Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рахимберлина Асель Капановна



5B030100 «Юриспруденция»

ҚР Жер құқығы

Күндізгі бөлім

3 жыл 3курс

Рахимберлина Асель Капановна

Уақытша жер пайдаланушылар:

A) жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелмеген тұлғалар;

B) мемлекеттік жер пайдаланушылар;

C) мемлекеттік емес жер пайдаланушылар;

D) жер пайдалану құқығы белгілі бір мерзіммен шектелген тұлғалар;

E) кейінгі жер пайдаланушылар;

*****

Рұқсат етілген нормалар шегінен тыс мөлшерде химиялық заттармен ластанған, ауылшаруашылық мақсаттарға арналған жерлерді сақтап қою туралы шешімді қабылдайды:

A)облыстық атқарушы орган;

B) Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік;

C) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

D) ҚР Үкіметі;

E) төтенше жағдайлар жөнінде комитет.

*****

Ауыл шаруашылығы өндірісінен шығындарды өтеуден, жер телімін (учаскесін) мынадай мақсатқа алғандар босатылады:

A) қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететін объектілерді салу үшін алғандар

B) ауылшаруашылық өндірісін қамтамасыз ететін зауыттарды салу үшін алғандар

C) жол салу үшін алғандар

D) елді мекеннен тыс жерлерде мәдени-тұрмыстық мақсатгағы объектілер салу үшін алғандар

E) әскери объектілерді салу үшін алғандар

*****

Орманшыларға қызметтік жер үлесі қай құқықта беріледі?

A)уақытша өтеусіз жер пайдалану

B) тұрақты жер пайдалану

C) бастапқы жер пайдалану

D) жалдау шарты

E) меншік құқы

*****

Жер учаскелері шаруа фермер қожалығын жүргізу үшін басым құқық беріледі:

A) әрекетке қабілетті, осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын ҚР азаматы;

B) ауыл шаруашылығы білімі бар ҚР азаматы;

C) жеке еңбегiмен қатысу негiзiнде шаруашылық жүргiзетiн, арнаулы ауыл шаруашылығы бiлiмi мен бiлiктiлiгi бар, ауыл шаруашылығында iс жүзiндегi жұмыс тәжiрибесi бар және осы ауданда, қалада, ауылда (селода), кентте тұратын ҚР азаматы;

D) кез келген ҚР азаматтарына, шетел азамттарына;

E) ҚР азаматтарына;

*****

Арнайы жер қоры құрылады

A) бос жатқан жерлерден;

B)ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер мен босалқы жер есебiнен

C) ауыл шаруашылығындағы суармалы жерлерден;



D) шабындық жерлер;

E) егін егуге арналған ауыл шаруашылығы жерлері

*****

Жер учаскелерi ҚР азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшiн жеке меншiкке мынадай мөлшерде тегiн берiледi:

A) 0,20 га;

B) 0,12 га;

C) 0,15 га,

D)0,10 га;

E) 0,25 га.

*****

Жер учаскесiне меншiк құқығы туындайды:

A) жер учаскесінің құнын өтеген соң;

B) меншiк құқығын табыстау; меншiк құқығын беру; меншiк құқығының әмбебап құқықтық мирасқорлық тәртiбiмен ауысуы арқылы;

C) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң;

D) азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң негiзiнде;

E) ҚР заңдарында көзделген өзге де негiздерде туындайды.

*****

Жер учаскесiне меншiк құқығының туындау негіздері:

A) меншiк құқығын табыстау;

B) жергілікті атқарушы органның актісі негізінде;

C) меншiк құқығын беру негізінде;

D) меншiк құқығын табыстау

E) мемлекеттiк органдар актiлерiнiң; азаматтық-құқықтық мәмiлелердiң; ҚР заңдарында көзделген өзге де негiздерде

*****

Су қорының жері деп танылады:

A) босалқы жерлер;

B) су айдындары, мұздықтар, батпақтар, санитарлық күзет аймақтарына бөлінген жер;

C) рекреациялық мақсаттағы, қорықтық жерлер;

D) қызметтік жер үлестері;

E) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

*****

Орман шаруашылығы жұмыскерлеріне берілген қызметтік жер үлесі кім үшін сақталынбайды?

A) орман шаруашылығы органдарына мемлекеттік қызметке ауысқан жұмыскерлердің отбасына;

B) зейнетке шығуынан еңбек қатынастарын тоқтатқан жұмыскерлерге

C) әскери қызметке шақырылған жұмыскерлер отбасына

D) өз қызмет міндеттерін атқарумен байланысты қайтыс болған жұмыскерлердің отбасына

E) жоғары оқу орнында оқып жатқан жұмыскерлердің отбасына

*****

Заңды тұлғалардың жеке меншігіде бола алмайтын жер телімдері (учаскелері):

A) ботаникалық бақ

B) өнеркәсіптік кәсіпорын жерлері

C) ағаш өндеу комбинаты

D) мұнай айдау зауыты

E) көлік ұйымының жері

*****

Келтірілген нормалардың қайсысы ҚР Үкіметінің кұзыретіне кіреді:

A) жер салығының базалық ставкаларын бекіту

B) жер телімін (учаскелерін) беру үшін төлем ставкаларын анықтау

C)Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу;

