Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Нейровизикулярлық диагностика әдістеріне: құрылымның везикуляциясы,функциясы және биохимиялық характеристикасы олардың классификациясы жатады.



19 билет

1 жауап:

Нейровизикулярлық диагностика әдістеріне: құрылымның везикуляциясы,функциясы және биохимиялық характеристикасы олардың классификациясы жатады. КТ,жұлыннан ликвор алу(миелография),диффузды оптикалық және МРТ.

Бұл әдістер ОЖЖ және айналасындағы түзілістердің құрылымын көруге болады.

КТ -бас ми зақымдануының жедел сатысында немесе инсультта сонымен қатар сүйек патологиясына күдіктенгенде мишық құрылымының кальсификациясына күдіктенгенде қолданады.

МРТ -бас-ми зақымдануының жеделдеу және созылмалы сатысы кезінде ми паренхимасының өзгерісін бақылауға және тамыр ауруларында дегенеративті немесе демиеленизация ауру-да жақсы артериовенозды мальформацияда және ісіктерде,жұлында зақымдану болғанда қолданылады.

КТ,МРТ абцестің локализациясын нақты көрсетеді.

ЭЭГ-электроэнцефалография

ЭНМГ-электронейромиография

ЭНМГ- перифериялық жүйке жүйесінде зерттеуге арналған жаңа әдіс. Бұл процедура ірі нерв талшықтарын толық обьективті ақпарат алу мақсатында жүргізіледі.

Көрсеткіштер: Ересектер мен балаларда туа пайда болған және жүре пайда болған травмалық,тамырлық, аллергиялық,инфекционды тұқым қуалайтын дегенеративті патологиялар жатады.

 

19билет-2 сурак:

Синкопальды жағдай-аз уақытты ес жоғалту және бұлшықет тонусының төмендеуі. Синкопальды жағдайда науқастың терісінде бөртпелер,гипер гидроз,гипотензия,пульс әлсіреуі,тыныс бұзылысы байқалады.

Классификациясы:

1.Рефлекторлық(нейрогенді)естен тану

*вазовагинальды

--эмоциялық стрестен болатын(страх,ауыру, лабороторияда қанмен жұмыс істеу)

--вызванно Ортостастичеким стресом

* Ситуациондық

-жедел түшкіру

-АІЖ тітіркенуі

-тамақ қабылдаудан

-атипичные формы т.б. себептерден

2. Естен тану,ортастатической гипотониямен байланысты

*Біріншілік вегетативті жетіспеушілік (атрофияПаркинсон ауру,деменция Леви)

*Дәрі-дәрмектік (алкоголь, диуретик, фенотиазины, антидепресант)

*Су жоғалту (қан кету,диарея, құсу)

3. Кардиологиялық естен тану

*Аритмиялық

-брадикардия

-тахикардия

*Органический заболевания



Диф диагностика: анамнез жинау ауырган аурулары,операция, травмах,кандай дарілер қабылдағанын

-шағымдары және жалпы жағдайы

-Характеристика синкопальное пароксизма,физикальное обследование (АҚ қадағалау, пульс тексеру, жүрек аускультация және сосудов), ЖҚА,глюказа санын анықтау,

ЭКГ,ЭЭГ.

1.Кардиальды синкопе- ЭхоКГ, мониторинг ЭКГ, АД,велоэргометрия.

2.Нейрогенді синкопе-Тилт-тест,массаж каротидного синуса.

3. Ортостатическое синкопе- Проба Шеллонга, проба 30 минутным стоянием, тәуліктік мониторинг АҚ.

4. Қантамырлық-церебральдық естен тану- УЗДГ, МРТ,КТ бас миының, мойын аймағының рентгенографиясы, ангиография.

5. Эплептикалық ұстама- видео-ЭЭГмониторирование, бас миын МРТ, ЭЭГ

6. Психикалық припадки- Психологиялық тесттер, психитар тексеру.

 

Этиология:

1 Жүрек қан тамыр жүйесінің бұзылысы

2.Қан тамырларда бітеліп қалу

3. басқада себептерден ес жоғалту (гипогликемия, эпилепсия,истерия)

ЕМІ: 40-60 мл 40 % глюкоза гипогликемия ушін

-0,5-1,0 мл 0,1% атропин сульфаты (брадикардия үшін)

-глюкокартикоиды(бүйрек жетіспеушілігінде)

-Алғашқы көмек науқасқа салқын су бүркіп, мұрына спиртке батырылған мақтаны жақындату керек, таза ауаның келуін қамтамасыз ету, шалқасынан жатқызу, басы аяғынан төмен болу керек ол ушін аяғының астына киім бүктеп қояды,аяғын жылытқышпен жылытады.

