Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Ересектерге туберкулез деген диагнозды қоюда ең маңызды қайсы зерттеу әдісі? 5 страница



337. Ошақты туберкулездің ажырату диагностикасын қайсы аурумен жүргізеді:
а) + пневмониямен
б) диссеминирлі туберкулезбен
в) дөңгелек инфильтратпен

г) мононуклеозбен
д) карциноматозбен

338. Өкпенің ошақты туберкулезіне қолданылатын патогенетикалық дәріні көрсетіңіз:
а) кортикостероидтар
б) иммуномодуляторлар
в) + «В» тобындағы витаминдер

г) коллапсотерапия
д) нероболил

339. Қайсы түріне ошақты туберкулез жатады:
а) бастапқы түріне
б) +кіші түріне

в) жайылған түріне

г) индурация түріне

д) селекция түріне

340. Өкпенің ошақты туберкулезінің негізгі клиникалық рентгенологиялық вариантына қайсысы жатады:
а) жаңа анықталған

б) созылмалы (фиброзды ошақтар)

в) активсіз

г) буллезді
д) + жаңа анықталған және созылмалы

341. Туберкулемаға сипаттама беріңіз:
а) өкпеде болатын дөңгелек түзілістер
б) өкпенің инфильтратты

в) казеозды өзгерістер

г) продуктивті қабыну және фиброз

д) + диаметрі 12 мм астам казеозды некрозды ошақ

342. «Туберкулема» деген диагноз верификацияланады, егерде не анықталса:

а) диагностикалық материалда қан жолағы болса

б) + диагностикалық материалда ТМБ анықталса

в) диагностикалық материалда лейкоциттер анықталса

г) диагностикалық материалда нейтрофилдер анықталса

д) диагностикалық материалда гистоциттер анықталса

343. Патоморфологиялық өзгерістердің сипатына туберкулеманың қайсы варианты жатпайды:
а) дөңгелек

б)+ бронхолобулярлы

в) инфильтратты- пневмониялық

г) казеома

д) псевдотуберкулема

344.Туберкулеманың клиникалық ағымының варианттарын атаңыз:
а)+тұрақты, қайтымды (регрессия), үдемелі (прогрессия)

б) жіті, қаталамалы

в) қайтымды, созылмалы

г) секвестірлі, тұрақты

д) жедел, үдемелі

345. Туберкулема қалай сипатталады:

а) жедел басталумен
б) бейсимптомды ағыммен

в) +аз симптомды ағыммен
г) созылмалы ағыммен
д) созылыңқы ағыммен
346. Ненің нәтижесінде солитарлы гомогенді казеома түзіледі:
а) бірнеше ошақтардың қосылуынан

б) бронх дренажының бұзылысынан

в) +дөңгелек пішінді жіңішке қабырғалы фиброзды капсуладағы казеозды пневмонияның ошағынан
г) ірімшіктәріздес пневмонияның сорылу учаскесінен



д) ірімшіктәріздес пневмонияның үдемелі учаскесінен
347. Конгломератты туберкулеманың құрамы неден құралады:
а) +жалпы капсулада бірнеше казеозды ошақтардың болуы
б) көптген кальцинаттар

в) бірнеше псевдотуберкулема

г) индурат және фиброз
д) дөігелек инфильтрат

348. Жалған немесе псевдотуберкулема немен сипатталады:
а) полиморфты типтегі пневмониялық учаскесілер

б) шектелген дөңгелек түзіліс
в) ірімшіктәріздес некрозды учаскелер

г) + қабынған немесе тыртықталған бронхтың облитерациясы
д) шектелген индурат
349. Туберкулемада болатын қабыну қалай сипатталады, көрсетіңіз:
а) экссудатты қабыну

б) +продуктивті қабыну

в) экссудатты-некротикалық қабыну

г) лимфогематогенді қабыну
д) серозды қабыну
350. Қай категория бойынша туберкулемаға ем жүргізіледі:
а) +1 категорияда

