|
$$$ 1
Қалың тұманда немесебұлт ішінде бірқалыпты ұшқан ұшақта отырған жолаушыға, ұшақ неге қозғалмай тұрған сияқты сезіледі?
В) ұшақ қозғалысын салыстыратын санақ денесі жоқ
$$$ 2
Дене қозғалысын материялық нүкте қозғалысы ретінде қарастыру үшін қандай шарт орындалуы тиіс?
А) 1 с уақытта 8 км жылдамдықпен қозғалған ғарыш кемесін жер бетінен қарағанда
$$$ 3
Ұсынылған теңсіздіктердің дұрысын көрсетіңіз.
Е) 72 км/сағ > 12 м/c
$$$ 4
Аталған физикалық шамалардың екеуі де векторлық шама бола алады:
С) жылдамдық және үдеу
$$$ 5
Жүрген жол мен уақыт арасындағы тәуелділік Х=А+Вt+Ct3 теңдеуімен өрнектеледі, мұндағы А=4м, В=2м/с, С=0,2 м/с3. Бақылау басталғаннан соң, 2с уақыт өткеннен кейінгі үдеудің сан мәнін табыңыз.
А) 2,4 м/с2
$$$ 6
Суретте келтірілген жылдамдықтың уақытқа тәуелділік графигінен үдеуді табыңыз.
А) 5 м/с2
$$$ 7
Атты жолаушы бірінші 0,5 сағатта 5 км/сағ жылдамдықпен жүрсе, ол келесі 0,5 сағатта 7 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Қозғалыс кезіндегі атты адамның орташа жылдамдығын табыңыз.
В) 6 км/сағ
$$$ 8
Шеңбер бойымен қозғалған дененің толық үдеуінің модулін көрсетіңіз.
D) a=
$$$ 9
Суретте көрсетілген АК жолының АВ, ВС, СД, ДЕ, ЕК кесінділерінің әрқайсысын автомобиль 5 мин. уақытта жүріп өткен. Жолдың қай бөлігінде автомобильдің жылдамдығы ең үлкен?
D) ДЕ
$$$ 10
Мотоциклші радиусы 100 м шеңбер бойымен жазық бетте қозғалған. Дөңгелектің жермен үйкеліс коэффициенті k=0,4 болса, ол шеңбер бойымен қандай максималь жылдамдықпен қозғала алады? g=10 м/с2.
С) 20 м/с
$$$ 11
Дене радиусы R шеңбер бойымен қозғалған. Қозғалыс басталғаннан кейін периодтың ширек (1/4) мәніндегі орын ауыстыру векторының модулін табыңыз.
C) R
$$$ 12
Велосипедшінің жылдамдығы 36 км/сағ, ал оған қарсы соққан жел жылдамдығы 4 м/с. Велосипедшіге қатысты санақ жүйесіндегі жел жылдамдығын табыңыз.
А) 14 м/с
$$$ 13
Х=Х(t) теңдеуі графигінен козғалған денелердің кездесу орнын және кездесу уақытын табыңыз.
С) 10 м, 10 с
$$$ 14
Теплоход өзенде ағыс бағытымен 300 км арақашықтықты 20 км/сағ жылдамдықпен 10 сағат уақытта жүзіп өткен. Судың ағыс жылдамдығын табыңыз.
D) 10 км/сағ
$$$ 15
Кісі 10 м қашықтықты 10 с уақытта жүріп өткен. Оның бірінші 6 м жолды 2 с уақытта жүріп, одан соң 3 с дем алған. Кісінің орташа жылдамдығын табыңыз.
С) 1м/с
$$$ 16
Дененің бастапқы жылдамдығы 0 = 20 м/с, соңғы жылдамдығы = 30 м/с және үдеуі = 2м/с2 болса, дене қанша уақыт қозғалыста болған?
D) 5 с
$$$ 17
Дөңгелек 2 рад/с бұрыштық жылдамдықпен айналады. Дөңгелек шығырындағы нүктенің сызықтық жылдамдығы =40 м/c болса, дөңгелектің радиусы қанша болады?
D) 20 м
$$$ 18
Ұсынылған тұжырымдардың қайсысы Ньютонның үшінші заңы болады?
С) Екі дененің өзара әсерлесу күші модулі жағынан тең, бағыттары қарама-қарсы және олардың центрлері арқылы өтетін түзу бойында жатады
$$$ 19
Әсер етуші күштердің векторлық қосындысы нольге тең болса, дене қалай қозғалады?
