Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

41.Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын



41.Кодекс Куманикус (лат. Codex Cumanіcus), «Қыпшақ тілінің сөздігі» – қыпшақ тілінде жазылған діни мәтіндер мен сөздіктерден тұратын кітап (латын әліпбиінде қалыптасқан қысқаша атауы – СС), 82 парақтан (164 бет) құралған қолжазба. Екі бөлімнен тұрады. Бірінші бөлімі (1–10 б.) – үш бағана етіп жазылған латынша-парсыша-куманша сөздік. Қалған жартысындағы сөздер лексикалық мағыналарына қарай топтастырылған. Мысалы, адамның дене мүшелерінің аттары, егіншілікке байланысты сөздер, т.б. Екінші бөлімі (111–164 б.) – діни уағыздар. Осы бөлімдегі мәтіндер мен жұмбақтарды көрнекті неміс түркітанушысы А. фон Габен «кумандар әдебиетінің үлгісі» деп таниды. Көптеген қыпшақ сөздері көне неміс тіліне, кейде латын тіліне де аударылып берілген. Жеке сөйлемдер мен сөз тізбектері, жеке сөз тізімдері мен аудармасыз берілген жұмбақтар, қыпшақ тілінің латынша жазылған қысқаша грамматикалық очеркі де бар.

Хұсрау мен Шырын” — Алтын Орда дәуірінің әдеби мұрасы. Авторы — Құтб қыпшақ тайпасынан шыққан. Ол бұл шығарманы Низами Гәнжауидің парсы тілінде жазылған “Хұсрау уа Шырын” поэмасынан аударған. Поэма Хұсрау деген жігіт пен Шырын есімді қыздың арасындағы шынайы махаббатты баяндауға арналған. Хұсрау мен Шырын махаббаты — Әзірбайжан ақыны Низами мен үнді ақыны Әмір Хұсрау Дехлевиден бастап қазіргі уақытқа дейін жырланып келе жатқан тақырыптардың бірі.Таяу Шығыс пен Орта Шығыс, Кавказ мен Орталық Азия, үнді халықтарының фольклорында “Хұсрау мен Шырын” аңызы негізінде жазылған барлығы 50-ден астам поэма бар. Ақын-жазушылардың талай ұрпағының назарын аударған бұл аңыз ғасырлар өткен сайын сан түрлі өзгерістерге ұшырап, өңделіп отырған. Оның әрбір нұсқасы қайталанбас халық даналығымен толығып, сюжеттері де көп өзгерген. А.Н. Самоилович "Хұсрау мен Шырынды" Алтын Орданың әдеби ескерткішіне жатқызады.

35. Тарих-и Рашиди – Моғолстанда өмір сүрген тарихшы, əдебиетші Мұхаммед Хайдар Дулаттың еңбегі. Кітапта XIV – XVI ғасырлардағы Моғолстан тарихы баяндалады. Шығарма 1542 – 1546 жылдары Кашмирде парсы тілінде жазылған. Кітап екі дəптерден тұрады. Алғашқы дəптерде Моғолстанды билеген Шағатай əулеті хандарының тарихы суреттелсе, екінші естелік дəптерде Мұхаммед Хайдардың Кашмирді жаулап алғанға дейінгі тарихи оқиғалары сөз болады. «Тарих-и Рашиди» – Қазақ хандығының құрылуы туралы мəлімет беретін аса құнды еңбек. Онда Жəнібек пен Керейдің Қазақ хандығының негізін қалағандығы туралы айтылады. Сондай-ақ кітапта қазақ хандарының бір ғасырға жуық тарихы да қамтылған. Қазақ тарихына қатысты жерлерін парсы тілінен орыс тіліне алғаш В.В. Вельяминов-Зернов аударды. Ал қазақ тілінде 2003 жылы жарық көрді. Мұхаммед Хайдар Дулат өз еңбегіне моғолдар арасына кең тараған дулат əмірлерінің аңыз-əңгімелерін, құжаттарды, əсіресе, тарихшылардың жазбаларын кеңінен пайдаланған.



26.Отрар ойраны. «Осы Отырарға қатысты дау Шыңғысхан есімінен туындайды. Оны Ибн ал-Асир мен Рашид ад-дин былай суреттейді: “Шыңғысхан өз әскерін киіндіретін мата сатып алу үшін, көп мөлшерде күмістер, құндыздар және тағы басқа заттардан қор жасап беріп, Мавереннахр, Самарқанд, Бұқара қалаларына керуен жөнелткен. Олар түркі қалаларының бірі Отырар қаласына кіреді. Керуен келген кезде Отырар билеушісі Хорезмшахқа алтын мен күміс әкелген түркілер туралы хабар береді. Хорезмшахтың бұйрығымен Қайырхан түркілерді өлтіріп, мүліктің барлығын Хорезмшахқа жіберген...”. Деректерге қарап отырсақ таң қаласың. Шыңғысхан неге дәл Отырарға керуен жіберген. Орталық Азия жерінде Отырардан басқа да қалалар бар еді ғой.Ал, осы моңғолдар келіп, жаңағы елшілерін жібереген кезде, олар елшілерін жібермес бұрын моңғолдардың тәсілі бар. Олар арнайы барлаушылар ретінде саудагерлер жібереді. Олар бір жыл бұрын арнайы келіп, қай жерінен кіруге болады? Онан кейін олардың басшылары кім? Оны қандай топтар қолдайды? Оларды қалай өз жағымызға шығарып аламыз? Немесе басқа бір уәделер беріп, билік беріп осының бәрін Шыңғысхан алдын ала ойластырып барлаушылар арқылы білуге тырысқан. Саудагерлердің миссиясы шынымен де барлаушылық болса онда Қайырханның амалы түсінікті.»

1218 жылы Шыңғысхан басқарған Моңғолдың қалың қолы Қазақстанның Жетісу өңіріне аттанды. Бірнеше қала, мыңдаған халық, мал-мүлік Монғолдардың олжасына айналды. Оңтүстік Қазақстан қалалары ішіндегі Отырар сол кездегі ең мықты қалалардың бірі саналды. Оның билеушісі Қайырхан есімді әскербасы еді. Отырар қаласын басып алуға Моңғолдар 1219 жылы 200 мыңға жуық әскерін аттандырады. Отырарлықтар өз қаласын қасық қандары қалғанша қорғап, беріспеді. Қатты қарсылыққа ұшыраймыз деп ойламаған Шыңғысхан ашуланып, қаланың бекініс орнын жермен - жексен етіңдер деген бұйрық береді. Бес ай бойы жауға берілмей шайқасады. Қалада азық-түліктің қоры да таусылады. Аштыққа шыдамай, «соғыс жеңіліспен аяқталады» деген оймен Қаража атты сатқын өзі басқаратын Отырар әскерінің 10 мың адамнан тұратын бір бөлігін бастап моңғолдар жағына өтіп кетеді. Ол қаланың дарбазасын жауға ашып береді. Соның опасыздығынан қаланы 1220 жылы ақпанда монғолдар басып алды. Аңыздарға қарағанда, монғолдар Қайырханның тамағына қорғасын құйып өлтіреді. Қаланы бірнеше күн бойы тонап, қиратады.

