|
;Биохимиядан практикалық сабақтарды өтеуге арналған тест
;(барлық факультеттерге арналған)
;Липидтер алмасуы және қызметі-1
?
Майлардың химиялық атауы-ацилглицериндер. Олар глицерин мен жоғары май қышқылдарының күрделі эфирлері болып табылады:
+ дұрыс
- қате
?
Адам және жануарлар ағзасында триацилглицериндер басым болады:
+ дұрыс
- қате
?
Майлардың қасиеттері олардың құрамындағы май қышқылдарымен айқындалады:
+ дұрыс
- қате
?
Фосфолипидтер-бұл құрамында фосфаттық қалдық болатын күрделі липидтер. Олар келесі төрт компоненттен тұрады: спирт, май қышқылдары, фосфат, полярлық топ.
+ дұрыс
- қате
?
Қос байланысты 2 және одан көп (полиендер) май қышқылдары адам ағзасында синтезделеді, сондықтан олар ауыстырылатын тағамдық факторларға жатқызылады:
+ дұрыс
- қате
?
Липопротеиндердің негізгі ролі-бұл липидтерді тасымалдау, сондықтан оларды биологиялық сұйықтықтарда анықтауға болады:
+ дұрыс
- қате
?
Аполипопротеиндер-бұл липопротеиндердің белоктық бөліктері:
+ дұрыс
- қате
?
Липопотеиндер құрамына бір немесе бірнеше белок кіруі мүмін. Кейбір апобелоктар липопротеиндердің интегралдық бөлігі, ал басқалары бір липопротеиннен келесісіне ауысуы мүмкін:
+ дұрыс
- қате
?
Интегралдық апобелоктар липопротеиндердің құрылымының қалыптасуы процессінде синтезделеді:
+ дұрыс
- қате
?
Қан плазмасының шеткері белоктары липопротеиндердің бір типінен келесісіне ауыстырылуы мүмкін және сол, арқылы липопротеиндердің ары қарайғы айналуларын айқындайды:
+ дұрыс
- қате
?
Апопротеин С-ІІ липопротеинлипазаның әсерін қамтамассыз етеді және сол арқылы шеткері ұлпалардағы майлардың жұмсалуын және хиломикрондардың қалдық хиломикрондарға қалдық хиломикрондарға айналуын қамтамассыз етеді:
+ дұрыс
- қате
?
Қалдық хиломикрондар құрамында апопротеин Е болады, ол гепатоциттер рецепторларымен әсерлеседі және осылай қалдық микрондар қаннан бауырға түседі.
+ дұрыс
- қате
?
Апобелок эмульгаторлар қызметін атқарады, себебі олар амфифилді заттар:
+ дұрыс
- қате
?
Кейбір аполипопротеиндер липидтер алмасуы ферменттерінің активті реттеушілері болып табылады:
+ дұрыс
- қате
?
Апобелоктар өзіндік ферменттік активтілікке қабілетті:
+ дұрыс
- қате
?
Апобелоктар липопротеиндер үшін торша рецепторларының лигандасы бола алады:
+ дұрыс
- қате
?
Көптеген апобелоктар липидтерді бір липопротеиндерден келесіне тасымалдануды атқарады:
+ дұрыс
- қате
?
Апобелоктар липопротеиндердің құрылымының қалыптасуына қатысады:
+ дұрыс
- қате
?
Нәрестеде майлардың қорытылуы тек ішекте келесі схема бойынша "өт бөлінуі (майларды эмульгирлеу (панкраттық липазаның әсері" өтеді:
+ дұрыс
- қате
?
Өттің маңызды компоненттері: өт қышқылдары-6,2%, өт пигменттері (гемнің ыдырау өнімдері)-3,2%, холестерин-0,5%, фосфолипидтер-0,5%:
+ дұрыс
- қате
?
Өттің негізгі қызметі-бұл липидтердің қорытылуы мен сіңірілуіне қатысу:
+ дұрыс
- қате
?
Өттің секреттелуі ағзадан холестериннің артық мөлшерін шығарудың негізгі жолының бірі болып табылады:
+ дұрыс
- қате
?
