Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. «Decoctum» нені білдіреді?



1 ВАРИАНТ

1. «Decoctum» нені білдіреді?

A. Таблетка

B. Қайнатпа

C. Ерітінді

D. Эмульсия

E. Суспензия

 

2. Этил спирттің дозаланған өлшемі қандай?

A. 100 ЕД

B. 100 МЕ

C. 100,0

D. 100 ml

E. 100 gtts

 

3. Өсімдіктің жұмсақ бөлігінен алынатын сулы сығындысы, қандай сұйық дозаланбаған дәрілік түрге жатады?

A. Тұнба

B. Суспензия

C. Экстракт

D. Түндырма

E. Қайнатпа

 

4. Рецепт жазуда қандай қате бар?

Rp.: Тabulettas Digoxini 0,00025.

Dа tales doses numero 10

Signa. 1 таблеткадан күніне 3 рет.

#

A. Рецепт дұрыс жазылған

B. Дәрілік түрдің атауында қате бар

C. Науқасқа тағайындауында қате бар

D. Дозаның санын белгілеуде қате бар

E. Дозаны жазғанда қате бар

 

5. Дәрілік затты ас қорыту жолынан тыс еңгізетін түрі қалай аталады?

A. Парентеральды

B. Он екіелі ішекке

C. Ректальды

D. Пероральды

E. Сублингвальды

 

6. АІЖ дәрілік заттың негізгі сіңірілу механизмі қандай?

A. Пассивты диффузия

B. Пиноцитоз

C. Белсенді транспорт

D. Жеңілдетілген диффузия

E. Фильтрация

 

7. Ағзаның дәрілік затқа жоғары сезімталдығы қалай аталады?

A. Кумуляция

B. Толеранттілік

C. Идиосинкразия

D. Сенсибилизация

E. Дәрілік тәулділік

 

8. Микробқа қарсы затты тағайындағанда қандай фармакотерапия түрі қолданылады?

A. Этиотропты

B. Алдын алу

C. Симптоматикалық

D. Орын басу

E. Патогенетикалық

 

9. Дәрілік тәуелділікке не тән?

A. Дәрілік затты үнемі қабылдауға құштарлық

B. Ағзаның дәрілік затқа жоғары сезімталдылығы

C. Дәрілік заттың ағзада жиналуы

D. Дәрілік заттың ағзада азаюы

E. Бірінші рет қабылдаған кезде жылдам үйрену

 

10. Прокаин қандай фармакологиялық әсер етеді?

A. Тітіркендіргіш

B. Сіңдіргіш

C. Қаптағыш

D. Анестезирлеуші

E. Бырыстырушы

 

11. Жергілікті анестетиктердің әсер ету механизмі қандай?

A. Жүйке жасушаларының ядроларын одақтау (қоршау)

B. Иондардың трансмембраналық тасымалдауға әсері

C. Аурсыну сезгіштіктің орталықтарын тежеу

D. Шеткі ауырсыну серпіністердің өткізуін тежеу

E. Аурсыну медиаторлар биосинтезін тежеу

 

12. Неге бензокаин инфильтрациялық анестезияға қолданылмайды?



A. Жоғары токсикалық

B. Төмен белсенді

C. Қантамырларды тарытпайды

D. Суда нашар ериді

E. Тіндерде жинақталады

 

13. Қандай мақсатқа жергілікті анестетиктерді тамыртарытқыш дәрілермен біріктіреді?

A. Қан қысымын төмендету үшін

B. Тіндерді қанмен қамтамасыз етуін төмендету үшін

C. Қан қысымды қолдау үшін

D. Анестетіктердің резорбцияны жақсарту үшін

E. Анестезияны күшейту үшін

 

14. Қандай препарат ауызды шаюға қолданады?

A. Висмута нитрат негізгі

B. Танин

C. Ментол

D. Белсендірілген көмір

E. Викалин

 

15. Тері және шырышты қабатының қабынуын емдеуге қандай заттар қолданылады?

A. Жергілік жансыздандырғыш заттар

B. Тұтастырғыш

C. Қаптағыш

D. Сорғыш

E. Тітіркіндіргіш

 

16. Қандай затты теріге жаққанда бездің бөлінуін адсорциялайды, теріні құрғатады және механикалық тітіркенуден сақтайды?

