Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мен бүгін диплом алды тәжірибемді Алматы обылысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық ауруханаға өтеуге келдім. Жолдама бойынша аға медбике



Күні

Істелінген жұмыс

Баға

 

Мен бүгін диплом алды тәжірибемді Алматы обылысы Алакөл ауданы Қабанбай ауылдық ауруханаға өтеуге келдім. Жолдама бойынша аға медбике бөлмесіне бардық, бізді ол кісі жұмыс орнымен, қойылатын талаптармен, мекеме құрылысы және ережелерімен таныстырып негізгі ауруханадағы тәртіп туралы қысқаша айтып өтті.

Аурухана 4 қабаттан тұрады.

I. қабат диагностикалық орталық. Қабылдау бөлімі.

II. қабат хирургия бөлімі.Реанимация

III. қабат Терапия бөлімі

жолдама бойынша хирургия бөліміне келдім, жұмысымды қабылдау бөлімінен бастадым.

Тәжірибемнің алғашқы күні болғандықтан қолымды хирургиялық өңдеу ережесін медбикеге көрсетіп жұмысқа кірістім

Қолды өңдеу шараларының іс-әрекетім:

Мақсатым:

Мед персоналдың және пациенттің жұқпалық қауіпсіздігімен қамтамасыз ету.

Транзиторлы микрофлорада механикалық түрде жою.

Тазалықты және гигиенаны камтамасыз ету.

Көрсеткші:

Пациентті күтер алдында және күтім аяқталған соң;

Тамақ ішер алдында, науқсты тамақтандырғандағ тағамдармен жұмыс жасағанда;

Әжетханаға барған соң;

Қан ластанған жағдайда

Талабы:

Мед персоналдың зақымдалмаған сау қолдың терісі, тырнақтары қол саусағымен 1 мм ғана асу керек, лаксыз, әшекейсіз.

Құжаттар:

Мөлшерлі сұйық сабын немесе көбірек қолданатын кішкентай мөлшердегі сабын подведкасы бар сабын салфетка болу керек.

Жеке басты кепкн орамал, 6 сағ. Сайын ауыстырылып, отыратын немесе 1-ақ рет қолданылатын қағаз салфеткалар

Кран және жылы су.

Қолды жуу іс-әрекетінің алгоритмі:

1.Терінің толықтылығын тексеру, сағатты, әшекейлерді шешу (бұлар толық микробты жою үшін кедергі тудырады).

2.Кранды ашып, судың мөлшерін қалыптастыру.

3.Жылы су астында қолды 2 рет сабындап 30 секунд бойы қолды уқалау.

4.Ағынды сумен сабынды шайып жәберіп, қолды ұстап тұр қолдың саусақтарын шынтақтан төмен тұру қажет. Бұл жағдайда су таза заладан ластанған залаға ағады.

5.Қағаз орамалмен қолды кептіріп кранды жабу.



6.Қағаз орамалды дез.ерітіндісі бар ыдысқа жою үшін салу.

 

Тәжірибемнің алғашқы күнін таңғыш салу бөлмесінде өткіздім.

Таңу бөлмесінде таңу материалдарын дайындадық мейірбике екеуміз.Залалсызданған дәке салфеткаларын,домалақтарды,турундаларды әр түрлі пішінде,әр түрлі қабатта етіп дайындадық.Сосын қолды өңдеу әдістерімен таныстым.

1.Қолымды жудым гигиеналық деңгейде рет-ретімен 5-қайтара.

2.С-4 ерітнідісімен қолды жудым.

С-4 ертіндісінің дайындалуы:

171 мл-перикис

33%+71 мл 75% құмырсқа қышқылы+1 литр су;

Ол тоңазытқыштың ішінде 1,5 сағатқа араластырылып тұруы керек;

Тоңазытқыштан алған соң,10литр суға 2,4%

5л-10,10-литр-20 адам қолын жууға болады.

Мейірбике екеуміз сұйық сабынмен қолымызды жуып,ағынды суда шайып,шынтаққа дейін жуып,кептіріп,антисептикалық ерітіндімен өңдеп,стерильді қолғап,халат,маска киіп,залалсыздандырылған столды дайындауға кірістік.

1.Биксті ашып,жайманы ашып,ішінен үлкен жайманы алып,столдың үстіне жайдық,ол 20см түсіп тұру керек.

2.Екінші жайманы алып,екі қабаттап салып,15см түсірдік.

3.Үшінші жайманы екі еселеп,15-см түсіріп қойдық.

4.Төртінші жайманы екі еселеп,төрт жағын қысқышпен қысып қойдық.

5.Бесінші жайманы жайып,бір бетін ашып,2-ші жайманың бұрышын 2-цапкамен қысып қойдық.

5-ші жайманы гармошка қылып ашып,бұрышына цапка қойдық.Стерильді құрал-жабдықтарды,материалдарды қойып,стерильді столды жауып,цапкамен қысып қойдық.

6.Столдың бетіне биркаға 1-күнге жарамды деп жазып қойдым.

 

Дисмургия:

1.Жұмсақ баламдарға желіммен таңып байлау,үшкіл орамалмен байлау,дәкеден жасалған шаршылармен байлау,кеңіп-тарылып тұратын торламамен таңып байлау,бинтпен байлау тәрізді түрлері жатады.

2.Қатқыл байламдарға сым темірден жасалған тор жақтаулармен құрсау,гипспен орау,пластмассадан арнайы жасалған қалыптармен бекіту тәрізді түрлері жатады.

