Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Спорт медицинасының тарихы.



№ 20 билет

1.Спорт медицинасының тарихы.

ХХ-ғасырдың 20 жылдарының өзінде-ақ спорттық медицинаның теориалық негіздері көрнекті кеңес ғалымдары П. Ф. Лесгафт пен В.В. Гориневский тарапынан қаланды.

Әсіресе білімнің жаңа саласының дамуына орасан үлкен үлес қосқан С.П. Летуновтың басшылығындағы “Дене тәрбиесінің орталық ғылыми зеріттеу институты” (ДТОҒЗИ) ның дәрігерлік бақлау зертханасы болды, С.П. Летунов кәзіргі заманғы спорттық медицинаның негізгі қалаушы ретінде есептелінеді.

1946 жылы КСРО министірлер кеңесі жанындағы дене тәрбиесімен спорт істері жөнінгдегі б\үкіл одақтық комитеттің жанынан алғашрет бүкіл одақтық дәрігерлік бақлау секциясы құрылды. Кейінірек бұл секция КСРО ның спорттық медицина федерациясы болып қайта құрылды. 1952 жылы секция халықаралық спорттық медицина федерациясына кірді (ФИМС)

1951 дәрігерлік дене шынықтыру диспансерлерінің ашылуы дәрігерлік бақылауды және дене тәрбиесімен спортты бейік деңгейге көтеруге мүмкіндік берді.

Кеңес спортшыларының олимпиадиялық қозғалысқа кірісуі спорттың медициналық проблемалары бойынша зерттеу жұмыстарының кең қанат жайуына өз септігін тигізді. Кеңестік спорттық медицинаның дамуындағы маңызды роль Н.Д. Граевская, А.Г. Дембо, Р.Е Мотылянский, В.Л. Карпман, В.К. Добровольский сынды көрнеки ғалымдармен мамандарға тиесілі.

Спорттық медицина Қазақстанда, дәрігерлік денешынықтыру бойынша ҚР денсаулық сақтау органдарының қызметі 1925 жылға дейін денсаулық сақтау жүйесінде дербес сақ тандыру саласы бола алған жоқ. 1926-27 жылдардан бастап спорттық медицина жеке тарау есебінде бөліне бастады және денсаулық сақтау тәннің жалпы бюджетіне енгізілді. Көрсетілген жылдары 5 қалада (Қызылорда, Семей, Ақтөбе, Алматы, Орал) антропометрикалық кабинеттер ашылды. 1927 жылы Қызылордада бірінші Бүкіл қазақстандық өлкелік мәжіліс болып, ол д/т бойынша тәжірибе алмасудың бастамасына айналды. "Дене тәрбиесі қозғалысының жағдайы және алдағы міндеттер" тақырыбындағы бағдарламалық баяндамада өсіп келе жатқан организм үшін д/т шұғылданудың үлкен маңызды екендігі атап көрсетілді және дәрігерлік денешынықтыру жұмыстарын күшейту, спорттық дәрігерлердің біліктілігін көтеру, губерниялық денсаулық басқармаларында ғана емес, сондай-ақ барлық үздік қалаларда, жұмысшы орталықтары мен ірі дәрігерлік ауруханалардың жанында дәрігерлік- бақылау кабинеттері желісін дамыту үшін денсаулық сақтау жүйесін қаржылауды көбейту туралы шешім қабылданды. 1932 жылы БКП(б) өлкелік комитеті д/т және спортпен шұғылданушыларды дәрігерлік бақылаумен толық қамтуға, облыстық денсаулық бөлімдеріне дәрігерлер бөлуде, барлық ірі өндірістік аудандарда басталған бір қызметкер жене оларда жабдықталған дәрігерлік кабинет ұстауға денсаулық сақтау халық комиссариатын міндеттеді. 1933-34 жылы Алматы қалалық денсаулық сақтау бөлімінде балалар мен жеткіншектердің денсаулығын сақтау секторы ұйымдастырылды, оқушыларға дәрігерлік бақылау жүргізу және спорттық шараларды медициналық-санитарлық жағынан қамту міндеті жүктелді. Алматы қаласында алғашқы дәрігерлік-денешынықтыру орталығы 6 бірліктегі штамппен 1948 жылы ұйымдастырылды және Денсаулық сақтау Министрлігінің емдеу-сақтандыру бөлімінің құрамына енді. Орталықтың бас дәрігері Галина Ивановна Акопян болды. Полина Романовна Ечина-Высоцкая Республикалық дәрігерлік-денешынықтыру диспансерін ширек ғасыр (1949-74) басқарды. Оның жұмыс уақытына дәрігерлік бақылау қызметі мен ЕДШ, кейін республиканың облыс орталықтарындағы диспансердің қалыптасуының білікті кадрлар дайындаудың күрделі кезеңі тап келді. Барлық спортшылар мен денешынықтырумен шұғылданушыларды диспансерлік есепке алу, кең көлемдегі мәдени-бұқаралық және ағарту жұмыстары оның тікелей қызметінен байланысты. Тұрақты дәрігерлік бақылау барысында республикалық диспансер диагностикалық және емдеу жәрдемін керсетеді, оқу-әдістемелік материалдарды дайындап, оларды өмірге енгізеді, мамандардың біліктілігін көтеруді жузеге асыруды, дәрігерлік бақылау, допингті бақылау, спортшылардың арнаулы тамағы, оларды қалыпқа келтіру және т.б. мәселелер жөніндегі ғылыми зерттеулерді орындауға қатысады.