20 билет

1 сұрақ: Құрылысы:

есту мүшесі - құлақ. Құлақ 3 бөлімнен тұрады: сыртқы, ортаңғы. және ішкі құлақ.

1. Сыртқы. құлаққа құлақ қалқаны, мен сыртқы дыбыс жолы жатады. Құлақ қалқаны ауадағы дыбыс тербелістерін құлақтың ішіне бағыттайды. Сыртқы дыбыс жолдарының ішкі шеті жұқа, тығыз, керілген дабыл жарғағымен бітеді. Сыртқы дыбыс жолдары арқылы дыбыс толқындары дабыл жарғағына, содан соң ортаңғы құлаққа өтеді. Дабыл жарғағы сыртқы құлақты ортаңғы құлақтан бөліп тұрады.

2. Ортаңғы. құлақ дабыл жарғағынан кейін басталады, ол самай сүйегінің ішінде орналасқан. Ортаңғықұлақтың ішінде ауа болады. Ортаңғы құлақ қуысы есту түтігі арқылы жұтқыншақпен жалғасады. Адамесінегенде, жұтынғанда есту түтігінің өзегі жұтқыншаққа ашылады, жай уақытта жабық болады. Ортаңғы құлақтың қуысында бірімен-бірі буын арқылы байланысқан 3 дыбыс сүйекшелері (балғашық, төс, үзеңгі) орналасқан. Үшеуін косқандағы салмағы шамамен 0,05 г. Сүйекшелердің сырты сілемейлі қабықшамен қапталған. Балғашық, төс, үзеңгі деген атаулар пішіндері осы заттарға ұқсайтындықтан қойылған. Балғашық сүйегінің жіңішке шеті дабыл жарғағымен бітісіп кеткен. Жуандау шеті буын арқылы төс сүйекшесімен, ол үзеңгі сүйекшесімен қозғалмалы байланысады. Бұл сүйекшелер ортаңғы құлақтың қуысы арқылы дыбыс толқынын өткізеді. Дабыл жарғағының тербелісі алдымен осы үш сүйекке, содан соң ішкі құлаққа беріледі. Ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосфера қысымымен бірдей. Қысым кенеттен төмендеп немесе жоғарылап кетсе, құлақ бітеліп уақытша естімей қалады (әсіресе бұл ұшқанда байқалады). Мұндай жағдайда жиі-жиі жұтыну керек. Адам жұтынғанда ортаңғы құлақ куысындағы қысым атмосферадағы ауа қысымымен теңеседі.

3. Ішкі құлақтағы куыстар мен иірім өзекшелерден тұратын күрделі жүйені шытырман (лабиринт) деп атайды. Мұндағы шытырманның сыртқысы - сүйекті, ал ішкісі - жарғақты шытырман деп аталады. Шытырмандар - есту мен тепе-теңдік мүшелері. Сүйекті шытырманның ішінде жарғақты шытырман орналасады. Жарғақты шытырманның қабырғалары жалпақ эпителиймен қапталған жұқа дәнекер тақташадан (пластинка) түзілген. Жарғақты шытырманның ішінде лимфа сұйықтығы болады. Оралма тәрізді ширатылған ұлу-дене - есту мүшесі. Бұл ұлудененің куысы сұйықтыққа толы болады. Ұлуденедегі сезімтал жасушалар дыбыс толқынынкабылдап, козуды есту жүйкесіне өткізеді. Қозу есту жүйкесі арқылы ми қыртысының самай бөлігіндегі есту орталығына жеткізіліп, талданып жинақталады.

