Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Активті Үлестірмелі материал



АКТИВТІ ҮЛЕСТІРМЕЛІ МАТЕРИАЛ

 

Пән: Әлеуметтану ЖГДФ

Кредит саны – 2 4 семестр

Дәріс № 2 2014-2015 оқу жылы

ассоц. проф. Масанов Е.Ж.

2 Лекция

2 тақырып. Әлеуметтанулық ойдың қалыптасуының негізгі кезеңдері

 

Жоспар:

1. Социологияның ғылым ретінде пайда болуы.

3. Социологияның классикалық кезені: ерекшілітері.

4. Қазіргі социологияның теориялық мектептері.

 

Сабақтың мақсаты: студенттерді әлеуметтанулық ойдың даму тарихымен және қалыптасу кезеңімен таныстыру.

Платон - ертедегі грек философы және әлеуметтік ойшылы, саяси ғылымды бастағандардың бірі. Ол белгілі ақсүйек түқымынан шыққан. Платонның саяси көзқарастары Афины қоғамының кең дағдарысы, құлдырауы, бытырауы кездерінде қалыптасқан. Бір өркендеп, бір құлдырап отырған қоғамда жедел әлеуметтік бөлінушілік болып түрды және билік түрі өзгеріп түрды, атап айтқанда, ақсүйектер үстем тапқа айналады. Демократия саяси теңдік аламыз деп үміттшді, бірақ іс жүзінде ақсүйектер меян ат төбеліндей ерекше үстем тап билігі іске асып отырды. Платон "шексіз" немесе "жетілмеген" мемлекет үлгісін ойлап табады, оның негізіне ой, рұх, жан дүние, әділеттілік, адамгершілік жайлы оқып үйреніп, зердесіне түйген ойларын айтады. Платонша мемлекет өзінің пайда болғаны үшін аса қадірменді, аса қасиетті, аса құдіретті, кең Құдайға міндетті, ал жаратушы Құдай ғарышты жасаған және ойдың іс-әрекетін өзі алып жүреді. Ғарыш ақыл, жан, денеден тұрады. Дене өледі, ал жан ойлы, айқын, өзгермес бөліктерден тұрғандықтан мәңгілік. Платонның шексіз мемлекеті философтармен данышпан, күзетімен батыл еңбек адамдарының өзі үшін кеңшілік сұрап, "кіші" болып жүрулерімен ерекше. Осылайша, ойшылдың ілімі әдеп, адамгершілік пен мемлекеттің (саясаттың) өте тығыз байланыста екшін көрсетеді. Мемлекет - біріге қоныстанғандықтан, ол "біздің әр қайсымыз, өзіміздің өзіміз үшін ғана жеткіліксіз болып, көпшілікке тартылуымыз". Платонның саяси көзқарастар жылжуы "Мемлекет", "Саясат", "Заңдар" атты еңбектерінен айқын көрінеді. Платонның философиялық және әлеуметтік саяси ойлары жалпыадамдық мәнге ие болады да, ежелгі кезең шегінш алысқа құлаш ұрды және біздің заманымызға жетіп жығылып, біразы сақталып қалып отыр.



Платон. "Мемлекет". Бірінші кітап. Әділеттілік туралы ой аса мықтының пайдасы ретінде. Кез келген билеуші заңды өз пайдасына бекітеді: демократия - демократиялық заңдарын (халықтық), басакөктуші - басакөктушілік т.т. Заңды құрып алып, оны әділетті деп жариялайды, дәл осы тұс билікке аса пайдалы, ал осы заңның шегін аттап кетушілерді әділеттікті бүзды деп жазалап жатады.

Әділгттілік пен әділетсіздік. Мынаған тоқталалық: әділетті адам өзі сияқты адаммен алға шыққысы келмейді, оның өзіне ұқсас кісімен ісі бар. Ал әділетсіз адам екеуін де өзінг жақындатуға әрекет етеді.

Әбу Насыр әл - Фараби (870-950). Әл - Фараби - философ, Шығыстың энциклопедист ғалымы, Сырдария өңірінде Фараб (кейінгі Отырар) қаласында туған. Ол 160- тан астам трактаттар жазған және сол кездегі белгілі ғылым салаларын дамытты.

