Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

A) мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы,



$$$ 1

Мемлекет және құқық теориясы:

A) мемлекет және құқықтың жалпы заңдылықтары туралы, мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы, мәні, қызметі және дамуы туралы білім жүйесі

$$$ 2

Мемлекет және құқық теориясының пәні:

A) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының жалпы заңдылықтары

$$$ 3

Мемлекет және құқық теориясының әдістемесі

B) білімнің объективті шынайылығын көрсететін, ақиқат білім алу үшін қолданылатын ғылыми әрекеттің қағидаларының, әдістерінің, тәсілдерінің жиынтығы

$$$ 4

Білім алу үшін ғылымда қолданылатын құрал, тәсіл, ережелер жиынтығы

B) әдістер

$$$ 5

Жалпы ғылымдық әдістер:

A) материалистік, диалектикалық

$$$ 6

Мемлекет және құқық теориясының әдістері:

C) жалпы ғылымдық, жеке ғылымдық

$$$ 7

Заңдық ғылымдар:

D) мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болу, даму және әрекет етуінің жалпы және жеке саяси заңды заңдылықтары туралы білімдер жүйесі

$$$ 8

Тарихи-теоретикалық заңдық ғылымдар:

D) саяси және құқықтық білімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы

$$$ 9

Салалық заңдық ғылымдар:

азаматтық құқық қылмыстық құқық, еңбек құқығы

$$$ 10

Қолданбалы заңдық ғылымдар:

C) криминалистика, заңдық психология, соттық психиатрия

$$$ 11

Мемлекеттің пайда болуының себептері

E) экономикалық, әлеуметтік

$$$ 12

Мемлекет және құқықтың пайда болуының теориялары

E) патриархалды, органикалық

$$$ 13

Мемлекеттің пайда болуының келісімдік теориясының негізін қалаушылар:

B) Гоббс, Спиноза, Руссо

$$$ 14

Мемлекеттің пайда болуының күштеу теориясының негізін қалаушылар

С) Гумпилович, Каутский, Дюринг

$$$ 15

Мемлекеттің пайда болуының патриархалды теориясының негізін қалаушылар:

А) Покровский, Фильмер

$$$ 16

Мемлекеттің пайда болуының теологиялық теориясы былай деп т.сіндіреді:

С) мемлекет бұл құдай еркінің жемісі

$$$ 17

Мемлекеттің пайда болуының типтік және ерекше нысандары



D) шығыстық, еуропалық

$$$ 18

Мемлекеттік билік рулық биліктен қандай белгісімен ажыратылады:

C) тұрғындардың аумақтық ұйымдастырылуымен

$$$ 19

Мемлекет:

E) белгілі аумақта жоғарғы билікпен қамтылған саяси ұйым

$$$ 20

Демократия

С) халықты мемлекеттік биліктің қайнар көзі ретінде тану, оның саяси шешімдерді қабылдауға қатысудағы құқықтарын тану, азаматтық құқықтар мен бостандықтардың кең көлемін жариялау

$$$ 21

Билік:

А) қоғамды әлеуметтік ұйымдастырудың негізгі қызметінің бір түрі, адамдардың іс-әрекеттерін басқару мүмкіндігі бар беделді күш

$$$ 22

Қоғам:

С) тұрақты және объективті сипаттағы көзқарастармен өзара байланысты адамдар жиынтығы

$$$ 23

Мемлекет типі:

C) сан алуан мемлекеттердің өздеріне тиісті тұтастай алынған маңызды қасиеттері мен жақтардың жиынтығы және жалпылама ерекшеліктерінің жүйесі

$$$ 24

Мемлекет типі мынадай болады:

D) социалистік

$$$ 25

Мемлекеттің формациялық типінің басты факторы:

) өндірістік қатынастар типі

Базис:

В) мемлекеттің экономикалық құрылысы

$$$ 27

Қондырма:

А) саяси және құқықтық қатынастар жиынтығы

$$$ 28

Өркениеттік мемлекет типінің басты факторы:

D) рухани белгілер

$$$ 29

Мемлекет нысанының элементтері:

В) басқару нысаны, саяси режим, мемлекеттік құрылыс нысаны

$$$ 30

Басқару нысаны:

Е) мемлекеттік биліктің жоғарғы органдарын ұйымдастыру, олардың құрылымы, құрылу тәртібі, құзірет бөлісу және тұрғындармен өзара қарым-қатынасы

$$$ 31

Монархия:

В) жоғарғы мемлекеттік билік билік басында отырған монархқа мұрагерлік жолымен немесе өмір бақиға сайланып берілген басқару нысаны

$$$ 32

Республика:

С) жоғарғы мемлекеттік билік белгілі бір мерзімге сайланатын сайланбалы органға берілген басқару нысаны

$$$ 33

Федерация:

Е) мемлекеттік немесе заңды анықталған дербестікке ие ұлттық-мемлекеттік құрылымдардан тұратын мемлекеттік құрылымның күрделі нысаны

$$$ 34

Унитарлы (біртұтас) мемлекет:

Е) мемлекет аумағы әкімшілік - аумақтық бөліністерге бөлінетін ұлттық - мемлекеттік құрылымның қарапайым, бөлінбейтін, біртұтас нысаны

$$$ 35

ҚР-ның мемлекеттік құрылыс нысаны:

С) унитарлы

$$$ 36

Мемлекеттік құрылыс нысаны:

А) орталық және жергілікті биліктердің арасындағы өзара қатынастардың сипаты, мемлекеттің саяси - аумақтық құрылымы

$$$ 37

Саяси режим:

В) саяси билікті жүзеге асырудың мазмұны мен сипатын білдіретін әдістері мен тәсілдерің жиынтығы

$$$ 38

Мемлекет саяси режиміне байланысты төмендегідей бола алмайды:

В) шығыстық

$$$ 39

Мемлекет функциясы

A) қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, ролін көрсететін әрекеттерінің басты бағыттары

$$$ 40

Мемлекет функциясы түрлері:

D) ішкі, сыртқы

$$$ 41

Қоғам дамуының белгілі бір кезеңіндегі мемлекеттің әлеуметтік мәні мен маңызын, рөлін көрсететін мемлекет әрекетінің негізгі бағыттары:

А) мемлекет функциясы

$$$ 42

Мемлекеттің сыртқы (қызметі) функциялары:

А) әскери және басқа мемлекеттермен ынтымақтастық

$$$ 43

Мемлекет функциясын жүзеге асырудың негізгі нысандары:

Е) құқықтық және ұйымдастырушылық

$$$ 44

Мемлекеттің механизмі:

В) мемлекеттің өз міндеті мен қызметін орындауына көмегі тиетін жалпы қағидалары және түпкі мақсаттардың бірлігімен өзара байланысқан органдар мен мекемелердің жүйесі

$$$ 45

Демократизм, биліктің бөлінуі, субординация және координация, заңдылық, кәсіпқойлық төмендегілердің қайсысының қағидасы

С) мемлекет механизмінің

 

$$$ 46

Мемлекеттік аппарат:

Е) мемлекеттің қызметтерін жүзеге асыруды тікелей жүргізетін биліктік өкілеттік құзыреті бар органдар жүйесі

$$$ 47

Құзіретінің сипаты бойынша мемлекет органдары төмендегідей болады:

Е) жалпы, арнайы

$$$ 48

Иерархиясы (орналасу сатысы) бойынша мемлекеттік органдар:

В) жоғарғы, жергілікті

$$$ 49

Шешім қабылдау тәсілі бойынша мемлекеттік органдар:

В) өкілетті

$$$ 50

Бағыныштылық сипаты бойынша төмендегідей мемлекеттік органды анықтауға болады:

С) вертикалды, екі жақты бағынышты.

$$$ 51

ҚР-ның Парламенті:

D) заң шығару қызметін жүзеге асыратын жоғарғы өкілетті орган

$$$ 52

ҚР Президентінің өкілеттік ету мерзімі:

В) 7 жыл

$$$ 53

Вето:

С) қандай да бір шешімге құзіретті органмен немесе тұлғамен салынған ауызша немесе жазбаша тыйым

$$$ 54

Мемлекет басшысының лауазымына отырудың салтанатты рәсімі:

С) инаугурация

$$$ 55

ҚР - ның Үкіметі:

С) атқарушы билікті жүзеге асырады және олардың қызметіне басшылықты жүзеге асырады, атқарушы билік органдары жүйесін басқарады

$$$ 56

Сот билігі:

D) әділ сотты жүзеге асырады

$$$ 57

Мәслихаттың өкілеттік мерзімі:

А) 5 жыл

$$$ 58

Мәслихат:

D) депутаттардың жиыны, облыс, аудан, қала аумағындағы ҚР-ның тұрғындарының өкілетті органы

$$$ 59

Облыс, республикалық маңыздағы қала және астананың әкімдерінің өкілеттік мерзімі қай уақытта тоқтатылады?

