Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Қазақстан-2050» стратегиясы: жарқын болашаққа нық қадам



«Қазақстан-2050» стратегиясы: жарқын болашаққа нық қадам

Ұлттық идея — идеология жәдігөйлерінің ашқан жаңалығы емес, миллион­даған адамдардың өздерінің ұлттық міндеттерін түсінуінің жемісі болып табылады.

Н.Ә. Назарбаев.

Тәуелсіздік... Қазіргі буын бұл сөздің мағынасын толық түсініп жүр ме? Әй, қайдам... Тумысынан тәуелсіз мемлекетте туылған тәуелсіздік жастарына бұл сөздің бар қасиетін, ұлылығын, керек десеңіз бар қасіретін түсіну қиынға соғар. Әрине, әр адамда тәуелсіздікке деген махаббат бар, бірақ барлығы сол тәуелсіздік қандай қиын жолмен келгенін біле бермейді.

Ресми пікір бойынша, өз мемлекеттігін сонау VII ғасырда Түркі қағанаты кезінде бастаған қазақтар әлі күнге дейін Ұлы даланың иесі. VII ғасырдан бері осы күнге дейін XIV ғасыр өтті. Сол уақыттан бері қазағым басынан қаншама өрлеулер мен құлдырауларды бастан кешті: санайын десең саусақ жетпейтіндей жеңіске жетті, Еуразияның жартысына билік орнатты, үш жүз жылға тәуелсіздігінен айырылып, бодан болды және талай-талай азаттық үшін күресіп, аяғында тәуелсіздігін қайтарды, бұрын соңды болмаған жетістіктерге жетуде және болашаққа бағытталған мәңгілік мемлекет құруда.

«Қазақ» сөзі XII ғасырда жазылған сөздікте «еркін», «бағынбайтын» деген мағынада түсіндіріледі. Еліміздің атауы рухына сай, мінезіне тура айтылған. Қыпшақ хандығы кезінде этногенезі өте ілгерінді дамып, өз тілін, өз мәдениетін, өзіне ғана тән дінін дамытты, және уақыт өте келе өз алдына этникалық мемлекет құрды – Қазақ хандығы. Хандық тәуелсіздігін нығайту үшін, аумағын кеңейту үшін, қуатын арттыру үшін көптеген шайқастарда жеңіп отырды. Бірақ, XVIII ғасырда елім өз дербестігінен айырылды. Сол кезден бастап кең сахарада қазақ өз тәуелсіздігі үшін сан жетпес қақтығыстар мен көтерілістерге шықты. Бірақ бірден-бірі де көздеген мақсаттарына жете алмады. Өйткені, патша үкіметі қару-жарақ жағынан да, әскерлерінің саны жағынан да әлде-қайда алда еді.



Азаттық үшін күрескен талай батырларымыз өз бастарынан айырылған. Оның бір мысалы ретінде Кенесары ханды айтуымызға болады. Елді, жерді еркін етемін деп қырғыз манаптарының қолынан өлім тауып, басынан айырылды.Тарихымызда ел ертеңін ойлаған батыр да, батыл жандар аз балған емес. Бодандық кезінде геноцидті де, ашаршылықты да, ұлт зиялыларын, елдің болашағы үшін күрескен ер-жүрек ұл-қыздармызды өлтіруін де көрді. Бәрінен өтті, бірақ, мойынсынбады, көнбеді. Өз мемлекетінді, өз жерінде саны жағынан өзге ұлт өкелдерінен бірнеше рет кем де болды. «Қазақ мемлекеті қазақсыз қалатын болды» деген сөздер де ел арасында жүрді. А. Байтұрсынұлы: «Қазақ халқының өмір сүруінің өзі проблемаға айналды»,- деп жазған. Ақын-жазушылар тәуелсіздікті армандап өлең жазған, композиторлар азаттықты аңсап ән жазған. Сөйтіп, олар халық арасында еліміз өз алдында қайтадан тәуелсіз мемлекет құратынына сенім отын өшірмеген.

С. Торайғыровтың:

«Мен – қазақ

«Қазақпын» деп мақтанамын!

Ұранға «Алаш» деген атты аламын.

Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,

Мен неге қазақтықтан сақтанамын!?» - деп жүректен шыққан өлең жолдары қазақ халқының ұранына айналған.