Әл - Фараби адам қызметіндегі ақыл-ойдың, даналықтың ролін жоғары бағалады. Ерекше мәдениеттілік, эстетикаға қатысты терең ойлары мен біртуар көзқарастары - оның көптеген шығармаларына арқау. Фарабише заттылық, болмыстық әлем биіктігі бұйымның етене табиғатынан туындайды, себебі зат - болмыстың өмірі және оның өз қасеиттері бар. Әдемілікті жасаушы тек адам ғана, себебі ол жақсылыкты іздеуші және жасаушы деген касиеттерге ие. Адам бар есіл-дертімен бақытқа, сұлулыққа ұмтылады. Және де сол керкемдікті сақтап тұруға қабілетті. Сұлулық, негізінш табиғатқа тән, ал адам еңбегі мен даналығынан туындаған өнерлік заттар қоғамның тұғыры, әрі діңгегі. Әл-Фараби Платон ойларымда келісе бермейді, себебі ол сұлулықты "ой", "идея" деп түсіндірген Ойшыл, философ: "Адам бойындағы алғашқысы "жан емес, дене" - дейді. Жан қызметі адам денесіне тәуелді, денегсіз жан жоқ. Жан - адамның ішкі дүниесі, ішкі өмірі жайлы түсінік. Зерделілік адамда алғаш туған күннен бастап пайда болады. "Адамның адам болып қалыптасуы, оның ақылы мен ойының арқасында жүзеге асты", - дейді Фараби. Ол адам көркінің екі жағын пайымдайды: ақылдылыққа жету (ішкі рухани сұлулық), дене бітімінің жетілгендігі, яғни денелік, ағзалық (сыртқы) сұлулық. Ақыл-көркі, зерделілікпен ойлауды дене сұлулығынан бұрын қойды. Теориялық және тәжірибелік ойлау айырмашылықтарына қарай, адамды әл-Фараби танымдылық шеңберінің кеңдігіне және терең адамгершілігіне, әділдігіне сүйене тану керектігін алға тартты. Қайырымды кісі ойшыл үшін үлкен тұлғалық көрініс алды. Бірақ танымшылдық, көргендік, сергек ойлылық адамның жеткіліктілік, баршылық қалпын сақтап қалуына негіз екшін баса көрсетті.

Шарль Луи Монтескье (1689-1755). Шарль Луи Монтескье француз философ - ағартушысы, саяси ойшыл және құқықтанушы. Оның еңбектерінде негізгі орын алатын "Заңдар рухы туралы" атты еңбегі алады. Монтескьенің аналитикалық ой тұжырымдамалары саяси әлеуметтіліктегі маңызды мәселелердің негізгілерін алға шығарады. Жеке тарихи ерекшеліктерді тиімді, әрі кең пайдалануды ұсынады.

Қатты қысым керсететін зорлық жасау адам табиғатына қарсы келеді дей келе, Монтескье заңның үш басты түрін ажыратып береді: отбасылық ғылымды үйымдастыруға қатысты азаматтылық заң; өз замандастары тәрізді аса қызыққан заңы - қылмыстық заңдар; сонымен қатар, саяси құрылымның негізгі заңдары. Көп нәрсені адамдар басқарады, атап айтқанда, климатты, дінді, заңдарды, басқару қағидаларын, өткен өмір мысал-үлгілерін, адамгершілікті, дәстүрлерді және осының бәрі халықтың жалпы рухын құрайды.

Заңдардың рухтары туралы екінші кітап. Үкімет табиғатынан туындайтын заңдар туралы

Басқарудың әр түрлі уш кейпінің табиғаты туралы

Басқарудың үш кейпі бар, олар: республикалық, монархиялық және қаталдық. Олардың табиғатын білу ешбір білімдарлықты қажет етпейді. Республикалық басқаруда жоғары билік бүкіл халықтың қолында немесе оның бір бөлігінің колында болады; монархиялықта - өзгермейтін заңдарды құрал етіп отырып, бір адам ғана басқарады, алайда қаталдык басқару бір адамның еркімен, ешбір заңсыз, ешбір ережесіз іске асырылады. Басқару табиғаты дегш осы.

Огюст Конт (1798-1857). Огюст Конт - философия мен әлеумет-танудағы қарсы пікірді жасаудың алғашқысы, ол Монпельеде төре отбасында туған.

Конттың "Қарсы пікір философиясы курсы" атты алты томдық еңбегі 1830 және 1842 жж жарық көрді. Екінші бір іргелі еңбегі -төрт томдық "Қарсы пікір саясатының жүйесі немесе адамзат дінін қалыптастырушы трактат" (1851-1854). Көзі тірісінде оның "Кең тараған астрономия туралы философиялық трактат" (1844), "Теріс пікірлі философия рухы жөнінідегі ойлар" (1844), "Қарсыпікірлік жайлы толық ойсаптама" (1848-1854), "Керіпікірліктік катехизис" (1851), "Қозғалыстарға шақырылма" (1855) және "Жеке бастық жиынтық" (1856) атты еңбектері шығып үлгерді, "Огюст Конттың өсиеттері" атты төрт томдық еңбегі қайтыс болған соң жарык керді.