D) жер ресурстарын басқару аясында біртұтас мемлекеттік саясатты жүргізу;

E) мемлекеттік бюджетті бекіту;

*****

Жер ресурстарын басқару жөніндегі орталық уәкілетті органның құзыреті:

A) табиғат пайдалану бойынша мемлекеттік бағдарламаларды бекіту

B) жерлерді пайдалану аясында мемлекеттік саясатты анықтау

C) жер мониторингін жүргізуді ұйымдастыру;

D) мемлекеттік меншікті басқару

E) жер салығын жинау

*****

Аудандық атқарушы органдардың құзыреті:

A)жер учаскелерiн жеке меншiкке және жер пайдалануға беру;

B) жергілікті бюджетке, қоршаған ортаны қорғауға қатысты шығындарды бекіту

C) ерекше қорғалатын табиғи аумақтарының мемлекеттік қадастрын жүргізу

D) жер телімдерін (учаскелерін) беру үшін базалық ставкаларды белгілеу

E) республикалық деңгейде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру

*****

19. Облыстық атқарушы орган жер телімін (учаскесін) келесілер үшін беруге құқығы жоқ:

A) қорғаныс мұқтаждары үшін;

B) орман шаруашылығы үшін

C) мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибе шаруашылықтары үшін;

D) ауданаралық деңгейде мал айдау жолдары үшін;

E) іздестіру жұмыстары үшін;

*****

20. Уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын берудің мерзімі:

A) 10 жыл;

B) 3 жыл;

C) 1 жыл;

D) 49 жыл;

E)5 жыл;

*****

Мемлекеттік кәсіпорынға жер телімі (учаскесі) кандай құқықта берілмейді?

A)меншік құқығына

B) тұрақты жер пайдалану

C) уақытша ұзақ мерзімді пайдалану

D) уақытша қысқа мерзімді пайдалану

E) пайдалану құқығына

*****

Қорыққа жер телімі (учаскесі) қандай құқықта берілмейді?

A) меншік құқығына

B) тұрақты жер пайдалану

C) уакытша ұзақ мерзімді пайдалану

D) уақытша қысқа мерзімді пайдалану

E) жер пайдалану

*****

Темір рудасын өндіру үшін жер телімі (учаскесі) қандай құқықта берілмейді?

A) тұрақты жер пайдалану

B) уақытша ақылы жер пайдалану

C) уақытша ұзақ мерзімді жер пайдалану

D) уақытша қысқа мерзімді жер пайдалану

E) жалдау шартымен

*****

Мемлекеттiк жер пайдаланушылардың құқықтық жағдайының ерекшелiктерi

A) жер учаскесiн уақытша өтеусiз жер пайдалануға бере алады;

B) жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға, кепiлге беруге құқылы;

C) жер учаскесіне билік ету құқығына ие болады,

D) жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығаруға, кепiлге беруге құқылы емес;

E) үйлер (құрылыстар, ғимараттар) орналасқан жер учаскесiн басқа тұлғаға жалға беруге болмайды.

*****

Қорыққа жер телімі (учаскесі) мына құқықта беріледі:

A) тұрақты жер пайдалану

B) меншік құқы

C) уақытша ақылы жер пайдалану

D) уақытша ақысыз жер пайдалану

E) аренда

*****

Қызметтік жер телімі – бұл:

A) қысқа мерзімді уақытша жер пайдалану;

B) тұрақты жер пайдалану;

C) бастапқы жер пайдалану;

D) ұзақ мерзiмдi уақытша өтеусiз жер пайдалану

E) ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану

*****

Кейінгі жер пайдалану құқығы дегеніміз:

A) тұрақты жер пайдалану құқығын иеліктен шығармай жер учаскесін басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беруі;

B) жер учаскесiне уақытша өтеулi (қысқа мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi) жер пайдалану (жалдау) құқығы

C) бастапқы жер пайдаланушының өзiнiң жер пайдалану құқығын иелiгiнен шығармай жер учаскесін басқа тұлғаға уақытша жер пайдалануға беруі;

D) мемлекеттен уақытша өтеулi ұзақ мерзiмдi жер пайдалану құқығын сатып алу;

E) жер учаскесін уақытша мерзімге жалға алу;

*****

Кейінгі жер пайдалану құқығы қандай мақсатта берілмейді?

A) елді мекендердегі жерлердегі тұрғын үйлерді жалдау үшін;

B) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiн ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн;

C) өнеркәсіп жерлеріндегі учаскелерді тиісті мақсатта пайдалану үшін;

D) орман қорының жерінде шөп шабу үшін;

E) су қоры жерлерінен ауылшаруашылық тауар өндірушілерге;

*****

Мемлекеттік емес зауыт құрылысы үшін жер телімі (учаскесі) мына құқықта беріледі:

A) меншік құқығына

B) тұрақты жер пайдалану

C) уақытша ақылы жер пайдалану

D) уақытша ақысыз жер пайдалану

E) аренда

*****

ҚР азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер телімдерінің Қарағанды қаласы бойынша шекті мөлшері қандай:

A) 0,20 га;

B) 0,15 га;

C) 0,16 га;

D) 0,10 га;

E) 0,12 га;

*****

ҚР азаматтарының жеке меншігінде болуы мүмкін бау-бақша, саяжай құрылысы үшін жер телімдерінің Қарағанды қаласы бойынша шекті мөлшері қандай:

A) 0,15 га;

B) 0,18 га;

C) 0,20 га;

D) 0,16 га;

E) 0,12 га.