Ішектерде микрофлора ферменттері әсерінен конъюгирленген өт қышқылдары таурин, глицинді жоғалтып екінші ретті өт қышқылына дезоксихоль және литохольға айналады:
+ дұрыс
- қате
?
Ішектерде микрофлора ферменттері әсерінен конъюгирленген өт қышқылдары таурин, глицинді жоғалтып екінші ретті өт қышқылына дезоксихоль және литохольға айналады:
+ дұрыс
- қате
?
Адамда ішекке түсетін 95% өт қышқылдары ішек қабырғасында қайта сіңіріліп, қан арқылы қайтадан бауырға түсіп, өт қапшығына жиналады да қайта ішекке түсуге дайын болады. Бұл оның энтерогепатикалық айналымға түсуі:
+ дұрыс
- қате
?
Өт қышқылдарының синтезінің негізгі ферменті-бұл:
+ 7альфа-гидроксилаза
- ГМК-КоА-редуктаза
- Циклооксигеназа
- Ацил-КоА-карбоксилаза
- ГМК-КоА лиаза
?
Өт тасы аурулары ерлермен салыстырғанда әйелдерде 3-4 есе жиі кездеседі, себебі өт қышқылдарының синтезінің негізгі ферментінің корепрессоры келесі зат болып табылады:
- Т3 және Т4
+ эстрогендер
- андрогендер
- глюкокортикоидтар
- пептидтік гормондар
?
Бірінші ретті өт қышқылдары келесі заттар:
+ холь және хенодезоксихоль
- холь және дезоксихоль
- холь және литохоль
- хенодезоксихоль және дезоксихоль
- дезоксихоль және литохоль
?
Екінші ретті өт қышқылдары келесі заттар:
- холь және хенодезоксихоль
- холь және дезоксихоль
- холь және литохоль
- хенодезоксихоль және дезоксихоль
+ дезоксихоль және литохоль.
?
Бауыр(өт қапшығы (ішек(қақпалы вена(бауыр жолын холестериннің келесі туындысы өтеді:
- кортизол
+ өт қышқылдары
- альдостерон
- Д-витамині
- прогестерон.
?
Майлардың қорытылуы-бұл майлардың келесі фермент әсерінен гидролизденуі:
- сілекей амилазасының
+ панкреаттық липазаның
- өт қышқылдарының
- 7альфа-гидроксилазаның
- ГМК-КоА-лиазаның.
?
Эмулгирлену келесі зат әсерінен өтеді:
- сілекей амилазасының
- панкреаттық липазаның
+ өт қышқылдарының тұздары
- 7альфа-гидроксилазаның
- ГМК-КоА-лиазаның.
?
Өт мицелласының құрамы-бұл:
- өт қышқылы және холестерин
+ өт қышқылдары, фосфолипидтер және холестерин
- фосфолипид, холестерин
- өт қышқылы, фосфолипид
- өт қышқылы, фосфолипид, холестерин, сквален.
?
Майлар қорытылуының негізгі өнімдері болып табылады:
- бета-моноацилглицериндер, холестерин;
- май қышқылдары, фосфолипидтер
- фосфолипидтер, холестерин
+ май қышқылдары, глицерин
- май қышқылдары, фосфолипидтер, холестерин.
?
Ащы ішектің шырышты қабығының торшасынан өтетін қоспалы мицелланың құрамына келесі заттар кіреді:
- майлар гидролизінің амфифилдік өнімдері
- майда еритін витаминдер
- холестерин
- өт қышқылдары
+ барлық келтірілген компоненттер.
?
Энтероциттерде қоспалы мицеллалар ыдрайды және майлардың гидролизінің өнімдері келесі процеске түседі:
- тотығуға
- тотықсыздануға
+ ресинтезге
- эмулгирленуге
- деполануға.
?
Майлардың қорытылуы және сіңірілуі жылдамдығының төмендеуі нәжісте (фекалий) қорытылмаған майлардың пайда болуына әкеледі. Бұл құбылыс аталады:
+ стеаторея
- гипербилирубинемия
- холестаз
- порфиринурия
- уропорфирия.
?