Әлеуметтануды карсы пікірлі ғылым ретінде Конт қоғам мш адам жайлы алыпсатарлық жасаған бағыттарға қарсы қояды. Теолог-тардың адамның малдан айырмасы оны қүдайдың жаратуы дегеніж сын айтады, ал әлеуметтік орынсыз, жалған ой туғызған "метафизик-терді" қоғам жасаған ойлаушыны тұлға деп қарамаған деп кінә артады. Конт бойынша әлеуметтану - адам ақылы арқылы жетіліп өсетіні жайлы жалғыз ғылым, жеке адам қоғам мүшесі, ендеше ортақ заң бар. Қоғам құбылысы үнемі өзгеріп, қайта жасалып, өсіп отырады, ал оның мәні тарихи. Конт "ұлы адамдарды" асыра бағалауға қарсы, өркениетке саясат ережесі сәйкестелмесін деп шегелеп айтады. Рухани ішкі жан - күйлік кауым, оның ойы еркшиетке апарады деп сшеді, ғылыми рухбасты фактор.

Әлеуметтану жайлы ойы жалпылама, білімділік қағидалары да аз. Кейінгі заманда қоғамдық өмірге жүйелі қарау деген түжырымдаманы Конт бастады делінеді. Алайда, Конт әлеуметтік элементтердің нақты диалектикасын түсіндіру қиын, қайта оларды философ қарапайым, мәңгілік, өзгеріске түспейтін деп қарастырды.

Жеке адамның танымдық құндылығын теріске шығарады да, оны қоғамнан бөле қарады. Қоғамды жеке алып қарауға ұмтылды. Конт әлеуметтануда қадағалау және тәжірибелік, салыстырмалы, тарихи әдістемелердің негізін салды.

Огюст Конттың әлеуметтік статистикасы. Огюст Конт әлеуметтануды екі үлкея тарауға бөлді, олар - әлеуметтік статистика мен әлеуметтік динамика. Әлеуметтік статистика дегшіміз қоғамдық ереже, ұйым, үйлесім теориясы. Қоғамды бірлестік деп санайды. Негізгі институтттарға отбасын, мемлекетті, дінді жатқызды.

Отбасылық қарым-қатынасты адамгершілік пен көңіл-күй одағы жәш бір-бірімен ұнатушылық пш бауырбасушылық негізінде тығыз бірліктегі отбасы мүшелері жанұяда берік болады. Жас ұрпақ кеңпейілділікке тәрбиелейді, олар өсіп қоғамды жалғастырады.

Отбасылық негізгі қарым-қатынастарды қарастыра келіп, оның тарихпен бірге өзгергіш келетінін мойындайды. Өз тұсындағы буржуазиялық отбасын шексіз етіп көрсете отырып, кемшіліктеріне көңіл бөлмейді. Әйел еркекпш тең құқылығына қарсы, әке, күйеу, бедел, билік мағынасын түтас береді. Әйел еркектш күшімен, ерік-жігерімен төмея. Әйел адамдарды біріктіруге қабілетті, қылык-мінезімен ашутарқатқыш болып келеді. Әйел міндеті - сомтұлғалы, ірі тұрпатты, күш иесі ерлерді жұмсарту, қоғамға тарту, билікке баулу. Осыдан барып адам отбасында әйел сезімі ер адамның қаһарына әсер етуі тиіс деген теріс теория қалыптасқан.

Бала тәрбиесіндегі ана ролі - үлы роль. Отбасы - өзінен бұрынғы ұрпак дәстүрін сақтаушы және жаңа ұрпаққа соны сіңдіруші. Отбасында жеке түлға әлеуметтенеді, адамға қызмет ету қасиетін меңгереді, табиғи даралығын жойып, "басқалар үшін өмір сүруге" үйренеді. Жас пея кәрі үрпақ тепе-теңдігін қалыптастырады.

Отбасылық қатынасты Конт кооперацияға теңейді. Бұнда әрбір мүше өз қабілетіне қарай адал еңбек етеді және әркім бір-бірінен мүдделі, қызықшылықты, жанашырлықты. Осылайша жалпыға бірдей келісім - "/consensus omnium/" жеке адамдардың шүғыл қарым-қатынасы негізделеді, Конт бұнда экономикалық жағын артқы қатарларға қояды. Laissezfaire дегенді Конт дұрыс емес, ол жеке басының тақыр қамын ойлаушылыққа әкеледі деп түйіндейді. Бәсекелестік пен қанаушылық басым болса, қоғамдық үйлесімнің талқаны шығады.