Бас айналу ішкі органдардың, жүйке жүйесі ауруларының, сондай-ақ токсикоз бен инфекцияның белгісі болып табылады. Орта және ішкі құлақтың қабыну процесінен, атеросклероздан, гипотения, гипертония ауруларынан, ми мен мишықтың ісінуінен, бас сүйегі жараланғанда, сақинасы ұстағанда бас айналады. Бас айналу – жүрек-тамыр ауруларының негізгі белгісі. Гипотония ауруы бар адамдар жатқан жерінен тік тұрғанда немесе басты алға және төмен иген кезде басы айналады. Ол көбінесе гипертония ауруының, әсіресе, ми криздерінің симптомы. Ал үйреншікті бас айналу ұстамалы немесе криз түрінде пайда болып, бірнеше сағатқа созылады. Мұндайда бас бір жағына қисайып, көз ауырады, кейде құлақ шулап, есту тосаңдайды.

Ми тамырларының склерозы кезінде бас айналуымен қатар ұйқы қашып, адам меңзең болады. Бұл – вестибулярлық аппаратты қоректендіретін тамырлары қанмен жабдықталудың бұзылғаны, демек, ол қалыпты қызметтен қалады. Құлақ ауырғанда пайда болатын бас аурулардың біршама ерекшеліктері бар: орта құлақтың созылмалы іріңді қабынуы өршімеген кезде бас айнала қоймайды, бірақ ауру қозып, ірің көп аққанда құлақ шулап, мүкістенеді. Дерт асқынған кезде науқас адамға айналадағы заттар айналып тұрғандай немесе шыңырауға құлап бара жатқандай сезім пайда болады. Мұндайда науқасты маман дәрігерге көрсету керек. Дерт қатты меңдеген кезде ауруды жатқызып, оны мүмкіндігінше мазаламаған жөн. Ішкі құлақ немесе орталық жүйке жүйесі ауырдыау деп күмәнданған жағдайда тиісті маман дәрігерге дереу көрсеткен жөн.

 

2 сұрақ:

Неврологиялық қызметті жетілдіру үшін диагностикалауды қамтамасыз ету, стационар алмастырушы технологияларды белсене ендіру, неврологиялық бөлімшелердің мүмкіндіктерін барынша тиімді пайдалану және қайталама инсульттар қауіп-қатерін төмендету үшін сапалы оңалту шараларын жүргізу жоспарлануда. Неврологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің стандарттары әзірленіп ендірілетін болады

