Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті



;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

;Жалпы хирургия және травматология кафедрасы

;Қорытынды бағалауды өткізуге арналған емтихандық сұрақтар 3 курс;«Жалпы медицина және стоматология» факультетінің «Жалпы медицина» мамандығының студенттері үшін

 

ВАРИАНТ 104

 

1. 60 жастағы науқас әйелдің дәрігері зерттеу барысында тоқ ішекте ісік анықтады.

Науқастың сырқаты туралы оның таныстарына қандай мағұлмат беред3?

 

2. Шахта қызметкерінде тас көмір құлауының нәтижесінде екі аяғы да астында қалып қойған. Кейін науқаста жедел бүйрек жеткіліксіздігі дамыған. 5 ши күні реанимация бөлімшесінде науқаста қан құрамында параллельді қалдық азот және мочевина концентрациясы жоғарылай бастаған, одан кейін мочевина концентрациясы төмендей бастаған.

Бұл лабораторлық көрсеткіштер ненің себепшісі болып табылады?

 

3. Госпитальға әскер қызметкері екі табанының үсіп қалуымен келген. Қараған кезінде екі табанының да гиперемия жәнежұмсақ тіндердің ісінуі байқалады. Аяқ басының дистальді бөлігінде түссіз сұйықтықпен сулану байқалады.

Үсудің дәрежесі қандай?

 

4. Хирургқа екі табанының да үсуімен науқас келді. Қарау кезінде аяқ басының дистальді бөлігінде көгерген, жаланаштанған дермалы аймақтар байқалады, бозғылт-мраморлы түсті.

Үсудің дәрежесі қандай?

 

5. Қабылдау бөлімшесіне 4 м биктікті ағаштан құлаған, тыныс алуының ауыр бұзылысымен, тетраплегиямен әкелінген.

Берілген клиникалық белгілер жарақаттың қай түріне жатады?

 

6. Науқасты зерттеу барысында метастазданбаған көлденең жуан ішектің рагы анықталды. Науқасқа операция жасау көрсетілген.

Осы кездегі операция қандай типке жатады?

 

7. Науқас бетіндегі үлкен тыртықтың болуымен поликлиникаға шағымданды. Қараудан кейін нақты дефектіні шектеу үшін сіз оған оперативті ем тағайындадыңыз.

Осы кездегі шектеу операциясы қандай типке жатады?

 

8. Науқас Н., 40 жаста, жедел флегмонозды калькулезды холецистит болуына байланысты холецистэктомия операциясы жасалды.



Осы кездегі шектеу операциясы қандай типке жатады?

 

9. Хирургке жедел ішектің өтімсіздігі болуына байланысты лапаротомия операциясы жасалды. Сигматәрізді ішектің ісігі ол бауырға метастазданғандығы анықталған. Науқасқа сигматәрізді ішектің ісігі орналасқан бөлігін алып тастаған және anus praetonaturalis қойылған.

Сәйкес операция?

 

10. Қанмен ластанған құрал-саймандарда таттануды болдырмас үшін ерітіндіге салынған (операцияда қолданғаннан кейін 1% натрий бензоат ерітіндісіне).

Ерітіндінің температурасы және ұстап тұру уақыты қанша болуы керек?

 

11. Науқасқа теріасты көк тамырының варикозды кеңеюі салдарынан субкомпенсация кезеңінде оң жақ жамбас және балтырдың үлкен тері асты көк тамырларының венэктомиясы жасалған. Жарақаттар тігілген, 1% йодонат ерітіндісімен өңделіп, салфеткамен жабылған.

Таңу материалын бекіту үшін қандай дәкелік таңғышты қолданған дұрыс?

 

 

12. Науқас К., 20 жаста, омыртқасының мойын бөлігінің жарақаты және жұлынның зақымдалуына байланысты, декомпрессия мақсатында жедел түрде ламинэктомия жасалған. Мойынның артқы бөлігіндегі жарақат тігілген, салфеткамен жабылған.

Таңу материалын бекіту үшін қандай дәкелік таңғышты қолданады?

 

13. Кеуде куысының оң жағында енген жарақаты бар науқасқа шақырды. Жарақаттанушы жағдайы ауыр. Ол оң жағына еңкейіп, жарақатын қолымен жабады. Жарақатты қараған кезде дем алғанда ауа жарақаттың ішіне енеді, ал дем шығарғанда жарақаттан ауа шумен шығады.

Қандай дәкелік таңғышты қояды?

 

14. Науқас С., 28 жаста, шынтақтың іріңді бурситіне оперативті ашу жасалды. Қапшық антисептик ерітіндісімен жуылған, натри хлорид гипертоникалық ерітіндісімен суланған турундамен дренаждалған, марлелі салфеткамен жабылған.

Таңу материалын қалай бекітеді?

 

15. Науқас С., 36 жаста, жол апаты салдарынан зардап шеккен. Оң жақ самайы аймағында көп мөлшерде қан кетіп жатқан кесілген жарақаты бар және де оң иық буынының жоғарғы бетінде шабылған – жыртылған жарақаты бар. Иықтың сынуының белгілері жоқ.

Алғашқы көмек көрсеткенде науқасқа қандай таңу жасау керек?

