Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Оқу пәнінің мазмұны

Читайте также:
  1. Білім алушының оқудағы жетістігін бақылау
  2. Есептер шешу арқылы оқушының ойын дамыту.
  3. Жоғары оқу орнының әкімшілігі мен оның құрылымдық бөлімдері туралы ақпарат
  4. ІІ –тоқсан. 2015-2016 оқу жылы.
  5. ІШКІ АУРУЛАР пәні бойынша 2014 – 2015 оқу жылына арналған
  6. Күндізгі оқу түрі
  7. Мазмұны

HKKM 2215- Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелері

пәні бойынша

 

5В030200-Халықаралық құқық мамандығы бойынша

 

 

СИЛЛАБУС

 

Астана 2012

В030200 - Халықаралық құқық мамандығы бойынша

Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелері» пәнінен

СИЛЛАБУС

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті

1. Қала Нагима Сұңқарбекқызы – Халықаралық құқық мамандығы бойынша заң ғылымдарының магистрі, халықаралық құқық кафедрасының оқытушысы; жұмыс телефоны: 37-48-12; kuzibaeva_ns@enu.kz

Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелері

Пән коды: HKKM 2215

Кредит саны: 3

Курс – 2

3. Оқу тәртібінің жүргізілу уақыты мен орны: 3 семестр; заң факультетінің ғимараты (сабақ кестесіне сәйкес)

4. Оқу пәнінің пререквизиттері: Мемлекет және құқық теориясы ( Мемлекет пен құқықтың пайда болуы, құқықтың мәнi, құқық нормалары, құқықтық қатынастар, заңды жауапкершiлiк және т.б.), Шет елдер мемлекет және құқық тарихы (жалпы мемлекет және құқық тарихы пәні, әдістері, құлиеленушілік мемлекет және құқық; Шығыс және Еуропаның феодалдық мемлекеті және құқығы және т.б.), ҚР мемлекет және құқық тарихы (ҚР мемлекет және құқық тарихы пәні; Қазақстан аумағындағы алғашқы мемлекеттер- түрік қағанаты, қарлұқ қағанаты, қарахандар мемлекеті және т.б.), Халықаралық жария құқық.

Постреквизиттер: Халықаралық ұйымдар құқығы, Халықаралық құқықтағы тұлға мәртебесі

5. Пәннің сипаттамасы: Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелері пәні студенттердің индивидуалды таңдау пәні болып табылады. Аталмыш пәннің шегінде студентке халықаралық құқықсубъектіліктің түсінігі, мәні және түрлерін зерттеу, мемлекеттердің, өз тәуелсіздігі үшін күресуші халықтардың, халықаралық ұйымдардың және индивидтердің халықаралық құқықсубъектілік мәселелерін қарастыру, халықаралық құқық субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін іс жүзінде иеленуі және халықаралық жауаптылықта болу сұрақтарын қарастыру ұсынылады

Пәнінің оқу үдерісіндегі орны

Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелері пәнін, оның негiзгi ұғымдарын, қолданыстағы құқықтық актiлерiн, халықаралық құжаттарды және ғылыми зерттеулердi терең оқыту болашақ мамандардың кәсiпқойлығы мен құқықтық мәдениетiнiң қалыптасуына әсерін тигізеді.

Пәнді оқытудың мақсаттары

Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелері курсын оқытудың мақсаты студенттерге халықаралық құқық субъектілерінің қатынастарын реттейтін халықаралық құқық нормаларының маңыздылығын ашып түсіндіру, халықаралық құқық субъектілерінің халықаралық қатынастарға дербес күйде қатысудың алғышарттарын, басқа субъектiлермен заңдық әрекеттестiкке тiкелей түсуге қабiлеттiлігін және тәуелсiз болатындығын ашып көрсету. Студент бұл оқу пәнін терең білу үшін халықаралық конвенциялар, пактілер мен БҰҰ материалдарымен өзіндік жұмыстар атқаруы маңызды рөл атқарады.

Оқу пәнінің міндеттері

Бұл пәндi оқытудың мiндетi болып табылады:

· Студенттердiң қазiргi халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелеріне қатысты қатынастардың дамуын және ерекшелiктерiн сипаттайтын мәліметтерді жүйелендiруге, жаңа мыңжылдықтағы халықаралық құқық субьектiлерiнiң арасындағы қатынастардың жаңа үлгiсiн орнықтыру процесiнiң барлық қайшылықтары мен қиындықтарын түсiнуге көмектесу;

· Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелеріне қатысты жалпы ұғымдары мен санаттарын, нақты ережелерiн пайдалануға байланысты студенттердiң белгiлi бiр тәжiрибе алуына ықпал ету;

 

Оқу пәнінің мазмұны

Халықаралық құқықтағы құқықсубъектілік мәселелері таңдау пәні ретінде халықаралық құқықтағы субъектілерінің ұғымы, түсінігі мен түрлері, құқықсубъектілік мазмұны, мемлекеттердің, өз тәуелсiздiктерi үшін күресушi халықтар мен ұлттардың, халықаралық ұйымдардың, жеке тұлғалардың құқықсубъектілігіне қатысты халықаралық құқықта туындаған басқа да мәселелерді қарастырады.


Дата добавления: 2015-12-08; просмотров: 200 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.006 сек.)