С) бірқалыпты түзу сызықты қозғалады немесе тыныштық күйде болады
$$$ 20
Серпімділік коэффициенті k=2 кН/м серіппені 2 см-ге сығу үшін қандай күш қажет?
С) 40 Н
$$$ 21
Айналмалы қозғалыстың динамикасының негізгі заңы бойынша күш моменті қандай өрнекпен өрнектеледі?
C) M=Іe
$$$ 22
Темір жол вагонының буферлік серіппесіне F1 =30 кН күш түсірілгенде l 1=1 см-ге сығылады. Серіппені l 2=4 cм-ге сығу үшін қандай күш қажет?
В) 120 кН
$$$ 23
Ұзындығы 30 см, массасы 100 г жіңішке стерженнің, оған ұзындығына ауырлық центрі арқылы өткен оське қатысты инерция моменті қанша болады?
С) 0,75×10-3 кг×м2
$$$ 24
Жоғары қозғалған лифт еденінде массасы 5 кг дене жатыр. Лифт үдеуі 2 м/с2. Лифт еденіне әсер етуші ауырлық күшін табыңыз. g=10 м/с2.
В) 60 Н
$$$ 25
Массасы 2 г, жылдамдығы 6 м/с бөлшек, қозғалмай тұрған массасы 1 г бөлшекке келіп соғылған. Серпімсіз соқтығыстан соң, олар 4 м/с жылдамдықпен бірге қозғалған. Соқтығысу кезіндегі деформациялануға кеткен энергияны табыңыз.
В) 12 мДж
$$$ 26
Екі дененің арақашықтығын 2 есе өсірсе, олардың гравитациялық әсерлесу күші неше есе өзгереді?
D) 4 есе кемиді
$$$ 27
Суретте көрсетілген көлбеу жазықтықпен сырғанаған денені тежеуші үйкеліс күшін көрсетіңіз.
D) F4
$$$ 28
Массаның негізгі анықтамасын көрсетіңіз.
А) дененің инерциясын және оның гравитациялық сипатын анықтайтын шама
$$$ 29
Массасы 8 кг дене 4 Н тұрақты күш әсерінен қандай қозғалыс жасайды?
В) бірқалыпты үдемелі, 0,5 м/с2 үдеумен
$$$ 30
Трамвай вагоны бұрылыста тұрақты 5 м/с жылдамдықпен бұрылған. Егер жолдың қисықтық радиусі 50 м болса, оның центрге тартқыш үдеуі қандай?
В) 0,5 м/с2
$$$ 31
Сүйір бұрышы a-ға тең көлбеу жазықтықта қозғалмай тұрған массасы m денеге әсер етуші үйкеліс күші қандай? (m - үйкеліс коэффициенті).
C) mg sіna
$$$ 32
Серіппелі екі маятниктің серпімділік коэффициенттерінің қатынасы = а. Жүктердің массаларының қатынасы = b. Бұл маятниктердің Т1/Т2 периодтарының қатынасы қандай?
C)
$$$ 33
Горизонталь жазықтықта қозғалатын шананың тежелу уақыты қандай физикалық шамаларға тәуелді болады?
D) бастапқы жылдамдығы мен үйкеліс коэффициентіне
$$$ 34
Массасы m1 дене F күшінің әсерінен a 1 үдеу алады. Осы күш әсерінен массасы m2 дене қанша үдеу (а 2) алады?
C) m1 а 1/ m2
$$$ 35
Екі дене өзара F-ке тең гравитациялық күшпен әсерлеседі. Егер әр дененің массасын n есе өсірсе, олардың әсерлесу күші қалай өзгереді?
D) n2 есе өседі
$$$ 36
Келтірілген анықтамалардың қайсысы дұрыс емес:
В) Дене бір күйден екінші күйге өткенде істелген жұмысы жолға тәуелді болатын күшті консервативтік күш деп атаймыз
$$$ 37
Механикалық жұмыс дегеніміз не?
В) Күшпен, күш әсерінен қозғалып өтетін, жолға тәуелді физикалық шама
$$$ 38
Массасы 2 г дене, массасы 1 г қозғалмай тұрған денемен соқтығысады. Серпімді соқтығысудан кейін олар сол бағытта 2 м/с және 3 м/с жылдамдықтармен қозғалған. Соқтығысуға дейін бірінші дененің жылдамдығын табыңыз.
