Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Парламент (лат. parlare – сөйлеу, ағылш. parlіament) – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы[1]; өкілдік сайлаузаң органы.



Парламент (лат. parlare – сөйлеу, ағылш. parlіament) – мемлекеттік биліктің ең жоғарғы өкілдік органы[1]; өкілдік сайлаузаң органы.

Алғаш 13 ғасырда Англияда, 17 – 18 ғасырларда Еуропа елдерінде құрылды. Қазір әлем елдерінің басым көпшілігінде бар. Кейбір елдерде басқаша аталады: Ресейде Мемл. Дума, АҚШ-та Конгресс, Сирияда Ұлттық кеңес, Исландияда Альтинг, Моңғолияда Ұлы хурал, т.с.с. Парламенттің кең өкілетті, шектеулі өкілетті, кеңесші түрлері болады. Алдыңғы екі түрі өз елдерінің саяси-құқықтық механизмінде ортаңғы орын алады. Кеңесші парламенттер абсолюттік монархия елдеріне (Кувейт, БАӘ) тән. Парламент бір немесе екі (жоғары және төмен) палатадан тұрады. Екі палаталы етіп құру Парламентті кәсіпқойландыру мақсатынан туындады. Жоғары палата төмен палаталық әр аймақтан сайланған халық өкілдерінің аймақтық мүдделерін тоғыстыру, асыра сілтеушілігін тежеу, мәселелерді жалпымемлекеттік тұрғыда қарастыру үшін пайда болған. Палаталар сайлау, тағайындау (көбіне жоғары палата) немесе лауазымға байланысты палатадан орын алу жолымен құрылады. Тіпті Ұлыбританияда 1999 жылға дейін лордтар палатасындағы орындар мұрагерлікпен беріліп отырды. Орта есеппен төмен палаталар 4 – 5 жылға 400 – 600, жоғарғылары 6 – 9 жылға 100 – 300 депутаттан құралады. Әр палатаның өзіндік өкілеттіктері болады. Белгілі бір мәселелерді екі палатаның бірлескен отырысында шешеді. Парламенттің басты қызметі заң шығару және үкімет пен басқа да мемлекеттік билік органдарының қызметін бақылау болып табылады. Бақылаушылық қызметі лауазымды тұлғалардың есебін тыңдау, жұмысын тексеру, халықаралық шарттарды мақұлдаудан көрініс табады. Сонымен қатар Парламенттің әкімшілік-басқарушылық (мысалы, жоғары лауазымдарға тағайындау және босату), соттық (импичмент жариялау, рақымшылық жасау) және құрылтайшылық (мемлекеттік институттар құру) өкілеттігі де болады.

Қазақстан Республикасының Парламенті - елдің заң шығару қызметiн жүзеге асыратын ең жоғарғы өкiлдiктi орган.



· 1995 жылы 30 тамызда бүкiлхалықтық референдуммен қабылданған ҚР Конституциясына сәйкес Парламент екi рет (1995 жылы және 1999 жылы) сайланды.

Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады. Өкiлеттiк Конституцияда көзделген жағдайлар мен реттерде мерзiмiнен бұрын тоқтатылуы мүмкiн.Парламенттiң ұйымдастырылуы мен қызметi, оның депутаттарының құқықтық жағдайы конституциялық заңмен белгiленедi. ҚРП құрылымы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн екi палатадан: жоғарғы палата — Сенат және төменгі палата — Мәжiлiстен тұрады.

Парламент өз палаталарының бөлек отырысында мәселелердi әуелi Мәжiлiсте, содан соң Сенатта қарау арқылы заңдар қабылдайды; республикалық бюджеттi және оның атқарылуы туралы есептердi, бюджетке енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтыруларды талқылайды, мемл. салықтар мен алымдарды белгiлейдi және оларды алып тастайды; ҚР-ның әкiмшілік-аумақтық құрылымына қатысты мәселелердi шешу тәртiбiн белгiлейдi; азаматтарға рақымшылық жасау туралы актiлер шығарады; палаталардың бiрлескен комиссиялары мүшелерiнiң жартысын сайлайды; Конституцияға сәйкес Палаталар депутаттарының өкiлеттiгiн тоқтатады, оларды қол сұғылмаушылық құқығынан айырады; Үкiмет мүшелерiнiң есептерiн тыңдайды; палаталардың үйлестiрушi және жұмысшы органдарын жасақтайды, регламент қабылдайды, ҚР Конституциясында (54-бап) көзделген басқа да өзгерiстердi жүзеге асырады.