 

16. 47 жастағы ер адам, велосипедтен құлаған. Оң жақ иық үсті аймағындағы ауырсынуға шағымданады. Визуальді қарағанда ісінген, деформация, оң бұғананың ортаңғы үштік проекциясында ауырсыну және крепитация анықталады. Оң жақ білек артериясының пульсі қанағаттанарлық.

Иммобилизациялайтын бинттік таңғыштың қай түрін қолданады?

 

17. Оң иығын шыгарып алған науқастың қолын қайта қалпына келтірген. Енді 1-1,5 аптаға оң қолының жоғарғы бөлігіне иммобилизация жасау керек.

Қандай иммобилизациялайтын бинтті таңғышты қолданады?

 

18. Ауылдың учаскелік емханасына 52 жасар совхоз жұмыскері келіп түсті, төбе аймағында соғылған-шабылған жарақаты бар. Жарақатын науқас бет орамалымен басып отыр.

Науқасқа қандай көлемдегі медициналық көмек көрсету қажет?

 

19. Емханаға 25 жастағы науқас оң жамбас сан буынындағы ауырсынуға шағымданып келді. Ауырғанына 3 ай болған. Объективті қарағанда: ісінген, буын деформациясы, қол аяқтардың атрофиясы, Александров симптомы оң (сау жақтағыға қарағанда, зақымдалған терінің қатпары қалың болады). Дәрігер - туберкулезді кокситке күдіктенеді.

Хирургтың алдағы тактикасы қандай?

 

20. Операция кезінде науқас бір уақытта 450,0 мл қан жоғалтты.

Жоғалтқан қанның орнына науқасқа қан құю керекпа?

 

21. Қан тобын анықтау кезінде изогемоаглютинация стандартты А/ІІ/ және В/ІІІ/ тобы қан сарысуларында оң және О/І/ және АВ/ІV/ тобында теріс.

Мұндай нәтиже нені көрсетеді?

 

22. Анти – А және анти – В цоликлондар көмегімен қан тобын анықтағанда агглютинация жоқ.

Зерттелетін қан қай топтыкі?

 

23. Науқас М., ұста, емханаға оң қолы білегінің жыртылған жарақатына байланысты келді. Науқастың сөзі бойынша жарақатты жұмыс кезінде алған. Хирург науқастың уақытша жұмысқа қабілетсіздігінің белгілерін анықтады. Оқыс жағдай жөніндегі акт көрсетілмеген.

Уақытша жұмысқа қабілетсіздік қандай құжатпен куаландырылады?

 

24. Азамат А. 18 жасар институттың бірінші курс студенті, зертханалық жұмыстар кезінде соқырлыққа алып келген көзі және басында күйіктер алды. МСЭК мүгедектіктің бірінші тобын қойды.

Мүгедектіктің себебі?

 

25. Қабылдауда науқас Р. 40 жаста, 12 елі ішек ойық жарасымен ауырады, қан кетумен асқынған (айына 1-2 рет) және постгеморрагиялық 2-ші дәрежелі анамиямен.

Хирургтың алдағы әрекеті қандай?

26. Төбелестен кейін, 1 сағаттан соң ауруханаға сол жақ кеуде қуысының өтпелі жарақатымен науқасты алып келді. Науқас бозарған. АҚ-100/60 мм.сын.бағ., пульсі-120 соққы/мин. Рентгенде: сол жақта кіші гемоторакс, жүрек шекарасы кеңейген, жүрек белі анық емес.

Болжамды диагноз қандай?

 

27. Науқас, сол жақ білегінің ортаңғы 1/3 бөлігінің қабынуы инфильтратына шағымдалады. Алғашқы ауруы, білектің ортаңғы 1/3 бөлігінің сыртқы беткейінде қабыну инфильтраты анықталды. Диаметрі 3 см-ге дейін тері беткейінен конус тәрізді шығынқы, терісі қызарған, ісінген, пальпацияда айқын ауырсыну бар. Инфильтрат төбесінде ортасында қара нүктесі бар кіші көлемді іріңнің жиналуы байқалады. Дене температурасы 37,6°С.

Болжамды диагноз қандай?

 

28. Науқас оң жақ балтырдың терісінің қызаруына шағымдалады. Дене температурасы 39,2°С көтерілген. Ауруын үй шаруашылығыныңда еденге қолының жырып алуымен байланыстырады. Оң жақ балтырда ашық түсті нақты шекаралы «тістелген тәрізді» шеттерімен гиперемиялық ошақтар анықталды. Зақымдалған көрініс географиялық картаға ұқсайды. Терісі ісінген, пальпацияда ауырсынады, локальді гипертермия. Ауырсыну гипертермия шектерінде айқын.

Болжамды диагноз қандай?

 

29. Жан сақтау бөлімшесіне фенобарбитал (20 дана) уланған науқас түсті. Есі сопорозды. Тері жамылғысы бозарған, жабысқақ терімен жабылған. ТАЖ-12 соққы/мин, жүрек тондары тұйық, пульсі әлсіз толымды, 110- соққы/мин, АҚ-65/40 мм.су.бағ.

Болжамды диагноз қандай?

