Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. ++Протеиндер – бұлар келесі полимерлер:



1. ++Протеиндер – бұлар келесі полимерлер:

A. олар эфирлік байланыспен қосылған 3-гидроксибутират қалдығынан тұрады

B. олар қайталанатын дисахаридтік звеносы болуы арқылы сипатталады

C. олар фосфодиэфирлік байланыспен қосылған нуклеотидтерден тұрады

D. олар гликозидтік байланыстармен қосылған моносахаридтерден тұрады

E. +олар полипептидтік табиғаттағы молекулалар

 

2. Пептидтік байланыс:

A. кезкелген бағытқа және бұрышқа айнала алады

B. белгісіз конфигурацияда болады

C. ковалентсіз байланыс

D. әлсіз байланыс

E. +ковалентті байланыс

 

3. Протеиндердің екінші реттік құрылымы – бұл:

A. полипептид тізбегіндегі кезектескен аминоқышқыл қалдықтарының реті

B. +бүкіл полипептид тізбегінің кеңістіктік конформациясы

C. полипептид тізбегінің жеке бөліктерінің конформациясы

D. бірнеше полинуклеотидтік тізбектердің жиыны

E. бірнеше полипептидтік тізбектердің жиыны

 

4. Глобулалық протеиндердің үшінші реттік құрылымы – бұл:

A. +полинуклеотид тізбегіндегі кезектескен аминоқышқылдар реті

B. бүкіл полипептид тізбегінің кеңістіктік конформациясы

C. полипептидтік тізбектің жеке бөліктерінің конформациясы

D. бірнеше полинуклеотид тізбектерінің жиыны

E. бірнеше протеиндік суббірліктердің жиыны

 

5. Протеиндердің гидратациясын қалыптастырады:

A. +протеин молекуласы беткейіндегі зарядталмаған полярлы топтар мен ионогендік топтар

B. глобула ішіндегі зарядталмаған және ионогендік топтар

C. протеин молекуласы беткейіндегі гидрофобтық топтар

D. глобула ішіндегі күкіртқұрамды топтар

E. глобула ішіндегі гидрофобтық топтар

 

6. Протеиндердің денатурациясы – бұл:

A. оның бетінде гидраттық қабықтың түзілуі

B. +протеиннің нативті конформациясының бұзылысы

C. оның пептидтік байланысының ыдырау үдерісі

D. протеиннің ионогендік белсендігінің қалпына келуі

E. зақымдалған протеиннің нативті конформациясының қалпына келуі

 

7. Протеин молекуласы формасы бойынша бөлінеді:

A. күрделі, жай протеиндер

B. +глобулалы, фибриллалы протеиндер

C. альфа, бета, гамма- протеиндер, домендар

D. гидрофильді, гидрофобты, амфифильді протеиндер



E. полианионды, поликатионды, бейтарап протеиндер

 

8. Абсолютті субстраттық әсерлесу ерекшелігіне қабілетті фермент:

A. липаза

B. протеиназа

C. изомераза

D. +аргиназа

E. трансфераза

 

9. Ферменттік реакцияның жылдамдығын өзгертуші заттар:

A. +аллостерлік эффекторлар

B. стабилизаторлар

C. витаминдер

D. металл иондары

E. гликопротеиндер

 

10. Ферменттік катализдің үшінші этапы – бұл:

A. субстраттың реакция өнімімен әсерлесуі

B. ES – комплексінің түзілуі

C. +ЕР – комплексінен реакция өнімінің ажыратылуы

D. реакция өнімінің субстартқа айналуы

E. ES – комплексінің ЕР – комплексімен әсерлесуі

 

11. Су молекуласы қалдығын (ОН тобын) қосатын гидролиз реакциясын катализдейтін ферменттер:

A. изомеразалар

B. лигазалар

C. трансферазалар

D. +гидролазалар

E. оксидоредуктазалар

 

12. Карбоксилазазалық ферменттердің коферменті:

A. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

B. кофермент А (CоА)

C. +биотин (витамин Н)

D. флавин-мононуклеотид (ФМН)

E. флавиндинуклеотид (ФАД)

 

13. Бұл ферменттің МВ – формасының жоғары активтілігі әртүрлі этиологиядағы бұлшықет дистрофиясында, миоглобинуриямен бірлесетін ишемиялық рабдомиолизде, көмір тотығы газымен (СО) уланған кезде байқалады:

A. α-амилаза

B. АЛТ/АСТ

C. +креатинкиназа (КК)

D. лактатдегидрогеназа (ЛДГ)

E. сілтілік фосфатаза (СФ)

 

14. В1 витаминінің коферменттік формасы:

A. +тиаминдифосфат (ТДФ)

B. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

C. флавинадениннуклеотид (ФАД)

D. флавин-мононуклеотид (ФМН)

E. никотинамидидадениненуклеотид (НАД)

 

15. Ацилдік топтарды тасымалдауға қатысатын карбоксилазалық ферменттердің коферменті:

A. +кофермент А (CоА)

B. биотин (витамин Н)

C. флавиндинуклеотид (ФАД)

D. флавин-мононуклеотид (ФМН)

E. тетрагидрофоль қышқылы (ТГФК)

 

16. Майда еритін витамин:

A. В2

B. Н

C. С

D. РР

E. +F

 

17. Витамин В1 -:

A. өсу витамині

B. антипеллагриялық витамин

C. антидерматит витамині

D. антианемиялық витамин

E. +антиневрит витамині

 

18. Пируватдекарбоксилазалық комплекс келесі органелланың ішкі мембранасында болады:

A. ядроның

B. лизосоманың

C. жасушаның орталығында

D. +митохондрияның

E. Гольджи комплексінің

 

19. Ацетил КоА және оксалоацетаттың конденсациясы реакциясын катализдейтін фермент:

A. пируватдегидрогеназалық комплекс

B. изоцитратсинтаза

C. +цитратсинтаза

D. α- кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

E. аконитаза

 

20. Сукцинаттан фумараттың түзілетін дегидрлену реакциясын катализдейтін фермент:

A. α- кетоглутаратдегидрогеназалық комплекс

B. +сукцинатдегидрогеназа

C. сукцинаттиокиназа

D. цитратсинтаза

E. аконитаза

 

21. Ұлпалық тыныс алу – бұл ағзадағы органикалық заттардың:

A. О2 қатысуынсыз Н2О мен СО2 түзіп тотығуы

B. субстраттық фосфорлану жолымен тотығуы

C. +О2 қатысуымен Н2О мен СО2 түзіп тотығуы

D. тотықпай фосфорлану жолымен тотығуы

E. декарбоксилдендіру жолымен тотығуы

 

22. Убихинонның негізгі қызметі электрондарды ауыстыру:

A. +цитохромға

B. Кребс цикліне

C. бірінші комплекске

D. екінші комплекске

E. цитохромоксидазаға

 

23. Мыстың жетіспеушілігі тыныс алу тізбегінің келесі ферментінің активтілігінің жетіспеушілігіне әкеледі:

A. +цитохромоксидазаның

B. цитохром b-ның

C. цитохром с-ның

D. цитохром с1-дің

E. убихинонның

 

24. МЭТТ 1 комплексінің ингибиторы:

A. малонат

B. антимицин А, миксотиазол, стигматтелин

C. күкіртті сутек, цианид, йіс газы

D. аммоний, нитрит, күкірт

E. +барбитураттар, ротенон, пиерицидин

 

25. Гомополисахаридтерге жатқызылатын көмірсу:

A. +гликоген

B. мальтоза

C. гиалурон қышқылы

D. нейрамин қышқылы

E. глюкурон қышқылы

 

26. Ағзада гликоген түрінде деполану арқылы көмірсу атқарады:

A. қорғаныстық қызметті

B. +резервтік қызметті

C. құрылымдық қызметті

D. реттеушілік қыземтті

E. пластикалық қызметті

 

