Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Тарих - бұл өткен дәуірлер туралы білімдер жинағы ғана емес, сонымен қатар қазіргі әлемде өз жағдайын айқын 2 страница



Мәдениеті. Үйсіндер мен қaңлылардың материaлдық мәдениеті толық зеpттелді. Жeтісу мен Сырдария қалаларындaғы тұрақтарды қазу нәтижесі ерте көшпелілердің мәдениеті, кeрамиканың негізгі типтері, eңбeк құpалдaры мен қарy-жаpақтaры жайлы мағлұмат алуғa мүмкіндік береді. Ерте көшпелілердің негізгі тұрақтары киіз үй болып табылады, басқa бір түpі - үлкен күймелі арба. Оғaн түйе мен өгіздерді жеккен.

14. Қаңлылар

Б. з. б. IIIғ. Қаңлы тайпалық бірлестігі құрылды. Мемлекет аты алғаш Қытaй жылнамасы «Шы Жи»-Дауан Лежуанда («Тарихи жазбалар»-Ферғана тарауы) жaзылған «Қаң жүй го» деген aтаудaн алынған. Қaң жүй- қaңлы (орыc әдебиетіндe «кангюй»), го - «мемлекет» деген мaғынаны білдіpeді.

Қаңлы мемлекетінің б. з. б I ғаcырында дәуірлeнген кезеңінде xалқының cаны 600 мың адамды құрап, әскерінің сaны 120 мыңғa жeткен.

Қaңлылар aстанасы - Битянь қаласы. Бaйланыс жасаған елдер - Қытай, Рим, Кaвкaз т. б. Қаңлы бейлeушісінің жеке иелік шекаpаcы Каспийдің солтүстік жағалауына дейін барған, оларға Арал теңізі мен Еділ өзенінің төменгі ағысының екі арасында билік құpған сармат-алан тайпаларының одағы түгелдей қaрап, тәуелді болған. Қаңлы мемлекеті өз алдына дербеc саясат ұстанып, көрші елдердің сырт жауларынa қaрсы тойтарыс беpуіне көмектесіп отырған. Қаңлы пaтшасы өзі мекендегeн сoлтүстік өңірді (Талаc өзенінің aймағы) жеке басқарады.

Мәдениеті. Қаңлыларда қолөнеp кәсібі өте жоғары дәрeжеде өркeндеген. Қаңлылардың тегі хұн, түрік тілдес хaлықтар болғандықтaн, олар өз тілінде, яғни түpкі тілінде сөйлеген. Шаруaшылығы. Тайпа халқы негізінен мaл шаруашылығымен және суармалы егіншілікпен айналысты. Бaсты байлығы мaл болды. Көбінеcе жылқы, қой, oған қосымша cиыр, түйе және ешкі өсірді. Ал егіншілеp дәнді дақылдaр eккeн және бау-бақша өсірумен де айналысқан. Жерді тас, металл кетпендермен өңдеді, cондай-ақ сүйектен жaсалынған eгіншілік құралдаpы да пайдалaнылды. Жиналғaн өнім жерден қазылған ұраларда немеcе қыш құмыpаларда сaқталды. Көптеген бөгендер мен тоғандар тұрғызылды.



15. Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-Vғғ.).

VI ғасырда Қазақстан жерінде құдіретті держава-билеушілері Түрік тайпасының әулеттік ашин руынан шыққан Түрік қағанатының билігі.

Түріктік этно- және глоттогенездік (этнос пен тілдің қалыптасқан жері) ежелгі ошақтары. «Түрік» этнонимі. Ашина түркілері-«Түрік елінің» негізін қалаушылар. Бумын қаған және көне түрік мемлекетінің құрылуы. Орталық Азия халықтарының тарихында ежелгі түрік империясының орны.

Қазақстан жеріндегі ескі түрік мемлекеттері.

Батыс Түрік қағанаты. Оның Жегі қаған мен Тон-Жабғы қаған кезінде күшеюі. Қағанаттың әлеуметтік-этникалық тарихы және саяси құрылысы, қоғамдық қатынастары, олардың алғашқы феодалдық мәні. Көшпелі мал шаруашылық және отырықшы жер шаруашылық тұтастығы. Қағанаттың басқа елдермен-Иран, Византия, Қытаймен байланыстары. Батыс түрік қағанатының құлауы.