D) Республика Президентінің жаңадан лауазымға отыруы кезінде

$$$ 60

Азаматтық қоғам:

D) мемлекеттің саяси қызметімен орнықтырылмаған қоғамдық қатынастардың - экономикалық, әлеуметтік, мәдени, идеологиялық, діни, моралдық - сан алуандығы

$$$ 61

Құқықтық жүйе төмендегінің пайда болуына себеп болды, ол:

В) саяси жүйе

$$$ 62

Саяси жүйенің құрылымы:

В) саяси партиялар, қозғалыстар, шіркеу, жастар ұйымы, кәсіподақ, фермерлер, заңгерлер бірлестігі

$$$ 63

Қоғамның саяси жүйесінің элементтері:

А) саяси бірлестіктер (ұйымдар, партиялар және т.б.)

$$$ 64

Мемлекет қоғамның саяси жүйесінде:

В) мемлекет қоғамның саяси жүйесінде жетекші орынды иемденеді

$$$ 65

Зайырлы мемлекет:

Е) діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген және мемлекеттік функцияларды орындамайды

$$$ 66

ҚР-ның қоғамдық бірлестіктері:

D) заңға қайшы келмейтін бір жалпы мақсатқа жету үшін ерікті негізде құрылған саяси партиялар, кәсіподақтар және басқа да азаматтардың бірлестігі

$$$ 67

Қандай жастан ҚР азаматы саяси партияның мүшесі бола алады:

С) 18 жастан

$$$ 68

ҚР-да кімдер қоғамдық бірлестіктердің мүшесі бола алады:

D) 18 жасқа толған ҚР азаматы

$$$ 69

Құқықтық мемлекет:

B) жария-саяси биліктің ұйымдастырылуы мен әрекет етуінің және олардың құқық субъектісі ретіндегі тұлғалармен өзара қарым қатынасының құқықтық нысаны

$$$ 70

Құқықтық мемлекеттің қағидалары

A) құқықтық заңдардың жоғарылығы, азаматтардың құқықтары және міндеттерінің бірлігі, билік бөлісу

$$$ 71

Табиғи құқық:

E) адам табиғатымен негізделген және нақты заң шығарушының еркінен тәуелсіз, ажырағысыз құқықтар мен бостандықтардың жиынтығы

$$$ 72

Азаматтық қоғамның құрылысы:

B) мемлекеттік емес әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар, қоғамдық бірлестіктер және ұйымдар, жанұя, шіркеу

$$$ 73

Азаматтық қоғамның белгілері:

$$$ 73

Азаматтық қоғамның белгілері:

адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету, өзін-өзі басқарушылық, құқықтық мемлекет

жалпы хабарланғандық және адамдардың ақпаратқа құқықтарын шынайы жүзеге асыру

экономиканың көпсалалығы, биліктің легитимді және демократиялы сипаты

еркін қалыптасатын қоғамдық пікір және плюрализм

$$$ 74

Адам құқығы:

E) тұлғаның қоғамдағы белгілі жүйедегі құқықтарын және міндеттерін білдіретін заңды түрде бекітілген жағдайы

 

$$$ 75

Адам және азаматтың алғашқы құқықтары:

A) азаматтық және саяси құқықтар

$$$ 76

Таптық қоғамға дейінгі әлеуметтік нормалар

D) әдет-ғұрыптар, моралдық нормалар, салт-дәстүрлер

$$$ 77

Құқықтың пайда болу жолдары:

C) мемлекеттің құқық шығармашылығы мен мононормалардың әлеуметтік нормаға айналуы

$$$ 78

Нормативтілік, интеллектуалды - ерікті сипат, мемлекеттік мәжбүрлеу мүмкіншілігімен қамтамасыз етілгендік, формалды анықталғандық, жүйелілік - бұл ненің белгілері?