Еңбек-жұмыс-іс-қызмет деп бөлудің теріс жағын Конт көре білді. Ол адамның бір ғана мамандықты меңгеруі дүниетанымдық жан-жақтылығын тарылтады, қоғам жеке бірлестіктерге бөлініп кетіп, бірлік бұзылады, қатыгез бәсекелестік өрбиді, адам өзгеріске түседі. Үкіметтің әлеуметтік белгіленімі Контша "ой, жігер, іс тұрғысынан ажырасушылыққа душар болмау қажет, ол алға жылжуды тежейді".

Қоғамның ыдырауы, оның органикалық бірлігінің бұзылуы тенденциясының бар болуын тақалай отырып Конт саяси биліктің қажеттілігін, қоғамның "ортақ рухты" бейнелеуші ретінде қажеттілігін көрсетті. Конт бойынша, өкіметтің саяси арнауы неде? "Ол идеялар, сезімдер және қызығушылықтардағы түбегейлі айырмашылықтар деген фатальды бейімділіктің алдын алу". Ол өз кезегінде адамзаттық даму принціпінің айырылмас нәтижесі бола отырып, өз жолында кедергілерге кездеспегенде, әлеуметтік тағдырдың тоқырауына әкелер еді. Осылайша, мемлекет әлеуметтік ынтымақтастық мүшесі болып табылады, ал оған бағыну - индивидтің қасиетті парызы. Қоғамдық тәртіп қорғаушы - мемлекет - экономикалық саяси, моральдық функцияларды атқарады. Конт бойынша моральдық фукнкциялар негізгі болып табылады. Ол ойдың дамуын тежеуі мүмкін, оны басқарушылардың тар практикалық қызығушылығына бағындыратын интеллектуалдық моральдық террорды болдырмау үшін билікті моральдық және саяси деп бөлу қажеттілігін дәлеледей отырып, Конт орта ғасырға, сол кездегі билікті мемлекет пен шіркеу арасында бөлгені үшін жоғары баға берді. Орта ғасырлық шіркеу іске асырған рухани диктатураны мадақтай отырып, Конт оған аналог ретінде позитивизмді таниды. Яғни, өзіндік ерекше пікір-лермен көне дәстүрін, шіркеулік дәстүрлерді алмастыруға негізделгш азаматтық дәстүрлер сериясымен толықтырылған, идеялар, принциптер және концепциялар комплексі ретіндегі позитивизмге ұқсастырады.

Қоғамдағы рухани биліктің үстемдігі идеясымен Конт халықтар мен мемлекеттердің жақындасуына деген үмітін байланыстырады. Барлық жерде жаңа дүниетаным (позитивизм) асқақтаған кезде, халықтардың дүниежүзілік федерациясын қүруға ықпал ететін тұтас моральдік билікті қүрауы мүмкін.

Конт өзінің индивид пен қоғам арақатынасына деген көзқарасына сәйкес, міндеттердің моральдық кодексін емес, керісінше адамның табиғи құқықтары теориясын терістеді. Оның оқытуынша міндеттер абсолютгы емес, салыстырмалы, оның қайнар көзі құдайда емес, абстрактылы адамзат табиғаты емес қоғам болып табылады. Міндеттілік сезімі, қоғамдық ынтымақтық өмірде туындаған, әлеуметтік сезім болып келеді. Конттың рухани өмірдің мәселелерін қарастыруы, "басқалар үшін өмір сүру" ұраны, міндеттер этикасы көптеген жақтаушыларды қызықтырмады. Конт маңызды әлеуметтік мәселелерді дұрыс қоя тұрып, олардың дұрыс шешуін бере алмады. Ол экономикалық катынастарды идеалистік түрғыдан дұрыс бағалай алмады және де руханилық ролін асыра бағалады. Еңбектерді бөлуді, Конт, экономикалық институт ретінде емес, моральдық-психологиялық байланыстар тегі ретінде қарастырды. Әлеуметтік топтардың, соның ішінде, алдымен кәсіби топтрадың қалыптасуын ол абстрактілі талқылады. Осы жерден оның бар әлеуметтік қүрылымының қажеттілігін мойындауы туындайды. Конт, буржуазиялық отбасын барлық халықтар мея уақыттар үшін идеалды модель, үлгі ретінде қарастырады. Ал үш заты заңы - Конттың әлеуметтік динамикасының ірге тасы - бір мезгілде тарихи жәш логикалық заң болып табылады: адамзаттық ақыл-ой дамуының үш сатысы тарихи дамуының үш сатысына сәйкес келеді. Ежелгі мен ортағасырлықты қамтитын (1300 ж. д.), теологиялық жәж фиктивтік сатыларды Конт үш кезеңге бөледі: фетишизм, политеизм мш монотеизм. Фетишизм кезінде адамдар сыртқы заттарға өмірді теліп, олардан құдайды көргда. Ежелгі Греция мен Римде ерекше күшті тараған политеизмде "жалған пенделерге" өмір телініп, барлық құбылыстар олардың араласуымен түсіндірілген. Монотеизм - бұл христиандық дәуір.