*****

Жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттыққа (конкурсқа, аукционға) қатысушы бола алмайды:

A) жергілікті атқарушы орган, лауазымды тұлғалар;

B) мемлекеттік қызметкерлер;

C) алдыңғы сауда-саттықта жеңіп шыққандар;

D) мемлекеттік заңды тұлғалар; сауда-саттықты ұйымдастырушы; аукционшы;

E) шетел азаматтары, заңды тұлғалары.

*****

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықтың нысандары:

A) ашық сату әдісі;

B) голландық және ағылшындық әдіс;

C) конкурс, аукцион;

D) жәрмеңкеде сату;

E) сатып алу-сату шартын жасасу.

*****

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттық өтті деп саналады:

A) қатысушылар саны үштен кем болмағанда;

B) қатысушылар саны екіден кем болмағанда;

C) сауда-саттықты өткізудің белгіленген тәртібі бұзылған жағдайда;

D) егер объект бірінші аукционда, конкурста сатылмаса;

E) сатылу бағасы 100 еселенген құнынан асып кетсе.

*****

Тұрақты жер пайдалану құқы беріледі:

A) орман шаруашылығын жүзеге асырушы заңды тұлғаларға

B) ауыл шаруашылығын жүзеге асырушы шетел азаматтарына

C) бақ өсіру үшін ҚР азаматтарына

D) өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін ҚР азаматтарына

E) жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін ҚР азаматтарына

*****

Мемлекет мұқтаждықтарына жерлерді алу кезінде компенсация мөлшеріне кірмейді:

A) ауылшаруашьшық алқаптарды қайта қалпына келтіруге кеткен шығындар

B) жер учаскесіне құқықты сатып алу сомасы

C) жер учаскесінде орналасқан жылжымайтын мүліктің нарықтық құны

D) алынбаған пайда

E) үшінші тұлғалар алдындағы міндеттемелер құны

*****

Жер пайдалану құқы бұл:

A) жер учаскесін иелену мен пайдалану

B) жер учаскесін иелену, пайдалану және билік ету

C) жер учаскесін иелену

D) жер учаскесін пайдалану

E) жер учаскесіне билік ету

*****

Жер учаскесіне жеке меншік құқы бұл:

A)жер учаскесін иелену, пайдалану, билік ету құқы

B) жер учаскесін иелену және пайдалану

C) жер учаскесін иелену

D) жер учаскесін пайдалану

E) жер учаскесіне билік ету

*****

Жерлерді аймақтарға бөлуді ұйымдастыруды жүргізу мыналардың қарауында болады:

A) жер ресурстарын басқару бойынша мемлекеттік орган

B) ҚР Үкіметі

C) жергілікті атқарушы органдар

D) облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың), аудандардың тиісті уәкілетті органдары

E) жергілікті өклді органдар

*****

Жер учаскесіне меншік құқын тоқтатудың негізі болады:

A)меншiк иесi жер учаскесiн иелiктен шығарып басқа тұлғаларға бергенде;

B) мақсатына сай пайдаланылмаған жер учаскесінің алынуы;

C) заңдарды бұзып отырып пайдалынылған жер учаскесінің алынуы;

D) жер учаскесі берілген мерзімнің өтіп кетуі;

E) жалдау шарты мерзімнің тоқтатылуы.

*****

Жер пайдалану құқын тоқтатудың негізі болады:

A) жер пайдалану құқығын кейінгі пайдалануға беру;

B) меншiк иесi жер учаскесiн иелiктен шығарып басқа тұлғаларға бергенде;

C) ҚР азаматтығынан шыққанда;

D) жер пайдалану құқын өзге тұлғаларға аластау;

E) жер учаскесі берілген мерзімнің өтуі

*****

Жер учаскесіне меншік құқын тоқтатудың негізі болады:

A)меншік иесінің меншік құқынан бас тартуы

B) мақсатына сай пайдаланбаған жер учаскесін алып алу

C) заңды бұза отырып пайдаланылған жер учаскесін алып алу

D) жер учаскесі берілген мерзім өтуі

E) аренда шарты мерзімнің тоқтатуы

*****

Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сатудың нысаны ретінде конкурс дегеніміз:

A) ауыл шарушылығы саласында біліктілігін анықтау мақсатында әңгімелесу өткізу арқылы жеңімпазды анықтау;

B) сатып алынатын жер учаскесiн пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын он жылға дейiн бөлiп төлеп сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi;

C) сатып алынатын жер учаскесiн пайдаланудың неғұрлым қолайлы жағдайларын ұсынған жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын бес жылға дейiн бөлiп төлеп сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi;

D) аукцион жеңімпаздарын іріктеу тәсілі;

