Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. «Dа» деген сөз нені білдіреді?



6 ВАРИАНТ

1. «Dа» деген сөз нені білдіреді?

A. Бер

B. Белгіле

C. Ал

D. Араластыр

E. Залалсыздандыр

 

2. Ішке және сыртқа қолданылатын қандай қатты дәрілік түрге жататын зат, рецептте дәрілік түрі көрсетілмейді?

A. Драже

B. Майлар

C. Пастылар

D. Ұнтақтар

E. Таблеткалар

 

3. Қандай дәрінің түрі дәрілік өсімдік шикі заттың жоғары концентрацияланған сығындысынан алынады?

A. Ұнтақтар

B. Пастылар

C. Экстракттар

D. Түндырмалар

E. Таблеткалар

 

4. Рецепт жазуда қандай қате бар?

Rp.: herbae Adonidis vernalis 6,0-180 ml

Da. Signa. 1 ас қасықтан күніне 4 рет.

#

A. Рецепт дұрыс жазылған

B. Дәрілік түрдің атауында қате бар

C. Науқасқа тағайындауында қате бар

D. Дәрілік заттың атауы жоқ

E. Дозасы жоқ

 

5. Дәрілік затты қабылдауға құштарлық қалай аталады?

A. Кумуляция

B. Дәрілік тәуелділік

C. Идиосинкразия

D. Ұйренгіштік

E. Сенсибилизация

 

6. Дәрілік заттың қандай еңгізу жолы максимальды биожетімділікпен сипатталады?

A. Ингаляционды

B. Көк тамырға

C. Пероральды

D. Тері астына

E. Бұлшықетке

 

7. Ағзаның дәрілік затқа жоғары сезімталдығы қалай аталады?

A. Кумуляция

B. Толеранттілік

C. Идиосинкразия

D. Сенсибилизация

E. Дәрілік тәулділік

 

8. Дәрілік затқа жылдам үйрену қалай аталады?

A. Идиосинкразия

B. Сенсибилизация

C. Абстиненция

D. Кумуляция

E. Тахифилаксия

 

9. Микробқа қарсы затты тағайындағанда қандай фармакотерапия түрі қолданылады?

A. Этиотропты

B. Алдын алу

C. Симптоматикалық

D. Орын басу

E. Патогенетикалық

 

10. Ағзада инсулин жетіспеген қант диабетінде қандай фармакотерапия түрі қолданылады?

A. Этиотропты

B. Патогенетикалы

C. Алдын алу

D. Симптоматикалық

E. Орын басу

 

11. Лидокаиннің саудалық аты қандай?

A. Ксикаин

B. Бензокаин

C. Прокаин

D. Тетракаин

E. Бупивакаин

 

12. Прокаин қандай жанама әсер етеді?

A. Тіндердің өліеттенуіне

B. Миокард қозғыштығын жоғарлату

C. Қан қысымын кенет төмендету

D. Психикалық тәуелділік

E. Қан қысымын кенет жоғарлату

 

13. Прокаиннің резорбтивтік әсер ету кезінде қандай эффект пайда болады?

A. Орталық жүйке жүйесінің қозуы



B. Жүрек бұлшықет өткізгіштіктің жоғарлауы

C. Қан қысымының жоғарлауы

D. Шеткі қантамырларды тарыту

E. Көп дозаларда — жүйке-бұлшықет өткізуінің бұзылуы

 

14. Неге бупивакаин прокаинмен салыстырғанда ұзақ уақыт әсер етеді?

A. Ол күрделі эфир емес, амид болып келеді

B. Қанның эстеразалармен ыдыратылады

C. Мембрана ақуыздармен мықты байланысады

D. Аурсыну сезгіштік орталықтарды тежейді

E. Моноаминоксидазалардың әсеріне ұшырамайды

 

15. Валидол құрамындағы қандай зат, рефлекторлы әсерге ие және коронарлы артериялардың түйілуін жоюға қолданылады?

A. Танин

B. Ментол

C. Тальк

D. Викалин

E. Аммиак

 

16. Қандай препарат жартылай ақуыз коагуляциясына байланысты шырышты қабаттың беткейінде қорғаныш жамылғы түзеді, нәтижесінде нерв аяқтамаларының қозу сезімталдығын тоқтатады?

