Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Маралбай Даурен Маралбайұлы 1996.03.31



 

Портфолио

 

 


 

Резюме

Маралбай Даурен Маралбайұлы 1996.03.31

Оқу орны ҚазҰМУ

Дәрежесі бакалавр

Өмірлік ұстанымы – өмірде сабақтанда басқа қиын істер бар ешқашан мойынсынбау

Сүйікті ісі спортпен шұғылдану

Спорт түрі Футбол

Және ең бастысы Тәртіпке бағынған құл болмайды


№1 Аралық бақылау

Бактериялардың морфологиясы және физиологиясы.Қоректік орталар.Аэробтардың және анаэробтардың таза дақылын бөліп алу.Идентификация әдістері.Бактериялардың генетикасы.

 

 

Терминологиялық сөздік

Әмбебап қоректік орта. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.Бұл орталарға бактериялар жақсы өсетін ет-пептонды сорпасы және ашытқы саңырауқұлақтарға лайықты сусло жатады.

Арнайы орта. Ерекше органикалық заттарды қажет ететін және әмбебап ортада өспейтін хемоорганотрофты микроорганизмдерді өсіретін орта. Мысалы, спирохеталарға көмірсутегі мен аминқышқылдардан басқа, ұзын тізбекті майлы қышқылдар қажет. Олар қан сарысуы құрамына кіреді. Сондықтан спирохеталарға арналған қоректік ортаға қан не қан сарысуын қосады. Ал кейбір теңіздерде тіршілік ететін бактериялар, мысалы, Marinomonas туысына жататындар, теңіз суына қажетті болады

Элективті немесе таңдамалы орта. Бұл орта табиғи субстраттардан (топырақ, су, тағамдардан, өсімдік пен жануарлардан) микроорганизмдердің жеке топтарын бөліп алуға арналған. Оларды микробиологияға С.И.Виноградский енгізді. Элективті деп микроорганизмдердің белгілі бір тобының немесе түрінің өсуіне қажетті құрамы ерекше қоректік орталарды атайды

Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады.

М.Бейеринк ұсынған жинақ орта Жинақ ортаны М.Бейеринк ұсынды. Мұндай орталарда қандай да бір компонент артық мөлшерде болады. Сонда сол компонетті пайдаланатын микроорганизмдер өседі, яғни олар доминантты болады. Бұл орталарды табиғи субстратта саны аз бактерияларды бөліп алу үшін қолданады.



Қоректік орта (Питательная среда) - микроорганизмдерді лабораториялық және өнеркәсіптік жағдайларда өсіруге арналған белгілі бір заттектердің сүйық немесе қатты қоспасы

Бактериалар капсуласы кейбір бактериялардың бөлетін шырыш тәрізді заттары. Ол бактерияларды құрғаудан және басқа да сол сияқты қолайсыз жағдайлардан сақтап тұрады

Бактеризациялау кейбір биологиялық және биохимиялық процестердің тиімділігін арттыру үшін белгілі бір бактерияларды жеке күйінде қолдану. Бұған тұқымға бактерияларды жұқтыру, мал азығын сүрлеуде бактериалы ашытқыларды қолдану мысал бола алады.

Бактерицидтік әр түрлі факторладың (химиялық, физикалық, биологиялық) бактерияларды қыратын қасиеті. Осы факторлардың қасиеттері нашар, яғни бәсеңдеген болса, бактериостатикалық құбылыс деп атайды.

Жыныстық дифференциация – сәйкес генетиканың ақпаратты беретін және қабылдау мүмкіндігі бар донорлық және реципиенттік бактерия жасушаларының болуына негізделген.

 

 

№ 2 Аралық бақылау

Экология.Микрфлора.Антибиотиктер.Стерилизация.Инфекция.Иммунитет.Иммунды профилактика.Иммунологиялық реакциялар.Биопрепараттар ваксиналар сарысулар диагностикумдар аллергендер.

 

 

Инфекцияның түрлері. Инфекцияның спонтанды (табиғи) және экспериментальды (жасанды) болады. Спонтанды инфекция осы патогендік микробқа тән беріліс механизмі іске асқан табиғи жағдайда пайда болады және мал организмінде әлдеқашан мекендеген шартты патогендік микроорганизмдердің активтенуі арқылы болады. Жасанды инфекцияны патологиялық материалды немесе қоздырушының культурасын енгізу арқылы жасайды.