б) 2 категорияда

в) 3 категорияда
г) 4 категорияда

д) резервті препараттармен

351. Қайсы патогенетикалық тәсілдерді туберкулемаға қолданады:
а) кортикостероидтарды
б) коллапсотерапияны
в) + «В» тобының витаминдерін

г)ретаболилді
д) гликозидтерді

352. Қайсы туберкулемаға хирургиялық ем көрсетілген:
а) өлшемі 2 см солитарлы туберкулемаға

б) псевдотуберкулемаға
в) +конгломератты туберкулемаға
г) бронхы зақымдалған туберкулемаға
д)инфильтратты пневмониялық туберкулемаға

353. Қарқынды фазасында емделетін туберкулемаға қандай ем қолданылады:
а) +негізгі препараттармен
б) резервтегі препараттармен
в) изониазид және этамбутол
г) негізгі препараттар және кортикостероидтар
д) изониазид, рифампицин

354. Үдемелі ағымда ыдырау қуысымен өтетін туберкулемада қандай белгі пайда болады:

а) ентігу

б) + қан түкіру

в) ішкі ағзалардың амилоидозы

г) жүрек жетіспеушілігі

д) бүйрек жетіспеушілігі

355. Бірінші рет анықталған туберкулеманы қайсы диспансерлік бақылау тобына алады:
а) +1 диспансерлік бақылау тобына
б) 2 диспансерлік бақылау тобына
в) 3 диспансерлік бақылау тобына

г) 4 диспансерлік бақылау тобына

д) бақыламайды
356. Өкпе туберкулемасын қандай аурумен ажырату диагностикасын жүргізбейді:

а) ретенционды кистамен

б) эхинококкпен
в) аспергиломамен
г) перифериялық қатерлі ісігімен

д)+ карцероматозбен
357. Туберкулемада туберкулин реакция жиі қандай болады:
а) нормергиялық

б) теріс
в) +гиперергиялық
г) гипоергиялық
д) теріс анергия
358. Туберкулеманың ыдырау қуысы қалай орналасады:

а) ортада
б) + эксцентриялі
в) сопақша

г) саңылаулы

д) ірімшіктәріздес

359. Бронхтардың дренажды қызметінің бұзылу нәтижесінде толып түзелген кавернаны туберкулема жатқызуға бола ма?
а) + болады
б) болмайды
в) екі талай
г) жартылай

д) сирек

360. Рентген көріністерінің қайсысын туберкулемаға жатқызасыз:
а) бояуы орташа қанықтықтағы, шеті салыстырмалы анықтағы біртекті емес дөңгелек көлеңке
б) біртекті дөңгелек көлеңке айналасындағы өкпе тіні өзгермеген

в)+ шеті/жиегі анық дөңгелек көлеңке айналасында фиброзды ошақты өзгерістер бар

г) дөңгелек көлеңке, шеті тегіс емес кедір бұдырлы
д) дөңгелек біртекті/ гомогенді көлеңке түбірмен «жол» арқылы байланысқан
361. Ненің салдарынан/нәтижесінен псевдотуберкулема қалыптасады:
а) фокустың инкапсуляциясымен

б) +кавернаның толуымен
в) біріншілік жұққандықпен

г) ошақты туберкулездің үдеуімен
д) инфильтратты туберкулез кері қайтуымен
362. Туберкулемаға рентгенограммада қалай көрінеді:
а) 1 см-ге дейінгі көлеңке

б) ошақты- фокусты күнгіртену

в) +диаметрі 12 см-ден астам дөңгелек көлеңке
г) сақинатәріздес көлеңке
д) инфильтратты көлеңке
363.Қайсы клиникалық түрі туберкулемаға жиі әкеледі:
а) кеуде ішілік лимфа бездерінің туберкулезі
б) фиброзды- кавернозды туберкулез

в) диссеминирлі туберкулез
г) +инфильтратты туберкулез

д) ошақты туберкулез

364. Туберкуломаға тән қайсы зертханалық өзгеріс:
а) +қан анализі өзгерсіз, ТМБ (-)
б) шамалы лейкоцитоз және ЭШЖ-ның жоғарлауы, ТМБ (+)

