Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Жақасты безін тесіп өтетін артерияны атаңыз:



7 вариант

1. Жақасты безін тесіп өтетін артерияны атаңыз:

+ Тілдік

Беттік

Беткей самайлық

Жоғарғы қалқанша бездік

Төменгі қалқанша бездік

 

2. Кезбе нервтің тармағы - n. laryngeus reccurens нервтендіретін мүшелерді атаңыз:

+Көмей, кеңірдек, жұтқыншақ, өңеш, жүрек

Асқазан, аш ішек, тоқ ішек

Көмей, өңеш, асқазан, аш ішек

Көмей, өңеш, жұтқыншақ, асқазан

Өңеш, асқазан, аш ішек, тоқ ішек

 

3.Санның артқы тобының бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Шонданай

Жапқыш

Мықын-шап

Сан

Сан- жыныс

 

4.Төменгі жақтың өсінділерін атаңыз:

+ Тәждік, айдаршықтық

Алдыңғы,артқы

Акромиальды, құстұмсықтық

Жоғарғы,төменгі

Емізіктік,біз тәрізді

 

5.Бас сүйектің төменгі жақтық өзегі арқылы қандай нерв өтеді?

+ Төменгі альвеолярлы

Бет

Жоғарғы альвеолярлы

Қосымша

Тіласты

 

6.Он екі елі ішек қандай бөлімдерден тұрады?

+ Жоғарғы, төмендеген, горизонтальды,жоғарлаған

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,латеральды

Алдыңғы, ортаңғы, артқы,медиальды

Жоғарғы, ортаңғы, төменгі,медиальды

Жоғарлаған, горизонтальды, төмендеген,латеральды

 

 

7.Жауырынның өсінділерін атаңыз:

+ Құстұмсықты, акромиальды

Алдыңғы,артқы

Жоғарғы,төменгі

Қабырғалық,төстік

Тәждік, шынтақтық

 

8. Сол жақ бүйректің алдыңғы бетінің ортаңғы үштен бір бөлігін жанай орналасқан мүшені атаңыз:

+ Ұйқы безі

Асқазан

Бауыр

Көкбауыр

12 елі ішек

 

9.Санның медиальды тобының бұлшықеттерін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Жапқыш

Мықын- шап

Сан

Сан-жыныс

Шонданай

 

10. Көру анализаторының қыртысасты орталығы қай жерде орналасады:

+Ортаңғы ми қақпағының жоғарғы төбешіктерінде

Емізік тәрізді дене, ми аяқшаларында

Қара затта, ми аяқшаларында

Медиальді, бүйірлі иінді денелерде

Трапеция тәрізді,медиальді иінді денелерде

 

11.Құлақ түйінінің түйіннен кейінгі секреттік талшықтары қандай безді нервтендіреді



+ Шықшыт(құлақасты)

Ерін

Жақасты

Тіласты

Таңдай

 

 

12.Төменде көрсетілген құрылымдардың қайсысы шап өзегінің алдыңғы қабырғасын түзеді?

+ Сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневрозы

Көлденең шандыр

Мықын – бел шандыры

Шап байламы

Ішкі қиғаш бұлшықеттің апоневрозы

 

13.Буынның негізгі элементін атаңыз:

+ Буын қапшығы

Буын еріншесі

Буынішілік байлам

Буындық диск

Буындық мениск

 

14.Тілдің шырышты қабығының артқы үштен бір бөлігін нервтендіретін нервті атаңыз:

+ Тіл-жұтқыншақ

Бет

Қосымша

Тіласты

Үшкіл

 

15.Бүйір қарыншалар қандай мидың қуысты қалдығы болып табылады?

+ Соңғы

Аралық

Жұлынның

Көпірдің

Ортаңғы

 

16. Өңештің физиологиялық тарылымын атаңыз:

+. Кардиальді

Бронхтық

. Жұтқыншақтық

Көкеттік

Кеңірдектік

 

17.Ортаңғы құлақтың дабыл қуысының латеральды қабырғасы қалай аталады:

+ Жарғақтық

Емізік тәрізді

Лабиринттік

Мойындырық

Ұйқылық

 

18.Іш қолқасының висцеральды тақ тармағын атаңыз:

+ Жоғарғы шажырқай артериясы

Бүйрек артериясы

Ортаңғы бүйрекүсті артерия

Төменгі көкет артериясы

Төменгі бүйрекүсті артерия

 

19.Аяқтың беткей веналарын атаңыз.