Жоғарыда айтылып кеткендей, қазақтар отаршылдыққа қарсы сан жетпес көтерілістерге шыққан. Халқымызды мақсатты түрде жойып жатқанда – ашаршылықта, яғни геноцид кезінде бір жыл ішінде-ақ қазақ халқы төрт жүзге жуық бас көтерілістерге шықты. Кеңестік режім кезінде «қазақтың тәуелсіздігі» сөз тіркесі былай тұрсын, «мен қазақпын» деп айтудың өзі ұлтшылдық пен режимге қарсылық деп танылып, ал соны айтқан кісі абақтыға да қамалуы мүмкін еді. Бірақ, оған қарамастан «елім-ай», «халқым-ай», «қазағым» деп жүрген, тәуелсіздікті армандаған халық ұлдарының бірі Жұбан Молдағалиев 1963-64 жылдары бар дауысымен:

«Мен – қазақпын, биікпін, байтақ елмін,

Қайта тудым өмірге, қайта келдім.

Мен мың да бір туылдым мәңгі өлмеске –

Айта бергім келеді, айта бергім!» - деп мақтана алған болатын.

Сонау Алтай мен Каспиді, Қызылқұм шөлі мен Батыс-Сібір жазығына дейінгі жерді мекендейтін бейбітсүйгіш қазақ деген ұлы халық тарихында 1991-ші жылдар аса ауыр келді. КСРО атты алпауыт мамлекет ыдырап онық орнына 15 жаңа дербес мемлеке пайда болды, соларың ішінде Қазақстан да бар. 1991 жылдыі бірінші желтоқсанында Қазақстанда тарихындағы алғашқы Президент сайлауы өтеді.

Сайлау нәтижелері бойынша, менің пікірімше, қазақтың, қазақ мемлекетінің бағына орай мемлекет басына Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы келеді. Ең алғашқы күннен бастап ел үмітін арқалаған Елбасы осы күнге дейін халықтың сенімін жоғалтқан жоқ. Бұның бір дәлелі ретінде 2011 жылы өткен Президент сайлауында Елбасына халықтың 95,5 % пайызы сенімділігін білдірді. Өзінің әр шешімін ел мүддесімен сәйкестендіретін Назарбаев мырза Қазақстанды алға жетелеп келеді. Мемлекет басшысы билікке келгелі бері қазақ халқының ұмытыла бастаған тілін, жоғалып кетүге аз қалған мәдениетін, мемлекеттілігін нығайтуға, бар күшін аямай еңбек етуде. Әрине Елбасы, адам болғандықтан, барша қазақстандықтарға ұнай қоймайды, оның жүргізген саясаты біреуін қандырса, біреуін шөлдетеді. Елбасының көптеген ұсыныстары тек ел ішінде емес, шетелдерде де өте кең қолдау тауып жатыр. Әлемдік саясатта біздің еліміз - талассыз халықаралық беделге ие жауапты да сенімді серіктес.Біз жаһандық қауіпсіздікті нығайту ісінде маңызды роль атқарамыз, халықаралық терроризмге, экстремизмге және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күресте әлемдік қауымдастықты қолдаймыз. Біз өз қауіпсіздігіміз үшін халықаралық үнқатысу алаңы - Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесін шақыруға бастамашылық жасадық. Бүгінгі күні АӨСШК халқы 3 млрд-тан асатын 24 елді біріктіреді.Соңғы 2-3 жылда Қазақстан Республикасы Еуропадағы Қауіпсіздік пен Ынтымақтастық Ұйымына, Ислам Ынтымақтастығы Ұйымына және Ұжымдық Қауіпсіздік Ұйымына төрағалық етті.Астана экономикалық форумында біз диалогтың жаңа форматын – G-global-ды ұсындық. Бұл бастаманың мәні – әділетті де қауіпсіз әлем сипатын жасау ісінде күш-жігерді біріктіру.Біз жаһандық энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге лайықты үлес қосамыз. Семей полигонын жабу туралы жарлығын, ядролы қарудан бас тартуын бүкіл әлем Ұлы той деп таныды. Сол күнді – 30.08. БҰҰ «Ядролы қарудан бас тарту күні» деп жариялады.