E) сауда-саттыққа қатысушылардың арасындағы ашық бәсекелестiктi қамтамасыз ететiн жеке және заңды тұлғаларға жер учаскесiн немесе жер учаскесiн жалдау құқығын сатуға бағытталған сауда-саттықты өткiзу тәсiлi;

*****

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерінің құрамына кіреді:

A) мемлекеттiк табиғи қорықтардың, мемлекеттiк ұлттық табиғи парктердiң, мемлекеттiк табиғи резерваттардың, мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парктердiң, мемлекеттiк зоологиялық парктердiң, мемлекеттiк ботаникалық бақтардың, мемлекеттiк дендрологиялық парктер мен мемлекеттiк табиғат ескерткiштерiнiң жерi;

B) су қорғау аумағының жерлері;

C) ауыл шаруашылық ұйымдар аумағының жерлері;

D) босалқы жерлер;

E) орман қорының жерлері.

*****

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері қандай меншікте болады:

A) жеке меншікте болуы мүмкін;

B) тек қана мемлекеттік меншікте болады;

C) мемлекеттік меншікте болады, айрықша жағдайларда жекешелендіруге жатады;

D) өзге қажеттерге алып қойған жағдайларды қоспағанда жеке меншікте болады;

E) заңды тұлғалардың тұрақты пайдалану құқығында болады.

*****

Жер учаскесіне ортақ меншік немесе ортақ жер пайдалану құқығының түрлері:

A) тең және жеке;

B) бөлінетін және бөлінбейтін;

C) үлесті және бірлескен;

D) бастапқы және кейінгі;

E) жалпы және арнайы

*****

Жер учаскесіне құқықты куәландыратын құжаттар:

A) мемлекеттік тіркеуден өткізілгені туралы акт;

B) атқарушы органдардың шешімдері;

C) сервитут туралы акт;

D) сатып алу-сату шарты;

E) жер учаскесіне жеке меншік құқығын; тұрақты жер пайдалану құқығын; уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын; уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығын беретін акт.

*****

Салық салуға жатпайтын жерлер

A)босалқы жерлер

B) ауьлшарушылық мақсатқа арналған жерлер

C) ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жері

D) су корының жері

E) өнеркәсіптік жерлер

*****

Орман қоры жерінің құрамына кіреді:

A) ауылшаруашылық ұйымдардың жерлері;

B) қызметтік жер үлестеріне берілген жерлер;

C) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

D) ауыл шаруашылық, аңшылық шаруашылық үшін арналған жерлер;

E) орманды, сондай-ақ ағаш өспеген, бiрақ орман шаруашылығының қажеттерiне берiлген жер учаскелерi.

*****

Қызметтік жер телімін берудің негізі:

A)заңды тұлға әкімшілігі мен қызметкер арасында қызметтік жер телімін беру туралы шарт;

B) жұмысқа қабылдау туралы бұйрық;

C) жергілікті аткарушы органның шешімі;

D) қызметтік жер телімін құқы бар қызметкердің арызы

E) жерді жалдау ақысын төлегені туралы түбіртек.

*****

Қызметтік жер телімі мына мақсаттар үшін берілмейді:

A) жабайы өсетін жеміс-жидек дайындау үшін

B) қызметтік тұрғын үйді күтіп ұстау үшін

C) ауылшаруашылығы дақылдарын өсіру үшін

D) мал жайылымы мен шөп шабу үшін

E) бау-бақша өсіру үшін

*****

Төлемақының базалық ставкасы дегеніміз -

A) түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;

B) мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде белгіленетін төлемақының құны;

C) мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының құны;

D) мемлекет жер учаскесiне жеке меншiк құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесiнiң нормативтiк бағасы;

E) жер салығы.

*****

Төлемақының базалық ставкасы дегеніміз -

A) түзету коэффициенттері негізінде айқындалатын жер учаскесінің есептеу құны;

B) мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде белгіленетін төлемақының құны;

C) мемлекет жер учаскесін немесе оны жалға алу құқығын сатқан кезде қолданылатын, инфляцияның жалпы деңгейі туралы мемлекеттік статистика деректеріне сәйкес кезең-кезеңімен нақтыланатын жер учаскелері үшін төлемақының құны;

D)мемлекет жер учаскесiне жеке меншiк құқығын берген кезде немесе уақытша өтеулi жер пайдалану құқығын сатқан кезде оның кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға арналған жер учаскесiнiң нормативтiк бағасы;

E) жер салығы.

*****

Жер учаскесi үшiн жыл сайынғы жалдау ақысының мөлшерi қалай анықталады

A) жер учаскесi үшін базалық ставка мөлшерiнiң 100% шегiнде белгiленедi;

B) жер учаскесi үшін базалық ставка мөлшерiнiң 100-120% шегiнде белгiленедi;

C) жер учаскесi үшін базалық ставка мөлшерiнiң 100-150% шегiнде белгiленедi;

D) жер учаскесi үшін базалық ставка мөлшерiнiң 100-200% шегiнде белгiленедi;

E) жер учаскесi үшін базалық ставка мөлшерiнiң 120% шегiнде белгiленедi;

*****

Қарағанды қаласы бойынша жер учаскелерiн жеке меншiкке құрылыс салуға берген кезде олар үшiн белгіленген төлемақының базалық ставкасы (1 ш.м. үшін теңгемен):

A) 131;

B) 181;

C) 190;

D) 145;

E) 137.