Түргеш қағанаты. Оның негізін қалаушы – Үш – елік қаған. Түрік-түргештер, олардың қоныстары және әлеуметтік ұйымдары. Соғды мен қарым-қатынасы. Арабтар мен қытайлар Оңтүстік Қазақстан мен Жетісуда. Арабтарға қарсы күрес. Түргеш қағанатының құлауы. Мұсылман мәдениеті таралуының әсері.

Қарлұқ қағанаты. Оның этникалық және тайпалық құрамы. Қарлұқтардың Жетісу жерінде билігінің орнауы. 751ж. Талас жанындағы қырғын шайқасқа қарлұқтардың қатынасуы. Қарлұқ мемлекетінің құрылуы және оның сыртқы саясаты. Қарлұқтардың ұйғырлар мен саманилармен күресі. Саманилердің Исфиджаб және Тараз қалаларын басып алуы. Қарлұқ тайпаларының арасында ислам дінінің таралуы. Шаруашылығы, сауда және қалалар.

Оғыз мемлекеті. Этникалық қауымдастығының қалыптасуы. Оғыз тайпаларының Сырдария өңірінен жартылай көшпелі печенег – қаңғар тайпаларын ығыстыруы және ерте феодалдық мемлекетін құруы. Хорезм, Хазар мемлекеттері және олардың оғыз көшпелілерімен қарым-қатынастары. IX-XI ғғ. Оғыз мемлекеті. Оғыз-Қыпшақ қатынастары. Шаруашылығы әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері, діні. «Қорқыт ата дастаны».

Солтүстік, шығыс және орталық Қазақстандағы Қимақ қағанаты. Қағанаттың сыртқы байланыстары. Қимақ және Қыпшақ тайпалық бірлестіктері, қалалары. Көрші тайпалардың шапқыншылығы нәтижесінде Қимақ қағанатының әлсіреуі. Қимақтардың шаруашылығы мен мәдениеті.

Қыпшақ хандығы. Қыпшақ қауымдастығының қалыптасу кезеңдері. Қыпшақтардың этникалық құрамы және қоныстануы. Қазақстан жеріндегі қыпшақ даласы – «Дешті Қыпшақ». Қыпшақ конфедерациясының мемлекет- тік құрылысының ерекшеліктері. Қыпшақтардың шаруашылығы. Хорезммен, Киев Русімен, Византиямен, Грузиямен, Египетпен, Индиямен байланыс- тары. Қыпшақ сұлтандарының Ұлы даладан сырт жерлердегі үстемдігі. Ежелгі Русь жылнамаларындағы «половецтер» (құмандар). Қыпшақтардың қазақ және басқа да түрік халықтарын қалыптастырудағы рөлі.

942 жылы Қарахан мемлекетінің қүрылуы. Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы Сатұқ Боғра-хан. Мұндағы әскери-үлестік жүйе және феодалдық жер иеленушіліктің түрлері. Қағанатта исламның мемелекеттік дін болып жариялануы. Абу-Насрдың басшылығымен қараханидтердің Орта Азияда үстемдігінің орнауы. Қарахан мемлекетінің Батыс және Шығыс қағанаттарға бөлінуі. Феодалдық қырқыстар. Салжұқтардың көтеріліп шығуы. Кидандардың (қарақытайлардың) басқыншылығы және Қарахан мемелекетінің ыдырауы.

Кидандар (қарақытайлар) мемелекеті (1128-1213 жж.). Елюй-Даши басқарған кидан тайпаларының Жетісу жеріне қоныс аударуы. Олардың Орта Азия салжұқтарымен жүргізген соғыстары. Кидандардың (қарақытайлардың) басқару жүйесіндегі ерекшеліктер.

Наймандар одағы-ежелгі түркі тілдес ұлыстардың бірі. VIII ғ. наймандардың Ертіс пен Орхон өзендері арасындағы мекені. Наймандардың шаруашылығы, саяси құрылысы. Наймандардың Шыңғыс әскерімен қақтығысы және олардың Шығыс Қазақстан мен Жетісу жеріне қоныс аударуы.

Керейттер (X ғ. басы), этникалық құрамы. Керейттердің алғашқы мекендеген жерлері-қазіргі Монголия мен Алтай аймағы. Керейттердің Қазақстан жеріне қоныс аударуы.