27 Отырар қаласын ерлікпен қорғау. Шапқыншылар Сырдария өзені бойындағы қалаларға келіп жетті. Ол қалалардың ішіндегі атағы көбірек шыққаны да, мықты қорғаны және көп әскері бары да Отырар еді. Қала басшысы Қадыр хан (Қайыр хан) болатын. Қаланы басып алуға 1219 жылы күзге қарай моңғолдың 150 мың қолы аттанды. Қадыр ханның басшылығымен отырарлықтар туған қаласын қорғауға барынша әзірленді. Жиырма мың әскерді жақсы қаруландырды. Қорған дуалының үстіне құм салынған қаптар үйілді. Ыстық су құятын бөшкелер әзірленді, қорған қазылған ор сумен толтырылды. …Амалы таусылғандықтан, моңғол әскері енді Отырарды түгел қоршады. Бірақ бес ай өтсе де, ештеңе істей алмайды. Не пайда, осы күндері адам ойламаған бір қайғылы оқиға болды. Отырарға Хорезм шаһы көмекке жіберген Қараша (Қарашоқы)қолбасы опасыздық жасады. Қорғанның бір дарбазасынан моңғолдар лап қояды. Ендігі шайқас қала ішінде болады. Әскердің көбі қырылғаннан кейін Қадырхан қаланың ортасындағы бекініс – сарайға кіріп қорғанады. Қалаға кірген моңғол әскерлері отырарлықтарды қойдай бауыздайды. Бекініс – сарайдағы ер жүрек Қадырхан мен оның батыр жауынгерлері бір айдан астам жаумен тапжылмай шайқасады. Күші басым жау ақыры жеңеді…

28 Жасақ, Яса — Шыңғыс хан империясының әскери-құқықтық заңдар жинағы. Шамамен Шыңғыс хан ұлы хан тағына отырғаннан кейін (1206) құрастырылған. Жасақ заңы ежелгі түркі қағандары мен 10 — 12 ғасырларда өмір сүрген түркі ұлыстарының әскер құру тәртібі, ел билеу жүйесі және тұрмыс-салт заңдары негізінде пайда болды және Шыңғыс ханның мұрагерлері оны бұлжытпай орындап отырды. Жасақтың 33 заң тармағы мен Шыңғыс хан айтты деген қосымша сөздер сақталған. Жасақ ережелерінде, негізінен, әскерді ұйымдастыру мен басқару, жауынгерлер мен әскербасылар (нояндар) және хандар арасындағы қарым-қатынас мәселелері, сондай-ақ, әкімшілік-құқықтық ережелер баяндалған. Шыңғыс хан империясы ыдырағаннан кейін құрылған түркі мемлекеттерінде, соның ішінде Қазақ хандығында Жасақ заңы сақталып қалды. 16 — 18 ғасырларда осы заңның негізінде Қазақ хандығында жаңа заңдар жасалынды; Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы. Жеті Жарғы.

29 Өзбек пен Жанібек хандар тұсындағы - Алтын Орда. Өзбек 1312-1342 жж., Жәнібек- 1342-1357 жж., тұсында қуатты кемеліне келіп, билігі мейлінше күшейе түсті. Егер Жошы мен Бату Монғолиядағы ұлы ханға белгілі бір дәрежеде бағынышты болса, Беркеден бастап Алтын Орда хандары өздерін тәуелсізбіз деп есептеді. Ол Батыс Еуропамен, Мысырмен, Кіші Азиямен, Үндістанмен, Қытаймен сауда-саттық жүргізді, әр түрлі кәсіпшілікпен айналысып, қолөнерді дамытты. Беркенің кезінде Алтын Орда мен Египет сұлтаны Бейбарыс арасында байланыс күшейе түсті. 1262 жылы Бейбарыс Алтын Орда ханы Беркемен өзара достық қарым қатынас орнату үшін өз елшісін жіберді. Мұнан кейін екі ел арасында әскери, сауда, діни, мәдени байланыстар орнады.

25Орта Азия халықтарының тарихындағы Шыңғыс ханның рөлі. Шыңғыс ханның негізгі мақсаты батыс елдерін – Орта Азия мен Иранды, Таяу Шығыс пен Кавказды, Шығыс Европаны басып алу болды. Батыста монғолдар 1211 жылы алғаш рет Жетісу жеріне келгенімен ұзақ тұрақтай алмады. Бұл жылы монғол әскерін Жетісуға Шыңғыс ханның қолбасшыларының бірі Құбылай бастап келген болатын. 1216 жылы Шыңғыс хан өзінің үлкен ұлы Жошыны қыпшақ даласында көшіп-қонып жүрген меркіттерді біржолата талқандауға аттандырды. Жошы Торғай даласында қыпшақтарға қарсы 60 мың әскерімен жорыққа шыққан хорезмшах Мұхаммедтің қолымен кездесіп қалды. Екі жақ күні бойы шайқасты, ал түнде монғолдар жаққан оттарын қалдырған күйі кері шегініп кетті.
Монғолдардың батысқа қарай жылжуы 1218 жылы қайта басталды. Осы жылы қаңлы, найман және керей тайпалары жайлаған Жетісу жеріне алғашқы соққы берілді. Бұл кезде Жетісуды наймандардың Күшлік ханы билеп тұрған еді. Оған қарсы Шыңғыс хан өзінің таңдаулы қолбасшыларының бірі Жебені жіберді. Монғолдар жергілікті халыққа ислам дінін жария түрде ұстануға рұқсат етіп, Күшліктің мұсылмандарды қудалауына байланысты халықтың наразылығын тиімді пайдаланды. Сонымен қатар Жетісу халқын өз жағына тарту үшін Шыңғыс хан бұл өлкеде тонаушылық пен қырғынға тиым салды. Көптеген елді мекендер, соның ішінде Баласағұн қаласы ұрыссыз берілді, ал Күшлікті монғолдар Бадахшанда ұстап, өлтірді. Шығыс Түркістан мен Жетісуды басып алғаннан кейін монғолдарға Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияға жол ашылды. Бұл өңірге басып кіруге «Отырар апаты» деп аталатын оқиға сылтау болды. 1218 жылы жазда Шыңғысханның тапсырмасымен құрамында көпестері мен монғол барлаушылары бар, барлығы 450 адамнан тұратын 500 түйеге теңделген жүгі бар керуен Отырарға аттанады. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестерді жансыздар деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырады, керуен тоналады. Бұған шамданған Шыңғысхан оның қарымтасы ретінде хорезмшах Мұхаммедтен Қайыр ханды ұстап беруді талап етіп, елшілерін жібереді, ал хорезмшахтың келген елшілерді өлтіруі соғысқа сылтау болады. Шыңғысхан Орта Азияны бағындыруға өз вассалдарының жасақтарымен қоса жалпы саны 150 мың адамы бар қалың қол жіберді. Әскери жорық 1219 жылы қыркүйекте Ертіс жағалауынан басталды. Отырар қаласы қоршауға алынды. Өзінің әскерін үш топқа бөлген Шыңғысхан бір бөлігін Отырарды алу үшін ұлдары Шағатай мен Үгедейге қалдырды, үлкен ұлы Жошы бастаған екінші бөлігін Сырдарияның төменгі ағысына аттандырды. Өзі Бұқараға бет алды. Отырар билеушісі Қайыр хан ерлікпен шайқасты, ол басқарған әскер мен қала тұрғындары басқыншыларға қарсы табан тіресе қарсылық көрсетті, қаланы 5 ай бойы ұстап тұрды. Бесінші айдың аяғында хорезмдік әскербасы Қараджа хаджиб опасыздық жасап, қаланың қақпасын ашып, 10 мың әскерімен монғолдар жағына шығып кетіп, оларды қалаға жіберіп қойды, кейін оның өзі осы опасыздығы үшін монғолдар тарапынан өлтірілді. Қайыр хан өз жауынгерлерімен қамалда тағы бір ай қорғанды. Бірақ күш тең болмады, қамал қиратылды, 1220 жылы ақпанда Отырар қаласы алынды, Қайыр хан қолға түсіп, қатал жазаланып өлтірілді. Отырар сияқты Сыр бойындағы Сығанақ, Ашнас және т.б. қалалар тұрғындары да монғолдарға қатты қарсылық көрсетті. Араб және парсы тіліндегі тарихи деректерде монғолдар халқын түгелдей қырып, күл-талқан қиратқан отыз шақты қалалар аталады. Олардың ішінде оңтүстік-қазақстандағы Отырар, Сығанақ, Ашнас қалалары бар. Монғолдар Сырдария өңіріндегі қалаларды бағындырып, Орта Азияға қарай ішкеріледі. Үргенішті қоршауға алу бірнеше айға созылды. Монғолдар Бұқарды, Самарқанды алды, Хорезмді жаулап алды. 1221 жылы көктемінде монғолдар Орта Азияны жаулап алуды аяқтады.