A. Ментол

B. Валидол

C. Негізгі висмут нитраты

D. Белсендірілген көмір

E. Крахмалдан алынған шырыш

 

17. Қандай антихолинэстеразалық дәрі ГЭБ арқылы өтеді?

A. Неостигминнің метилсульфат

B. Пиридостигминнің бромид

C. Оксазил

D. Пилокарпиннің гидрохлорид

E. Физостигминнің салицилаты

 

18. Пилокарпинді жергілікті қолдану кезінде қандай әсер пайда болады?

A. Нұрлы қабықтың айналмалы бұлшықеттің жиырылуы

B. Нұрлы қабықтың айналмалы бұлшықеттің босаңсуы

C. Аккомодацияның паралич

D. Циннық байламы бітуінің күшеюі

E. Көзішілік қысымының жоғарлауы

 

19. Асқазан, ішек, өт түтіктердің спазм (жиырылу) кезінде өсімдік шығу тегі қандай холиноблокатор қолданылады?

A.Пипекуронийнің бромиді

B. Платифиллиннің гидротартраты

C. Гоматропиннің гидробромиді

D.Гексаметоний (бензогексоний)

E. Ипратропийнің бромид

 

20. Антихолинэстеразалық (фосфорорганикалық қосылыстарымен) уланған науқасқа қандай препарат тағайындау керек?

A.Тубокурариннің хлориді

B. Ацеклидин

C. Дипироксим

D.Пилокарпиннің гидрохлориді

E. Гексаметоний (бензогексоний)

 

21. Қандай әсері ұзартылған бета-адреномиметик ингаляция түрінде бронх демікпесінде қолданылады?

A. Метопролол

B. Небивалол

C. Пропранолол

D. Сальметерол

E. Атенолол

 

22. Қандай антигипертензивті әсері бар альфа 1-адреноблокатор, алғашқы доза әсерін шақырады?

A. Празозин

B. Атенолол

C. Пропранолол

D. Сальбутамол

E. Сальметерол

 

23. Қандай препаратты бронх демікпенің ұстамасын басу үшін ингаляционды түрде қолданады, әсері жылдам басталып 4-5 сағатқа созылады?

A. Метопрололол

B. Пропранолол

C. Окспренолол

D. Сальбутамол

E. Талинолол

 

24. Қандай бета-1-адренорецепторлардың агонисті жедел жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады?

A. Изопреналин

B. Добутамин

C. Пропранолол

D. Октадин

E. Празозин

 

25. Қандай Д-рецепторлардың агонисті бүйрек қан ағысын жақсартады?

A. Сальбутамол

B. Допамин

C. Лабеталол

D. Празозин

E. Пропранолол

 

 

26. Қандай бета-1-адренорецепторлардың агонисті жедел жүрек жеткіліксіздігінде қолданылады?

F. Изопреналин

G. Добутамин

H. Пропранолол

I. Октадин

J. Празозин

 

27. Қандай препарат жүректің жиырлу жиілігімен күшін төмендетеді, автоматизмді және ұзақ қолданғанда қан тамырлардың тонусын тежейді, стенокардияда, жүрек аритмиясында, гипертониялық ауруда қолданылады?

A. Резерпин

B. Пропранолол

C. Празозин

D. Сальбутамол

E. Октадин

 

28. Аса қысқа әсерлі қандай препарат көк тамырға хирургиялық наркозда қолданылады?

A. Пропанидид

B. Тиопентал-натрий

C. Кетамин

D. Оксибутират натрия

E. Фторотан

 

29. Көк тамырға еңгізілетін наркоздың кемшілігі қандай?

A. Басқарылатын наркоздың әлсіздігі

B. Наркоздың басталуы жылдам

C. Басқарылатын наркоздың жеңілдігі

D. Қозу кезеңінің жоқтығы

E. Әсерден кейінгі әсердің жоқтығы

 

30. Наркоздың жету жылдамдығы неге байланысты?

A. Дәрілік заттың элиминация жылдамдығына

B. Метаболиттік үдерістің белсенділігіне

C. Артериальды қысымның деңгейіне

D. Асқорыту ферменттерінің қызметтеріне

E. Тыныс алғанда препараттың концентрациясына

 

31. Төменде аталған қандай препараттар келесі әсерге ие: Акушерлік тәжірибеде босанудағы ауырсынуды басу үшін, ұйықы бұзылысында ұйықтатқыш зат ретінде, өкпе ісінуде гипоксияны алдын алу және емдеуге қолданылады. Көк тамырға және ішке тағайындалады?

