Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді ұйымдастыру үшін болған 1726 жылғы Ордабасыдағы бүкілхалықтық құрылтайда



Қазақстан тарихы

Барлық мамандықтар үшін

Каз

Жұмабеков Ж.А.

Елеуханова С.В.

Смағұлов Н.Б.

1.Жоңғар басқыншыларына тойтарыс беруді ұйымдастыру үшін болған 1726 жылғы Ордабасыдағы бүкілхалықтық құрылтайда қазақ әскерінің бас қолбасшысы болып қай хан сайланды?

A) Абылай

B) Болат

C) Тәуке

D)& Әбілқайыр

E) Әбілмәмбет.

2.Қазақ халқының ХVІІІ ғасырдың 20-30 жылдарындағы жоңғар басқыншыларына қарсы жүргізген қорғаныс соғысы қалай аталады?

A) ұлт-азаттық

B) көтеріліс

C) тайпа аралық

D)& Отан соғысы

E) халықаралық.

3. І Петрдің тікелей жарлығымен 1716-1720 жылдардағы Ертіс бойындағы салынған әскери бекініс қамалдар:

A)& Омбы, Железинск, Семей, Өскемен

B) Түмен, Тобыл, Тарту, Томск

C) Астрахан, Қазан, Түмен, Тарту

D) Тобыл, Томск, Жәміш, Кереку

E) Түмен, Жәміш, Көкшетау, Өскемен.

4. Сырым Датұлы басқарған көтеріліс кімдерге қарсы бағытталды?

A) Хиуа мен Қоқан феодалдарына

B) Цин империясына

C) Жоңғарларға

D) Қазақ хандарына

E)& патша өкіметіне.

5. Е.Пугачев басқарған шаруалар соғысы қашан өтті?

A) 1776-1778 ж.ж.

B)& 1773-1775 ж.ж.

C) 1770-1772 ж.ж.

D) 1800-1802 ж.ж.

E) 1790-1792 ж.ж.

6. Махамбет Өтемісұлының өмір сүрген жылдары?

A) 1777-1864 ж.ж.

B) 1778-1857 ж.ж.

C) 1760-1840 ж.ж.

D)& 1803-1846 ж.ж.

E) 1770-1856 ж.ж.

7. Қытай империясына қарсы соғыста жеңіліске ұшырап, Абылай ханға келіп паналаған жоңғардың соңғы қоңтайшысын ата:

A) Цеван-Рабдан

B)& Әмірсана

C) Даваци

D) Қалден-Церен

E) Ұбашы.

8. 1867-1868жж. реформа бойынша қазақ даласы қанша генерал-губернаторлыққа бөлінді?

A) 2

B)& 3

C) 4

D) 5

E) 6.

9. Бөкей Ордасы Қазақстанның қай бөлігінде орналасқан?

A) Орталықта

B) Жетісу

C) Маңғыстау

D)& Еділ мен Жайық аралығында

E) Әмудария мен Сырдария өзендері аралығында.

10. Ішкі Ордада қай жылы хандық билік жойылды?

A) 1801 ж.

B) 1822 ж.

C)& 1845 ж.

D) 1867 ж.

E) 1868 ж.

11. Ш.Уәлиханов Омбы қаласында қай оқу орнын бітірді?

A) университет

B) институт

C) педагогикалық училище

D)& кадет корпусы

E) теміржол техникумы.

12. Е.Пугачев көтерілісін ашық және белсенді қолдап, қарулы жасақ жіберген қазақтың сұлтанын ата:



A) Барақ

B)& Досалы

C) Батыр

D) Ералы

E) Әбілпайыз.

13. Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтеріліске белсене қатысқан ақын, сарбаз:

А) Ақтамбеді

В) Доскей

С)& Нысанбай

D) Сүйінбай

Е) Жамбыл.

14. ХVІІІ ғ. Қазақтың қандай ақын – жырауы Абылай ханды жырға қосты?

A) Ақтамберді жырау

B) Көтеш жырау

C)& Бұқар жырау

D) Асан Қайғы жырау

E) Марғасқа жырау.

15. Кенесары Қасымұлының көтерілісі Қазақстанның қай территорияларын қамтыды?

A) тек қана Орта жүзді

B) Кіші жүзді

C) Ұлы жүзді

D) Ұлы жүз және Кіші жүздерді

E)& бүкіл Қазақстанды.

16. 1768-1774 жылдардағы қазақ даласына зерттеу жүргізген П.С. Палластың еңбегі:

A)& Ресей империясының әр түрлі шет аймақтары бойынша саяхат

B) Қырғыз-қазақ немесе қырғаз-қайсақ ордалары мен далаларды суреттеу

C) «Жазбалар»

D) «Қырғыздар туралы жазбалар»

E) «Ыстықкөл сапары күнделігі»

17. ХІХ ғ. 30-50 жылдардағы Қазақстандағы халық көтерілістерінің себептері неде?

A) феодалдық қақтығыс

B) экономикалық көзқарас

C)& Ресейдің отаршылдық саясаты

D) Хиуа мен Қоқан хандықтарының саяси қарама – қайшылығы.

E) Ішкі әскери агрессия.

18. Қазақстандағы өнеркәсіптердің пайда болуы қай уақытқа жатады?

A) ХІХ ғ. ортасы

B) ХVIIІ ғ. соңы – ХІХ ғ.

C) ХVIII ғ. екінші жартысында

D) XVIII ғ. соңы

E)& ХІХ ғ. соңғы ширегі.