24Махмуд Қашқаридың «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі - түркі тілдес халықтардың энциклопедиясы.
Түрік тайпаларының тілі, фольклоры, этнографиясы туралы шығарма авторы Махмуд Қашқари (1029-1101) еді, оның халиф әл-Мухтадиге арнап 1072-1074 жж. жазған "Түркі тілдерінің сөздігі" («Диуани лұғат ат-түрк») атты атақты шығармасы бар. Онда тарихи-мәдени, этнографиялық және лингвистикалық материалдар жинақталып, кеңінен қамтылған. "Түркі тілдерінің сөздігі" - XI ғасырдағы түркі халықтарының дүние танымының ерекшелігін, этникалық құндылықтары мен мінез-құлық нормаларын сипаттайтын түркі мәдениетінің ескерткіші, онда ата-бабаларымыздың бұрыңғы мұралары толық қамтылған. Кітапта ежелгі зороастрийлік-шамандық дүниеге көзқараспен қатар жаңа идеология - исламның элементтері мен оның бір тармағы суфизм туралы да айтылған. Махмуд Қашғари өзінің кітабында мынандай негізгі жанрларды бөліп қарастырады: түркі тілді фольклорлық-тұрмыс-салт және лирикалық әндер, батырлар жырынан үзінділер, тарихи ертегілер мен аңыздар, 400-ден аса мақалдар, мәтелдер және шешендік сөздер.

23түріктердің наным-сенімдері және дінi — жалпы алғанда, отырықшы және көшпелі халықтың діни нанымдарында

алдындағы дәуірлерден алынғаны көп. Шамандар, сәуегейлер, емшілер, «құдайдың қалауын» жариялаушылар болған. Ертедегі түріктер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жер-Суға (Йер- Суб) сиыну болды". Құдірет деп есептелген бұл қос күштің негізгісі Көк болды. Қағандар нақ осы Көктің еркімен билік құрып, олар «Көк тектестер және Көкте туғандар» деп аталды. «Кек өз биігінен (көк жүзінен) менің әкем Илтериш-қағанға және менің анам Илбілге-қатынға жөн сілтей отырып, оларды (халықтан) жоғары қойды, менің өзімді түрік халқының аты мен даңқы жойылып кетпеу үшін қаған етіп отырғызған (қағандарға) мемлекетті сыйлаушы Кек деп ойлау керек». Көктің еркімен «түріктер жеңіске жетіп немесе жеңіліске ұшырап отырды». Жұт жайлаған жылдары түрік халқын Көк пен Жер-Су сақтап қалған. Түрік хандары өздерінің жазбаларында Көкті өздерін әрқашанда желеп-жебеуге шақырады.

Ұмай ана отбасы мен бала-шағаны қорғаушы болған. Ұмайға табыну Алтайдың кейбір түркі тілдес халықтарында XIX ғасырдың аяғына дейін сақталып қалды. Сонымен бірге Ұмай түріктер сиынған құдіретті үш күштің бірі болған және оларға қашанда қамқоршы болып отырған. Мұны мәселен, Төнікөктің құрметіне орнатылған ескерткіштен көруге болады, онда түріктердің сәтті жорықтарының бірін сипаттағанда былай делінген: «Көк, Ұмай (құдай), қасиетті Жер-Су, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек!».
Отқа табыну
Ертедегі түріктер арасында әр түрлі діндер таралгған, олардың ішінде ең әйгілілері — отқа табыну, жануарларға табыну, өсімдіктерге табыну. Қала тұрғындары мен отырықшы халықтың отқа табынғаның археологиялық материалдар растайды. Баба-Ата қаласы жұртының қамалын қазып- аршыған кезде сарай кешенінің ең басты залында, жердің қалың қабатына қарағанда, отқа байланысты діни ғұрып өткізілген.
«Ұлы» тастың құдіретті
Орта ғасырлардағы көптеген авторлар «ұлы» тастың құдіретті күшімен жаңбыр жаудыра алатын түрік «сиқыршылары» туралы жазады. Түріктердің сиқырлы күшке, шаман бақсы-балгерлеріне сенетіні жайлы парсы тарих- шылары мен географтары да жазады. Өлген түріктер ертедегі шаман ғұрпымен жерленген.

13Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрді. Қағанаттың негізін қалаушы Үшелік-қаған болды. Қағандықтың территориясы Орта Азияның оңтүстік-шығысында Шаш (Ташкент) қаласынан Шығыс Түркістандағы Бесбалық, Турфан қалаларына дейінгі аралықты қамтыды. VI ғасырда Тянь-Шань таулы аймақтарында өмір сүрген түргештер VII ғасырда Жетісуға қоныс аударып, Батыс түрік қағанатының сол қанатының құрамына енген, халқы ең көп тайпа болған. Қағандық халқының этникалық құрамы негізінен сары және қара түргеш тайпаларынан тұрды.Үшелік қаған өзінің негізгі тайпаларын екі Ордаға бөліп, басты орталығын Суяб қаласында, екінші ордасын Іле аңғарындағы Күнгіт қаласында орналастырған. Батыс түрік қағандығының құрамында болған басқа да түрік тілдес тайпаларда түргештердің құрамына енген. Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы билеушісі бас қағанның қолында болды. Үшелік қаған қағанатты 20 әкімшілік аймақтарға бөліп, әр аймақта 7 мыңнан әскер ұстады.

