Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.1 Кәсіп орынның шаруашылық қызметімен танысу .



 

 

Мазмұны

Кіріспе..................................................................................................

 

1 Жалпы бөлім..................................................................................

 

1.1 Кәсіп орынның шаруашылық қызметімен танысу...................

 

1.2 Бухгалтерлік есепті құрастыру негіздері.................................

 

2 Қаржылық есеп..............................................................................

 

2.1 Ақша қаражаттарының есебі.......................................................

 

2.2 Міндеттемелер есебі.....................................................................

 

2.3 Еңбек және еңбекақы есебі...............................................

 

Қорытынды.........................................................................................

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі....................................................

 

Қосымша............................................................................................

 

 

 

Кіріспе

Бухгалтерлік есеп — заңды тұлғалардың қорлары мен қор көздерін және қаржы айналысын, шаруашылық операцияларының мазмұнын нақты құжаттар негізінде үздіксіз және өзара байланысын сақтай отырып, арнайы өлшеу бірлігімен тіркеп отыру. Бухгалтерлік есеп жүргізу құжаттау мен түгелдеу, есепшоттар мен екіжақты жазу, бағалау мен өзіндік құнын шығару, баланс пен қорытынды есеп әдістеріне негізделген.Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік баланс жасау арқылы қорытындыланады. Бухгалтерлік есеп жүргізудегі басты құрал — есепшоттар жүйесі. Онда заңды тұлғалардың әрбір есепшоты нөмірленген. Бухгалтерлік есеп көрсеткіштері (мәліметтері) бухгалтерлік балансжасау арқылы қорытындыланады.Бухгалтерлік есеп–есеп теориясы, қаржы мен өндірістік есеп, салықтық есеп болып бөлінеді.

Мен Снабекова Гулбану УА-311к1 тобының студенті өз іс тәжірибемді 26.02.2015-30.02.2015 аралығында «Мирас» колледжінде өттім,мекен-жайы Шымкент қаласы, Ғ.Иляева көшесі, 3. Жалпы оқу тәжірибенің мақсаты теориялық білімдердің тәжірибе жүзінде күнделікті қолдана отырып одан әрі жетілдіру болып табылады. Іс тәжірибе базасы ретінде «Мирас» колледжі алынды. Іс тәжірибе мақсаты, «Мирас» университетінде әрі қарай тереңдетіп, нығайтып алған білімді және бухгалтерлік есеп, субъекттің қаржы- шаруашылық қызметін талдау және аудитті ұйымдастыру мен техникасы жөнінде қажетті тәжірибе жинақтау. Іс тәжірибе барысындағы студенттің міндеттері:



1. Кәсіпорын құрылымымен, құрамымен, мамандырылған салаларымен және негізгі өндірістік функцияларымен, басқармалық бөлімшелерімен танысу.

2. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуын, талдауын, аудитін, оның ішінде: есеп саясатын, бухгалтерлік есеп формаларын; автоматтандырылған есеп жүйесін, бастапқы құжаттарды, құжаттар айналымын; аналитикалық есеп формаларын; каржылық есеп беру кұрылымы мен құрамын, оның бекітілуімен талдауын; басқармалық және қаржылық талдауын кәсіпорын бойынша жалпы үйрену.

«Мирас» колледжінің жалпы беру бағдарламасы жеке тұлғаның жалпы мәдениеттілігінің қалыптасуына, қоғамдық өмірге бейімделуіне, мамандық таңдауына және игеруіне, бағыт бағдар беруі үшін негізін қалау бойынша міндеттерді орындауға бағытталады.

 

1. Жалпы бөлім

 

1.1 «Мирас» колледжінің шаруашылық қызметімен танысу

 

«Мирас» колледжі 2005 жылы негізгі қаланған. «Мирас» колледжінің мекен – жайы: Шымкент қаласы, Ғ. Іляев көшесі,3.

Қазіргі уақытта «Мирас» колледжі нарық базарында оз жолын тапқан оқу орны. Негізгі қызмет атқару – экономиканың ғылым мен мәдениеттің түрлі салалары үшін орта білімді мамандар, ғылыми және педагог мамандар даярлайтын, орта білімді мамандар даярлау. Тәлім-тәрбие 14 мамандыққа дейін жүргізеді, мамандықтар тізімі кесте 1 көрсетілді. Колледжде күндізгі бөлім кешкі оқу бөлімдері бар. Оқыту тілдері: қазақ тілі және орыс тілі. «Мирас» колледжінде қазіргі заман талабына сай оқу кабинеттері, оқу залы, компьютерлік сыныптар, 5 бағдарламалық қамсыздандырудың жұмыс бөлмесі, шаштараздыққа арналған 2 зертханалық кабинет, спорт залы, медпункт, асхана және кітапхана студенттерге пайдалануға берілген.

«Мирас» колледжінің кітапханасында 37238 дана ғылыми, анықтамалық, көркем әдебиет оқу құралдары бар. Олардың ішінде әдеби оқулық 5520, оқу әдістемелік оқу құралы 27943, көркем әдебиеттер 3499. Ол оқулықтардың электронды және магнитті тасымалдаушылары 276 түрін құрайды. Ал қалғандары баспаның әр түрлі түрлерінен құралады. Қорда білімге қатысты құжаттардың барлық түрлері бар: кітаптар, журналдар, газеттер; ғыми, оқу, ғылыми-атакты баспалар және т.б. Мирас колледжінің студенттеріне тегін интернет желесі және Cisco желілі технологиясы қызмет көрсетеді.

Шектеусіз Мемлекеттік лицензиясы №0038223

2010ж.- Мүмкіндігі шектеулі балаларды оқыту бойынша тәжірибе өткізілді;

2010ж.- «Жылдың үздык оку орны» дипломымен марапатталып, Оңтүстік Қазақстанның «Алтын көшбасшылары» атағына ие болды; 2012ж.- Мемлекеттік аттестаттаудың сәтті өтті.

«Мирас» колледжінің студенттері көптеген мемлекеттік бағдарламалардың белсенді қатысушыларының бірі болып табылады. Колледж оқытушылары пән апталықын өткізеді. Апталықта студенттер өздерінің пәнге деген сүйіспеншіліктерін диспут, КВН, интеллектуалды шоу, пәндік олимпиала, қалалық, облыстық деңгейде зерттеу бойынша ғылыми мәслихаттарға қатысуымен көрсетеді. Студенттерге көшпелі саяхаттар, түрлі спорт жарыстары ұйымдастырылады. Мирас колледжі Қазақстан және шет ел жұлдыздары қатысқан концерттер ұйымдастырады. Мирастың әрбір мерекесі – керемет ойластырылған қашанда жаңа, тың ойлар және мерекені ұмтылмастай, қайталанбастай етіп жасауға деген ұмтылыстар.