Скринингтік тексерулер динамикалық бақылаумен және сауықтырумен бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК ұйымдары) көрсететін мынадай денсаулық сақтау ұйымдары жүзеге асырылады:
1) қала халқы үшін – қалалық емханалар, дәрігерлік амбулаториялар, ведомстволық медициналық-санитариялық бөлімдер мен меншік нысанына қарамастан емханалар;
2) ауыл халқы үшін – медициналық пункттер, фельдшерлік-акушериялық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар, аудандық емханалар, сондай-ақ мобильдік бригадалар (арнайы автокөлік пен темір жол көлігі базасындағы жылжымалы медициналық кешендер (поезд));
8. БМСК ұйымдары:
1) қызмет көрсету аумағындағы тіркелген халықты есепке алуды жүзеге асырады, скринингтік тексеруге жататын адамдардың нысаналы тобын қалыптастырады;
2) осы тексерулерді жүргізу үшін бейінді медициналық ұйымдармен байланыс пен сабақтастықты қамтамасыз етеді;
3) халықты скринингтік тексерулер қажеттілігі туралы ақпарттандырады;
4) амбулаториялық пациенттің медициналық картасына немесе баланың даму тарихына тексеру нәтижелерін енгізе отырып есептік нысандарды толтырады;
5) бекітілген халық денсаулығын нығайту бойынша іс-шараларды әзірлей отырып, жүргізілген скринингтік тексерулердің ай сайынғы талдауын жүргізеді;
6) скринингтік тексерулердің электрондық базасын қалыптастырады және ай сайын аумақтық медициналық ақпараттық-талдау орталығына жібереді.
9. Әртүрлі жас кезеңіндегі балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексерулер (мамандардың тексеруі, зертханалық және аспаптық зерттеулер) осы Ережеге 1-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылады.
10. Ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерінің нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізуді БМСК аумақтық ұйымдарының мамандары мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарының аумағына шыға отырып, жүргізеді.
11. Мектепке дейінгі балалар мекемелері мен білім беру ұйымдарының медициналық қызметкері (дәрігер, фельдшер немесе мейірбике) ұйымдастырылған мектепке дейінгі балаларды, мектеп оқушыларын, орта-арнайы және жоғары оқу орындарының 18 жасқа дейінгі оқушылары мен студенттерін скринингтік тексерулер жүргізуді жүзеге асырады.
12. Ұйымдастырылмаған мектепке дейінгі балаларды скринингтік тексерулер бекіткен жері бойынша БМСК ұйымдарында жүргізіледі.
13. Балалар үйінде, сәбилер үйінде, мектеп-интернаттарда, мамандандырылған интернаттарда, жеткіншектер үйлерінде скринингтік тексерулер жылына екі рет өткізіледі.
14. Жаңа туған нәрестелер мен ерте шақтағы балаларға есту бұзылуларын анықтауға скринингтік тексерулер Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5825 тіркелген «Ерте шақтағы балалардың есту бұзылуларының скринингін және диагностикалауды ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2009 жылғы 28 қыркүйектегі № 478 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.
15. Үш-төрт ай аралығындағы балаларға айғақтары бойынша сан-жамбас буындарының дисплазиясын және жамбастың туа болған шығуын ерте анықтау мақсатында сан-жамбас буындарын ультрадыбыстық зерттеу жүргізіледі.
16. Балалар мен жасөспірімдерді скринингтік тексеру аяқталғаннан кейін бейінді мамандардың қорытындысы мен зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, педиатр дәрігер, жасөспірімдер дәрігері, жалпы практика дәрігері мынадай «денсаулық тобын» анықтай отырып балалардың денсаулық жағдайын кешендік бағалау жүргізеді:
I топ – дені сау балалар;
II топ – дені сау, бірақ функциялық және кейбір морфологиялық ауытқулары бар, сондай-ақ жіті және созылмалы ауруларға қарсы тұру қабілеті төмен, қауіп факторы бар балалар.
III топ – организмінің функциялық мүмкіндіктері сақталған, компенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;
IV топ - организмінің функциялық мүмкіндіктері төмен, субкомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар;
V топ - организмінің функциялық мүмкіндіктері айтарлықтай төмендеген, декомпенсация жағдайындағы созылмалы аурумен ауыратын балалар.
17. II, III, IV, V топтарына жататын балалар БМСК мамандарының немесе тиісті бейін мамандарының динамикалық бақылауы мен сауықтыруына жатады.
18. Балалардың нысаналы топтарын скринингтік тексерулер нәтижелері Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 тіркелген «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (бұдан әрі – 907 бұйрық) бекітіліген баланы профилактикалық медициналық тексерудің (скринигтің) (025-07/е нысан) статистикалық картасына енгізіледі.
19. Әрбір балаға скринингтік тексеру нәтижесі бойынша медицина қызметкері денсаулық тобын, физикалық және нервтік-психикалық дамуын бағалауды, көру мен есту жітілігін, дене шынықтыру тобы (негізгі немесе арнайы топ) бойынша ұсынымдарды көрсете отырып, эпикриз бен қорытындыны ресімдейді.
Балаларды скринингтік тексеру нәтижелері (эпикриз бен қорытындының көшірмелері) міндетті түрде ата-аналарға хабарланады.