+ Үлкен және кіші теріасты

Алдыңғы және артқы асық жілік

Басты, негізгі

Сан, тақым

Медиальды, латеральды табан

 

20.Тақым артериясы қандай екі тармақтарға бөлінеді?

+ Алдыңғы және артқы асықты жіліктік

Аяқ басының сыртқы және терең сан

Алдыңғы және артқы қайтымды асықты жіліктік

Алдыңғы асықты жіліктік және кіші жіліншіктік

Медиальді және бүйір табан

 

21.Төменгі қуыс вена қандай веналардың қосылуынан түзіледі?

+ Оң және сол жақ жалпы мықын

Жоғарғы және төменгі бөксе

Сыртқы және ішкі мықын

Сыртқы және ішкі жыныс

Сол және оң жақ бел

 

22. Көз алмасының талшықты қабығының бөлімдерін атаңыз.

+ Ақ қабық, мүйізді қабық

Кірпікті дене,нұрлы қабық

Көзбұршақ, нұрлы қабық

Нұрлы қабық, қарашық

Торлы қабық нұрлы қабық

 

 

23.Төменде көрсетілген құрылымдардың қайсысы шап өзегінің төменгі қабырғасын түзеді?

+ Шап байламы

Көлденең шандыр

Мықын – бел шандыры

Сыртқы қиғаш бұлшықеттің апоневрозы

Ішкі қиғаш бұлшықет

 

24.Әйел адамдарда шап өзегінен қандай байлам өтеді?

+ Жұмыр

Жалпақ

Меншікті

Ұстап тұрушы

Шап

 

25.Ер адамдарда шап өзегінен қандай құрылым өтеді?

+ Шаует шылбыры

Кеуекті дене

Шаует қуықшалары

Шаует шашатын түтік

Үңгірлі дене

 

26. Сан өзегінің латеральды қабырғасы немен түзіледі:

+ Сан венасы

Лакунарлы байлам

Санның жалпақ шандырының беткей табақшасы

Санның жалпақ шандырының терең табақшасы

Сан артериясы

 

27. Ұйқы өзегінде ішкі ұйқы артериясы қандай тармақ береді:

+ Алдыңғы милық

Алдыңғы дабылдық

Артқы милық

Артқы дабылдық

Ұйқы-дабылдық

 

28. A spenopalatina қандай артерияның тармағы болып табылады:

+ Жоғарғы жақтық

Беткей самайлық

Жоғарлаған жұтқыншақтық

. Көзұясы астылық

.Төменгі ұяшықтық

 

29. Үшкіл нервтің ІІ - тармағының бойында орналасқан вегетативті түйінді атаңыз:

A.Жақасты

B. Кірпік

C. Құлақ

+D. Қанат – таңдай

E.Тіласты

 

30. Құлақ түйініне келіп үзілетін парасимпатикалық нервті атаңыз:

+ N. petrosus minor

N. auricularis

N. petrosus major

N. nasociliaris

N. chorda tympani

 

31. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі мен санның белгіленген №1 бұлшықетін атаңыз.

 

 

+ Ортаңғы бөксе

Балтыр

Екі басты

Жартылай жарғақты

Үлкен бөксе

 

32. Төменде көрсетілген суреттегі үшкіл нервтің белгіленген № 6 тармағын атаңыз.

 

 

 

+Көздік

Әкететін

Көзжасылық

Мұрын- кірпіктік

Шығыршықты

 

 

33. Төменде көрсетілген суреттегі іштің белгіленген №2 бұлшықетін атаңыз.

+ Сыртқы қиғаш

Көлденең

Пирамидалық

Ішкі қиғаш

Шаршы

 

 

34. Төменде көрсетілген суреттегі ішкі құлақтың белгіленген № 6 анатомиялық құрылымды атаңыз.

