Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті



Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Химия және химиялық технология факультеті

 

СӨЖ

Тақырыбы: Валериан қышқылын және оның тұздарының өндірісі

 

Орындаған: Қадырқұлов Е.Қ

Тексерген: Халменова З.Б

 

Алматы 2015

Валериан қышқылын және оның тұздарының өндірісі

Валериан қышқылы С4Н9COOH – бірнегізді карбон қышқылы, жағымсыз иісі бар сұйықтық. Оның тұздары мен эфирлерін валериаттар деп атайды.

Валериан қышқылының 4 изомері бар:

· н-пентан қышқылы СН3-СН2-СН2-СН2-COOH

· 3-метилбутан қышқылы СН3-CH(СН3)-СН2-СООН

· 2-метилбутан қышқылы СН3-СН2-CH(СН3)-СООН

· 2,2-диметилпропан қышқылы СН3-С(СН3)2-СООН

Валериан қышқылының изомерлерінің ішінде маңыздысы 3-метилбутан қышқылы. Оны валериан қышқылынан немесе синтетикалық жолмен алады. Ол валидол, бромурол дәрілерінің синтезінде қолданылады. Сонымен қатар валиннің аминқышқылдары рацематтар синтезінде қолданылады. Тамақ өндірісінде изовалериан қышқылының изоамил эфирі қолданылады.

Изовалериан қышқылының өндірісі. Біріншілік спирт топтарының карбоксил топтарына тотығуының мысалына излвалериан қышқылының синтезін жатқызуға болады. Ол бромурал синтезінде жартылай өнім болып табылады.

Изоамил спиртін қышқылдық ортада тотықтырғанда күрделі изоамил-изовалериан эфирі түзіледі:

 

 

Сондықтан изоамилді тотықтыру сілтілік ортада жүргізеді:

 

Изовалериан қышқылы өндірісінің технологиялық сызбасы 1-суретте келтірілген.

Процесті араластырғышы және салқындатқышы бар болат аппаратта жүргізеді. Аппарат алдымен перманганат ерітіндісі дайындалады, кейін оған тамшылатын изоамил спиртін құйады. Реакциялық массаның температурасы 20°С-тан аспауы қажет. Сондықтан изоамил спиртің жіберу бірнеше сағатқа созылады.

Изоамил спиртін қосып болғаннан кейін 2 сағат тұндырады, содан кейін реакциялық массаны друк-фильтр арқылы буландырғыш аппаратқа өткізеді. Друк-Фильтрдегі марганец диоксидінің тұнбасын сумен жуады және жуылған сулы ерітіндіні негізгі фильтратқа қосады.



Құрамында изовалериан қышылының калий тұзы бар фильтратты тұз қышқылымен тотықтырады, сол кезде бос изовалериан қышқылы бөлініп шығады.

Тұндырылғаннан кейін жоғарғы изовалериан қышқылының қабатын бөліп алып, күйдірілген натрий сульфатымен кептіреді және вакуумда айдайды.

 

 

1-сурет. Изовалериан қышқылының өндірісінің сызбасы:

1 - су өлшегіш; 2 – изоамилді өлшегіш; 3 – тотықтырғыш; 4 – друк-фильтр; 5 – буландырғыш аппарат; 6 – конденсатор; 7 – қабылдағыш; 8 – қышқылды өлшегіш; 9 – бөлгіш; 10 – кептірілген изовалериан қышқылын қабылдағыш; 11 – вакуумды айдау аппараты; 12 – конденсатор; 13 – қабылдағыш;

 

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 63 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Корневища с корнями растения валерианы лекарственной-valeriana officinalis | 1. 1С-ЭДО (1С-Такском) особенно интересен клиенту при: – Правильные ответы 1, 2 и 3 (Большом объеме сделок с ограниченным количеством постоянных контрагентов; Больших затратах на

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.009 сек.)