 

30. Хирургиялық бөлімшесіне 40 мин бұрын электр жарақатынан күйік алған науқас түсті. Есі жоғалмаған, бұлшықеттерінің тырысулық жиырылулары болмаған, жағдайы қанағаттанарлық. Объективті зерттеу кезінде: ішкі мүшелер жағынан ешқандай патологиялар анықталмаған. Беттің гипертермиясы және ісінуі, және де екі қол басында жалғыз кіші көпіршіктер ішіне серозды сұйықтық жиналған.

Болжамды диагноз қандай?

 

31. Науқас 67 жаста, іштің оң жақ аймағының ауырсынуына, іштің үрленуіне, қысқа уақытта жеңілдеумен жүретін көп реттік құсуға шағымдалады. Алғашқыда іштің кезеңдік ауырсынуы, іш қатулар болған. Объективті зерттеу: іштің оң жағы үрленген, тыныс алу актісіне қатысады, жұмсақ, ауырсынады. Құрсақ қуыс бұлшықеттерінің қатаюыларына, перистальтикалық күшеюі анықталды. Клизмадан кейін нәжіс шықты, әдетте іштің үрленуі және ауырсынуы сақталған.

Тоқ ішектің қандай бөлігінің ісігі туралы айтуға болады?

 

32. Науқас 67 жаста, іштің оң жақ аймағының ауырсынуына, іштің үрленуіне, қысқа уақытта жеңілдеумен жүретін көп реттік құсуға шағымдалады. Алғашқыда іштің кезеңдік ауырсынуы, іш қатулар болған. Объективті зерттеу: іштің оң жағы үрленген, тыныс алу актісіне қатысады, жұмсақ, ауырсынады. Құрсақ қуыс бұлшықеттерінің қатаюыларына, перистальтикалық күшеюі анықталды. Клизмадан кейін нәжіс шықты, әдетте іштің үрленуі және ауырсынуы сақталған.

Ең бірінші науқасқа қандай диагностикалық зерттеу жүргізу керек?

 

33. Науқас 57 жаста дене қызуының жоғарлауына, қалтырауына, жөтелге, кеуденің оң жақ аймағының ауырсынуына, ентігуге шағымданады. Кеуде қуысының рентгенінде: сол жақ өкпенің орта бөлігінің гомогенді қараюы байқалған. Анамнезінен бізге белгілі: соңғы жылдары дәрігер 4 рет оң жақтық ортаңғы бөліктік пневманияға диагностика жүргізді.

Болжамды диагноз қандай?

 

34. Науқас 57 жаста дене қызуының жоғарлауына, қалтырауына, жөтелге, кеуденің оң жақ аймағының ауырсынуына, ентігуге шағымданады. Кеуде қуысының рентгенінде: сол жақ өкпенің орта бөлігінің гомогенді қараюы байқалған. Анамнезінен бізге белгілі: соңғы жылдары дәрігер 4 рет оң жақтық ортаңғы бөліктік пневманияға диагностика жүргізді.

Қандай зерттеу арқылы алғашқы диагнозды растайды?

 

35. Науқас 40 жаста, түйінді тосикалық емес жемсау қаралып жүрген науқаста қалқанша безінің оң жақ бөлігінің, төменгі полюсінде пішіні 2х2 см, тығыз түйін анықталады, жұтынған кезде қозғалмалы. Қалқанша безді сканерлегенде «суық түйін» анықталады.

Болжамды диагноз қандай?

 

36. Науқас 82 жаса, ішектің сигментарлы некрозы негізінде жасалған ортаңғы лапаротомия операциясынан (аш ішектің сигментті резекциясы) кейінгі 8 тәулікте жөтелгенде, операциядан кейінгі жарақатқа салынған асептикалық тану серозды сұйықтықпен ылғалданған.

Науқаста қандай асқыныс байқалады?

37. Науқас 20 жаста, санның жарақатына біріншілік хирургиялық өңдеу жүргізілді. Бұл кезде бұлшықет артериясының ірі бағаны байланды. 1,5 сағаттан соң таңу қанмен ылғалданды.

Қан кетудің себебі не?

 

38. Психиатриялық аурухананың 4-ші қабатының терезесінен секірген науқаста лапаротомия кезінде бауырының жыртылуы анықталды. Оң жақ бауырының көкетінің беткейінде 8×4 см және 6 см тереңдікте жара бар. Жараның шеттері біркелкі емес, көп көлемде қан кетіп жатыр. Жараны кетгутпен тартқанда жараның шеттері жақындамай, шетінеп кетеді, қан кету жалғасуда.

Берілген жағдайда қан тоқтатудың қандай әдісін қолданады?

 

39. Милиция қызметкерлері пәтерінде екі жақ иықалдының беткейлік көлденең жарақатымен жас әйелге жедел жәрдем ұйымын шақырды. Қарау кезінде:есі жоғалған, тері жамылғыларында айқын бозару, тамыр соғуының жиілігі минутына 130 соққы, пульсі тек ұйқы артериясында ғана анықталады. АҚ - 60/20 мм с.б, жарадан аздаған қан көреміз. Зардап шегушінің жанында, еденде көп көлемде қан жиналып қалған.

Қан кетудің сипаты қандай?

 

40. Милиция қызметкерлері пәтерінде екі жақ иықалдының беткейлік көлденең жарақатымен жас әйелге жедел жәрдем ұйымын шақырды. Қарау кезінде: есі жоғалған, тері жамылғыларында айқын бозару, тамыр соғуының жиілігі минутына 130 соққы, пульсі тек ұйқы артериясында ғана анықталады. АҚ - 60/20 мм с.б, жарадан аздаған қан көреміз. Зардап шегушінің жанында, еденде көп көлемде жиналған қан.

