Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Девушка-джигит» киносына түскен қыз

Читайте также:
  1. Q]3:1:Прокуратура қызметкерлері аттестациядан қанша жыл сайын өткізіледі?
  2. Аталық жыныс клеткаларының құрылысы және қызметі.
  3. Дамудың жаңа бағытындағы төлем жүйесінің қосымша қызметтері
  4. Жоспарлы емдеуге жатқызу кезінде туындайтын штаттық емес жағдайларды басқару
  5. Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін қызметкерлердің функционалдық міндеттері
  6. Метрологиялық қызмет.

 

Қазір жасы сексеннен асқан қазақтың Мұхсин Тамара есімді қызы сонау Америкада тұрады.

Тамара Мұхсинқызы Бекметева 1930 жылы Қарқаралы қаласында туған. Әкесі Мұхсин Халиулла Бекметевтің қазақ әйелі Ғайниден туған (Ғайни Шоңбайқызы Құнанбай қажының жақыны болады, Тобықты руынан). Анасы Миассар Фаизова да Қарқаралы тұрғынының қызы болған екен. Гимназияны бітіріп, әкесіне тұрмысқа шыққанында жасы 15-16-лардағы өрімдей жас қыз болыпты. Жеті рет құрсақ көтергенімен, алғаш туған екі ұл сәби кездерінде шетінеп, одан кейін Кәмиля, Роза, Ғаяз, Ревгат және Тамара туылыпты. Сонда Тамара үйдің кенжесі болып өскен. Әкесі қайтыс болғаннан кейін үйге Кеңес өкіметіне өткен малшылар келіп дөрекілік мінездерін танытып, неше түрлі жаман қылықтар жасай бастайды.

Ол кезде анасының туған бауыры Мағунат Алматыда тұрады екен. Сол кісі көлік жалдап, түнделетіп Қарқаралыға келіп, бұларды Алматыға алып кетеді. Сөйтіп, бұлар Мағунаттың кішкентай екі бөлмелі пәтерінде тұрып жатады.

Әйгілі 1937 жылы оларды Қарқаралыдан алып кеткен Мағунат тұтқындалады. Белгісіз біреу жоғарыға Мағунаттың түнде көлік жалдап, бір жерге барғанын жеткізіпті. (Онда ол бұларды Қарқаралыдан алып кеткен кезі етін). Сөйтіп, оны «тыңшы» деген жаламен 25 жылға соттап жібереді. Содан ол 20 жыл өмірін Тайшетте өткізіп, шамамен 1957 жылы оралады.

Мағунатты тұтқындаған соң бұларды оның пәтерінен қуып шығады да арада біраз уақыт жаман лашықта тұрады, одан кейін баракқа көшеді. Жағдай күннен-күнге қатты қиындай бастағаны сондай тамақтың тапшылығынан Тамараның денсаулығы нашарлай бастайды. Амалдың жоқтығынан шешелері оларды интернатқа тапсырады. Ол кезде Тамараның 10 жасқа келіп қалған кезі. Әйтеуір, бір қуаныштысы ол жерде оның кім екенін ешкім білмейді.

Сол интернатта жүргенде тәрбиешілер мұның музыкаға қабілетінің бар екенін байқайды да солардың айтуымен музыка мектебінде оқиды, одан кейін музыка училищесіне түседі. Оны аяқтаған соң Алматы консерваториясына түсіп, фортепиано класы бойынша білім алады. Соның нәтижесінде он алты жасынан бастап сабақ бере бастайды. Өзінің музыкалық аспабы болмағандықтан,ол балаларды көбіне тегін оқытып, сабақ соңында солардың пианиноларында ойнайтын болған.

Әлі есінде Консерваторияда оқып жүргенінде киностудиядан режиссердің көмекшісі келіп, «Девушка-джигит» атты фильмге түсуге бір қыз іздейді. Ұнатып Тамараны да шақырады. Сөйтіп, бұл ол кинода кішігірім бір рөлді ойнайды. Одан кейін оны «Ленфильм» киностудиясынан режиссерлар келіп киножурналға алма теріп жүрген қазақ қызы бейнесінде түсіреді.
Сөйтіп жүргенде 1956 жылы Алматыға гастрольмен келген Свердловск театрының жас актері Урецкий Бориспен танысады да, сезімдері жарасып отбасын құрған соң жас жұбайлар Алматыдан Свердловск қаласына көшеді. Ол жақта Тамара еңбек жолын училищеде музыкадан сабақ берумен бастап, фортепиано бөлімінің меңгерушісіне дейін көтеріледі. Жолдасы Борис Урецкий болса Свердлов киностудиясында алғашқыда деректі фильмде, одан кейін көркем фильмде екінші режиссер болып істейді. 1970 жылдардың басында Борис «Мосфильмге» жұмысқа ауысып, олар Мәскеуге көшеді. Жалғыз қыздары Марина Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (ВГИК) кинотану факультетін аяқтап, халықаралық кинематография одағының бөлімінде қызмет атқарады.
Дәл осындай әп-әдемі өмір жолының келесі бір тұсында яғни,1981 жылы олар Америка Құрама Штаттарына көшіп барады. Содан тура он жыл өткенде 1991 жылы жолдасы Борис Урецкий көз жұмады. Одан бері де өзгерген ештеңе жоқ. Қазіргі таңда Нью-Йорктың маңайында, табиғаты тамаша жерде тұрып жатыр.

Қызы Марина – федералды шенеунік болып қызмет атқарса, ал, күйеубаласы – инженер болып істейді. Олардан Джеймс және Даниэлла есімді екі жиен немересі бар. Джеймс – доктор. Лас-Вегас қаласында еңбек етеді. Ал, Даниэлла университетте оқиды.
Әрине, Тамара Мұхсинқызының Қарқаралы ұйықтаса түсінен, ояу жүрсе ойынан шықпайтын болған. Қазақ жерін бір көрсем деп зарыға аңсайды. Алайда, қазір жасы 90-ға тақап отырған кейуананың елге жетуге дәрмені де жоқ. Өкініші өзегін өртейді.

“ - Асылы, туған жерде өмір кешкен, туған жерде, туған елде өлген де бақыт екен”,- деп күрсінетін кейуана қазақ жұрты тәуелсіз ел болғанын естіген. Көңіліне бар медет тұтары – осы!

 


Дата добавления: 2015-12-07; просмотров: 51 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)