Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. ТККЖЖ зауытының даму тарихы мен оның ұйымдастыру құрылымымен



Мазмұны

1. ТККЖЖ зауытының даму тарихы мен оның ұйымдастыру құрылымымен танысу.....................................................................................................................3

2. Өндіріс объектісінің конструкциясы және тағайындалуы................................5

2.1 С53А конвеерінің конструкциясы......................................................................5

2.2 Техникалық сипаттамасы....................................................................................6

3. Өңдірістің техникалық қамтылуы.......................................................................8

3.1 5С280П тіскескіш білдегінің құрылымы...........................................................8

3.2 СБП жүйесінің ерекшеліктері...........................................................................11

3.3 Кескіш құрал.......................................................................................................13

4. Арнайы кескіш құралдарды және айлабұйымдарды жобалау кезінде қолданылатын МЕСТ-р......................................................................................14

4.1 Цехта жұмыс істеу шарттарының және техника кауіпсіздік ережелерінің анализі.................................................................................................................15

5. ТББ және техникалық зертхананың жұмысы және сапалы өнімді шығаруда қатысы..................................................................................................................17

5.1 Кәсіпкерлік өндірістегі техникалық бақылауы...............................................17

5.2 Химиялық құрамның бақылауы.......................................................................18

6. Өнеркәсіп экологиясы.........................................................................................19

6.1 Өнеркәсіптің орналасу ауданының сипаттамасы...........................................19

6.2 Өнеркәсіптің атмосфераны ластану көзі ретінде сипаттамасы.....................20

6.3 Газдарды тазалау қондырғының қысқаша сипаттамасы................................22

7. Өндірістегі еңбекті қорғау ұйымы.....................................................................23

7.1 «Еңбекті қорғау» қызметі..................................................................................23

Қолданылған көз деректердің тізімі.......................................................................24

А Қосымшасы: Тетік сызбасы

Б Қосымшасы: Механикалық өңдеудің технологиялық процесі

В Қосымшасы: Цехтардың жоспары

 

 

1.ТККЖЖ зауытының даму тарихы және оның ұйымдастыру құрылымымен танысу

Тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу зауыты Қарағанды қаласының оңтүстігінде үлкен Михайловка станциясында орналасқан. 1958 жылы қазанда көмір тілігінің жабылуынан кейін депо территориясында «Орталық паровоз жөндеу шеберханалары» пайда болды. (ОПЖМ) 1960 жылы ОПЖМ ОЭМ Қарағанды көмір комбинатының орталық электромеханикалық шеберханасы деп атын өзгертті.



1961 жылы паровозды және вагонды цехтардан

а) жөндеу тобы

б) механикалық цех

в) оттегі учаскесінің салынуы бөлінді.

Осылай 1970-1971 жылы ТККЖЖ зауытына:

1. ЦЭММ-1 (номенклатурасы: бульдозерлерді жөндеу, қондырғыларды шығару, металлконструкциялы қондырғыларды жөндеу)

2. ЦЭММ-2 (номенклатура: жетектерді, насостарды, лебедкаларды, машиналарды жөндеу)

3. «Қарағандыкөмір» комбинатының моторемонтты зауыты

1970-1971 жылдары: эксковатор және булбдозерлерді жөндеуге арналған цех, паровоздарды жөндейтін цех, қазан қондырғыны жөндеуге дайындау бөлмесі.

4. Дизельді қозғалтқыштарды жөндеу цехы

5. Материалдар мен қосалқы заттарды сақтау бөлмесі

6. Оттегі цехы қосылды.

 

1982 жылы зауыттың құрамына 8 негізгі цехтар, 2 қосылқы: құралды, энергомеханикалық.

Негізгі цехтар:

- №1 Цех (тепловоздарды жөндеу) Тепловоздарды іске қосып, жөндейді.

- №2 Цех (жүк вагондарды жөндеу) Жүк вагондарын жөндеуді жүргізеді.

- №4 Цех (қазанды қондырғыларды жөндеу)

- №5 Цех (электропісіру трубаларды дайындау және шахтаға қосалқы заттарды дайындау)

- №6 Цех (ұсталы-баспақ) Ауыр типті рештактарды және шахтылы конвейерлерге көтергіш жабдықтарын дайындауға арналған дайындамалар мен тетіктерді өндіреді.