 

 

Таңу бөлмесіне дәрігердің нұсқауы бойынша,таңғыш салуға жүре алатын науқастарды шақырдық.

1.Қолымды гигиеналық деңгейде жудым.

2.Қолыма стерильді қолғап кидім.

3.Кушеткаға науқасты ыңғайлы етіп жатқыздым.

4.Науқастың жарасындағы ескі таңғышты алдық.

5.Жараны фурацилин ерітіндісімен жудық.

6.Жараны өңдеп,стерильді дәке салфеткасын салып,жараны бекіттік.Осылай дәрігерге көмек көрсеттім.Және осы күні бөлімшеде түскен соқыр ішегіне ота жасалған науқасқа,басында жарақаты бар,саусағында,қолында үлкен көлемді кесілген жарақаттары бар науқастарға жарақаттарына таңу жасауға қатыстым.

Және 6-шы палатадағы терісі жеңіл жарақаттанған науқастың жарасын тазалауға қатыстым.

-Дәрігердің айтуымен антисептиктерді,спиртті,мақта тампондарын,пинцет,салфеткаларды,бинт,лотокты дайындадым.

-Зақым алған науқасты кушеткаға жатқыздым.

-Ескі таңғышын пинцетпен шешіп алып,жараны қарадым.

-Жараның айналасын спиртке батырылған мақта тампонымен тазалап сүрттім.

-Терісін йоданатпен қайталап сүрттім.

-Залалсызданған таңғыш материалды қолданып,асептикалық таңғыш салдым.

-Таңғышты лейкопластырьмен бекіттім.

Және қолы сыңған,иығы сыңған қауқастарға көмек көрсеттім. Қолтыққа мақтадан жасаған жастықша қойып, ал қолдан шынтақтан тік бұрыш жасай отыра бүгіп, Дезо таңғышын кеудеге бекіттік немесе орамалмен асып қоюға болады.

Иық басы өсігінің, мойыны мен буын ойығы сынып жылжып кетуін жақтау салып, фронтальды жазықтыққа қарағанда 10 градус артқа қарай тартып бекітеді. Жақтауды бір айға салады. Алғашқы күннен бастап емдік физкультура жүргізіледі. Иық буынын 15-20 күннен кейін қозғалта бастайды. Жауырын сынығының басқа түрлері кезінде Дезо таңғышын немесе орамалды 5-7 күн бойы пайданалады, сонан соң емдік гимнастика жасайды

Дез таңғышы:

Ені 10 см бинтті дайындадым.

-Ені 10см бинттің сол қолға,ал ұшын оң қолға ұстадым.

-Науқастың жарақаттанған оң қолын шынтақ буынынан тіке бұрышпен бүктім.

-иық сүйегін денесіне бекітіп,денесін айналдыра байладым/1-айналым/.

-Бинтті сау жақ қолтығының астынан батап,ауру қолының иық сүйегінің үстімен,иықтың артқы жақ қырынан тікелей шынтаққа түсіріп,бинтпен орадым/2-айналым/.

-Бинтті білектің үстімен қисайта орап,сау жақ қолтықтың астына апардым.

-Оны жота арқылы ауру иықтың үстімен,иықтың алдыңғы жақ қырына түсіріп,шынтақты жан-жағынан орап,жота арқылы қисайта отырып,сау жақ қолтықтың астына апардым/3-айналым/.

-Таңғыш жақсы бекітіліп байлануы үшін,1-2-3 айналымды қайталау керек.

-Бинттің жалпақ тілімен саусақты таңғыштың бір қырына бекітіп байладым.

Соңынан таңу бөлмесіндегі қолданылған заттарды В-тобының контейнеріне салып,0,06-%-қ санифорт ерітіндісімен кушетка,жұмыс үстелін,барлық жерді 2-қайтара сүртіп,қолданылған лотокты 0,06%-қ санифортқа салдым.90-мин соң алып,таза суға шайып,құрғатып қойдық.

Осылай бүгінгі тәжірибемде бірнеше науқасқа көмек көрсетіп,таңғыштарды салуды,жараны тазалауды көріп,жасап үйрендім.

 

Байламдар түрлері:

1. Плаща тәрізді

2. Т- тәрізді

3. Айналмалы-циркулярлы

4. Спираль тәрізді

5. 8- тәрізді

6. Бидай тәрізді

7. Тасбақа тәрізді- ажырататын, қоспалы тізе, шынтақ,өкше

8. Қайталанбалы- қол-аяқ бастарына, култяға, гиппрокат

Таңу этаптары

I. Ескі таңғыштарды алып тастау

II. Жараның аймағына көз салу, баға беру

III. Жара айналасын немесе қабыну ошағын өңдеу

Бакишеа Салават атты науқасқа таңғыш салдық

1. Ескі байламдарды ақырындап түсірдік.науқасты ыңғайлы отырғызып, байламды өткір қайшымен кесіп, таңғышты сутегі асқын тотығымен жудық.

2. Жараны қарап, айналасын антисептикалық ерітіндімен зарарсыздандырдым. Тазартып болған соң теріні 70% пайыз спиртпен сүрттік. Жараның өзін жылы антисептикалық ерітінділермен тазарттық.

3. Жараның үстіне антисептикалық дәрі жақтық

4. Таңғышты лейкопластырьмен бекіттім

 

 

Мед.бикемен бірге «Дезо» байламын салғанда іс-әрекет алгоритмім

 

Көрсеткіші: иық буын сынығында, шығып кетенде, бұғана сынғанда.