A. Тальк

B. Мүсәтір спирті

C. Ментол

D. Қайын қабығының қайнатпасы

E. Крахмалдан алынған шырыш

 

17. Қандай М-холиномиметик тек қана жергілікте қолданылады, оның орталық және шеткі холинорецепторларға токсикалық әсері кесірінен?

A. Ацеклидин

B. Неостигминнің метилсульфат

C. Физостигминнің салицилат

D. Пилокарпиннің гидрохлорид

E. Армин

 

18. Қандай холиноблокатор ширектік аминдер тобына жатады?

A. Ипратропий бромиді

B. Атропин

C. Скополамин

D. Циклодол

E. Бензтропин

 

19. Қандай М-холиноблокатор ОЖЖ-ні тежейді және теңіз, ауа ауруларының профилактика (алдын алу) үшін қолданылады?

 

A.Ипратропийнің бромиді

B. Скополаминнің гидробромиді

C. Неостигминнің метилсульфат

D.Метоцинийдің йодид (метацин)

E. Пирензепин (гастроцепин)

 

20. Неге бетанехол жүрек патология кезінде қарсы көрсетілген?

A. Оның оң инотропты эффекті бар

B. Теріс инотропты эффекті бар

C. Оң хронотропты эффекті бар

D. Оң дромотропты эффекті

E. Қан қысымын жоғарылатады

 

21. Жастағы Қ. аты науқаста, құрсақ қуысында операция істелгеннен соң ішектің және қуықтың атониясы байқалады. Науқасқа қандай препарат тағайындау керек?

A.Пилокарпиннің гидрохлориді

B. Ацетилхолиннің хлориді

C. Цитизин (цититон)

D.Лобелиннің гидрохлориді

E. Неостигминнің метилсульфаты

 

22. Қандай әсері ұзартылған бета-адреномиметик ингаляция түрінде бронх демікпесінде қолданылады?

A. Метопролол

B. Небивалол

C. Пропранолол

D. Сальметерол

E. Атенолол

 

23. Қандай антигипертензивті әсері бар альфа 1-адреноблокатор, алғашқы доза әсерін шақырады?

A. Празозин

B. Атенолол

C. Пропранолол

D. Сальбутамол

E. Сальметерол

 

24. Науқасқа ринитпен 30 минут аралығында эфедрин қолданды. Берілген уақытта соңғы рет еңгізілгеннен кейін фармакологиялық әсер болмаған. Бұл көрініс қалай аталады?

A. Толеранттылық

B. Үйренгіштік

C. Тахифилаксия

D. Аллергиялық реакция

E. Идиосинкразия

 

25. Қандай Д-рецепторлардың агонисті бүйрек қан ағысын жақсартады?

A. Сальбутамол

B. Допамин

C. Лабеталол

D. Празозин

E. Пропранолол

 

26. Қандай препарат жүректің жиырлу жиілігін, жүректің оттегіне қажеттілігін, қандағы қант деңгейін жоғарлатады, АҚ төмендетеді, бронх саңылауын кеңейтеді және атриовентрикулярлы өткізгіштікті жеңілдетеді?

A. Изопреналин

B. Нафазолин

C. Ксилометазолин

D. Фентоламин

E. Празозин

 

27. Ингаляционды емес наркозға қандай заттар қолданылады?

A. Наркозға арналған эфир

B. Фенобарбитал

C. Циклопропан

D. Фторотан

E. Кетамин

 

28. Наркозға арналған заттың әсер ету механизмі неге байланысты?

A. Нейрон аралық импульстерді өткізудің бұзылысы

B. Кальций иондарының торша ішілік концентрациясын төмендетеді

C. ГАМҚ-бензодиазепин-барбитурат рецепторлы кешенді белсендіреді

D. ОЖЖ ГАМҚ – рецепторларын тежейді

E. Калий иондарына ион өзекшелерінің өткізгіштігін төмендетеді

 

29. Ноотропты заттарға әсері жақын қандай препарат, терапевттік дозада тыныштандырғыш және орталықты миорелаксантты әсерге ие?