*****

Ауыл шаруашылығына арналған жерлер кімге берілмейді?

A) шетел азаматтарына тұрақты жер пайдалануға

B) шетел азаматтарына уақытша жер пайдалануға

C) ҚР азаматтарына

D) мемлекеттік емес заңды тұлғаларға

E) шаруа (фермер) қожалықтарына

*****

Қандай жағдайларда жер уақытша өтеусіз пайдалануға беріледі?

A) көпшілікке таралмаған пайдалы қазбаларды табу үшін

B)тұрғын халықтың мал жаюы мен шөп шабуы үшiн;

C) орман шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін

D) қорғаныс қажеттілігіне

E) өндірістік кәсіпорынға

*****

Жер дауларын қандай органдар шешеді?

A) соттар

B) жергілікті маслихаттар

C) жергілікті әкімшілік

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) Жер ресурстарын басқару бойынша агенттіктің органдары

*****

Көзделген жерлердің қайсысы ерекше қорғалуға жатады?

A) көпжылдық көшеттер орналасқан жерлер

B) қорғаныс мақсаттарына арналған жерлер

C) орман қорының жерлері

D) босалқы жерлер

E) су қорының жерлері

*****

ҚР Жер кодексі қашан қабылданды?

A) 20 маусым 2003 ж.

B) 2 ақпанда 1991 ж.

C) 23 мамырда 1994 ж.

D) 6 қарашада 1996 ж.

E) 11 наурызда 1996 ж.

*****

Заңмен белгіленген тәртіпте жер қатынастарын субъектілеріне бекітілген тұйық шектердегі жер бөлігі:

A) жер телімі (учаскесі)

B) үй жай

C) жер ресурсы

D) жер үлесі

E) жер зонасы

*****

Жер туралы заңмен жердің неше санаты көрсетілген?

A) жеті

B) алты

C) бес

D) сегіз

E) он екі

*****

Жер заңдарымен белгіленген жер телімдерінің (учаскелерінің) түрлерін атаңыз:

A)бөлінетін, бөлінбейтін

B) шекарасы белгіленген, шекарасы белгіленбеген

C) жазықты, биік таулы

D) құнарлы, қорықты

E) көркемді, көркемді емес

*****

Жер үлесі тең деп саналады, егер де:

A) учаскеге ортақ үлестiк меншiкке қатысушылардың жер үлестерiнiң мөлшерiн айқындау мүмкiн болмаса және оның барлық қатысушыларының келiсiмiмен белгiленбесе;

B) әкім шешімімен белгіленсе;

C) жер ресурстарын басқару бойынша жергілікті агенттіктің органдарының шешімімен;

D) табиғат корғау органының шешімімен;

E) меншік иелерінің өз келісімімен белгіленсе

*****

Қандай жер телімі (учаскелері) жеке меншікте бола алады?

A) тұрғын үй орналасқан телімдер (учаскелер)

B) жалпы пайдаланудағы жерлер

C) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар

D) орман қорындағы жерлер

E) су қорындағы жерлер

*****

ҚР заңдарымен жерге меншіктің қандай нысандары белгіленген?

A) мемлекеттік және жеке

B) жеке және муниципалдық

C) мемлекеттік және кауымдық

D) тек кана мемлекеттік

E) өнеркәсіп жерлері

*****

Азаматтар мен заңды тұлғалардың біреудің меншігіндегі жер телімін (учаскесін) шектеулі мақсатты пайдалануы бұл:

A)сервитут

B) кондоминиум

C) кепіл

D) ипотека

E) зоналау

*****

Жерлердің қай санатына электр тарату желілеріне арналған жерлер жатады?

A) энергетика жері;

B) босалқы жерлер

C) елді мекендегі жерлер

D) көлік жерлері

E) өнеркәсіп жерлері

*****

Кім жердің жеке меншік иесі бола алады?

A) ҚР азаматы

B) қорғау кәсіпорны

C) жергілікті атқарушы орган

D) мемлекеттік жер қорғау органы

E) қорық

*****

Қарағанды облысы бойынша жер учаскелерін ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеке меншікке берген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкалары (суармалы егістік үшін қарапайым қара топырақты жерлер, гектарына мың теңгемен):

A) 34,4 мың теңге

B) 54,4 мың теңге;

C) 63,2 мың теңге;

D) 63,1 мың теңге;

E) 65,6 мың теңге;

*****

Жердің қай түрі ауыл шаруашылық иелігіне жатпайды?

A) ауыл арасындағы жалпы пайдаланудағы жолдар

B) жыртылған жер (айдалған)

C) пішен шабу

D) өріс (жайылым)

E) тыңайған жер

*****

Ерлі-зайыптыларға берілетін жер телімінің (учаскесінің) меншік нысаны қандай?

A)жалпы ортақ

B) отбасы иесінің жеке меншігі

C) үлесті

D) қауымдық

E) отбасылық

*****

Қандай негізде сервитут пайда болады?