Құжаттар:

Бинт, ені 20 см

Іс-әрекетінің алгоритмі:

Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу крек.

Тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндурі.

Қолтық астына валик салу (пелот – шиыршықталған мақта, бинт).

Шынтақ буында білекті 900 –қа бүгу.

Білекті кеудеге қысу.

Кеудеге 2 бекітетін тур өткізу, ауырған қолды иық аймақта, арқада қолтық астында сау жақтан.

Сау жағынан қолтық астынан кеудеден қиғаш түрінде ауырған иыққа қарай бинтті жүргізу.

Ауырған иықтың артқы жағымен шынтақ астынан бинтті түсіру.

Шынтақ буынды бекітіп, білекке қарай, білезік буынды бекітіп, сау қолтық астына бинтті апару.

Қолтық астынан арқамен ауырған иыққа бинтті жүргізу. Сау жақ қолтық астына арқамен бинтті сырғыту.

Иық болық бектілгенше бинттің туралы қайталанып отырады.

Кеудеде 2 бекітетін тірмен байламды бітіреді.

Байламның шетін түйреішпен бекіту.

 

 

 

 

 

Күні

Істелінген жұмыс

Баға

 

Бүгінгі тәжірибелік практикамнын екінші күнінде.

Таңу бөлмесінде гипс жарамдылығын анықтауды,лангетаны салу тәсілін үйрендім.

Гипс - t-1400C-та қыздырылған гидросульфат кальций

Жарамдылығын анықтау үшін білу керек:

1. Қолға алғанда жұдырық жасап жібергенде ол ұнтақ болып, құрғақ болу керек.

2. Ішінде қоспалар, түйгіндер, бртіктер болмау керек

3. Қатынасы 1:1 сумен араластырғанда эктің иісі шығып тұруы керек, иісі жұмыртқа иісі сияқты жағымсыз болмауы керек.

4. Араластырған соң 5-6 минут қату керек оны бөлгенде, үлкен бөлікке бөліну керек, кесек-кесек болып бөліну керек.

5. Қолға алып, домалатып, 1 метрден тастағанда үгітілмеу керек, тығыздығы толық болу керек.

 

Лангетаны салу, оны дайындау үшін не білу керек:

1. Өлшемін, қабатын, ұзындығын енін.

2. Саусақ ұшынан бинтті шынтақ арқылы өлшеп, аламыз, аздап артық болу керек.

3. 6-8 қабат бинт болу керек.

4. 2 шетінен ұстап, жинап, суға саламыз, жылы суда соңғы көпіршік шыққанша жатады

5. Судан шығарып, екі ұстап тұрып, ақырындап сығамыз, столға салып тегістеп жазамыз 2 жағынан да

6. Қолға салып, сыртынан бинтпен орап, қоямыз, орам не бос, не қатты қыспау керек.

7. Науқасқа ескертеміз, үйге барғанда гипс қысса, бинтті шешіп, гипстің шеттерін аздап кеңіту керек немесе дәрігерге көріну керек.

8. Аяқ, қол көтеріңкі болу керек

9. Мұздық басамыз

10. Лангета кеңіген кезде бинтпен байлайды.

Өткір жарақат болса, циркулярный бинтті тігінен ұзынынан гипс ішіне салып қоямыз, шешкенде осы бинт бойымен кеседі.

 

Тәжірибемді таңғыш салу бөлмесінде жалғастырдым.

Гипстік байламдарды шешудегі іс-әрекет алгоритмім

Көрсеткіші: иммобилизация уақытының өтуі

Құрал -жабдықтар:

· Штилле гипс қайшылары

· Вольф қысқыштары;

· Кнор кеңейткіштері

· гипс байламдарын қиюға арналған қайшылар

· тігінші қайшылары

· гипс пышақтары

· гипс аралары

Іс- әрекет алгоритмі:

Ø науқасты отырғызып, тыныштандырыңыз;

Ø орындалатын манипуляцияларды түсіндіріңіз;

Ø қолды немесе аяқты арнайы үстелге қойыңыз;

Ø гипсті, гипс қайшылары, аралары қолданылады.

Ескертулер: гипсты қиған кезде абайлап, қолды немесе аяқты қиып алмаңыз.

балтыр немесе шынтақ маңындағы гипсты гипертониялық ерітіндісімен жібітіңіз.Қайшының қырларын, максимальды үлкен аумақта ашыңыз. Қолдың немесе аяқтың перифериялық бөлігін ұстап тұрып, байламды шешіп алыңыз.Байламды шешкен соң қол терісін сумен, сабындап жұмсақ ветошпен жуу керек.Қолды вазелин майымен өңдеңіз. –

 

Жедел жәрдеммен Муратханов Нуртилеу атты пациент бастың шүйде бөлінің жарақаттануымен түсті, оған «Чепец» тәрізді байламды салып, көмек көрсеттік.

Көрсеткіші: Бастың маңдай, шүйде бөлігі жарақаттанған кезде.

Құрал –жабдықтарды дайындадым:

Бинт, ені 10 см.

Іс-әрекетінің алгоритмім:

Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғыздым, тыныштандырдым, өткізілетін манипуляцияны түсіндірдім.

Бинттен ұзындығы 80 см байлам кесіп алдым.

Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастып, бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстаттым.