Ядролық қаруды таратпау режімін нығайту жөніндегі бастамаларымыз – әлемдік тұрақтылыққа, тәртіп пен қауіпсіздіккеқосқан сөзсіз үлесіміз. Әлемде алғашқы болып Семей ядролық полигонын жауып және атом қаруынан бас тарта отырып, біз жетекші ядролық державалардан – АҚШ-тан, Ресейден, Ұлыбританиядан, Франциядан және Қытайдан қауіпсіздігімізге берік халықаралық кепілдік алдық. Біз Орталық Азияда ядролық қарусыз аймақ құруда негізгі рөл атқардық және жер шарының басқа да аймақтарында, әсіресе, Таяу Шығыста осындай аймақтар құруға белсенді қолдау көрсетіп отырмыз. Біз әлемдік қауымдастықтың ядролық терроризм қатеріне қарсы тұрудағы күш-жігеріне қолдау жасаймыз. Қазір біз ядролық қатерді таратпау жөнінде одан әрі табанды шешімдер қабылдау қажеттілігі туралы батыл айтамыз. Ядролық қаруды таратпау туралы шарт таратпау режімінің арқауы болды және солай бола бермек. Ядролық сынақтарға жаппай тыйым салу туралы шарттың тезірек күшіне енуі таратпау режімін нығайтудың маңызды қозғаушысы болуға тиіс. Бұдан үш жыл бұрын БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 29 тамызды Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күні деп жариялау туралы ұсынысымды қолдады. Осының барлығы - жаһандық саясаттағы біздің рөлімізді тану.Осындай жауапты саясатының арқасында Қазақстан ядролық қаруды таратпау режімінің көшбасшысы, басқа мемлекеттер үшін үлгі болып танылды. Елдің болашағы бірлікте екенін ұғынған Президент мырза КСРО тарағаннан кейін Қазақстанда ұлтаралық және дінаралық қақтығыстарды болдырмауға бар күшін салды. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Этникалық, мәдени және діни әралуандыққа қарамастан, елімізде бейбітшілік пен саяси тұрақтылықты сақтадық. Қазақстан 140 этнос пен 17 конфессияның өкілдері үшін туған шаңырағына айналды. «Көпұлттылық — қоғамның кемшілігі емес, артықшылығы»,-деген болатын Елбасы. Азаматтық татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Көпұлтты еліміздегі татулық пен келісім, мәдениеттер мен діндердің үндесуі әлемдік эталон ретінде танылған.Қазақстан халқы Ассамблеясы мәдениеттер үндесуінің бірегей еуразиялық үлгісі болды. Қазақстан жаһандық конфессияаралық үнқатысу орталығына айналды. Солардың қатарында Қазақстан Халық ассамблеясын, Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер басшыларының ұйымын айтуға болады. Өзге бауырлас мемлекеттердің ауыр һәлін көрген Назарбаев Қазақстанда ұлттық емес азаматтық мемлекет құруға тырысты. Осы ассамблея арқылы мемлекеттік тілді өзге ұлттар арасында үйрету жұмыстары қарқынды жүруде.

«Қазақстан болашағы қазақ тілінде» деген Президент мемлекеттік тілдің қолдану аясын басқа тілдерге зиянсыз кеңейтуде.

14.12.2012 жылы «Қазақстан – 2050: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдауында Назарбаев мырза Қазақстан дамыған отыз елдің қатарына кіру керектігін айтты. Бұл жолдауда негізгі-негізгі дейтін үш тарау бар. Әр тарау өз алдына тағы да бірнеше тармақтарға бөлінген. Отыз ең дамыған елдердің қатарына кіру ушін Елбасы мемлекет ішінде татулық, буйбітшілік пен келісімнің болуы шарт екенін айтады. Әрине, мемлекеттің қарыштауына мемлекетішілік келісім керек. Ол келісім ең алғашында қазақтар арасында болу керек. Өз сөздерігің бірінде Президент «Қазақ халқының ынтымағы мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекетіміздің тұтастық келбетін сақтау мүмкін емес» және «Жүзге, руға бөлушілік — қоғамды артқа тартатын, ұлт тұтастығына нұқсан келтіретін нәрсе» деген. Рушылдық, жүзшілдік деген қауіп-қатерге тойтарыс беруіміз керек, өйткені бәріміз де бір атаның баласымыз, бәріміздің де түп тамырымыз қазаққа теліп тіреледі.бәріміздің де қанымыз бір. Барша қазақта сонау XVIII ғасырдағы Аңырақай шайқасына қатысып, азаттығымыз үшін өмірін берген ұлы бабаларымыздың қаны ағып жатыр. Бар болғаны 11 миллион қазақ үшке бөлінсек біз ел болмаймыз. «Бөлінгенді бөліп жейді» дейді халық даналығы, сондықтан біз бір болу керкпіз. «Қазақстан-2050» стратегиясындағы міндеттердің орындалуы ең біріншіден қазаққа арттылады, барлық жауапкершілігі қазақ халқына жүктеледі. Сондықтан бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара білейік халқымыз үшін осындай тағдырлы кезеңде. Ол үшін бүкіл халықтың бірлігі маңызды.