27. Ауыз қуысында крахмалға α-амилаза әсер еткен кезде аралық өнім ретінде түзіледі:

A. глюкоза мен фруктоза

B. лактоза мен фруктоза

C. крахмал мен галактоза

D. галактоза мен фруктоза

E. +декстриндер

 

28. АІТ-де крахмалдың қорытылуына қатысатын фермент::

A. амило-1,6-гликозидаза

B. +альфа-амилаза

C. целлюлаза

D. сахараза

E. лактаза

 

29. Пируват пен АТФ түзілетін фосфоенолпируваттан фосфаттық топты АДФ-ке ауыстыру реакциясын катализдейтін фермент аталады:

A. фосфорилазалық киназа

B. фосфоглицераткиназа

C. АТФ-синтетаза

D. +пируваткиназа

E. гексокиназа

 

30. Гликолиздегі субстраттық фосфорлану реакцияларының бірі:

A. альдолазалық реакция

B. гексокиназалық реакция

C. +пируваткиназалық реакция

D. 6-фосфофруктокиназалық реакция

E. глюкозо-6-фосфатизомеразалық реакция

 

31. Ағзаның барлық жасушаларына арналған глюкоза резерві (гликоген) қай мүшелер мен ұлпаларда жасалынады:

A. қаңқа бұлшықеттерінде

B. бас миында

C. миокардта

D. +бауырда

E. бүйректе

 

32. Бауырдағы гликогенолиздің соңғы өнімі:

A. пирожүзім қышқылы

B. сүт қышқылы

C. СО2 және Н2О

D. гликоген

E. +глюкоза

 

33. Бауырда гликогеннің глюкозаға айналуы реакциясын катализдейтін фермент:

A. глюкокиназа

B. пируваткиназа

C. гликогенсинтетаза

D. фосфофруктокиназа

E. +гликогенфосфорилаза

 

34. Гликогеннің синтезі мен ыдырауы үдерістері қай мүше немесе ұлпада белсенді өтеді:

A. дәнекер ұлпасында

B. май ұлпасында

C. жүйке ұлпасында

D. +бауырда

E. бүйректе

A. пентозофосфаттық циклдің

 

35. Пентозофосфаттық жолдың тотығып жүру этапының маңызының бірі:

A. +НАДФН2 түзілдірілуі

B. ФАДН2 түзілдіріуі

C. НАДН2 түзілдіріуі

D. ФАД+ түзілдіріуі

E. НАД+ түзілдіріуі

 

36. Пентозофосфаттық жолдың тотығып жүру этапының маңызының бірі:

A. аминоқышқыл түзілуі

B. гликогеннің түзілуі

C. глюкозаның түзілуі

D. +пентозалардың түзілуі

E. майлардың түзілуі

 

37. Майлардың эмульгациясын өткізеді:

A. слекей амилазасы

B. +өт қышқылының тұздары

C. панкреаттық липаза

D. 7-α – гидроксилаза

E. ГМК-КоА-лиаза

 

38. Аралас мицелла құрамына кіретін компонент:

A. +өт қышқылдары мен холестерин

B. фосфолипидтер мен холестерин

C. өт қышқылдары мен фосфолиптер

D. өт қышқылдары, фосфолипидтер мен холестерин

E. өт қышқылдары, фосфолипидтер, холестерин, сквален

 

39. Энергетикалық материалды жинақтау, термоизоляция және механикалық қорғаныс қызметтері тән:

A. глицерофосфолипидтерге

B. сфингофосфолипидтерге

C. стероидтарға

D. гликолипидтерге

E. +триацилглицериндерге

 

40. Бауырда синтезделетін липитердің тасымалдануын атқарады:

A. ТА ЛП (тығыздығы аралық липопротеиндер)

B. ТТ ЛП (тығыздығы төмен липопротеиндер)

C. +ТӨТ ЛП (тығыздығы өте төмен липопротеиндер)

D. ТЖ ЛП (тығыздығы жоғары липопротеиндер)

E. хиломикрондар

 

