Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Шегендеуші ҚҰбырларды жабдыҚтау элементтері



№2 ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫС

 

ШЕГЕНДЕУШІ ҚҰБЫРЛАРДЫ ЖАБДЫҚТАУ ЭЛЕМЕНТТЕРІ

 

Шегендеуші құбырларды жабдықтау элементтеріне бағыттаушы башмақ тығыны, қапталдары тесілген келте құбыр, центрлеуші фонарь, кері клапан, тіреуші сақина, беріктік сақинасы, турболизатор, қырғыштар жатады.

 

Бағыттаушы башмақ тығыны

Бағыттаушы башмақ тығынын, ұңғыға түсіріліп жатқан шегендеуші құбырдың басына оны қорғау және құбырды бағыттау үшін жалғанады. Егер бағыттаушы башмақ тығыны болмаған жағдайда шегендеуші құбырдың ұшы ұңғы қабырғасына тіреліп, оны қырып өтіп, құбыр іші тау жынысына толып, бітеліп, кептеліп қалар еді. Осының нәтижесінде шегендеуші құбырды ұңғыдан шығарып, оның ішін тазалап, қайта түсіру қажетілігі туар еді. Бұндай апатты жағдайлардың алдын алу үшін шегендеші құбырдың ұшына бағыттаушы башмақ тығынын бекітеміз. Бағыттаушы башмақ тығынынының бірнеше түрі болады. Олар ағаштан, бетоннан, шойыннан жасалады. Олардың бұндай материалдан жасалу себебі, шегендеуші құбыр цементтелініп болғаннан кейін келесі тізбектің орнын бұрғылау үшін оларды жақсы бұрғыланатын жұмсақ материалдардан жасайды. 6.1-суретте башмақ тығынынының бірнеше түрі көрсетілген.

 

 

а- ағаштан жасалған; б - бетоннан жасалған; в -шойыннан жасалған; г - болаттан жасалған өрмекші типтес.

6.1-сурет. Бағыттаушы башмақ тығыны

 

 

Ағаштан жасалған бағыттаушы башмақтар екі түрлі болып жасалады: крест тәрізді қарағай тақтайларынан шегемен ұстату арқылы және жонылып жасалған емен ағашынан жасалады. Ағаш бағыттаушы башмақ тығынын құбыр ішіне қағып кіргізеді де, жақсырақ бекітілуі үшін оны бірнеше сағат суға батырып қойяды. Ал крест тәрізді башмақ тығынының жасалуында конструкциялық кемшіліктер болғандықтан, оларды 377мм шегендеу құбырларына немесе бағыттаушы құбырларды ұңғыға түсіргенде ғана пайдаланады.

Бетоннан жасалған бағыттаушы тығынын арнайы қалыптарда башмақпен бірге цемент ерітіндісімен құйып жасайды.



Бүгінгі күні өндірісте шойынан жасалған тығын кеңінен пайдаланылуда. Олар жоғары механикалық беріктікке ие, солай бола тұра жеңіл бұрғыланады. Бұндай тығындар башмаққа бұранда арқылы жалғанып, бір ортаңғы және төрт қапталдан жасалған тесіктерден тұрады.

 

Бағыттаушы башмақ

Шегендеші құбырлар тізбегін ұңғыға түсіру кезінде құбыр ұшының майысуының алдын алу үшін ең бірінші құбырға үзындығы 0,5м болатын қалың келте құбыр − башмақ жалғанады. Оның сыртқы диаметірі шегендеуші құбырлардың муфтасның диаметіріне тең, ал ішкі диаметірі шегендеуші құбырдың ішкі диаметірімен тең болады. Бұл башмақтардың қапталдарында цемент ерітіндісі өтетін көптеген тесіктер болады.