1300-1800 жылдар аралығын қамтыған метафизикалық саты Конт үшін өтпелі дәуір болып көрінеді. Яғни, бүл дәуір үшін қоғамдық тәртіп фундаменті - ескі сезімдердің бұзылуы тән. Реформация, ағарту философиясы, революция - бұл дәуірдің маңызды оқиғалары, міне осындай. Конт бойынша, 1800 жылдан кейін қоғам біртіндеп соңғы позитивті дәуірі екеуінің куәсі - ғылымдардың таралуы, олардың қоғамдық мәндерінің өсуі мен позитивизм теориясының қалыптасуы болып табылады.

Герберт Спенсе р (1820 - 1903). Герберт Спенсер - ағылшын философы және әлеуметтанушысы, позитивизмді бастаушылардың бірі, әлеуметтанудағы органикалық мектептің негізін қалаушы.

Спенсердің әлеуметтік теориясы құрылымдық функционализмнің алдында болған. Спенсер бірінші болып, әлеуметануда жүйе құрылымы, функциялары, институт түсініктерін қолданған. Оның ойынша, құрылымдағы өзгерістер функциялар өзгерісінсіз мүмкін емес: әлеуметтік бірліктер мөлшерінің ұлғайуы оларда әлеуметтік белсендіктің прогрессиялаушы бөлшектенуін, еңбектің табиғи бөлінуін тудырады.

Спенсер Дарвин тәрізді неғұрлым бейімделгендердің "табиғи сұрыптау" идеясын ұсынды. Тұрғындаудың өсуі неғұрлым үлкен әлеуеметтік белсенділікке түрткі болып, аман қалу үшін көп тапқырлықты талап етеді. Неғұрлым нашар дамыған топ немесе индивид аман қалмайды. Сондықтан интеллект пен дамудың жалпы деңгейі біртіндеп өсуі қажет. Басқалардан интеллектуалдық қатынаста өктемдік көрсеткендер ғана қалады. Егерде мемлекет тарапынан жағаласу көрсетілсе, бұл прогрессивті эволюциялық механизм құлдырайды.

Спенсер білім әлеуметтануына шексіз үлес қосты. Ол өз еңбектерінде әлеуметтік зерттеулер обьективтілігі мәселесіне көп орын бөлген.

XIX ғ. аяғындағы биолого-натуралистік теория дағдарысы психологиялық әлеуметтанудың күшейуіне ықпал етіп, келесі өз бетінше бағыттарды ажыратады: этнографиямен тығыз байланысты "халықтар психологиясы"; топтық психология және де соңында, тұлға аралық қатынасты социологиялық зерттеудің бірінші бірлігі ететін интеракционизм. "Халықтар психологиясы" мәдениет пен даралық сананың өзара әрекеттесуін нақты зерртеуді бастау мен концептуалдық тұрғыға көшудің алғашқы қадамдарының бірі болды.

Психологиялық, этнографиялық, лингвистикалық, тарихи-философиялық және антропологиялық зергтеулерге жақындасуға деген ұстанымның өзі қүнды болды.

XIX ғ. аяғында не индивид пасихологиясы, не абстрактылы "халық рухы" әлеуметтік қүбылыстарды түсіну кілтін бере алмайтыны айдан анық бола бастайды. Осыдан бастап тікелей топтық бұқаралық мінез-кұлықты зерттеуге және де индивидтердің бір-біріне илану мен адаптацияланудың әлеуметтік нормаларын беруді мүмкін ететін психологиялық және әлеуметтік механизмдерді зерттеуге дегш қызығушылықтар өрши бастайды.

Макс Вебер (1864 - 1920). Макс Вебер XIX ғ. 90-шы жылдары алдымш Фрайбургтік, кейіннш Гейдельбергтік университетттердің профессоры болды, алайда ауыр рухани ауру салдарынан оқытушылық іс-әрекетті қоюға мәжбүр болды. Қайтыс болардың алдындыа 1919 жылы Мюнхендік университетке қызметке түрып, бұл іске қайта оралды. 1904 жылы неміс социологиялық журналына редактор болады. Вебер социологиясының негізі - идеалды типтер туралы ілім болып табылады. Идеалды тип - бұл обьективті эмпири-калық шындықты емес, ол оқымыстының зерттеуші іс-әрекеті, ойлау нәтижесін бейнелейтін теоретикалық конструкция. Идеалды тип -бейне - схема, зерттеуші социолог танитын нақты материалды тәртіптеу мен жүйелі тәсілі. Идеалды-типтік конструкциялар - бұл маңызды қүбылыстар мш процестерді бейнелеуші күрделі түсініктер. Мысалы, "капитализм", "шіркеу", "қала", "дін", "христиандық", "экономикалық адам" және т.б.