41. Глицериннің фосфоглицеринге айналуы реакциясын катализдейтін фермент:

A. фосфоглицериндегидрогеназа

B. ацил-КоА-синтаза

C. +глицеринкиназа

D. гормонсезімтал липаза

E. панкреаттық липаза

 

42. Диацилглицерин ацил-КоА-ның 1 молекуласымен әсерлескенде түзіледі:

A. моноацилглицерин

B. глицерин

C. май қышқылдары

D. +триацилглицерин

E. полиацилглицерин

 

43. Ацилкарнитин митохондрияның ішкі мембранасы арқылы өту реакциясын келесі фермент катализдейді:

A. +транслоказа

B. карнитинацилтрансфераза II

C. ацил-КоА-синтетаза

D. карнитинацилтрансфераза I

E. май қышқылдарының синтазасы

 

44. Ацилдің митохондрияішілік HSKoA-ға ауыстырылуы реакциясын келесі фермент катализдейді:

A. ацил-КоА-синтетаза

B. карнитинацилтрансфераза I

C. +карнитинацилтрансфераза II

D. май қышқылдарының синтазасы

E. транслоказа

 

45. Адамдағы негізгі кетондық дене:

A. α-гидроксибутират

B. +ацетоацетат

C. ацетат

D. малонат

E. ацетоацетил-Е

 

46. Май қышқылдары синтезінің жылдамдығы келесі реттеуші фермент активтілігі бойынша айқындалады:

A. еноил-КоА-гидратазаның

B. ацил-КоА-дегидрогеназаның

C. +ацетил-КоА-карбоксилазаның

D. β-гидроксиацетил-КоА-дегидрогеназаның

E. β-кетоацетил-КоА-тиолазаның

 

47. Асқазандағы (ересек адамдағы) протеиннің қорытылуы келесі ферменттің әсерінен өтеді:

A. +пепсиннің

B. трипсиннің

C. химотрипсиннің

D. эластазаның

E. аминопептидазаның

 

48. Фенол, крезол, сероводород, меркаптоэтанол, индол, скатол – бұл келесі үдеріс өнімдері:

A. +тоқ ішекте белоктар шіруінің

B. липидтер ферменттік гидролизінің

C. көмірсулар ферменттік гидролизінің

D. витаминдер ферменттік гидролизінің

E. нуклеин қышқылдары ферменттік гидролизінің

 

49. Аминоқышқылдардың декарбоксилденуі реакциясының биологиялық маңызы – бұл:

A. +биогендік аминдер түзілуі

B. ауыстырылатын аминоқышқылдар түзілуі

C. ауыстырылмайтын аминоқышқылдар түзілуі

D. люкозаның түзілуі

E. аммиактың түзілуі

 

50. Миокард инфарктісі кезінде қандағы активтілігі кенет жоғарылайды:

A. глутаминсинтетазаның

B. +аспартатаминотрансферазаның

C. глутаминазаның

D. γ-глутамилтрансферазаның

E. аспарагиназаның

 

51. Аммиактың шығу көзі:

A. кетоқышқылдардың тотықсызданып аминденуі үдерісі

B. +аминоқышқылдардың дезаминденуі үдерісі

C. креатиннің синтезі үдерісі

D. амидтендіру үдерісі

E. трансаминдену үдерісі

 

52. Орнитиндік циклдің бастапқы 2 реакциясы өтеді:

A. цитозолда

B. +митохондрияда

C. микросомада

D. ядрода

E. эндоплазмалық ретикулумде

 

53. Гуанидинацетат бауырда S-аденозилметионин қатысуымен метилденеді, нәтижесінде түзіледі:

A. креатин

B. несеп қышқылы

C. мочевина

D. креатинфосфат

E. +креатинин

 

54. Экзогендік нуклеин қышқылдарының сіңірілуі негізінен:

A. нуклеопротеин түрінде өтеді

B. динуклеотидтер түрінде өтеді

C. +мононуклеотидтер түрінде өтеді

D. олигонуклеотидтер түрінде өтеді

E. бос азоттық негіздер және пентозалар түрінде өтеді

 

55. Тимин ыдырағанда түзіледі:

A. CO2, NH3 және β-аланин

B. несеп қышқылы

C. +β-аминоизобутират

D. CO2 мен NH3

E. мочевина

 

56. Фенилаланингидроксилаза ферментінің генетикалық ақауы нәтижесінде дамиды:

A. альбинизм

B. алкаптонурия

C. +фенилпирожүзімдік олигофрения

D. қант диабеті

E. гепатит

 

57. Вазопрессин химиялық құрылысы бойынша:

A. протеин

B. +пептид

C. стероид

D. аминоқышқылдық туынды

E. азоттық негіздердің туындысы

 

58. Кортикотроптық гормон:

A. +глюкокортикостероидтардың биосинтезінің активтенуін жоғарлатады

B. қандағы кальций иондары мен фосфор қышқылының мөлшерін реттейді

C. глюкоза үшін мембрана өткізгіштігін өзгертеді

D. қалқанша безінің әрекетін стимулдейді

E. бүйреүстілер қыртысының активтенуін тежейді

 

59. Күшті қанкету кезінде секрециясы стмулденеді:

A. тиреокальцитониннің

B. паратгормонның

C. +вазопрессиннің

D. эстрадиолдың

E. инсулиннің

 

60. Протеин табиғатты гормондарға жатқызылады:

A. +соматотропин

B. кальцитриол

C. тестостерон

D. эстрадиол

E. глюкагон

 

61. Қалқанша безінің қызметі бұзылысымен байланысты ауру:

A. Вильсон-Коноваловауруы

B. Аддисонауруы

C. Кушинг синдромы

D. феохромоцитома

E. +микседема

 

62. Актин мен миозиннің интенсивті ыдырауының көрсеткіші болатын несептің құрамдық компоненті:

A. несеп қышқылы

B. +3-метилгистидин

C. билирубин

D. креатинин

E. мочевина

 

63. Жүрекшенің натрийуретикалық факторы химиялық табиғаты бойынша:

A. стероид

B. углевод

C. +пептид

D. мононуклеотид туындысы

E. арахидон қышқылының туындысы

 

64. Пуриндік алмасудың соңғы өнімі болатын несеп құрамының органикалық компоненті:

A. креатинин

B. +несеп қышқылы

C. мочевина

D. урохромдар

E. метаболиттік трансформация өнімдері

 

65. Бүйректе натрий ионы реабсорбцияланады:

A. осмос жолымен

B. диффузия жолымен

C. эндоцитоз жолымен

D. экзоцитоз жолымен

E. +активті тасымалдану жолымен

 

66. Эритропоэтин - бұл:

A. +гормон

B. нейромедиатор

C. биогендік амин

D. нейропептид

E. вазоактивті пептид

 

67. Қан плазмасында мысты тасымалдайды:

A. альбумин

B. гемоглобин

C. трансферрин

D. липопротеин

E. +церулоплазмин

 

68. Альбуминдердің атқаратын қызметі:

A. стероидтарды спецификалық тасымалдау

B. иммундық реакцияларға қатысу

C. антибактериалдық әсер ету

D. жеңілдетілген диффузияны орындау

E. +ксенобиотиктерді спецификалық емес тасымалдау

 

69. Ұзақ аштық, бүйректердің несеп құрамында протеинді бөлуге әкелетін паталогиялық жағдайы нәтижесінде дамиды:

A. гиперпротеинемия

B. +гипопротеинемия

C. диспротеинемия

D. глюкозурия

E. анурия

 

70. Жедел қабыну үдерісі кезінде, жарақаттануда, күюде қан плазмасындағы қай протеиндердің мөлшері жоғарлайды:

A. жылулық шок протеиндерінің

B. ерте жауап протеиндерінің

C. +жедел фаза протеиндерінің

D. жедел реакцияласушы протеиндердің

E. индикаторлық протеиндерінің

 

71. Жедел фаза протеині:

A. фибрин

B. тромбин

C. альбумин

D. +фибриноген

E. трансферрин

 

72. Бауыр, көкбауыр, сүйек майы жасушаларында темір депосы қызметін атқарады:

A. +ферритин

B. апоферритин

C. трансферрин

D. гемосидерин

E. церулоплазмин

 

73. Темірдің жасушаға түсуі атқарылады:

A. эндоцитоз жолымен

B. экзоцитоз жолымен

C. қарапайым диффузия жолымен

D. активті тасымалдау жолымен

E. +жеңілдетілген диффузия жолымен

 

74. Метаболизмнің улы өнімдерін залалсыздандыруға қатысатын гемопротеин:

A. цитохромоксидаза

B. +цитохром Р450

C. гемоглобин

D. миоглобин

E. цитохром в

 

75. Қай мүше мен ұлпаларда гем синтезі аса интенсивті өтеді:

A. бүйректе

B. көкбауырда

C. эритроциттерде

D. ащы ішекте

E. +сүйектің қызыл майында

 

76. Сарғаюдың қай түрінде нәжісте стеркобилиннің жоғарыланған мөлшері анықталады:

A. бірінші реттісінде

B. механикалығында

C. +гемолиттігінде

D. паренхиматоздығында

E. физиологиялығында

 

77. Энтероциттерден қанға түсетін темірді реттейтін протеин (артық темірді қосып алып деполайды):

A. ферритин

B. трансферин

C. +апоферритин

D. гаптоглобин

E. гемосидерин

 

78. Қансарысуында Fe3+ ионын тасымалдауға қатысады:

A. гемосидерин

B. гаптоглобин

C. +трансферин

D. альбумин

E. ферритин

 

79. Полипептидтік тізбектегі ауыстырылумен байланысты гемоглобинопатиялар аталады:

A. теміржетіспеушілік анемия

B. +орақ тәрізді жасушалық анемия

C. созылмалы аурулар анемиясы

D. пернициоздық анемия

E. таласемия

 

80. Бауырда синтезделетін қанды ұйытқыш фактор:

A. церулоплазмин

B. трансферрин

C. +фибриноген

D. гемоглобин

E. фибрин

 

81. Гем ыдырауының қай өнімі ішекте кездеседі:

A. билирубинглюкуронидтер

B. +уробилиноген

C. вердоглобин

D. билирубин

E. биливердин

 

82. Эритроциттердің өміршеңдігін айқындайтын қажетті метаболиттік жол:

A. гликогенолиз

B. глюконеогенез

C. +пентозофосфаттық жол

D. глюкозаның аэробтық ыдырауы

E. май қышқылдарының β-тотығуы

 

83. Коагуляциялық гемостаздың І стадиясы:

A. +фибрин-мономердің түзілуі

B. фибрин-полимердің түзілуі

C. протромбиназаның түзілуі

D. тромбиннің түзілуі

E. фибриннің ерітілуі

 

84. Кардиоваскулярлық патологияның молекулалық негізіне жатқызылады:

A. коллаген құрылымының бұзылысы

B. гемоглобин құрылымының бұзылысы

C. миоглобин құрылымының бұзылысы

D. +эластин құрылымының бұзылысы

E. протеогликандар құрылымының бұзылысы

 

85. Жасушааралық матрикске жасушалар мембранасындағы рецепторлармен әсерлесіп бекітілуін қамтамассыз ететін протеин:

A. коллаген

B. эластин

C. протеогликандар

D. +адгезивті протеин

E. глюкозамингликандар

 

86. Фибринонектиннің домен болатын суббірлігі өзара байланысады:

A. пептидтік байланыспен

B. сутектік байланыспен

C. иондық байланыспен

D. +дисульфидтік байланыспен

E. гидрофобтық байланыспен

 

87. Тропоколлагендер мөлшерінің жоғарлауы дәнекер ұлпа мықтылығының төмендеуіне әкеледі. Ол ағзада жетіспеушілігіне байланысты болады:

A. кальций ионының

B. магний ионының

C. фосфат ионының

D. +мыс ионының

E. натрий ионының

 

88. Сүйек ұлпасының протеиніне жатқызылады:

A. актин

B. +коллаген

C. миозин

D. альбумин

E. миоглобин

 

89. Бұлшықеттегі тотығып фосфорлану реакциясы (аэробтық гликолиз) үшін субстрат:

A. +бұлшықет гликогені мен қандағы глюкоза

B. кетондық денелер, глюкоза, глицерин, гликоген

C. глицерин және май қышқылдары

D. бұлшықет гликогені және қандағы кетондық денелер

E. бауырдағы гликоген, глицерин және кетондық денелер

 

90. Офтальмологке, пациент, түнде автомобильді басқаруда қиындықтар болуы туралы арызданады. Аз жарықтанған аймақта көзінің көру қабілетінің нашарлауы туралы шағымданады. Ал күндіз көру қабілеті қалыпты болады. Тағам қабылдауы режимді емес. Анамнезінде - панреатит. Пациентке не болған?

A. витамин D-ның авитаминозы

B. витамин E-нің авитаминозы

C. +витамин А-ның авитаминозы

D. витамин K-ның авитаминозы

E. витамин C-ның авитаминозы

 

91. Ер адам, 40 жаста. Алкогольді жиі қабылдайды, шылым шегеді. Анамнезінде тәбеті кенет жоғалған, ішек перистальтикасының баяулаған, есте сақтау нашарлаған (жиі түрде жақында болған ситуацияларды ұмытқан), галлюцинацияға бейімділік болған. Мұнан басқа, ентігу, жүрек қағысының жиілеуі, жүректегі ауырсынулар, аяқ-қолдарының шаншулары мен жансыздануы байқалған. Бұл симптомдар қай ауруға бағыттайды:

A. витамин В2-нің авитаминозы

B. витамин В3-тің авитаминозы

C. витамин В5-тің авитаминозы

D. +витамин В1-дің авитаминозы

E. витамин В9-дың авитаминозы

 

92. К врачу обратился иностранный турист, приехавший из Японии. При первичном осмотре были выявлены – себорейный дерматит на носо-губной складке, что сосочки языка сглажены, цвет языка пурпурный с синеватым оттенком (фуксиновый язык). Отмечалось расширение сосудов конъюнктивы вокруг роговицы, светобоязнь и слезотечение. Какой диагноз можно поставить выходцу из Японии?

A. авитаминоз витамина В1

B. авитаминоз витамина В3

C. авитаминоз витамина В5

D. авитаминоз витамина В9

E. +авитаминоз витамина В2

 

93. Ұқсас биологиялық активтілік көрсететін заттар тобы: - катехиндер, халкондар, дигидрохалкондар, флавиндер, флавонондар, изофлавонондар, флавонолдардың шығу көздері жалпы ортақ болады. Олардың құрылымдарының негізіне дифенилпропандық көмірсутектік тұлға «хромон» немесе флавон жатқызылады. Бұл топтағы заттар бір витамин атауымен аталған. Бұл қай витамин:

A. витамин В2

B. витамин В3

C. +витамин Р

D. витамин В5

E. витамин В6

 

94. Жедел жәрдем клиникасына науқас йіс газымен уланған диагнозы бойынша жеткізілген. Науқасқа қай препаратты бірден енгізу қажет?