Ауруханаға дейінгі көрсететін шарасы?

 

41. Хирургке поликлиникалық қабылдауға науқас Т., 20 жаста мынадай шағымдарымен келді: жоғарғы ернінің ауырсынуы, басының ауыруы, жүрек айну, температурасының көтерілуі. Қарау кезінде: температура-38˚С, жоғарғы ерні ісінген, ісіну сол жақ бетке және мұрынға таралған, сол жақ мұрын-еріндік қатпар ортасында некрозды іріңді бөлініспен конус тәрізді инфильтрат анықталады.

Науқаста қандай ауыр асқыну дамуы мүмкін?

 

42. Науқас К., 76 жаста емханаға ревматоидты полиартритпен кезекті емдік кезеңімен келді, науқасқа бұлшықетастына иньекция жасалған. Емдеу кезінде науқаста сол жақ жамбас аймағында әр уақыт сайын қайталанатын ауырссынулар байқалды, дене температурасы субфебрильді көрсеткіш (37,1-37,4˚С). Емхана хирургтің кеңесінен кейін науқас хиургиялық бөлімшеге жіберілді.

Науқас хирургиялық стационарға қандай диагнозбен жіберілді?

 

43. 22 жастағы науқас 6 жыл бұрын оң жақ мықын сүйектерінің жедел гематогенді остеомиелитімен ауырған. 1 жыл бұрын мықынының латеральді беткейінде біресе жабылып, біресе ашылатын жыланкөз пайда болған. Қазіргі уақытта науқасты мықынындағы ауырсыну мазалайды, ауырсыну ауа райы өзгеруімен күшейе түседі, субфебрильді температура (37,1-37,4˚C) кезінде. Мықынның латеральді беткейінде серозды-іріңді экссудатты жыланкөзді ойыс бар. Осыған байланысты науқасты зерттеу және емдеу үшін емханадан стационарға жіберді.

Болжамды диагноз қандай?

44. Науқас А., 66 жаста, оң жақ табанының диабеттік гангренасы мен мықынының ортаңғы үштік бойынша тізесінің ампутациясын жасаған. 4-ші тәулікте іріңдеуге байланысты культтен тігіс шешіліп, жара ажырап, дренаж жасалды. 10 күн өткен соң жарадан іріңді бөліністер бөлінуі тоқтады, бірақ гарнуляция бозарған, әлсіз, культ ісінген. Жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғылары қоңыр сұр түсті, склерасының сарғаюы байқалады. Дене температурасы 39-40˚С, АҚ-110/70 мм с.б, пульсі минутына 120-130 соққы. Тахипноэ. Оң жақ қабырғаастында 5 см-дей бауыр шеті пальпацияланады.

Мықынның тұқылының жарасының іріңдеуінен қандай асқыныс пайда болды?

 

45. Науқас А., 66 жаста, оң жақ табанының диабеттік гангренасы мен мықынының ортаңғы үштік бойынша тізесінің ампутациясын жасаған. 4-ші тәулікте іріңдеуге байланысты культтен тігіс шешіліп, жара ажырап, дренаж жасалды. 10 күн өткен соң жарадан іріңді бөліністер бөлінуі тоқтады, бірақ гарнуляция бозарған, әлсіз, культ ісінген. Жалпы жағдайы ауыр, тері жамылғылары қоңыр сұр түсті, склерасының сарғаюы байқалады. Дене температурасы 39-40˚С, АҚ-110/70 мм с.б, пульсі минутына 120-130 соққы. Тахипноэ. Оң жақ қабырғаастында 5 см-дей бауыр шеті пальпацияланады. Науқасқа-жедел жаралы сепсис деген диагноз қойылды.

Қандай себеп осы асқынуға міндетті емес?

 

46. Науқасқа бұлшықетастына 2 мл анальгин еккен соң 20 минуттан соң ауыр жағдайда басының кенеттен ауыруымен интенсивті терапия бөлімшесіне түсті. Есі қалпында, әлсізденуне шағымданады. Тері жамылғылары суық, дымқыл. АҚ-40/0 мм с.б, пульсі минутына -156 соққы, жіптәрізді.

Науқаста қандай жағдай болуы мүмкін?

 

47. Қабылдау бөліміне кеңістік бағытын таба алмайтын науқас түсті. Сұрақ қойғанда көзін ашады. Ауырсыну тітіркендіргіштеріне жауап ретінде қорғанышты орталық жауап қайтарады. Әңгімелесу кезінде жауап қайтарады.

Болжамды диагноз қандай?

 

48. Бөлімшеде клиникалық өлімнен кейінгі науқас жатыр. Жүрек қызметі қалпына келтірілген. АҚ-80/40 мм с.б. Есі жоғалған. Көз қарашығы айқын ұлғайған, әлсіз рефракцияланған. ИВЛ жалғасуда.

Кома жағдайында бас ми жасушаларының қалпына келуін қалай арттыруға болады?