706 ж. Үшелік қаған қайтыс болып, оның орнына баласы Сақал қаған (706-711 жж.) отырды. Сақал қаған тұсында мемлекет ішінде бірлік болмай қаған билігі үшін сары және қара түргеш тайпаларының арасында талас-тартыс басталды. Оның үстіне қағанатқа батыстан арабтар, оңтүстіктен қытайдың Таң империясы, шығыстан Орталық Азия түріктері қауіп төндірді. Ішкі тартыстардың барысында қара түргештер жеңіске жетіп, олардың көсемі Сұлу-қаған (715-738 ж.ж.) билікке келеді. Оның тұсында Түргеш қағанаты күшейіп, нығайды. Мемлекет астанасы Талас (Тараз) қаласына ауысады. Сұлу қаған мемлекет ішінде тыныштық орнатып, бар күшті батыстағы арабтарға қарсы жұмылдыруға мүмкіндік алады. 723 жылы түргештер Ферғана қарлұқтарымен және Шаш тұрғындарымен бірігіп арабтарға күйрете соққы берді. Бірақта арабтар 732 жылы түргештерді ығыстырып, Бұхара қаласын басып алады. 737 жылы Сұлу қаған арабтарға қарсы жорық ұйымдастырып Тохарыстанға дейін жетті, бірақ көп ұзамай жеңіліп, қайтар жолында өзінің қолбасшыларының бірінің қолынан қаза табады. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болды. Оның тұсында қағанат ішінде сары және қара түргештер арасында билік үшін 20 жылға созылған ұзақ күрес басталып, қағандықтың саяси және экономикалық жағдайы мүлдем әлсірейді.

Осы алауыздық кезінде Жетісуға Алтайдан қарлұқ тайпалары көшіп келіп қоныстана бастайды. Түргештер қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Осы жағдайды пайдаланған Қытай империясының Шығыс Түркістандағы билеушісі 748 жылы Суяб қаласын басып алып, содан кейін Шаш қаласының билеушісін жазаға тартады. Оның баласы көмек сұрап, арабтарға барады. 751 ж. Тараз жанындағы Атлах қаласы түбінде Зияд-ибн-Салық бастаған араб әскері мен Гао Сяньжи басқарған қытай әскерлері арасында 5 күнге созылған үлкен шайқас болды. Шешуші сәтте қарлұқтар арабтар жағына шығып, қытай әскерлері ауыр жеңіліске ұшырады. Қытай әскері Жетісуды ғана емес, Шығыс Түркістан жерін де тастап өз иеліктеріне кетуге мәжбүр болды. Сондай-ақ арабтар да Талас өңірінде тұрақтай алмай Шаш қаласына шегінді. Осыған қарамастан іштей әлсіреген Түргеш қағанаты қайтадан қалпына келмей, 756 ж. қарлұқ тайпаларының қысымына шыдамай, біржола құлайды. Осыдан кейін бұрынғы Батыс түрік қағанатының орнына төрт мемлекет: Төменгі Поволжье мен Солтүстік Кавказ жеріндегі Хазар қағанаты, Сырдың орта және төменгі ағысы мен Арал өңірінде Оғыз мемлекеті, Қазақстанның Солтүстік, орталық, шығыс аймақтарында Қимақ мемлекеті, Жетісу жерінде Қарлұқ мемлекеті пайда болды.

 

12Түрік қағанаты - «аттылар патшалығы империясы» Ұлы қоныс аудару дәуірі (II — V ғасырлар) Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Еуропаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырда түркі тілдес теле (тирек) тайпалар одағының саны көп топтары Солтүстік МоңғолияданШығыс Еуропаға дейінгі далалық өңірге қоныстанды, оңтүстігінде олардың көшіп жүретін жерлері Әмударияның жоғарғы ағысына дейін жетті.

VI ғасырда Қазақстан жерлері құдіретті держава — билеушілері түрік тайпасының әулеттік Алшын руынан шыққан Түрік қағанатының билігіне түсті. Түрік этносының өзі қағанаттың құрылар алдыңдағы кезенде Ганьсу, Шығыс Түркістан және Алтайаудандарында III ғасырдан VI ғасырға дейін кезең-кезеңмен қалыптасты. Түркі қағанаттың саяси-әскери бірлестік ретінде қалыптасқан мекені - Жетісу. Жетісу мен Шығыс Қазақстан жужан мемлекеттің шет аймақтары болатын. Осы аймақтарда орналысқан тайпалар - теле - 492 ж. жужаньдарға қарсы шығып, тәуелсіздік мемлекет құрады. Дегенмен де, 516 ж. жужаньдар жаңа құрылған мемлекетті тағы да өздеріне бағындырады. 545 ж. теле тайпасының Ашина руы жужаньдарға қарсы қүресті басқарады. 551 ж. батыр Бумын Қытайдағы Батыс Вей патшалығымен бірігіп, жужань мемлекетінің талқандайды. Ерте Түркі мемлекеті - Түркі қағанаты 552 жылы құрылды. Оның негізін салған - Бумын қаған 553 жылы қайтыс болады. Бумын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара-Еске отырады, оның бастауымен түріктер Орхонның жоғары жағында бір жердегі Бұқрат (Мула) тауларында аварларды екінші рет жеңеді. Қара-Ескенің мұрагері деп шежіреші оның інісі Иркинді (Ицзинь) атайды, ол кағандық тағына Мұкан-қаған деген атпен отырады, оның лақап аты Йанту болды. Мұқан-қаған (553-572) билік құрған жылдарда Түркі қағанаты Орта Азияда саяси үстемдікке ие болады. Олар Маньчжуриядағы қидандарды, Енисейдегі қырғыздарды бағындырады, Солтүстік Қытайды алым-салық төлеп тұруға мәжбүр етеді. 563-567жж. эфталит патшалығын басып алады. Міне, осыдан кейін олардың жері Каспий теңізінен Солтүстік Индияға дейін және Шығыс Түркістанға дейін созылып жатқан. Бұл жылдары түріктердің батыста жасаған соғыс жорықтары бұлардан да күшті бола түседі. Бұларды Бумынның басқа бір інісі Истеми (Естеми) бастайды. 552 не 553 жылы батысқа жасалған жорықтардың бірінде Иштеми Бумыньмен бірге болып, «он ұлы жетекшіні (немесе қауым бастығын) басқарды, он түмен әскері болды; ху елін (соғдылықтарды) жуасытуға аттанды және «Он тайпалық» деп атап өзін қағанмын деп жариялады».

