдейді?

A. ++++++++ Ig E

B. Ig G

C. Ig M

D. Ig А

E. Ig Д

 

24. Науқас Т. 35 жаста, дәрігерге тәбетінің төмендеуіне, жиі іш өтуге, дене температурасының 37,6° жоғарлауына шағымданып келді. Соңғы уақытта қатты арықтаған.Зерттеу кезінде ЖИТС анықталған.

ЖИТС вирусы иммундық жүйенің қандай жасушаларын зақымдайды?

A. В-лимфоциттерді

B. Т- лимфоциттерді (жады)

C. Т- лимфоциттерді (эффекторлар)

D. ++++++++++Т- лимфоциттерді (хелперлер), макрофагтарды

E. плазматикалық жасушаларды

 

25. Аллерголог дәрігерге Б. атты 18 жасар қыз жас ағуға және қатты тұмауға шағымданы келді. Бұл симптомдар науқасты 5 жыл бойы мазалап келе жатыр, олар жаздың басында пайда болады.Тексерген кезде науқас аллергиялық серпілістердің бір түрі - поллинозбен зардап шегетіні белгілі болды.

Қандай аллерген поллиноздың көріністерін тудыра алады?

A. жылқының қайызғағы

B. +++++++ащы жусанның шан-тозаңы

C. зеңді санырауқұлақтар

D. синтетикалық жуу құралдары

E. үй шаны

 

26. Науқаста Н., 35 жаста, вирустық тұмау оң жақтық пневмонияның дамуымен асқынды.

Жедел қабыну кезінде организмнің инфекциядан бейспецификалық қорғанысын қамтамасыз ететін жедел фаза белоктарын атаңыз?

A. альбумин

B. +++++++фибриноген

C. синальбумин

D. бета-глобулин

E. фибринолизин

 

27. 59 жасар науқас айқын жүрек жеткіліксіздігі мен циркуляторлық гипоксиямен наркологиялық орталықта емделіп жатыр.

Гипоксия кезіндегі жасушалардың бұзылыстары мен зат алмасу бұзылыстарының негізгі механизмін атаңыз ?

A. ++++++тотықтырғыш фосфорландырудың төмендеуі және АТФ тапшылығы

B. АДФ пен фосфаттардың тапшылығы

C. бос радикалдардың түзулуінің төмендеуі

D. гликолиздің тежелуі

E. АТФ артық болуы

 

28. Таяқшаға бекітілген бақаға лимфалық қапқа 20% нитрит натрий ерітіндісінің 1,5 мл. еңгізілді. 8 минуттан кейін бақа өліп қалды, оны сойды. Бұл кезде оның қаны қоныр түсті екені көрінді.

Жануарда гипоксияның қай түрі дамыған?

A. экзогендік

B. тыныстық

C. циркуляторлық

D. +++++++қандық

E. тіндік

 

29. 48 жасар ер адам көкөніс сактайтын үй асты бөлмесін жөндеп жатқанда қатты әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүрек соғу сияқты симптомдарды сезінді. Жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілді. Тексеру барысында артериалық қанда өттегінің мөлшері 17 көл.пайыз, артерио-веноздық айырмашылығы өттегі бойынша 3 көл.пайыз құрайтыны белгілі болды.

Зардап шегушіде гипоксияның қай түрі дамыған?

A. +++++++++экзогендік

B. тыныстық

C. циркуляторлық

D. қандық

E. тіндік

 

30. «Созылмалы обструктивты бронхит» атты диагнозы бар 62 жасар З.атты науқаста тыныштық жағдайда ентігу, жүрек соғу, жөтел, ерін мен көрінетін шырышты қабаттарының көгеруі сияқты симптомдар байқалады.Артериалық қанда өттегінің мөлшері 17,1 көл.пайыз құрайды.

Науқаста гипоксияның қай түрі дамыған?

A. қандық

B. тіндік

C. экзогендік

D. ++гипоксиялық

E. гистотоксикалық

 

31. Қоянның миына стереотаксикалық операция жүргізген кейін оның дене температурасы 390 дейін жоғарлады.

Операция кезінде мидың қай бөлігі зақымдалған?

A. мидың жартышарының қабығы

B. мишық

C. ++++гипоталамус

D. эпифиз

E. мүйізгекті дене

 

32. Итке тәжірибе жүргізіліп, гипотермия алынған. Жануардың дене температурасы +230С дейін төмендеп, клиникалық өлімге ұшыраған. Реанимациялық шаралар өткізгеннен 20 минут өткен соң, өзіндік тыныс пен жүрек қызметін қалпына келтірген. Бөлме температурасында клиникалық өлімнің ұзақтығы 5 минут құрайтыны белгілі.

Гипотермя кезінде клиникалық өлімнің ұзақтығы немен түсіндіріледі?