 

49. Жыныс бездерінің ісігіне лапароцентез арқылы шемендік сұйықтықтығын жою кезінде кенеттен әлсіреу, терісінің бозаруы байқалды. АҚ - 80/40 мм-ге дейін төмендеді. Жүрек дыбысы әлсіз. Пульс минутына 115 соққы.

Болжамды диагноз қандай?

 

50. Науқас 3 күн бойы сол жақ мықынында жайылған ауырсынуға, дене температурасының 39,2˚С-қа дейін көтерілуіне, қалтырауына шағымданады. 1 ай бұрын ұзақ уақытқа созылған вирусты инфекциялы баспамен ауырған. Сол жақ мықынның тізе буын аймағы ісінген, бұндағы қозғалыс ауырсыну әсерінен шектелген. Мықынның бүгуші бұлшықетінің жиырылуы байқалады. Науқас жарақатын мойындамайды. Рентгенологиялық белгілері: мықын сүйегенің ортаңғы 1/3 бөлігінің тегіс емес қараюы және мықынның орта 1/3-ң “жарылмалы периоститі”.

Болжамды диагноз қандай?

51. Науқас Ш., 18 жаста, жоғарғы артқы санында қосымша фурункулез. Іріңдікті ашу жасалды.

Науқасқа қосымша қандай ем-шара тағайындау қажет?

 

52. Бала емізетін әйелде, босанғаннан кейін 1,5 айдан соң, сүт безінің сол жақ жоғарғы-сыртқы квадрантында ауырсынатын инфильтрат пайда болды. Температурасы 37,5°С-қа дейін жоғарлайды. Қойылған диагноз-сүт безінің ретромаммарлы абцессі.

Хирургтің тактикасы қандай?

 

 

53. Науқас А., 35 жаста, клиникаға сол жақ қабырға астындағы ауырсыну шағымымен түсті, жалпы әлсіздік, бас айналу. Бір сағат алдын түспес бұрын белгісіз жағдайда ұрып кетті. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы ақшыл. АҚҚ 80/60 мм с.б., пульс 110 соққы минутына, әлсіз толуымен. IX-X сол жақ қабырға аймағында тұйықталуы анықталады. Іші қатайған және жоғарғы бөлігінде ауырсыну. Әлсіз Щеткин-Блюмберг симптомы оң. Hb=90 г/л, эритроциттер – 2,7 дейін төмендеуі анықталады.

Болжамды диагноз қандай?

 

54. Қабылдау бөліміне сол жақ кеуде клеткасының жабық травмасымен жас ер адам жеткізілді. Тері жамылғысы ақшыл. Пульс - 100 соққы минутына. АҚҚ-110/65 мм с.б. Ортаңғы бұлшықет асты сызығы бойынша оң жақ VII, IX және X қабырға проекциясында сүйек сынықтарының крепитациясы және ауырсынуы анықталады. Перкуссиялағанда оң жақ төменгі бөлігінде тұйық дыбыс естіледі, тынысалу естілмейді (науқас отырған кезде). Рентгенограммада қабырғаның сынуынан басқа, қосымша VII қабырға шекарасында горизонтальды деңгейде интенсивті көлеңке анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

55. Поликлиникаға 25 жастағы науқас оң жақ жамбас-сан буынындағы ауырсыну шағымымен келді. 3 ай көлеміндей ауырады. Объективті: аздап ісіну, буынның деформациясы, төменгі жақтың атрофиясы, Александров симптомының оң болуы (зақымданған төменгі жақтың терісі жиырылған, қалыңдаған, зақымданбаған бөлігіне қарағанда).

Қандай патологияны қоюға болады?

 

56. Қабылдау бөліміне мойнындағы жарамен, терісінде сұр-қошқылт түсті жарамен, сұр іріңді тамшы қайдан ағады, айналасындағы тығыз инфильтратымен науқас жеткізілді.

Болжамды диагноз қандай?

 

57. Қабылдау бөліміне мойнындағы жарамен, терісінде сұр-қошқылт түсті жарамен, сұр іріңді тамшы қайдан ағады, айналасындағы тығыз инфильтратымен науқас жеткізілді. Алғашқы диагноз – актиномикоз.

Диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу әдістерін өткізу қажет?

 

58. Науқаста мойын тамырларының жарақаты, БХӨ кезінде ентігу, мұрын-еріндік үшбұрыштың көгеруі, кеуде клеткасында ауырсыну, АҚҚ төмендейді.

Болжамды диагноз қандай?

 

59. Науқас В., жауырын алдындағы жараны кесуден профузды қан кету белгілерімен клиникаға түсті. Жағдайы ауыр. Тері жамылғысы ақшыл. АҚҚ-70/50 мм с.б. Пульс-120 соққы минутына. Әлсіз толуымен.

Геморрагиялық шоктың қандай дәрежесі?

 

60. Науқас қанды құсық, мелена, кенеттен жалпы әлсіздік шағымымен клиникаға түсті. Анамнезінде алкогольді қолданады. Оң жақ қабырға астында тығыз, бұдырлы, ұлғайған бауыр пальпацияланады.

Болжамды диагноз қандай?

 

61. Поликлиникада науқасты зерттеу барысында, сіз науқастан өкшенің артқы беткейінен жара 3 см-ге жететін өшемдегі, диаметрі валиктәрізді шекарамен ортасында құрттәрізді көрініс анықталды. Анамнезінде 13 ай бұрын Үндістанда болған.