A) мүдделі тұлғаның тілек білдіруімен

B) жер телімі (учаскесі) меншік иесінің ауызша келісімі негізінде

C) жер телімі (учаскесі) меншік иесі мен мүдделі тұлға арасындағы шарт негізінде

D) аудандық әкімшілік шешімі негізінде

E) облыстық әкімшілік шешімі негізінде

*****

Қызметтік міндеттерді орындауға байланысты жер телімін (учаскесін) уақытша ұзақ мерзімге жер пайдалану:

A) қызметтік жер телімі

B) жер үлесі

C) қызметтік марапаттаудың түрі

D) сервитут

E) ведомстволық жер бөлінісі

*****

Жерді қорғау және тиімді пайдалануды ұйымдастыруға бағытталған шаралар жүйесі:

A)жерге орналастыру

B) сервитут

C) кадастр

D) кондоминиум

E) аумақтандыру

*****

Жердің шаруашылық және табиғи жағдайы туралы мәліметтер жүйесі:

A) кадастр

B) кондоминиум

C) жерге орналастыру

D) ипотека

E) аумақтандыру

*****

Республикалық және халықаралық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізімін қандай орган бекітеді?

A) ҚРҮкіметі

B) жергілікті атқарушы органдар;

C) орталық уәкілетті орган;

D) Жер ресурстарымен басқару агенттілігі

E) облыстық әкімшілік

*****

Жер ең бірінші кімге беріледі?

A)ауыл шаруашылық тауар өндірушілерге

B) өндірістік кәсіпорындарға

C) мектептерге және өзге де оқу орындарына

D) шетел азаматтарына

E) денсаулық сақтау мекемелеріне

*****

Жер учаскелерін халықаралық қатысуы бар ғылыми орталықтарға меншікке өтеусіз беру мақсаты қандай:

A) әлемдік нарықтағы бәсекеге қабілетті ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру үшін;

B) әлемдік нарықтағы өндіріс салалаларында бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруға бағдарланған жаңа технологияларды игеруге қолдау көрсету;

C) шетел инвестициясына мемлекеттік қолдау көрсету;

D) мемлекеттің экономикалық мақсаттара үшін;

E) елімізде жер айналымы нарығын дамыту үшін.

*****

Арнайы жер қорын құру қай органның құзыретіне кіреді:

A) облыстық атқарушы орган;

B) аудандық атқарушы орган;

C) аумақтық жер ресурстарын басқару жөніндегі органдар;

D) ҚР Жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттік;

E) ҚР Үкіметімен

*****

Басым жер пайдалану құқығы кімге тиесілі?

A)ауыл шаруашылық кәсіпорындар

B) көлік кәсіпорындары

C) оқу орындары

D) денсаулық сақтау мекемелері

E) орман шаруашылығының кәсіпорны

*****

Қай субъект жердің жеке меншік иесі бола алады?

A)тұрғын үй иесі

B) шаруа (фермер) қожалығы

C) қорғаныс зауыты

D) қорық

E) шетел азаматы

*****

Жер кадастры дегеніміз -

A) жер учаскелерінің кадастрлық құнын анықтау жүйесі;

B) жер учаскелерінің тізімі;

C) жер туралы мәлiметтер жүйесi

D) жер қорының сапалық және мөлшерлiк жай-күйiн байқау жүйесi;

E) жер санаттары туралы мәліметтер жүйесі;

*****

Жеке меншікте мына жерлер бола алады:

A) қосалқы шаруашылық жүргізу үшін

B) қорғаныс мұқтаждықтары үшін

C) қалаларда ортақ пайдалану үшін

D) заказниктерді жүргізу үшін

E) қорыққа

*****

Кадастрдың мәлiметтерiн пайдаланушылар болып табылады:

A) сот, покуратура, тергеу органдары

B) ҚР әкімшілік-аумақтық бөлімдері

C) мемлекеттік органдар;

D) салық қызметінің органдары

E) жерге меншік иелері мен жер пайдаланушылар

*****

Жеке меншікте мына жерлер бола алмайды:

A) жайылымдық және шаюындық алқаптар

B) тұрғын үй құрылысын жүргізуге берілген

C) бау-бақша егуге берілген

D) саябақ құрылысына берілген

E) қосалқы шаруашылық жүргізуге берілген

*****

Арнайы жер қоры дегеніміз -

A) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлері;

B) ауыл шаруашылығы мақсатындағы алқаптардың, мақсаты бойынша пайдаланылмай жатқан не ҚР заңдарын бұза отырып пайдаланылып жүрген жер учаскелерiнiң иелерi мен жер пайдаланушылар бас тартқан жердiң есебiнен құралатын резервтегi жер;

C) оралмандарға беру үшiн резервке қалдырылған жерлер;

D) босалқы жерлер;

E) ауыл шаруашылығының жерлері

*****

Қандай жұмыскерлердің қызметтік жер теліміне құқығы жоқ?