A. Кетамин

B. Пропанидид

C. Натрий оксибутираты

D. Фенобарбитал

E. Тиопентал натрий

30. Төменде аталған қандай препараттар келесі әсерге ие: наркотикалық белсенділігі жоғары ұшпа сұйықтық, қозу кезеңі қысқа, наркоздан кейін оянуы жылдам, әсерден кейінгі әсері жоқ, тыныс алу жолдарын тітіркендірмейді. Өрт жағдайларында қауыпсіз. Қолданғанда жүрек аритмияларын шақыру мүмкін?

A. Оксибутират натрия

B. Тиопентал-натрий

C. Фторотан

A. Наркозға арналған эфир

D. Азота закись

 

31. Ота алаңын өңдеу үшін этил спирттің қандай концентрациясы қолданылады?

A. 40%

B. 70%

C. 90%

D. 95%

E. 33%

 

32. Этанолдың әсер ету механизмі қандай?

A. Синапсты өткізгіштікті күшейтіп, ГАМҚ ГАМҚ-А рецепторларына сезімталдығын жоғарлатады

B. Калий иондарына ион өзекшелерінің өткізгіштігін төмендетеді

C. Кальций иондарының торша ішілік концентрациясын төмендетеді

D. ГАМҚ-бензодиазепин-барбитурат рецепторлы кешенді белсендіреді

E. ОЖЖ ГАМҚ – рецепторларды тежейді

 

33. Этил спирті қандай қызмет атқарады?

A. Бауырдың микросомальды ферментін индукциялайды

B. Бауырдың микросомальды ферментін ингибирлейді

C. Бауырдың цитохромды жүйесін тежейді

D. Этил спирттің тотығуын тоқтатады

E. Альдегиддегидрогеназаның белсенділігін тежейді

34. Этил спирттің антисептикалық әсер ету механизмі қандай?

A. Теріде ақуыздың денатурациясын шақырады

B. Тотығу-тотықсыздану үдерісін бүзады

C. Тіндерден молекулярлы оттегін бөледі

D. Тиол ферменттерін тежейді

E. Сульфгидрильды топтарды байланыстырады

 

35. Аурудың сезімталдығын таңдамалы басатын дәрілік заттың тобы қалай аталады?

A. Транквилизаторлар

B. Анальгетиктер

C. Жергілікті анестетиктер

D. наркозаға арналған заттар

E. Ұйықтататын дәрілік заттар

 

36. Қандай препарат изохинолин туындысы болып табылады?

A. Промедол

B. Фентанил

C. Морфина гидрохлорид

D. Пентазоцин

E. Папаверина гидрохлорид

 

37. Наркотикалық анальгетиктердің әсер ету механизмі немен негізделген?

A. Опиоидты рецепторлардың қозуымен

B. Опиоидты рецепторлардың тежелуімен

C. Дофамин рецептордың қозуымен

D. Антиноцицептивті жүйенің барлық звеноларының тежелуі

E. ЦОГ- ОНЖ де ферментінің тежелуі

 

38. Қандай наркотикалық анальгетик инфаркт миокардта қолданады?

A. Кодеин

B. Морфин гидрохлориді

C. Пентазоцин

D. Налбуфен

E. Бупренорфин

 

39. Морфинмен жедел улануда қандай симптомдар тән?

A. ОНЖ қозуы

B. АҚ жоғарлауы

C. Миоз

D. Мидриаз

E. Тахикардия

 

40. Қандай опиоидты емес анальгетик парааминофенол туындысына жатады?

A. Бутадион

B. Ацетилсалицил қышқылы

C. Карбамазепин

D. Парацетамол

E. Омнопон

 

41. Жылудың реттелуіне наркотикалық емес анальгетиктер қалай әсер етеді?

A. Жылудың берілуін төмендетеді

B. Жылудың пайда болуын жоғарылатады

C. Жылудың берілуін жоғарылатады

D. Жылудың пайда болуын төмендетеді

E. Жылудың реттелуіне әсер етпейді

 

42. Анальгетиктердің әсерінен ауырсыну табалдырығы қалай өзгереді?

A. Төмендейді

B. Жоғарылайды

C. Өзгермейді

D. Тежеледі

E. Тарылады

 

43. Созылмалы ауырсынуларда қандай заттарды қолданады?

A. Парацетамол, метамизол натриі

B. Азота закисі, кетамин

C. Карбамазепин, дифенин

D. Морфин гидрохлориді, пентазоцин

E. Клонидин, ацетилсалицил қышқылы

 

44. Науқастағы фантомды ауырсынуда қандай препарат тағайындауға болады?