20. Әртүрлі жас кезеңіндегі ересектердің нысаналы топтарын с ринингтік тексерулер (мамандардың тексеруі, зертханалық және аспаптық зерттеулер) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексерулер жүргізудің кезеңділігіне сәйкес жүзеге асырылады.
21. Ауруларының бейіні бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар осы скринингтік тексерулерге жатпайды.
22. Қосымша диагностикалық зерттеулер мен мамандардың бейінді тексерулері айғақтар бойынша жүргізіледі.
23. БМСК ұйымдарының медицина қызметкерлері ересектердің нысаналы топтарын скринингтік тексерулердің нәтижелері амбулаториялық пациенттің профилактикалық медициналық тексерудің (скрининг) статистикалық картасына енгізіледі (025-08/е нысан).
24. Скринингтік тексеру аяқталғаннан кейін БМСК ұйымдарының/БМСК ұйымдарының профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек бөлімшелерінің дәрігері бейінді мамандардың қорытындысы және зертханалық-диагностикалық зерттеулерді ескере отырып, ересектерді мынадай «динамикалық бақылау топтарына» бөледі:
1) қауіп факторынсыз дені саулар – қандайда бір шағым жасамайтын және анамнезінде және тексеру кезінде созылмалы ауруы, қауіп факторы немесе жекелеген органдары мен жүйелерінің бұзылулары анықталмаған тұлғалар – IА диспансерлік топ (бұдан әрі – Д-IА);
2) қауіп факторы бар дені саулар – бақылауды және профилактикалық араласуды қажет ететін «шекаралық» жағдайындағы, қауіп факторлары анықталған (ағзаның функциялық қызметіне әсер етпейтін артериялық қысым өлшемдерінде және басқа да физиологиялық сипаттамаларында белгіленген норма шегінен аздаған ауытқулары анықталған) тұлғалар – IБ диспансерлік топ (бұдан әрі - Д-IБ);
3) іс жүзінде дені саулар – анемнезінде жіті және соңғы бірнеше жыл бойы қабынусыз келген созылмалы аурулары бар тұлғалар – II диспансерлік топ (бұдан әрі - Д-II);
4) науқастар – емдеуді қажет ететін тұлғалар – III диспансерлік топ (бұдан әрі - Д- III).
25. Дені сау (Д-IА, Д-IБ) және іс жүзінде дені сау ересектерге (Д-II):
Осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес кезеңділікке сәйкес БМСК ұйымдарында кейін скринингтік тексерулер жүргізу;
БМСК ұйымдары мен саламатты өмір салты қызметінің салауатты өмір салты кабинеттеріне, бейінді денсаулық мектептерге, темекіге қарсы орталыққа, жастар денсаулығы орталықтарына сауықтыру үшін жіберу ұсынылады.
26. Скринингтік тексерулер барысында анықталған созылмалы аурулары және/немесе жекелеген жіті аурулары бар тұлғалар диспансерлік есепке алынуға және денсаулықтарын нығайту мен қалпына келтіруге бағытталған, кейіннен сауықтыру және де оларға кешенді медициналық, әлеуметтік, денешынықтырулық-сауықтырулық іс-шараларын өтізу арқылы диспансерлік бақылауға жатады.
27. Балалар мен ересектерді скринингтік тексерулер жүргізудің кезеңділігі осы Ережеге 3-қосымшаға сәйкес Скринингтік тексерулерді жүргізу кезеңділігінің алгоритміне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының "Денсаулық жүйесі туралы" Заңын іске асыру және ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) ауылдық медицина ұйымдарының: емхананың, фельдшерлік-акушерлік пункттің, фельдшерлік пункттің, ауылдық немесе отбасылық дәрігерлік амбулаторияның қызметі туралы ереже;
2) ауылдық медицина ұйымдары үшін медициналық жабдықтар мен медициналық мақсаттағы бұйымдармен жарақтандырудың ең аз нормативі бекітілсін.
2. Облыстық денсаулық сақтау басқармаларының (департаменттерінің) басшылары (келісім бойынша):
1) ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмек (бұдан әрі - БМСК) көрсететін медициналық ұйымдардың қалыптасқан желісі мен құрылымын сақтауды және Қазақстан Республикасы Президентінің "Халық денсаулығы" мемлекеттік бағдарламасы туралы" 1998 жылғы 16 қарашадағы N 4153 Жарлығына және "Ауыл халқына бастапқы медициналық-санитарлық көмекті жақсарту жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі N 472 қаулысына сәйкес олардың дамуын қамтамасыз етуді ұсынсын;
2) 2003-2004 жылдары ауылдық дәрігерлік амбулаториялар мен ауылдық учаскелік ауруханаларды, ал 2004 жылы аудандық емханалар мен диспансерлерді мемлекеттік мекемелер мәртебесіне ауыстыру мүмкіндігін қарастырсын;
3) БМСК жалпы практикалық/отбасылық медицина дәрігерлері және қызметкерлерін үздіксіз оқыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлесін;
4) 2005 жылдың 1 қаңтарына дейін халық денсаулығы паспортының электрондық базасын жасасын;
5) осы бұйрықтың 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес ауылдық медицина ұйымдарын медициналық жабдықтармен, медициналық мақсаттағы бұйымдармен және санитарлық автокөліктермен жарақтандыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді.


Дата добавления: 2015-11-04; просмотров: 62 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
15. ГАТТ и ВТО: общее и особенное | Самостійна робота 1 з теми Інтерфейс системи Windows

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.01 сек.)