Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Келеріміз малшы, шешелеріміз сауыншы еді.

2.

 

Сырласу:

Алдашым-ау, сырымды саған айтам,

Өзіме-өзім оңаша болам аң-таң –

Іске кейде мойынды бұрғызбайды,

Қызық іздеп пәтшағар, көңіл-сайтан.

 

Отызға кеп орныға бастасам да,

жел көңілді желілеп тастасам да,

Жүрек шіркін бұлқынып асау аттай,

алыпқаша береді басқа жаққа...

 

Ерік берсем кетеді-ау, талқан қылып,

енді бізге жараспас шайтан қылық.

Көңіл деген көк дөнен тыпыршыса,

тұсай берем ақылды арқан қылып.

 

***

О, асылым, менің биік шынарым,

досым саған арналады сыр-әнім.

Сенің жарқын әзіліңді естімей,

басылмайды, іштегі жан құмарым.

 

Сені іздейді қайда жүрсем, көңілім,

сенсіз тіпті қызық емес өмірім.

Тіршілікте жан досы жоқ пенделер,

тарқата алмас бұл сезімнің өрімін.

 

Көп адамдар күндік қамын көздеген,

достық деген құдіретті сезбеген.

Алар кезде «алтыным» деп аялап,

ала алмаса, асылды да «жез» деген.

 

Амал қанша, жетпей кейде санамыз,

сондайларды дос екен деп қаламыз.

Күннен күнге көбейеді осыдан,

жанымызда жазылмайтын жарамыз.

 

Қадіріңді досым қалай сезбейін,

аярлыққа білесің ғой, төзбейім.

Түсінетін саған «алтын» болсам да,

түсінбеске құным бақыр, «жездейін».

 

Сараласақ тағдыр салған әр ізді,

достар көп қой, жарасымды, жаны ізгі.

Екеуміздің жолымызды ойласам,

тағдыр өзі қиыстырған тәрізді.

 

Мен де өмірдің бұралаңын көп көрдім,

сен де соның көбін бастан өткердің.

Мен түйсіксіз біреулерді жек көрдім,

сен де сондай пенделерге кектендің.

 

Екеуміз де жақсылықты арман ғып,

екеуміз де аярларға алдандық.

Айырылсақ та талай «майлы жіліктен»,

жағымпаз боп көрінуден арландық.

 

Алдаш, өзің куәсің ғой осыған –

кездерім бар жасыған да, тасыған.

Жақыным да жанымды ұқпай жүргенде,

сүйеніш боп сен табылдың қасымнан.

 

Тұзы жеңіл ақындардың бірі едім,

сәл жылы сөз жұбататын жүрегін.

Қиналғанда, қырсығымды жүгендеп,

шыр-пыр болып тілеуімді тіледің.

 

Сәттері көп өмір солай сынаған,

ұрындырып анаған да, мынаған.

Қисығымды қиып жөнге салатын,

сендей досым болғанына қуанам.

 

3.

Түсінісу:

 

Біз екеуміз бала кезден бірге өстік,

бірге ойнадық, тайға бірге мінгестік.

Түс шайыстық, түсініспей қалдық та,

не қыласың өтті-ау талай білместік.

 

Айлар өтті, апталарды алқымдап,

ер жігітке намыс қымбат, ар қымбат.

Сен де ыңғайсыз көрдің білем,

келмедің,

мен де саған бара алмадым жарқылдап.

 

Әлде досым, менің кінәм ауырлау,

әлде сенің?..

Мүмкін бе адам жаңылмау!

өкпелесіп керегі не, бәрінен,

тату жүрген жақсы екен ғой,

бауырым-ау!

 

Сені ойлап оңашада елжіреп,

көресің бе, көңіл құсым

жүр жүдеп.

Ақымақ-ау, келсең етті аңқылдап,

«шаруадан қолым тимей жүрдім» деп.

 

 

«Достық» атты ортақ бізде құты бар,

(абайлайық, аңдаусызда шытынар).

Бітті, бітті!

бітті шыдам менде де,

есігіңді аш,

ақымағыңды күтіп ал!

 

***

Өзімсініп үйіңе кіріп барам,

(бару үшін «сылтауға-сынық» табам).

Сенің дархан пейліңе қызығамын,

келбетіне қылаудай кір жұқпаған.

 

Сенің дархан пейліңе қызығамын,

басқа үйден дәмдірек тұзың-дәмің.

Жаңа сүрткен айнадай ақ көңілің,

бүкпесі жоқ өйткені сырың мәлім.

 

Көктеміңе көңлімнің құсын жайдым,

(көрінгенге мен де гүл ұсынбаймын).

Үндемейтін жерлерде үнсіз қалам,

сыр айтуға ал, саған қысылмаймын.

 

Несі достық, досыңа болса шүбәң,

(саған деген менде бар бітпес бір ән).

Қысылсам да үйінде туысымның,

досым, сенің төріңе еркін шығам!

 

Талай дана өтіпті бұдан бұрын,

адалдықпен өлшепті адам құнын.

Маған сенің ұнайтын бар асылың,

адалдығың бауырым, адалдығың...

 

4.

Алдаберген екеуміз үйленбей тұрғанда-ақ

Болашақ ұлымыздың атын

Жандос» қоямыз деп, келіскен едік.

Сол бақыт маған бұйырып,


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 143 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)