A. Натрия вальпроат

B. Парацетамол

C. Кетамин

D. Имизин

E. Промедол

 

45. Ұйықтатқыш заттар қандай топ әсерінің наркотикалық типі бар?

A. Барбитур қышқылының өнімдері

B. Бензодиазепин рецепторларының агонисттері

C. Гистамин рецепторларының блокаторлары

D. Эпифиз гормонының препараттары

E. Циклопирролонның туындылары

 

46. Қандай ұйықтатқыш препарат ГАМКА–бензодиазепин – барбитурат жиынтығымен байланысқан кезде хлор каналдарының ұзақ ашылуына әкеледі?

A.Фенобарбитал

B. Нитразепам

C. Феназепам

D.Дифенгидрамин (димедрол)

E. Зопиклон

 

47. Қандай ұйықтатқыш препарат бауырдың микросомальды ферменттерінің индукциялығын тудырады?

A.Диазепам

B. Фенобарбитал

C. Зопиклон

D.Дифенгидрамин

E. Нитразепам

 

48. Ұйықтатқыш препаратты қабылдағаннан соң науқаста әлсіздік, қалжырағандық, психомоторлық реакцияларының бұзылуы, ықыласы белгілінеді, Т1/2=т 3,5 күн. Пациент қандай препаратты қабылдады?

A.Диазепам

B. Дифенгидрамин (димедрол)

C. Лоразепам

D.Фенобарбитал

E. Золпидем

 

49. Қандай препаратта бір уақытта ұйқы шақыратын және эпилепсияға қарсы әсері бар?

A. Фенитоин

B. Этосуксимид

C. Фенобарбитал

D. Ламотриджин

E. Карбамазепин

 

50. Эпилепсияға қарсы заттарды неге жайлап тоқтату керек?

A. «Беру» феномені дамуы мүмкін

B. Дәріге тәуелділік дамуы мүмкін

C. Толеранттылық дамуы мүмкін

D. Бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі дамуы мүмкін

E. Әсерден кейінгі әсер дамуы мүмкін

 

51. Төмендегі аталған препараттарға қандай қасиетттер тән: эпилепсияға қарсы әсерге ие және ұйқы шақыратын әсері бар, бауырдағы микросомальды ферменттердің белсенділігін жоғарылатады, ұзақ уақыт қолданғанда кумуляцияның дамуы мүмкін?

A. Фенобарбитал

B. Фенотоин (дифенин)

C. Карбамазепин

D. Натрия вальпроат

E. Нитразепам

 

52. Төмендегі аталған препараттарға қандай қасиетттер тән: парциальды және тонико–клоникалық тырысуларда таңдамалы препарат, үшкіл нервтің невралгиясында қолданылады?

A. Фенобарбитал

B. Фенотоин (дифенин)

C. Карбамазепин

D. Натрия вальпроат

E. Нитразепам

 

53. Қандай паркинсонизмге қарсы препарат дофаминді рецепторларды қоздырады?

A. Мидантан

B. Циклодол

C. Бромокриптин

D. Тропацин

E. Прометазин

 

54. Леводопаның әсер ету механизмі қандай?

A. Мида және шеткері тіндерде дофаминнің түзілуін жоғарылатады

B. Дофаминнің биотрансформациясын баяулатады

C. Дофаминнің алғы заты болып табылады

D. МАО-В ны тежейді

E. Дофаминді рецепторларды белсендіреді

 

55. Карбидопаның, леводопадан айырмашылығы?

A. Құрамында амантадин бар

B. Құрамында бенсеразид бар

C. ГЭТ-дан өтпейді

D. Бауырда белсенді бұзылады

E. АҚЖ сіңірілмейді

 

56. Төмендегі аталған препаратқа қандай қасиеттер тән: дофаминді рецепторлардың агонисты, паркинсонға қарсы әсері белсенді, өсу гормонымен пролактиннің өнімін тежейді?

A. Толкапон

B. Бромокриптин

C. Тропацин (Циклодол)

D. Амантадин (Мидантан)

E. Леводопа

 

57. Қандай препарат стероидты қабынуға қарсы затқа жатады?