Экзогендік майлардың (тағамдық) ішектен ұлпаларға тасымалдануын атқарады:
+ хиломикрондар
- аралас мицеллалар
- фосфолипидтер
- өт мицеллалары
- эйкозаноидтар.
?
Энергетикалық материалдарды резервтеу, термоизоляциялау, механикалық қорғаныс қызметі келесі затқа тән:
- глицерофосфолипидтерге
+ триацилглицериндерге
- сфингифосфолипидтер және сфингомиелиндерге
- стероидтарға
- гликолипидтерге.
?
Өкілдері мембрананың құрылымдық компоненті, ал фосфатидилхолині сурфанктанттың құрылымдық компоненті және липопротеиндер құрамына кіретін лиридтер классы - бұл:
+ глицерофосфолипидтер
- триацилглицериндер
- сфингифосфолипидтер және сфингомиелиндер
- стероидтар
- гликолипидтер.
?
Өкілдері ми ұлпасының мембранасының негізгі құрылымдық компоненті болатын липидтер классы - бұл:
- глицерофосфолипидтер
- триацилглицериндер
+ сфингифосфолипидтер және сфингомиелиндер
- стероидтар
- гликолипидтер.
?
Өкілдері ми ұлпасының мембранасының компоненті, рецепторы, әртүрлі типтегі торшалардың бетіндегі антигендік құрылым болатын липидтер классы - бұл:
- глицерофосфолипидтер
- триацилглицериндер
- сфингифосфолипидтер және сфингомиелиндер
- стероидтар
+ гликолипидтер.
?
Өкілдері мембрананың компоненті, өт қышқылдары мен стероидтық гормондар синтезіндегі алғызат болатын липидтер классы - бұл:
- глицерофосфолипидтер
- триацилглицериндер
- сфингифосфолипидтер және сфингомиелиндер
+ стероидтар
- гликолипидтер.
?
Толық жауапты көрсетіңіз. Ащы ішектің шырышты қабығында өтеді:
- майлардың ресинтезі
- жетілмеген хиломикрондардың түзілуі
+ майлардың ресинтезі және жетілмеген хиломикрондардың түзілуі
- майлардың ресинтезі және жетілген хиломикрондардың түзілуі
- майлардың ресинтезі және жетілген хиломикрондардың түзілуі, содан кейін, жетілген хиломикрондардың түзілуі.
?
Жетілген хиломикрондардың түзілуі өтеді:
- ащы ішектің шырышты қабығының торшасында
+ қанда
- лимфада
- адипоциттерде
- гепатоциттерде.
?
Қате жауапты көрсетіңіз. Липидтер катаболизмінің бастапқы реакцияларын липаза катализдейді. Оны цАМФ-тәуелді каскадты механизм арқылы келесі зат активтендіреді:
- глюкагон
+ инсулин
- адреналин
- норадреналин
- адренокортикотроптық гормон.
?
Қанда жетілмеген хиломикрондардың жетілгенге айналуы келесі заттың қосылуымен байланысты:
+ шеткері апопротеиндердің (С-ІІ және Е)
- интегралдық апопротеиндердің (апо В-100, апо В-48)
- фосфолипидтердің
- триацилглицериндердің
- гидрофобтық липидтердің.
?
Қалдық хиломикрондардың түзілуі олардың келесі негізгі бөлікті алып тастау арқылы жүреді:
- шеткері апопротеиндерді (С-ІІ және Е)
- интегралдық апопротеиндерді (апо В-100, апо В-48)
- фосфолипидтерді
+ триацилглицериндерді
- гидрофобтық липидтерді
?
Хиломикрондардың қызметі-бұл экзогендік майларды тасымалдау:
+ ішектен ұлпаларға
- ішектен қоршаған ортаға
- ішектен қанға
- қаннан ішекке
- ұлпадан ішекке.
?
Қанда хиломикрондар эндотелиалдық тамырдың бетінде орналасқан келесі ферменттің әсеріне түседі:
- ацетил-КоА-карбоксилазаның
+ липопротеинлипазаның
- май қышқылдарының синтазасының
- колипазаның
- тиолазаның.
?