в) қан анализі қалыпты, ТМБ (+)
г) лейкопения, эозинофилия, ТМБ (-)
д) солға ығысу, лимфоцитоз, ЭШЖ жоғарылаған
365. Зақымдалған учаскеде туберкуломада не естіледі:
а) бронхиалды тыныс майда көпіршікті ылғалды сырылдармен естіледі
б) өкпенің барлық алаңында қатан тыныс шашыраңқы құрғақ сырылдармен естіледі
в) амфорикалық тыныс ірі көпіршікті ылғалды сырылдармен естіледі
г) везыкулярлы тыныс бронхиальды реңкісімен естіледі, сырылдар естілмейді
д) +везикулярлы тыныс естіледі, ал сырыл естілмейді
366. Туберкулома мен өкпенің перифериялық қатерлі ісігіне ажырату диагностикасын өткізгенде қайсы белгі соңғысының пайдасына шешеді:
а) жастар шағындағы науқас

б) экссудатты плевритпен ауырғаны
в) туберкулиннің жоғарғы сезімталдығы
г) дөңгелек көлеңке тығызды шөгінділерімен

д) +шеті(контур) кедір - бұдырлы дөңгелек көлеңке
367. Туберкулема мен өкпенің перифериялық/шеткі қатерлі ісігіне ажырату диагностикасын өткізгенде қайсы белгі туберкулеманың пайдасына шешеді:
а) егде жастағы науқас
б) +анамнезінде экссудатты плевритпен ауырғандығы
в) құрғақ азапты жөтел
г) көлеңке шеті кедір-бұдырлы
д) ентігу
368. Туберкулеманың патологоанатомиялық типіне қайсысы жатпайды:
а) псевдотуберкулома
б) инфильтратты-пневмониялық түрі
в) +фиброзды ошақты түрі
г) конгломератты
д) қабатты туберкулема
369. Туберкулеманы ажырату мақсатында не жүргізеді:
а) өкпені сканирлеу
б) + бронхоскопия биопсиямен
в) бронхография
г) томографияның орталық кесіндісі
д) компьютерлік томография
370. Оң өкпенің бірінші сегментінде орналасқан инфильтратты туберкулез, ТМБ (+) алғаш рет 25 жастағы К. деген науқаста анықталған, ол науқас 2 ай бойы қарқынды фазасын 4 АБП-мен ауруханада емделді және жалғастырушы фаза 4 ай жүргізілді. Бактерия бөлуі тоқталды.

Рентгенограммада –оң өкпенің 1-сегментінде шеті анық диаметрі 3 х3 см дейін біртекті/гомогенді көлеңке көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз:

а) дөңгелек инфильтрат

б) толған киста

в) шеткі қатерлі ісік

г) эхинокок

д) +туберкулома

371. Науқас А, 25 жаста. Диагнозы: оң өкпе 2 сегментінің туберкулемасы, ТМБ (-). І категория бойынша 6 ай емделді. ТМБ –анықталмады. Туберкуломаның диаметрі 6 см. Наркоманиямен ауы-рады. Келесі емдеу тактикасын таңдаңыз.

а) антибактериальды терапияны жалғастыру

б) +үнемді резекция

в) эндотрахеальды дәрі құю

г) жасанды пневмоторакс

д) пневмоперитонеум
372. Туберкулеманың қай фазасында туберкулезге қарсы қолданатын дәрілер инфекциялық ошаққа енбейді:
а) инфильтрация фазасында

б) ыдырау және шашырау фазасында
в) + үрдістің регрессия кезеңінде және оның тұрақты ағымында

г) үдеу кезінде
д) өршу кезінде
373.Туберкулеманың патоморфологиялық өзгерістеріне келесі түрі жатпайды:
а)солитарлы (гомогенді және қабатты)

б)конгломератты
в) инфильтратты-пневмониялық
г) казеома
д) + ошақты

374. Туберкулемада ФВД өзгереме?