Бинттің бас жағын сол жақ қолға алдым, бинттің басын – оң жақ қолға.

Маңдай, шүйде сүйектен бекітілетін турде өткіздім.

Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару, сол жақ байламға дейін.

Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу.

Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жаптым.

Байламды екі бекітетін турлармен бітірдім, байламның бір жақ шетінде бинтті байладым.

Пациент ұстап отырған бинттің иек астынан байладым.

 

 

 

 

Күні

Істелінген жұмыс

Баға

 

Бүгінгі тәжірибемде, 4 палатада жатқан пациент Исахов Бағдаулетті I- қабатта орналасқан УДЗ- кабинетіне дөңгелегі бар зембілмен тасымалдадым. Маған кезекшіліктегі мед.бикелер, кіші мед.бикелер көмектесті.

1. Пациентке маманипуляция мақсатын түсіндірдім

2. Дөңгелегі бар зембілді дайындадым, бұзылмағандығына көз жеткізіп тексердім, зарарсыздандырдым.

3. Зембілге көрпе, жайма, жастық, клеенка салдым

4. Зембілді кушедкаға көлденең қойдым,каталканың бас жағын кушедканың аяқ жағына ыңғайлап қойдық

5. Пациентті көтеліңкіреп ұстау керек

a) Біреуі- науқастың басы мен жауырыны астына қолдарын салды

b) Екінші адам- сег- сегізкөз тұсынан және кеуде тұсынан ұстайды.

c) Үшінші адам- санның орта тұсынан және балтырынан ұстайды

6. Пациентті көтеріп, бірге 90 0L айналып, дөңгелегі бар зембілге жатқыздық

7. Пациенттің үстін көрпемен жаптық

8. Бір мед.бике зембілдің алдына тұрдық.сырқатқа арқасымен қарап, мен зембілдің артына тұрдым пациентке бетімен қарап көтердік

9. Пациентті ауру тарихымен бірге тасымалдадым.

10. Сырқатты бөлімшеге қайта алып келіп, зембілді төсектің жанына қойдым.

11. Төсектен көрпені алып,пациентті төсекке абайлап, қауіпсіз әдісті қолданып ауыстырып жатқыздық.

12. Дөңгелегі бар зембілді бұйрыққа сай зарарсыздандырдым

 

 

 

Науқасқа сангигиеналық тазалықты өткізу.

Стационарлық тазалық деген: шашын, тырнағын алу, гигиеналық ванна, душ қабылдау, сырқатты жартылай сүрту. Науқастың жағдайына қарай, санитарлық тазалық толық немесе жартылай болып бөлінеді. Санитарлық тазалықтын түрін дәрігер анықтайды. Толық тазалыққа ванна душ жатады. Жартылай тазалыққа сүртінү, киіну жатады. Санитарлық тазалық алдында қабылдау бөлімінің аяжаны науқастын шашын және басқада түкті жерлерін педикулезге тексеру керек

 

 

Бүгінгі тәжірибемді пост мейірбикенің көмегімен пациенттерге тазалау клизмасын жүргіздім.

Мақсатым: тоқ ішектің төменгі бөліктерін нәжістен және желден босату.

Көрсеткіші: Нәжістің тұрып қалуы, улану, іш қуысындағы мүшелерді рентгенологиялық және эндоскопиялық зерттеуге, ота алдында, босанар алдында, дәрілік клизма жүргізер алдында.

Кері көрсеткіштері: Тік ішек аймағындағы қабыну аурулары, қансыраған геморрой, тік ішектің түсуі, тік ішектегі ісігі, асқазан мен ішектен қан кету, перитонит.

Керекті құрал-жабдықтарды дайындадым: Эсмарх кружкасы, ұзындығы 1,5м резенке түтікше, залалсызданған ректальды ұштық, штатиф, шпатель, клеенка, қолғап, алжапқыш, шымылдық, халат, су 1,0-1,5л Т 18-200С.

Іс-әрекет алгоритмім:

1. Пациентке жүргізетін процедура мақсатын түсіндірдім. Процедураны арнайы бөлмеде жүргіздім.

2. Халат және алжапқышты кидім.

3. Қолымды жуып, құрғатып, қолғапты кидім.

4. Арнайы жүйені құрастырдым.

5. Эсмарх кружкасына 1-1,5 л Т18-200С су құйдым.

6. Эсмарх кружкасын штативке 75-100см биіктікке ілдім.

7. Бұрандасын ашып, ұштықтан біраз су жіберіп (ауасын шығару үшін), бұрандасын жаптым.

8. Шпательмен ұштіққа вазелин жақтым.

9. Клленка төселген кушеткаға пациентті сол бүйірімен жатқызып, тізесін бүгіп, ішіне тартып жатуын сұрадым.

10.Сол қолымның төрт саусағымен бөксесін ашып, оң қолммен ұштықты аналь тесігіне абайлап енгіздім, алдымен 3-4 см кіндікке қарай, 8-10 см омыртқа жотасына паралель бағытпен енгіздім.

11.Бұрандасын ашып судың жүруін реттедім.

Пациеттерге майлы клизма жүргізім.

Мақсатым: ішекті нәжістен босату

Көрсеткіші: іш қатпасы, тазалау клизмасының нәтижесі болмаған жағдайда

Кері көрсеткіші: тік ішек аймағындағы қабыну аурулары, қансыраған геморрой, тік ішек ісігі, асқазан мен ішетен қан кету, перитонит.