A. Оксибутират натрийі

B. Тиопентал-натрий

C. Фторотан

D. Наркозға арналған эфир

E. Кетамин

32. Хирургтың қолын өңдеуге этил спирттің қандай концентрациясы қолданылады?

A. 40%

B. 70%

C. 90%

D. 95%

E. 33%

 

33. Этил спирті (40 %) концентрациясында асқазанның қызметіне қалай әсер етеді?

A. Асқазандағы бездердің түзілуін тежейді

B. Сілекей және асқазан бездердің секреторлы белсенділігін күшейтеді

C. Асқазан сөлінің ас қорытуға белсенділігін күшейтеді

D. Асқазан бездерінің шырыш өндіруін төмендетеді

E. Асқазанның моторикасын жоғарлатады

 

34. Этил спирті қандай қызмет атқарады?

A. Бауырдың микросомальды ферментін индукциялайды

B. Бауырдың микросомальды ферментін ингибирлейді

C. Бауырдың цитохромды жүйесін тежейді

D. Этил спирттің тотығуын тоқтатады

E. Альдегиддегидрогеназаның белсенділігін тежейді

35. Этил спирттің зәр айдағыш әсер ету механизмі қандай?

A. Нейрогипофизда АДГ синтезін тежейді

B. АДГтүзілуін күшейтеді

C. Бүйректе несеп түзілуіне тікелей әсер етеді

D. Нефронның дистальды өзекшесіне әсер етеді

E. Жинағыш түтікшеде судың реабсорбциясын төмендетеді

 

36. Опиодты рецепторлардың толық агонисті қай препарат болады?

A. Налоксон

B. Налтрексон

C. Бупренорфин

D. Буторфанол

E. Морфин гидрохлориді

 

37. Қандай препараттың, диареяға қарсы және жөтелге қарсы әсері бар және фенантрен туындысы болып табылады?

A. Парацетамол

B. Метамизол-натрия

C. Кодеин

D. Налоксон

E. Налтрексон

 

38. Қандай препарат дельта және каппа-рецепторларға агонист, мю рецепторлардың антогонисті болып табылады, дистрофия шақырады, инфаркт миокарда қолдануға болмайды?

A. Кодеин

B. Промедол

C. Трамадол

D. Пентазоцин

E. Фентанил

 

39. Қандай наркотикалық аналгетик тің әсер ету механизмі аралас, норадреналин және серотанин опиоидты емес компоненті нейроналды ұстамасының төмендеуімен байланысты жедел және интенсивті созылмалы ауруда қолданады, күре тамырға, ректалды және ішке қолданады?

A. Кодеин

B. Промедол

C. Трамадол

D. Пентазоцин

E. Налбуфен

 

40. Қандай опиоидты емес анальгетик шеткері әсер ететіндерге жатады?

A. Диклофенак-натрийі

B. Морфин гидрохлориді

C. Налоксон

D. Кетамин

E. Дифенин

 

41. Амитриптилиннің ауырсынуды басатын әсер ету механизмін немен байланыстырады?

A. Серотониннің және норадреналиннің нейрональды ұстамдылығын тежейді

B. Натрий өзекшелерін тежейді

C. Опиатты рецепторларды тежейді

D. Фосфодиэстеразаны тежейді

E. Арахидон қышқылының синтезін тежейді

 

42. Анальгетиктердің әсерінен ауырсыну табалдырығы қалай өзгереді?

A. Төмендейді

B. Жоғарылайды

C. Өзгермейді

D. Тежеледі

E. Тарылады

 

43. Парацетамолдың негізгі кемшілігі қандай?

A. АҚЖ нашар сіңіріледі

B. Асқазанның шырышты қабатын зақымдайды

C. Тромбоциттердің агрегациясын күшейтеді

D. Терапевтикалық кеңістігінің азаюы

E. Әсер ету ұзақтылығы 30 минут

 

44. Созылмалы ауырсынуларда қандай заттарды қолданады?

A. Парацетамол, метамизол натриі

B. Азота закисі, кетамин

C. Карбамазепин, дифенин

D. Морфин гидрохлориді, пентазоцин

E. Клонидин, ацетилсалицил қышқылы

 

45. Бірінші 12 сағаттың ішінде парацетамолмен жедел уланғанда, қандай препараттар қолданылады?

