Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АвтомобилиАстрономияБиологияГеографияДом и садДругие языкиДругоеИнформатика
ИсторияКультураЛитератураЛогикаМатематикаМедицинаМеталлургияМеханика
ОбразованиеОхрана трудаПедагогикаПолитикаПравоПсихологияРелигияРиторика
СоциологияСпортСтроительствоТехнологияТуризмФизикаФилософияФинансы
ХимияЧерчениеЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тақырып. Исламдық қаржыландырудың мәні

Читайте также:
  1. Адами даму контекстіндегі гендерлік саясаттыңмәні
  2. Вектор координаталарының геометриялық мәні.
  3. Оқытуға арналған математикалық есептердің мәні.
  4. Тақырып. Қаржылық есеп үлгілерінің сыныптамасы
  5. Тақырып. Қаржылық жалға алуды есепке алу
  6. Тақырып. ҚР алғашқы ислам қаржыландырудың бастау алуы мен ұйымдары
  7. Тақырып. Бірінші исламдық қаржы институттар

Дәрістер кешені

Сабақтың мақсаты – Исламдық қаржылар өз мәнісінде адамның конфессионалды сендіруді қолданумен байланыссыз түрде де әмбебап болып келсе, ал дәстурлі қаржылар исламдық мемлекеттерде өзінің қолданыстарын жүзеге асыра алмай жүр.

Дәріс сұрақтары:

1. Исламдық қаржыландырудың альтернативті

көзқарас

2. Исламдық қаржылардың заң шығарушылық базасы

3. Исламдық қаржылардың басты ережелері

Негізгі (түйінді)түсініктер – Иджма, Кийяс, Урф, Риба, Гарар, Мейсир, Бай алькали- би алькали.

1. Қаржыландырудың альтернативті көзін экономиканы әртараптандыру жолында анықтау сұрағы – әлемдік қаржылық дағдарыс шартында. Берілген жағдайда исламдық қаржылар тек альтернативті тұрғыда емес, сонымен қатар бірін-бірі толықтыратын тауарларды қаржыландыру да бола алады. Исламдық қаржылар өз мәнісінде адамның конфессионалды сендіруді қолданумен байланыссыз түрде де әмбебап болып келсе, ал дәстурлі қаржылар исламдық мемлекеттерде өзінің қолданыстарын жүзеге асыра алмай жүр. Бұл берілген дерек исламдық қаржыларға бүкіл жердің түкпірінде еркін қозғалу мен бәселестік басымдылығын береді.

Қазақстанда исламдық құралдардың жұмыс тәжірибесі өте аз. Тек өздерінің қажеттіліктері үшін «тауарлық мурабаха» үлгісі бойынша исламдық нарықтың капиталының қаражатымен банктер қызығушылығын танытқан. Және оларды исламдық қаржылық құрал ретінде өзіміздің нарықта тарауының қолдану ары қарай өзінің бейнесін таппады. Сондықтан исламдық банкингтің нарықтағы үлесі туралы айту әлі ерте. Бірақ исламдық нарық капиталының көлемі әр жыл сайын 15-20%-ға жоғарылауын ескеру қажет, ал исламдық инвестордың исламдық облигациядағы үлесі 40% құрап отыр. Және де біздің мемлекетімізде мұсылмандардың саны өсуде, ҚР- ның исламдық банкингінің дамуы шарасыз.

Бүгінгі күні ҚР-ның қаржылық мекемелер мен қаржылық нарықты қадағалау мен реттеу бойынша Агенттігі мынадай заң шығарушы проект дайындады: «Исламдық қаржыландыруды ұйымдастыру мен исламдық банктердің қызметін мен ұйымдастыруы бойынша ҚР-ның кейбір заң шығарушы актілеріне толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы» ҚР Үкіметінде қаралуына берілген.

2. Дәстүрлік секілді исламдық қаржылық институттарының қызметі қай мемлекеттің заңдары мен заң шығарушы актілерімен қадағаланса, сол мемлекетте олар өздерінің қызметін жүзеге асырады. Бірақ егер біз «Исламдық заңдар» туралы айтатын болсақ, онда барлық заң нормасының негізі Шариғат болатын исламдық мемлекеттердің заңдары туралы тұспалдаймыз.

Шариғат дәстүрлі құқықтық жүйеден өзгешеленетін өздігімен жүйе болып табыа алмайды. Исламда құқық бір маңызды жақтарының бірі болып табылады. Бұл дін біріншіден,мұсылмандар сенуге міндетті догманы орнатып, айқындайтын дін жүйесін(теология) қосып алады; екіншіден, шариғат деген діншілдерге нені істеуге міндетті және нені істеуге болмайтынын көрсететін бұйрықтары. Шариғат «сапар жол» деген мағынаны білдіреді. Шариғат табиғи немесе қабілеттілік мемлекеттік құқықтардың қағидаттарымен емес, ол адамның ой-санасының міндеттерінен туындаған. Шариғатта басқа құқықтық жүйеге тән құқық саласының дәл бөлінуі (конституциялық, азаматтық, қылмыстық, әкімшілдік) жоқ. Сонымен қатар, исламдық қоғамның құқығы мен адамгершілік нормасы арасындағы шекарасын бақылау қиынға соғады.