Негізгі қызмет атқару – экономиканың, ғылыми мен мәдениеттің түрлі қалалары үшін орта білімді мамандар, ғылыми және педагог мамандар даярлайтын, орта білімді мамандар даярлау.

«Мирас» колледжі барлық мүлкі (қызмет атқарушы капиталы) айналыстан тыс және айналыстағы активтер болып екіге бөлінеді. Мүліктерді қызмет атқару мерзіміне қарай «негізгі актвтер» және «айналымдағы активтер» деп екіге бөледі. Негізгі активтер негізгі құралдардан, материалдық емес активтерден, қаржылық инвестициялардан, аяқталмаған құрылыстан құралады. Жалпы айналымнан тыс активтер кәсіпорынның материалдық-техникалық базасын жасауға және дамытуға арналады.

Ал айналымдағы активтер кәсіпорынның қызмет атқаруы барысында пайда табуға негізделеді. Соған сәйкес олардың қатарына ақша қаражаттары, қысқа мерзімдік қаржылық салымдар, тауарлы материалдық қорлар, дебиторлық борыштар және тағы басқа активтер жатады.

 

 

1.2. Бухгалтерлік есепті құрастыру негіздері

 

Есеп саясаты- бұл ұйым қаржы есептілігін дайындау және ұсыну үшін нақты қағидаттар, негіздер, келісімдер, ережелер және тәжірбие.

«Мирас» колледжінің есеп саясаты кәсіпорын басшысының бұйрығымен күнтізбелік жыл басталғанға дейн рәсімделуге тиіс. Жыл ішінде есеп саясатында өзгерістер болмайды. Республиканың Заңнамалар мен бухгалтерлікесепті реттеудің нормативті реттеуінде өзгерістер болған жағдайда, меншік иелері ауысып немесе қайта құрылғанда есеп саясатына өзгерістер енгізілуі мүмкін. Оларды есепті жыл басталғанға дейін басшының бұйрығымен рәсімделуі және кейінгі жылдың 1 қаңтарына дейін қолданылады.

Қазіргі жағдайларда бухгалтерлік есепті реттеу тек негізгі нормативті ұйғарымен ғана атқарылады.Есеп жүргізудің жалпы ережелері орталықтанып, белгіленеді, оларды нақтылау мен орындау тетігі әрбір кәсіпорында жасалады және есеп саясатында көрсетіледі.

Осылайша бүгінде Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есебінің дамуына кейбір кедергілер кездесіп отырған жоқ. Бірақ жинақталған тәжірбие мен дәстүрлі ескере отырып, оның кәсіпорындарда қалыптасуы мен дамуына обьективті алғышарттар пісіп жетіледі. Бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу үшін кәсіпорында күнделікті орындалып отыратын барлық операциялардың міндетті түрде үздіксіз құжаттарға жазылып отыратындығы бухгалтарлік есептің басқа ғылымдардан ерекше екендігін алдыңғы тарауларда айтып өткенбіз. Бухгалтерлік құжат деп кәсіпорындар мен ұйымдарда орындалған операцияларды дәлелдейтін және алдағы уақытта орындалатын жұмыстар мен атқарылатын қызметтерге құқық беретін жазбаша куәлікті атауға болады. Жалпы кәсіпорындағы атқарылып жатқан жұмыстың, орындалған тапсырманың үздіксіз,белгілі бір тәртіппен,арнайы үлгідегі қағаздарға жазылып және оған тиісті адамдардың қолдарының қойылуы (қажет болған жағдайда кәсіпорые мен ұйым мөр таңбасының басылуы) құжаттау деп аталады. Сондықтан да құжаттау бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Себебі осы құжаттар арқылы ғана кез келген уақытта кәсіпорын бойынша орындалған жұмыстың, атқарылған қызметтің қай мерзімде жасалғанын және оған қандай мөлшерде шығын жұмсалғанын дәлелдеуге болады. Құжат кәсіпорындағы орындалған шаруашылық операцияларына сәйкес үздіксіз толтырылып,олардың мазмұнын толық ашып көрсетеді және ол бухгалтерлік есептің негізі болып табылады. Бухгалтерлік құжат-кәсіпорындағы шаруашылық операциялардың орындалғанын растайтын немесе оны орындауға заңды түрде құқық беретін жазбаша куәлік. Орындалған шаруашылық операцияларын бастапқы құжатқа түсіруді бухгалтерлік есеп теориясында алғашқы есеп сатысы деп атайды. Кәсіпорында жүргізілетін шаруашылық құбылыстарының әр түрлі болу себебінен бастапқы құжаттардың нысаны (формасы) бірдей болмайды. Шаруашылық құбылыстары түгелдей бастапқы құжатпен құжатталуы тиіс.Әрбір бастапқы құжатқа орындалған шаруашылық операциясының мазмұны жазылып және белгілі бір көрсеткіштер түсіріледі. Құжат көрсеткіштерін деректемелер деп атайды.Олар міндетті және толықтырушы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есеп шаруашылық процестер мен қаржылық нәтижелер туралы толық әрі сенімді ақпарат тұжырымдау үшін қажет, ал ол өз кезегінде операторлық басқару үшін керк. Сондай-ақ бұл ақпараттарды ішкі және сыртқы ақпараттық пайдаланушылар (кәсіпорынның ішкі қызметкерлері,менедерлер,сонымен қатар сыртқы серіктестер,несие берушілер, инвесторлар,салық,қаржы органдары,өзге де) пайдалана алады.

Ақпаратты мүлікке және оның қозғалысына бақылау жасау үшін, тауарлық-материалдық қорлар(ТМҚ),еңбек жіне қаржы ресурстарын бекітілген норма мен сметаға сәйкес мақсаткерлікпен пайдалануға бақылауды қамтамасыз ету үшін қажет.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруғу қажет.

Кәсіпорынның қаржы шаруашылық қызметіндегі теріс құбылыстардың дер кезінде алдын алуға, ішкі мүмкіндіктерді іздестіруге әрі топтастыруға қажет.