A. қан ағысының баялауымен

B. нерв жасушаларының өттегі тапшылығына сезімталдығының ++++төмендеуімен

C. тіндерде тотығу үрдістерінің күшеюімен

D. жылу өндірудің күшеюімен

E. жылу сыртқа шығарудың тежелуімен

 

33. Баспамен ауыратын науқаста жұтқан кезде қатты ауырсыну сезімі пайда болды, қызба дамыды (дене температурасы 39,10 дейін жоғарлады).

Қызбаны патологияның қай түріне жатқызамыз?

A. ауру

B. патологиялық үрдіс

C. симптом

D. ++++++типтік патологиялық реакция

E. синдром

34. Инфекциялық бөлімде 47 жасар науқас У. емделіп жатыр. Сапасыз тамақ қабылдаған соң онда диспепсиялық бұзылыстар пайда болды, дене температурасы 38,10 дейін жоғарлады. Дене температурасының тәуліктік ауытқулары 10 С аспайды.

Мұндай температуралық қисық қалай аталады?

A. тұрақты

B. босанситын

C. ұстамалы

D. қалжырататын

E. +++++++++атипиялық

 

35. Ашық ыстық күні 380 температурада адам ашық далада бас киімсіз жүрген. 5 сағат өткен соң өзін нашар сезініп, есін жоғалтқан.

Зардап шегушіде жылу балансының қандай бұзылысы дамыған?

A. +++++++++ыстық соғу

B. қызба

C. күн өту

D. талықсу

E. гипотермия

 

36. Әйел адам Т., 46 жаста, дәрігерлік тексеруден өткізген кезде жатыр денесінің өспесі анықталған. Биопсиялық материалдың гистологиялық тексеруінде өспенің қатерлі екені көрсетілді (карцинома). Жатырдың экстирпациясы (алып тастау) жасалған. Өспе толық алынған, метастаздық түйіндер жоқ.

Қайтымсыз өспелік түйіннің қалыптасуымен жүретін өспелік жасушалардың көбейетін канцерогенездің ерте сатысы қалай аталады?

A. коканцерогенез

B. малигнизация

C. өспелік селекция

D. +++++++промоция

E. өспелік прогрессия

 

37. Жапондық ғалымдар Ямагива мен Исикава 1916 жылы алғашқы рет қоянның құлақ терісінің рагын алды, оған бір жыл бойы күнде құлағына таскөмір смоласын жағып отырған.

Канцерогендер қандай жолмен сау жасушалардың өспелік жасушаларына айналуын қатамасыз етіп, өспелік үрдістің дамуына ықпал етеді?

A. ++++генді ауыстыратын протоонкогеннің мутациясын туғызады

B. протоонкогеннің пайда болуына әкеледі

C. РНҚ синтезін бұзады

D. жасушаның көбеюі қабілетін тежейді

E. коканцерогендердің белсенділігін бәсендетеді

 

38. Аурухананың қабылдау бөліміне науқас ауыр жағдайда келіп түсті. Науқаста тоқтаусыз құсу мен тетаникалық тартылулар байқалады.

Науқаста қышқыл – негіз гомеостазының қандай бұзылысы дамыған?

A. газдық ацидоз

B. газдық емес ацидоз

C. бөлінгіш ацидоз

D. +++++++газдық емес алкалоз

E. газдық алкалоз

 

39. Науқаста қадағалайтын тынысты қолдана отырып операция жасалды. Кенеттен науқаста артериялық қысым көтеріліп, жүректік аритмия дамыды. Қышқылдық – негіздік гомеостаз жағдайын зерттеген кезде pН -7.25; pCO2 – 75 мм.с.б.б. екені анықталды.

Науқаста қышқыл – негіз гомеостазының қандай бұзылысы дамыған?

A. ++++газдық ацидоз

B. газдық емес ацидоз

C. бөлінулік ацидоз

D. газдық алкалоз

Е. газдық емес алкалоз

 

40. Науқаста оң жақ санының жарақатынан кейін қабынулық ошақ пайда болды.

Біріншілік альтерация ошағында қандай бұзылыс қабынудың бастапқы нүктесі болып саналады?

A. некрозданған жасушалардың лизосомаларының зақымдалуы

B. ++++++қабыну медиатоларының түзілуі

C. тамыр өткізгіштігінің артуы

D. тіндік ацидоздың дамуы

E. микроциркуляцияның бұзылуы

 

41. Науқаста сол жақ жамбас аймағына инъекция дұрыс жасалмағаннан кейін қабынулық инфильтрат қалыптасты. Қабыну ошағында терісі қызарған, температурасы жоғарлаған.

Қабынған тінде температураның жоғарлау себебі қандай?

A. тіндік ацидоздың дамуы

B. кинин жүйесінің тежелуі

C. ++++++артериялық гиперемия фазасында артериялық қанның келуінің көбеюі

D. қабынған тінде мес жасушалар санының азаюы

E. қабыну ошағынан қан кетудің қиындауы

 

42. Ауыр жүрек жеткіліксіздігі және циркуляторлық гипоксия дамыған науқаста газдық емес ацидоздың көріністері дамыған, қан рН - 7,31.