Егер спецификалық қоздырушы сырттан, қоршаған ортадан, организмге енген болса, экзогендік инфекция туралы сөз болады. Бірақ, малдың ауруға қарсы тұрушылығы төмендеген организмді коммпенсалдар есебінде мекендеушілер, шартты патогенді микробтар инфекцияны тудыра алады. Бұл эндогендік инфекция (аутоинфекция). Қоздырушының бір түрімен пайда болған инфекцияны қарапайым (моноинфекция) деп, ал бүтін бір топ микробтарының потогендік әрекетінің нәтижесінде пайда болғанда – ассоциативті деп аталады. Кейде осындай жағдайда микробтың бір түрінің басқалардың ықпалымен патогендігі күшеюінен синергизм байқалады. Әртүрлі екі аурудың қатар жүргізуіндегі инфекция аралас (қоспа) деп аталады. Тыныс жолдарының ішектің кілегейлі қабығында мекендейтін шартты патогенді микробтардың активтенуі нәтижесінде бастапқы (негізгі) фонда екінші (секундтары) инфекцияның дамуының кездейсоқтығы да белгілі. Пастерелл мен сальмонельдің патогендік әрекеттері, мысалы, классикалық шошқа обасын асқындырады. Аралас, екінші және ассоциативтік инфекциялар таршылық жерде малдардың көп шоғырланған өндірістік мал шаруашылығы жағдайында маңызды мәселе болып отыр.

Егер болып өткен инфекция мен мал организмінің оның қоздырушысынан тазарғаннан кейін сол патогендік микробтық себебімен қайтадан ауру болса, оны реинфекция дейді. Оның даму шарты сол қыздырушыға бейімділігінің сақталуы. Сол патогендік микробпен қозып, бұрынырақ дамыған инфекциялық процестің фонында басталған жаңа (қайтадан) қанығудың салдары – суперинфекция деп аталады. Аурудың қайтадан оралуы, басталған клиникалық жазылудан кейін оның нышандарының қайта көрініс беруі редцидив деп аталады. Ол малдың ауруға қарсы тұрушылығының төмендеуімен болып өткен аурудың организмде сақталған қоздырушылардың активтенуінен пайда болады. Рецидивтер тұрақты иммнитетті жеткіліксіз құрылуынан болатын ауруларға тән (бруцелез, туберкулез, жылқының індетті қан аздығы).

 

 

Инфекциядан кейiнгi белсендi иммунитет қалыптасады:

a)Ауырып болғаннан кейiн

b)Вакцинадан кейiн

c)Иммунды сарысу енгiзгеннен кейiн

d)Аллергендер енгiзгеннен кейiн

e)Антибиотиктер енгiзгеннен кейiн

 

Иммунды жүйенiң орталық мүшелерi:

a)Сүйек кемiгi

b)Көк бауыр

c)Лимфатүйiндер

d)Гепатоциттер

e)Купферов жасушалары

 

Спецификалық иммунды жауаптың индукциясына қатысатын:

a)Макрофагтар

b)Нейтрофилдер

c)Тромбоциттер

d)Плазматикалық жасушалар

e)Эритроциттер

 

Вакциналар бөлiнедi:

a)Тiрi

b)Сарысулар

c)Аллергендер

d)Гаптендер

e)Диагностикумдар

 

Иммунитеттiң жасушалық теориясының негiзiн салушы:

a)Пастер

b)Кох

c)Ивановский

d)Левенгук

e)Мечников

 

Аллерген енгiзген жерде байқалады:

a)Инфильтрат

b)Күйiк

c)Бөртпе

d)Анафилотоксиндердiң жиналуы

e)Некроздың дамуы

Емдiк сарысу енгiзгендегi ағза десенсибилизациясын қандай әдiспен

жүргiзедi:

a)Асколи

b)Безредко

c)Манту

d)Кох

e)Ивановский

 

Аллергиялық реакциялар пайда болады:

a)Иммунологиялық толеранттылық жадайында

b)Ағзаның бiрiншiлiк сенсибилизациясы бар болған жадайда

c)Иммунитет жағдайы

d)Антигеннiң жоғары дозасын енгiзгенде

e)Антигендi бөлшектеп енгiзгенде

 

№3 Аралық бақылау

Гр+ Гр- коктар.Ішек тобындағы бактериялар.Тырысқақ,эшереихиялар.