 

2.Әйел және спорт.Үштік спортшы әйел.

Бүгінгі таңда әйелдер айналыспайтын спорт түрлері азайып барады. Ел арасында кең танымал спорттың қай түрін алсақта,нәзік жанды аруларымызды көреміз. Гендерлік саясаттың деңдеп кеткенінен бе,әлде басқа да себептері барма,әйтеуір аруларымыз ерлерден қалысар емес. Тіпті әйел затына тән емес,ауыр атлетика,күрес,бокс,бодибилдинг сынды спорт түрерінде меңгеріп алған. Көркем гимнастика:спорттың басқа түрлерімен салыстырғанда көркем гимнастика кештеу пайда болған. Шамамен алғанда XXғасырдың басында. Алайда өздеріңіз байқап отырғандай,тез ақ қарқын алып,бүгінде миллиондаған спортсүйер қауымының сүйікті спорт түріне айналды. Ал олимпияда ойындарының бағдарламасына 1980 жылғы Мәскеуде өткен Олимпиядадан кейін енген. Сөйіп көркем гимнастикадан тұңғыш Олимпияда чемпионы болып 1984 жылы Лори Фанг атанған. Спорттың бұл түрінен қазақ елінде Әлия Юсуповасымен мақтана алады. Жеті жасынан бастап көркем гимнастикамен айналыса бастаған Әлияның жеткен жетістігібір емес,бес алты спортшының ғұмырына жетерліктей. Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы,Афины және Бәйжің Олимпиядасының қатысушысы. Греция жерінде өткен дүбірлі додада жүлделі орынға бір қадам жетпей қалды. Ал 2006 жылы және 2009 жылы Азия біріншіліктерінде алты алтыға ие болды. Сонымен қатар суда мәнерлеп жүзу: синхронды жүзу өз бойына жай ғана жүзуді емес,көркем жүзуді,гимнастиканы және акробатиканы жинаған. Жалпы мәнерлеп жүзу спорты XIX ғасырдың аяғында пайда болған. Алғашқы рет әлем чемпионаты 1973 жылы өтсе, Олимпияда ойындарының бағдарламасына 1984 жылы еніпті. Спорттың бұл түрінен Олимпияда чемпиондары-АҚШ арулары.