Вебер жауап бермеуі мүмкін емес сұрақтар: идеалды тип недш туындайды және қалайша құрастырылады - әлеуметтанушыдан тәуелсіз шындықтан ба, әлде оның ойлауынан пайда бола ма? Пайда болуына қарама-қайшылықты түсіве отырып, Вебер, идеалды типті тарихи және әлеуметтік типтерге бөледі. Идеалды тарихи тип тірі тарихты бейнглейді және де одан түсініктерді қалыптастырады, ал әлеуметтік идеалды тип болса, оқымыстының іс-әрекетінің өнімі ретінде, конструкция ретінде калыптасады.

Осындай өңдеулерден, түсініктерден тұрғызылған Вебердің идеалды типтер жайлы ілімі оның "түсінуші әлеуметтануының" негізі болды.

Бұл жерде, әлеуметтану адам немесе адамдар тобы мінез-құлқын қарастыруда бастапқы пункт ретінде қарастырылу керектігі туралы сөз болып отыр. Мінез-құлықтың әлеуметтанушыны қызықтыратын себебі адамдар өз әрекеттеріне белгілі бір мағына береді. Әрекеттер мағыналанғандықтан, оны түсінуші ғылым болуы тиіс - әрекетті және ең маңыздысы, зерттелінуші тұлға осы әрекетке бергш мәнді түсіну. Сондықтан да Вебер социологиясы - бұл адам мағыналаған мінез-кұлықты түсіну ғана емес, сондай-ақ, әлеуметтік әрекеттер туралы ғылым. Ол Вебер үшін адам мінез-құлқына тең мағынада, өйткені әлеуметтік әрекет жай ғана "өз-өзіне бағытталған" емес, ол өзгелерге де бағытталған. Өзгелерге бағыттануды Вебер, онсыз әрекеттің әлеуметтік болып есептелінуі мүмкін емес "күту" деп атады.

Сонымен, "түсінуші әлеуметтану" пәні мағыналанған әлеуметтік әрекет болып табылады. Ол бірнеше формада көрінеді, олардың бастысы - мақсатты рационалды әрекет.

Соңғысы Вебер бойынша, тұлға саналаған мақсаттарға жетуге бағытталған: ол үшін адекватты тәсілдер колданылады, яғни әрекеттенуші индивидке қажетті болып есептелінетіндер. Әрекет неғұрлым аз рационалды болса, ол соғұрлым аз түсінікті. Сондықтан да, мақсатты рационалды әрекеттер - бүл негізгі идеалды тип, ал рационалдықтың кемуі одан ауытқу болып табылады. Әлеуметтік әрекеттің рационализациясы, Вебер ілімі бойынша, тарихи процесстің негізгі бағыты болады.

Вебердің әлеуметтік илеялары, XIX ғ. аяғы, XX ғ. басындағы басқа мұраларға карағанда кәзіргі күнгі оқымыстылардың назарын ерекше аударады. Вебер Дюргейм сияқты өзінш кейін мектеп қалдырған жоқ. Оның идеяларын жалғастыратын жеке беделді шәкірттері де болған жоқ. Бірақ "түсінуші әлеуметтану", идеалды типтер туралы ілімдер, экономика, дін, және этика байланыстары идеясы, өз-өзінен қоғам мен уақыт міндеттерімен үндес болғандығы сонша, Вебер есімі әлеуметтану ғылымына шіп, тиісті орын алды.