Керек құралдарды дайындадым:

· Жану шприці

· Жел шығаратын түтікше

· 100-2000 мл вазелин майы Т 36-38С

· Клеенка

· Қолғап

· Шымылдық

Іс-әрекетет алгоритмім:

1. Пациентке процедураның мақсатымен, жүргізуін ескертіп хабарладым.

2. Қолымды жуып, құрғаттым.

3. Шымылдықты құрдым.

4. Пациентті клеенка төселген кушеткаға сол бүйірімен жатуын сұрадым.

5. Алмұрт тәрізді баллонға 100-2000 мл жылы майды алдым.

6. Жел шығаратын түтікшенің ұшын вазелинмен майладым.

7. Сол қолыммен бөксесін ашып, оң қолыммен жел шығаратын түтікшені айналдыра отырып 15-20 см енгіздім.

8. Түтікшеге алмұрт тәрізді баллонды жалғап, майды ақырындап жібердім.

9. Баллонды босатпай түтікшеден алып, түтікшені абайлап шығардым.

10. Қолданған заттарды өңдедім.

11. Қолғапты шешіп, қолымды жудым

.

 

 

 

 

Күні

Істелінген жұмыс

Баға

 

Бүгін егу бөлмесінде жұмыс жасадым. Егу бөлмесінде дәрігердің тағайындауы бойынша антибиотиктерді езіп, енгіздім.

Дайындадым: резенке қолғап, антибиотик флаконы, ерітінді, инесімен шприц, 70% этил спирті, мақта домалағы, пинцет, стерильді үстел, лоток.

1. Пациентке шараның мақсатын, өткізу ретін түсіндірдім.

2. Керекті құралдарды дайындадым.

3. Қолды гигиеналық әдіспен өңдеп, құрғатып, стерильді қолғап кидім.

4. Антибиотик, ерітінді, флакондағы жазуларына, дозасына, жарамдылық мерзіміне назар аудардым.

5. Ерітіндінің антибиотикті езуге керекті мөлшерін анықтадым.

6. Пациентке енгізуге арналған дайын ерітіндінің мөлшерлерін анықтадым.

7. Шприцтің қорабын ашып, оны жинадым, инесін кигіздім де, стерильді үстелге қойдым.

8. Спиртке малынған стерильді мақта домалағымен антибиотик флаконының аллюминий қақпаған өңдеп, оны ашып және қайтадан өңдедім.

9. Ерітінді ампуласының мойнын спиртке малынған стерильді мақта домалағымен өңдеп, ампула мойнын сындырып, керекті мөлшерін шприцке сорып алдым. Антибиотик бар флаконын резенке қақпағын инемен тесіп, ерітіндіні енгіздім, флаконды шайқадым.

10. Флакондағы ерітіндінің қажетті мөлшерлерін сорып алдым.

11. Шприцтің ине жағын жоғары көтеріп, 1-2 тамшы ерітіндіні ине қалпағына шығарып, шприцті стерильді үстелге қойдым.

12. Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігін 70% спиртпен өңдедім және шприцті <90 жағдайында ұстап, бұлшық етке антибиотикті енгіздім.

13. Инені алдым, инъекция орнын қолда қалдырылған мақта домалағымен өңдедім, домалақты және шприцті жоюға арналған арнайы қорапқа салдым.

14. Қолғапты шешіп – арнайы қорапқа салдым.

15. Қолымды жуып, кептірдім.

 

Бүгін мен Батырбекова Айнур деген пациентке Цефазолин-АКОС ұнтағы тағайындалыпты. Лидокаин ерітіндісімен ерітіп бұлшық етке енгіздім.

Тағы 8 пациентке бұлшық етке, 3 адамға көк тамырға ерітінді жібердім.

 

 

Бұлшық етке иньекция жасадым.

Мақсатым: бұлшық етке дәрілік ерітіндіні егу

Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы

Кері көрсеткіші: дәрілік препаратқа жоғары сезімталдық.

Керек құралдарды дайындадым:

· Шприцті 5,10,20мл

· Ұзындығы 5-8 см инені

· Стерильденген мақта домалақтыры 3 тал

· Спиртті 70%

· Дәрілік затты

Іс-әрекет алгоритмім:

1. Қолымды гигиеналық түрде өңдеп, құрғатып, резіңке қолғап кидім.

2. Иньекция салатын орынды 70% спиртпен 2 мақта домалағымен сүрттім.

3. Дайындалған шприцті оң қолымы алып, сұқ саусақпен поршеньді, кіші саусақпен иненің муфтасын, қалған саусақпен цилиндрді ұстадым.

4. Сол қолыммен иньекция салатын орнының терісін тарттып.

5. Инесімен шприцті тоқсан градус бағытта, инені 5-7 см енгіздім.

6. Оң қолымды шприцттің поршеніне ауыстырып, дәрілік затты ақырын түрде енгіздім.

7. Иньекция орнына 3-ші мақта домалағын қойып, инені суырдым.

8. Мақта домалағын алмай иньекция орнына массаж жасадым.

Бұлшық етке иньекция салынатын орындар:

· Жамбастың жоғарғы сыртқы бөлігі

· Тізе бұлшық еті

Асқынулары:

· Инфильтрат

· Абсцесс

· Жүйке талшықтарының зақымдануы

· Аллергиялық реакциялар

· Дәрілік заттардың қате енгізілуі

· Майлы эмболия.