A. Флумазенил, унитиол

B. Ацетилцистеин, метионин

C. Пентазоцин, налбуфин

D. Налоксон, налтрексон

E. Фенобарбитал, изонитрозин

 

46. Ұйықтатқыш заттардың қандай тобы бас мидың лимбиялық жүйесіне тежеуші әсер етеді?

A. Бензодиазепин рецепторларының агонисттері

B. Гистамин рецепторларының блокаторлары

C. Циклопирролонның өнімдері

D. Барбитур қышқылының өнімдері

E. Имидазопиридин туындылары

 

47. Қандай ұйықтатқыш препарат ГАМКА макромолекулярлы жиынтығымен аллостериялық өз-ара әрекеттескен кезде хлор ионофорларының жиі ашылуына әкеледі?

A. Этаминал-натрийі

B. Натрий оксибутираты

C. Золпидем

D. Феназепам

E. Мелатонин

 

48. Барбитураттар туындыларымен уланғанда қандай зат қолданылады?

A. Флумазенил

B. Унитиол

C. Белсенділінген көмір

D. Пиридоксим

E. Атропиннің сульфаты

 

49. Эпилепсияға қарсы қандай препарат барбитур қышқылының туындысына жатады?

A. Натри вальпроаты

B. Ламотриджин

C. Этосуксимид

D. Фенобарбитал

E. Фенитоин

 

50. Карбидопаға қандай сипаттама тән?

A. ДОФА-декарбоксилазаның ингибиторы

B. Дофаминнің кері нейронды ұстамдылығын тежейді

C. КОМТ-тың ингибиторы

D. МАО-ның ингибиторы

E. Д2-рецепторларды тежейді

51. Төмендегі аталған препараттарға қандай қасиетттер тән: эпилепсияға қарсы әсерге ие және ұйқы шақыратын әсері бар, бауырдағы микросомальды ферменттердің белсенділігін жоғарылатады, ұзақ уақыт қолданғанда кумуляцияның дамуы мүмкін?

A. Фенобарбитал

B. Фенотоин (дифенин)

C. Карбамазепин

D. Натрия вальпроат

E. Нитразепам

 

52. Төмендегі аталған препараттарға қандай қасиеттер тән: тырысуға қарсы, анксиолитикалық, седативті, ұйқы шақыратын, потенцирлеуші әсерлері бар, эпилепсиялық статусте қолданылады?

A. Лоразепам

B. Примидон

C. Этосуксемид

D. Топирамат

E. Габапентин

 

53. Паркинсонизмде леводопаның терапевтикалық әсерін немен байланыстырады?

A. Дофаминді рецепторларды белсендіреді

B. Дофаминнің белсенді бөлініп шығуымен және нейрональды кері ұстамының тежелуімен

C. Дофаминге айналу қасиетімен

D. ОЖЖ холинергиялық үдерістерді белсендіреді

E. ОЖЖ холинергиялық үдерістерді тежейді

 

54. Паркинсон ауруында барлық препараттар қолданылады біреуінен басқа?

A. Орталыққа әсер ететін холинолитиктер

B. Дофаминді рецепторларды тежейтіндер

C. Дофаминді рецепторларды қарқындататындар

D. МАО–ны тежейтіндер

E. Дофаминнің алғы заты

 

55. Төмендегі аталған препаратқа қандай қасиеттер тән: дофаминнің инактивацияға ұшырауын тежейді, паркисонға қарсы әсері бар, леводопамен біріктіріп қолданады?

A. Селигилин (депренил)

B. Бромокриптин

C. Тропацин (Циклодол)

D. Перголид

E. Леводопа

 

56. Қандай препарат базисты қабынуға қарсы заттарға жатады?

A. Гидрокортизон

B. Метамизол

C. Ауранофин

D. Диклофенак натрийі

E. Флуметазон

 

57. Преднизолонның әсер ету механизмі қандай?

A. Фосфолипаза А2 тежейді

B. Арахидон қышқылының түзілуін төмендетеді

C. Циклооксигеназаны тежейді

D. Циклды эндопероксидтердің түзілуін белсендіреді

E. Липооксигеназаны тежейді

 

58. Қандай препарат простагландиндердің, лейкотриендердің түзілуін тежейді, иммунитет үдерісін және қанда лимфоциттермен эозинофилдердің құрамын төмендетеді?