3.Балалар спорт медицинасының өзекті мәселелері. Балалар спорт мектебінің қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидалар

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар қосымша білім беру ұйымы ретінде балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің (бұдан әрі - БЖСМ) қызметін айқындайды.

2. БЖСМ меншік түріне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан оқушылардың дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын іске асырады.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) бұқаралық-спорттық iс-шаралардың күнтiзбесi - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтiзбелiк жылға жоспарлауы мен өткiзуiн регламенттейтiн ресми құжат;

2) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) нормативтік талаптар (тестілер) – оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып оқушыларға қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары, оларды орындау тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылады;

4) спорт түрi - бiлiктiлiк деңгейi, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайман мен жабдық, жарыс ережесi айрықша белгiлерi болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлiгi;

5) спорттан жаттықтырушы-оқытушы – техникалық кәсiптік немесе жоғары кәсіптік бiлiмi бар және оқыту қызметімен тікелей айналысатын жеке тұлға;

6) спорттық резерв – жасөспірімдердің және жастардың жарыстарына қатысатын спортшылар;

7) спорттан аға жаттықтырушы-оқытушы – спорт түрлері бойынша жаттықтырушылыр құрамына жалпы басшылықты іске асыратын және оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;

8) ұлттық спорт түрлерi – жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

9) халықаралық спорттық жарыстар - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрiнен сайыстар;

10) оқушы – БЖСМ-да спорт түрімен шұғылданатын адам.

4. БЖСМ негізгі мақсаты:

1) балалар мен жасөспiрiмдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

2) балалардың белгілі бір спорт түрінен қабілетін анықтау;

3) физикалық, моральдік-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

5. БЖСМ негізгі мiндеттерi:

1) жаттығушылардың теория, әдістеме, спорт түрлерінің ережелерінен, тазалық және физиология саласында, қауіпсіздік техникасынан негізгі білім алуын қамтамасыз ету;

2) спорттық шеберлігінің деңгейін көтеру;

3) жаттығушылардың жас тобына сәйкес таңдаған спорт түрінен нормативтік талаптарын (тестер) орындауын қамтамасыз ету;

4) спорт түрлерi бойынша республиканың, облыстың, қаланың, ауданның құрама командаларына үміткерлерді дайындау;

5) БЖСМ жаттығушыларының спорттық іс-шараларға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылады.

21 билет

1.Спортшылар антропометриясы.

Дененің дамуы антропометрикалық стандарттардың, корреляция мен индекстердің көмегімен бағалануы мүмкін.

Антропометрикалық стандарттар әдісі – бұл адамдардың бір келкі контингенттің өлшеудің орасан үлкен санын статитстикалық өңдеу жолымен алынған дененің даму көрсеткіштерінің орташа шамаларын пайдалану.

Стандарттар әдісі бойынша бағаланатын көрсеткіштердің қатарына соңғы уақыттарда жиі түрді дене құрамының көрсеткіштерінде жатқызады осы қарастырылған әдістің кемшілігі сол дене дауының өзгергіщтігінің көрсеткіші ретінде кәдімігі стандарттың ауытқу пайдаланылады. Сонымен бірге тек еркін яғни бір бірімен байланысы жоқ белгілеу үшін ғана өгерушіліктің берік өлшемі қызметін атқара алады. Ал өзара байланысты белгілер үшін (дене даму көрсеткішбтері болатын) дәл мәліметтерді корреляция әдісі береді. Дене дамуының белгілері бір бірімен байланысты жәнеде олардың бірі өзгерген кезде екіншісі де өзгереді. Белгілер арасындағы байланыс біркелкі емес, осыдан келәіп егерде, белгілердің бірінің көбейгеніде екіншісі көбейсе ол оң болады, ал егерде бірі көбейіп екіншісі кемісе онда ол теріс болады. Белгілер арасындағы байланыстың бар екендігін “С” – корреляция конфиценттін айқынду арқылы анықтауға болады. Оның шектік мәні + 1,0 ге тең “ ĉ ” бірлікке қаншалықты жақын болған сайын белгілер арасындағы байланыста соншалықты тығыз бола бермек. Егерде “ĉ” мәні 0,4 тен 0,6 дейін тербеліп тұрса онда белгілер арасындағы байланыстың орташа дәрежесі: 0,6 дан 0,8 дейін – үлкен 0,8 ден 0,9 дейін өте үлкен болмақ.