«Мирас» колледжі бухгалтердің қызметтің Қазақстан Республикасының «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру» туралы Заңының 7 бабының 1 тармағына сәйкесі «бухгалтерлік есепті жүргізу үшін мамандандырылған бөлім құруға болады» дегенге сәйкес құрылыс компаниясында бухгалтерия қызметі қызмет атқарады. Бухгалтерия қызметінде 1 адам қызмет атқарады. Бухгалтердің атқаратын қызметтеріне:

- Бухгалтерлік есептегі мүлік, міндеттемелер мен шаруашылық операциялардың есебін жүргізуді орындау. Мысалы, компьютерлік техникаға байланысты негізгі құралдар есебі, тауарлы-материалдық қорлардың есебі, өнім өндіруге кеткен шығындар есебі, сонымен қатар жеткізушілер мен сатып алушылармен есеп айрысу, қызмет көрсетумен байланысты есеп айрысу және т.б операцияларды орындау.

- Қызмет көрсету бойынша алғашқы құжаттарды қабылдау, бақылау жасау және оларды есептілік айналымға дайындау.

- Кәсіпорын жұмысшылары мен қызметкерлеріне еңбекақы есептеу, салық және бюджетке төленетінбасқа да міндетті төлемдерді есептеу, заңға сәйкес жұмысшылардың еңбекақысынан аударымдарды аудару.

- Кредиторларды, инвесторларды, аудиторларды және басқа да бухгалтерлік есептілікті пайдаланушыларды есептің сәйкес бағыттары бойынша нақты әрі сенімді бухгалтерлік аппараттармен қамтамасыз ету.

- Бухгалтерлік құжаттардың сақталуын бақылау, оларды белгіленген ретпен топтастырып архивке жіберу.

- Ақша қаражаттарына және тауарлы-материалдық құндылыұтарға түгендеу жүргізуге қатысу.

 

 

2 Қаржылық есеп

2.1 Ақша қаражаттарының есебі

Ақша қаражаттарына қолма –қол ақша және талап етілімі салымдар жатады. Ақша қаражаттарының эквивалентті – қысқа мерзімді, өтімділігі жоғары салымдар, ақша қаражаттарының белгілі бір сомасына оңай айналатын және аз тәуекелді өзгерістерге ұшырайтын құндылықтар. Олар инвестицияларды немесе мақсаттарды қанағаттандыру үшін емес, ал қысқа мерзімді міндеттемелерді қанағаттандыруға бағытталған. Инвестиция ақша қаражаттарының эквивалетті ретінде жіктеу ушін белгілі бір ақша қаражаттарына оңай айналуы қажет және өз тәуекелді өзгеріске өзгеріске ұшырауы керек.

Мирас колледжінің барлық уақытта бос ақша қаражаттарын банк бөлімшесінде ашылған ағымды, корреспанденттік шоттарда сақтайды. Ағымды, корреспанденттік шоттар бойынша операциялар банкпен ауқытылы және дұрыс рәсімделген құжаттардың: төлемдік тапсырмасы, талап тасһпсырмалары,чектер, қолма –қол ақшалай салымға хабарландыру және т.б. негізінде жүргізіледі.

Субъект шотының ұлттық валютада қозғалысы және бар болуы туралы мәліметтерді қорытындылау үшін «Теңгедей ағымды банктік шоттағы ақша қаражаттары» 1030 шоты арналған. Бұл шоттың дебеті бойынша ақшаның қалдығын және түсімін көрсетеді, ал кредиті бойынша – есеп айрысу шотынан ақшаны есептен шығару.

Жолдағы ақша аударымдарына сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден кассаға алынған, банк бқлімшелеріне салынған, кәсіпорынның есеп айрысу шотына есепке алу үшін инкассаторға берілген, бірақ әлі есепке алынбаған табыс жатады.

Жолдағы ұлттық және шетел валютасындағы ақша қаражаттары туралы мәліметтерді қорытындымен есептеуге 1020 «Жолдағы ақша қаражаттары» шоты арналған.

1020 «Жолдағы ақша қаражаттары» шотының дебеті бойынша жолдағы ақша қаражат сомасының корреспенденциясы 1210 «Кассада теңгедегі ақша қаражаттар», 1020 «Кассада валютадағы ақша қаражаттар» шотының кредитімен 1030,1060 шоттарының дебетінің арнайы тағайындалып есепке алынған сомалар есептент шығарылады. 1030 шоты бойынша сомалардың есепке алудың негізгі банк мекемелерінің, почта бқлімшелерінің квиатанциялары, банк инкассаторларына түсімді беруге арналған құжаттардың көшірмесе жіне т.б. болып табылады.

Мирас колледжі кассадан қолма –қол ақшаны сақтай алады. Кассаға қолма қол ақша есеп айрысу есеп айрысу шотынан ақшалай чек бойынша түседі. Ақшаның түсімі кассалық кіріс ордерімен рәсімделеді, ал беру кассалық шығын мен немесе басқа құжатта рмен рәсімделеді. Кассалық кіріс және шығын ордерлері (КО-4) кассалық кітапта кассалық операциялар есебінің негізі болып табылады. Әр кәсіпорынның нөмірленген, бауланған және мөр қойылған бір ғана кассалық кітабы болады.

Шетел валютасында операциялар жүргізілетін шаруашылық субъектілероларды 1010 «Кассада валютадағы ақша қаражаттар» 1030 «Ағымдағы банктік шотта валютадағы ақша қаражаттары» шоттарында есептеледі. Валюта операцияларын 24.12.1996 жылғы ҚР «Валютаны реттеу туралы» заңы және 20.04.2001 жылы №115 ҚР ҰҚ қаулысымен бекітілген «ҚР-да валюта операцияларын жүргізу ережелері» болып табылады. Резидеттер арасындағы барлық операцялар тек теңгеде жүргізіледі, ал резиденттер мен резидент еместердің арасындағы операциялар шетел валютасында жүргізіле білді.