С) 3,5 м/с
$$$ 39
Массасы 1 кг дене h биіктіктен еркін түскен. Жер бетіндегі кинетикалық энергиясы 100Дж болса, ол қандай биіктіктен құлаған? g=10 м/с2.
А) 10 м
$$$ 40
Динамометр серіппесін 5 см-ге созған. Серіппенің серпімділік коэффициенті 40 Н/м. Созылған серіппенің потенциялық энергиясы неге тең?
А) 50 мДж
$$$ 41
Суретте горизонтқа бұрыш жасай лақтырылған дене траекториясы көрсетілген. Траекторияның қай нүктесінде дененің кинетикалық энергиясы минималь мәнге ие болады? Ауа кедергісін ескермеңіз.
С) 3
$$$ 42
Серпімді деформацияланған дененің деформациясын 2 есе кеміткенде, оның потенциялық энергия қоры қалай өзгереді?
А) 4 есе кемиді
$$$ 43
Массалары m1=m2=1кг екі шардың арақашықтығы R болғанда, олардың гравитациялық әсерлесу күші F болсын. Массалары 2 кг және 3 кг екі шардың арақашықтығы R болса, олардың гравитациялық әсерлесу күші неге тең?
Е) 6F
$$$ 44
Массасы 75 кг штанганы спортшы 2 м/с жылдамдықпен бірқалыпты көтерген. Спортшының қуатын табыңыз. g=10 м/с2.
D) 1,5 кВт
$$$ 45
Келтірілген формулалардың қайсысы мынадай анықтамаға сәйкес келеді: импульс моменті – дененің инерция моменті мен бұрыштық жылдамдығының көбейтіндісіне тең.
B) L=Іw
$$$ 46
Абсолют серпімсіз соқтығысқан екі шар үшін импульстің сақталу заңының өрнегін табыңыз. Шарлардың массалары m1 және m2, ал жылдамдықтары 1 және 2, яғни m1 1+ m2 2=?
С) (m1+m2)u
$$$ 47
Массасы 20 т вагон 0,3 м/с жылдамдықпен қозғалып, массасы 30 т, жылдамдығы 0,2 м/с екінші вагонды қуып жетіп, одан соң бірге қозғалған. Олардың қозғалу жылдамдығын анықтаңыз.
В) 0,24 м/с
$$$ 48
Серіппелі маятник тербелісінің амплитудасы 2 есе өссе, оның толық энергиясы неше есе өзгереді? (серіппе салмақсыз және ығысуы Гук заңына бағынады)
В) 4 есе өседі
$$$ 49
Қозғалмай тұрған массасы m дене тұрақты күш әсерінен үдемелі қозғалысқа келіп, S жолын жүргенде, жылдамдығы болған. Бұл күштің қуатын табыңыз.
D) N=
$$$ 50
Кран жүкті бірқалыпты қозғалыспен көтерген. Кран двигателінің қуаты 7 кВт. Егер кранның п.ә.к.-і 60% болса, жүк көтеру кезіндегі пайдалы қуат неге тең?
С) 4,2 кВт
$$$ 51
Қозғалыстағы дене 15 Дж жұмыс орындаған соң, дененің кинетикалық энергиясы нольге айналса, оның бастапқы кинетикалық энергиясы неге тең болғаны?
Е) 15 Дж
$$$ 52
Массасы m дене горизонталь жазықтыққа жылдамдықпен еркін түскен. Соқтығысу абсолют серпімді деп, орташа соқтығысу күшін табыңыз. (Соқтығысу уақытының ұзақтығы t деп есептелсін).
B) 2
$$$ 53
Ламинар ағыс кезінде әсер етуші тұтқырлық үйкеліс күшінің өрнегінде қозғалыс жылдамдығының дәрежесі қандай болатындығын көрсет?
А)
$$$ 54
Көлемі 0,5 м3 судағы тасқа әсер етуші Архимед күшін табыңыз. Судың тығыздығы 1000кг/м3, g=10 м/с2.
D) 5 кН
$$$ 55
Ыдысқа өзара араласпайтын үш түрлі сұйық құйылған: су, керосин және сынап. Бұл сұйықтар ыдыста қандай ретпен орналасады? rсын >rсу >rкер
В) сынап-су-керосин
$$$ 56
Атмосфера қысымын қандай құралмен өлшейді?