а) + өзгермейді

б) 1 дәрежедегі тыныс жетіспеушілігі

в) 11 дәрежедегі тыныс жетіспеушілігі

г) 111 дәрежедегі тыныс жетіспеушілігі

д)Тиффно сынамасы 60 %

375. Өкпенің инфильтраттытуберкулезіжайындаілімніңнегізінқалаушыларға кім қатыспады, таңданыз:

а) Ассман

б) Редекер

в) Эрлих

г) Хмельницкий

д) + Окроков

376. Жаңадан анықталған науқастардың арасында инфильтратты туберкулез қанша % дейін кезде-седі:
а) 30 %

б) 40 %
в) +65-75 %
г) 25-80 %
д) кездеспейді
377. Инфильтратты туберкулезге тән морфологиялық ерекшеліктерге не тән:
а) өкпе тініндегі экссудат
б) әртүрлі бояу қанықтықтағы ошақтар

в) + ортада орналасқан ошақтың айналасындағы перифокальды қабыну

г) полиформизм

д) диссеминация

378. Инфильтратты туберкулездің патогенезінде ең маңызды роль атқаратын қайсы белгілер:
а) экссудация реакциясы
б) пролиферация реакциясы

в) некрозды реакциясы

г) +аллергиялық қабыну реакциясы және өкпе тінінің гиперсенсибилизациясы
д) стресс
379. Өкпенің нфильтратты туберкулезінің қайсы клиникалық рентгенологиялық вариантары дұрыс емес:
а) бронхолобулярлы
б) дөңгелек
в) бұлттәріздес
г) перициссурит
д)+ гамартохондрома
380. Өкпенің инфильтратты туберкулезінде болатын асқынуларды көрсетіңіз:

а) + қан түкіру, өкпелік қан кету, спонтанды пневмоторакс,
б) шектелген фиброз, индурациялық алаң

в) кеңінен таралған пневмофиброз
г) ішкі ағзалардың амилоидозы

д) Горнер синдромы, пневмосклероз
381. Инфильтратты туберкулездің емдік нәтижесі:

а) инфильтрация және ыдырау

б) эксцентриялық ыдырау

в) +сорылу, тығыздану, туберкулема
г) казеозды пневмония
д) плеврит, себілу
382. Ең қолайсыз емдік нәтижесінде инфильтратты туберкулез қайсы түріне ауысады:
а) ошақты туберкулезге

б) кавернозды туберкулезге
в) +фиброзды-кавернозды туберкулезге

г) циррозды туберкулезге

д) туберкуломаға
383. Инфильтратты туберкулезді қай категорияда емдейді:
а) +1 категория бойынша
б) 2 категория бойынша
в) 3 категория бойынша
г) 4 категория бойынша
д) резерв тобындағы препараттармен

384. Инфильтратты туберкулездің қарқынды фазасы қанша ай жүргізіледі:
а) +2-4 ай
б) 3 ай
в) 4 ай
г) 5 ай
д) 6 ай
385. Инфильтратты туберкулездің жалғыстырушы фазасы қанша ай жүргізіледі:
а) +4-7 ай
б) 5-6 ай
в) 3-4 ай
г) 2-3 ай
д) 6-8 ай
386. Өкпенің инфильтраты туберкулезімен ауырған науқасты қайсы диспансерлік тобында бақылайды:
а)+1 А
б) 1 Б
в) 1 В
г) 2

д) 3

387. С. деген науқаста кешке қарай дене қызуы 37,7оС дейін көтеріледі. Қақырықты жөтелге, оң жақ кеуде қуысының ауыруына, әлсіздікке, дімкәстікке, арықтауына шағымданады. Осы шағымдар бойынша терапевтке қаралады. Дұрыс тексеру әдісін таңдаңыз:
а) бронхография
б) электрокардиография
в) +ТМБ-на қақырықты зерттеу