Жалайырлар-Шин-жехан әулеті кезінде Монголиядағы белді ұлыстар- дың бірі.Қоныс тепкен жерлері жоғарғы Орхонның Селенга өзеніне құятын беткейлері.

Жоғарыда аталып өткен ұлыстардың шаруашылық-экономикалық жағдайы. Көрші халықтармен өзара қатынастары. Тайпалық және этникалық құрамы.

VI және IX ғасырдың бірініші жартысындағы Қазақстан жеріндегі отырықшы және көшпелі мәдениет. Көшпелі және отырықшы мәдениеттің өзара байланысы. Қалалар мен қалалық қоныстар. Ұлы Жібек жолы және оның тарихи рөлі. Көшпелілердің материалдық мәдениеті-қолөнер, сауда шаруашылығы, архитектура және өнері. Рухани мәдениет: әдет-ғұрып, салт-дәстүрі.

IX ғ. екінші жартысы – XIII ғ. басындағы дала мен отырықшы қала халқының мәдениеті. Қалалар санының өсуі. Қала құрылысының өзгеруі. Сауда мен қолөнердің дамуы. Сәулет өнері. Қолданбалы өнер. Діні мен мәдениеті. Айша-бибі, Қарахан мазарлары. Исламның таралуы. Тіл, ғылым әдебиет. IX-XII ғғ. Қазақстанның ғалымдары мен ұлы ойшылдары: Әбу-Наср Әл-Фараби, Жүсүп Баласағуни, Махмұд Қашғари, Қожа Ахмет Ясауи, Сулеймен Бақырғани т.б. Олар қалдырған мұралардың дүние жүзі мәдениетіндегі маңызы.

16. Ұлы Жібек Жолы – Қытай жерінен басталып, Қиыр Шығыс пен Еуропа елдеріне беттеген керуен жолы. Бұл жолдың басым бөлігі Орта Азия мен Қазақстан жерінің үстімен өтті.

Жібек Жолы б.з.д III ғасырда сауда магистралі ретінде пайда болып, XVI ғасырға дейін қызмет етті. Жібек Жолының бойында орналасқан көне қалалар бірталай соғыс, өрт, аштық, апат-ойрандардың куәсі болды.

Ұлы Жібек Жолы арқылы тек сауда жүйесі дамып қана қоймай, Шығыс пен Батыс өркениеті тоғысып, мәдениет және дипломатиялық қарым-қатынас орнады.

VI-VII ғасырларда Қытайдан бастау алған керуен Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан даласын кесіп өтетін. Отырар, Тараз, Сайрам (Испиджаб), Түркістан (Яссы), Суяб, Баласағұн т.с.с көне қалалар тек сауда ғана емес, мәдениет және ғылым орталықтары болды.

«Жібек Жолы» (Ұлы «Жібек Жолы») — Қытайдың Ши-ан деген жерінен басталып, Шинжәң, Орталық Азия арқылы Таяу Шығысқа баратын керуендік жол бағыты. Атауды алманиялық ғалымдары Ф. фон Рихтһофен (F. von Richthofen) бен А. Һерман (А Hеrman) 19 ғасыры ұсынған.

17.

18. Түрік қағанаты

Халықтардың ұлы қоныс аудару дәуірі (II-V ғғ.) Қазақстанның Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. V ғасырға қарай Солтүстік Моңғолиядан Амударияның атырауына дейінгі ұлаң-ғайыр территорияны тирек деген жалпы аты бар тайпалар мекендеген. Деректемелер олардың ішінде: бұғу, қарлұқ, бұлақ, эдиз, таринах, толенгет, байырқу, беклі, қыбыр, сығыр, зебендер, тарғай, баргур және т.б тайпаларды атайды.

«Түрік» этнонимінің алғаш рет аталуы Қытай жылнамаларында кездеседі және ол 542 жылға жатады.Қытайлар түріктерді сюннулердің ұрпақтары деп санаған.