- №7 Цех (тау-шахтылы қондырғыларға қосымша бөліктерін өндіру) Шахтылы скребковый конвейерлерге рештактарды және трактор-бульдозерлерге жөндеу жүргізеді. Цехта СП63МОР, СР7000200, рештактарын және СП87П, СПМ87 рештактарын шығарады.

- №8 Цех (тау-кен жабдықтарын жөндеу) таспалы конвейерлердің жетегін, бас сутүсірудің насостарын, біртізбекті және екітізбекті конвейерлердің капиталды жөндеу жасайды.

- №9 Цех (дизельді қозғалтқыштарды жөндеу) ЯМЗ-236, ЯМЗ-240, ЯМЗ-240Н маркілі дизельді қозғалтқыштарды қайта қалпына келтіру.

Көмекші цехтар:

№3 Цех (құрамдық) Негізгі цехтарға арналған штамптарды және технологиялық жабдықтарды шығарады.

ЭМЦ (электромеханикалық цех) негізгі цехтардағы энергомеханикалық қондырғыларды жөндеу жүргізеді.

Қазіргі уақытта ТККЖЖ зауыты өз алдына көмір өндіру бірлестігінің мықты жөндеу базасы болып табылады және кез-келген тапсырмаларды жоғары техникалық деңгейде шешеді.

 

 

1. Өндіріс объектісінің тағайындалуы және конструкциясы

1.1 Машинаның тізбегінің және оның тетіктерінің қызметтік тағайындалуы

Білік- БП 400. 01. 076, БП 400.01.000 редукторының құрамына кіреді. Ал ол қырғышты конвейерқұрамына кіреді. Қырғышты конвейер 0,8 м/с жылдамдығымен қозғалады, көмір тасуға арналған. Қырғышты конвейердің қолдану облысы ретінде комбайндармен жабдықталған лавалар болып табылады. Сонымен қатар, конвейер лаваны кескен кезде пештерге және бекіткіш ормандарды тасымалдауға, көмірді басқа аудандарға тасымалдауға қолданылады. Қырғышты конвейерлер ауыл шаруашылығында, құрылыста, химиялық, тау-кен, металлургия саласында қолданылады.

Қырғыш салынған қырғышты конвейерлер түйіршікті, ұсақүзімді, материалдарды үзімі 30 мм дейін, температурасы 2000 С да көлденең немесе 450 еңкейген бағытта тасымалданылады.

Конвейерлер жарылысты, өртке қауіпті материалдарды тасымалдауға арналмаған және өртке қауіпті, жарылысты жерлерде жұмыс жасамайды.

Қырғышты конвейерлер жетектен, орта және тартылған секциалардан тұратын металлоконструкция. Конвейердің жұмысшы элементі – қырғыш бекітілген тартқышты шынжыр. Бұрау моменті тартқышты мәрімге жетекші конвейерден бас жұлдызша арқылы беріледі.

Артықшылықтары:

Қырғышты конвейерлерді қолдану:

а) 5000 С жоғары температурадағы материалдарды тасымалдайды;

б) Шаңдататын материалдарды қамтық арқылы тасымалдайды;

в) конструкциясында төзімді материалдар қолданылған.

Конвейерге өнімділік пен төзімділік береді.

 

2.2 Техникалық сипаттамасы

Өнімділігі максималды, қырғыш тізбегінің қозғалу жылдамдығы т/сағ;

0,73 м/сек 155

1,06 м/сек 225

Жеткізудегі конвейердің ұзындығы 120

Қырғыш тізбегінің қозғалу жылдамдығы м/сек:

негізгі 0,73

алмасу доңғалақтарын орнату кезінде 1,06

Тартқыш тізбегінің саны 1

Жеткізу бұрышының ең үлкен мүмкін,град

Тиеуіштің ұзындығы, мм 270

Электрқозғалтқыш:

түрі КОФ32-4

қуаты, кВТ 32

айналымдар саны, айн/мин 1480

кернеуі,В 380/660

Турбожалғастырғыш:

түрі ТП-32

номиналды момент, кгм 21

номиналды сырғу, % 4,5

іске қосу моментінің еселілігі 2,0

максималды моментінің еселілігі 2,2

Жұмыстық сұйықтық (май):

өнеркәсіптік 12,л 8,5

Тығынның балқу температурасы, 105

Түрі бөлшекті

Штампталған

тізбек қадамы, мм 80

қырғыш қадамы,мм 640

тізбектің жарылыс үдеуі, кг 29000

салмағы 1 п.м тізбек, кг 10,7

Тартқыш жұлдызшасы:

тістер саны 5

айналымдар саны, айн/мин 55

бастапқы шеңбер диаметрі,мм 261,7

Керілу айлабұйымы:

(арнайы, червяк тәрізді)

червяк жұптарының модулі, мм 4

арканның түрі 8-Н-180-1 МЕСТ 3071-55

тартылу қадамы, мм 800

Сызықтық бірыңғай рештак, мм

ең үлкен ені 494

ең кіші ені 350

ұзындығы 155

 

3 Өңдірістің техникалық қамтылуы

3.1 5С28ОП тіскескіш білдегінің құрылысы

1- сурет 5С28П тіскескіш станогы

Білдек конустық тісті дөңгелектер сызығының диаметрі 800 мм дейін және модулі 16 мм дейінгі таза және дөрекі өңдеуге арналған. Сонымен қатар кілтекті тісті доңғалақтарды өңдеуге болады.

Білдек 3 әдіспен жұмыс істейді: домалату, кесу, құрастырылған.

Білдек – жартылайавтоматты, гидрофицирленген, және де аз сериялы, сериялы, жаппай өндірістерде қолданылу мүмкін.

Білдектің негізгі техникалық берілгені:

- тісті доңғалақтардың ең үлкен өңделу диаметрі, мм 800

- тісті доңғалақтарды өңдейтін сыртқы қашықтық ұзындықтарының шектері, мм 50...400

- өңделіп жатқан берілістің тісті доңғалақтарының ең үлкен берілу қатынасы, 1:10

- өңделіп жатқан тісті доңғалақтардың ең үлкен сыртқы

шеңбер модулі, мм 16

- өңделіп жатқан тісті доңғалақтардағы тәждің ең үлкен ені, мм 125

- құралдың айналу жиілігінің шектері, айн/мин 20...127

- тісті кесу кезіндегі циклдің ұзару шектері, с/тіс 5...200

- қолданылу қуаты, кВт 11,25

- білдектің габариттік өлшемдері(ұзындығы/ені/биіктігі), мм 3100/2300/220

- білдектің массасы, кг 1500

Тұғыр 2 үсіңгі оң жақ бөлігінде бағыттаушы 1, ал үстіңгі сол жақ бөлігінде құралдық басша 9 бекітіледі, оның ішінде бесікше 3 орнатылған, ол өз осінен айнала алады. Құралдық басшаның оң жағында бұйымның басшасы 14 орналасқан. Бұйымның басшасы столға 22 орнатылады.

Тұғыр 2 тіссүргілеу білдектеріне қарағанда білдектің тасымалдайтын бөлігі, және де гидросистема сұйыққоймасы жоқ. Бұл білдектерде насосты қондырғы мен бірге сұйыққойма бөлек орналасқан. Тұғырдың ішінде құралдық басшамен столдың арасында жоңқа тасымалдауыш орнатылған. Оның алдыңғы бөлігінде столды келтіру және қайтару 22 және де дайындаманы қысу және босаңдату гидропанел қорабының 4 тұтқасы орналасқан.

Білдектің сол жақ бөлігінің үстінде және артында (суретте көрсетілген) берістер ауыстобы және ауыстоптың тізбек басқармасы бар берістер қорабы орнатылған.

2- 5С280П тіскескіш білдегінің кинематикалық схемасы

Құралдық басшаның 9 алдыңғы бөлігінде басқару пульті 8, есікше 6, онда басқару дискі және есікшелі 7 және де монометрі бар гидроқыспақты реттейтін қысымы орналасқан. Құралдық басшаның артқы сол жақ бөлігінде корпустық бұрамдық бесікшесі бұраммен, модификатормен және модификаторлық ауыстобы орналасқан.