Ақшадан өзге де ақша қаражаттар құрамында ақша қаражаттар эквиваленттері де (нақты ақша қаражаттар сомасын оңай тартатын және құнының өзгеру тәуекелділігіне алып келетін қысқа мерзімді өтімділігі жоғары салымдар) ескеріледі. Ақша қаражаттар эквиваленттері инвестициялау және өзге де мақсаттар үшін ғана емес, олар қысқа мерзімді ақшалай міндеттемелерді өтеу үшін де қолданылады.Өтеу мерзімі қысқа инвестициялар ақша қаражаттардың эквиваленттері ретінде танылады.Ақша қаражаттардың эквиваленті түрінде қарастырылатын қысқа мерзімді қаржылық инвестицияларды мойындау талаптары бойынша ҚБЕС мен ХҚЕС арасында елеулі айырмашылық бар және олар келесідей: ҚБЕС сәйкес кейбір қаржылық инвестициялар ақша қаражаттардың эквиваленті ретінде қарастырылады, ал ХҚЕС бойынша қарастырылмайды. Ақша қаражаттар құрамына пошта маркалары, іс – сапар шығындарына берілген аванстар, сыртқы қатысушылар мен жұмысшыларына төлемдер енгізілмейді. Кәсіпорындарда күнделікті шығындар үшін шағын касса құрылады. Бұл касса ағымдағы транспорттық, пошталық және кеңсе шығындарын өтеу үшін өте қажет. Шағын касса шоттарындағы қалдық жалпы ақша қаражаттар қалдықтарының бір бөлігі болып табылады және шағын кассаны жалпы касса есебінен толтыру немесе құру кезінде өзгеріске ұшырайды. Ақша қаражаттарының артықшылығы немесе жетіспеушілігі кіріс және шығыс шоттарында көрініс табады. Есепте операцияларды көрсету валютаны айырбастау операцияның күніне нарықтық бағамның көмегімен жіргізіледі. Нарықтық бағам – Қазақстан қор биржасында құоылған шетел валютасына теңгенің орташа салмақталған биржалық бағамы. Нарықтық бағамның өзгеруіне байланысты бағам айырмашылығы туады. Бағам айырмашылығы – бұл бухгалтерлік есеп жүйесінде нарықтық бағамның өзгерісінде бірлік саны бір шет ел валютасын ұлттық валютада бейнелеудің нәтижесінде пайда болған айырмашылық. Бағам айырмашылығы табыс немес шығын ретінде танылады.

Бағам айырмашылығын есептеуге 6230 «Бағам айырмашылығынан түскен табыс» және 7430 «Бағам айырмашылығынан кеткен шығын» шоттары тағайындалған.

2.2 Міндеттемелер есебі

 

Міндеттеме – белгілі бір құпиятпен қандайда бір нәрсенә орындау немесе атқару не болмаса борыш.

Міндеттеме – өткен кезең жағдайларында пайда болған субъектінің бір қарызы, оны реттеу эканомикалық тиімділігі бар субъектінің ресурстарын жалғастыруға әкеп соғады. Міндеттеменің пайда болуы болашақта ресурстардың жылыстырылуын білдіреді, бұл міндеттеменің орындалу мерзімі субъектінің қаржы жағдайын дұрыс бағалау үшін маңызды, сондықтан ағымды жәнеұзақ мерзімді деп болу қажет.

Ағымдағы міндеттеме егер оны есепті күннен бастап он екі ай ішінде өтеу болжамдалса, ол ағымдағы міндет ретінде жіктеледі.

Ағымдағы міндеттеме келесілерден тұрады.

1. Төлем есептелген шығын;

2. Қысқа мерзімді несиелер және овердрафт;

3. Төлемге векселдер мен шоттар;

4. Сатып алушылардан және тапсырыс берушілерден алынған аванс;

5. Салық бойынша қарыз;

6. Төлемге девиденттер;

7. Негізгі шаруашылық субъекті мен оның еншілес субъектілерінің арасындағы қарыз.

8. Болашақ кезіндегі табыс.

Төлемге есептелген шығынға есептелген енбек ақы, коммуналдық төлемдер бойынша шығын, кредиторларға тиістілігі, бірақ әлі төленбеген сыйақы мен пайыздар жатады. Кәсіпорынның еңбек ақыны өтеу бойынша қызметкерлермен есеп айрысудың синтетикалық есебі (еңбек ақының синтетикалық жәрдем ақының барлық түрі бойынша), сонымен қатар акциялар және басқа бағалы қағаздар бойынша тапсыруды төлеу 3350 «Еңбек ақыны өтеу бойынша қысқа мерзімді қарыз» шотында жүргізіледі.

Міндеттемелер-бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурсың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді. Міндеттемелер-өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелері болып табылады және қысқа мерзімді(ағымдағы)және ұзақ мерзімді болып бөлінеді.Міндеттемелер егер ұйымның қалыпты операциялық циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса,ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс.Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты мен қолданылатын нысанына қарай әртүрлі талдамалық есеп-карточкалары,ведомостар журнал және т.б.регистрін қолдана алады.Жан-жақты ойластырылған жіне жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелері үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқа мерзімді қарыздары,шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады.Банктің қысқа мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативтік құжаттарға сәйкес беріледі,мысалы,жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең,бірақ 30 күннен аспайды. Салықтар есебі. «Мирас» колледжінің бюджет алдындағы өзінің салықтық міндеттемелерін орындайды. Қазақстан Республикасының Салық кодекісіне сәйкес «Мирас» колледжінің келесі салық түрлерін бюджетке төлейді. Әлеуметтік салық.Әлеуметтік салық – заңды тұлғалардан бюджетке төлейтін салықтарының бірі. Оның басқа салық түрінен ерекшелігі, бұл салықтың мөлшері кәсіпорынның жұмысшылары мен қызметкерлеріне олардың атқарған қызметі мен орындаған жұмысы үшін есептелінетін еңбекақы төлеу қорына тікелей байланысты болып табылады. Яғни бұл салық ұйымның еңбекақы төлеу қорының белгілі бір пайызы түрінде есептілік кәсіпорынның шығындарына қосылып отырады. Бірақта жұмысшылар мен қызметшілерге есептелген еңбекақыдан ұсталмайды. Әлеуметтік салықты төлеушілердің қатарына барлық заңды тұлғалар мен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Әлеуметтік салық салық салу объектісіне, яғни еңбекақы төлеу қорына табыстың барлық түрлері кіреді; оның ішінде әр түрлі сыйақылар, жәрдемақылар және әлеуметтік жеңілдіктер және т.б. төлемдер. Шаруашылық жүргізуші ұйымдарда әлеуметтік салық ағымдағы айдың еңбекақы төлеу қорының заңда қаралған пайызы мөлшерінде есептеледі де,келесі айдын 15- нен кешіктірілмей төленуі тиіс. Заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы.Есепті жылда салық салынатын табыстары бар заңды тұлғалар табыс салғын төлеушілер болып табылады. Табыс салығын төлеушілер қатарына заңды тұлғалар, олардың филиалдары және оқшауланған бөлімшелері кіреді. Әрбір салық төлеуші, яғни жыл бойы кіріс өткен сомаларының жиынтығына сатылған немесе өткізілген өнімдер, атқарылған жұымыс мен көрсетілген қызметі және басқа да қаражаттары, сондай-ақ сатып алушылардан алуға тиісті сомалардың есебінен өзара есеп айрысу ретінде үшінші тұлғаларға жіберілген немес тікелей не болмаса жанама шығындарды өтеуге жіберілген қаржылар жатады.

Салық салынған табыстардың және одан шегерілетін шегерімдер мен жеңілдіктердің құрамы, сондай-ақ алынатын табыс салығының мөлшері салық кодекісінде құралады.