Парламент Палаталардың бiрлескен отырыстарында: Президенттiң ұсынысы бойынша Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; Конституциялық заңдар қабылдайды, оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi; республикалық бюджеттi және Үкiмет пен Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi Есеп комитетiнiң бюджеттiң атқарылуы туралы есептерiн бекiтедi, бюджетке өзгертулер мен толықтырулар енгiзедi; Президенттiң қарсылығын туғызған заңдар немесе заңның баптары бойынша Президент қарсылық бiлдiрген күннен бастап бiр ай мерзiм iшiнде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткiзедi (бұл мерзiмнiң сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын бiлдiредi); Президенттiң бастамасы бойынша әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауыс беруiмен Президентке бiр жылдан аспайтын мерзiмге заң шығарушылық өкiлеттiк бередi; Президенттiң Премьер-министрдi; Ұлттық банк төрағасын тағайындауына келiсiм бередi; Премьер-министрдiң Үкiмет бағдарламасы туралы баяндамасын тыңдап, бағдарламаны мақұлдайды немесе қабылдамай тастайды (Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен Үкiмет бағдарламасының екiншi рет қабылданбауы Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiрген болып табылады); әр Палата депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен, Парламент депутаттары жалпы санының кемiнде бестен бiрiнiң бастамасы бойынша Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiредi; соғыс және бейбiтшiлiк мәселелерiн шешедi; Республикалық референдум белгiлеу туралы ұсыныс енгiзедi, т.б.

Парламент Республиканың бүкiл аумағында мiндеттi күшi бар ҚР-ның Заңдары, Парламенттiң қаулылары, Сенат пен Мәжiлiстiң қаулылары түрiнде заң актiлерiн қабылдайды. Республика Заңдары Президент қол қойғаннан кейiн күшiне енедi. Парламент пен оның палаталарының заң актiлерi, егер Конституцияда өзгеше көзделмесе, Палаталар депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданады, ал конституц. заңдар Конституциядакөзделген мәселелер бойынша әр Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде үштен екiсiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданады. Парламент Үкiметке сенiмсiздiк бiлдiргенде, Парламент Премьер-министрдi тағайындауға екi мәрте келiсiм бермесе, Парламенттiң Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен мемлекеттік билiктiң басқа тармақтары арасындағы келiспеушiлiк салдарынан саяси дағдарыс болғанда — Президент Парламенттi тарата алады. Бiрақ төтенше жағдай немесе соғыс жағдайы кезеңiнде, Президент өкiлеттiгiнiң соңғы 6 айында, сондай-ақ, алдыңғы таратудан кейiнгi 1 жыл iшiнде Парламенттi таратуға болмайды.

Парламенттiң ағымдағы қызметi тұрақты атқарылады, олардың саны әр Палатада жетеуден аспауға тиiс. Палаталардың бiрлескен қызметiне қатысты мәселелердi шешу үшiн Сенат пен Мәжiлiс тепе-тең негiзде бiрлескен комиссиялар құруға құқылы. Заң жобасы Мәжiлiстiң тұрақты к-тiнде алдын-ала қаралып, ол бойынша қорытынды бергеннен кейiн — Мәжiлiстiң жалпы отырысында талқыланады. Әдетте, талқылау екi оқылымда өтедi. Ал Конституцияғаөзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және конституция заңдар қабылдау немесе оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерi бойынша кемiнде екi оқылым өткiзiлуi мiндеттi.

Сенаттың қаралған заң жобасы бойынша қарсылық бiлдiруге құқы бар. Сенат депутаттары жалпы санының көпшiлiк дауысымен қабылданбаған жоба Мәжiлiске қайтарылады. Егер Мәжiлiс депутаттары жалпы санының үштен екiсiнiң дауысымен жобаны қайтадан мақұлдаса, онда жоба Сенатқа қайта талқылауға және дауысқа салуға берiледi. Қайта қабылданбаған заң жобасын сол сессия барысында қайтадан енгiзуге болмайды.Әр Палатаны депутаттардың арасынан сайланатын, мемл. тiлдi еркiн игерген төраға басқарады. Төрағалар палаталардың жұмысын жүргiзедi.

Тұтастай алғанда, Парламенттiң қос палаталы құрылымы Қазақстан жоғары заң шығарушы органы қызметiнiң пiкiр алшақтықтарын азайтып, өзараынтымақтаса жұмыс iстеуiн мақсат етедi: палаталар бiр-бiрiне бағынбайды, бiр-бiрiне тәуелсiз құрылады; палаталардың әрқайсысы жеке жұмыс тәртiбiнде қызмет атқарады, өздерiнiң қызмет аясы мен мiндеттерi бар. Сонымен қатар олар көптеген мәселелер бойынша бiрлесiп қызмет атқаруға мiндеттi. Парламент Сенатының әр кездегi төрағалары:

· Ө.Байгелдi (1995-1999);

· О.Әбдiкәрiмов (1999-2004);

· Н.Ә. Әбіқаев (2004-2007);

· Қ.К.Тоқаев (2007-2011);

· Қ.Ә.Мәмиев (2011-2013);

· Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев (2013 жылдан бастап).

Парламент Мәжiлiсiнiң төрағалары:

· М.Оспанов (1995-1999);

· Ж.Тұяқбай (1999-2004);

· О.Мұхамеджанов (2004-2007);

· А.Мусин (2007-2008);

· О.Мұхамеджанов (2008-2012);

· Нұрлан Зайроллаұлы Нығматулин (2012 жылдан бастап).

 

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 87 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Данные родителей и телефон | Члены парламента называются депутатами для нижней палаты парламента и сенаторами — для верхней. Обычно в парламент входят 300—500 членов, но число их может быть весьма различным (от нескольких

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.008 сек.)