Индекстер әдісі Дене дамуын жекелеген антропометрикалық белгілердің қатнасы бойынша және қарапайым математикалық өрнектердің көмегімен бағалауға мүмкіндік береді. Әр түрлі индекстер белгілердің алуан түрлі санынан тұрады (ең қарапайымдылары-екеуі). Анықтамасының қарапайымдылығы мен көрнекілігінің арқасында индекстер кешеге дейін әйгілі болып келді. Бұл әдісті бір қатар кемшіліктеріне қарамастан дене дамуының жекеклеген көрсеткіштерін бағалау үшін казірде пайдаланады. Мәселен адамның бойы (λ) мен жасы есепке ала отырып тиісті салмағын (М) анықтау үшін келесі мына өрнектер пайдаланылады:

 

М=50+ (λ-150)х0,75+ Жасы –21 (ерлер үшін)

М=50+ (λ-150)х0,32+ Жасы –21 (әйелдер үшін)

 

Салмақ (М), бой (λ) арасындағы қатнас Брона ұсынған қарапайым өрнектердің бірнеше индекстерінің көмегімен табылуы мүмкін.

λ=155-165 см болғанда М =λ-100 (кг)

λ=166-175 см болғанда М =λ-105 (кг)

λ=175 см жоғары болғанда М =λ-110 (кг) болады.

Бекерт 100-ді, 105ті және 110 ды емес тиісінше 103 ті, 106 ны және 110 ды алуды ұсына отырып осы индекске түзету енгізді.

Кетле индекісі, немесе салмақ бой индекісі (г) бойға (см) бөлген кезде шығады да ерлер үшін орташа 370-400 г/ см тең болады, ал айелдер үшін 325-375 г/ см тең. Мексика олимпиадасына қатысушыларда бұл индекс мәселен жүгірушілерде –350 ден (морофоншыларда) 401 ге дейін (спринтерлерде), 473 тен (найза лақтырушыларда) 613 ке дейін (ядро лақтырушыларда) болды.

λ/3 М, мұндағы λ-дененің см дегі ұзындығы, М дененің кг салмағы.

Индекстер әдісін көптеген қызметік көресткіштерді бағалаумен айырмашылықтарды жойу үшін пайдаланады. Мәселен көптеген көрсеткіштер дене массасымен салыстырылады (Мысалы О2 –ні л/мин дененің 1 кг салмағына барынша тұтыну). Соңғы уақыттарда осы мақсаттар үшін дененің майсыз массасының салмағын қолданады (λВ М). Осыдан сол немесе басқа қызметтік көрсеткіштердің салыстырмалы шамаларын дәлірек сипаттайтын мәліметтер келіп шығады. (1 кесте). Кестеден көрініп тұрғандай λВ М бірлігіне жатқызылған О2 ні барынша тұтынудың шамасы шаңғышыларды жүгірушілермен жүзушілерді штангашылармен салыстырғандағы анағұрлым жоғары аэробты өнімділігін дәл сипаттайды.

2.Балалар спорт медицинасының өзекті мәселелері. Балалар спорт мектебінің қызметін ұйымдастырудың тәртібі туралы қағидалар

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидалар қосымша білім беру ұйымы ретінде балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектептерінің (бұдан әрі - БЖСМ) қызметін айқындайды.

2. БЖСМ меншік түріне және ведомостволық бағыныстылығына қарамастан оқушылардың дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында қосымша бiлiм берудiң бiлiм беретiн оқу бағдарламаларын іске асырады.