С) барометр
$$$ 57
Келесі өрнектердің қайсысы мынадай анықтамаға сәйкес келеді: кез-келген құбырдың көлденең қимасы арқылы бірдей уақыт аралығында ағып өткен сұйық массалары тең - бұл теңдеуді ағыстың “үздіксіздік теңдеуі” деп атайды.
А) Sυ=const
$$$ 58
Көрсетілген Re=υRr/h теңдеуінен Рейнольдс тұрақтысын таңдаңыз.
D) Re
$$$ 59
Паскаль заңының анықтамасын таңдап алыңыз.
В) Сұйыққа (газға) түсірілген қысым барлық бағытқа бірдей тарайды
$$$ 60
Көлемі V=10-4 м3 шардың ішіндегі газдың массасы 0,3 кг. Газдың тығыздығын табыңыз.
А) 3×103 кг/м3
$$$ 61
Қысымның өлшем бірлігін көрсетіңіз.
С) Па
$$$ 62
Математикалық маятник минутына 60 тербеліс жасайды. Маятниктің ұзындығын табыңыз. p2= 9,86, g= 9,86 м/с2.
С) 0,25 м
$$$ 63
Суретте екі тербелістің қосылуы векторлық диаграммасы түрінде келтірілген. Қорытқы толқынның фазасын көрсетіңіз.
C) j4
$$$ 64
Гармониялық тербелістің теңдеуі х=a×sіnwt және циклдік жиілігі w=p/6-ға тең. Маятник амплитуданың жартысына ауытқуы үшін қанша уақыт керек болады?
В) 1 с
$$$ 65
Еріксіз гармониялық тербеліс теңдеуінен ma + rυ + kx = Fсырт қорытқы күштің өрнегін көрсетіңіз.
А) ma
$$$ 66
Тербеліс тендеуі мынадай: х=a×cosw(t+t), мұндағы w= p, c-1 болса, тербеліс периоды қанша болады?
С) 2 с
$$$ 67
Серіппелі маятниктің гармониялық тербелісінің циклдік жиілігін көрсетіңіз.
С) w=
$$$ 68
Математикалық маятникті Жерден Айға апарып тәжірибе жасаса, оның периоды шамамен қаншаға өзгереді? Еркін түсу үдеуі Айда 1,6 м/с2, ал Жерде 9,8 м/с2.
А) есе артады
$$$ 69
Судың ішіне орналасқан серіппелі маятниктің тербеліс периоды қалай өзгереді? Үйкелісті ескермеңіз.
В) өзгермейді
$$$ 70
Өшетін тербелістің логарифмдік декрементінің өрнегін көрсетіңіз.
В)
$$$ 71
Суретте дененің гармониялық тербеліс жасау кезіндегі Х (t) –тәуелділік графигі берілген. Осы тербелістің периоды неге тең?
D) 4 с
$$$ 72
Гармониялық тербеліс теңдеуі мына түрде берілген: х=0,2cos(5t+p/2), м. Осы тербелістің амплитудасы неге тең?
В) 0,2м
$$$ 73
Амплитудалары А1=10 см, А2=6 см және тербеліс периодтарыда бірдей бағыттары да бірдей екі гармониялық тербелістерді қосу нәтижесінде, қорытқы амплитудасы А=14 см болатын тербеліс алынған. Берілген екі тербелісті қосу кезіндегі cos(j1-j2) мәнін анықтаңыз.
В) 1/2
$$$ 74
Гармониялық тербеліс жасаушы дененің тербелісінің теңдеуі мынадай: х=2sіn , м болса, оның максимал жылдамдығы қанша болады?
С) 4p/5
$$$ 75
Косинустық гармониялық тербелістің амплитудасы 50 мм, периоды 4с және бастапқы фазасы p/4. Жауаптардан бұл тербелістің теңдеуін табыңыз.
B) x=0,05cos( + p /4)
$$$ 76
х=0,06 cos(, м теңдеуімен анықталатын гармониялық тербеліс жасаған материалдық нүктенің 0,5 с уақыт өткеннен кейінгі ығысуын табыңыз.
Е) 0,03 м
$$$ 77
Толқын көзінен таралған толқынның тербеліс жиілігі 0,2 с-1, таралу жылдамдығы 10 м/с. Осы толқынның ұзындығы неге тең?