Протестанттық этика және капитализм рухы

Халқының діни сенімі аралас кез-келген елдің кәсіби статистикасымш танысқан кезде бір құбылыс өзіне назар аудартады. Ол құбылыс католиктік басылымдарда, әдебиетте және де Германиядағы католиктік партиялар мен ұйымдар съездерінде бірқатар талқыланған. Назар аударып отырған нәрсе капитал иелері мен іскерлер арасындағы протестанттардың сөзсіз басым болуы, олардың арасында ең алдымш кәзіргі күнгі кәсіпорындардың жоғары техникалық және коммерциялык қызметшілер арасында жоғары мамандандырылған жүмысшы таптары да тең түседі. Бүл мәселе, тек діни сенімдерінің айырмашылығы үлттық айырмашылыққа сәйкес келіп, мәдени даму деңгейіндегі айырмашылыққа да сәйкестенетін елдердің статистикалық мәліметтерінен ғана байқалмайды. Мысалға, халқының құрамы вемістер мш поляктардан тұратын Шығыс Германиядағы сияқты. Бірақ капитализм мұнда өзінің гүлдену шағында, өзіне қажетті әлеуметтік және кәсіби қайта құрылымдарды еш кедергісіз жүзеге асыра беретін еді, және де бүл процесс неғұрлым интенсивті жүрсе, кәсіби статистика соғұрлым аталмыш құбылысты айқын бейнелейді. Шынымен де, капитал иелерінің, ірі сауда - өндірістік ұйымдар мен мамандандырылған жұмысшылардың арасында салыстырмалы түрде протестанттардың басым көп болуы, осы ортадағы протестанттардың процентінен артық болуы бүрнағы тарихи себептермен түсіндіріледі; мұндай жағдайда белгілі бір діни сенімге жату экономикалық құбылыстардың себебі ретінде емес тіпті белгілі бір мелшерде олардың салдары ретінде болады. Белгілі бір экономикалық функцияны атқару, не капиталға ие болу, не қымбатты білімі бар болуын болжайды, көбінесе екеінің де бар болғаны жөн. Қәзіргі күнде бүл функциялар атамүралық байлықпш немесе ең жоқ дегшде белгілі бір баршылықпш байланысты. XVI ғ. қолайлы табиғи жағдайлар мш сауда жолдарының жақындығының күшімен неғұрлым экономикалық дамыған империялардың көптеген бай облыстары, соның ішінде, ірі бай қалалардың көпшілігі протестанттық сшімді қабылдады; бүл факт салдары осы кезеңге дейін сезіледі және де, протестанттардың тіршілігі мен экономикасы гүлденуі үшін күресінде табысқа жетуіне ықпал етеді. Бірақ бүл жерде тарихи тұрғыдағы сүрақ туындайды: экономикалық облыстардың шіркеулік революцияға дегш аса күшті бейімділігінің себебі неде? Бұл сұраққа жауап беру оңай емес.

Әрине, экономикалық дәстүрліктея алшақтық маңызды мөлшерде діни дәстүрлердің беріктігіне күдіктенуге, жалпы дәстүрлік беделдерге қарсы шығуға бейімділікті ұлғайтуды керек етеді. Алайда кәзір жиі ұмытылып жүрген жайтты да назардан тыс қалдырмау керек: Реформация - бұл күнделікті өмірдегі шіркеу үстемдігін ығыстыру емес, тек бұрнағы билікті жаңамш алмастыру ғана. Тіпті бүл биліктің өзі уақытша, іс жүзінде сол кезде аз байқалатын, жеке жәнг қоғамдық өмірдің барлық сфераларына енгш жоғары деңгейді ауыртпалы және қатаң регламентациалы, таза формальды билікпш алмастыру.

Николай Константинович Михайловский (1842 - 1904). Николай Константинович Михайловский - философ, әлеуметтанушы, әдеби сыншы, публицист. Оны субьективті әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Михайловский концепциясының "межесі" - индивид, тұлға, адам. Қоғам прогресінің өлшемі тұлға дамуы болып табылады. Бұл прогресс бастауыш тұлғаның қоғамнан жаттануды жеңуі, оның қосымша рөлінен бас тартуы болуы мүмкін. Әрине Михайловскийдің субьективизмдік әлеуметтануы тап мұнда емес. Дұрысырақ айтқанда, түлғаны талқылау әлеуметтанушының әлеуметтік процесті түсінудегі ықпалдарының бірі болып табылады. Субьективизмнің ең маңыздысы - қоғамдық даму заңдылықтарымен тығыз байланысты қоғамның қандай да бір әлеуметіттік идеалды мойындау заңдылықтарын дұрыс бағаламау.

Михайловскиий бойынша, әлеуметтану әлеуметтік процестер мен құбылыстардың обьективті жағын емес, адамзат іс-әрекетінің этикалық және мақсатты болжаушы факторларын саралау керек.

Питирим Александрович Сорокин (1889-1968).