3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар қолданылады:

1) бұқаралық-спорттық iс-шаралардың күнтiзбесi - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтiзбелiк жылға жоспарлауы мен өткiзуiн регламенттейтiн ресми құжат;

2) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

3) нормативтік талаптар (тестілер) – оқушылардың спорт түрлерінен белгілі бір спорттық жаттығуларды орындауын есепке ала отырып оқушыларға қойылатын бақылау-ауыстыру талаптары, оларды орындау тиісті топқа ауысу үшін негізгі шарт болып табылады;

4) спорт түрi - бiлiктiлiк деңгейi, жаттығу ортасы, пайдаланылатын құрал-сайман мен жабдық, жарыс ережесi айрықша белгiлерi болып табылатын дене шынықтырудың құрамдас бөлiгi;

5) спорттан жаттықтырушы-оқытушы – техникалық кәсiптік немесе жоғары кәсіптік бiлiмi бар және оқыту қызметімен тікелей айналысатын жеке тұлға;

6) спорттық резерв – жасөспірімдердің және жастардың жарыстарына қатысатын спортшылар;

7) спорттан аға жаттықтырушы-оқытушы – спорт түрлері бойынша жаттықтырушылыр құрамына жалпы басшылықты іске асыратын және оқыту қызметімен тікелей айналысатын спорттан жаттықтырушы;

8) ұлттық спорт түрлерi – жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

9) халықаралық спорттық жарыстар - кемiнде бес мемлекеттiң өкiлдерi қатысатын спортшылар (командалар) арасындағы спорт түрiнен сайыстар;

10) оқушы – БЖСМ-да спорт түрімен шұғылданатын адам.

4. БЖСМ негізгі мақсаты:

1) балалар мен жасөспiрiмдерді спортпен жүйелі шұғылдануға тарту;

2) балалардың белгілі бір спорт түрінен қабілетін анықтау;

3) физикалық, моральдік-ерік қасиеттерін тәрбиелеу.

5. БЖСМ негізгі мiндеттерi:

1) жаттығушылардың теория, әдістеме, спорт түрлерінің ережелерінен, тазалық және физиология саласында, қауіпсіздік техникасынан негізгі білім алуын қамтамасыз ету;

2) спорттық шеберлігінің деңгейін көтеру;

3) жаттығушылардың жас тобына сәйкес таңдаған спорт түрінен нормативтік талаптарын (тестер) орындауын қамтамасыз ету;

4) спорт түрлерi бойынша республиканың, облыстың, қаланың, ауданның құрама командаларына үміткерлерді дайындау;

5) БЖСМ жаттығушыларының спорттық іс-шараларға дайындалуын және қатысуын қамтамасыз ету болып табылады

3.Әйел және спорт.Репродуктивті денсаулықтың бұзылысы.

Спортшы әйелдерде көбінесе білінетін белгі ретінде біз етеккір циклінің бұзылысын айтуға болады.Спортпен айналысатын әйелдердегі етеккір бұзылысының негізгі себебіне келсек ол көбіне физикалык күштеме және энергетикалық баланстың организмдегі бұзылысы,организмдегі энергияның жетіспеушілігі ол репродуктивтік кызметтің бұзылысына әкеледі. Спортсмен әйелдердегі аменорея ол эстрогеннің және прогестеронның төмендеуімен көрінеді,соның нәтижесінде сары дененің,овуляция және фолликулдардың жетілуінің бұзылысымен көрінеді. Спортсмен әйелдерде байқалатын аменорея аналық бездің дисфункциясына акелетін ол ЛГ-нің кандағы көрсеткішіде әсеріде бар,ол аналық без кызметіне өз әсерін тигізеді. Аменореясы бар спортшы әйелдерде ЛГ-нің шығарылуы сирейді және уақыт аралығынды интервалдары бірдей емес.

 

 


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 163 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Лекция 1. Введение. Теоретические проблемы истории. | лектронный билет (номер) E-ticket number

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.019 сек.)