Құралдық басшаның үстінде бөлу ауыстобымен 10, бөлу механизмі 11 қосылған.

Бесікшенің артқы бөлігінде 3 басты жетектің электрқозғалтқышы және басты қозғалысты ауыстобы орналасқан.

Бұйымның басшасы 14 айналдырықты алып жүретін 17, тік бағыттауыш тіректерге 13 қосылған, ол орнату кезінде бұранданың бұрылысымен орын ауыстырады. Тіреуіштің қалпақшасында ауысатын тістегеріш, айналдырықтың артқы бөлігінің ауыз тобы бұйымға гидроқыспақ қосылған.

Кинематикалық схемасы 2-суретте көрсетілген. Басты қозғалыстың тізбегі кесу жылдамдығын және тіскескіш бастиегінің айнлу жиілігін орнатады.

Қозғалыс электрқозғалтқыштан М1 және тісті доңғалақтардан 25-43-43, А,В ауыстоптың басты қозғалысынан, 25-33-55-19-91 тісті доңғалақтар білікке беріледі, онда тіскесіш бастиектер бекітіледі.Кинематикалық балланстың басқарылуы (2): 1460(айн/мин)

 

3.2 СБП жүйесінің ерекшеліктері

Сандық басқару программасы (СБП) – мәліметтері цифрлық формада берілген дайындаманың өңделуі білдектің басқару программасында басқарылады. СБП білдекпен бейімделу дайындаманың өңделу процесінің автоматтық бейімделуін қамтамасыз етеді.

СБП қондырғысы аппараттық және программалық болып бөлінеді. Аппараттық қондырғыда жұмыс алгоритмі схема жолымен іске асырады және қондырғыны жасағаннан кейін де өзгерілмейді. Бұл қондырғы алдымен әр түрлі білдектерді СБП меңгерілуін шығарады: токарлық-фрезерлі координаттық кеулей жону т.б. СБП басқару программасы енгізілген перфолент шығарады. Бұл қондырғылардың негізгі даму бағыттаушыларына техникалық мүмкіндіктерінің таралуы және программаға жадты енгізу болып табылады.

Программаланған қондырғыларда жұмыс алгоритмі программа арқылы жүзеге асырылады, қондырғы жадына енгізіледі және де қондырғыны жасағаннан кейін де өзгертілуі мүмкін. Бұл қондырғылар кейінірек пайда болды: оларды микропроцессор базасында құрастырады. СБП осындай түрін төртінші ұрпаққа жатқызылады; олар аз есептеуіш машина, жартылай қатқыл және иілген тапсырмалар жұмыс алгоритмі бойынша, ЭЕМ жоғары кезеңі. Жаңа функцияларды орындауға мүмкіндік туады: стандартқа сәйкес келмейтін циклдің өңделуі, әр түрлі білдектерге байланысты жұмыс алгоритмі өзгертіледі.

 

 

4 Арнайы кескіш құралдарды және айлабұйымдарды жобалау кезінде қолданылатын МЕСТ-р

Әбзелдерді жасау кезіндегі: техникалық әбзелдерді жасау кезінде және жобалауға арналған картасы МЕСТ 3.1113-79бойынша орындалады.

Тапсырыс картасын жетекші технолог жасайды және зауыт қызметкерлеріне,айлабұйымдар мен құралдар бюросына, құралдық шаруашылық бюросына жасау цехына, құралдық цехына таратылады.

Техникалық әбзелдерді жасайтын документтер жинақтарына: сызбалар жинағы, техникалық әбзелдің паспорты, МЕСТ 2.601-68 сәйкес программалық методикасы болуы керек.

Жетегі болмайтын әбзел жасалатын документтер жинағына жұмысшы сызбалар жинағы, техникалық әбзелдер паспорты жатады.

Бұйымдар партиясы әбзелге байланысты жасау цехының өндірістік мастерінің ТББ мастерімен, техпроцесс жасайтын технологтың, жетек жасайтын конструктордың қатысуымен жасалады. Нәтижелері технологиялық әбзелдер паспортында орнықтылады.