Салық төлеуші кәсіпорын тиісті салық органына «заңды тұлғаның салық салынатын табымсының деклорациясын ұсынуға тиіс.

Кейінге қалдырылған корпартивтік табыс салығының есебі.

Бухгалтерлік есепте табыстың (зиянның) сомасы бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес анықталған табыс пен шығындардың айырмасынан құралады. Салық салынатын табыстың сомасы салық заңына сәйкес анықталады. Салық заңы талаптарынан өзгешілігі бар. Осының негізінде бухгалтерлік есепте анықталған табыс пен салық салынатын табыстың арасында айырмашылық пайда болады. Бұл айырмашылық пайда болу есептеріне байланысты тұрақты немесе уақытша болып бөлуһінеді.

Тұрақты айырмашылықтың пайда болу себебі, бухгалтерлік табысты анықтау барысында есепке алынатын табыс пен шығындардыңкейбір бөлігі салық салынатын табысиы санағанда есепке алынбайды. Тұрақты айырмашылықтар қатарына мыналар жатады:

· Валюталық шоттар мен шетел валютасы бойынша туындаған бағамдық айырмашылық;

· Бюджетке төленетін айыппұл ықпалшылары (санкциясы);

· Кәсіпкерлікпен байланысты емес шығындар;

· ҚР Үкіметі белгіленген шектен артық мөлшерде төленген іссапарлық, өкілдік және т.б. шығындар.

Уақытша айырмашылықтың пайда болу себебі есеп беретін кезеңде есептелген бухгалтерлік табыстар мен шығындардың кейбір баптар бойынша сомасы осы кезеңдегі салық салынатын табыстарды анықтарды есепке алынбай келген кезеңдердегі салық салынатын табыстардың құрамына кіргізіледі. Сөйтіп, есеп беретін кезеңдегі пайда болған уақытша айырмашылық келешектегі есеп беретін мезгілде күшін жояды.

Уақытша айырмашылық мыналардың нәтижесінде пайда болады:

· Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде табыстар мен шығындарды мойындау уақытын белгілеу тәсілдемесінің айырмашылығынан (бухгалтерлік есепте- есептеу принципі, ал салық есебінде – кассалық әдіс бойынша);

· Бухгалтерлік есеп пен салық есебінде амортизациялық айырымды есептегенде әр түрлі әдістерді қолданудан;

· Негізгі құралдарды бухгалтерлік есептен шығарудан болатын айырмашылықтан және т.б.

Бухгалтерлік және салық есептерінің талаптарынлөндағы өзгешіліктер нәтижесінде пайда болған айырмашылықтар «Кейінге қалдырылған корпараивтік табыс салығы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл пассивті шот болғандықтан кейінге қалдырылған салық сомасы өскенде бұл шот кредиттеліп, ал азайғанда дебеттелінеді. Кейінге қалдырылған салық сомалары бұл шотта өздерінің түрлері бойынша бөлек есептеледі.

Қосылған құнға салынатын салық.

Қосылған құнға салынатын салық тауарларды өндіру, жұмысты орнату немес қызмет көрсету және олардың айналасы барысында қосылған құн өсімінің бір бөлігін аудару, сондай –ақ осы елге тауарлар импорты кезіндегі аударым болып табылады. Қосылған құнға салынатын салық «Қосылған құнға салынатын салық» шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот болғандықтан кредитіне салынатын салық сомасы, ал дебетіне бюджетке аударылған және субъектінің жабдықтаушыларға тиісті түрде рәсімделген салық шоты бойынша төлеген сомалары жазылады. Бюджетке төленуге тиісті қосылған құнға салынатын салық өткізілген өнім, орындалған жұмыс немесе көрсетілген қызмет үшін есептелген қосылған құнға салынатын салықтың сомасы мен сатып алынған тауарлар, материалдар мен жабдықтаушылардың көрсеткен қызметі, орындаған жұмысы үшін төленген қосылған құнға салынатын салық сомаларының арасындағы айырма ретінде айқындалады. Қосылған құнға салынатын салық мөлшері Қазақстан Республикасының салық заңында белгіленеді.

Жеке тұлғалардан ұсталатын табыс сығы.

Есепті жыл бойы салық салынатын табысқа ие болған жеке тұлғаоар салық төлеушілер болып табылады. Жеке тұлғалардың жылдық жиынтық табысына еңбекақы т.рінде алынатын табыстар, кәсіпкерлік қызметпен алынатын табыстары, жеке тұлғалардың мүліктік табыстары және т.б. табыстары кіреді.

Жеке тұлғалардың ьүліктік табысына тек қана активтің келесі түрлерінің құндарынң инфляцияға байланысты түзетуді есепке ала отырып өткізуден түскен құнның өсімі жатады: салық төлеушінің тұрақты тұратын жері болып табылмайтын, жылжымайтвн мүліктің, бағалы қағаздардың, заңды тұлғаларға және басқа материалдық емес активтерге қатысу үлесінен, шетелдік валюталан, асыл тастар және асыл металдар бар басқа да бұйымдардан,өнер туындылары мен антикварианттардан. Жеке тұлғалардың салық төлейтін табыстаның құрамы салық кодекіснде құралады.

Табыс салығының мөлшерін ай сайын бір қалыпты ұстау үшін салық салынатын табыстың есепті сомасы мен одан ұсталатын табыс салығының сомасы есептелетін айлардың санын білдіретінт сан мәні бар бірлікке 12 санның қатынасын көрсететін қайта есептеу көрсеткіші белгілеген. Мердігерлік шарт бойынша жұым істейтін тұлғаларға төленетін төлем, сондай-ақ бір жолғы төлем түрінде берілетін басқа да төлемдерден салық ұстау кезінде бұл есептеу көрсеткіші қолданылмайды.

Акциздік салықтар.

Акциздік (жанама) салық дегеніміз – сатылатын тауардың бағасына қосылатын, сатып алущы төлейтін салық болып табылады. Акцияздік салық салынатын тауарларға Қазақстан Республикасының аумаұында шығарылатын немесе Қазақстан Республикасы аумағында импортталған тауар, яғни спирттің барлық тірлері, темекі өнімдері, құрамында темекісі бар басқа даөнімдер және күнделікті қолданылмайтын басқа да тауарлар жатады.

Қазақстан Республикасы аумағында акцизделуге жптптвн тауарларды өндіретін немесе тиісті тауарларды импорттайтын немес Қазақстан Республикасы аумағында ойын бизнесін жүзеге асыратын барлық заңды тұлғалар акциз салығын төлеушілер болып табылады.

