Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Қазақша Қазақша Qаzаqşа قازاق ٴتىلى Русский English



·

 

·

·

·

·

 

Қазақша Қазақша Qаzаqşа قازاق ٴتىلى Русский English

"Аяғы жоқ модель" Ел.kz

kz ержүрек қыз тамара асар модель болғым келеді
| 14.04.2014, 11:03 | Автор | 1154

Әйгілі неміс фотографы Дирк Гелбрехт журнал мұқабасына суретке түсіруге орыс қызы Настя Белковскаяны шақырды. Бұл жәй ғана қатардағы фототізбе болып қала беруші еді... Бірақ... Диркті қызықтырған Настяның сұлулығы емес еді...

Фотограф Настя арқылы өмірге құштарлықты бейнелегісі келді. Бұл расында ауыр жағдай еді... Басынан бастайық.

Осыдан 6 жыл бұрын Настя бейғам, алаңсыз қыз еді. 10 жасынан бастап киім дизайндарына әуес болған ол екі жыл қатарынан жас модельерлер сайысында топ жарды. Бірақ, құбылмалы дүние Настяның өмірін бір минутта 180 градусқа бұрып жіберді...

2008 жылдың 19 желтоқсанында Настя көлік апатынан ұшырап, екі аяғынан айырылды. Өзі ғайыптан тайып аман қалды...

Отаға дейін және отадан кейін

Мәскеудің миллиондаған көліктерінің тасқыны арасында Настяның мәшинесі кенет сөніп қалады.

— Қызым маған қоңырау шалып, аздап кешігетінін айтты. Алаң болмаңыздар деп ескертті, бірақ, мен қатты қобалжыдым. Сезгендей болдым.

Игорь Белковский, Настяның әкесі

Көлік ағыны сәл бәсеңдегенін пайдаланып сыртқа шыққан Настя көліктің апаттық белгісін жолға қоймақ болады... Осы кезде оны белгісіз бір BMW көлігі 120 шақырым сағат жылдамдықпен кеп тапап өтеді... Екі сағат өткен кезде Белковскийлерге Настяның қай ауруханада екені хабарланады. Бұл кезде оның екі аяғы да кесіліп тасталған еді...

Апатты жасаған Алексей Гуськов екі жыл колонияға кетеді, ал 25 жасар Настяның өмірінің қиын кезеңдері басталады.

Настя айдан астам уақыт есін білмей жатады. Уақыт өтіп, көзін ашқан кезде аяғы жоғын біледі... Бұл жайт қоғамда қозғалыс туғызады. Беделді басылымдар қыз туралы жазып, аса қымбат тұратын жасанды аяққа қажет қаражат іздей бастайды. Әйгілі әртіс Владимир Винокур оқиғаны естіп, Иосиф Кобзонға жеткізеді. Кобзон азаматтық жасайды, керек қаржыны қолма қол төлеп, Настяны Германияға ұшырып жібереді. Берлинде Настяны түрлі қиындықтар қарсы алады: жаттығулар, жүзу, тартылу... Бұның бәрін төгілген тер, көз жасымен жасалады...



40 келілік қап астында...

Бірнеше күн өткенде неміс фотографы Дирк Гелбрехт жегілікті газеттердің бірінен орыс қызының бақытсыз жағдайы туралы оқиды. Настяның сүйкімділігі мен аянышты тағдырына қатар толқыған маман глянц журанлдардың бірінің мұқабасына фототізбе жасауға ұсыныс жасайды. Настя келіседі...

— Германияда мұндай жағдайда, Настя секілді аяғынан айырылу жағдайын айтамын, жылтыр журналдарға басылу түгілі арнайы арбасыз қоғамдық жерлерге кіргізбейді. Неміс дәрігерлері Настяны «темір» болса да аяғына тұрғызуға бекінген екен, мен оған өзімнің көмегімді ұсынғым келді. Өзіне сенімділігі жоғалмасын. Настяда журнал жұлдызы боларлық мүмкіндіктің бәрі бар. Тіпті, Настядан көріп осыдан кейін онымен тағдырлас қыздар өзіне сене бастаса мен бақытты болар ем. Мүгедектік моделдік өсу жолындағы басты кедергі емес дегенге сендіргім келеді.

Дирк Гелбрехт, фотограф

Настяның фотосын ең алғаш басқан «Brigitte» әйелдер журналы болды. Іле-шала «Zille Berlin» журналы сұлу қыздың суретін мұқабаға қойды. Тіпті, осы санында «Аяқсыз модель» деген фототізбе де жарық көрді. Фотоға настя анасымен түсті. Бұл тіпті жүрек тебірентер сәт болды...

Түсірілім тобымен бірге, Берлин

Арада бірнеше ай өткенде Настя бүкілресейлік парафитнесс сайысын қатысы бірінші орын алады. Сосын Австриядағы әлемдік біріншілікке қатысты. Настя бұл жарыста арнайы арбасыз және жасанды аяқсыз шыққан жалғыз спортшы болды және жеңімпаз атанды.

Наталья Белковская қызының спорттағы ғана емес бизнесте де жолы боларына сенеді (Настя интернетте қысқы керек-жарақтар сатады) Тіпті, жеке өміріне де өзгерістер енгізгісі келеді. Танысу сайтына тіркеп, тағдырын жасырмай айтып, жанын түсінер күйеу жігіт іздейді.

— Мен көшбасшымын. Себебі, мен мүмкін емес нәрселер жасадым. Тағдыр осылай сынады, мен жауап бердім. Екі аяғымнан айырылу мені өмірді қаттырақ сүюге, қаттырақ бағалауға үйретті...

Настя Белковская

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Федеральное агентство железнодорожного транспорта | ЗАДАНИЕ N 7 сообщить об ошибке Тема: Алгебраические операции Бинарная операция, определенная на множестве , – это отображение, действующее из в множество

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)