11.«Тюрк яғни түркі» терминінің семантикасы. Қазақстан және көршілес аймақтардың ортағасырлық этностық тарихы түркілердің тарихымен байланысты. Қазақстан жерінде түркі тектес, түркі тілдес тайпалардың көне заманда да болған. Бірақ нағыз түркілердің этностық тарихы б.з. V ғасырынан басталады. Егер түрік деген атау V ғасырдан бастап пайда болса, онда: "Одан арғы дәуірлердегі тайпаларға қалай түркі тектес, түркі тілдес деген сипат береміз?" деген заңды сұрақ тууы мүмкін. Мұны былай түсіну керек. Б.з. V—VIII ғасырларының арасы түркі тайпаларының пайда болып, қалыптасу дәуірі. Ал Алтай тіл тобына жататын түркі тілінің пайда болуы түркі атын алған кейінгі тайпалардан кемінде 1 мың жыл бұрын болған. Түрік этнонимі алғаш рет қытай жылнамаларында 542 жылы аталады. Қытай жылнамалары түркілерді ғұндардың ұрпағы деп атаған. Бастапқы кезде түркі деген сөз түркі тілдес көшпелілердің ішіндегі басқарушы ақсүйек ру өкілдеріне ғана қатысты болды. Содан кейінгі кездерде түркі деген атау саяси мәнге ие болды. Түркі деп түркілердің қол астында болған өзге тайпалар да атала бастады.VIII ғасырдың ортасынан бастап түркі деген атау біраз уақытқа дейін жазба деректерде аталмайды. Бұл кезде түркі деген жалпы атаудың орнына жекелеген түркі тектес тайпалардың аты (теле, қырғыз, тоғыз-оғыз, ұйғыр, қарлұқ, қыпшақ) аталады. Түркі атауы X ғасырда қайта тарихи аренаға шығады. Қашқардағы, Баласағүндағы хандар (қағандар) өздеріне тағы да түркі деген этностық атау таңады. Түркі деген атау сол замандағы араб географтарының да еңбектерінде кездеседі. Осы ортағасырлық түрік атауы Кіші Азия жеріне барып қоныстанып қалған оғыз тайпасының бір бөлігінің ұлттық мемлекеттік атауына айналды. Ол — Түркия, Түрік мемлекеті. Тарихи аренаға алғаш шыққан түркі тайпаларының бірі — теле. Олар қазіргі Монғолия жеріндегі Гоби шөлінің солтүстігінен батыстаТянь-Шань тауына дейінгі жерлерді жайлаған. Телелер одағына 15 тайпа кірген. Түріктер өзінің шығу тегін ашын тайпасымен байланыстырады.

10.Орта Азия тарихындағы Ғұндар империясы миф әлде шындық. Ғұндар - көшпелі халық. Ғұндар тәңіршілдік дінді ұстанып, түркі жазуын пайдаланған. Сөйлеу тілі де түркі тілі болған. Шығыста Мөде «шыгыс ху» тайпаларын бағындырды, ал оның құрамына, шамамен алғанда, Керулен және Онон алқаптарында мекендеген сянби және ухуань тайпалары кіретін еді. Мөде батыста юеди (юечжи) тайпаларына қарсы жорықтар жасады. Бұл кезде қазіргі Кореядан Тибетке және Шығыс Түркістаннан Хуанхэнің орта ағысына дейін созылып жатқан аумақ ғұн шаньюйлерінің қол астына түсті, ал солтүстікте ғұн конфедерациясына біріккен тайпалар Байкалдан арғы оңтүстік аудандарға дейінгі аумақты алып жатты. Деректемелерде ғұндардың Саян-Алтай тайпаларына жасаған жорықтары туралы да айтылған. Шежіреші б. з. б. 201 жылы сюннулердің солтүстікке және солтүстік-батысқа қарай жорығын жалғастырып, Хуньюй, Цюйшэ, Динлин, Гэкунь және Синьли елдерін бағындырғанын хабарлайды. Мәтінде берілген түсініктемеде әлгі айтылған бес елдің сюннулердің солтүстік жағында жатқаны айтылады, ол батысында Кем (Енисей) өзенінен Іле алқабына дейін созылып жатса керек. Б. з. б. 201 жылғы жорықта ғұндар Алтай тайпаларын түгелдей дерлік бағындырды, бірақ олар бұл аумақты толық қол астына каратқан жоқ. Қалай дегенмен де, сол кезде осылай болғанын жазбаша деректемелер де, археологиялык материалдар да көрсете алмады. Одан кейінгі онжылдықтарда ғұн тайпаларының күшеюіне қоса олар батыста да қызу кимыл көрсете бастайды. Б. з. б. 177 жылы Мөде көршілеріне қарсы оз бетімен қимыл жасады деген сылтаумен өзінің батыстағы туктерін (князьдарын) юедилерге қарсы жорыққа аттандырды. Ғұндардың атты әскерлері Чжанье-Ганьчжоу ауданы маңында юедилерді жеңіліске ұшыратты және сонымен бірге ғұндардың қалыптасып жаткан бірлестігінің шет аймағындағы бірнеше үлесті бағындырды. Келесі жылғы жазда бұл жөнінде шаньюй былай деген: «Аспанның рақымымен жауынгерлер аман, ал аттар мықты шықты: олар юедилерді жойып, жуасытты; семсердің ұшына іліп немесе багындырып, (оз билігін) ныгайтты. Лоулань, Усун, Хуцзе және оларга шектес 36 үлес (князьдік) сюннулерге қаратылды. Олардын бәрі сюннулердің армиясына кіріп, бір әулетке айналды».

15Ахмет Ясауидің түркі тілді халықтардың арасында ислам дінін таратудағы ролі Түркі суфизмінің негізін қалаушы, ойшыл және ақын Қожа Ахмет Яссауи ортағасырда өмір сүріп артында мол мұра қалдырды. Оның өмірі мен қызметі Яссы (Түркістан) қаласымен тығыз байланысты. Оның "Диуан-и хикмет" атты кітабы сақталған. Яссауи түркі суфизмінің көшбасшысы. "Диуан-и хикметте" исламның негізгі ережелері мен қағидалары баяндалады. Автор 4 ұстанымды, атап айтқанда, шариатты, тарихатты, хакихатты, мағрифатты түсіндіруге ерекше мән береді. "Шариат" - ислам дінінің заңдары, дәстүрі, салт-дәстүрі, "Тарихат" - суфизм идеясы, "Хакихат" - құдайға құлшылық ету, бірігу. "Мағрифат" - дінді танып-білу. Яссауидің пікірінше, шариатсыз, тарихатсыз, мағрифатсыз хакихат жоқ. Ол "Хикметте" Алланың атын түріктер бұрын өзінің құдайы санаған Тәңір атымен жиі алмастырып отырған. Түріктер жаңа исламдық өркениетке көшкен соң да халықтың даму бағытын бір арнаға салуға күш жұмсады. Демек, жаңадан енгізілген идеологияны бұқараның ғасырлар бойы қалыптасып қалған сана-сезімінен, олардың ұстанып келген Тәңірге табынушылық - шаманизммен, зороастрийлікпен біріктіре білудің орны ерекше болған, кейін мұндай процесс "Түркі халқының мұсылмандығы" деген атауға ие болды. Осы орайда яссауилік ілім зор рөл атқарды, ол әділдікті, рухани тазалықты және адамның рухани дамуын жетілдіруді насихаттады, ал мұндай игі қадам түркі халықтарының көңіліне қонды. Егер рухани күш болмаса, құдайға шын көңілмен сенбесе, тіпті соған орай өзін-өзі құрбан етуге дейін бармаса, адамның өзін-өзі тануы мүмкін емес, - деген қағиданы ұстанған Ахмет Яссауи өзінің барлық ғұмыры мен қызметін тап осындай идеялық-өнегелік жолға арнады.