Қалдық хиломикрондардың келесі мүше торшасының лизосомасындағы ферменттердің гидролиттік әсеріне түседі:
- бүйректердің
+ бауырдың
- ОЖЖ-ның
- өкпелердің
- ішектердің.
?
Бауырда синтезделген липидтердің тасымалдануын атқарады:
+ ТӨТ ЛП (тығыздығы өте төмен липопротеиндер)
- ТА ЛП(тығыздығы аралық липопротеиндер)
- ТТ ЛП(тығыздығы төмен липопротеиндер)
- ТЖ ЛП(тығыздығы жоғары липопротеиндер)
- хиломикрондар.
?
ТӨТ ЛП-ның ТТ ЛП-ға айналуының аралық формасы-бұл:
- ТӨТ ЛП(тығыздығы өте төмен липопротеиндер)
+ ТА ЛП(тығыздығы аралық липопротеиндер)
- ТТ ЛП(тығыздығы төмен липопротеиндер)
- ТЖ ЛП(тығыздығы жоғары липопротеиндер)
- хиломикрондар.
?
Қосылыс май қышқылы деп аталады, егер оның молекуласындағы көміртегі атомдарының саны келесіден көп болса:
- бірден
- екіден
- үштен
+ төрттен
- бестен
?
С16: 0 - бұл:
+ пальмитин қышқылы
- стеарин қышқылы
- линоль қышқылы
- линолен қышқылы
- арахидон қышқылы
?
С18: 0 - бұл:
- пальмитин қышқылы
+ стеарин қышқылы
- линоль қышқылы
- линолен қышқылы
- арахидон қышқылы
?
С18: 2 - бұл:
- пальмитин қышқылы
- стеарин қышқылы
+ линоль қышқылы
- линолен қышқылы
- арахидон қышқылы
?
С18: 3 - бұл:
- пальмитин қышқылы
- стеарин қышқылы
- линоль қышқылы
+ линолен қышқылы
- арахидон қышқылы
?
С20: 4 - бұл:
- пальмитин қышқылы
- стеарин қышқылы
- линоль қышқылы
- линолен қышқылы
+ арахидон қышқылы
?
Майлардың синтезі процессінде глицерин келесі заттарға айналады:
+ фосфоглицеринге
- фосфодиоксиацетонға
- фосфатид қышқылына
- диацилглицеринге
- глюкозаға
?
Глицериннің фосфоглицеринге айналуы реакциясын келесі фермент катализдейді:
- фосфоглицеридегидрогеназа
+ глицеринкиназа
- ацил-КоА-синтаза
- гормонсезімтал липаза
- панкреаттық липаза
?
Глюкозаның ыдырауында түзілетін фосфодиоксиацетон майлардың синтезінде келесі затқа айналады:
+ фосфоглицеринге
- глицеринге
- фосфатид қышқылына
- диацилглицеринге
- оксалоацетатқа
?
Фосфодиоксиацетонның фосфоглицеринге айналуы реакциясын келесі фермент катализдейді:
+ фосфоглицеридегидрогеназа
- глицеринкиназа
- ацил-КоА-синтаза
- гормонсезімтал липаза
- панкреаттық липаза
?
Май қышқылын активтендіруге жұмсалатын шығындық эквиваленті келесіге тең:
- 1 АТФ молекуласына
+ 2 АТФ молекуласына
- 3 АТФ молекуласына
- 4 АТФ молекуласына
- 5 АТФ молекуласына
?
Фосфоглицерин ацил-КоА-ның 2 молекуласымен әсерлесіп келесі затты түзеді:
- триацилглицеринді
- моноацилглицеринді
+ фосфатид қышқылын
- диацилглицеринді
- полиацилглицеринді
?
Фосфатид қышқылының түзілуі реакциясын келесі фермент катализдейді:
- фосфоглицеридегидрогеназа
- глицеринкиназа
- ацил-КоА-синтаза
- гормонсезімтал липаза
+ глицерол-3-фосфатацилтрансфераза
?
Фосфатидтік қышқыл фосфор қышқылын бөлген соң келесі затқа айналады:
- триацилглицеринге
- моноацилглицеринге
- глицеринге
+ диацилглицеринге
- полиацилглицеринге
?