 

+ Эллипсті қапшық

Латералды жарғақты түтік

Сфералы қапшық

Ұлу түтігі

Эндолимфалық түтік

 

35. Төменде көрсетілген суреттегі есту мүшесінің белгіленген № 3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Балғашық

Есту түтігі

Жартылай дөңгелекті өзек

Сыртқы есту жолы

Ұлу

 

 

36. Төменде көрсетілген суреттегі жүректің белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Төменгі қуыс вена

Қолқа

Оң жақ құлақша

Өкпе сабауы

Сол жақ жалпы ұйқы артерия

 

37. Төменде көрсетілген суреттегі бет нервісінің белгіленген №6 тармағын атаңыз:

 

+ Артқы құлақшалық

Беттік

Самайлық

Төменгі жақтың жиектік

Ұрттық

 

38. Төменде көрсетілген суреттегі көз алмасының горизонтальды кесіндісінің белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Шыны тәрізді дене

Кірпікті дене

Көзбұршақ

Мөлдір қабық

Нұрлы қабық

 

39. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ басының белгіленген № 1 сүйегін атаңыз.

 

 

 

+ Латеральды сына тәрізді

Қайықша

Медильді сына тәрізді

Текше

Топай

 

40. Төменде көрсетілген суреттегі мойынның белгіленген № 4 бұлшықетін атаңыз.

 

+ Төс- қалқанша

Жақ -тіластылық

Жауырын- тіласты

Қалқанша-тіласты

Қосқарыншалық

 

 

41. Төменде көрсетілген суреттегі құрсақ қуысының белгіленген № 4 венасын атаңыз.

 

 

 

+ Төменгі шажырқай

Асқазан

Жоғарғы шажырқай

Көкбауыр

Қақпа

 

 

42. Төменде көрсетілген суреттегі бас сүйектің белгіленген № 5 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+Жоғарғы желкелік сызық

Емізік тәрізді өсінді

Сыртқы шүйде шодыры

Төбе төмпегі

Шүйде сүйектің қабыршағы

 

43. Төменде көрсетілген суреттегі бұғананың №3 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Төстік ұшы

Акромиальды ұшы

Денесі

Конус тәрізді төмпешік

Трапеция тәрізді сызығы

 

44. Төменде көрсетілген суреттегі өт қуық және оның өт шығарғыш түтіктерінің белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

 

+ Өт қуық түтігі

. Жалпы бауыр түтігі

Өт қуықтың түбі

Өт шығарғыш түтік

Ұйқы безінің түтігі

 

45. Төменде көрсетілген суреттегі мидың негізінің белгіленген № 7 артерияысын атаңыз.

 

 

+ Артқы милық

Алдыңғы милық

Негізгі (базилярлы)

Ортаңғы милық

Ішкі ұйқы артериясы

 

 

46. Төменде көрсетілген суреттегі еркек жамбас астауының сагитальды кесіндісінен белгіленген № 2 мүшені атаңыз.

 

 

+ Несепқуық

Атабез

Қуық асты безі

Тұқым көпіршіктері

Тік ішек

 

 

47. Төменде көрсетілген суреттегі қолдың белгіленген № 3 венасын атаңыз.

 

+ V. intermedia cubiti

V. basilica

V. cephalica

V. radialis

V. ulnaris

 

 

48. Төменде көрсетілген суреттегі мидың сагитальды кесіндісінің белгіленген № 4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+ Эпифиз

Гипофиз

Емізік тәрізді денелер

Күмбез бағаналары

Төрттөмпек

 

 

49. Төменде көрсетілген суреттегі мидың белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+ Төрттөбешік

Мишықтың жоғарғы аяқтары

Мишықтың ортаңғы аяқтары

Мишықтың төмпенгі аяқтары

Ромб тәрізді шұңқырша

 

 

50. Төменде көрсетілген суреттегі мидың қатты қабығының белгіленген № 1 туындысын атаңыз.

+ Мишық шатыры

Жоғарғы сагитальді қойнау

Ми орағы

Мишық орағы

Төменгі сагитальді қойнау

 

 

51. Төменде көрсетілген суреттегі аяқ ұшының белгіленген № 8 артериясын атаңыз.