Қандай ауру жайлы күдіктенуге болады?

 

62. Қабылдау бөліміне науқас дене қызуы қатты жоғарылаған жағдайда жеткізілді, іштегі ауырсыну, бұлшықеттің ауырсынуы прогрессирленген регидті. R-графиядан көптеген жаңа түзілімдер 0,3-тен 1 см-ге дейінгі диаметрде көрінеді, бұлшықет қабатында.

Қандай ауру жайлы күдіктенуге болады?

 

63. Қабылдау бөлімшесіне науқас клиникалық көрінісі жедел холециститпен түсті. Қарау кезінде бауыры кенетүлкейген, тығыз, өт қапшығы ауырсынумен пальпацияланады. УДЗ зерттеу кезінде тассыз холецистит анықталған.

Қандай ауруға күдіктенуге болады?

 

64. Хирургтың қабылдауына мерзімді пайда болатын есекжемге, терісінің қышуына және сарғыштануына шағымданған науқас келді. Науқасты тексеру кезінде бауырдың оң жақ бөлімі бірбөлікті кистоз, жуан қабырғалы, өлшемі 9х8,5 см., сұйықтыққа толы екені анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

65. Дәрігер қабылдауына мерзімді пайда болатын есекжемге, терісінің қышуына және сарғыштануына шағымданған науқас келді. Науқасты тексеру кезінде бауырдың оң жақ бөлімі бірбөлікті кистоздардың жинағын, жұқа қабырғалы, диаметірінің өлшемі 0,9 см-ден 1,2 см-ге дейін, сұйықтыққа толы екені анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

66. Ауруханаға 46 жастағы П. есімді науқас төменгі жақ астында белгісіз құрлымның пайда болғанымен шағымданады. Қарағанда: төменгі жақ астында қалқан шеміршегінің орта сызығында ісік тәрізді құрылым анықталған. Өлшемі 4,5-3 см, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Ауырсынусыз.

Болжамды диагноз қандай?

 

67. Мектепке дейінгі мекемелерді профилактикалық тексеру кезінде 3 жастағы баладан басының оң жаққа қарай бұрылыс жасап еңкейп тұрғанын анықтадыныз. Ата-анасының сөзі бойынша бұл ақау туғаннан бері байқалған.

Болжамды диагноз қандай?

 

68. Ауруханаға әйел 6 айлық нәрестесінің сол қолының жоқ болуымен шағымданады. Анасының сөзі бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде сол жақ қолының толығымен болмауы анықталды.

Болжамды диагноз қандай?

 

 

69. Ауруханаға әйел 3 айлық нәрестесінің сол қолының жоқ болуымен шағымданады. Анасының сөзі бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде сол жақ қолының дистальді бөлімінің иықтың соңы ампутация жасағандай шолақ болып тұрады.

Болжамды диагноз қандай?

 

70. Ауруханаға әйел 2 айлық нәрестесінің сол қолының жоқ болуымен шағымданады. Анасының сөзі бойынша нәрестеде бұл ақау туғаннан бері байқалған. Қарау кезінде: сол қолының проксимальды бөлігінің болмауы (иық). Ал білек тура кеуде тұсынан басталады.

Болжамды диагноз қандай?

 

71. Механикалық сарғаюы бар науқас операциядан кейнгі ағымында дренажды бақылау кезінде құрсақ қуысынан қан аққан. Геморрагиялық шокқа тән белгілер байқалмаған.

Қандай асқыну түрін анықтауға болады?

 

72. Ішек өтімсіздігі бойынша операциядан кейнгі науқаста, геморрагиялық жаралар және ішек топсаларының бөлініп түсіп қалуы байқалған.

Қандай асқыныс түрі дамыған?

 

73. Ауруханаға 45 жастағы науқас кезектес ақсақтыққа шағымданады. Қарағанда: екі аяғы бозарған реңді, туктенуі жоқ, сан артериясындағы тамыр соғысы әлсіз, дистальді бөлімінде анықталмайды.

Болжамды диагноз қандай?

 

74. Ауруханаға 25 жастағы науқас екі білезік сүйегінің спастикалық сипатта ауырсынумен, суық күндері кушейе түсуімен шағымданады. Білезігін қарау кезінде көгiлдiр - мәрмәр түске боялған, тамыр соғысы сақталған, суық.

Болжамды диагноз қандай?

 

75. Қабылдау бөлімшесіне білезігі кесілген науқас түсті. Жарақатты өндіріс орынында алған. 4 күн бұрын болған оқиға. Қарау кезінде жақтың қарысуының, шайнау бұлшық еттерінің шаршағыштығын көреміз.

Қандай асқыныс түрін бірден еске аламыз?

 

76. Науқас жол апатынан соң 10 мин кейін кездейсоқ көлікпен ауруханаға жеткізілген. Аударылған жүк машинасының кабинкасымен қысылып қалған, аккумулятор қышқылы саусақтарына төгіліп күйік алған. Алғашқы көмек ретінде жарақаттанған аймақтарды қармен сүртіп құрғақ матмен таңған. Жарақаттанған аймақтардағы қатты ашуға шағымданады.

Қабылдау бөлімінде жасалатын алғашқы көмек?