31. 30. ХІІғ. Гильом де Рубруктың «Шығыс елдеріне сапары» атты еңбегі-Орта Азия халықтарының әлеуметтік-экономикалық және саяси тарихы жөніндегі дерек көз “Шығыс елдеріне саяхат” деген кітабында түркі халықтары ғұнда30Ертедегі Қазақстан жеріндегі рулардың қалыптасу кезеңіндегі этнографиясы, ойын-сауықтары, мәдениеті тағы басқалары жайындағы деректер ХІІІ-ХVIII ғасырлардағы Орта Азия мен қазақ жерлерінде болған Еуропа саяхатшыларының еңбектерінде жинақталған. Әсіресе, Қазақстанның елі мен жері жайында көптеген еңбектер қалдырған Еуропа саяхатшыларының ең алғашқылары Плано Карпини, Вильгельм Рубрук және Марко Поло сияқтылары болды. Бұл саяхатшы-ғалымдардың артында қалдырған баға жетпейтін зерттеулері қазіргі кезеңде көптеген елдердің өткен өмірлерін оқып- білуде жалпы тарих ғылымдарының бірден бір бұлақ көзі болып отыр.
XII ғасырдың бірінші жартысында Италия саяхатшысы Плано Карпини Хорезм, Жетісу және Тарбағатай арқылы Монғолияға барып, одан еліне қайтқан сапарында жинаған материалдарынан "Монғолия тарихы" атты еңбегін жазды (1). Бұл еңбекті тіпті қазіргі дәуірдің тарихшылары ғана емес, кезіндегі қазақ халқының тарихын зерттеуші- ғалым Шоқан Уәлиханов та көптеген еңбектеріне осы "Монғолия тарихын" негіз етіп алған. Еңбек ол кезде Д. Языковтың басқаруымен 1925 жылы орыс тілінде екінші рет (бірінші рет 1795 жылы) басылып шыққан. Онда кезіндегі Монғолияның көршісі болған орта жүздің бір руы Тарбағатай наймандарының өмірлері мен әдет-ғұрыптары жайлы, демалыс уақытын өткізгендегі ойын-сауықтары туралы деректерді, жауынгерлік ерліктерінің сипаттарын кездестіреміз.
Қазақ даласы (қыпшақ, наймандар) жөніндегі алғашқы деректер XIII ғасырда Плано Карпинидің еңбектері арқылы Европалық елдерге ресми түрде белгілі болған.
Монғол-татарлардың Европаға шабуылынан қауіптенген италяндық Папа Инокентий монғолдарға 1245 жнлы арнайы елшілік жібереді. Плано Карпини басқарған аталмыш елшілер тобы 1246 жылы Монғолияға барып аман-есен қайта оралған.
Иннокентий ІV папаның Монғолияға елші аттандыруының негізгі себебі құр ғана қауіп, үрейден туындағандығын мына бір деректер растай түседі.
"Ватикан сарайындағы Рим папаларының архивтарында Шыңғысханның немересі Күйік-ханның (1205-1248) Иннокентий ІV папаға жолдаған хаты сақталған. Хаттың алғашқы екі жолы ежелгі түркі тілінде, одан кейінгі негізгі бөлімі парсы тілінде жазылған...
“Көктегі мәңгілік тәңірге сыйынып, ұлы халықтың ұлы ханы – Далай-хан, бұйырамыз.
...Сен қарауыңдағы корольдеріңді бірін қалдырмай жина да, маған ертіп кел. Бағынып, маған қызмет ететініңді өз аузыңнан айт. Егер тәңірдің бұйрығына қарсы болып, айтқанды тыңдамасаңдар, сендерді жау деп есептейміз. Мұны біліп қойыңдар....
644 жыл, жұмада-әл-ахир, соңғы апта”
итальяндык Плано Карпини, францискандык монах орденшщ Heri3iH капаушы Рим Папасы IV Иннокентийдщ арнайы тапсырмасымен 1245 жылы сэу^рде Лионнан Едт бойындагы Батый ордасы Сарай-Батуга аттан- ады. Батый экеа Жошыньщ улысын мурагерл1кке алган сон батыска карай монголдардьщ жорыгын бастап, булгарларды, Цырымды, Кавказ, Польша, Моравия, Силезия жерлерш езше караткан ед\. Монгол шапкыншылыгынын Kayni аландаткан Еуропа Батыймен байланыс орнатудьщ жолдарын!здес- TipreH болатын. Плано Карпини Батый ордасына келгеннен кей1н Жетюу, Тарбагатай аркылы Орталык Монголияда болып, 1246 жылы карашада ол кейш кайткан. 5
4Тарих мынандай Heri3ri м1ндеттерд1 шешедк гносеологияльщ - Отанымыз бен халкымыздьщ еткеы туралы 6iniM беред1; аксеологиялык, - эр адамньщ бой ында тарихи окигаларга катыстылык ce3iMiH калыптастырады. Сондыктан да, ол азаматтык касиеттердщ Heri3i болып табылады; праксеологиялык, - курдел1 де кеп кырлы тарихи кубылыстарга езЫдж бага беру жэне талдау кабтелн калыптастыруга
31 жалгасы каланган еткен заман, тарих аякталмайды, тарихта улкен мумганшоктер бар, ейткен1, онда бурын ашылмаган шындыктар айкындалады. р туралы мынадай деректер қалдырған: “Ғұндар, соңынан венгрлер осы Паскатирь (башқұрт) жерінен шықты, бұл Ұлы Болгария. Олар жүйрік аттарымен жабайы халықтарын ұстап тұрған Кавказ шатқалдарындағы Александр кедергісі арқылы өтіп, Египетке дейінгі халықтарға салық төлетті. Олар (ғұндар) Францияға дейінгі барлық жерлерді жаулап алғандықтан қазіргі татарлардан (монғол) бай болды”135.
Ғұн тайпаларының асыл қазынасы саналатын рухани байлығы олардың ауыз әдебиеті. “Оғыз-қаған” дастаны түркі тектес халықтардың ежелгі шежіресін генеологиялық аңыздар негізінде көркем тілмен баяндайтын эпостық туынды. Оғыз қаған — ғұндардың көсемі Мөденің әдеби бейнесі болғанымен, бұл дастанда алғашқы қауымдық құрылыс кезіндегі, ғұндар дәуіріндегі, одан кейін орта ғасырлардағы сан қилы тарихи оқиғалар өзара үйлесіп, жалғасып жатады.
13 ғасырда орта азияға арнайы келген гильом де рубруктің саяхаты алтай түріктерін танып білуде,олардың этнографиялық аспектілерін зерттеуде өте құнды деректер қатарына жатады
Гильом де РУБРУК қарақорымда екі жыл болып,еліне оралған соң,*ШЫҒЫС ЕЛДЕРІНЕ САЯХАТ* атты еңбегін жазады
Саяхатшының моңғолияға сапарында Алтай түріктерінде болған кездеріндегі көрген білгендерін жазып қалдырған
Ол осы саяхатында түріктерден жане басқа халықтардан көрген этгографиялық деректері туралы *МОҢҒОЛДАРДЫҢ ТАРИХЫ* атты көлемді еңбегінде жазады
Ол жерде түріктердің тұрмысы/шарашылығы/наным сенімі туралы құнды деректер қалдырған
. Ол өз сапары жайлы егжей-тегжейлі жазған, оған деген қызығушылықтар толастамағандықтан, саяхат туралы есебі қайта-қайта жарияланды, және қазір де Рубруктың кітабы үлкен ықыласпен оқылады. Кітапта түрлі-түрлі мәліметтер бар: бүл әрі саяхат бағдарын баяндау, әрі жол бойы кездескен адамдарға, олардың әдет-ғұрпы мен наным-сенімдеріне сипаттама, үлкен және кіші қалалар туралы мәліметтер.
1253 жылы күзде Рубрук Іле Алатауының бөктеріне жетеді,
сонан соң бірнеше күннен кейін, біз қарақытайлар тұратын бір тауға кірдік, сол жерден біз кемеге отыруымыз тиісті болған үлкен өзенді таптық».
деп жазады РубрукМұндағы әңгіме Іле өзені туралы.