Шариғаттың басты көздері:

· Құран;

· Мұхаммед Пайғамбардың сүннеті;

· Иджма (ғалымдардың келісімі);

· Қосымша көздері;

· Кийяс – логикалық ой-тұжырымы;

· Медине тұрғындарының әдет-ғұрпы (маликиттік мазхабеде);

· Урф – Шариғатқа қайшы келмейтін жергілікті әдет-ғұрыптар.

Барлық исламдық инвестициялық қорлар 1 трл долларды ретімен басқарады. Исламдық нарықтағы капиталдардың көлемі жылдан жылға 15-20%-ға өсуде(560млрд доллар бағаланатын исламдық банктердегі депозит шоттарын қоса алғанда). Нарықта 276 исламдық қаржылық институттар 70-тен аса қаржылық орталықтарда, Лондонда, Нью-Йоркте, Таяу Шығыстағы Цюриха орталығына дейін, Азиялық-Тынықмұхиттық аймақтарда және Африкада өздерінің операцияларын жүргізумен пайдаланады.

2010 жылға қарай Standard&Poor’s бағалауы бойынша исламдық облигациялардың нарықтағы көлемі 100 млрд долларға жетеді. Қазіргі уақытта нарық 70 млрд жолларға жетіп отыр. Оның ішінде исламдық емес инвесторлардың үлесі 40% құрап отыр.

3. Исламдық қаржылардың басты ережелері:ақша тауар емес, олар тек айырбас ретінде ғана қызмет етеді. Сондықтан тек ақшаны пайдаланумен таза табыс әкелу мүмкін емес. Тәуекелдік қабылдағанда немесе сауда жүзінде әділетті табыс таба алады.

Исламдық қаржыландырудың айқын сипаты-[ әрбір исламдық банктерде Шариғаттық эксперттік кеңесінің бар болуы. Шариғаттың Эксперттер кеңесі банктік операциялар мен қызметі шариғаттың заңмен лайықталған ба жоқ па, соны шығару үшін қолданылады.

Исламдық экономика шариғатта жазылған (economy of participation) серіктестік қағидатымен құрылған. Стандартты түрден берілген қаржыландырудың түрінің ерекшелігі кредиттегі кез келген пайыздарды (номиналды,жай және күрделі, белгіленген немесе құбылмалы) алу шариғат бойынша рұқсат етілмейді. Соған байланысты исламдық қағидаттармен жүретін банктер әдеттегі коммерциялық банктер(берілген қарыз пайызы және тарту қаражатының пайызының айырмашылығы) сияқты табыс басты көздердің жоқ болуы. Банк кредиттеуден табыс алу үшін кәсіпорынның сыйлықақысы мен тәуекелдерін толығымен бөлісетін үлестік қатысушы болуы немесе саудада қатысып, тауар өткізетін сатылу бағасы мен тауардың табысының өзіндік құны арасындағы бағаны өсіруді шығару керек. Шариғат заңы бойынша ресурстар қоғамдық игілік үшін нақты қосылған құнды құру, өзінің ақшалық массада емес, тауар мен қызметтің массасының жетілуін қолдану қажет.

Исламдық қаржылық қарым-қатынастардың басты тыйымдары мынадай:

· «Риба» - қарыздан несие пайызының тыйымы, яғни кез келген төлемде көрсетілген қарыздың артуы.

· «Гарар» (тәуекелге тарту) – келісімшарттағы белгісіздік пен маңызды шегіне кіруіне әдейі тәуекелдің тыйымы. Гарар тыйымы кез келген экономикалық тәуекелдердің тыйымы болып саналмайды. Қазіргі зерттеушілер гарарды нольдік нәтижемен ойынға қатысуының тыйымымен түсіндіреді.

· «Майсир» (азарттық ойын) - кездейсоқ жағдайдың жиналуының нәтижесімен табыс алуы.

· Рұқсат етілмеген тауарлар мен қызметтердің келісімдері (классикалық сақтандыру, өндіріс пен арақ, шошқа, құмар ойындар, секс-индустрия сату және т.б.). Соған қарамастан тыйым салынбаған келісімдерге тыйым салынған өнімнің аз ғана бөлігін құрауы мүмкін дүние-мүлік жиыны болып табылады. Мысалы, құрылыстағы қатысулар және қонақ үйдің ішіндегі мейрамхана арақ сатылса да қонақ үйлерді пайдалану.

· «Бай ал-Кали би ал-Кали» - қарыздан қарызға сату. Мысалы, кейінге шегерілген форвардтық келісімшарттың сатылуы.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Заң шығарушы база қандай кеңеске сүйенеді?

2. Басты тйым көздері?

ӘДЕБИЕТТЕР: Негізгі: 1,2,3,4; Қосымша: 1,2,3,4,5.

 

 


Дата добавления: 2015-11-26; просмотров: 77 | Нарушение авторских прав



mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)