A. Индометацин

B. Ацетилсалицил қышқылы

C. Преднизолон

D. Диклофенак натрия

E. Бутадион

 

58. Қандай препаратты 12 жасқа дейінгі балаларға жедел вирусты инфекцияда қолдануға болмайды?

A. Ацетилсалицил қышқылы

B. Парацетамол

C. Метамизол

D. Ибупрофен

E. Бутадион

 

59. Қандай препарат простагландиндердің, лейкотриендердің түзілуін тежейді, иммунитет үдерісін және қанда лимфоциттермен эозинофилдердің құрамын төмендетеді?

A. Дексаметазон

B. Диклофенак-натрий

C. Целекоксиб

D. Ибупрофен

E. Ацетилсалицил қышқылы

 

60. Қандай препараттар тобы иммунодепрессивті әсерге ие, иммуноциттердің бөлінуін тежейді, аутоиммунды ауруларды және трансплантантты қабылдамау реакциясын басу үшін қолданады?

A. Цитостатиктер

B. Иммуностимуляторлар

C. Антигистаминды

D. Спазмолитиктер

E. Иммунодепрессанттар

 

61. Қандай препараттар Т-лимфоцитердің цитотоксикалық әсерін төмендетеді, қабынуға қарсы, иммунодепрессивті әсері бар, гиперсезімталдығы жылдам және баяу реакция түрінде қолданылады?

A. Антигистаминдер

B. Цитостатиктер

C. Иммуностимуляторлар

D. Глюкокортикоидтар

E. Иммуномодуляторлар

 

62. Қандай аллергияға қарсы заттың стероидты құрылымы бар?

A. Преднизолон

B. Лоратадин

C. Кетотифен

D. Аминофиллин

E. Эпинефрин

 

63. Гистаминге қарсы қандай затқа ұйқытатқыш эффекті тән?

A. Лоратадин (кларитин)

B. Дифенгидрамин (димедрол)

C. Астемизол (гисталонг)

D. Мебгидролин (диазолин)

E. Фексофенадин (телфаст)

 

64. Кетотифеннің әсер ету механизмі қандай?

A.Гистамин синтезін ынталандырады

B. Гистаминдік рецепторларды ынталандырады

C. Гистаминдік рецепторларды қоршайды

D.Местей жасушалар дегрануляцияны тежейді

E. Местей жасушалар дегрануляцияны ынталандырады

 

65. Левамизолға қандай әсерлер жатады?

A. Гуморальды иммунитеттің реттелуі

B. Жасушалық иммунитеттің реттелуі

C. Жасушалық және гуморальды иммунитеттің реттелуі

D. Вирусқа қарсы

E. Саңырауқұлақтарға қарсы

66. Алдын алу және емдеу үшін, тыныс алу жолдарының және ЛОР-ағзалардың инфекциясының қоздырғыштарының рибосомасының құрамында қандай иммуностимулятор бар?

A. Тималин

B. Рибомунил

C. Метилурацил

D. Молграмастин

E. Циклоферон

 

67. Антисептиктерге қандай зат жатады?

A. Хлорамин Б

B. Метронидазол

C. Амоксициллин

D. Ципрофлоксацин

E. Висмт нитраты

 

68. Металдың ауыр тұздарымен уланғанда қандай заттарды қолданады?

A. Калий перманганаты

B. Сутек асқын тотығы

C. Йодтың спиртті ерітіндісі

D. Хлоргексидин

E. Унитиол

 

69. Құрамында галогені бар туындыға қандай препарат жатады,антибактериалды және фунгицидті әсері бар, хирургтың қолын жууға және операциялық аймақты өңдеуге,хирургиялық инструменттерді стерилизациялау үшін қолданады?

A. Калий перманганаты

B. Бриллиант көгі

C. Этил спирті

D. Церигель

E. Хлоргексидин

 

70. Бактериостатиктерге қандай антибиотиктер тобы жатады?

 

A. Пеницилиндер

B. Тетрациклиндер

C. Цефалоспориндер

D. Монобактамдар

E. Карбапенемдер

 

 

71. Тыныс алу орталығының рефлекторлы қозуында қандай антисептикалық зат қолданады?

A. Сутек асқын тотығы

B. Калий перманганаты

C. Аммиак ерітіндісі

D. Формальдегид ерітіндісі

E. Ихтиол

 

72. Бактерицидты антибиотиктерге қандай топ жатады?