 

 

+ Латеральды тілерсек

Доғатәрізді

Дорсальды табан

Дорсальды бақай

Медиальды тілерсек

 

 

52. Төменде көрсетілген суреттегі ми сыңарының жоғарғы латеральды бетінің белгіленген № 2 жүлгесін атаңыз.

 

+ Орталық

Жоғарғы маңдайлық

Латеральды

Орталықалды

Төменгі маңдайлық

 

53. Төменде көрсетілген суреттегі мойын өрімінің белгіленген № 1 тармағын атаңыз.

 

+ Үлкен құлақ нерві

Кіші шүйде нерві

Мойын өрімінің төменгі түбіршігі

Мойынның көлденең нервісі

Тіласты нерісінің жоғарғы түбіршігі

 

54. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас сүйектің белгіленген №6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+ Шонданай төмпесі

Жапқыш тесік

Үлкен шонданай тілігі

Ұршық шұңқыры

Шонданай қылқаны

 

55. Төменде көрсетілген суреттегі білек сүйектерінің байланысының белгіленген № 2 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

. + Тәждік өсінді

Біз тәрізді өсінді

. Бұдырмақ

. Басы

Сүйекаралық жарғақ

 

 

56. Төменде көрсетілген суреттегі тыныс алу жолдарының белгіленген № 8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Сол жақ басты бронх

Жүзіктәрізді шеміршек

Кеңірдек шеміршегі

Қалқанша шеміршек

Оң жақ басты бронх

 

 

57. Төменде көрсетілген суреттегі мидың негізінің белгіленген № VІІІ нерві сін атаңыз.

 

 

 

+ Кіреберіс –ұлу

Әкететін

Көз-қозғалтқыш

Үшкіл

Шығыршықты

 

 

58. Төменде көрсетілген суреттегі көмейдің белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

+ Кіреберіс қатпары

Дыбыстық қатпар

Жүзік тәрізді шеміршек

Көмей қақпағы

Қалқанша шеміршегі

 

 

59. Төменде көрсетілген суреттегі бел-сегізкөз өрімінің белгіленген № 5 тармағын атаңыз.

 

+ Сан

Жапқыш

Мықын-құрсақасты

Мықын-шап

Сан-жыныс

 

60. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

Алдыңғы ұзына бойлық байлам

Артқы ұзына бойлық байлам

Көлденең өсінді

+ Көлденеңаралық байлам

Сары байлам

 

61. Төменде көрсетілген суреттегі арқаның белгіленген № 6 бұлшықетін атаңыз.

 

+Арқаның аса жалпақ

Артқы төменгі тісшеленген

Жауырынды көеретін

Ромб тәрізді

Трапеция тәрізді

 

62. Төменде көрсетілген суреттегі бастың белгіленген №6 ымдау бұлшықетін атаңыз.

 

 

+ Бет

Ауыздың дөңгелек

Езуді түсіретін

Көздің дөңгелек

Төменгі ерінді түсіретін

 

63. Төменде көрсетілген суреттегі омыртқа жотасының бас сүйекпен байланысының белгіленген № 3 байламын атаңыз.

 

+ Қылқанүсті

Алдыңығы ұзына бойлы

Артқы ұзына бойлы

Желеклік

Қылқанаралық

 

 

64. Төменде көрсетілген суреттегі әйел жыныс мүшелерінің белгіленген № 6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+Қынап күмбезі

Жатыр түтігінің ампуласы

Жатыр түтігінің қылтасы

Жатыр тесігі

Шашақтары

 

65. Төменде көрсетілген суреттегі жауырынның белгіленген №6 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

 

+Медиальды жиегі

Акромиальды өсінді

Жауырын тілігі

Қылқан үсті шұнқыры

Қылқан асты шұнқыры

 

66. Төменде көрсетілген суреттегі әйел жамбас астауының сагитальды кесіндісінен белгіленген № 3 мүшені атаңыз.

 

 

 

+Қынап

Анабез

Жатыр

Несеп қуық

Тік ішек

 

67. Төменде көрсетілген суреттегі іш қуысының белгіленген № 8 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 


 

+ Кіші шарбы

Асқазан түбі

Бауыр - асқазандық байлам

Бауыр -он екі елі ішектік

Өңеш

 

68. Төменде көрсетілген суреттегі бет сүйектерінің сагитальды кесіндісінің белгіленген №4 анатомиялық құрылымын атаңыз.

 

 

+ Таңдай өсіндісі

Желбезек

Күректістік өзек

Перпендикулярлы табақша

Хоана

 

 

69. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас белдеуі және санның белгіленген № 2 бұлшықетін атаңыз.

 

 

 

+ Алмұрт тәрізді

Нәзік

Тігінші

Төртбасты

Ішкі жапқыш

 

 

70. Төменде көрсетілген суреттегі жамбас астауы және жамбас буынының белгіленген № 3 байламын атаңыз.

 

 

+ Сегізкөз- төмпелік

Алдыңығы ұзына бойлы

Мықын- белдік

Сегізкөз-мықындық

Сегізкөз- қылқандық

 

71. Науқастың сол жақ өкпесінің төменгі үлесін толығымен алып жатқан ісік анықталды. Операция жасау кезінде неше сегментті бөліп алу керек?

+ 5.

2.

4.

10.

 

72. Жарақат кезінде жарақаттанған адамның санының жартылай жарғақты бұлшық етінің қызметі бұзылды. Осы жағдайда тізе буынының қандай қызметі бұзылады?

+ Бүгу

Әкету

Әкелу

Бұру

Жазу

 

73. Бас сүйектің рентгенологиялық тексерісі кезінде шүйде сүйектің ішкі бетінде сигма тәрізді қойнаудың жүлгесінің өзгерісі анықталды.Шүйде сүйектің қай бөлімінде осы жүлге орналасады?

+ Сол жақ латералды

Жоғарғы

Қабыршақты

Негізгі

Оң жақ латералды

 

74. Науқастың ортаңғы бас сүйек шұңқырындағы іріңді қабыну үрдісі қанат-таңдай шұңқырына таралды.Бұл іріңді үрдіс қандай анатомиялық құрылым арқылы таралды?

+Дөңгелек тесік

Қанатша тәрізді өзек

Сына-таңдай тесігі

Төменгі көзұясы саңылауы

Үлкен таңдай өзегі

 

75.Емхананың қабылдау бөліміне жұтынудан кейін және жөтелу кезінде төстің артында ауырсыну шағымымен жас бала түсті. Рентгенологиялық тексеріс кезінде, 4-ші кеуде омыртқаның деңгейінде өңеш қабырғасының ішінде бөгде дене анықталды.Өңештің қабырғасының зақымы оның қай тарылымының аймағының тұсында болды?

+ Қолқалық.

Бронхтық

Жұтқыншақтық

Көкеттік

Кардиальді

 

76.30 жастағы науқастың жарақаттанғанан тоқпан жілігінің медиальды айдаршығы жұлынған. Тексергенде: ІҮ-Ү саусақтарының сезімталдығы жойылғаны, ІҮ-Ү сүйекаралық бұлшықеттердің қызметінің бузылғаны анықталды. Қай нервтің зақымдалғанын көрсетіңіз.

+Шынтақ

Кәрі жілік

Қолтық

Медиальді иық

Ортаңғы

 

77.Науқаста ортан жіліктің төменгі үштен бір бөлігінде жарықшақтанған

сынық анықталды. Мұндай сынықта қандай артерия зақымдалу мүмкін?

+ Сан

Бүйір ортан жілікті айналатын

Медиальді ортан жілікті айналатын

Сыртқы мықын

Терең сан

 

78. Дәрігер- стоматолог тістерді пломбылау кезінде, ауыз қуысындағы сілекейдің бөлінуін азайту мақсатында, құлақ маңы безінің түтігін жабу үшін, мақта тампонын қай тістің деңгейінде қоюы керек?

+ 2 - ші жоғарғы үлкен азу тістің

1- ші жоғарғы кіші азу тістің

1- ші төменгі кіші азу тістің

2 - ші төменгі үлкен азу тістің

3- ші төменгі үлкен азу тістің

 

79.Дәрігер 12- елі ішектің қуысына зондты өткізу кезінде, асқазан ісігі салдарыннан оның қуысына өте алмады. Асқазанның қай бөлігінде ісік орналасқан?