 

4.1 Цехте жұмыс жасау шарттарын талдау және техника қауіпсіздігінің нормалары

Сау және жоғары өнімді еңбегіне қажетті шарттарынан біреуі нормалы метерология шарттарының қамтамасыз етуі және өндірісте орналасқан жұмысшы аймақ ауасы тазалығы. Микроклимат температурамен, жұмыс аймағында ауа салыстырмалы дымқылдықпен және жылдамдықпен сипатталады. Бұл параметрлер адам организмына әсер етеді, оның көңіл-күйі анықталанады. Айқын үйлесімді және мүмкін метерологиялық шарттардың нақты мағыналарының таңдау уақытында жыл мерзімі есептеледі, жұмыс категориясын және өндіріс орналастыру мінездемесін еске алынады.

Дәл осылай РГТО зауытының цехтерінде үйлесімді микроклимат келесі шарттар арқылы қол жеткізіледі: суық және салқын мезгілінде жеңіл жұмыс орындалуы - ауа қоршаған температура 20-23 С салыстырмалы дымқылдық 40-60% және қозғалыс жылдамдығы 0,2 м/с, орташа ауырлық жұмыстардың орындалуы - температура 17-20 С, дымқылдық және қозғалыс жылдамдықтары бірдей; ауыр жұмыстарда температура 16-18 С, жылдамдық қозғалысы 0,3 м/с және дымқылдық сол қалпы калады.

Жылы мезгілде температура жоғарылайды орташа есеппен 2 С және ауа қозғалысның жылдамдығы 0,1 м/с.

Цехтегі ауаны нормалаудың ең нәтижелі құралы желдеткіш болып табылады. Жалпы желдетуі қатысады - сорылатын. Шаң, ұсақ жоңқалар және СОЖ аэрозольдерінің, құрылушылардың кесумен өңделген заттарды тазалу мақсатымен, арнайы саптаулармен немесе баспаналармен жергілікті сорушы құрылғыларды қолданады, зиянды заттардың қарқынды бөлінетін орындарында орналастырады.

Жұмысшы жұмыс орынын таза күйде сақтауы, қауіпсіздігіне тәуелді болады. Ол өзі үшін киіммен қадағалау тиісті, жұмысшы орынын ретін, еңбек күзету талабын орындау.

Зауытта қосалқы орналастырулар болады, мысалы душтар сияқты, гардеробтар, демалыс бөлмелері және т.б.

Душтық бөлмелер әрқашан таза болады. Жұмысшылар жұмыс күннен кейін мұнда шын көңілмен душ қабыл алу үшін келеді.

Зауытта бильярд, стол теннисі және басқа демалыс бөлмелері бар.

Жұмысшылардың денсаулығына ерекше мән бөлінеді. Зауыт аумағынын жан-жағында дәрігерлік пунктері бар. АҚ “ Испат Кармет ” қаланың ар жағында демалыс орындары бар, кәсіподақ жұмысшыларға денсаулығын қалпына келуіне арнацы жолдамалар береді.

Жұмысшылар және зауыт қызметкерлері зауыт аумағына тал егеді. Гүлзарларда көшеттер және шөптер отырғызылған. Зауыт басшылығы еңбек күзетін қатал сақтауын, ережелердің және техника қауіпсіздігінің нормаларын қадағалайды.

 

 

5. ТББ және техникалық зертхананың сапалы өнім шығарудағы жұмысы.

5.1 Өнеркәсіптік өндірістегі техникалық бақылау

Өндірістегі өнімнің техникалық сапасын бақылайтын техникалық бақылау бөлімі (ТББ).

ТББ басты мәселелері:

Келісімнің техникалық шарттарына, стандарттарға сәйкес келмейтін өнімді шығаруға тиым салынады. ТББ шығарылатын өнім сапасына жауап береді.

ТББ бақылаушысыныңкелесі құқықтары мен міндеттері бар:

- егер өнім техникалық шарттарға немесе сызбаға сәйкес келмесе оны ақаулау;

- керекті құжаттарсыз өнімді бақылауға алмауға;

- бақылау кезінде тетікті берілген уақыттан артық ұстамау

Жалпы ақаудың пайда болуын, технологиялық процесстің бұзылғанын және басқа да ақауды тудыратын немесе өндірілетін өнімнің сапасын төмендететін факторларды міндетті түрде бақылаушы шеберге дереу хабарлау керек.