542 жылы тирек (теле) тайпалары қазіргі Моңғолияның оңтүстік және орталық бөліктерін мекендеген және бұл территорияларға үстемдік еткен аварларға (жуань-жуань) қарсы шабуыл жасап, кескілескен шайқаста Тумын (Бұмын) басқарған теле тайпалары аварларды күйрете жеңеді де, олардың 50 мыңнан астам әскерлі түріктер тұтқынға алады. Осы кезден бастап, бұрын аварларға вассалдық тәуелділікте болған түріктер енді олардың бәсекелестеріне айналады. 552 жылы көктемде түріктер аварлардың ордасына тағы да шабуыл жасап, оларды күйрете жеңеді, авар мемлекетінің қағаны Анағұн өзін-өзі өлтіреді. Осы кезден бастап бұмын өзін «Ел қаған» деп жариялайды. Түрік қағандығының іргесін қалап, шаңырағын көтереді (552 ж.).

Бұмын өлгеннен кейін таққа оның інісі Қара –Еске отырады (552-553жж.). Бұмынның саяси іс-әрекетін оның мұрагерлі Қара-Еске, Мұқан қағандар жалғастырса, ал қағандықтың батысқа қарай шекарасын кеңейту ісін оның інісі Иштеми (572-576 жж.) жүргізген.

Қытай деректемелеріне қарағанда, б.з. 555 ж. Иштемидің (Силзебул) Орта Азияға қарай жасаған жорықтарының бірінде Арал теңізіне дейін жеткендігін хабарлайды. Ал «Күлтегін» үлкен жазуында Мұқан мен Иштеми қағандардың өз халқын «Темір қақпаға» дейін орналастырған. Мұндағы темір қақпа деп отырған жері Согда елі мен Тохарстан елінің арасында Байсын тауындағы өткел.

Түрік қағанатының күшейіп, саяси жағынан белсенділігі артып, тарих сахнасына шыққан кезі VI ғасырдың ортасы. Бұл кезде түрік қағанаты Силзебул Орта Азиядағы эфталиттерді өздеріне толық бағындыруға әрекет жасайды. Алайда бір шеті Каспий теңізінен, екінші шеті Солтустік Үнді ойпатына дейінгі ұлаң-ғайыр жерді алып жатқан эфталиттерді жеңе қою оңайға түсе қоймайтыны білген түрік қағаны Иран шахы Хұсрау I Ануширванмен келісімге келеді (561-563 жж.).

563-567 жылдары эфталиттермен болған ұрыстарда түрік қағанаты жеңіске жетеді. Алайда, осы жеңістен кейін түрік қағанатымен Иран шахының арасындағы достық ұзаққа созылмады. Оған басты себеп, Шығыстан Батысқа қарай созылып жатқан керуен жолының барлығы дерліктей түрік қағанының қарамағында қалып қоюы Иран шахының түріктерге деген наразылығын туғыза бастайды. Дегенмен, екі ел арасында болған соғыс келісімі 563-567 жылдары эфталит патшалығын жоюға мүмкіндік берді дейміз.

Сонымен еліміздің қазіргі шығыс солтүстіктегі өлкелерінен бастап Каспий теңізіне дейінгі ұлаң-байтақ өңірде түрік қағандығы құрылып күшейді. Олардың ордасы Орхон өзенінің бойында орналасты. Осы өңірде мекендеген қазақ тайпалары да түрік қағанатының қол астына қарады.

Өз ішінде де саяси билік үшін күрес, талас, сыртқы шапқыншылықтың салдарынан ұлаң-байтақ жерді алып жатқан Түрік қағанаты 603 жылы батыс және шығыс түрік қағанаты болып екіге бөлінді.

 

Батыс түрік қағанаты (603-704 жж.).

Ежелгі үйсін жерін жайлады. Ол қаратаудың шығыс баурайынан Жоңғарияға дейінгі жерді алып жатты. Қағанаттың астанасы және қағанның қысқы ордасы Шу аңғарындағы Суяб қаласы болды.

Қағандықтың халқының этникалық құрамы «оң оқ бұдын» ру-тайпалары болған. Қаған әрбір оқ бұдыннан 1000 адамға сарбаз алып отырған.

Жазба деректерде қағанаттың саяси-әкімшілік жағынан тарих сахынасына көтерілген кезі Жегу қаған (610-618 жж.) мен Тон қағанның қағандық құрған кездері.