Елбасы үнемі «Мен жастарға сенемін» дейді. Жастардың білімді, дарынды, жан-жақты дамыған болуы үшін көптеген шараларды қолға алуда. Соның бір көрінісі деп Елордамызда есігін ашқанына төрт жыл да өтпеген «Назарбаев Университетін», «Назарбаев зияткерлік мектебі» мектептер жүйесін айтуға болады. Жастардың білімді болуына барлық жағдайлар жасалуда, соны біз керекті деңгейде қолданып, келешекте өз пайдамызды мемлекетке қайтаруымыз керек. Елбасының 1993 жылы тағайындалған мамлекеттік «Болашақ! Степендиясы арқылы қазақ жастары шетелдің ең беделді деген ЖОО-ында білім алуда. Осы да Президенттің жастарға деген сенімі. «Мен сіздерге – жаңа буын қазақстандықтарға сенім артамын. Сіздер Жаңа бағыттың қозғаушы күшіне айналуға тиіссіздер» деді Елбасы.

Елбасы мәдениет мәселесін де тілге тие кетті. 2050 жылы қазақ мәдениеті әлемдегі ең танымал мәдениеттердің бірі болу керектігін айтты. Сол үшін Президент бұйрығымен Астанада осы жылдың жиырма бірінші қарашасында «Астана-Опера» театры өз есігін көрерменге ашты, ал үстіміздегі жылдың бірінші желтоқсанында Астанада Қазақ Ұлттық тарих мұражайы ашылады. Ол үшін қазақ әдебиетін шет тілдерге аударылуын арттыру, қазақ мәдениеті қайраткерлерінің шет елдердегі гастрольдік сапарларын көбейту, театр мен кино саласын жаңа деңгейге көтеру керектігін айтты. Айтпақшы, «Қазақстан-2050» стратегиясында Президент қазақ тарихына жаңа көзқараспен қарау керектігін айттып, қазақ халқының этногенезі Қазақ хандығының құрылуынан емес, одан да ерте кезеңдерден бастау алатынын айтты. Арнайы комиссия кұрылып, Қазақстан тарихы туралы жаңа концепцияны қолданып екі негізгі оқулықтарды жазуға кірісті. Оның нәтижелері осы желтоқсан айында белгілі болады. Назарбаевтың тапсырысы бойынша 2010 жылы Үдемелі индустриалды-инновациялық даму бағдарламасы қабылданды. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты – Қазақстанды шикізат тәуелділігінен айырып, пайдалы қазбаларды ел ішінде өңдеп, жаңа өнімді сыртқа шығару. Экономиканың және халықтың әл-ауқатының көтерілуінде осы бағдарламаның рөлі айрықша.

Барлық этностар азаматтары құқықтарының теңдігі. Біз – бәріміз тең құқықты, тең мүмкіндіктерді иеленген қазақстандықтармыз. Жаңа қазақстандық патриотизм барлық қоғамды, барлық этностық әркелкіліктерді біріктіруге тиіс. Біз – көп ұлтты қоғамбыз. Және де ұлтаралық қатынастар мәселесінде ешқандай қосарланған стандарттар болмауға тиіс. Мемлекетте бәрі де тең болуға тиіс. Этностық немесе басқа да белгілер бойынша жақсы немесе жаман деген болмауға тиіс. Егер біреуге этностық белгісі бойынша қысым жасалса, онда бүкіл қазақстандықтарға қысым жасалды деп есептеу керек.

Министрліктер мен әкімдіктердің барлық буындарында кадр таңдауда байқалатын біржақтылықты түзеу керек. Біздің қоғамымызда «артық» немесе «бөтен», «біздікі» немесе «біздікі емес» деген болмауға тиіс. Біз еліміздің бірде-бір азаматын сыртта қалдыра алмаймыз.