- жұмыстың алдында өлшегіш прибордың жарамдылығын анықтау.

ТББ бақылаушысының мынадай жауапкершілігі бар:

- техникалық құжаттамаға сәйкес бақылаудың өткізілуінің дұрыстығына

- қабылданған өнімнің сапасын және комплектілігін уақытында көруге

- құжаттарды толтыру дұрыстығын және тетіктердің танбалануына

Техникалық бақылау бұл орнатылған талаптарға өнімнің сәйкестігін тексеру. Бұл оның сапасына тәуелді.

 

5.2 Химиялық құрамның бақылануы

Металлургиялық өндірістің спецификалық бағыттарының бірі болып өнімнің химиялық құрамын анықтау болып табылады. Бұл техникалық процесстің тұрақтылығын және өнімнің талап етілетін сапасын береді.

Құрамды анықтау үшін химиялық, физико химиялық және физикалық әдітерін қолданады. Анализ әдісін таңдағанда химиялық құрамды анықтау жылдамдыққа және сезімталдыққа байланысты.

Химиялық құрамды бақылайтын өнеркәсіптер мыңнан астам автоматты өлшегіш жүйелер және жоғарғы өнімді орнатқыштар. Металлургиялық және машинажасау зауыттарындағы болат балқыту цехтарында металлдың химиялық құрамын бақылау экспресс анализдің көмегімен іске асады. Экспресс анализдің ерекшелігі болып, оның шапшаңдылығы, нәтижелердің тез алынуы және нақтылық табылады. Экспресс анализдерді орындағанда химиялықтан басқа шапшаң физико химиялық және физикалық әдістер қолданылады.

Зауытқа келетін және зауыттан тұтынушыға жөнелтіілетін өндіріс өнімдерінің және материалдардың химиялық құрамын бақылағанда маркалы анализ қолданылады. Маркалау анализдерінің нәтижелерінен жартылай фабрикаттардың құрамын және дайын өнімнің орнатылған стандарттарын анықтайды. Сондықтан химиялық және физико химиялық анализ әдістерін қолдана отырып, өнімнің барлық компоненттерін жоғары дәлдікпен анықтайды. Егер маркалау анализдерінің нәтижелерін нақтылағанда немесе тексеру қажет болғанда немесе өнімнің кейбір компоненттерінің құрамын анықтағанда бақылау анализін жүргізеді. Бақылау анализіне жиі кезде маркілейтін әдістерді қолданады, бірақ жоғары квалификациялы мамандар іске асарады.

Егер жеткізуші және өнім тұтынушының анализ нәтижелері сәйкес келмесе онда, арбитражды анализ қолданудың керектігі келеді. Металл дайындамалар мен тетіктер материалдарының структурасын және химиялық құрамын макро және микроанализ, рентген сәулесі әдістерімен анықтайды.

Металл немесе құйманың құрамын химиялық зертханаларда сандық және сапалық химиялық анализ арқылы табады. Химиялық анализге әр партиядан материал үзімін немесе жоңқасын алады. Химиялық анализдің әдістері қиын, ұзақ және арнайы қондырғылары бар зертханалары және жоғары білімді мамандарды қажет етеді.

 

6. Өнеркәсіптік экологиясы

6.1 Кәсіпорынның орналасу мекен жайының сипаттамасы

Тау-кен көлік жабдықтарын жөндеу зауыты Қарағанды қаласының оңтүстігінде орналасқан. Өндірістің негізгі ауданын солтүстіктен 90 м аралығында тұрғылықты үйлер, оңтүстікте – 70 м қашықтықта жер үйлер, батыста – өндірістік цехтардан 250 м қашықтықта Федоровка суқоймасы, шығыста – жынысты дамп.

Қоршаған ортаның ластануын бақылайтын Мемлекеттік гидрометцентрдің ең жақын посты - №3 (Ленина көшесінің және Бұхар Жырау даңғылының қиылысында).