 

77. Науқас Г., 45 ж. жұлын миының операциясынан кейін ұзақ уақыт гипостатикалық қалыпта төсекте арқасымен жатқан. Қараған кезде құйымшақ негізінде локальді венозды шеті анық емес гиперемия байқалады. Дәрігер бұны жауыр деп тұжырымдады.

Қандай профилактикалық шараны дәрігер жүргізбейді?

 

78. 70 жастағы науқас сигма тәрізді ішек ісігінің перфорациясы әсерінен пайда болған перитонитпен, жалған жылан көз салынған. 4 тәуліктен соң науқас құйымшақ аймағындағы ауырсынуға шағымдалған. Науқас көп тамақтанған, адинамикалық, төсекте арқасымен қозғалыссыз жатады. Қараған кезде құйымшақ аймағында локальді шектелмеген венозды гиперемия анықталған. Дәрігер бұны жауыр деп тұжырымдады.

Қандай профилактикалық шара жургізу керек?

 

79. Кесір тілігімен босанған әйелде, асқынған қан кету, операциядан соң жалпы қан айналым жүйесінің дефицитін қалпына келтірген соң қан ұю жүйесін бұзылысы байқалған, қалыпты АҚ кезінде олигурия, орталық көк тамырлық қысымның жоғарылауы, зәрдің тығыздығы төмен.

Қандай дәріліік препараттар арқылы диурезді қалпына келтіреді?

 

80. Бір апта бұрын болған күйіктерімен науқас келді. Оң жақ қолының сырт жағы сарғылт-қоңырлау қабыршақпен қапталған, аз ауырсынады. Қышу бақалады.

Хирургтың іс әрекеті?

 

81. Реанимация бөліміне науқас гемморагиялық шоктың клиникалық көріністерімен келіп түсті. Тексеріс барысында асқазан жарығынан қан кеткені анықталды /Маллори-Вейс синдромы/. Эндоскопиялық әдіспен қан тоқтатылды. Қан жоғалтақан мөлшері 35%. Қысқа уақыт ішінде жасалған тесерістерден кейін науқасқа қан тобы мен резус-факторына сәйкес 1литр көлемінде натрий цитратымен консервіленген эритроцитарлы масса құйылды. Қан құйылғаннан соң науқаста тремор, қалшылдау, пульсінің жиілеуі, аритмия, АҚ төмендеп кетті. Дәрігердің пайымдауынша бұл цитраттық интоксикация.

Осы асқынысты болдырмау үшін қандай әрекет жасау қажет?

 

82. Хирургқа жас әйел оң жақ қолтық асты аймағының ауырсынуына шағымданады, температура 37,6°С. Жеті күн бойы ауырған. Қарау барысында дәрігердің анықтағаны: оң жақ қолтығы артқа шегіндірілген қалыпта, қолтық асты тері жамылғылары ісінген, тершендік бақалады. Пальпаторлы және визуальді теріден сыртқа қарай шығып тұрған ортасында тесіктері бар ауырсынатын инфильтраттар көрінеді. Инфильтратты пальпациялаған кезде іріңді-сірлі экссудат бөлінеді.

Осы дертті емдеу жоспарына қандай жергілікті ем қолданылмайды?

 

83. Науқас К., 76 ж, емханада кезекті ревматоидты полиартрит ауруымен кезекті ем қабылдап жүрген сонымен қатар дәрілік препараттармен қоса бұлшық етті инъекция алып жүрген. Осы ем барысында сол жақ жамбасы аймағында ауырсыну байқалған, күн өткен сайын көлемі өсіп температура пайда болған. Емхана хирургының консультациясынан кейін – сол жақ жамбасының постинъекционды абсцессы деген диагноз қойылды және хирургия бөлімшесіне жеткізілді.

Қабыну инфильтратының абсцесс кезеңіне жеткен кезде жергілікті емнің қандай түрі қолданылмайды?

 

84. Керосині бар заттың жарылуы мен жануы салдарынан жұмыскерлердің бірінің киімі жана бастады. Брезенттің көмегімен өртті тоқтатты. Жабысып жатқан киіміне су құйылды. Бетінің, денесінің және қол саусақтарының күйіктері бар. Жарақаттанғанның жағдайы күрт нашарлап бара жатыр, тыныс алуы беткей, пульсі жиілеген, сұрақтарға жауап бермейді. Науқас жағдайының нашарлауы күйік шогымен сипатталады.

Осы этапта ағашқы көмек құрамына не кірмейді?

 

85. Зардап шеккен адам ұзақ уақыт бойы суық әрі дымқыл мезгілде (температура-15°С) далада тар аяқ киіммен және аз қозғалмалы қалыпта жұмыс жасаған. Үйінде Түннің бір уақытында дене қызуы көтеріліп, қалшылдау және табанында ауырсыну байқалған. Табандарының түсі көгеріп, ісіну балтырдың жартысын қамтыған, табаның сыртында көпіршіктер пйда болған. Бақайлары мен табанының сырт жағының сезгіштігі төмендеген. Сіздің қойған диагнозыныз-табан үсуі (траншейной стопы) тектес.

Алғашқы көмек көрсету барысында қандай іс шара жүргізбеген шарт?