Кәсіпорындар мен ұйымдар бұл жоғарыда айтылған салықтардан басқа да өзінің меншігіндегі жерге, көлік құралына және мүкіне заңда бекітілген мөлшерде салық төлеп тұруы тиіс.

Сондай-ақ «Бюджетке төленетін басқадай салынатын салықтар мен алымдар» шотынлда ҚР заңдарында қаралған басқадай салықтар, алымдар мен міндетті төлемдер есептеледі. Бұл айтылғандардың қатарына:

· Шығарылған бағалы қағазларды тіркеу алымы;

· Жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдері мен салығы және т.б. жатады.

Салықтардың, алымдар мен міндетті төлемдердің түрлері, мөлшері және олардың төлеу тәртібі Қазақстан Республикасы заңданыда қаралады. «Бюджетпен басқа есеп айрысу» шотының кредитіне тиісті шығындар есептелетін шоттардың дебетінен есептелген салық, алымдар мен міндетті төлемдер сомасы, ал бұл шоттың деббетіне тиісті төлем төленген шоттардың крелитінен төленген сомалары жазылады.

 

2.3 Еңбек және еңбекақы есебі

Қызметкерлердің (жұмысшылардың) еңбегі өндіріс процесінің, тұтынушылардың және өндірілген өнімнің құрама бөліктері болып есептелінеді. Жұмысшылардың өнім өндіруге жұмсалған қызметі еңбекақымен бағаланады. Осыған орай, кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі.Кез келген кәсіпорындар мен ұйымдардағы жұмыстарды орындап, қызметтерді атқарып жүрген адамдардың еңбегін дұрыс бағалап, олардың сіңірген еңбегіне қарай әділ еңбекақы төлеу қай кәсіпорынның болмасын күрделі мәселелерінің бірі және осы жұмыстарды атқаруда бүхгалтерлік есептің рөлі өте зор. Міне, сондықтан да ұйымның міндеттемелерінің бірі болып табылатын қызметкерлер мен еңбек ақы бойынша есеп айырысу тақырыбы өз алдына бөлек тарау болып қарастырылатындығы осыдан.

Еңбек пен еңбекақы есебінің негізгі міндеттері:

· Өндірілетін өнімдер мен істелетін жұмысқа кеткен еңбек пен оған төленетін еңбекақы мөлшерін дұрыс анықтау;

· Еңбек өнімділігінің өсімін бақылау;

· Жұмсалған еңбектің саны мен сапасын бақылау;

· Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеу үшін еңбекақы қорына, қоғамдық тұтыну қорынан және т.б. қорлардан бөлінетін қаржыларды бақылау;

· Жұмысшы және қызметкерлермен бірге уақытында дұрыс есеп айырысу.

· Өндіріске жедел басшылық жасау үшін тиісті мәліметтер алу;

· Еңбек және еңбекақы жайында статистикалық және бухгалтерлік қорытынды есеп беру.

Сонымен қатар, еңбек пен еңбекақы есебін ұйымдастыруды одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:

· Еңбектің өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемі ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.

· Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.

· Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін жұмыстағы жетістіктермен тығыз байланыстыра отырып дұрыс қолдану.

· Еңбек пен еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру мен жеңілдету.

Еңбек ақы есебінің маңызды элементі болып еңбектің күрделілігіне жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай жұмыстың әр түріне кететін жұмыс уақытының мөлшерін анықтау болып саналады. Жұмыстың күрделілігіне қарай еңбек ақының мөлшері тарифтік жүйеде қаралады. Тариф мөлшерлемесін және бюджет сферасындағы еңбеккерлердің қызмет иесінің (лауазымды адамның) айлығын белгімеген кезде жалақының минималды деңгейін және біріңғай тариф кестесін пайдаланады. Бірыңғай тариф кестесі еңбекақының 21 разрядының негізінде құрылады және әрбір разряд үшін өзіндік тариф коэффиценті белгіленеді. Тариф жүйесінің негізгі элементтері болып мыналар табылады:

· Тарифтік кесте;

· Тарифтік еңбекақы мөлшері;

· Тарифтік мамандық анықтамалар;

Осыларға негізделіп жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақы мөлшерінің үлгілі кестесі жасалады. Тариф жүйесінің көмегімен жұмыстың барлық түрі күрделілігіне және көп еңбек сіңіруді қажет ететіндігіне қарай топтастырылады және жұмысшылар мен қызметкерлердің мамандық дәрежесіне қарай оларға тариф бойынша әр түрлі еңбекақы мөлшері белгіленеді. Тарифте мамандықтар бойынша өндірістің қай саласында болмасын негізгі жұмыстың әрбір түріне, жұмыстың күрделілігімен қаншалықты еңбек етуіне керекті ұқыптылық пен жауапкершілікке қарай берілген разрядтар көрсетіледі. Сонымен қатар тарифте әрбір атқаратын жұмыстың нақты түрлеріне мінездеме беріледі және жұмысшылар мен қызметкерлердің өзіне берілген разрядқа ие болуына керекті еңбек дағдысы мен біліміне де мінездеме беріледі.

Тарифтік кестеде- жұмысшылар мен қызметкерлердің әрбір топтарының арасында төленуге тиісті еңбек мөлшерінің арақатнасы айқындалады. Тарифтік кестеде: тарифтік еңбекақы (сағаттық, күндік, айлық) осы өндіріс саласында өте қарапайым және жеңіл бірінші дәрежелі болып саналатын жұмысқа төленетін мөлшерде бекітіледі. Жоғары дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшерімен осы қарастырып отырған дәрежелі еңбектің арақатнасының тарифтік коэффициентін, бірінші дәрежелі еңбекке төленетін еңбекақы мөлшеріне көбейту арқылы анықталады.

Тарифтік кестеде тарифтік еңбекақы жұмыстың түріне қарап кесімді және мерзімдіеңбекақы болып екіге бөлінеді.

Тарифтік мерзімді еңбекақы мөлшері бір сағатқа белгіленеді. Кесімді еңбек бағасы белгілі тарифтік баға ьойынша бір сағатқа белгіленген немесе бір сағатқа тиісті еңбекақы мөлшерін сол сағатта өндірілген өнім көлеміне, орындалған жұмыстың мөлшеріне бөлу арқылы табылады немесе бір өнімге кеткен уақытқа көбейту арқылы табылады. Уақыт мөлшері мен өндірілетін өнім мөлшері, көлемі, барлық өндіріс саласында техникалық мөлшерлеу процесін жүргізу кезінде анықталады.

Еңбекақының түрлері мен нысандары. Жалпы жұмысшылар мен қызметкерлерге есептелетін еңбекақы негізгі жәнеқосымша деп аталатын екі топқа бөлінеді.