Диацилглицерин ацил-КоА-ның бір молекуласымен әсерлескенде келесі зат түзіледі:
+ триацилглицерин
- моноацилглицерин
- глицерин
- май қышқылы
- полиацилглицерин
?
Май ұлпасында фосфоглицериннің шығу көзі тек келесі зат болуы мүмкін:
+ диоксиацетонфосфат
- глицерин
- триацилглицерин
- моноацилглицерин
- диацилглицерин
?
Бауырда синтезделген майлар жинақталады:
- хиломикрондарға
+ ТӨТ ЛП-ға
- ТТ ЛП-ға
- ТА ЛП-ға
- ТЖ ЛП-ға
?
Абсорбті кезеңде липопротеинлипазаның активтілігі келесі зат әсерінен жоғарлайды:
+ инсулиннің
- адреналиннің
- лептиннің
- соматотроптық гормонның
- глюкагонның
?
Майлардың мобилизациясы -бұл олардың келесі заттарға гидролизденуі:
+ глицерин мен май қышқылдарына
- диоксиацетонфосфат пен май қышқылына
- холестерин мен май қышқылына
- май қышқылы, диоксиацетонфосфат, глицеринге
- диоксиацетонфосфат, глицеринге
?
Майлардың мобилизациясын келесі екі фермент атқарады, моноглицеридлипаза және:
- фосфоглицеридегидрогеназа
- глицеринкиназа
- ацил-КоА-синтаза
+ гормонсезімтал липаза
- глицерол-3-фосфатацилтрансфераза
?
Май қышқылдарының тасымалдануын қан плазмасының келесі белоктары қамтамассыз етеді:
- глобулиндер
+ альбуминдер
- иммуноглобулиндер
- фибриноген
- интерферон
?
Лептин синтезделеді:
- эритроциттерде
- гепатоциттерде
+ адипоциттерде
- энтероциттерде
- альвеолоциттерде
?
Лептиннің әсеріне байланысты:
- тәбеттің ашылуы
+ тәбеттің төмендеуі
- липогенездің күшеюі
- май қышқылының бета-тотығуы
- май қышқылының синтезі
?
Бауырда түзілетін липопротеиндердің бауырда көмірсудан синтезделген эндогендік майларды май ұлпасына келесі формасы тасымалдайды:
- хиломикрондар
+ ТӨТ ЛП
- ТТ ЛП
- ТА ЛП
- ТЖ ЛП
?
Бауырда түзілетін липопротеиндердің, холестеринді ұлпадан бауырға келесі формасы тасымалдайды:
- хиломикрондар
- ТӨТ ЛП
- ТТ ЛП
- ТА ЛП
+ ТЖ ЛП
?
ТӨТ ЛП-дан қанда түзілетін липопротеиндердің холестеринді ұлпаларға келесі формалары тасымалдайды:
- хиломикрондар
- ТӨТ ЛП
+ ТТ ЛП
- ТА ЛП
- ТЖ ЛП
?
Бауыр торшаларында өндірілетін компоненттерден құралатын мицеллалардан тұратын сарғыш-жасыл түсті қоймалжың зат аталады:
- қан
- зәр
+ өт
- ликворь
- синовиалдық сұйық
?
Өттің негізгі қызметі - бұл келесі заттың қорытылуы және сіңірілуіне қатысу:
- белоктың
- көмірсудың
+ липидтің
- нуклеин қышқылының
- минералдық компоненттің
?
Өттің секреттелуі ағзадан келесі заттың артық мөлшерінің шығарылуының негізгі жолы болып табылады:
- триацилглицериндердің
- май қышқылдарының
- глицериннің
+ холестериннің
- цереброзидтің
?
Холестерин ағзадан бос күйінде де және келесі зат түрінде де шығарылады:
- аминоқышқыл
- май қышқылы
+ өт қышқылы
- нуклеин қышқылы
- кетоқышқылы
?
Өт қышқылдары май тамшыларын қоршап беткейлік керілуді төмендетеді, ол тамшылардың бөлшектенуіне әкеледі. Бұл процесс аталады:
+ эмульгирлену
- сіңірілу
- гидролиз
- липолиз
- липогенез
?