 

 

Кері клапан

Шегендеші құбырлар құрамына кіретін кері клапанның атқаратын қызыметі ол шегендеші құбырлар тізбегін ұңғыға түсіру кезінде, жуу сұйықтарының жеңіл ығыстырылуын және ұңғыға айдалып жатқан цемент ерітіндісінің құбыр ішіне кері қарай кіруін болдырмау үшін пайдаланылады. Олардың ішінде ең қарапайым түрі ол тәрелке тәрізді кері клапан. Оның құрылысы 6.2- суретте көрсетілген. Тәрелке тәрізді кері клапан: клапан отыратын ұяшықтан 3, тәрелкеден 4, өзекше1 және серіппе 2 ден тұрады. Серіппе гайка және контрагайка көмегімен бекітіледі. Бұрғылау өнеркәсібінде сондай- ақ шарлы және дросельді кері клапандар қолданылады. Оның схемасы 6.3- суретте көрсетілген. Кері клапандар башмақтан 2м-ден 12м аралығында орнатылады. Кей кездері олардың саны бір-бірінен 8-12м қашықтықта орналасқан екі дана болуы мүмкін. Кері клапанды ұңғыға түсірместен бұрын 1,5 есе артық қысыммен тексеріледі. Шегендеуші құбырды ұңғыға түсіру кезінде оны 100-200м сайын саз ерітіндісімен толтырп отыру керек, әйтпесе сыртқы қысымның күрт өсуінің әсерінен шегендеші құбыр ішке қарай майысуы немесе кері клапанның жарылып кетуі мүмкін.

 

6.2-сурет. Тәрелке тәрізді кері клапан 6.3-сурет. ЦКОД-140-1 типті

кері клапан

1-өзекше; 2- серіппе; 1-тұрқ; 2- ұстағыш сақина;

3-клапан отыратын ұяшық; 3- ұстағыш шайба; 4- резеңке

4- тәрелке. диафрагма; 5-тіреуіш; 6-

шар;сақина7- шектеуіш; 8-

дрос сель.

 

 

Тіреуші сақина (стоп сақинасы)

 

Цементтеу процессінің соңын дәл анықтау үшін кері клапанның жоғарғы жағына (6-12м) тіреуші сақина орнатылады. Муфталы жалғаушысы бар шегендеуші құбырларға тіреуші сақина арнайы ұзартылған муфтаға орналастырылады, ал бір-біріне пісіру арқылы жалғанатын шегендеуші құбырларда оның шетіне 30-40мм қашықтықта арнайы ойылған бұрандаға орналастырылады.

Тіреуші сақина диаметірі 12-15мм болатын шойын шайба тәрізді жасалады. Ал оның ішкі диаметірі сырқысынан 60-75мм-ге кіші етіліп жасалады, ал кей кездері онда екі немесе төрт тесік болады.

 

Центірлеуші фонар

Шегендеші құбырдың ұңғы ішіне бірқалыпты орналасуын центірлеуші фонар қамтамассыз етеді. Центірлеші фонарлардың бірнеше түрлері шығарылады, олардың ішінде ең көп таралғаны ГрозНИИ ойлап тапқан центірлеші фанарлар болып табылады. Оның сұлбасы 4-суретте көрсетілген. Бұндай фанарлар арнайы иілген 4 жалпақ бірнеше пластина темірлерді екі паралель сақинаға 2 пісіру арқылы жасалады. Фанар шегендеуші құбырға 1 еркін киіліп, онда тіреуші сақина 5 арқылы ұстатылады және ашық жерлері 3 арқылы шегендеуші құбырға пісіріледі.

Фанардың сыртқы диаметірі ұңғыны бұрғылап өткен қашау диаметірінен 50мм-ге үлкенірек болуы тиіс. Егер ұңғы өз өсінен 30 тан кем ауытқуға ие болып және ұғы оқанында қуыс-қолтық аз болатын болса, онда бұндай жағдайда фонардың сыртқы диаметірі қашаудың сыртқы диаметірінен 30мм-ге кіші етіп таңдалуна рұқсат етіледі. Шегендеуші құбырларға орнатылатын фонарлар саны кен онының геологиялық жағдайына байланысты, ковернограмма тәтижесі бойынша анықталады, бірақ өнімді қабат үстінде және астында екі фанардан кем болмауы керек.