A. Бета-лактамдар

B. Тетрациклиндер

C. Хлорамфениколдар

D. Линкозамидтер

E. Макролидтер

 

73. Қандай антибиотиктер тобы бактериялардың торша қабырғасындағы пептидогликанды тежеп бактериялардың лизисына әкеледі?

A. Тетрациклиндер

B. Макролидтер

C. Аминогликозидтер

D. Линкозамидтер

E. Пенициллиндер

 

74. Қандай топтың антибиотиктері бронх, өкпе жүйесінің тіндеріне нашар енеді, ото- нефротокосикалық әсерге ие?

A. Цефалоспориндер

B. Пенициллиндер

C. Карбапенемдер

D. Тетрациклиндер

E. Аминогликозидтер

 

75. Қандай антибиотик кең спектрлі, дозаға тәуелді сүйек кемігін тежейді және нәрестелерде «сұр» синдромының дамуы байқалады?

A. Ампициллин

B. Имипенем

C. Хлорамфеникол

D. Гентамицин

E. Тетрациклин

 

76. Аминогликозидтерді – цефалоспориндерді микробқа қарсы әсері бар мақсатында біріктіруге және қолдауға бола ма?

A. Антагонизм

B. Синергизм

C. Қоздырғыштың биохимиялық үдерістеріне әсер етеді

D. Баяу еритін кешеннің пайда болуы (жүзінді)

E. Мөлшерлік күштің төмендеуі

77.Қай препарат қысқа әсері бар сульфаниламидке жатады?

A. Стрептоцид

B. Сульфазин

C. Сульфаметаксазол

D. Сульфадиметоксин

E. Сульфален

 

78. Қандай препарат жергілікті көз тамшысы ретінде қолданатын сульфаниламидке жатады?

A. Сульфален

B. Сульфадимезин

C. Сульфацил-натрий

D. Норсульфазол

E. Уросульфан

 

79. Неліктен сульфаниламидтердің іріңді ортада қабынуда микробқа қарсы әсері әлсірейді?

A. Сарысуда препараттың концентрациясының азайуынан

B. Сарысу ақуызымен олардың байланысы

C. Препараттардың тез бұзылуы

D. Препараттың жаман сіңірілуі

E. Жоғары концентрация ПАБК қабыну ортасында

 

80. Қандай қиыстырылған препараттың құрамында сульфанил қышқылының туындысы және күмістің атомы бар,оны жергілікті жұмсақ дәрілік түр ретінде қолданады?

A. Сульфаргин

B. Сульфацил-натрия

C. Ко-тримоксозол

D. Этазол

E. Уросульфан

81. Қандай препарат кең спетрлі антибактериалды әсерге ие синонимі «Бисептол» АШЖ, бүйрек, несеп жолдарының ауруында және тыныс алу жолдарының инфекциясында қолданылады?

A. Сульфазин

B. Сулфален

C. Ко-тримоксазол

D. Фталазол

E. Норсульфазол

 

82. ІІ буынды фторхинолондарға жататын препарат қандай?

A. Норфлоксацин

B. Левофлоксацин

C. Мосифлоксацин

D. Оксолин қышқылы

E. Спарфлоксацин

83. Фторхинолондардың микробқа қарсы әсер ету механизмі қандай?

A. Фосфолипаза С тежейді

B. ДНК-гиразаны тежейді

C. Бактериялардың қабырғасының синтезі тежеледі

D. Бактерия қабырғасының өткізгіштігі жоғарылайды

E. Парааминобензой қышқылымен бәсекеге түседі

84. Хиноксалин туындысының қолданылу көрсеткіштері қандай?

A. Жоғары тыныс алу жолдарының инфекциясы

B. Туберкулез

C. Несеп шығару жолдарының инфекциясы

D. Асқорыту жолдарының инфекциясы

E. Ауыр іріңді-қабыну үдерістері

 

85. Қандай 8-оксихинолин туындысы, зәрді шафранды-қызыл түске бояйды, несеп шығару жүйесінің инфекциясында емдеуге қолданады?