A. Дексаметазон

B. Диклофенак-натрий

C. Целекоксиб

D. Ибупрофен

E. Ацетилсалицил қышқылы

 

59. Целекоксибке қандай фармакологиялық әсер тән?

A. Психотропты

B. Седативті

C. Қабынуға қарсы

D. Анальгетикалық

E. Диуретикалық

 

60. Қандай топ препараттары, ауру себебін жоймай, қабынуды төмендетеді және тәуліктің бірінші жартысында қолданылады?

A. Стероидты емес қабынуға қарсы заттар

B. Глюкокортикоидтар

C. Базисты заттар

D. Аллергияға қарсы заттар

E. Антигистаминды заттар

 

61. Анафилаксиялық шок кезде қандай препарат қолданылады?

A. Клемастин (тавегил)

B. Кромолин-натрий

C. Лоратадин

D. Доксиламин

E. Эпинефрин

 

62. Квифенадиннің (фенкаролдің) әсер ету механизмі қандай?

A. Гистаминдік рецепторларды қоршайды

B. Местей жасушалар мембраналарды тұрақтандырады

C. Гистамин синтезін ынталандырады

D. Қордан гистаминнің шығуын бұзады

E. Гистаминдік рецепторларды ынталандырады

 

63. Аллергияға қарсы қандай препаратта күшті М-холинқорғаушы белсенділігі бар?

A. Лоратадин (кларитин)

B. Дифенгидрамин (димедрол)

C. Прометазин (дипразин)

D. Дезлоратадин

E. Фексофенадин (телфаст)

 

64. Бронхиалдық астмамен науқасқа қиыстырылған препарат белгіленген, оның құрамында натрийдің кромогликат және фенотерол, дозирленген аэрозоль түрінде бар. Қандай препарат қолданылған?

A. Дитэк

B. Интал плюс

C. Амоксиклав

D. Серетид

E. Беродуал

 

65. Синтетикалық жолмен алынған иммуностимуляторға қандай препарат жатады?

A. Иммунал

B. Полудан

C. Левамизол

D. Интерферон-альфа

E. Ронколейкин

66. Алдын алу және емдеу үшін, тыныс алу жолдарының және ЛОР-ағзалардың инфекциясының қоздырғыштарының рибосомасының құрамында қандай иммуностимулятор бар?

A. Тималин

B. Рибомунил

C. Метилурацил

D. Молграмастин

E. Циклоферон

 

67. Антисептиктерге қандай зат жатады?

A. Хлорамин Б

B. Метронидазол

C. Амоксициллин

D. Ципрофлоксацин

E. Висмт нитраты

 

68. Металдың ауыр тұздарымен уланғанда қандай заттарды қолданады?

A. Калий перманганаты

B. Сутек асқын тотығы

C. Йодтың спиртті ерітіндісі

D. Хлоргексидин

E. Унитиол

 

69. Қандай препарат тотығу тотықсыздану процессін бұзады, депигментациялық әсері бар, жараны механикалық тазартады?

A. Этил спирті

B. Калий перманганаты

C. Хлорамин Б

D. Хлоргексидин

E. Сутек асқын тотығы

 

70. Қандай антибиотик сүйекте, тістің ұрығында жиналып және балаларда оның дамуын тежейді?

A. Гентамицин

B. Хлорамфеникол

C. Рифампицин

D. Ампицилин

E. Тетрациклин

 

71. Аймақтық терапевт науқасты емдеу барысында, диареяға байланысты доксициклин тағайындады. Әйелдерге кеңес беру бөлімінде, жүктілікті нақтағаннан кейін препаратты тағайындау тоқтатылды. Препаратты қабылдау неге тоқтатылды?

A. Нефротоксикалық әсерге ие

B. Диспепсиялық әсерлердің байқалуы

C. Гепатотоксикалық әсерге ие

D. Тератогенді әсерге ие

E. Қанның түзілуін тежейді

 

72. Қандай топтың антибиотиктері бронх, өкпе жүйесінің тіндеріне нашар енеді, ото- нефротокосикалық әсерге ие?

A. Цефалоспориндер

B. Пенициллиндер

C. Карбапенемдер

D. Тетрациклиндер

E. Аминогликозидтер

 

73. Қандай топтың антибиотиктері кең спектрлі, бактерицидты әсері жоғары, ауыр нозокомиальды инфекцияларда қолданылады, эндотоксикалық реакцияларды азайтады, постантибиотикалық әсерге ие?

A. Карбапенемдер

B. Макролиды

C. Хлорамфеникол

D. Биосинтетикалық пенициллиндер

E. Линкозамиды

 

74. Қандай антибиотик кең спектрлі, дозаға тәуелді сүйек кемігін тежейді және нәрестелерде «сұр» синдромының дамуы байқалады?

A. Ампициллин

B. Имипенем

C. Хлорамфеникол

D. Гентамицин

E. Тетрациклин

 

75. Пенициллиндер – тетрациклиндерді микробқа қарсы әсері бар мақсатында біріктіруге және қолдауға бола ма?

A. Антагонизм

B. Синергизм

C. Қоздырғыштың биохимиялық үдерістеріне әсер етеді

D. Баяу еритін кешеннің пайда болуы (жүзінді)

E. Мөлшерлік күштің төмендеуі

 

76. Қай препарат ұзақ әсері бар сульфаниламидке жатады?

A. Сульфадимезин

B. Уросульфан

C. Сульфапиридазин

D. Норсульфазол

E. Сульфацил-натрий

 

77. Сульфаниламидтердің негізгі метаболизм жолы қандай?

A. Тотығу

B. Тотықсыздану

C. Ацетилдену

D. Гидроксилирлену

E. Конъюгация

 

78. Сульфаниламидтердің әсер ету механизмі немен негізделген?

A. Нуклеин қышқылының синтезі бұзылуымен

B. Парааминобензой қышқылымен бәсекелес антогонизм

C. ДНК репликациясының бұзылуы

D. Дигидрофолатредуктазаның жойылуы

E. Пенициллин байланыстырғыш ферментінің жойылуы

 

79. Сульфаниламидтерді қабылдауда кристаллурияны қалай жоюға болады?

A. Сілтілік ерітінді шығарумен

B. Қышқыл ерітіндіні енгізумен

C. Диуретиктерді енгізумен

D. Дегидратационнды терапия жүргізумен

E. Препараттардың дозасын азайтумен

 

80. Қандай препарат кең спетрлі антибактериалды әсерге ие, жас балаларда және ересек адамдарда болатын көздің гонорейлі зақымдалуында, конъюнктивит, блефаритте, жағар май немесе көз тамшысы ретінде емдеу үшін және аурудың алдын алу үшін қолданады?

A. Ко-тримоксазол

B. Сулфален

C. Норсульфазол

D. Сульфацил натрийі

E. Сульфазин

 

81. Хиноксалин туындысына жататын синтетикалық микробқа қарсы препарат қандай?

A. Фурациллин

B. Фурадонин

C. Гатифлоксацин

D. Этазол

E. Диоксидин

82. Нитрофурандарға жататын кері әсерлер қандай?

A. Фотосенсибилизация және гемолитикалық анемия

B. Кристаллурия және диурездің жоғарылауы

C. Артралгия және миалгия

D. Диспепсиялық көріністер және аллергиялық реакциялар

E. Қанның түзілуін тежейді және тырысу синдромдар байқалады

 

83. Хиноксалин туындысының қолданылу көрсеткіштері қандай?

A. Жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы

B. Туберкулез

C. Несеп шығару жолдарының инфекциясы

D. Асқорыту жолдарының инфекциясы

E. Ауыр іріңді-қабыну үдерістері

 

84. Нитрофуран туындысына жатады, трихомонадозға және лямблиозға қарсы белсенділігі бар, алкогольдің әсерінен ағзада сенсибилизация байқалуы мүмкін?

A. Фурациллин

B. Фурадонин

C. Фуразолидон

D. Фурагин

E. Фталазол

 

85. Қандай антибиотик туберкулездің микобактерия рибосомасындағы ақуыз синтезін бұзады?

A. Стрептомицин

B. Линкомицин

C. Левомицетин

D. Оксациллин

E. Гентамицин

 

86. Изониазид және басқа ГИНҚ туындылардың әсер ету механизмі қандай?

A. ПАБҚ синтезін ингибирлейді

B. РНҚ синтезін ингибирлейді

C. ДНҚ синтезін ингибирлейді

D. Микол қышқылының синтезін ингибирлейді

E. Цитоплазматикалық мембрананың қызметін ингибирлейді

 

87. Қандай антибиотик туберкулез микобактериясында РНҚ синтезін бұзады?

A. Рифампицин

B. Изониазид

C. Циклосерин

D. ПАСК

E. Ампициллин

 

88. Қандай туберкулезға қарсы препаратты фуросемидпен біріктіруге болмайды?

A. Этамбутол

B. Изониазид

C. Канамицин

D. Рифампицин

E. ПАСК

 

89. Пенициллиндерді төзалмау кезде мерезді емдеу үшін қандай антибиотик қолданылады?

A.Бензилпенициллин

B. Канамицин

C. Клиндамицин

D.Доксициклин

E. Метронидазол

 

90. Науқасқа біріншілік мерезбен антибиотик тағайындалған. 5 минуттан соң оны енгізгеннен кейін онда тыныс біту ұстамасы басталды және қан қысымы күрт төмендеді. Науқасқа қандай препарат қолданды?

A.Бензилпенициллин

B. Бисмоверол

C. Калийдің йодиді

D.Бийохинол

E. Азитромицин

 

91. Қандай препарат полиенді саңырауқұлаққа қарсы дәрілік затқа жатады?

A. Нистатин

B. Нафтифин

C. Тербинафин

D. Гризеофульвин

E. Кетоконазал

92. Гризеофульвиннің фунгиостатикалық әсері немен байланысты?

A. Жасуша қабырғасының синтезінің бұзылуы

B. Ақуыз синтезіңің бұзылуы

C. Нуклеин ақуызының синтезінің бұзылуы

D. Жасуша мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы

E. Миколи қышқылының синтезінің бұзылуы

 

93. Мақсатқа сәйкес емдеу процессі кезінде, жиі шашын алу,тырнағын алу, эпидермистің жоғарғы қабатын қабыршықтау саңырауқұлаққа қарсы қандай препарат қолданады?

A. Амфотерицин В

B. Гризеофульвин

C. Кетоконазол

D. Декамин

E. Иодтың спиртті ерітіндісі

 

94. Қандай препарат вирустардың кері транскриптазасын тежейді?

A. Оксолин

B. Зидовудин

C. Метисазон

D. Ремантадин

E. Нельфинавир

 

95. Қандай препарат таңдамалы түрде вирустардың ДНК-полимеразасын тежейді, герпесті шақыратын вирустарға қарсы тиімді, жергілікті тек қана офтальмологияда қолданылады, тітіркендіргіш әсері бар және мөлдірқабықтың ісінуіне әкеледі?

A. Валацикловир

B. Идоксуридин

C. Саквинавир

D. Видарабин

E. Фамцикловир

 

96. Малярияны емдеу үшін және оны алдын алу үшін қандай дәрілік зат қолданылады?

A. Метронидазол

B. Хлоридин

C. Леворин

D. Фуразолидон

E. Нистатин

 

97. Метронидазолдың әсер ету механизмі немен негізделеді?

A. Цитоплазматикалық жасуша өткізгіштігінің бұзылуы

B. Қоздырғыштың тыныс ұлпаларының бұзылуы

C. Тиол ферментінің тежелуі

D. Ақуыз синтезінің бұзылуы

E. ПАБК-бәсекелес антогонизмімен

 

98. Қандай препарат ипекакуан тамырының алколоиды болып табылады,бауыр мен ішек қабырғаларына жабысқан амебаларға әсер етеді,ішке қолданғанда АШЖ шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер көрсетеді?

A. Тетрациклин

B. Хиниофон

C. Эметин гидрохлориді

D. Хингамин

E. Метронидазол

 

99. Қандай препарат құрттардың бұлшық етінің салдануына әкеледі?

A. Левамизол

B. Фенасал

C. Пиперазин адипинаты

D. Нафтамон

E. Хиниофон

 

100. 5-жастағы баланың анасының шағымдары: терісінің бозаруы, тәбетінің төмендеуі, үнемі ішінің ауруы, лоқсу, құсу байқалғанын. Нәжісін тексерген кезде аскариданың жұмыртқасы анықталды. Қандай препаратты тағайындауға болады?

A. Празиквантель

B. Мебендазол

C. Фенасал

D. Пирвиния памоат

E. Хиниофон

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 102 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
VII курс студенттерінің межелік бақылауына арналған тестік тапсырмалары №2 Жалпы дәрігерлік тәжірибе | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.113 сек.)