Е) құқықтың

$$$ 79

Құқықтың қай белгісінде құқықтық нұсқаулар әрекетінің жалпылық, міндеттілік, үздіксіздік, аумақтық ұйымдастырылғандығы деген түсініктер шоғырланған:

Е) нормативтілік

$$$ 80

Құқық мәні туралы негізгі теориялар:

A) табиғи, нормативтік, әлеуметтік

$$$ 81

Құқықтың қазіргі анықтамасы.

Е) қоғамда қатынастарды реттеуге арналған мемлекетпен тағайындалған және қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті нормалар жүйесі

$$$ 82

Мемлекеттік-өкілдік нормативтік нұсқауларда объективтендірілген мемлекеттік ерік:

C) құқық мазмұны

$$$ 83

Объективті құқық:

A) адам әрекетінің құқықтығы немесе құқыққа қарсылығының өлшемі, практикада тұлғаның заңдық құқықтары мен міндеттерінің бар-жоқтығын анықтаудың заңдық негізі болып табылатын нормалар жүйесінде көрінетін әлеуметті нормативті реттеуші

$$$ 84

Құқық функциялары /қызметі/:

D) реттеуші, қорғаушы

$$$ 85

Құқықтың қоғам өміріндегі мәні мен әлеуметтік орнымен анықталатын қоғамдық қатынастарға заңды әсер етудің негізгі бағыттары:

E) құқық қызметі

$$$ 86

Нақты-географиялық, ұлттық тарихи, діни және арнаулы-заңдық белгілер негізінде құқық типі төмендегідей бөлінеді:

C) ұлттық құқықтық жүйелер, құқықтық отбасылар

$$$ 87

Романо-германдық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзі:

D) нормативті актілер

$$$ 88

Англо-саксондық құқықтық жүйенің негізгі қайнар көзі:

A) сот прецеденті

$$$ 89

Діни адамгершілік нормалары құқықтың негізгі қайнар көзі болып саналатын құқықтық жүйе:

E) діни

$$$ 90

Экономикалық базис типіне байланысты құқық типі төмендегідей бола алмайды:

C) мұсылмандық

$$$ 91

Әлеуметтік нормалар:

A) қоғамдағы адам әрекетін реттеуші жалпы ережелер

$$$ 92

Әлеуметтік норманың түрлері:

D) әдет-ғұрып, дәстүр

$$$ 93

Әдет - ғұрып:

А) тарихи қалыптасқан, ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез - құлық ережесі

$$$ 94

Корпоративті нормалар:

D) қоғамдық ұйымдардың қызмет ету мақсатына жету үшін шығарылған жарғы, ереже, шешімдерінде көрсетілген, бекітілген әрекет тәртібі

$$$ 95

Құқықтың қайнар көзі:

А) құқықтық нормаларды мазмұндау, бекіту тәсілі

$$$ 96

Құқықтың қайнар көзіне төмендегінің қайсысы жатпайды:

В) мораль қағидалары

$$$ 97

Құқықтық әдет-ғұрып:

С) мемлекетпен танылған, тарихи қалыптасқан ұрпақтан ұрпаққа беріліп, дәстүрге айналған мінез - құлық ережесі

$$$ 98

Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінің иерархиясынан тыс жатады:

E) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңестің, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және ҚР Орталық сайлау комиссиясының нормативтік қаулылары

$$$ 99

Нормативті-құқықтық акт:

А) құқық нормаларын бекітуге, өзгертуге немесе жоюға бағытталған, айқындалған тәртіпте қабылданатын мемлекеттік органның актісі

$$$ 100

Заңдардың түрлері:

А) конституциялық және жай

$$$ 101

Қазақстан Республикасының Президенті шығарады:

B) өкімдер, жарлықтар

$$$ 102

Заңнама жүйесі:

B) құқықтың ішкі мазмұнын және құрылымдық сипатын қамтитын нормативті - құқықтық актілердің жиынтығы

$$$ 103

Нормативті-құқықтық актілердің уақыттағы әрекеті:

E) тұрақты және уақытша

$$$ 104

Заңның кері күші:

D) нормативті-құқықтық актінің оның заңды күшіне енуіне дейінгі болған фактілер және олардан туындаған құқықтық жағдайларға таралуы

$$$ 105

Мемлекетпен танылатын және қамтамасыз етілетін қоғамдық қатынастарға қатысушылардың құықтары мен міндеттерін реттейтін жалпыға біодей міндетті әрекет тәртібі:

В) құқық нормасы

$$$ 106

Құқық нормасының құрылымы:

В) норманың ішкі құрылымы, оның өзара байланысқан бөліктерінің жиынтығы

$$$ 107

Гипотеза:

В) құқық нормасының әрекет ету жағдайларын көрсететін құқық нормасының бөлігі

$$$ 108

Диспозиция:

С) құқықтық қатынастарға қатысушыларға нақты құқықтары мен міндеттері көрсетілген құқық нормасының құрылымдық бөлігі

$$$ 109

Санкция:

А) құқықтық норманың диспозициясында көрсетілген талаптардың бұзылған жағдайында қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеуді көрсететін құқық нормасының бір бөлігі

$$$ 110

Мемлекеттік органдардың қағидаларын, институттарын немесе құрылымын құратын және құқықтық реттеудің бастапқы шегін анықтайтын нормалар:

D) құрылтайшы

$$$ 111

Міндеттілік сипаты бойынша төмендегі құқық нормалары анықталады, олар:

С) императивті, диспозитивті

$$$ 112

Типтік құқық нормалары:

А) құқық қорғаушы, реттеуші

$$$ 113

Типтік емес құқық нормалары

D) декларативті, дефинивті

$$$ 114

Тұлғалар шеңбері бойынша төмендегі құқық нормалары анықталады:

В) жалпы, ерекше

$$$ 115

Құқық шығармашылық:

A) құзыретті мемлекеттік органдардың нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау жолымен, құқықтық нормаларды құруға, өзгертуге және жоюға бағытталған қызметі

$$$ 116

Заңдық бастамашылық субъектілері:

D) ҚР Үкіметі, ҚР Парламенті депутаттары

$$$ 117

Заңдық бастамашылық:

B) ҚР негізгі заңында бекітілген белгілі субъектілердің заңды қабылдау туралы ұсыныс жасау және тиісті заң жобасын енгізу құқығы

$$$ 118

Заң шығармашылық үрдісі:

E) келесі сатылардан тұратын, кезекті жүзеге асырылатын ұйымдастырушылық әрекеттердің жүйесі: заңдық бастамашылық, заң жобасын талқылау, заңды қабылдау, ҚР Президентінің заңға қол қоюы, заңды жариялау

$$$ 119

Заңдық техника:

E) нормативті-құқықтық актілерді дайындау, бекіту, жариялау және жүйелендіру тәсілдерінің жиынтығы

 

$$$ 120

Құқықты жүйелендіру:

C) заңнаманы реттеу және оны тұтас жүйеге келтіру бойынша жүргізілетін мемлекеттік органдардың қызметі

$$$ 121

Нормативті актілерді жүйелендірудің түрлері:

C) инкорпорация, кодификация, консолидация

$$$ 122

Кодекс ұғымы:

A) біртектес қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық нормалары біріктірілген және жүйелендірілген логикалық тұтас заңнамалық акт

$$$ 123

Заңнаманы кодификациялау

E) нормативті актілерді бірдей, логикалық тұтас актіге олардың мазмұнын өзгерте отырып біріктіру жолымен жасалатын жүйелендіру нысаны

$$$ 124

Инкорпорация түсінігі

E) нормативті материалдардың мазмұнын өзгертпестен, тек сыртқы өңдеуден өткізу жүзеге асырылатын реттеу

$$$ 125

Консолидация түсінігі:

D) нормативті-құқықтық актілер өңделіп, толықтырылып және біріктірілетін жүйелендірілу нысаны

$$$ 126

Құқық жүйесі:

А) құқықтың құқық нормасын институтқа, бағынышты салаларға және құқық салаларына бірлескендігін білдіретін қоғамдық қатынастардың сипатымен шартталған құқықтың ішкі құрылысы

$$$ 127

Құқықтық реттеудің пәні:

В) адамның қызметінің спецификасымен шартталған қоғамдық қатынастардың белгілі саласы

$$$ 128

Құқықтық реттеудің әдісі:

B) құқықтың қоғамдық қатынастардың белгілі бір саласына әсер ету әдістері, тәсілдері, құралдарының жиынтығы

$$$ 129

Құқық саласы:

C) өзінің ерекше әдісімен қоғамдық қатынастардың сапалы біртекті аясын реттейтін, құқықтың нормаларының жиынтығы

$$$ 130

Құқық институты:

A) біртекті қоғамдық қатынастардың белгіленген жағын немесе түрін реттейтін құқықтық нормалардың жиынтығы

$$$ 131

Жеке құқық:

C) азаматтық құқық

$$$ 132

Көпшілік құқығы:

C) әкімшілік құқық

$$$ 133

Құқықтық сана:

E) құқықтық шындыққа қатысты адамдардың көзқарастарын, идея, концепция, баға, сезімдерін көрсететін қоғамдық сананың нысаны

 

$$$ 134

Құқықтық психология түсінігі:

A) құқықтық шындыққа қатысты адамдардың бағалаулары, сезімдері, эмоциялары мен көңіл күйлері

$$$ 135

Құқықтық идеология түсінігі:

B) құқықтық шынайылық туралы пікірлер, көзқарастар, түсініктер, теориялар, концепциялар

$$$ 136

Құқықтық сананың мазмұны бойынша түрлері:

B) кәдімгі, кәсіби, теоретикалық

$$$ 137

Құқықтың реттеушілік қабілетіне сенімсіздік білдіруге, заңдарды елемеуге негізделетін құқықтық сананың жағдайы:

C) құқықтық нигилизм

$$$ 138

Құқықтық мәдениет түсінігі:

A) құқықты терең білу, түсіну, оның талаптарын саналы түрде орындау

$$$ 139

Құқықтық мәдениеттің субъектілеріне қарай мынандай түрлері бар:

D) жеке, топтық, қоғамдық

$$$ 140

Құқықтық мәдениеттің қызметі:

E) танымдылық, бағалаушылық, реттеушілік

$$$ 141

Құқықтық қатынас түсінігі:

C) құқық нормасы негізінде және белгілі бір заңдық фактілердің нәтижесінде пайда болатын, өзара субъективі құқықтар мен міндеттерге ие құқық субъектілерінің байланысы

$$$ 142

Құқықтық қатынастың субъектілерінің нақтылану дәрежесіне байланысты құқықтық қатынастардың түрлері:

A) салыстырмалы, жалпы

$$$ 143

Құқық қабілеттілік:

E) мемлекетпен танылатын субъективті құқықтарды және заңды міндеттерді иелену қабілеттілігі

$$$ 144

Әрекет қабілеттілік:

D) дербес, өз әрекеттерімен құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру қабілеттілігі

$$$ 145

Құқықтық қатынастардың объектісі:

C) құқықтық қатынасқа түсуші субъектілердің жеке құқықтары мен заңды міндеттерін жүзеге асыру арқылы өз қажеттіліктерін, мүдделерін қамтамасыз етуі

$$$ 146

Құқықтық қатынас құрылымы

C) субъективті жақ

$$$ 147

Құқықтық қатынастар субъектілері:

D) құқық нормалары негізінде құқықтық қатынастардың қатысушылары бола алатын, субъективті құқықтар мен міндеттерді иеленетін жеке тұлғалар мен ұйымдар

$$$ 148

Толық әрекет қабілеттілік қай жаста пайда болады:

E) 18 жаста

$$$ 149

Жартылай әрекет қабілеттілік қандай жасты қамтиды:

C) 14 жастан 18 жасқа дейін

$$$ 150

Субъективті құқық түсінігі:

E) субъектіге өзінің мүдделерін қанағаттандыруға жағдай туғызатын заң жүзінде мүмкін болатын әрекет мөлшері

$$$ 151

Заңдық міндет түсінігі:

A) мәртебелік міндеттің шегінде және нақты заңды фактілер негізінде пайда болған нақты міндетті тұлғаның тиісті әрекет мөлшері

$$$ 152

Заңдық фактілер түсінігі:

D) құқық нормасы құқықтық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін немесе тоқталуын байланыстыратын өмірлік нақты мән-жайлар

$$$ 153

Заңдық құрам:

C) құқықтық салдарды іске асыруға қажетті болатын екі немесе одан да көп заңды фактілердің жиынтығы

$$$ 154

Заңды фактілердің түрлері:

D) оқиғалар, әрекеттер

 

$$$ 155

Оқиға дегеніміз не:

D) құқықтық қатынастар субъектілерінің еркінен тыс жүзеге асырылатын заңды фактілер

$$$ 156

Әрекет - бұл:

A) адамдардың ерікті мінез-құлық актілері, олардың еркі мен санасының сыртқы бейнесі

 

$$$ 157

Құқықты жүзеге асыру түсінігі:

C) азаматтардың, ұйымдардың, мемлекет органдарының құқықтық мінез-құлықтарындағы құқықтық ұйғарымдардың нақты жүзеге асырылуы

$$$ 158

құқықтыықты жүзеге асыру нысандары:

E) сақтау, орындау, пайдалану және қолдану

$$$ 159

Құқық нормаларын сақтау - бұл:

) құқықтық нормалармен тыйым салынған әрекеттерді жасаудан тыйылудан тұратын құқықты жүзеге асырудың нысаны

$$$ 160

Құқық нормаларын пайдалану:

D) субъектілердің өз құқықтарын іске асыруынан, құқықтық нормалармен рұқсат етілген әрекеттерді жасауынан тұратын, оны жүзеге асырудың нысаны

$$$ 161

Құқықты қолдану актісі:

A) нақты заңдық істі шешу нәтижесінде құзыретті органмен шығарылған жеке өкімді ұйғарымы бар құқықтық акт

$$$ 162

Құқық нормаларын талқылау:

E) құқықшығармашылық органның құқық нормасына енгізген мәнін, оны дұрыс қолдану үшін ұғыну және түсіндіру әрекеті

$$$ 163

Казуалды талқылау:

B) нақты істі қарау кезінде міндетті болатын түсіндіру

$$$ 164

Көлемі бойынша талқылау /заң мәтіні және норма мазмұнының арақатынасы бойынша/:

A) дәлме-дәл /сөзбе-сөз/, кеңейте, шектеулі

$$$ 165

Аутентикалық талқылау -бұл:

E) нормативті актілерді қабылдаған органның өзінің түсіндірме беруі

$$$ 166

Легалды талқылау - бұл:

E) басқа органдар қабылдаған құқықтық актілерді заңмен рұқсат етілген, соған өкілетті мемлекет органдарының талқылауы

$$$ 167

Белгіленген дәрежедегі және жалпы мәнге ие болатын барлық заңдық істерді қарауға берілетін талқылау мынаған жатады:

B) нормативтіге

$$$ 168

Құқықты талқылаудың актілері:

C) заңдық нормалардың мағынасын айқындайтын құқықтық акт

$$$ 169

Заңдардың қайшылығы (коллизия):

C) бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық актілер арасындағы қайшылықтар

$$$ 170

Заң ұқсастығы деп нені айтады:

D) дауды ұқсас, осы тәріздес оқиғаларды реттейтін мағынасы жағынан жақын болатын құқық нормасы негізінде шешу

$$$ 171

Нормативті реттеу - бұл:

A) құзыретті мемлекеттік органдардың жалпы әрекет тәртібін /құқық норма/ анықтау және қабылдау бойынша әрекеті

$$$ 172

Құқықтық реттеудің әдістері:

A) рұқсат беру, міндеттеу, тыйым салу

$$$ 173

Құқықтық реттеудің механизмі:

A) қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жүзеге асырушы құқықтық құралдардың жүйесі

$$$ 174

Құқықтық режим - бұл:

A) құқық субъектісінің мүдделерін қанағаттандыру үшін қажетті әлеуметтік жағдай және нақты қолайлы немесе қолайсыз деңгей жасайтын және заңды құралдардың белгілі үйлестігінде көрініс табатын құқықтық реттеудің ерекше тәртібі

$$$ 175

Құқықтық мінез-құлық түсінігі:

D) құқық нормаларына және әлеуметті-пайдалы мақсатқа сәйкес қоғамдық қатынас субъектілерінің әрекеті

$$$ 176

Әрекет түрлері:

D) құқықтық және құқыққа қарсы әрекет

$$$ 177

Құқықтық әрекет түрлері:

B) әлеуметтік белсенді, конформистік, маргиналдық

$$$ 178

Теріс қылық түсінігі:

C) заңда қылмыс деп табылмаған барлық құқықбұзушылық

$$$ 179

Құқықбұзушылық түсінігі:

E) қоғам, мемлекет және тұлғаның мүдделеріне зиян келтіретін тұлғаның кінәлі, құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті әрекеті

 

$$$ 180

Құқық бұзушылық субъектісі:

E) белгілі бір жасқа толған, есі дұрыс, жеке тұлға

$$$ 181

Құқықбұзушылықтың заңды құрамы

B) заңды жауапкершілікке тартуға қажетті жене жеткілікті құқықбұзушылық белгілерінің жүйесі

 

$$$ 182

Құқықбұзушылықтың объективті жағы:

D) іс-әрекет, зиянды зардап, олардың арасындағы себепті байланыс ретіндегі сол құқықбұзушылықты сипаттайтын сыртқы белгілердің жиынтығы

$$$ 183

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы:

B) субъектінің жасалған іс-әрекетке және оның зардабына психикалық көзқарасы, құқықбұзушының еркінің бағыттылығы

$$$ 184

Құқық бұзушылық объектісі:

C) зардап келген, құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар

$$$ 185

Кінә /қасақана немесе абайсыздық/:

A) субъектінің құқыққа қарсы іс-әрекетке және оның нәтижесіне психикалық қатынасы

$$$ 186

Заңды жауапкершілік түсінігі:

E) жасалған құқық бұзушылыққа сәйкес қолданылатын, кінәлі жанның жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық сипаттағы айырылушылықтарымен байланысты болатын мемлекеттік мәжбүр ету шаралары

$$$ 187

Деликт қабілеттілік

E) құқық бұзушылық субъектісінің өзінің құқыққа қарсы теріс қылығының мағынасын сезіне білу және заңды жауапкершілікті атқару қабілеттілігі

$$$ 188

Заңдылық

C) заңдарды, өзге де нормативті-құқықтық актілерді барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік емес ұйымдардың және азаматтардың дәлме-дәл және бұлжытпай сақтауы және орындауы

$$$ 189

Құқықтық тәртіп:

E) құқықтық нормалармен реттелу және осы нормаларды жүзеге асыру нәтижесінде пайда болатын қоғамдық қатынастардың ұйымдастырылған, тәртіптелген жағдайы

$$$ 190

Қоғамдық тәртіп:

A) заңдылық және тәртіп көмегімен жететін қоғамдық қатынастардың тәртіптелген жағдайы

$$$ 191

Тәртіп:

B) қоғамда қалыптасқан әлеуметтік нормаларға сай келетін адамдардың мінез құлқына қойылатын талап

$$$ 192

Тәртіптің түрлері:

B) мемлекеттік, еңбектік

$$$ 193

Азаматтығы жоқ тұлғалар:

E) қандай да болмасын мемлекетте азаматтық құқықтары жоқ тұлғалар

$$$ 194

Басымдылық дегеніміз не:

D) қандай-да бір органға, лауазымды тұлғаға немесе азаматқа берілетін ерекше құқық

$$$ 195

Құқықтық мәртебе:

A) тұлғаның құқықтары мен міндеттерінің белгілі бір жүйесін білдіретін, қоғамдағы тұлғаның заңды бекітілген жағдайы

$$$ 196

Құқықтық мәртебе түрлері:

A) жалпы, арнайы, жеке

$$$ 197

Құқықтық мәртебенің құрылымы:

E) құқықтар мен міндеттер, азаматтылық, құқықсубъектілік

$$$ 198

ҚР азаматының саяси құқықтарына жатады:

A) сөз бостандығы, бірлесуге құқығы, мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы

$$$ 199

Жеке құқықтар мен бостандықтарға жататын мыналар

E) еңбек және еңбек үшін марапатталуға құқығы

$$$ 200

Экономикалық құқықтар мен бостандыққа жататындар мыналар:

A) жеке меншікке құқығы, кәсіпкерлік әрекет бостандығына құқығы, еңбекке және еңбек үшін марапатталуға құқығы

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 341 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
12 марта в нашей школе начнёт работу творческая лаборатория «Я сумею! Я смогу!». | Государственное бюджетно-образовательное учреждение среднего профессионального образования педагогического колледжа № 1 им. Н.А. Некрасова.

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.117 сек.)