Питирим Александрович Сорокин - әлеуметтанушы, мәдениеттанушы. Өзінің "Социальная мобильность" атты кітабында мобильділік (жылжу) түсінігін қарастырған: тік және көлденең. Көлденең мобильділік - бұл іс жүзінде физикалық кеңістікте орын ауыстыру, миграция; тік мобильділік - әлеуметтік мәртебенің өзгеруі, әлеуметтік баспалдақ пен жоғары және төмен қозғалу. Қоғамның түрлі типтерінде қозғалыстар жылдамдығы мен түрі бойынша ерекшелшеді. Әр қоғамда бұл қозғалысты жүзеге асыратын лифттер болады. Мысалға армия, мектеп, бюрократия, кәсіби және діни үйымдар. Олар сондай-ақ күрделі биологиялық денеде қан айналымды реттеуші мүше ретінде әлеуметтік организмге де қажетті.

Сорокин мынадай шешімге келеді: мобильділік жалпы интеллектің ақыл-ойлық икемділігі мен жан-жақтылығының дамуына ықпал етеді, бірақ, өз кезегінде скептицизм, цинизмді тудырады, патологиялық изоляцияға, моральдық құлдырауға және өз-өзіне қол салуға әкеледі. 1922ж. П.Сорокин басқа да орыс зиялыларымен бірге Ресейден қудаланып, Гарвардта жүмыс істеп (АҚШ), мәдениет динамикасы, әлеуметтік теория, теория мея конвергенция мәселелері бойынша бірнеше еңбектерді шығарады.

П.Сорокин - ірі төоретикалық концепциялардың авторы ретінде танымал. Олардың көмегімен дүниедегі өзгерістерді де түсіндіруге тырысты. Олардың бірі - социомәдени динамика концепциясы болса, келесісі - қоғамның интегралды тип концепциясы.

Бірінші концепция шегінде тарихи процесті мәдениет типтерінің қозғалысы ретінде қарастыруға үмтылыс байқалады. Олардың әр қайсысы белгілі бір түтастық ретінде көрінеді. Осындай негізгі типтерді П.Н.Сорокин үшке бөледі: сезімдік, рационалды, идеалистік. Алғашқысы шындықты тікелей сезімдік қабылдаудың үстемдігімен, екіншісі - рационалды ойлаудың үстемдігімеи, үшіншісі - доминанатты интуициямш сипатталады. Бұл мәдшиет типтерінің әрқайсысы даму үстінде және прогресстің түрлі сатыларындағы адамзат қоғамына тән. П.Н.Сорокиннің социомәдени динамикасының концепциясы әлеуметтік өзгерістердің қозғаушы күштері мен бастауларын және олардың қоғамдағы диалектикасын талдаудағы алғашқы талпыныстардың бірі болды.

Интегралды қоғам теориясына келетін болсақ, мүнда П.А.Сорокин болашақ вариантын көрсетуге тырысты. Әр түрлі ұйымдар мен қоғамдық емір жүйелерінің өзара байланысын түсінудегі және де әрқайсысының жетістіктерін адамзат үшін қолданудағы реалистік ықпалы арқасында 60-шы жылдары конвергенция тұжырым-дамалары қатарында негізгі орындардың бірін алды. 60-70-ші жыл-дардағы біздің әдебиетте бүл теориялар орынсыз және дөрекі сынға түсті.

Сөйтсе де шын мәнінде адамзат қоғамын билеуге қатысты бір қатар жайттар П.А.Сорокиннің ықпалындағы реализмді бейнелейді. Бүл меншіктік формасы мен экономикалык тәртіптердің плюрализміне, басқа елдермен қатынасқа және оларды жоспарлауға қатысты.

 

Бақылау сұрақтар:

1. Социологияның дамнуына позитивизмның әсері.

2. Социал-дарвинизм табиги іріктеуді қоғамдық өмірдің шарты деп есептейді, осы пікірмен сіз келісесіз бе?

3. Неопозитивизмның негізгі ерекшіліктері.

5. Қазіргі қазақстандық социологияның бағыттары?

 

Тапсырмалар:

1.Социологияның негізің қалағандар.

2. Аномия теориясының авторы.

3. Қазіргі социологияның негізгі парадигмалары.

Глоссарий

 

English

Russian

Kazakh

 

Citizenry

Граждане

Азаматтар

 

Inhabitants

Жители

Тұрғындар

 

Nonprofit

Некоммерческая

Нарықтық емес

 

Sociology

Социология

Әлеуметтану

 

Behavior

Поведение

Іс әрекет

 

Identical

Идентичные

Бірегейлік

 

Internal

Внутренние

Ішкі

 

 

Әдебиет:

1. Осипов Е. Огюст Конт и возникновение позитивной
социологии. М., 1995.

2. Осипов Е. Социология. М., 1996.

3. Биекенов К.У. Социология. А. 2010.

4. Джаманбалаева Е. Маулшариф М. Әлеуметтану. А. 2006.

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 78 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
О мобилизационной подготовке и мобилизации | Факультет Региональной экономики и управления

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.032 сек.)