 

86. Науқас іштің жабық жарақатынан кейін 1 сағ соң ауруханаға жеткізілген. Қарау барысында жағдайы салыстырмалы қанағаттанарлықтай. Пальпация барысында іші жұмсақ, сол жақта жарақат бар жерде сәл ауырсынады, жара 4х1 см шеті тегіс және қатты қанталйды. АҚ - 110/60 мм.рт.ст., пульсі - 88 соққы/мин

Хирургтың әрекеті?

 

87. Науқас оң жақ үлкен ұршық сүйектің ығысусыз жабық сынығымен келіп тускен.

Сынықты емдеудің ең тиімді түрі қандай?

 

88. Қабылдау бөліміне оң жақ иық буынының ауырсынуына шағымданған науқас келді. Ауырсыну 3 сағат бұрын пальтосын шешіп, ілгішке ілемін деген кезде пайда болды. Бір жыл бұрын оң жақ иықтың жарақаттың шығуын басынан өткерген. Қараған кезде қолдың мәжбүрлі қалпы, оң жақ иық тұсында сатылы деформация анықталады. Тоқпан жіліктің бас қолтық астында пальпацияланады. Пассивті қозғалыстар кезінде иық буынында серіппелі қарсылық белгісі анықталады және ауырсынуы күшееді.

Болжамды диагноз қандай?

 

89. Ауруханаға науқас іштің жабық жарақатымен келип түсті. Түскен кезде құрсақтық қан кету симптомдары көрініс береди. Жедел операциядан кейін бауырдың оң жақ бөлігінің жоғарғы бетінің жыртылуы 6х3х4 см, гемоперитонеум. Зақымдалған бауырдан сіз қанды толығымен тоқтаттыныз.

Құрсақ қуысына төгілген қанмен не істейді?

 

90. Бір жас бала мопедтен құлағанан соң оң жақ балтыры аймағындағы өсіпкеле жатқан ісінуге шағымданды. Жарақат жарты сағат бұрын алынған. Қараған кезде балтыр аймағында көлемі 10х6х5 см ісіну байқалған жан жағы көгерген. Пальпация кезінде ауырсыну және флюктуация байқалады. Оң жақ табаның сырт жағындағы артерияның пульсациясы сақталған. Алғашқы диагноз-гематома.

Зардап шеккен адамға қандай көмек көрсетеді?

 

91. Қабылдау бөліміне мойнында ісік тәрізді түзілістерге шағымы бар науқас түсті. Қараған кезде, теріасты шел майымен жабысқан басты ию бұлшықетінің жүру бойында тығыз төмпешікті конгломерат бар екені анықталды. Болжамды диагноз-туберкулезді лимфаденит.

Әрі қарай қолданылатын емдеу іс-әрекеті?

 

92. Қабылдау бөліміне мойын жарасымен науқас келді, тері түсі қызғылт-көкшіл, ойық жарамен. Жарасынан сұр түсті іріңді қалың инфильтрат шығып тұр. Болжамды диагноз-актиномикоз.

Хирургтың әрекеті?

 

93. Хирургиялық бөлімшеге тізе астының шабылған жарақатымен науқас түсті. Анықтау барысында тізеасты артериясының зақымдалғаны анықталды.

Қандай іс-әрекет жасайды?

94. 35 жастағы К., деген науқас хирургқа сол жақ жамбасында үлкен көлемді қатпарлардың пайда болғанына шағымданып келген. Ісік отыруға кедергі келтіреді, пальпациялағанда аздап қозғалады, ауырсынусыз, консистенциясы жұмсақ.

Науқасқа қандай ем тағайындайды?

 

95. Дәрігерлер конференциясында оң жақ мықынның созылмалы гематогенді остеомиелитімен ауыратын, 23 жастағы ер адамның ауру тарихы талқыланды. Рентгенограммада мықын сүйегінің дистальді метафизінде диаметрі 1,5 см болатын еркін жатқан секвестрі бар қуыс анықталған. Науқасқа оперативті ем тағайындады.

“секвестрлі қабір” санациясы мен секвестрэктомиядан кейінгі секвестральді қуысты толтыруға нені ұсынады?

 

96. Науқас Е., 45 жаста жүрегіне трансплантация операциясы көрсеткіш бойынша жасалған. 34 жастағы ер адам донор болды.

Қандай трансплантация типіне мына операция жатады?

 

97. Науқас 56 жаста жамбас сан буынына протездеу операциясы көрсеткіш бойынша жасалған.

Қандай трансплантация типіне мына операция жатады?

 

98. Ер адамға IV дәрежелі үсінуден кейін оң жақ қол білезігінің II-V саусақтарына ампутация жасалған. Ол сізден қол білезігінің қызметін жақсарту үшін көмек сұрады.

Пациентке қандай көмек көрсете аласыз?

 

99. Зардап шеккеннің ыстыққа білезік қолы түскен, нәтижесінде сіңір мен сүйектің жалаңаштануымен білезік қолының сыртқы жағында терең күйік болған.

Қол білезігінің қызметін сақтап қалу үшін қандай пластикалық түрін қолданасыз?

 

100. Науқаста сан артериясының ортаңғы сегментінде атеросклеротикалық окклюзия. Диагнозы контрасты ангиография көмегімен негіздепген.

Науқасқа қандай ем әдісін ұсынады?

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 95 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
;Қарағанды мемлекеттік медицина университеті | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.071 сек.)