A. Ломефлоксацин

B. Гемифлоксацин

C. Фурациллин

D. Интестопан

E. Нитроксолин

 

86. Қандай препарат, туберкулезға қарсы әсері жоғары болып, несепті және көздің сұйықтығын қызыл түске бояйды?

A. Рифампицин

B. ПАСК

C. Стрептомицин

D. Этамбутол

E. Пиразинамид

 

87. Қандай туберкулезға қарсы заттың антибактериальды әсері кең спектрлі?

A. Этамбутол

B. Этионамид

C. Канамицин

D. Линкомицин

E. Изониазид

 

88. Туберкулезға қарсы қандай препарат В6 дәруменнің деңгейін төмендетеді және нейротоксикалық әсер шақырады?

A. Бициллин-1

B. Изониазид

C. Стрептомицин

D. Канамицин

E. ПАСҚ

 

89. Мерезді емдеу үшін қандай бактерияларға қарсы зат қолданылады?

A. Стрептомицин

B. Бензилпенициллин

C. Азтреонам

D. Ванкомицин

E. Метронидазол

 

90. Висмут препараттарының жанама әсері қандай?

A. Слюнотечение

B. Язвенный колит

C. Стоматит

D. Дисбактериоз

E. Кристалурия

 

91. Науқаста мерез бар қандай препаратты қолданғанда асқыну шақырды, содан соң ол стоматологқа қаралды, ауыз қуысының шырыш қабатының бұзылуына және қызыл иек жиегінің қараюына шағымданды?

A. Бензилпенициллин

B. Цефалоридин

C. Эритромицин

D. Бийохинол

E. Азитромицин

 

92. Қандай саңырауқұлаққа қарсы препараттар фунгицидті және фунгистатикалық әсерге ие?

A. Нистатин

B. Амфотерицин В

C. Кетоконазол

D. Тербинафин

E. Нафтифин

 

93. Амфотерицин В-ның әсер ету механизмі қандай?

A. Жасуша қабырғасының синтезінің бұзылуы

B. Ақуыз синтезіңің бұзылуы

C. РНК синтезінің бұзылуы

D. Жасуша мембранасының өткізгіштігінің бұзылуы

E. ПАБК -бәсекелес антоганизмі

 

94. Мақсатқа сәйкес емдеу процессі кезінде, жиі шашын алу,тырнағын алу, эпидермистің жоғарғы қабатын қабыршықтау саңырауқұлаққа қарсы қандай препарат қолданады?

A. Амфотерицин В

B. Гризеофульвин

C. Кетоконазол

D. Декамин

E. Иодтың спиртті ерітіндісі

 

95. Қандай вирусқа қарсы препарат индолкарбон қышқылының туындысына жатады?

A. Ремантадин

B. Саквинавир

C. Арбидол

D. Фоскарнет

E. Зидовудин

 

96. Зидовудинге қандай кері әсерлер жатады?

A. Сүйек кемігін тежейді

B. Шеткері тамырлардың тарылуы

C. Дене салмағының жоғарылауы

D. Диспепсиялық көріністер

E. Аллергиялық реакциялар

 

97. Қандай препарат протеазаның белсенді орталығын тежейді және вирусты капсидтың пайда болуын тежейді, диспепсияны, гемолитикалық анемияны, семіздікті, гипергликемияны шақырады, ЖИТС-ті алдын алу үшін және емдеу үшін қолданылады?

A. Ставудин

B. Гамма-глобулин

C. Саквинавир

D. Рибавирин

E. Оксолин

 

98. Қандай жағдайда протозойға қарсы дәрілерді қолданады?

A. Туберкулез

B. Кандидамикоз

C. Малярия

D. Сифилис

E. Пневмония

 

99. Қандай протозойға қарсы зат аритмияға қарсы әсерге ие?

A. Метронидазол

B. Хингамин

C. Хинин

D. Тетрациклин

E. Сульфадимезин

 

100. Қандай препараттың гематошизотропты, амебецидті, аритмияға қарсы және иммунодепрессивті әсері бар, малярияның барлық түрінде, ішек амебиазында, ревматоидты артритте қолданады?

A. Метронидазол

B. Нистатин

C. Левамизол

D. Хингамин

E. Фуразолидон

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 21 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1. Преимущества Интернета: | При вправлении переднего двустороннего вывиха нижней челюсти врач большие пальцы рук устанавливает

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.124 сек.)