 

Жедел көмек көрсету (қан кетулерде).

Жарақат алған адамдардың денесін, басы көздерін, құлақ мұрындарын, аяқ-қолдарын байлап тану түрлері мен тәсілдері зерттейтін ілімді десмургия деп атайды.

Мақсаты: уақытша байламдар арқылы қанды тоқтату.

Қан тоқтату әдістері:

1. Аяқ – қол көтерінкі жағдай жасау

2. Қан тамырды саусақпен басу

3. Жгут эсмарх қолдану

4. Буынды максимальді бүгу

5. Байламды өріп салу

6. Қысып танатын танғыш салу

7. Жараның қуысын тығындау

8. Жараның ішіндегі тамырды саусақпен қысу

9. Қысқышпен қысу

 

Операциядан кейін сырқатты бақылау.

Операциядан кейінгі кезең деп-операция біткен бастап аурудың хирургиялық бөлімшеден шығу мерзімі есептеледі.Бұл мерзім бірнеше күннен, көптеген айларға созылуы мүмкін.

Соның ішінде осы кезеңде:

1. Ауруды дұрыс күтіп, дәрігердің қолданған емдерін уақытында беріп отыру мейірбикенің бірінші міндеті.

2. Асқынуды алдын ала болдырмау.

3. Ауруы асқынған науқасқа уақытында дәрігерлік көмек көрсету.

Операциядан кейінгі кезеңді бірнеше түрге бөледі:

1. Реанимациялық кезең, керек уақытында жедел жәрдем көрсету.

2. Ертелі кезең, 2-3 тәулік шамасында кездесетін асқынулар:

 

Көк тамырға тамшы енгізу және тамшы енгізу

жүйесін жинадым.

Мақсатым: көктамырға дәрілік ерітінді енгізу

Көрсеткіші: дәрігердің тағайындауы

Кері көрсеткіші: дәрілік препаратқа жоғары

сезімталдық

Керек құралдарды дайындадым:

· Бір рет қолданылатын жүйе

· Стерильді стол

· Дәрілік затты

· Стерильді мақталы домалақты, резіңке қолғапты, спиртті 70%

· Қайшыны

· Лейкопластырьды

· Жгутты,жастықшаны,салфетканы

Іс-әрекет алгоритмім:

1. Қолымды гигиеналық түрде өңдедім,спиртпен өңдедім

2. Стерильді столды дайындадым

3. Бір реттік жүйенің бүтіндігін, сақтау мерзімін тексердім

4. Енгізілген ерітіндінің сақталу уақытын тенксердім, сыртқы қақпағының ортасын алып, спиртпен өңдедім

5. Пакетті ашып, тамшылату жүйесін стерильді столға қойдым

6. Резіңке қақпаққа жүйе инесін енгізіп, ауа өткізгішті алдым

7. Флаконды төнкеріп, штативке орналастырдым

8. Инені қақпағымен алып столға қойдым

9. Түтікті төмен салып ауасын жібердім, тексердім

10. Қысқышты жаптым

11. 4-5 см 2 лейкопластырь дайындадым

12. Стерильді латоққа мақта домалағын, стерильді мақта домалақтарын, инені салдым

 

Көк тамырға пациенттерге тамшы енгіздім

Іс-әрекет алгоритмім:

1. Пациентті процедура алдында кіші дәретке отырып алуын сұрадым

2. Пациентті процедура мақсатымен таныстырдым

3. Пациентті ыңғайлап жатқыздым

4. Шынтақ астына клеенка жастықшасын салдым

5. Иықтың ортаңғы бөлігіне жгут салып, бірнеше рет жұдырықпен жұмыс жасауын сұрадым

6. Пальпация арқылы көк тамырын таптым

7. Шынтақтың ішкі бетін спиртті домалақпен өңдедім

8. Ине қабын шешіп, бірнеше тамшы ерітіндіні жібердім

9. Сол қолдың бас бармағымен көк тамырды ұстадым

10.Инені теріге 30 градус бұрышпен енгізіп, көк тамырға түстім

11.Иненің көк тамырда тұрғанын тексердім, тартып ккөргенде ине арқылы түтікшеге қан келді. Сол қолыммен жгутты босаттым

12.Жұдырығын жіберуін сұрадым

13.Инені лейкопластыоьмен жабыстырдым

14.Прцедура аяқталғаннан кейін флаконда 2-3 мл ерітінді қалғанда, қысқышты жауып инені көктамырдан шығардым, ине орнына спиртті домалақ қойдым

15.Қолын шынтақ буынында 1-2 минут бүгіп ұстауын ескерттім

Асқынулары: (жергілікті):

· Флебит

· Ұлпа некрозы

· Гематома

Жүйелік:

· Ауа эмболиясы

· Сепсис

· Анафилактикалық шок

 

 

 

 

Күні

Істелінген жұмыс

Баға

 

Бүгінгі тәжірибелік күнімді таңғыш салу бөлмесінде жалғастырдым.

«Чепец» тәрізді байламды салған кезде іс-әректінің алгоритмім

Көрсеткіші: Бастың маңдай, шүйде бөлігі жарақаттанған кезде.

Құжаттар:

Бинт, ені 10 см.

Іс-әрекетінің алгоритмі;

Пациентті бет жағын өзіне қаратып отырғызу, тыныштандыру, өткізілетін манипуляцияны түсіндіру.

Бинттен ұзындығы 80 см байлам кесіп алу.