 

30 Плано Карпини. Әуелі еңбек авторы жөнінде бірер сөз. Плано Карпини (1182-1252) Испанияның Perugia (французшасы Perouse) қаласының адамы, түпнұсқалық аты-жөні Иоан де План Карпини (Iean de Plan Carpin). Ол 1221 жылдан 1239 жылға дейін Германияда қоныстанған. Сонда және Испанияда настоятель-кардинал болып істеген. 1245 жылдың басында IV Иннокенти (Innocent Iv) Папаның оны Татарияға (Маңғұлстанға, Мағұлстанға) баратын елші етіп тағайындаған жарлығы түседі. Сөйтіп, Карпини 1245 жылы 16 сәуірде жолға шығып, көптеген машақаттарды кеше отырып жыл айналғанда, 1246 жылы 4 сәуірде Еділ бойындағы Баты (Бату) ханның ордасына жетеді. Сол арадан аттанып, 1246 жылы 24 тамызда өткен Күйікті (Шыңғысханның немересі) хан көтерген ұлы құрылтайға қатынасады.

 

Қимақтардың этникалық тарихы 19І – ХІ ғғ. Қимақ қағанаты. Күйреген Батыс Түрік қағанатының орнына көшпелі және жартылай көшпелі түркі тілдес тайпалар қазіргі Қазақстан аумағында құдіретті үш мемлекет: Жетісуда – Қарлұқ этникалық - әлеуметтік бірлестігін, Сырдарияның орта және төменгі ағысы мен Арал өңірі далаларында – Оғыз державасын, ал Солтүстік, Шығыс және Орталық Қазақстанда – Қимақ қағанатын құрды.
Қимақтар тарихының ерте кезеңі яньмо тайпасымен байланысты, ол Батыс Түріктер арасында VІІ ғасырда болған оқиғаға орай, Қытай деректерінде аталып өтеді. Синологтар яньмо тайпасы мен имек (кимек) тайпасы екеуін бір тайпа деп есептейді. Ал, имек термині шығыстанушы ғалымдардың пікірінше, Кимек (Қимақ) атауының фонетикалық бір түрі болып табылады.
Кимектер мен Қыпшақтар бір халық деп осы кезге дейін айтылып келген пікір қате, өйткені тарихи жазба деректер мәліметі оларды тек өз алдына екі бөлек халық, бірақ түрік тілді туыс этнос деп қарауға мүмкіндік береді. Телелер тайпасының бірі болып саналатын яньмо VII ғасырдың бас кезінде Моңғолияның Солтүстік-Батысын мекендеген.
VIII ғасырдың екінші жартысы мен ІХ ғасырдың бас кезінде Кимек тайпалары үш бағытқа Солтүстік батысқа – Оңтүстік Орал (негізінен Қыпшақтар) жағына, Оңтүстік бағытқа – Сырдария мен Оңтүстік Қазақстанға және Оңтүстікке – Жетісудың Солтүстік-Батысына қарай қозғалады.
766 және 840 жж. Кимектер Батыс Алтай, Тарбағатай мен Алакөл ойпатының жерлерін жайлап, Шығыс Түркістанды мекендейтін Тоғыз Оғыздардың теріскей шебіне дейін жетеді. 840 жылы орталық Моңғолиядағы Ұйғыр қағанаты ыдырағаннан кейін, оған кірген тайпалардың бір бөлігі (Эймур, Байандұр, Татар) Кимек бірлестігінің ұйтқысына қосылады. Жеті тайпа құрамындағы Кимек федерациясы нақ осы кезде қалыптасады. Х ғ. басында Кимек мемлекетінің құрамында 12 тайпа болған. Х ғасырда Кимек тайпаларының басшысы “байғу ” (яғбу) деген титулды, ал кейін яғбуге қарағанда екі саты жоғары тұратын хакан деген жоғары түрік дәрежесін иеленген билеушісі бар қуатты мемлекет құрылады. Орталығы – Имекия (немесе Кимекия) қаласы болды. Кимектерде мемлекет болғаны туралы алғаш рет ІХ ғасырдың аяғымен – Х ғасырдың басындағы араб тілді тарихи географиялық шығармаларда айтылады. Мәселен, Әл-Якуби кимектер мен басқа да түркі тілдес халықтардың мемлекеттігі туралы былай дейді: “Түркістан мен түріктер бірнеше халықтар мен мемлекеттерге соның ішінде: қарлұқтар, тоғыз–оғыздар және кимектер, оғыздар болып бөлінеді. Түріктердің әр тайпасы жеке мемлекет, олар бір – бірімен соғысып жатады” деп хабарлайды. ІХ ғасырдың аяғынан ХІ ғасырдың басына дейін кимектер қалыптасқан мемлекет болды, ал ХІ ғасырдың басында Кимек мемлекеті біртіндеп ыдырай бастайды.
Оның құлауының екі себебі болды: бірінші, өзін - өзі билеуге, өз мемлекеттілігін құруға ұмтылған қыпшақ хандарының кимектердің орталық билігіне бағынбауына байланысты ішкі себеп, екінші, ХІ ғасырдың басында қоныс аудара бастаған көшпелі Орталық Азия тайпаларының қоныс аударуының ықпалымен болған сыртқы оқиғалар. ХІ ғасырдағы тайпалардың қоныс аударуының негізгі себебі – 916 жылы Солтүстік Қытайда Қидандардың Ляо мемлекетінің құрылуы еді. Осы мемлекеттің жерінің батысқа қарай ұлғаюы көшпелі тайпалардың одан әрі ығысуына әкеп соқты.
Ал, ХІ ғасырдың екінші жартысында Сырдария өзенінің бойындағы, Аралдың Батысы мен Каспийдің Солтүстік өңіріндегі оғыз жерін басып алған қыпшақтар айтарлықтай күшейіп, бұрынғы қимақ - қыпшақ орналасқан негізгі аймақта күші мен қуаты жағынан алдыңғы орынға шықты. Қимақтар осы оқиғалар кезінде өзінің саяси жетекшілігінен айырылып қана қойған жоқ, сонымен бірге қыпшақтарға тәуелді болып қалды. Осылай қыпшақтар Қимақ мемлекетінің мұрагері болды. Бұдан былай қимақтар қыпшақ тайпаларының құрамына еніп, қыпшақ деп аталды. Деректемелерде қимақтардың этникалық және тілі жағынан түріктерге жататындығына тікелей еш күмән келтірілмейді. Керісінше, олар туралы жазғандардың бәрі қимақтардың бір ауыздан негізгі түрік тайпаларының қатарына жатқызған. Жазбаша деректемелерде қимақ этнонимінің уақыты жағынан алғаш рет айтылуы VIII ғасырға жатады. Араб географы Ибн Хордадбехтің (IX ғ.) деректері бойынша саяси және әлеуметтік жағынан маңызды түрік халықтарының тізімінде қимақтар тоғыз-ғүздармен, оғыздармен, печенегтермен, қарлұқтармен, қыпшақтармен, азқишилермен, түргештермен қатар аталады