Негізгі еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің нақтылы жұмыста болған уақытына, яғни олардың істеген жұмысына, атқарған қызметіне төленеді. Негізгі еңбекақыға мына төмендегі аталғандар жатады:

Мерзімді және кесімді еңбекақы.

Сыйлықтар мен сыйақылар.

Үстеме сыйлықтар.

Қосымша еңбекақыға –еңбек заңына сәйкес шарттарда қаралып белгіленген, жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істемеген, қызмет атқармаған уақытына төленетін төлемдер жатады. Олар:

1. Жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек демалысы үшін төленетін төлемдер.

2. Жұмысшылар мен қызметкерлердің мемлекеттік, қоғамдық жұмыстарды атқарғаны үшін төленетін төлемдер.

3. Жас сәбилі аналарға берілетін демалысқа, баланы тамақтандыру үшін берілетін үзілістерге төленетін төлемдер.

4. Жас өспірімдердің қысқартылған жұмыс уақытына төленетін төлемдер.

5. Жұмысшылар мен қызметкерлердің кінәсінсіз жұмыстың тоқтап қалған уақытына төленетін төлемдер.

6. Тегін көрсетілген немесе тегін берілетін қызметтер мен заттың құны.

7. Жоғары немесе арнаулы оқу орындарында және басқа да мамандығын көтеру курсына жіберілген уақытына байланысты жұмысшылар мен қызметкерлерге төленетін төлемдер.

8. Әскери жиындарға қатысқаны үшін, сондай-ақ демалыс немесе мейрам күндері кезекшілік атқаратын адамдарға төленетін төлемдер және т.б. жатады.

Өндіріс пен құрылыста халық шаруашылығының басқа да салаларында еңбекақы есептеудің және оны төлеудің мерзімді және кесімдідеп аталатын екі нысаны қолданалады.

Мерзімді еңбекақы жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмыс істеген уақтына сағаттық немесе күндік еңбекақы мөлшері бойынша өнім өндіргені немесе өндірмегеніне қарамастан, яғни оның жұмыста болған уақтына төленеді.Мерзімдік еңбекақы өндірген өнімі мен істеген жұмысын мөлшерлеуге болмайтын, яғни атқарған жұмысының көлемі мен санын анықтау мүмкін емес болып есептелетін инженерлік- техникалық жұмыстағы жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы төлеуге негізделген.

Мысалы: Автоматтандырылған өндірісте машина жөндейтін жұмысшылар мен қызметкерлерге, ұйымның басшыларына, қаржы мен есеп бөлімінің қызметкерлеріне т.б. Мерзімдік еңбекақының төмендегідей түрлері бар:

Мерзімді сыйлықты.

Жай мерзімді жүйесі бойынша - жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы жұмыс істеген уақтына тарифте немесе штатта көрсетілген мөлшері бойынша төленеді.

Мерзімді сыйлықты - жұмысшылар мен қызметкерлерге олардың тарифте немесе штатта көрсетілген тұрақты еңбек ақысына қосымша олардың өндірген өнімдерінің көлеміне, санына, сапасына және т.б. көрсеткіштердің өсуіне қарай сыйлық беру болып табылады.

Кесімді еңбекақы - жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек өнімділігін өсіруге, өнімді өндіруге кеткен еңбек уақытын қысқартуға ынталандыру мақсатына қолданылады. Еңбекақы есептеудің және төлеудің кесімді түрін қолданғанда жұмысшылар мен қызметкерлерге тиісті еңбекақы, олардың өндірген өнімінің көлемін немесе санын тариф бойынша белгіленген өлшем бірлігіне қарастырылған, яғни белгіленген кесімді бағаға көбейту арқылы табылады. Кесімді баға белгіленген жұмыс уақытында өндірілуге тиісті өнім көлемі мен сапасына негізделіп белгіленеді. Уақыт мөлшері бір жұмысты орындауға керекті, яғни қажет болатын, адам/сағат, адам/күн өлшемінде көрсетілген уақыт болып саналады. Өнім өндіру мөлшері жұмысшылар мен қызметкерлердің белгілі бір уақыт аралығында жасап шығаратын, өндіретін өнімінің санымен немесе көлемімен анықталады.

Кесімді еңбекақының мынадай жүйелері бар:

· Тікелей кесімді;

· Кесімді сыйлықты;

· Үдемелі кесімді;

· Аккордтық;

· Жанама кесімді;

Жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақыны есептеудің тікелейкесімді жүйесі бойынша бір жұмысшының немесе бір бригаданың өндірген өнімінің, істеген жұмысының бәрі тек қана белгіленген еңбек бағасымен есептеледі. Бұл жүйе бойынша еңбекақы мөлшері- бұл құжатта көрсетілген, өндірілген өнімнің санын сол өнімнің бір данасына қарастырылған түр, яғни белгіленген еңбек бағасына көбейту арқылы табады.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді сыйақылар өндірісте өнім өндіруді санымен сапалық жағынан арттығымен орындағаны, өнім өндіру барысында шикізаттар мен материалдарды, отындар мен энергияны үнемді және ұтымды пайдаланғаны үшін оларға төлеуге тиісті еңбекақысына қосымша сыйақы ретінде төленеді. Ұйымдарда немесе оның бөлімшелерінде жұмысшылар мен қызметкерлерге сыйақы төлеу жайлы ереже болуы қажет.

Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлерге кесімді еңбекақыны есептеудің үдемелі кесімді жүйесі бойынша төлем - өнім өндіруге белгілі бір мөлшерден артық көлемде өндірілген өнімдері үшін қосымша сыйақы ретінде төленеді. Бұл жүйе көп жағдайда қиын әрі күрделі, ауыр болып саналатын операциялар мен жұмыстарды орындағандары үшін және еңбек өнімділігін белгілі бір дәрежеден артық орындау қиынға түсетін өндіріс орындарында қолданылады. Жалпы бұл жүйе кез келген ұйымдарда қолданыла бермейді.

Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі ұйымдарда жұмысшылар мен қызметкерлергееңбекақы төлеуде қолданылады. Кесімді еңбекақының бұл жүйесі жоғары сапалы өндірген өнімнің және орындаған жұмыстың санына, көлеміне қарай алдын ала кесімді қоюды қажет етеді. Сондай-ақ бұл жүйе бойынша еңбекақы төлеу үшін алдын ала атқарылатын жұмыстың көлемі мен сапасы анықталуы тиіс. Кесімді еңбекақының аккордтық жүйесі бойынша жұмысшылар мен қызметкерлерге еңбекақы есептеу көбіне құрылыс салушы ұйымдарда, жөндеу жұмысымен айналысатын ұйымдарда және жүктерді тиеп түсірумен айналысатын өнеркәсіп орындарында қолданылады. Бұл жүйе бойынша еңбекақы есептеушаруашылықта жұмысшылар мен қызметкерлер санын қысқартып еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіншілік береді.