Газдық емес ацидоздың біріншілік механизмі болып не табылады?

A. ++++++++органикалық қышқылдардың артуы

B. бикарбонат натрийдің жеткіліксіздігі

C. буферлік негіздердің көбеюі

D. көмір қышқылының артуы

E. бүйрек арқылы сутегі иондарының шығарылуының бұзылыстары

 

43. Жарақаттық шок белгілері бар зардап шегушіде сөйлеу мен қозғалыстық қозу, тахикардия, жоғарлаған артериалық қысым байқалады.

Жарақаттық шоктың бұл сатысы қалай аталады?

A. терминальдық

B. торпидты

C. ++++++ эректильды

D. тежеуші

Е. нейрогендік

 

44. Канадалық ғалым Г.Селье жануарларда мыңдаған эксперимент жүргізген соң, адамдардың ауру тарихтарын зерттеген соң стресс туралы түсінік қалыптастырды, оның айтуы бойынша стресс – бұл организмнің қандайда бір қоздырғышқа (стрессорға) бейспецификалық жауабы.

Стресстің негізінде не жатыр?

A. ++++симпато- адреналдық жүйенің белсенуі

B. ОЖЖ тежелуі

C. глюкокортикоидтардың өндірілуінің төмендеуі

D. вазопрессиннің гиперпродукциясы

E. бүйрек үсті жеткіліксіздігінің дамуы

 

45. Науқас Б., 27 жаста, бала емізетін ана. Босанғаннан 3 аптадан соң мастит белгілері туындады: сол жақ төс аймағының ауырсынуы, емізген кезде ауырсыну.

Қабыну кезінде ауырсынудың даму себебіі қандай?

A. гипоксемия

B. алкалоз

C. +++++++брадикинин медиаторы

D. кетонды дененің шектен тыс болуы

E. лизосомалық ферменттер

 

46. Ыстық сумен күйген жерде 5 жасар балада кабынулық реакция пайда болды.

Қандай субжасушалық құрылымдарды қабынудың «старттық алаңдары» деп атаймыз?

A. митохондриялар

B. +++++лизосомалар

C. жасушалық мембраналар

D. рибосомалар

E. эндоплазматикалық ретикулум

47. Науқаста қажетті бауыр биопсиясын диагностикалағаннан кейін гистологиялық тексерісте май дистрофиясы анықталды. Анамнезінен: науқас 7 жыл бойы алкогольді шектен тыс қабылдайды.

Анықталған бауыр патологиясының қандай салдары бар?

A. сарысулық гепатит

B. ++++++бауыр циррозы

C. атеросклероз

D. вирусты гепатит

E. гепатомегалия

 

48. Жүрек жеткіліксіздігі бар науқаста айқан түрде аяқтарында ісінулер пайда болды. Анық жүрек жеткіліксіздігі бар науқастарда су-электролит алмасуының бұзылыстары басты рөл атқаратыны, ал екіншілік рөлде гиперальдостеронизм.

Организмде натриді үстап қалатын, альдостерон өндірлуін қамтамасыз ететін фактор қандай?

A. айналымдағы қан көлемінің жоғарлауы

B. ++++++ангиотензин мен ренин түзілуін қоздырушы, орталықтық веноздық қысымның төмендеуі

C. бүйректе қанайналымның жоғарлауы

D. қандаңы натри құрамының жоғарлауы

E. физикалық жүктеме

 

49. Адаимда истериялық талма кезінде, ауыр түрде ентігу, газдық алколоз дамыды.

Тыныстық алколоз дамуында біріншілік механизм болып табылады?

A. +++++қандағы рСО2 төмендеуі

B. қандағы рСО2 жоғарлауы

C. қандағы бикарбонат концентрациясының жоғарлауы

D. қандағы бикарбонат концентрациясының төмендеуі

Е. қандағы рО2 төмендеуі

 

50. Өспенің бірінші түрі мамандыққа байланысты мұрша тазалаушының ұма терісіндегі рагы анықталған. Бұл рагты 18 ғасырда алғаш рет Персивал Потт ашты. Қазіргі таңда рагтың бұл түрі кездеспейді.

Мамандыққа байланысты аурудың күрт төмендеуі болды, өспені алдын-алу қалай аталады,.

A. клиникалық

B. биохимиялық

C. +++++гигиеналық

D. иммунологиялық

E. химиотерапевтиялық

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 418 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
First class electrician | "Весна - пора любви" - эту фразу подтвердит каждый человек, в котором хоть немного бушуют гормоны. Поэты всегда воспевали весну, как нечто волшебное, дарующее счастье и встречу с кем-то 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2019 год. (0.062 сек.)