 

 

6.2 Өндірістің атмосфераны ластаудың көзі ретінде сипаттамасы

ТККЖЖ зауыты келесі жұмыс түрлеріне бағытталған: тепловоз, думкарларды, жартывагондарды жөндеу болып табылады, конвейерлерді жөндеу, ЯМЗ типті қозғалтқыштарды, бульдозерлерді, тракторларды, қазандарды жөндеу, тау-кен қондырғыларды жөндеу болып табылады. Барлық цехтарда зиянды заттар бөлінеді. Зауытта бир казан бар.

Қазан жұмыс істегенде ластайтын шаң-тозаң, күкіртті ангидрид, азот қышқылы және көміртек болып табылады. 1999 жылы КВ 11,6 150 КВ маркалы қазандар мен жабдықталды, оның 2 істе, біреуі резервте. Қазандар зауыттың жылу көзі болып табылады. Олар жыл бойы жұмыс істейді.

№1 цех (тепловоздарды жөндеу) БЦ -259 типті 4 батарейді циклондардан тұратын шаң – тозаң ұстайтын қондырғымен жабдықталған. Цехта тепловоздарды ажырату,орамдарды және тетіктерді тазалау, жөндеу, жинау, бояуды іске асырады.

Цехтағы технологиялық қондырғылар жергілікті вентиляция жүйесімен жабдықталған.

Шаң–тозаң, бояғыш аэрозоль, еріткіш булар, күкірт қышқылының аэрозолі, хромды ангидрид – негізгі ластайтын заттар болып табылады.

№2 цех (вагондарды жөндеу цехы) Цехта жартылай вагондарды, тальботтарды, думпкавтарды жөндеу, конвейерлер тізбегін, шахталы трубаларды өндіріп шығарады.

Электр дугалы пісірудің посттары, бояғыш учаскелер ластанудың негізгі көзі болып табылады.

Негізгі технологиялық қондырғылар жүйесімен жабдықталған. Вентиляция жүйесі бар. Ағаш өндеу учаскесі ЦН15 циклонымен жабдықталған. Пісіру аэрозольдары, марганец қышқылы, фторсутегі, сажа, күкіртқышқылды ангидрид, көміртек оксиді, азот қышқылы, ағаш шаңы, бояғыш краскалар, эмульсон аэрозолі – негізгі зиян заттары болып табылады.

№3 цех (құралдар цехы) Бұл жерде цехтардың заказдары бойынша құралдар мен жабдықтар шығарылады. Жоңқалау білдектері, Ұсталы учаскелер – ластанудың негізгі көзі болады.

№4 цех (қазанды қондырғыларды жөндеу) Цехта қазанды қондырғыларды жөндеу жүргізіледі. Негізгі жұмыстар объектте жүргізіледі. Ластау көзі: ұстаы құралдар, пісіру посттары, жоңқалау білдектері болып табылады. Пісіру аэрозольдары, марганец қышқылы, фторсутегі, сажа, күкіртқышқылды ангидрид, көміртек оксиді, азот қышқылы, ағаш шаңы, бояғыш краскалар, эмульсон аэрозолі – негізгі зиян заттары болып табылады.

№5 цех (трублы цех) Цех пісіру трубаларды шығарумен айналысады. Пісіру аэрозольдары, марганец қышқылы, фторсутегі, сажа, күкіртқышқылды ангидрид, көміртек оксиді, азот қышқылы, ағаш шаңы, бояғыш краскалар, эмульсон аэрозолі – негізгі зиян заттары болып табылады.

№6 (ұсталы цех) Негізгі ластау көзі ысытатын пештер болып табылады.

Шығарылатын негізгі ластану заттары: шаң, күкірт ангидриді, азот қышөылы және көміртек болып табылады.

№7 цехта конвейерлердің қосымша бөліктерін өндірумен және бульдозерлер жөндеумен айналысады. С53, СР70, СП87 рештактарды өндіретін жүйелер ластанудың негізгі көзі болып табылады. Атмосфераға түсетін зиянды заттар: пісіру аэрозольдары, марганец қышқылы, фторсутегі, сажа, күкіртқышқылды ангидрид, көміртек оксиді, азот қышқылы, ағаш шаңы, бояғыш краскалар, эмульсон аэрозолі.