A. аскорбин қышқылын

B. глюкозаны

C. +цитохром с-ны

D. тиаминді

E. никотин қышқылын

 

95. Жедел жәрдем бөліміне 55 жастағы әйел жеткізілген. Оң жақтағы қабырға астындағы ауырсынуға, лоқсуға, құсуға, жауырын асты ауырсынуына, асқазан күюі сезілуіне, ауызында ыстық сезілуіне арызданады. Әйелде тері мен склераның сарғаюы байқалады. Пациентте семіздіктің үшінші дәрежесі және айтуы бойынша гипертиреоз бар. Бастапқы диагнозды болжаңыз:

A. +өт-тасы ауруы

B. ИТҚД

C. сарыауру

D. атеросклероз

E. майлыгепатоз

 

96. Синиль қышқылы препарат «Циклон Б» негігі бөлігін құрайды. Бұл препаратты Екінші дүние жүзілік соғыс кезінде ұлтшылдар концентрациялық лагерлерде адамдарды өлтіру үшін қолданған. АҚШ-тың кейбір штаттарында газ камераларында өлім жазасын орындау үшін газ камераларында синиль қышқылы пайдаланылған. Соңғы рет бұл 1999 жыл Аризона штатында қолданылған. Өлім 5 - 15 минуттан кейін болады. Синиль қышқылының адам үшін у болуының себебі неде?

A. ол МЭТТ-ның 3 комплексінің ингибиторы

B. ол МЭТТ-ның 2 комплексінің ингибиторы

C. +ол МЭТТ-ның 4 комплексінің ингибиторы

D. ол МЭТТ-ның 1 комплексінің ингибиторы

E. ол МЭТТ-ны 5 комплексінің ингибиторы

 

97. Ер адам, 60 жаста. Оның 30 жылында алкогольді жиі қабылдаған, шылым шеккен. Анамнезінде офтальмоплегия – көз бұлшықеттерінің салдануы (параличі) бұл көз алмасының қозғалмауы және қоскөріну арқылы байқалады, атаксия – еркін қозғалысты бақылауға мүмкін болмауы, санасының шатасуы байқалады. Мұнан басқа, ентігу, жүрек соғысының жиілеуі, жүректегі ауырсынулар, аяқ-қолдарының шангуы мен жансыздануы байқалады. Бұл симптомдар қай ауруға бағыттайды?

A. +Вернике-Корсаков синдромына

B. бери-бери

C. рахит

D. деменция

E. пеллагра

 

98. 1916 жылы жануарларға жүргізілген тәжрибеде шикі жұмыртқа ақуызының уландырушы әсері анықталған. Бауырды немесе ашытқыларды қабылдау бұл әсерді болдырмайды. Кейін бауырдың ашытылған экстрактісінде және тауық жұмыртқасының сары уызында сол кезеңде белгілі болған тағам факторларынан өзгеше витамин бар екені анықталған. Бұл фактор ашытқылар мен азотбекіткіш бактериялардың Rhizobium көбеюуін стимулдейді. Соған байланысты ол коэнзим R атауын алған. Қазіргі кезде ол аталады:

A. +витамин Н

B. витамин В2

C. витамин В3

D. витамин В5

E. витамин В6

 

99. Өт-тасы ауруы ерлермен салыстырғанда әйелдерде 3-4 есе жиі кездеседі себебі өт қышқылы синтезінің негізгі ферментінің корепрессоры:

A. +эстроген болғандықтан

B. андроген болғандықтан

C. Т3 пен Т4 болғандықтан

D. глюкокортикоид болғандықтан

E. пептидтік гормондар болғандықтан

 

100. Өт-тасы ауруынан зардап шегуші әйелдің бауыр аумағында ауырсыну пайда болды, склера, тері сарғаюы жылдам дамыған, нәжісі түссізденген, несеп қанық қою шай тәрізді түсті. Бұл пациентте сарыаурудың қай типін болжауға болады?

A. Жильбер синдромы

B. +обтурациялық сарғаю

C. гемолиттік сарғаю

D. физиологиялық сарғаю

E. паренхиматоздық-жасушалық сарғаю

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 1 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | 1. Протеиндер – бұлар келесі полимерлер:

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.117 сек.)