Батыс түрік қағандығындағы билік феодалдық сатылы түрде жүргізілген. Мемлекеттің басшысы-қаған, жоғары билеуші, әскербасы болды. Қағанның билігі шексіз мұрагерлік түрде болды. Батыс түрік мемлекетінде қағаннан кейінгі екінші адам ұлық болған. Үшінші билік қаған руының үстем тап өкілдерінің қолында болды, оларға яғбу, шад, елтебер, тегін сияқты атақтар берілген. Сот қызметтерін бұйрықтар мен тархандар атқарды. Бектер-тайпа бастықтары мен өкілдері жергілікті жерлерде қағанның негізгі тірегі болған. Қара жұмыс істейтін қанаушы халық түркі тілінде «қара бұдындар деп аталған».

Түрік қағанаты көшпелі мал және егіншілік шаруашылығымен шұғылданды.

Жетісу бойында түріктердің қалалары өркендей бастады. Қалаларда сауда-саттық кеңінен жүргізілді. Шу өзенінің бойындағы Суяб қаласына орта Азия және Қытай жерінен неше түрлі заттар әкеп сататын болды. Ұлы Жібек жолының Түрік қағанаты жерінен өткендігі сауда мен қолөнердің дамуына әсер етті.

Түріктердің ежелгі көне жазуы болған. Бізге белгілі Орхон-Енисей жазуы Батыс түрік қағанатының мәдениетінен дерек береді. Моңғолия жерінен табылған Білге қағанның, Күлтегеннің, Тоныкөктің Орхон жазуы бар құлпытастары қағанат мәдениетінің жоғарғы дәрежеде дамығанын көрсетеді. Бұл ескерткішті 716 жылы жазған. Ескерткішті алғаш рет Данияның ғалымы Томсон оқыған. VII ғасырда Батыс түрік қағанатында жазба әдебиеті дамыған. Осы ескерткіштегі тасқа қашап жаздырып қалдырған Білге қағанның «Ілгері-күн шығысында, оң жақта-күн ортасында, кейін-күн батысында, сол жақта-түн ортасында-осының ішіндегі халықтың бәрі маған қарайды» деуі түріктердің қаншалықты зор мемлекет құрғанын көрсетеді. Жалпы алғанда түріктердің мәдениеті көп халықтарға қарағанда жоғары деңгейде болды.

 

Сонымен, Батыс түрік қағанатында әлеуметтік-экономикалық және саяси қатынастардың ала-құлалығына, үстемдік ету мен бағыну формаларының алуан түрлілігіне қарамастан, Батыс түрік қағанатында таптардың құрылу және ежелгі феодалдық қатынастардың біршама тез қалыптасу процесінің жүргені аңық.

19. Түргеш қағанаты (704-756 жж.).

Батыс түрік қағанатындағы 16 жылға созылған (640-657 жж.) екі тайпаның (Дулу мен Нишаби) арасындағы соғыс қағандықтың саяси жағынан мүлде әлсіретеді. Батыс түрік қағанатының мұндай іштей әлсіреп жатқанын білген Қытай Тан империясы оның жеріне басып кіреді. Түрік тайпалары, әсіресе, түргештердің саяси белсенділігінің арқасында өздерінің ұзақ жылдарға созылған соғыстың нәтижесінде тәуелсіздігін жеңіп алады. Сөйтіп, VIII ғасырдың басында Батыс түрік қағандығы құлап, оның орнына түргеш қағандығы пайда болады (704 ж.). Олардың билеуші әулетінің атасы Үш-Елік қаған (699-706 жж.) болды. Ол Жетісудан Бөрішадты қуып шығып, Ташкенттен бастап, Бесбалыққа дейін төселіп жатқан жерде өз үкіметін орнатады. Ол ордасын Шу бойындағы Суябқа орналастырды. Оның екінші ордасы Іле өзені жағасындағы Күнгіт қаласында болатын.

Саяси әкімшілік билік қағандықтың ең жоғарғы атағы Басқағанның қолында болды. Ол қағандықты 20 әкімшілік аймақтарға бөлген. Әрбір әкімшілік аймақты тархандар басқарған, аймақтар 7000 әскер жинаған.

Түргеш қағанатында Үш-Еліктен кейін оның мұрагері болып, баласы Сақал-қаған (706-711 жж.) таққа отырды. Түргеш мемлекетінде ішкі бірлік болмады. Мемлекеттің сыртқы жағдайы да аса қиын еді. Сақал-қаған тұсында түргештер батыста соғдылармен бірге арабтарға қарсы табанды күрес жүргізіп жатты, оңтүстікте оларға тан әулетенің әскері зор қауіп төндіріп тұрды, ал шығыс жағынан орталық Азия түріктері айбат шегумен болды. Шығыс түріктер қағаны Қапаған 711 жылы Болучу түбінде (Жөңғария) өткен соғыста түргештерді күйрете жеңеді, ал түргештердің қағаны Сақал тұтқынға түседі.

Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, оның ішінде шапыш тайпасының тарханы Сұлық (Сұлу) қаған болады (715-738 ж.ж). Ол астанасын Тараз қаласына көшіреді.

Сұлудың қағандық құрып тұрған кезде түргеш қағандығының ішкі-сыртқы жағдайының шиеленісіп тұрған мезгілі еді.

Сұлу қағанға өз қағандығының тәуелсіздігі үшін екі жақтан күрес жүргізуге (батысқа және шығыска) тура келді. Батыстан басты жау арабтар болса, шығыстан Қытай өкіметі қауіп төндіріп турды.

Сұлық қаған Тохарстандаға арабтарды біржола талқандау үшін 737 ж. ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, ойдағыдый соққы берген. Ол соғыс майдандарында өзінің тікелей қатысуымен жеңістерге жетіп отырған. Сол үшін де арабтар Сұлу қағанға «Сүзеген» деген ат қойған.

Сұлу қаған шығыстағы жағдайында бейтарап болу үшін әскери келісім шарт жасаумен қатар дипломатиялық әрекеттер жүргізген. Шығыс түрік қағанатының белгілі қағаны Білге мен Тибет патшасының қыздарына құда түсіп, оларды құдандалық байланысты ұстап, саяси жағдайының шиеленісіп кетпеуіне аз да болса мүнкіндік туғызған.

Халықаралық жағдайлардың түргеш қағандығының пайдасы үшін шешілуіне саяси белсенділік көрсетіп жүрген Сұлу қаған Жетісуға оралған кезде 738 жылы өзінің бақталастарының қолынан құрбан болды. Оның қолбасшысы да 739 жылы Сырдарияның бойында арабтардың қолында мерт болды.

Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсын Құт-шар қаған болды. Алайда оның қағандық құрған мезгілі бар-жоғы екі жылға ғана созылған. Бұл кезде сары-қара түргештердің арасындағы талас-тартыс ұшығып кеткен еді. Екі тайпаның арасындағы күрес тура 20 жылға созылып қағандықтың саяси және экономикалық жағы мүлде әлсірейді.

Түргеш қағандығының мұндай ауыр жағдайларын біліп отырған қытайлар өздерінің Куш қаласындағы әскерлерін Жетусуға аттандырып 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның әмірін өлтіреді. Шаш әмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға (Талас) жақын жердегі Атлах қаласы түбінде аббаситердің әскербасы Зияд ибн Салих пен Қытай қолбасшысы Гао Саяньжи арасында орасан зор соғыс болады. Айқас бес күнге созылады. Қытай әскері толық күйретіледі. Тан әскері енді Жетісу шебін ғана емес, ұйғырлар мен тибеттердің қысымымен Шығыс Түркістанды да тастап кетуге мәжбүр болады. Талас алқабында арабтар да табан тіреп тұралмай, Шашқа қарай шегініп кетеді. Бірақ ішкі қарқыс, жікке бөлінушілік Түргеш мемлекетін әбден әлсіретіп, тұралатып тастаған еді, сол себепті де ол 756 жылы (766) түрік тілді қарлұқтар тайпаларының тегеурінді шабуылына шыдамай құлап бітеді.

Сонымен 756 жылы түргеш қағандығы құлап, оның орнына қарлұқ қағандығы құрылады.

Түргеш қағанаты Батыс түрік қағанатының мемлекеттік-әкімшілік, әскери және әлеуметтік-мәдени дәстүрлерін жалғастыра берді. Археологиялық зерттеу жұмытарының кезінде Тараз, Баласағұн қалаларынан Түргеш қағанатының Қытай жазуымен жазылған төрт бұрышты ортасында тесігі бар, теңгенің табылуы Қытаймен сауда қатынасының дамығандығын көрсетеді. Олай болса, сондай ауыр талас – тартысқа, соғыстарға қарамастан, Қазақстан жерінде түркі дәуірінде өмір сүрген бұл қағандықтардан тарихи із қалған.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 64 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>