Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Өкпе рагы дамуының басты қауіпті факторына жатпайды:



1. Өкпе рагы дамуының басты қауіпті факторына жатпайды:

A) темекі тарту

B) өкпенің созылмалы қабыну аурулары

C) +алкоголизм

D) пневмокониоздар

E) ер жынысы

 

 

2. Гриптен кейін жедел пневмония дамыған 30 жастағы науқасқа пенициллин нәтижесіз болғанда қолданылатын дәрмек:

A) гентамицин

B) стрептомицин

C) +оксациллин

D) карбенициллин

 

3. Нозокомиальдік пневмониялардың ең жиі қоздырғыштары:

A) +грамтеріс флора, стафилококк

B) пневмококк, вирус

C) легионелла, эшерихи Коли

D) стафилококк, микоплазма

E) пневмококк, легионелла

 

4. Муковисцидозбен ауыратын науқастың қақырық себіндісінде Pseudomonas aeruginosa анықталса, қандай антибактериальды препаратты тағайындаған тиімді:

А) амипциллинді

В) линкомицинді

С)+тобрамицинді

Д) экстенциллинді

Е) метронидазолды

 

5. Сәулелік еммен бірге ұзақ уақыт бойы антибиотик және стероидты гормондармен емделген науқаста пневмонияның клиникалық белгілері пайда болды, кейіннен патологиялық үрдіс ішкі мүшелердің өзгерістерімен сепсис түрінде жайылды. Өкпеде жұқа қабырғалы тез іріңдейтін қуыстар табылды. Жыныс мүшелерінен ірімшік тәрізді бөлінділер бөліне бастады. Жоғарыда сипатталған өзгерістердің қоздырғышы:

A) + кандидалар

B) эхинококк

C) аспергиллалар

D) микоплазмалар

E) ішек таяқшалары

 

6. Созылмалы алкоголизммен және ӨСОА ауыратын егде жастағы ер адам қарақат желесі тәрізді, күйген ет иісті, тұтқыр қиын бөлінетін қақырық пен жөтелге шағымданады. Объективті: айқын интоксикация, ентігу, өкпеде аздаған сырылдар. Рентгенде «біртіндеп бал арасының ұясы тәрізді таралаған өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдықты қуыстар, пневмосклероз анықталды. Қандай қоздырғыш анықталады:

A) хламидия

B) + клебсиелла

C) микоплазма

D) вирус гриппы

E) ішек таяқшалары

 

7. Аурудың жедел ағымы, ылғалды сырылдар, өкпенің ортаңғы – төменгі бөліктеріндегі айқындығы орташа инфильтративті көлеңкелер, тез оң динамика қандай ауруға тән:

A) саркоидозға

B) пневмокониозға

C) + ошақты пневмонияға

D) милиарлы туберкулезге



E) инфильтративті туберкулезге

 

8. 38 жастағы науқасты 5 күн бойы аздаған мөлшердегі қақырық, жөтел, дене қызуының 38оС көтерілуі, әлсіздік мазалайды. Рентгенде: оң өкпенің төменгі бөлігінде біртекті емес ошақты көлеңке. Сіздің болжам жиагнозыңыз:

A) өкпе рагі

B) жедел бронхит

C) + ошақты пневмония

D) крупозды пневмония

9. Өкпенің ошақты туберкулезі 72. Профилактикалық тексеруде науқас 5-6 жыл бойы таңертеңгі уақытта мазалаған шырышты қақырықпен жөтелге шағымданады. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Болжам диагноз:

A) жедел бронхит

B) бронхоэктазды ауру

C) созылмалы іріңді бронхит

D) + созылмалы катаральды бронхит

E) созылмалы обструктивті бронхит

10. Созылмалы обструктивті емес бронхиттің өршуіне тән:

A) субфебрильді температура

B) айқын емес интоксикация

C) +шырышты-іріңді қақырықты жөтел

D) қатаң тыныс және құрғақ шашыранды төмен үнді сырылдар

E) дем шығарғанда айқын естілетін ұзақ әртүрлі үнді құрғақ сырылдар

11. 35 жастағы А. атты науқас 2 жылдан бері бронхиальді демікпемен ауырады. Демікпе ұстамасы гормонға тәуелді, беротекпен басылады. Тыныс шығарудың жылдамдық шыңы 66%. Қарап тексергенде тыныштықта ентікпе, аускультацияда өкпенің барлық аймағында естілетін ысқырықты құрғақ сырылдар. Төменде келтірілген тәсілдерінің қайсысы тиімді?

A) теофиллин per os

B) эуфиллин 2,4% 10 мл к/т

C) вентолин небулайзер арқылы

D) + преднизолон 30-60 мг к/т

E) беротекпен ингаляцияны жалғастыру

12. 25 жасар спортпен белсенді шұғылданатын ер адам жаттығудың соңында пайда болып, тыныштық жағдайында жоғалатын ұстама түріндегі жөтел мен ентігу шағымдарымен қаралды. Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдісі тиімді?

A) бронхоскопия

B) пневмотахометрия

C) сальбутамол

D) + физикалық күштемемен сынама

E) провокациялық ингаляциялық сынама

13. Аталық без аденомасы бар бронх демікпесімен ауыратын науқаста тұншығу ұстамасын басу мақсатында көрсетілетін тиімді ем:

A) + атровент

B) эуфиллин

C) астмопент

D) теофиллин

сальбутамол

14. 60 жастағы ӨСОА-мен ауыратын науқаста аздаған физикалық жүктемеден кейінгі ентігу, аз мөлшердегі қақырықты жөтел, оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезімі, бөлінетін зәр көлемінің азаюы байқалады. Объективті: акроцианоз, мойын веналарының ісінуі, эпигастрий аймағындағы пульсация, өкпе артериясында ІІ үннің акценті, тахикардия, бауырдың ұлғаюы, ісінулер. Науқастың ЭКГ-да анықталатын белгісі:

A) қарыншаішілік бөгемелер

B) солжақ қарынша гипертрофиясы

C) солжақ жүрекше гипертрофиясы

D) + оң жақ қарынша гипертрофиясы

E) Гис шоғырының сол жақ аяқшасының бөгемесі

 

15. Тромбофилиямен ауыратын науқаста тыныспен байланысты кеуде қуысындағы ауру сезімі, жөтел, қан қақыру, субфебрильді қызбаға шағымдар пайда болды. Анамнезінде өкпе артериясының майда бұтақтарының тромбоэмболиясы. Қарап тексергенде: цианоз, эпигастральды пульсация, семсер тәрізді өсінді үстіндегі систолалық шуыл, өкпе артериясында ІІ үннің акценті. Емдеу жоспарына төмендегі препараттардың қайсысын бірінші кезекте қосқан жөн:

A) антибиотиктерді

B) бета-блокаторларды

C) + антикоагулянттарды

D) Кортикостероидтарды

Е) АПФ ингибиторларын

 

16. Өкпенің созылмалы обструкциялық ауруы және өкпетекті жүрекпен ауыратын, жағдайы тұрақты науқастың өмірлік болжамының жақсаруы келесі шараларда болуы мүмкін:

A) +тұрақты оттегілік терапия

B) бета-блокаторларды ұзақ қолдану

C) варфарин курсын жылына 2-3 рет тағайындау

D) кезеңдік трахеобронхиальды санация

E) ұзақ әсерлі нитраттарды қолдану

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1. Қандай дәрілік зат қатты дозаланған түрге жатады? | Бренстед-Лоури теориясы бойынша қандай қосылыс аммонилді негіздерге жататынын көрсетіңіз

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)