A) мемлекеттік қызметкерлер

B) ауыл шаруашылығы қызметкерлері

C) қорық жұмысшылары

D) су қорғау жұмысшылары

E) орманды күзетушілер

*****

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері ҚР азаматтарына меншіктің төмендегідей нысанында беріледі:

A) ортақ меншік;

B) жеке меншік;

C) бірлескен меншік;

D) үлесті меншік;

E) кондоминиум

*****

Шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері ҚР азаматтарына пайдалану құқығының қандай түрлері бойынша беріледі:

A) тұрақты пайдалану құқығымен;

B) 5 жылға дейінгі мерзімге уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен, 5 жылға дейінгі мерзімге - шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен;

C)49 жылға дейінгі мерзімге - уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен, 5 жылға дейінгі мерзімге - шалғайдағы мал шаруашылығын жүргізу үшін уақытша өтеусіз жер пайдалану құқығымен;

D) уақытша ұзақ мерзімге – 49 жылға дейін өтеусіз жер пайдалану құқығымен;

E) 10 жылға дейінгі мерзімге - уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен

*****

Жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыру ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдаланумен тікелей байланысты болатын тұлғалардың отбасылық-еңбектік бірлестігіне жатады -

A) шаруа (фермер) қожалығы

B) отбасылық мердігерлік

C) кеңшар

D) ұжымдық

E) үй жанындағы қожалық

*****

Шаруа (фермер) қожалықтары үшін жер телімдерінің (учаскелерінің) шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілейді:

A) облыстық әкімшілік

B) Ауылшаруашылық министрлігі

C) ҚР жер ресурстарын басқару агенттігі

D)ҚР Үкіметі

E) аудандық әкімшілік

*****

Жерлердің қай түрлері азаматтардың жеке меншігіне беріледі?

A) елді мекендердегі тұрғын үй құрылыстарына арналған жерлер

B) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері

C) қалалардағы жалпы пайдаланудағы жерлер

D) қорғаныс жерлері

E) қызметтік жер телімдері

*****

Ауыл шарушылығы ұйымдарының қызметкерлері болып табылмайтын азаматтарға шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін жер учаскелері қандай жер санаттарынан беріледі:

A) ауыл шарушылығы жерлерінен;

B) арнайы жер қорынан, босалқы жерден;

C) орман қоры жерлерінен;

D) ерекше қорғалатын табиғат аумақтарынан;

E) елді мекендердің жерлерінен.

*****

Шаруа (фермер) қожалығын ұйымдастыру үшін азаматтарға жер учаскесін беретін мемлекеттік орган:

A) ҚР Үкіметі;

B) облыстық атқарушы орган;

C) жер ресурстарын басқару жөніндегі аумақтық орган;

D)аудандық, қалалық атқарушы орган;

E) ҚР жер ресурстарын басқару агенттігі

*****

Жер учаскесін берілген кезден оны тиісті мақсатына сай пайдаланылмаған жер ретінде шаруа (фермер) қожалығынан алып қоюға бола ма?

A) егер 1 жыл мерзімде мақсаты бойынша пайдаланылмаса алып қойылады;

B)& егер 1 жылдан ұзақ мерзім ҚР заңдарында көзделмесе, алып қоюға болмайды;

C) егер 3 жыл мерзімде мақсаты бойынша пайдаланылмаса алып қойылады;

D) егер 2 жыл мерзімде мақсаты бойынша пайдаланылмаса алып қойылады;

E) егер 2 жылдан ұзақ мерзім ҚР заңдарында көзделмесе, алып қоюға болмайды;

*****

Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн белгілейді:

A)ҚР Үкіметі

B) облыстық әкімшілік

C) аудандық әкімшілік

D) Қаржы министрлігі

E) ҚР Президенті

*****

Егер де жер үлесін бөлу мүмкін емес болса, онда бөліп беруші меншік иесі:

A) басқа меншік иелерінен өзінің телімінің (учаскесінің) үлесі үшін ақшалай есесін орнына ала алады

B) жаңа жер телімін (учаскесін) талап ете алады

C) үлесін алуға еш құқығы жоқ

D) соттық тәртіпте бөлшек үлесіне жете алады

E) жерге деген барлық құқықтарын жоғалтады

*****

Азаматтық-құқықтық келісім объектілері ретінде қандай жерлер бола алады?

A) елді мекендердегі тұрғын үй салу үшін жер телімдері

B) қалалардағы жалпы пайдалану

C) орман және су қорының жерлері

D) қызметтік жер үлесі

E) қорықтар

*****

Қандай жағдайларда қызметтік жер теліміне құқық сақталмайды?

A) өз еркімен жұмыстан шығып кеткен жұмыскерлерде

B) зейнет демалысына шығуына байланысты еңбек қатынастарын тоқтатқан жұмыскерлерде

C) қарулы күштер қатарына міндетті мерзім қызметіне шақырылған қызметкерлердің отбасьна

D) оқуға түскен кызметшілердің отбасына

E) қызметтік міндетін орындау кезінде қайтыс болған қызметкерлердің отбасына

*****

Жер теліміне (учаскесіне) меншік құқығы басқа субъектіге ауысқанда сервитут:

A) сақталады

B) тоқтатылады

C) жаңадан белгіленеді

D) жаңа меншік иесінің еркімен тоқтатылады

E) сақталуы не сақталмауы мүмкін

*****

Жер ресурстарын басқаратын агенттік кіретін құрылым:

A) дербес мемлекеттік орган болып табылады

B) Ауылшаруашылық министрлігінің құрамында

C) Қоршаған ортаны қорғау және табиғат ресурстары министрлігінің құрамында

D) Әлеуметтік қорғау және еңбек министрлігінің құрамында

E) Өнеркәсіп және сауда министрлігінің құрамында

*****

Өндіріп алу мынадай жерлерге қолданылмайды:

A) қызметтік жер телімі

B) жеке меншіктегі жер телімі

C) жұбайлардың ортақ меншігіндегі жер телімі

D) өзіндік қосалқы шаруашылығын жүргізу үшін арналған

E) бақ өсіру мұқтаждығына берілген

*****

Жер құқығының пәні болып табылады:

A) қоғамдық қатынастар;

B) экономикалық қатынастар;

C) жер қатынастары;

D) азаматтық қатынастар;

E) әкімшілік қатынастар;

*****

Жердің функцияларына жатпайды:

A) экологиялық;

B) экономикалық;

C) әлеуметтік;

D) эстетикалық;

E) саяси;

*****

Жер құқығының әдісі болып табылады

A) Экологиялық;

B) заңдылық;

C) жариялылық;

D) тыйым салушылық;

E) Позитивтік;

*****

Диспозитивтік әдістерге жатпайды?

A) Құқықтар мен міндеттерді орнықтыру;

B) тыйым салу;

C) әрекеттерге бостандық құқығын беру;

D) тең құқылық

E) еріктілік

*****

Жер құқығының жүйесі – бұл:

A) жер құқығы нормаларының бөлінуі;

B) құқық объектілерінің бөлінуі;

C) құқықтық реттеу пәнінің түрлері;

D) құқықты оның субъектілері бойынша бөлу;

E) жер қатынастарының бөлінуі;

*****

ҚР жер ресурстарын басқару жөніндегі Агенттігінің қызметтері:

A) Республиканың жер қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекеттiк саясаттың негiзгi бағыттарын әзiрлеу

B) мемлекеттiк жер кадастры мен жер мониторингiн жүргiзу

C) арнайы атқарушылық, рұқсат беру, бақылау-қадағалау;

D) жерді пайдалану мен қорғау мәселелеріне қатысты облыстық, қалалық, аудандық бағдарламалардың, жобалар мен схемалардың сараптамасын жүргізу

E) жер ресурстарын қорғау жөнiндегi аймақтық бағдарламаларды бекiту;

*****

Жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттері немен анықталады?

A) Қазақстан Республикасының Жер кодексімен;

B) “Қоршаған ортаны қорғау” туралы заңмен;

C) Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен;

D) Қазақстан Республикасы Парламентінің қаулысымен;

E) Қазақстан Республикасының Конституциясымен;

*****

Жер туралы заңнаманың мақсаттары мен міндеттері болып табылады:

A) жер туралы заңнаманың жалпы ережелері;

B) жер қатынастарын реттеудің нормалары;

C) жер құқығының ерекше бөлімі;

D) Қазақстан Республикасының жер қорын басқару;

E) Жер учаскелерінің иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу

*****

Төмендегі қағидалардың қайсысы үстемдік сипатқа ие?

A)Жерді ұтымды пайдалану;

B) Жерді ақылы пайдалану;

C) Экологиялық қауіпсіздік;

D) Жерді табиғи ресурс, Қазақстан Республикасы халқының өмірі мен қызметінің негізі ретінде сақтау;

E) Жердің жай – күйі және оған қолжетімділік туралы ақпаратпен қамтамасыз ету.

*****

Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін беру туралы өтініш қанша мерзімде қаралады:

A) өтініш түскен сәтінен бастап 7 күнге дейінгі мерзімде;

B) өтініш түскен сәтінен бастап 1 айға дейінгі мерзімде;

C) өтініш түскен сәтінен бастап 3 айға дейінгі мерзімде;

D) өтініш түскен сәтінен бастап 2 айға дейінгі мерзімде;

E) өтініш түскен сәтінен бастап 30 күнге дейінгі мерзімде;

*****

Мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншігінде болатын жер учаскелері:

A) бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн,

B) өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру, бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн,

C) тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген немесе олар салынған жер учаскелерi;

D) өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу,

E) тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу үшін

*****

Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдiк заңды (мемлекеттiк емес) тұлғалардың жеке меншiгiнде болуы мүмкін жер учаскелері:

A) тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн берілген жер учаскелері;

B) үйлердi (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жердi қоса алғанда, өндiрiстiк және өндiрiстiк емес, оның iшiнде тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берiлген немесе олар салынған жер учаскелерi;

C) шаруа (фермер) қожалығын, өзiндiк қосалқы шаруашылық жүргiзу, орман өсiру үшін берілген жер учаскелері;

D) бағбандық, жеке тұрғын үй және саяжай құрылысы үшiн берiлген жер учаскесi;

E) тауарлы ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу, орман өсiру үшiн, тұрғын үйлер (құрылыстар, ғимараттар) мен олардың кешендерiн салу үшiн берілген жер учаскелері;

*****

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 98 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
(история, которая может произойти) | 1. Поняття, предмет та система житлового законодавства і житлового права України

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.206 сек.)