+ Пилорикалық

Денесінде

Кіші иінінде

Кардиальді

Үлкен иінінде

 

80. Науқастың ауыз қуысының шырышты қабығының химиялық жарақаты нәтижесінде, тілдің дәм сезгіштігі жойылды. Тілдің шырышты қабығының қандай бүрлері зақымдалуы мүмкін?

+ Саңырауқұлақ тәрізді

Жіпше тәрізді

Жалпақ

Конус тәрізді

Тіласты

 

81. Тістерді жұлу кезінде, оларды жансыздандыруымен бірге тілдің шырышты қабығының талтильді сезімталдығы жойылады. Тілдің шырышты қабығының қандай бүрлерінің қызметі істен шығуы мүмкін?

+ Жіпше тәрізді

Жалпақ

Науашық тәрізді

Саңырауқұлақ тәрізді

Тіласты

 

82. Науқаста қабыну процессі салдарынан кеңірдектің артқы қабырғасы зақымдалды. Қабыну процессі қандай мүшеге өтуі мүмкін?

+Өңешке

Айырша безге

Жұтқыншаққа

Көмекейге

Қалқанша безіне

 

83. Астаудың шат сүйектерінің травмасы салдарынан жарақат-науқаста шат симфизі аймағында олардың ығысуы байқалды. Бұл травма кезінде қандай ішкі мүшенің қызметі бұзылады.

+ Несепқуықтың

Аналық жыныс безінің

Жатырдың

Жатыр түтігінің

Тік ішектің

 

84. Науқас еркектің қуық асты аймағында ісік пайда болды. Қуықтың синтопиясын ескере отырып, ісіктің қай мүшеге өсетінін көрсетіңіз.

 

+ Қуықастыбезіне

Аталық жыныс безіне

Бүйрекке

Несепағарға

Тік ішекке

 

85. Әйел адамның шап өзегінің жарығы кезінде, хирург абайсызда жатырдың бекітуші аппаратының бөлігін кесіп алды.Осы операцияны жасау кезінде қандай байламға зақым келді?

+Жұмыр

Жалпақ

Қайырылма

Лакунарлы

Шап

 

86.Жатыр мойынымен қынаптың байланысатын аймағында науа тәріздес кеңістік күмбез орналасқан, диагностикалық мақсатта күмбездің қай бөлігі арқылы кіші астау ішастар қуысына пункция жасауға болады?

+ Артқы

Алдыңғы

Аралық

Оң жақ бүйір

Сол жақ бүйір

 

87.Аналық жыныс безіне операция жасау кезінде аналық жыныс артериясын байлап тастау қажет. Аналық жыныс артериясын байлап тастау кезінде, осы артерияға параллель орналасқан қандай анатомиялық құрылымды ескеру керек.

+ Кардинальді байлам

Бүйректік артерия

Жұмыр байлам

Жатыр түтігі

Несепағар

 

 

88.Арқаның жарақаты кезінде көкірек түтігі зақымдалды. Көкірек түтігінің зақымын тігу кезінде хирург қандай көкірекаралығына өтуі қажет?

+ Артқы

Алдыңғы

Ортаңғы

Төменгі алдыңғы

Төменгі ортаңғы

 

89.Клиникаға өкпе ұлпасының зақымдалуымен жарақаттанған науқас түсті. Жарақаттанған- науқастың демді ішке алу кезінде, ауа қай жерге жиналады?

+ Өкпеқап қуысында

Алдыңғы көкірекаралығында

Артқы көкірекаралығында

Жүрекқап қуысында

Кеуде қуысында

 

90.Травматологиялық бөлімшеге тыныс алу жолдарына бөгде зат түскен жарақаттанған науқас әкелінді.Бронхтардың анатомиялық ерекшеліктерін ескере отырып, бөгде заттың қандай бронхқа көп жағдайда өтуі мүмкін?

+А.Оң жақ басты бронхқа

Сол жақ басты бронхқа

Сегментерлы бронхқа

Соңғы бронхиолаларға

Тынс алу бронхиолаларға

 

91.Көмекейге интубациялық түтікті өткізу кезінде дәрігер алдаын ала аран арқылы көмекейдің кіреберіс тесігін сипап сезу і қажет. Көмекей кіреберісі алдыңғы жағынан қандай шеміршекпен шектелген?

+ Қалқанша тәрізді

Көмекей қақпашығы

Мүйізше тәрізді

Ожау тәрізді

Сақина тәрізді

 

92. Іштің сол жақ бүйір қабырғасының жоғары бөлімінің жарақатына операция жасау кезінде, сол жақ бүйір өзегінде қанның көп мөлшерде жиналғаны анықталды. Жарақат кезінде қандай паренхиматозды мүше зақымдалды?

+ Көкбауыр

Бауыр

Сол жақ бүйрек

Сол жақ бүйреүсті безі

Ұйқы безі

 

93.Өтқуыққа хирургиялық іс- әрекет жасау кезінде жалпы өт шығарғыш өзекті ашу қажет болды. Ішастардың қандай туындысында өт шығарғыш өзек орналасады?

+ Бауыр- он екі елі ішекте

Асқазан - жиектік

Бауыр - асқазандық

Бауыр - бүйректік

Шажырқайда

 

94.Жедел аппендицитке операция жүргізу үшін соқыр ішекті табу қажет.Соқыр ішектің қозғалмалылығын ескере отырып, оның ішастарға сәйкес орналасуын көрсетіңіз?

 

+ Интраперитонеальді

Мезоперитонельді

Периперитонеальді

Ретроперитонеальді

Экстраперитонельді

 

95.Автокөлік апаты кезінде жарақаттанушы бастың бүйір бетінен жарақат алды. Жарақат кезінде самай сүйектің қабыршақты бөлімі пирамидасынан жұлынды.Самай сүйегінің қандай өзегі мұндай жағдайда зақымдалады?

+ Бұлшықет- түтіктік

Беттік

Дабылдық

Дабыл шегінің

Ұлулық

 

96.Мойынның теріасты бұлшықетінің зақымдалуынан, мойынның теріасты веналарының қысылуы және беттің мимикасының сәл өзгеруі болды.Қандай нервтің қабынуы осындай асқынуға әкеліп соқтырады?

+Бет

Әкететін

Көз- қозғалтқыш

Кезбе

Тіл- жұтқыншақ

 

97.Жарақат салдарынан жарақаттанушының мойын аймағында ұйқы артериясының тармақтарынан артериялық қан кету болды.Уақытша қан кетуді тоқтату үшін жедел көмек көрсеткен кезде қай омыртқаның көлденең өсіндісіне ұйқы артериясын басып қысу керек?

+VI

III

IV

V

VII

 

98. Гимнасттың сақинада жаттығу жасау кезінде, иықты ішке бұруда иық буынына үлкен ауыртпалық түседі.Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысы иықты ішке бұру қызметін атқарады?

+ Үлкен жұмыр

Дельта тәрізді

Бұғанасты

Қылқанүсті

Қылқанасты

 

99. Арқаның жаралануы кезінде, жарықшақпен арқаның кейбір бұлшықеттері зақымдалды, осының салдарынан кеуде торының көлемін ұлғайтатын(қабырғаны көтерумен) қозғалысы шектелді. Төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысы жараланған кезде зақымдалды?

+В. Жоғарғы артқы тісшеленген

Дельта тәрізді

Кіші ромб тәрізді

Төменгі артқы тісшеленген

Үлкен ромб тәрізді

 

100.Миына қан құйылғаннан кейін, науқаста арқаның кейбір бұлшықеттерінің салдануы(параличі) байқалды.Омыртқа жотасының бел бөлімін жазу қызметі бұзылды. Қан құйылғаннан кейін, төменде көрсетілген бұлшықеттің қайсысының қызметі бұзылды?

+Омыртқа жотасын тіктейтін

Дельта тәрізді

Жоғарғы артқы тісшеленген

Төменгі артқы тісшеленген

Үлкен ромб тәрізді

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 272 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Kazakh-American-University | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.154 сек.)