№8 цехта ГШО-ның капиталды жөндеуімен айналысады, пісіру учаскелері, бояғыш учаскелер, металл өндейтін білдектер негізгі ластанудың көздері болып табылады.. Атмосфераға түсетін зиянды заттар: пісіру аэрозольдары, марганец қышқылы, фторсутегі, сажа, күкіртқышқылды ангидрид, көміртек оксиді, азот қышқылы, ағаш шаңы, бояғыш краскалар, эмульсон аэрозолі.

№9 цех (гидравлика цехы) Цехта ЯМЗ қозғалтқыштарын жөндейді, гидрокүшті жүйелердің капиталды жөндейді және шығарады.

 

6.3 Газ тазалайтын орнатқыштардың қысқаша сипаттамасы.

Өнеркәсіптің атмосферасының төменгі қабаттарын ластайтын барлық аумақ шаң-тозаң ұстайтын қондырғылармен жабдықталған.

Атмосфераға зиянды заттардың негізгі көзі – қазандар болып табылады. Олар БЦ – 259 4 батарейкалы циклондармен жабдықталған. Жоба бойынша тазалау 92%, іс жүзінде 88%.

№2 цехтың ағаш өндеу білдектері жергілікті шаң ұстайтын ЦН11 циклондармен жабдықталған. Тазалау 85%, іс жүзінде 81%.

№3 цехтың жоңқалау білдектері ЦН- П типті шаң тозаң ұстайтын жергілікті қондырғылармен жабдықталған. Тазалау 74%және 79%.

№4 цехте жоңқалау білдектері ДНП-300 шаң ұстайтын қондырғылармен жабдықталған, жоба бойынша КПД 85%, іс жүзінде 81%.

 

 

7 Өндірістегі еңбек қорғау ұйымы

7.1 “Еңбек қорғау” қызметі

“Еңбек қорғау” қызметі өз алдына структуралы бөлімше болып табылады және өнеркәсіп басшысына бағынады.

“Еңбек қорғау” қызметі өз жұмысында Қазақстан Республикасының ”Еңбек туралы” заңына өндіріс аймағының гигиенасы және еңбек қауіпсіздігінің заңды актыларына сүйенеді.

Еңбек қорғау қызметінің шығарған үкімдері міндетті түрде барлық жұмыскерлерге қатысты болады.

Еңбек қорғау қызметі басқарушы қызметтегі аамдарға жұмыс кемшіліктерін жоюдың нұсқауларын және қауіпсіздік нормаларын бұзғанын айтып отырады.

Еңбек қорғау қызметі өмірге және денсаулыққа қауіпті учаскелерде, машиналарда, механизмдеге, білдектерге жұмыс істеуге тиым салынады және жұмыс және қауіпсіз техникаларын бұзған жұмыскерлерді жұмыстан бөледі.

Еңбек қорғау қызметі қауіпті жағдайларды зерттеуге қатысады, оларды алдын алуды ойластырады, жұмыс қызметін жақсарту жобасын құрастырады.

 

 

Қолданылған көз деректердің тізімі

1. Металлорежущие станки (альбом общих видов, кинематических схем и узлов). Кучер А. М., Киватицкий А.А. Л.:«Машиностроение», 1971, стр.308.

2. Сильвестров Б. Н., Захаров И. Д. Конструкции и наладка зуборезных и резьбофрезерных станков: Учебник для сред. проф.-тех. учеб. заведений.-М.: Высшая школа, 1979.-255 с., ил. – (Профтехобразование. Обраб. резанием).

3. Справочник технолога-машиностроителя. В 2-х т. Т. 1 /Под ред. А. Г. Касиловой и Р. К. Мещерякова. – 4-е изд., перераб. и доп.- М.: Машиностроение, 1985. 656 с., ил.

4. Справочник технолога-машиностроителя. В 2-х т. Т. 2 /Под ред. А. Г. Касиловой и Р. К. Мещерякова. – 4-е изд., перераб. и доп.- М.: Машиностроение, 1985. 496 с., ил.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 83 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Приложение 3 Федеральное государственное бюджетное образовательное учреждение высшего профессионального образования | 

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.039 сек.)