Бинттің бөлігін бастың төбе аймағына орналастыру, бинттің шеттерін пациенттің немесе көмекшінің қолына ұстау.

Бинттің бас жағын сол жақ қолға алу, бинттің басын – оң жақ қолға.

Маңдай, шүйде сүйектен бекітілетін тур өткізу.

Байламдардың жанына жеткенде, бинтті айналдыра байламдардан өткізіп, шүйде сүйекке апару, сол жақ байламға дейін.

Бинтті байламнан өткізіп, маңдай сүйектен, бекітетін турдан кішкене жоғары өткізу.

Бастың шашты бөлігін айналдыра отырып толығымен жабу.

Байламды екі бекітетін турлармен бітіру, байламның бір жақ шетінде бинтті байлау.

Пациент ұстап отырған бинттің иек астынан байлау.

 

 

Дитерхс құрсауын салған кезіндегі іс-әрекет алгоритмім

Көрсеткіші: жамбас маңы сынығында, жамбас сан және тізе буынына қолданылады.

Құжаттар: Дитерихс құрсауы, 2 бинт, қайшы.

Іс-әрекетінің алгоритмім:

Пациентті тыныштандырдым

Болып жатқан манипуляцияны түсіндірдім.

Үстіндегі киімін қиып, жарақаттанған аймақты жаланаштандырдым.

Жарақат аймағын тексеріп, сынғаның немесе шығып кеткеніне көз жеткіздім.

Дитерихс құрсауының екі жақ бөліктерін пациенттің сау жағына өлшеп көрдім.

Пациенттің ауру жағына салып, сегіз тәрізді байламмен төменгі жағын бекіттім.

Ауру жағының қолтық асты ойығына құрсаудың сыртқы жағын орналастырып, бабан бөлігінен 8-10 см-ге шығып тұруын қадағалап, бекіттім.

Дитерихс құрсауының сыртқы бөлігінің табан бөлігіне металл құлақшасын орналастырдым.

Құрсаудың ішкі жақ бөлігінің сынған жақтың шап маңайына орналастырып, табан жағына металл құлақшаларын бекіттім.

Шығып тұрған сүйектер астына мақтадан жасалған валик салыдым.

Есте қалдыру:

Балтырдың буынының бұзылысын алдын алу мақсатында, қосымша Крамер құрсауын қолданған дұрыс. Бұны сынған аймақтың артқы бөлігіне орналастырады. Құрсауды қолтық асты мағайынан ауру бөлігіне, сау аяқты иық маңайына белдікпен бекіту керек. Жіппен айналдырғыш таяқшаны бекітіңіз.

Айналдырғыш таяқшаны шап және қолтық асты маңайына тірелгенше айналдыру керек.

 

 

Медициналық поста,

процедуралық кабинетінде.

Бөлімшеге келе сала халат,колпагымды киіп,таңғы сағат 8-00ден постта,кезекшілікті қабылдаудан бастадым.

Сағат 800-де сол хирургия бөлімшесінің мейірбикесі кезекшілікті қабылдауға келді.Мен сол мейірбикенің қасында жүрдім.Ол екеуміз:

 

 

1.Барлық бөлме,палаталардың тазалығын тексеріп алдық;

2.Палаталарда жатқан науқастардың жағдайын сұрастырдық.

3.Дәрі-дәрмектерді,мед.аппараттарды,термометрлерді санап,өткізіп алдық.

4.Тіркеу журналдарын тексеріп,көріп алдық.

5.Таңертеңгісін ауыр халдегі науқастардың,тазалығын тексеріп алдық.

6.Дәрігерлік тексеріске медбикемен бірге қатыстым.

Аға медбике палаталарға жүргізілетін тазалық,жиыстыру журналымен,күнделікті толтырылатын дәрілер сақтайтын және тағамдарға арналған тоңазытқыштың температурасын тіркеу журналымен,дәрі-дәрмек журналдарын толтырумен таныстырды.

-Журналдармен танысып болған соң,палаталарды тексеріп,екі күнде бір жүргізілетін санитарлық тазалық жұмысын бастадым.Палаталарға жиыстыру жүргіздім.Сан-эпидемиологиялық талапқа сай тумбочкалардың тазалығын қадағаладым.Ветощь,дез.ерітінді және таза сумен ыдысты дайындадым.Қолыма қолғап киіп,алдымен тумбочканың ішін қарап шықтым.Тағамдарды целофан пакеттерге салып,гигиеналық заттары бөлек тұру керектігін ескерттім пациенттерге.Тумбочканы дез.ерітіндіге малынған ветощпен 2 қайтара 15 мин аралықта сүрттім.15 мин соң тумбочканы таза суға малынған ветощпен сүрттім.

-Науқастардың жағдайларын бақылап,төсек орнының тазалығын қарадым.6-шы палатады пациенттің кірлеген төсек-жаймаларын алып,орнына таза жаймаларды ауыстырдым.

-3-8 паталардағы пациенттердің ауруханадан шықты,сол пациенттердің төсек-жаймаларын алып,орнынына тазасын әкеп,дайындап қойдық.

-Палаталардағы бос орындарға,жаңадан науқастар келіп түсті.Олардың ауру тарихымен танысып,таза төсек жаймаларын дайындап,бос орындарға орналастырдық.