 

 

Қорытынды

 

Тәжірбие барысында теориялық білімімді іс-жүзінде іске асыра білдім деген ойдамын. Тәжірбие бойынша бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес кәсіптік біліктілікті жетілдіру мақсатында кәсіпорынның және мемлекеттік мекеменің бухгалтерия бөлімін салыстыра қарастырдым. Мемлекеттік мекеменің кәсіпорыннан айырмашылығы, Қазынашылықтан қаржыландырылады, ал кәсіпорынның қаржыландыру көзі болып кәсіпорынның пайдасы мен кірістері болып табылады. Сонымен, бухгалтерлік есеп бүгінгі таңда басқару жүйесінде маңызды орындардың бірін алады. Ол өндірістің, айналыстың, бүлудің және түтынудың нақты үрдістерін күрсетіп, кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттап, басқарушы шешімдерін қабылдаудың негізі болып табылады

Әр бір кәсіпорын үзінің қызметі барысында сатып алынған тауарлар, күрсетілген қызметтер, орындалған жұмыстар үшін басқа шаруашылық жүргізуші субьектілермен, бюджеттік мекемелермен, бюджеттен тыс қорлармен және т.б. мекемелермен есеп айырысады. Ал, есеп айырысу операцияларының тиімділігі күбіне ақша қаражаттарының бухгалтерлік есебінің жағдайына байланысты. Ақша қаражаттар бойынша есеп айырысу қолма қол және қолма қолсыз нысанда жүреді. Қолма қолсыз ақшаның есебі есеп айырысу шоты, валюталық шот, банктегі арнайы шоттардағы ақша қаражаттар операцияларының есебі арқылы, ал қолма қол ақшалардың есебі касса операцияларының есебі бойынша жүзеге асады. Нарықтық экономика жағдайында шаруашылық субъектінің жұмысын жетілдіру және бақылау үшін бухгалтерлік есепті және аудитті белсенді пайдалану қажеттілігі артып отырғаны белгілі. Демек, бухгалтерлік есеп және аудит шаруашылық қызметі сипаттап қана қоймай, оның дамуына септігін тигізеді. Сондай ақ қазіргі нарықтық экономика кезеңінде бухгалтерлік есепке жүктелетін міндеттер қай кезеңдегіден болмасын күрделі болып отыр. Өйткені, қазір де қоғамдық дамудың жаңа кезеңінде өндіріс жабдықтарына түрлі меншіктер мен қатар кооперативтер орын алуда және олардың дамуына Қазақстан Республикасының меншік туралы заңдары арқылы кең өріс ашылуда. Осыған орай қазіргі нарықтық экономика кезеңіндегі шаруашылық субъектілер арасындағы экономикалық және қаржылық қатынастар саясаты жаңа сипат алып отыр. Қорытындылай келіп біздің міндетіміз. Еңбек есебін үздіксіз жетілдіріп отыру және осы арқылы, шаруашылық субъектінің экономикасын күшейту, осы арқылы халықтың әл ауқатын арттыру. Сөйтіп, осы күнгі экономикалық тығырықтан шығу. Ол үшін еңбекті ғылыми тұрғыдан ұйымдастырып, есеп жұмыстарының ең алдындағы озық тәжірибелерін пайдалану болып табылады.

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 ҚР Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы 2007 жылғы 28 ақпандағы №234-III Заңы

2 ҚР 20.11.1998 жылғы №304-1 «Аудиторлық қызмет туралы» Заңы (15.01.01 жылғы өзгерістерімен толықтыруларымен қоса)

3 ҚР ҚМ «Есептілікті дайындау және ұсынудың тұжырымдамалық негіздемесін бекіту туралы» 29.10.2002 жылғы № 542 бұйрығы.

4 Бухгалтерлік есеп стандарттары

5 Типовой план счетов бухгалтерского учета, утвержденный приказом МФ РК от 18.09.2002г.

6 Андросов А.М., Викулова Е.В., Бухгалтерский учет. – М.: Андросов, 2001г.

7 Артеменко В.Г., Белленир М.В. Финансовый анализ. – М.: Издательство «ДИС», НГАЭиУ, 2001.

Аудит / под ред. В.И. Подольского. – М.:ЮНИТИ,2001

8 Ержанов М.С. Теория и практика аудита. – Алматы: Галым, 1994.

9 Ефимова О.В. Как анализировать финансовое положение предприятия (практическое пособие) – Бизнес – школа, 2001.

10 Ковалева О.В., Константинова Ю.П. Аудит. Организация аудиторской деятельности. Методика проведения аудиторской проверки.- М.: ПРИОР, 2000.

11 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии. Алматы: Центраудит – Казахстан, 2002

12 Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашынова К.Т. «Финансовый учет на предприятий», г.Алматы, 1999г.

13 Библиотека бухгалтера и предпринимателя №4 (153) апрель 2003 год «Исчисление среднего заработка для оплаты отпускных».

14 Бюллетень бухгалтера № 47 ноябрь 2003 статья «Первые шаги в мир МСФО».

15 Кеулимжаев К.К. Корреспонденция счетов хозяйственных операций по генеральному плану счетов бухгалтерского учета финансово-хозяйственной деятельности субъектов, Алматы, БИКО, 2000г.

16 Кеулимжаев К.К. "Финансовый учет на предприятии" Алматы, Экономика 2003

17 Кеулімжаев Қ.К. «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері» Оқулық. Алматы Экономика 2006

18 Радастовец В.К., Даулетбеков А.Д. «Бухгалтерский учет на предприятии» – Алматы, 1994г.

19 Радостовец В.К., Радостовец В.В., Шмидт О.И. Бухгалтерский учет на предприятии: Издание 2-ое дополненное и переработанное - Алматы: Центраудит- Казахстан., 2002г.

20 Радостовец В.К., Даулетбеков А.Д., Тайгашинова К.Т. «Финансовый учет на предприятии», г.Алматы, 1999г.

21 Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Теория и отраслевые особенности бухгалтерского учета» г. Алматы. Независимая аудиторская компания «Цент аудит - Казахстан», 2000.

22 Радосто


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 432 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
XII всероссийский Съезд советов | Как искать научные статьи для курсовой работы Научная электронная библиотека www.elibrary.ru

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)