Әрбір қазақстандық биліктің қолдайтынын және тірек екенін сезінуге тиіс. Ұлттардың этносаралық келісіміне сына қағуға тырысатындардың барлығы да заңмен қудаланады. Мұнда ерекше жауапкершілік біздерге, қазақтарға артылады. Қазақстан – біздің қасиетті мекеніміз. Кейінгі ұрпақ осынау қастерлі өлкеде өмір сүріп, өркен жаятын болады. Қазақ жеріне тағдырдың жазуымен алуан түрлі ұлт өкілдері қоныс аударды. Біз оларға құшағымызды ашып, қазақи қонақжайлылықпен қарсы алдық. Олар біздің елімізде өсіп-өніп, бауырларымызға айналды. Қазір біз көпұлтты сипаты бар, біртұтас елміз. Жаһандану дәуірі – көпұлтты мемлекеттер дәуірі. Бұл – әлемдік үрдіс. Еліміздің дамуына барша ұлт пен ұлыс өкілдері бірге үлес қосты. Ендеше, тәуелсіз қазақ елінің азаматтарын алалауға, бауырластығын бұзуға ешкімнің хақысы жоқ. Барлық ұлт өкілдерімен тіл табысып, тату-тәтті, бейбітшілік пен келісімде өмір сүру – барша қазақтың басты қағидасы болуы шарт. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына жақсылық тілеген жан өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге қарсы қоймайды. Біз ел иесі ретінде биік бола білсек, өзгелерге сыйлы боламыз. Тіл туралы жауапкершілігі жоғары саясат біздің қоғамымызды одан әрі ұйыстыра түсетін басты фактор болуға тиіс. Біз алдағы уақытта да мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды табандылықпен жалғастыра береміз. Кез келген тіл өзге тілмен қарым-қатынасқа түскенде ғана өсіп, өркен жаятынын әрдайым есте сақтаған жөн. Осы заманғы ғылыми терминологияның негізін латын тілінен енген сөздер құраса, ақпараттық технология дамыған қазіргі дәуірде күн сайын дерлік ағылшын тілі дүние жүзі халықтарының тілдеріне жаңа сөздер мен ұғымдар арқылы батыл ену үстінде. Бұл үдерістен біз де тыс қалмауымыз керек. Қазақ тілінің осы заманның биік талабына сай, бай терминологиялық қорын жасаған соң оны рет-ретімен, кезең-кезеңімен қоғамдық өмірдің бар саласына батыл енгізуіміз керек. Мемлекеттік тілмен қатар Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен ұлыстардың тілін, мәдениетін және салт-дәстүрін дамытуға барынша жағдай жасауды алдағы уақытта да жалғастыра беретін боламыз. Қазақ тілі және тілдердің үштұғырлылығы. Жауапкершілікті тіл саясаты қазақ ұлтын біріктіруші басты факторлардың бірі болып табылады. Қазақ тілі – біздің рухани негізіміз. Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдалана отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет. Қазақ тілін кеңінен қолдану жөніндегі кешенді шараларды жүзеге асыруды жалғастыру керек. Біз 2025 жылдан бастап әліпбиімізді латын қарпіне, латын әліпбиіне көшіруге кірісуіміз керек. Бұл – ұлт болып шешуге тиіс принципті мәселе. Бір кезде тарих бедерінде біз мұндай қадамды жасағанбыз. Балаларымыздың болашағы үшін осындай шешім қабылдауға тиіспіз және бұл әлеммен бірлесе түсуімізге, балаларымыздың ағылшын тілі мен интернет тілін жетік игеруіне, ең бастысы – қазақ тілін жаңғыртуға жағдай туғызады. Біз қазақ тілін жаңғыртуды жүргізуге тиіспіз. Тілді заманға сай үйлестіріп, терминология мәселесінен консенсус іздеу керек. Сонымен қатар, әбден орныққан халықаралық және шет тілінен енген сөздерді қазақ тіліне аудару мәселесін біржола шешу қажет. Бұл мәселе оқшауланған қайраткерлердің ортасында шешілмеуге тиіс. Үкімет мұны реттегені жөн. Бүкіл әлемде бірдей қабылданған терминдер бар. Олар кез келген тілді байытады. Біз өмірді өзіміз күрделендіре түсеміз, түсінбестікке бой алдырып, ақыл-ойды сапырылыстырамыз, көнерген сөздердің шырмауынан шықпаймыз. Мұндай мысалдар аз емес. Мен қазіргі тілде жазылған кемінде жүздеген қазіргі кітаптардың тізімін жасап, қазақ тіліне қазіргіше аударуды ұсынамын. Бәлкім, жастар арасында конкурс жариялау керек шығар: өздеріне не нәрсе қызықты әрі пайдалы екенін олар да айтсын. Қазақ тілін дамыту саясаты одан жерінуге, тіпті қазақтардың өздерінің бойды аулағырақ ұстауына ықпал етпеуі керек. Керісінше, тіл Қазақстан халқын біріктіруші болуға тиіс. Бұл үшін тіл саясатын сауатты және дәйекті, қазақстандықтар сөйлесетін бірде-бір тілге қысым жасамай жүргізу керек. Сіздер біздің саясатымыз туралы – 2025 жылға қарай қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін білуге тиіс екендігін білесіздер. Бұл үшін қазір барлық жағдай жасалған. Қазірдің өзінде еліміздегі оқушылардың 60 пайыздан астамы мемлекеттік тілде оқиды. Мемлекеттік тіл барлық мектептерде оқытылады. Бұл – егер бала биыл мектепке барса, енді он-он екі жылдан соң жаппай қазақша білетін қазақстандықтардың жаңа ұрпағы қалыптасады деген сөз. Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде. Қазақ тілі 2025 жылға қарай өмірдің барлық саласында үстемдік етіп, кез келген ортада күнделікті қатынас тіліне айналады. Осылай тәуелсіздігіміз бүкіл ұлтты ұйыстыратын ең басты құндылығымыз – туған тіліміздің мерейін үстем ете түседі. Тәуелсіздігін алған тұста еліміздегі қазақтың саны 6,8 миллион немесе 41% болса, қазір 11 миллионға жетіп, 65 %-дан асты. Қазақтың саны 4 миллионға артты. Егер әрбір қазақ ана тілінде сөйлеуге ұмтылса, тіліміз әлдеқашан Ата Заңымыздағы мәртебесіне лайық орнын иеленер еді. Қазақ тілі туралы айтқанда, істі алдымен өзімізден бастауымыз керектігі ұмыт қалады. Ұлттық мүддеге қызмет ету үшін әркім өзгені емес, алдымен өзін қамшылауы тиіс. Тағы да қайталап айтайын: қазақ қазақпен қазақша сөйлессін. Сонда ғана қазақ тілі барша қазақстандықтардың жаппай қолданыс тіліне айналады. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз.