г) спирография
д) торакоскопия
388. 35 жастағы Қ. деген науқас кеуде қуысының ауыру сезіміне, әлсіздікке, жөтелге шағымданады. Қақырықта қан жолағы бар. 5 күндей дене қызуы субфебрильды болды. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырылдар жоқ. Қақырықта ТБанықталмаған. Лейкограммада: лейкоциттер – 9,5 х 109, эозинофильдер – 7 %, ЭТЖ – 20 мм/сағ. Рентгенограммада: оң жақ өкпенің 2-ші сегментінде диаметрі 4 см-ге дейін, шеті салыстырмалы анықтықтағы, бояу қаңықтығы әлсіз гомогенді күңгіртену көлеңкесі көрінеді. Сіздің болжама диагнозыңыз:
а) жоғары бөліктік пневмония
б) +инфильтратты туберкулез

в) ракты пневмония

г) эозинофильды инфильтрат

д) абсцестелген пневмония
389. Сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінің бірінші рет анықталған инфильтратты туберкулезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен 1 категория бойынша толық терапиялық курсын 50 жастағы науқас былтырғы жылы алған.Терапевтік нәтижеге жеткенде, бактерия бөлінуі тоқтаған, бірақ ыдыраған жерде каверна түзілген. Рентгенограммада. сол жақ өкпенің жоғарғы бөлігінде айқын контурлы жұқа қабырғалы сақинатәріздес көлеңке көрінеді. Сіздің диагнозыңыз:
а) инфильтратты туберкулез ыдырау фазасы
б) абсцестерленген пневмония

в) туберкуломаның ыдырауы

г) +өкпенң кавернозды туберкулезі

д) өкпенің фиброзды-кавернозды туберкулезі

390. Науқас Б. 35 жаста, 2 апта бұрын жедел ауырған дене қызуының 39о дейін көтерілген, жөтел пайда болған. Пневмония диагнозы қойылған. Бейспецификалық ем жүргізілген. Жағдайы аздап жақсарған, бірақ тәулік бойынша қақы-рықтың көлемі 300 мл дейін жоғарлаған, жағымсыз иісі бар. Объективті: науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Перкуторлы: сол жақ жауырын аралығын
дағы кеңістікте өкпелік дыбыс қысқарған және осы жерде әртүрлі ылғалды сырылдар естіледі. Лейкограммада: лейкоцитоз – 20 х 109, ЭТЖ – 55 мм/сағ.
Қақырықта ТБ анықталмаған. Рентгенограммада – сол жақ өкпенің төменгі бөлігінде күнгірттену көлеңке тұсында көлденең деңгейдегі сұйықтық сақина тәріздес қуыста көрінеді. Сіздіңболжамдиагнозыңыз:
а) өкпеніңинфильтраттытуберкулезі

б) бронхоэктатикалық ауру

в) +абсцестелген пневмония
г) метастазды ісік
д) инфаркты пневмония

391. Абсцессде болатын қақырықты өкпенің инфильтратты туберкулезінде болатын қақырығынан ажырататын өзгешілік белгісін көрсетіңіз:
а) + «ауызын толтырып шығаратын», жағымсыз иісті, ірінді қақырық

б) иіссіз, шырышты қақырық,

в) шырышты – іріңді қақырық, қан жолағымен

г) аз мөлшердегі шырышты – іріңді қақырық

д) екі қабатты қақырық

392. Перисциссуритке тән рентгенологиялық сурет қайсы:
а)+ формасы үшбұрышты, үшбұрыштың ұшы өкпе түбіріне қараған

б) оң өкпенің жоғарғы бөлігі толық күнгіртенген

в) үшбұрыштың ұшы кеуде қуысына латеральды қараған

г) үшбұрыштың негізі өкпе түбіріне қараған

д) үшбұрышты негізі кеуде қуысына караған

393. Пневмонияны туберкулезді инфильтраттан ажырататын рентгендік белгілерді көрсетіңіз:
а) гомогенді құрылымындағы көлеңке
б) 1, 2, 6 сегменттердің зақымдануы

в) ыдырау қуысының болуы

г) өкпе суретінің күшеюі мен деформациясы
д) + негізгі көлеңкенің айналасында полиморфты ошақтардың болуы

394. Кортикостероидты гормондар патогенетикалық ретінде туберкулездің қайсы түріне көрсетілген:
а) ошақты туберкулезге