20. 19. Білге қаған мен Күлтегін – ежелгі түріктердің негізгі жазба ескерткіштері20 Білге қаған ескерткіші–— Орхон түркі жазба ескерткіштерінің ішіндегі көлемі мен мазмұны жағынан ең үлкені әрі аса ірі “мәңгі тас” (көне түркі тілінде — “Беңгү таш”) қатарына жататын ескерткіш кешен. Күлтегін ескерткішінен 0,5 км жерде орнатылған. Білге қаған ескерткіші мен Күлтегін ескерткішін орыс ғалымы Н.М. Ядринцевтауып (1889), оны белгілі түркітанушы В.В. Радлов Дания ғалымы В.Томсенанықтаған әріптік жүйемен оқыды (1894). Білге қаған ескерткішін А. Аманжолов, Ғ. Айдаров, т.б. ғалымдар әр қырынан қарастырып, зерттеген. Ескерткіш Екінші Шығыс Түрік қағанатының атақты қағаны — Білге қағанға арналған. Көне түркі бітік жазуындағы Білге қаған есімі қытай жазбарында рі-кіа, мо-кі-lіen, mo-gі-lan [могилен] т.б. кездеседі. Сол себептен ғалымдар “Білге қаған” лауазымы, ал “Могилиен, могилян” — оның өз аты дейді. Көне түркі бітігіндегі “Білге қаған” деген сөздің мән-мағынасы — “білікті, билік-төрелікті ұстай білген, сұңғыла-білгір қаған” деген ұғымды білдіреді. Білге қаған тұсында Екінші Түрік қағанаты терр. тұрғыдан кеңейіп бекіді, аса қуатты құдыретті империяға айналды. Бұл жайында Білге қаған ескерткішінде кеңінен мәлімет берілген. Ескерткіште көшпелілердің “тәңрітекті түрік елі үшін” Бумын, Естемі, Білге Құтылық қағандары мен баїадүр, ақылгөй ерлерінің “ел-жер-тірлік” тұтастығын сақтау, қорғау, болашақ ұрпаққа жеткізу жолындағы ерліктері, мемл. ұлы істің бірегей мақсат-мүддесі шебер тілмен, тұжырымды да тиянақты түрде жазылып, тарихи оқиғалар уақыт желісімен баяндалып бәдізделген. Ескерткіште “елді халық едім, елім енді қайда! Қағаны бар ел едім, қағаным енді қайда, қай қағанға іс-күшімізді жұмсар екенбіз!” деген астарлы тілмен ел тағдырын жырлайды. Тәңірі күш-қуат бергендіктен, қағандық әскері бөрідей, жаулары қойдай болды деген рухтандырғыш жолдар да мол. Білге Қаған Ескерткішінде оғыз, тоғыз-оғыз, қырқыз, құрықан, отұз татар, татабы, қытан, ұйғыр, үч құрықан, қарлұқ, түргеш секілді көшпелі түркі этностары және де моңғол-манжұр тектес ру-тайпаларымен қатар Бөклі чөллік ел, түпүт, апар, пұрұм, табғач, т.б. отырықшы елдер туралы тарихи деректер, нақты мәліметтер баяндалған. Жер жүзінің төрт тарапы (бұрышы), Ұлы Түрік қағандығын нығайту, одан әрі ұлғайта дамыту жолындағы саяси іс-шаралар, көптеген жорық-шабуылдар, олар өткен Бөклі шөлі, Темір қақпа, Шантұң, Йашыл өзен, Көгмен, Қадырқан, Бесбалық, Селеңгі, Ертіс, Езгенті, Мағы Қорған, Байырқұ, т.б. жер-су, елді-мекендер көркем жырланады. Бұл “мәңгі таста” Білге қағанның інісі Күлтегін, дана білгір Тоныкөк жайында да сөз етеді.
Білге Қаған Ескерткіші кешенінің құрылысы, жасалуы тұрғысынан Күлтегін ескерткіш-кешенімен өте ұқсас. Сонымен қатар Күлтегін ескерткішіндегі бітік жазулы жолдардың 30-ы (68 жолдан) мазмұны, сөз қолданысы жағынан Білге Қаған Ескерткішімен айна-қатесіз бірдей.

80 жол, 3000-нан астам сөз, 10 мыңдай таңба-әріп бар. Білге Қаған Ескерткішінде көне түрік () тілінің классикалық әдеби тіл нормасы кеңінен көрініс тапқан. Б. қ. е. тасбақа үстіне орнатылған құлпытасқа жоғарыдан төмен қарай өте нақышты, бірыңғай өлшеммен көркем бәдізделген. Ескерткіштің төртінші, яғни күнбатыс жағына қытай иероглифімен сол кездегі Таң (Табғач) мемлекетінің патшасы Минь-хуанның “көңіл айту” сөзі жазылған. Ескерткішті зерттеушілер шығыс жағындағы жазуды Х (41 жол), оңт. жағындағы жазуды Х а (15 жол), солт-ндегі жазуды Хь (15 жол), екі қырындағы бір-бір жолды ХІ, ХІІ және батыс жағының төменгі бойындағы 7 жолды Хс деп белгілеп қарастырады. Б. қ. е. “Теңрітег теңрі йаратмыш түрік Білге қаған сабым”, яғни “Тәңірітекті тәңірлік жаратылған түрік Білге қаған сөзім” деп басталады.Мұның трансграфикасы: тңрітг: тңрі: иртмш: білге; қғн; сбм. Демек, жалпы түрік бітік жазуының тілдік (фонологиялық) құрылысы, графикалық жүйесі өзіндік төлтума сипатымен ерекшеленген аса ықшам әрі қолайлы жасалынған. Білге Қаған Ескерткіші және Күлтегін, т.б. ескерткіштер тілін ғалымдар көне түркі тілдерінің солтүстік тобына (В.В. Радлов) жатқызады. Оның басты ерекшелігі: сөз басында б, м (ben/men) дыбысы алмасып кездеседі, жатыс септігінің -да, -де, ілік септігінің -ың, -ің, т.б. тұлғалары деп көрсетеді.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 264 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Take my warmest and sincere greetings | Series Circuit and Parallel Circuit

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.015 сек.)