Қазір біз балаларымыз қазақ тілімен қатар орыс және ағылшын тілдерін де белсенді меңгеру үшін жағдай жасауға шаралар қабылдап жатырмыз. Үштілділік мемлекеттік деңгейде ынталандырылуы керек. Орыс тіліне және кириллицаға біз қазақ тіліне қандай қамқорлықпен қарасақ, сондай қамқорлықпен қарауымыз керек. Орыс тілін білу – біздің ұлтымыздың тарихи артықшылығы екені баршаға белгілі. Дәл осы орыс тілі арқылы қазақстандықтар бірнеше ғасыр бойы қосымша білім алып, ел ішінде де, шет жерлерде де өз дүниетанымдары мен араласатын ортасын кеңейтіп келе жатқанын жоққа шығармауға тиіспіз. Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингва франкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады. Мәдениет, дәстүр және даралық Дәстүр мен мәдениет – ұлттың генетикалық коды. Патшалықтың, төңкеріс дүмпуі мен тоталитаризмнің барлық ауыртпалығы мен қиыншылықтарына қарамастан, біздің еліміздің аумағында тұратын қазақтар және басқа да халықтардың өкілдері өздерінің мәдени ерекшеліктерін сақтай алды. Тәуелсіздік жылдарында, жаһандану мен вестернденуге қарамастан, біздің мәдени іргетасымыз беки түсті. Қазақстан – бірегей ел. Біздің қоғамда әртүрлі мәдени элементтер бір-бірімен біріккен және бірін-бірі толықтырып тұрады, біріне-бірі нәр беріп тұрады. Біз өзіміздің ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді осы әралуандығымен және ұлылығымен қосып қорғауымыз керек, мәдени игілігімізді бөлшектеп болса да жинастыруымыз керек. Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады. Бұл – тарих заңы. Сондықтан қазақтың бірлігі – елдігіміздің кілті, ең басты мәселесі. Ел бірлігі – ең асыл қасиет. Бірлік, ынтымақ, сабырлылық пен парасаттылық ең алдымен өзімізге – қазақтарға керек. Қазақты ешуақытта сырттан жау алған емес. Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсіреген, күшейсе, бірліктен күшейген. Үйдің берекесі қабырғасының қиюымен емес, теңінің жиюымен, отбасындағы сыйластықпен, татулықпен кіреді. Мемлекет те солай. Қазақстанның елдігі асқан, ерлігі тасқан, кемел де келісті елге айналуына бізден – қазақтардан артық мүдделі кім бар?! Қазақтың ішкі тұтастығын бұзғысы келетін рушылдық, жершілдік әңгімемен ел бірлігін бүлдіргісі келетін күштердің пайда болуы Елбасы ретінде мені алаңдатпай қоймайды. Ондай жымысқы ниеттілердің айқайына құлақ асып, айтағына ілескен жан әр атаның шежіресін әспеттеп, әр жаққа тартқанын аңдамай қалуы мүмкін. Ру мен тайпаға бөліну – ұлттық тұтастықтан айырылудың өте қауіпті түрі. Қазақ шежіресінің түпкі мәнін ұмытпау керек, алып дарақтың бұтақтары сияқты күллі рулардың түбін қуа келгенде, барлығы бір ғана ұлы тамырға – қазақ деген ұлтқа барып тіреледі. Қай шежірені алып қарасаңыз да, ол қазақтың бірлігін, тұтастығын әйгілейді. Шежіре – қазақты бөлшектейтін емес, керісінше, біріктіретін ұғым. Барша адамзаттың Адам атадан басталатыны сияқты, бүкіл қазақтың шежіре атаулысы Атам қазақтан бастау алатынын әрбір қазақ жүрегінің төрінде ұстауға тиіс. Тек бірлесіп қана, бүкіл халықтың күш-жігерін біріктіріп қана біз алға баса аламыз. Бірлігі берекелі, тірлігі мерекелі, ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы мен табысы мол болмақ. Біз мемлекеттілігіміздің рухани мәселелер экономикалық, материалдық мәселелерден ешбір кем бағаланбайтын даму кезеңіне келіп отырмыз. Рухани дамуда негізгі рөлге әрқашан интеллигенция ие. 2050 жылғы Қазақстан прогрессивті идеалдар қоғамы болуға тиіс. Біздің қоғамымыздың қазіргі көзқарастарының негізін дәл осы интеллигенция беруі керек.