 

Қырғыштар

Қырғыштарды шегендеуші құбырларды ұңғыға түсіру кезінде ұңғы қабырғасындағы саз қабығын қыру үшін қолданады. Оның сұлбасы 5-суретте берілген. Оларды центірлеуші фанарларды орнатқан жерлерге орнатуға болады.

 

6.4-сурет. ГрозНИИ ойлап тапқан центірлеші 6.5-сурет. Қырғыш

фанар

1-шегендеуші құбыр; 2- паралель сақина

3- ашық жер; 4- арнайы иілген жалпақ пластина;

5- тіреуші сақина.

 

Беріктік сақинасы

Шегендеуші құбырлар тізбегінің төменгі бөлігінің тұрақтылығын және беріктігін арттыру мақсатында, төменгі бөліктегі 4-5 құбырға ұзындығы 100-200мм болатын қысқа қалың құбыр муфталар үстіне және астына пісіру арқылы бекітіледі. Олар әсіресе кондуктор және аралық құбырлар тізбегінде жиі қолданылады. Беріктік сақинасын қолданылып жатқан шегендеуші құбырлардан диаметірі стандарт бойынша шығарылатын үлкенірек құбырлардан дайындалады.

Турболизаторлар

 

Турболизатор − жуу сұйығының цемент ерітіндісімен жақсы ығыстырылуына көмектесетін және цемент ерітіндісінің ұңғы қабырғасы мен шегендеуші құбыр арасындағы сақиналы кеңістікте бірқалыпты жайылуын қамтамассыз ететін элемент 6.6- сурет. Турболизатор өзінің өсіне 30-500 бен орналасқан резеңке қалақшалардың тұрқына бекітілген келте құбырдан тұрады. Резеңке қалақшалар жуу сұйығының және цемент ерітінділерінің ағысын бағыттап, реттеп, сақиналы кеңістіктің бір жағына ығысып кетуінен сақтап тұратын элемент. Турболизаторларды ковернограмма нәтижесі бойынша орналастыру дұрыс деп саналады.

 

 

6.6-сурет. Турболизатор

 

ЗЕРТХАНАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ОРЫНДАУ РЕТІ

 

Зертханалық жұмысты орындау тәртібі студенттерге төмендегідей талаптарды қоюмен шектеледі:

1. Зертханалық жұмыс міндетті түрде қолмен жазылуы тиіс.

2. Зертханалық жұмыс 204 х 288 мм ақ қағаздың, яғни А4 форматының бір жағына жазылады. Форматтың төрт жағынан да ақ шет қалдырылады, сол жақ - 30 мм, жоғары жақ - 20 мм, төменгі жақ -20 мм, оң жақ - 10 мм.

3. Барлық сұлбалар, суреттер, кестелер, графигтер қара қаламмен жазылуы тиіс.

4. Зертханалық жұмыс мәтіндік және графикалық материалдардың құрылуына, баяндалуына, ресімделуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар РМК СТ 38944979-09-2009 стандартына сай орындалуы тиіс.

5. Зертханалық жұмыс мұқаба беттен (бетте зертханалық жұмыстың аты, орындаушы студенттің аты-жөні, группасы, мамандық шифры көрсетілуі тиіс), зертханалық жұмыс нөмірі мен атынан, жұмыс мақсаты мен мазмұнынан тұрады. Беттерді нөмірлеу парақтың төменгі жақ ортасына арап цифрларымен қойылады.

6. Орындалған жұмысты әр студент мұғалім алдына жеке-жеке қорғайды.

7. Студентті бағалау пайыздық мөлшерде жүзеге асады.

 


Дата добавления: 2015-10-21; просмотров: 293 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Общая характеристика тенденции как психологического ресурса | Таблица состояний (тут пример, вы выписывайте свои и плюс и минус и ставьте напротив каждого минуса или плюса баллы по силе)

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.016 сек.)