-Ауыр халдегі науқастардың тазалығын тексердік.Сол кезде 5-палатадағы бір науқастың аяғын жууына көмектестім.35-36 С-жылы суды,орамал,сабын,легенді дайындадым.Пациенттің матрасының аяқ жағын валик секілді етіп,орап,қайырдым.Легенге жылы суды құйып,легенге пациенттің аяғын салып,сабындап жудым,таза жылы сумен шайып,орамалмен сүртіп құрғаттым.

-Халі ауыр науқастардың терісінде ойылулардың бар-жоғын тексердім.

Пациенттердің таңғы ем алуларына қатыстым.Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрілерді тараттым.Және науқастардың дене қызуларын өлшедім.Дене қызуының нәтижесін журналдарға тіркеп отырдым.Қалыпты дене қызуы 36-37С.Осылайша дене қызуы күніне 2рет өлшенеді.Таңертең,кешке.Көбіне дене температурасы ертеңгісін төмен,кешкісін жоғары,тамақтан кейін көтеріледі.Пациенттердің дене қызуын өлшеп болған соң,операциядан шыққан науқастардың жағдайларын бақылап шықтық.Кейбір жағдайы ауыр науқастарды дәрігерге хабарладық.

-Тоңазытқыштың тазалығын қадағаладым санитарлық-эпидемиологиялық тәртіпке сай,ветошь,дез.ертінді бар ыдыс(сабынды,2%-соды ерітіндісі және таза суды) дайындадым.Қолыма қолғап киіп,Тоңазытқыштағы тағамдарды тексердім.Сақтау мерзімін қарадым.Сақтау мерзімі аяқталған,дәмі бұзылған тағамдарды пациенттің көзінше алып тастадым.Уақыты өтпеген таза тағамдардың күнделікті уақытын қағазға жазып,жеке қойдым.Одан соң тоңазытқышты тоқтаттым.Тоңазытқышты дез.ерітіндіге малынған ветощьпен 2 қайтара сүрттім 15 мин аралығында.Содан соң,тоңазытқышты таза суға малынған ветощьпен сүртіп,тоңазытқышқа ретімен керекті тағамдарды қойып шықтым.Пациенттерге келушілерді қабылдап,шақыртқан науқастарды шақырып бердім,туыстарның әкелген тамақтарның диетаға сәйкестігін және оның сапасын тексердім.Жарамдылық мерзімі өтпеген,диеталық талапқа сай тағамдарды қабылдап тоңазытқыштарға орналастырдым.

Тоңазытқышты реттеп болған соң,процедура кабинетіне бардым.Процедура кабинетінде ылғалды жиыстыру жүргіздім.Дез.ерітіндімен үстелді екі қайтара сүртіп шықтым.Одан соң қолымды сұйық сабынмен гигиеналық деңгейде жуып,ағынды суға шайып,құрғатып,антисептикалық ерітіндімен қолымды өңдеп,қолғап кидім.Мейірбикеге көмектестім.Үстел үстіне науқастарға егетін дәрілерді,шприц,система,жгут,спиртке матырылған мақта домалақтарын т/б құралдарды дайындадым.

Дәрінердің пациенттерге тағайындаған дәрілерді еңгізу парағы бойынша науқастардың палатадағы номерін,фамилиясын айтып процедура кабинетіне шақырдық.Мейірбикенің рұқсатымен иньекцияларға қатыстым.Антибиотиктерді еңгіздім.

Цефазалин:

Алтынбекова Г. Күніне 2 рет/таңертең,кешке/

Пеницилин:

Танирбергенов А. Күніне 2 рет.

Жұмаділов Д. Күніне 2 рет/таңертең,кешке/

Глюкоза:

Даутов С. Күніне 1рет.

Ақыбаева Ж.

Бексұлтанов:

Преднизалон 90-100 3-1к/т

Мелбек 1,5 б/етке

Пентокс+физ.ерітінді 5,0-100к/т

Аналгин-2,0-димедрол 1,0 б/етке.

Кейбір ауыр халдегі науқастарға палатасына барып дәрі еңгіздік.

Бақдаулетов,6-палата:

Преднизалон 620мг+физ.ерітінді 10,0-400 к/т

Рибоксин 5,0-физ.ерітінді 100 к/т.

Ибраимова,3-палата:

Глюкоза 5%-400,0-Вит С,-10,0 к/т тамшылатып.

Дәрілерді еңгізіп болған соң,қайта-қайта палаталарына барып системаларын бақылап отырдым.Дәрілері аяқталған соң,системаны алдым.Қолданылып болған құралдарды контейнерге тастадым.

Процедура кабинетінде науқастарға дәрілерді еңгізіп болған соң,постқа бардым.Мейірбикеге медициналық құжаттарды,журналдарды толтыруға көмектестім.Мейірбике маған парционды талап толтыруды көрсетті.Дәрігердің тағайындау қағазын және таза бланк дайындадық.Дәрігердің тағайындау қағазынан диетаны жазып алдым.Парционға палаталардың номерін белгілеп,диетасы тағайындалған пациенттердің аты-жөнін жаздым.Сосын парционды аға мейірбикеге апарып бердім.Одан кейін мейірбике маған порционды толтыруды көрсетті.Порционға пациенттердің диетасын,санын,бөлімшедегі барлық адамдардың санын жазып,мейірбикенің және бөлім меңгерушісінің қолын қойғызып,тамақ әзірлейтін жерге тапсырдым.

 

 

 


Дата добавления: 2015-08-27; просмотров: 1787 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Концентрированное слабо-щелочное средство для

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.13 сек.)