ХХ ғасыр қазақ халқы үшін өте қиын, өте қасіретті әрі өте қасиетті ғасыр болды. Ұлт тарихында ешқашан болмаған қуаныш пен бақытсыздық осы ғасырдың үлесінде. Олар: ашаршылық, екінші Дүние жүзілік соғыс, желтоқсан оқиғалары, егемендік пен тәуеліздікті жариялау және т.б. Желтоқсан оқиғасы қазақ елінің тәуелсіздік жолындағы соңғы ереуілі болды. Дәл сол күні, бірақ бес жыл кейін еліміз өз тәуелсіздігін қайтарды, мемлекеттігін жаңадан құра бастады.

Желтоқсанның он алтысы, бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жыл қазақ тарихында мәңгілікке алтын әріптермен жазылып қалмақ! Бірақ, қазірдің өзінде-ақ Астана төрінде орналасқан «МӘҢГІЛІК ЕЛ» салтанатты қақпасында «Егемендік Дикларациясы» мен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы конституциялық заң» қашап жазылған. Әрине, әр қазақ үшін бұл екі шынында да қасиетті құжаттар, баға жетпес құндылық, ал желтоқсан айы қарапайым ай емес, карапайым сөз емес екені айдай анық.

Тәуелсіздік жарияланғаннан кейін алғашқы күндері той тойланбаған үй, бақыт пен қуанышқа толмаған жан қалған жоқ. Халықтың үш ғасыр армандаған арманы орындалды – қазақтар өз тәуелсіздігін қайтарды, өз болашағын өздері шеше алатын болды. Азат болғалы бері халық өзінің жойылып кетуге аз қалған тілін, ұлы әрі көне тарихы мен мәдениетін, қасиетті дінін, ділін жаңғырта бастады. Өз тарихында тұңғыш Президентін сайлады. Елі сүйген және елін сүйген Президентке барша халықтың қолдауымен Қ.Р. дамуына қосқан ерең еңбегі үшін «Елбасы» атағы берілді.

ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдары Қазақстан үшін сындарлы болды: әлем мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынастар орнатыла басталды, тәуелсіздік нышандары – мемлекеттік рәміздер мен конституция, ұлттық волюта қабылданды, мемлекет экономикалық дағдарыстан өтті және Елбасы Дүние жүзінің төрт бөлігін жұмыс сапарларымен шарлап, Қазақстанды әлемдік қоғамға таныстыруы басталды. Бірақ, бар қиындықтарға қарамастан еліміз бәрін лайық өткерді. Тәуелсіздікті жоғалтпау, қайтадан бодан болмау соның бір себебі еді.

Тәуелсіздік алғалы бері Қазақстан өз тарихында бұрын соңды болмаған жетістіктерге жетті. Өзгелер ғасырлар бойы бағындыратын белесті еліміз жиырма жылда еңсерді. Соның нәтижесі ретінде ЖІӨ-ң 16 есе өсуі, желтоқсанның бірінде екі мың оныншы жылы Астанада өткен ЕҚЫҰ-ң саммиті, VII қысқы Азия ойындары және 2017 жылы Астанада өтетін әлемдік деңгейдегі EXPO-2017 көрмесі мен Оңтүстік астана – Алматыда 2017 жылы өтетін XXVIII Әлемдік кысқы Универсиада ойындары. Қазақстан бұнымем тоқталып қоймайды. Алдыда әлі тәуелсіз елімнің бағындырар белестері көп.

Менің ойымша, қазақ елінің тәуелсіздік алуы заңдылық, өйткені, әлем мәдениетіне, әдебиетіне Абай мен Мұхтардай, Мұқағали мен Олжастай, ХХ ғасырдың Гомері атанған Жамбылдай ұлы ақын-жазушыларды, Шоқан мен Қаныштай ғалымдарды, Құрманғазы, Дина мен Шәмшідей алып композиторларды, Шара мен Күләштай дарынды бишілерді, Әміре мен Розадай ұлы әншілерді, әлем өркениетіне баға жетпес үлес қосқан ұлы ұл-қыздарды дүниеге әкелген алып халық ерте болсын, кеш болсын тәуелсіз болар еді, азаттықтың арайлап атқан таңын көрер еді.

 

Сүйіншіле, Қазақстан,

Бүгін қандай ғажап күн!

Терезем тең, тектілермен,

Қатарынан озатпын.

Бостандыққа жететінін, бодан болып жүріп-ақ

Сезген екен Шәмшісі мен Жүмекені қазақтың!

Желтоқсанның он алтысында, бір мың тоғыз жүз тоқсан бірінші жылы ата-бабалардың арманы орындалды - қанмен жуылған қасиетті далада қазақтың көк байрағы тігілді!

Тәуелсіздіксіз қазақ қазақ емес. Азаттықсыз еліміз қазақилығынан айырылады, өзіне ғана тән рухынан айырылады, жерінен, елінен айырылады! Сондықтан, тәуелсіздік қазақ үшін қасиетті ұғым, бәрінен де ең маңыздысы. Еркіндік бізге шабыт береді, кеудені күшке толтырады. Тек еркін болғанда ғана біз иығымызды түзу ұстап, көкірегімізді алдыға шығарып, кеудені ауаға толтырып жүре аламыз. Сондықтан, ағайын, тәуелсіздігімізді, егемендігімізді көздің қарашығындай сақтайық, қадірлейік, ұлықтайық ел болып, ұлт болып, қазақ болып қалайық десек! Әрбіреуіміз тәуелсіздігімізді нығайту үшін елімізді қорғайық, жерімзді сақтайық, мемлекетімізді құптайық!

«ХХI ғасыр қазақ халқының жұлдызы жанатын ғасыр болатынына сенемін»

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

 

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 75 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
КВЕСТ «Гарри Поттер. Кубок волшебников» | 1.Грунты — горные породы, залегающие преимущественно в пределах зоны выветривания и являющиеся объектом инженерно-строительной деятельности человека. Грунты характеризуются следующими основными

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.025 сек.)