С) 50 м
$$$ 78
Ультрадыбыстық тербелістердің жиілік диапазонын көрсетіңіз.
D) > 20000 Гц
$$$ 79
Белгілі бір уақыт мезетіндегі толқын кескіні суретте берілген. Осы толқынның ұзындығы неге тең?
В) 0,4 м
$$$ 80
Жазық толқын үшін берілген Z=Zocos(wt – kx) теңдеуінен толқындық санды көрсетіңіз.
D) k
$$$ 81
Тұрғын толқынның пайда болу себебі:
А) толқындар интерференциясынан
$$$ 82
Толқынның анықтамасын табыңыз.
В) серпімді ортадағы тербелістердің таралуы
$$$ 83
Теңіз тереңдігін анықтау үшін кемеден эхолот арқылы толқын жіберілген. Оның теңіз түбінен шағылып кері қайтуы үшін 6 с уақыт кеткен. Судағы толқынның жылдамдығы 1500 м/с болса, теңіздің тереңдігі қандай?
С) 4500 м
$$$ 84
“Восток” Жер серігі кемесінен тараған толқынның жиілігі 20 МГц болса, онда оның толқын ұзындығы неге тең? Жарық жылдамдығы с=3×108 м/с деп алыңыз.
Е) 15 м
$$$ 85
Термодинамикалық параметрлерді атаңыз.
В) температура, қысым, көлем
$$$ 86
Бастапқы параметрлері P,V,T болатын бір моль идеал газдың Р=const кезінде көлемі 3V-ге дейін ұлғаяды. Осы ұлғаю кезінде газ қанша жұмыс атқарады?
В) 2PV
$$$ 87
Адиабаталық процестің теңдеуін көрсетіңіз.
В) PVg=const
$$$ 88
Суретте қандай процестің диаграммасы көрсетілген?
В) изотермалық
$$$ 89
Көрсетілген суреттен массасы тұрақты идеал газдың көлемі 1-ші күйден 2-ші күйге көшкенде қалай өзгерді?
А) көлемі ұлғаяды және қысымы артады
$$$ 90
PV диаграммасында идеал газдың 1-ші күйден 2-ші күйге өту процесі көрсетілген. Бұл қандай процесс?
А) изобаралық қыздыру
$$$ 91
Көрсетілген теңдеулер арасынан изотермалық процестің теңдеуін көрсетіңіз.
C) PV=const
$$$ 92
Бір молекуланың массасын анықтау үшін қандай өрнек пайдаланылады?
В) m =
$$$ 93
Көлемі V, қысымы Р және температурасы Т газ молекулаларының N санын есептеуге қай өрнекті қолданасыз? (k – Больцман тұрақтысы, NA – Авогадро саны, R – универсал газ тұрақтысы)
B) N= PV / kT
$$$ 94
Идеал газды изобаралы қыздырғанда 1-ші күйден 2-ші күйге өткен. Газ массасы тұрақты болғанда, оның қысымы қалай өзгереді?
А) өзгермейді
$$$ 95
200С температураның Кельвин шкаласындағы мәнін көрсетіңіз.
Е) 293
$$$ 96
Төменде келтірілген өрнектердің қайсысы идеал газ үшін молекула-кинетикалық теорияның негізгі теңдеуі болып табылады?
С) p= n m0vкв2
$$$ 97
Концентрациясы өзгеріссіз қалатын идеал газдың орташа квадраттық жылдамдығын 3 есе өсірген кезде, оның қысымы қалай өзгереді?
А) 9 есе артады
$$$ 98
Өзара жылулық тепе-теңдіктегі кез-келген екі дененің қандай физикалық параметрлері бірдей болады?
А) тек температуралары
$$$ 99
Идеал газдың абсолют температурасын 3 есе арттырсақ, онда газ молекулаларының жылулық қозғалысының орташа кинетикалық энергиясы қалай өзгереді?
А) 3 есе артады
$$$ 100
Ыдыстағы гелийдің мөлшері 2 моль. Осы ыдыста гелийдің жуық шамамен неше атомы бар? Авогадро тұрақтысы NA =6×1023моль-1.
D) 12×1023
$$$ 101
Газды изотермалық түрде сыққанда көлемі 2 есе кемиді. Газ қысымы қанша шамаға өзгереді?
Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 97 | Нарушение авторских прав
<== предыдущая лекция | | | следующая лекция ==> |