 

 


№4 Аралық бақылау

Зооноздар.Венериялық аурулар.Коринебактериялар.Микобактериялар.Анаэробтар.


1.Стафилококкты инфекцияға күдіктенгенде зерттелетін материалды қайда егеміз:

а) СТА және ҚА

б) өт сорпасы

в) Эндо ортасы

г) сарысулы агар

д) теллуритті орта
Орнитоз қоздырғышы болып табылады:

А) Legionella pneumophila

Б) Mycoplasma pneumoniae

В) Staphуlococcus aureus

Г) Candida albicans

Д) Chlamуdia psittaci

Микоплазманың биологиялық ерекшелігіне барлығы жатады, мынадан басқасы:

А) полиморфизм

Б) ригидті торша қабырғасының болмауы

В) үш қабатты мембранамен қапталған

Г) пенициллин тобындағы антибиотиктерге сезімтал

Д) тығыз қоректік ортада яичницу-глазунью ұқсас колония түзеді

Муcoplasma pneumoniae тудыратын аурудың көзі болып не табылады:

А) құстар

Б) кеміргіштер

В) бауырмен жорғалаушылар

Г) науқас адам

Д) үй жануарлары

Хламидияның жұқпалылығын қандай құрылым атқарады:

А) қосындылар денешігі

Б) гликогенді денешік

В) элементарлы денешік

Г) агрегирленген денешік

Д) инициальді денешік

Урогенитальді хламидиоздың арнайы алдын-алуы:

А) иммуноглобулиндердің енгізуін қадағалайды

Б) анықталмаған

В) науқасты оңашалауға негізделген

Г) эффективті

Д) тұрақты иммунитет қалыптасады

Коринебактериялардың морфологиялық белгілері:

А) грам теріс кокктар

В) грам оң кокктар волютин дәндерімен

С) грам теріс таяқшалар

D) грам оң таяқшалар эндоспорамен

Е) иілген пішінді

Көкжөтелдің патогенезінде басты рольді атқарады:

А) капсула түзуі

В) инвазия ферменті

С) Ent-плазмида

D) термолабильді экзотоксин

E) ақуыз А

Күл коринебактериясының биоварлары:

А) gravis

В) mitis

С) intermedius

D) аталғандардың барлығы

Е) аталғандардың ешқайсысы емес

Туберкулез бактерияларының негізгі патогенді факторы:

А) экзотоксин

В) энтеротоксин

С) капсулалар

Д) корд -фактор

Е) F-фактор

Туберкулез қоздырғышы зақымдайды:

А) өкпе

В) ОЖЖ

С) урогенитальді тракт

Д) сүйек-буын жүйесін

Е) барлық аталғандар

Сіреспе келесі қасиеттері бойынша сипатталады:

а) Clostridium tetani қоздырғышы

б) токсикалық инфекция

в) қоздырғыш анаэробты бактерияларға жатады

г) қоздырғыш спора түрінде ұзақ сақталады

д) аталғандардың барлығы дұрыс

Спора түзбейтін анаэробты бактерия өкілін таңдаңыз:

а) Clostridium perfringens

б) Bacteroides fragilis

в) Staphylococcus aureus

г) Neisseria meningitidis

д) Proteus vulgaris

Ботулизм қоздырғышының негізгі патогенді факторы болып табылады:

а) спора түзуі

б) инвазия ферменті

в) эндотоксин

г) экзотоксин

д) энтеротоксин

Жауап кілттері:1-А, 2-Д, 3-Г, 4-Г,5-В,6-Б,7-В,8-Д,9-Д,10-Д,11-Е,12-Д,13-Б,14-Г

 



№5 Аралық бақылау

Жалпы вирусология


 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 47 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | Государственное бюджетное

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)