б) +инфильтратты туберкулезге

в) туберкуломаға

г) кавернозды туберкулезге

д) туберкулезді интоксикацияға
395. Өкпенің инфильтратты туберкулезінің ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагнозбен қарқынды және жалғастырушы фазасының емін науқас 8 ай қабылдаған. Ыдырау қуысы жабылған және бактерия бөлінуі тоқталған. Науқасты эпидемиологиялық есебінің бақылауынан қашан шығару болады.
а) бірден бактерия бөлінуі тоқтағанда

б) ТМБ тапсырғанда үш рет теріс нәтиже бергенде
в) 6 айдан кейін бактерия бөлінуі тоқтағанда
г) + 1 жылдан кейін бактерия бөлінуі тоқтағанда
д) 2 жылдан кейін бактерия бөлінуі тоқтағанда
396. Бірінші рет анықталған өкпелік инфильтраттың этиологиясын анықтауда қайсы зерттеуді қолданбайсыз:
а) қақырықты екіншілік флораға тексеруді

б) қақырықты ТМБ тексеруді

в) кең спекторлі антибиотиктермен емдік тест жүргізуді

г) өкпенің томографиясын

д) +торакоскопияны биопсиямен
397. Инфильтратты туберкулезді бейспецификалық пневмониядан ажыратуда қиындық туғанда қайсы зерттеу маңызды шешуші мәлімет береді:
а) лейкограмма

б) физикальды мәліметтер

в) науқастың жалпы жағдайы
г) +инфильтраттың рентгендік оң динамикасы
д) туберкулинодиагностика

398. Науқасқа өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+ деген диагноз қойылған. Оған емнің категориясын таңдаңыз:
а) +негізгі дәрілермен 1 категория бойынша
б) негізгі дәрілермен 2 категория бойынша

в) негізгі дәрілермен 3 категория бойынша

г) негізгі дәрілермен 4 категория бойынша
д) резерв тобындағы дәрілермен
399. Инфильтратты туберкулезінің патогенезінде қайсысы орын алмайды:
а) ТМБ вируленттілігі

б) +ТМБ резистенттілігі

в) организмнің реактивтілігінің төмендеуі
г) өкпе тінінің гиперсенсибилизациясы

д) экзогенді суперинфекция

400. Өкпенің инфильтратты туберкулезі, ыдырау фазасы, ТМБ+деген диагнозбен 1 категория бойынша 2 ай ем қабылданған. Туберкулезді интоксикация симптомы жойылған. Бактерия бөлу тоқталмаған. Сіздің әрі қарай емдік тактикаңыз:
а) хирургиялық ем көрсетілген
б) операция көрсетілмеген

в) жасанды пневмоторакс көрсетілген

г) туберкулезге қарсы қолданылатын дәрілерді қабылдамау

д) +қарқынды фазасын 1 айға жалғыстыру
401. Микобактериоздың қоздырғышы- ол:

а) БЦЖ микобактериясы

б)+ атипті микобактериялар

в) бұқа түрінің микобактериялары

г) туберкулез микобактериясының L- формалары

д) фильтрленген формалар

402. Өкпенің инфильтратты туберкулезінің клиникалық морфологиялық варианты:

а) ошақты

б)+ бұлттәріздес

в) конгломератты

г) солитарлы

д) деструкциялы

403. Казеозды пнвмонияны инфильтратты туберкулездің варианттарынан ажырататын негізгі морфологиялық ерекшелікті көрсетіңіз:
а) бронхогенді диссеминация
б) ірі бронхтардың зақымдануы
в) +казозды некроздың басымдылығы

г) көлемді зақымдану

д) қабынудың продуктивті типі
404. Босанғаннан кейінгі инфильтратты туберкулездің ағымы жиі қалай сипатталады:
а) қолайлы ағым

б) шектелген ағым
в) жүктілік кезіндегі ағымнан айырмашылығы жоқ
г) +үрдістін үдемелігі қауіпті

д) торпидты ағым
405. Казеозды пневмонияны дамытатын басты патогенетикалық фактор, ол-:

а) Т-лимфоциттердің төмендеуі

б) Б-лимфоциттердің жоғарлауы

в) макрофагтардың саны азаю

г)+ иммунокомпонентты жасушалардың артық апоптозы

д) Т-лимфоциттерінің функциональды активтілігінің төмендеуі

406. Кавернаның жазылу түрлеріне қайсысы жатпайды:
а) тыртық
б) ошақ

в) туберкулома

г) санацияланған қуыс
д) +инфильтрат

407. Өкпенің инфильтратты туберкулезінің емдік нәтижесіне не жатпайды:
а) толық сорылу

б) ошақ-тыртық
в) туберкулома

г) +Гон ошағы

д) циррозды туберкулез

408. Өкпенің инфильтратты туберкулезін қайсысы аурулармен жиі ажырату диагностикасын жүргізеді:

а) пневмониямен

б) өкпенің инфарктымен

в) эозинофильды инфильтратпен

г) пневмокониозбен

д)+ көрсетілген аурулармен

409. Казеозды пневмонияға қайсысы тән:

а) 2 ТБ жасалатын Манту сынамасының гиперергиялық реакциясы

б) 2 ТБ жасалатын Манту сынамасының нормергиялық реакциясы

в) 2 ТБ жасалатын Манту сынамасының гипоергиялық реакциясы

г)+ теріс анергия

д) оң анергия

410.Казеозды пневмонияның емі қолайлы аяқталды деп саналады, егерде қайсы формасы қалыптасса:

а) ошақты туберкулез

б) инфильтратты туберкулез

в)+ циррозды туберкулез

г) диссеминирлі туберкулез

д) көптеген туберкулема

411. Өкпенің инфильтратты туберкулезімен ауырған науқасты қайтыс болу себептеріне қайсысы жатады:

а) өкпе бөлігінің ателектазы

б) + өкпеден қан кету

в) лимфа бездерінде ыдырау қуысының қалыптасауы

г) ішкі аруларының амилоидозы

д) өкпеде ыдыраудың пайда болуы

412. Туберкулезді инфильтраттың қайсы типінен жиі туберкулема түзіледі:

а) + дөңгелек

б) бұлттәріздес

в) лобит

г) перисциссурит

д) бронхолобулярлы

413. Өкпенің ошақты туберкулезы –ол:

а) біріншілік туберкулездің емдік нәтижесі

б) кеш анықталған туберкулездің формасы

в)туберкулездің кең өріс алған формасы

г) + екіншілік туберкулездің бастапқы формасы

д) туберкулездің деструкциялы формасы

414. Милиарлы туберкулезде болатын деструкциялық өзгерістер:

а) сирек кездеседі

б) +кездеспейді

в) жиі кездеседі

г) “штапмты ” каверна

д) ригидты каверна

415. Өкпенің жедел (милиарлы) диссеминирлі туберкулезіне тән рентгендік өзгерістер қай кезде анықталады:
а) аурудың алғашқы 1-3 күндерінде

б) 1-ші айдың аяғында
в) 2-ші айдың аяғында
г) +ауру басталғаннан кейін 7-10 күндерінде

д) ауру басталысымен 5-6 күні

416. Өкпенің диссеминирлі туберкулезі қайша пайызға дейін кездеседі:

а) 8%

б)+5%

в)10%

г)15%

д)12%

417. Өкпенің диссеминирлі туберкулезінен қанша пайыз өледі:

а) 6%

б)10%

в)20%

г)30%

д)+3%

418. Өкпенің диссеминирлі туберкулезін қандай аурумен ажырату диагностикасын жүргізбейді:

а) саркоидоздың 2 сатысы

б) өкпенің карцинаматозы

в) силикоз

г) идиопатты фиброздаушы альвеолит

д) + эхинококк

419. Диссеминирлі туберкулезде жиі не зақымдалады:

а) бүйырек және несеп жолы

б) жатыр және жатыр түтігі

в) омыртқалар

г) көздің тор қабығы

д) + өкпе


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 29 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.056 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>