Панкреаттық бездің активтендірушісі - бұл:
+ колипаза
- ацил-КоА
- ацетил-КоА
- проколипаза
- липопротеинлипаза
?
Сіз ашқарында алынған адам қанын мұздатқышқа қойдыңыз. Қан сарысуының бетіне ақ май жентектері хиломикрондар қалқып шықты. Сіз келесі заттың генетикалық ақауынан сезіктенесіз:
- ацетил-КоА-карбоксилазаның
+ липопротеинлипазаның
- май қышқылдары синтазасының
- колипазаның
- тиолазаның
?
Колипаза классикалық активатор емес, ол тек субстратты байланыстырады және оны келесі заттың активті орталығына жақындатады:
+ панкреаттық липазаның
- липопротеинлипазаның
- гормонсезімтал липазаның
- липидтер липазасының
- глицерин киназаның
?
Моноацилглицериндердің бір бөлігінің гидролизге түсіп глицерин мен май қышқылдарына айналуы келесі фермент әсерінен жүреді:
- панкреаттық липазаның
- липопротеинлипазаның
- гормонсезімтал липазаның
+ липидтерэстеразасының
- глицеринкиназаның
?
Моноацилглицериндер, холестерин, май қышқылдарымен бірге өт қышқылдарымен қосылып сіңірілетін зат - бұл:
+ қоспалы мицелла
- хиломикрондар
- тығыздығы өте төмен липопротеиндер
- тығыздығы төмен липопротеиндер
- тығыздығы аралық липопротеиндер
?
Майлардың гидролизі өнімдерінің ішектің шырышты торшаларына ауысуы келесі зат түрінде атқарылады:
+ қоспалы мицелла
- хиломикрондар
- тығыздығы өте төмен липопротеиндер
- тығыздығы төмен липопротеиндер
- тығыздығы аралық липопротеиндер
?
Энтероциттерде майлардың гидролизденген өнімдерінен келесі заттың ресинтезі өтеді:
+ триацилглицериндердің
- май қышқылдарының
- глицериннің
- ацил-КоА-ның
- ацетил-КоА-ның
?
Энтероциттерде ресинтезделген майлар келесі комплекске жинақталады:
- қоспалы мицеллалар
+ хиломикрондар
- тығыздығы жоғары липопротеиндер
- тығыздығы төмен липопротеиндер
- тығыздығы аралық липопротеиндер
?
Триацилглицериндердің екінші ресинтезі өтеді:
- эритроциттерде
+ адипоциттерде
- энтероциттерде
- гепатоциттерде
- нейрондарда
?
Экзогендік майларды ұлпалардың пайдалануын келесі фермент қамтамассыз етеді:
- панкреаттық липаза
+ липопротеинлипаза
- гормонсезімтал липаза
- липидтер эстераза
- глицеринкиназа
?
Ағзаға майлардың энергияға қажеттілігінен артық мөлшерінің түсуі нәтижесінде ол келесі бөлікте деполанады:
- эритроциттерде
+ адипоциттерде
- энтероциттерде
- гепатоциттерде
- нейрондарда
?
Эндогендік майлардың көмірсулардан синтезделуі бауырда және келесі мүшеде өтеді:
+ май ұлпасында
- өкпеде
- бүйректерде
- бүйрекүстілерде
- қанда
?
Цероброзидтер көмірсулық компоненті ретінде құрамында болады:
+ моносахаридтердің
- әртүрлі мономерлерден тұратын олигосахаридтердің
- крахмалдың
- целлюлозаның
- гликогеннің
?
Ганглиозидтер көмірсулық компоненті ретінде құрамында болады:
- моносахаридтердің
+ әртүрлі мономерлерден тұратын олигосахаридтердің
- крахмалдың
- целлюлозаның
- гликогеннің
?
Адам ағзасында майлардың қалыпты мөлшері келесі өлшемге тең:
+ 6-10 кг
- 10-20 кг
- 20-30 кг
- 30-40 кг
- 40-50 кг
?
Сфингофосфолипидтердің молекуласының құрамында болмайды:
- сфингозин
- май қышқылы
- фосфор қышқылы
+ холестерин
- полярлық топтасу
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 31 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |