Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Сынып сағатының тақырыбы: «Ұлы жеңіске тағзым! »



Сынып сағатының тақырыбы: « Ұлы жеңіске тағзым!»

 

Мақсаты: Ұлы Отан Соғысы жайлы түсіндіру

 

Күтілетін нәтиже: Ұлы Отан Соғысының зардаптары жайлы түсінеді, біледі. Батырларды таниды, Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесіне үлестерін қосады.

 

Ұйымдастырылуы: Барысы

 

Мұғалімнің әрекеті: Сыныпты топқа бөлу

 

Оқушының әрекеті: Топтарға бөлінеді

 

Мұғалім:

Рас, қайғы-қасіреті бар қаптаған,

Ғұмырлар бар батқан және батпаған.

Әкелгенмен әр адамға бір қайғы,

Сол жылдарға қарғыс айту жат маған.

 

Жанды-жансыз бар табиғат түнерген,

Әр кеуде де бір шер барын білем мен.

Қан майданда ерлік етсе біреулер,

Қарсы жауға біз де шықтық түренмен.

 

Аңыздардан тере жүріп масақты,

Рас, рас, көзімізден жас ақты.

Бірақ со бір дауыл жылдар, от жылдар,

Бәрімізден бір-бір батыр жасапты,-демекші Ұлы Отан Соғысы жылдары өмір сүрген бабаларымыз ерте есейіп, өмірдің ащы-тұщысын татып, соғыстың ауыр зардабына төзіп, Ұлы Жеңіске жеткеніне міне, биыл 70 жыл толып отыр. Еліміз осы айтулы мерекені атап өтіп жатыр. Соның бір дәлелі, мектебімізде де көптеген іс-шаралар ұйымдастырылуы да. Бүгінгі сынып сағатымыздың тақырыбы: «Ұлы Жеңіске тағзым» деп аталады.

 

Таңатхан Гауһар, Кулахметова Аружан, Мухамедгалиева Ажардың орындауындағы Би: «Таңшолпан»

Мұғалім: Ал, балалар енді әр топқа тапсырмалар бар.

 

І топ: «Ұлы Отан Соғысының зардаптары»

ІІ топ: «Ұлы Отан Соғысындағы тарихи мәліметтер»

ІІІ топ: «Ұлы Отан Соғысы кезінде жазылған жауынгерлердің хаттары»

ІҮ топ: «Ұлы Отан соғысына арналған өлеңдер»

Ү топ: «Ұлы Отан соғысындағы батырлар»

 

Видеоролик: «Ұлы Отан Соғысына арналған ән»

 

Ән: «Жойылсын жалғыз сөз!»

Слайд көрсету: «Ұлы Отан Соғысы кезіндегі ақын-жазушылар»

Мұғалім: Сонымен құрметті оқушылар Жеңіс бізге оңайлықпен келмегенін білдік те, білеміз де. Ендеше, Жеңістің 70 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіске тағзым» атты сынып сағатымызды осымен аяқтайық.



 

Кері байланыс: Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңді мына стикерлерге жазып жапсыра қойыңдар!

 

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

 

 

Жеңістің 70 жылдығына орай өткізілген

сынып сағаты

 

 

 

 

 

Өткізген: Онор Алтынгуль

 

 

Астана, 2015 жыл

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 66 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Пол Дата рождения .. Профессия . . . .. . | Рис. 6.1. Счисление пути в плоской прямоугольной системе координат

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)