19. 1870 жылы 28 сәуірде Ташкентте жарыққа шыққан қазақтың тұңғыш газеті:

A)& Түркістан уәлаяты газеті

B) Қазақстан

C) Қазақ

D) Айқап

E) Дала уәлаяты газеті.

20. Қай жылы Кенесары Қасымұлын хандыққа сайлады?

A) 1837 ж.

B) 1840 ж.

C)& 1841 ж.

D) 1845 ж.

E) 1847 ж.

21. 1917 жылға дейінгі Қазақстанның негізгі ірі темір жол желісін ата:

A) Туркістан-Сібір магистралі

B) Сібір теміржолы

C)& Орынбор-Ташкент

D) Троицк теміржолы

E) Урбах-Астрахан жолы.

21. 1865 жылы генерал Черняевқа қарсы Ташкент қорғанысын басқарған Кенесары ханның баласы?

A) Ахмет сұлтан

B) Тайшық сұлтан

C) Ержан сұлтан

D)& Сыздық сұлтан

E) Құдайменді сұлтан.

22. Қазақ халқының батыры және дипломаты, жоңғарларға қарсы Отан соғысының басты қаһарманы:

A) Сырым

B) Кенесары

C) Исатай

D)& Бөгенбай

E) Жоламан.

23. Ш.Уәлихановтің халық аузынан теріп жазған қырғыз халқының эпостық жыры?

A) Қыз Жібек

B) Қобыланды

C) Алпамыс

D) Қозы Көрпеш пен Баян сұлу

E)& Манас.

24. ХІХ ғасырдың күйшісі, шертпе күйдің негізін салушы:

A) Дәулеткерей

B)& Тәттімбет

C) Ықылас

D) Құрманғазы

E) Дина Нұрпейісова.

24. 1848 жылы В.Ботов ұйымдастырған Қарқаралы уезіндегі ірі жәрмеңке:

A) Қарқара

B) Тайыншы

C) Атбасар

D) Ірбіт

E)& Қоянды.

25. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы және қазақ халқының этнографиясы мен поэзиясына ХІХ ғасырдағы орыс ақындарының қайсысы қызығушылық білдірді?

A) А.Фет

B) И.Бунин

C) М.Лермонтов

D) И.Крылов

E)& А.Пушкин.

26. ХІХ ғ. І жартысында қазақтар тарихы жөніндегі «Қырғыз-қайсақ немесе далалық қырғыз-қайсақ ордалары туралы жазбалар» атты түпкілікті еңбегін жазған орыс тарихшысы кім?

A) В.Рубрук

B) П.Паллас

C) В.Даль

D)& А.Левшин

E) В.Вельяминов-Зернов.

27. ХІХ ғ. ІІ жартысында алғашқы көпшілікке арналған кітапхана қай қалада ашылды?

A) Верныйда

B)& Семейде

C) Перовскіде

D) Орынборда

E) Ырғызда.

28. Қазақтың данышпаны, ұлы ақыны, композиторы, классикалық жазба әдебиетінің негізін салушы:

A)& А.Құнанбаев

B) Ы.Алтынсарин

C) Ш.Уәлиханов

D) А.Байтұрсынов

E) Ш.Құдайбердиев.

29. Ресей империясының бірінші жалпы халықтық санағы қашан болды?

A)& 1897 ж.

B) 1896 ж.

C) 1880 ж.

D) 1881 ж.

E) 1882 ж.

30. 1913 жылы Қазақстандағы жұмысшылардың саны қаншаға жетті:

A) 51 мыңға

B) 90 мыңға

C) 152 мыңға

D)& 75 мыңға

E) 100 мыңға.

31. ХХ ғасырдың басындағы таралымы ең көп балған газетті көрсет:

A)& «Қазақ»

B) «Айқап»

C) «Сарыарқа»

D) «Серке»

E) «Түркістан уәлаяты»

32. Кенесары қозғалысына белсенді қатысып, ханның сенімді серігіне айналған сұлтан:

A) Баймұхамед Айшуақов

B)& Жоламан Тіленшіұлы

C) Шыңғыс Уәлиханов

D) Қоңырқұлжа Құдаймендин

E) Тұрсын Шыңғысов.

33. 1845 ж. көтерілістің қызған кезінде Кенесары жасағында соғысты:

A) 10 мың адам

B) 15 мың адам

C) 50 мың адам

D) 30 мың адам

E)& 20 мың адам.

34. Ахмет Байтұрсыновтың 1909 жылға дейінгі қызметі:

A) Қазақ газетінің редакторы

B)& Қарқаралыда мұғалім

C) Ташкентте мұғалім

D) Алашорда үкіметінің мүшесі

E) Сібір ревкомының мүшесі.

35. ІІ мемлекеттік Думаға Жетісудан сайланған депутат:

A) А.Байтұрсынов

B) Ә.Бөкейханов

C)& М.Тынышпаев

D) М.Шоқай

E) Ш.Қосшығұлұлы.

36. ХІХ ғасырдың екінші жартысында Қазақстанда неғұрлым жақсы дамыған сала:

A) Тамақ өнеркәсібі.

B) Жеңіл өнеркәсібі.

C) Станок жасау өнеркәсібі.

D)& Тау-кен өнеркәсібі.

E) Алтын өндіру өнеркәсібі.

37. 1906-1912 ж.ж. Столыпиннің аграрлық реформасы жүру барысында қазақ халқының қанша жері тартып алынды?

A) 10 млн. десятина

B) 14 млн. десятина

C)& 17 млн. десятина

D) 20 млн. десятина

E) 5 млн. десятина.

38. Қазақстанда ең алғашқы банк қай жылы және қай қалада ашылды?

A) 1881ж. Петропавлда

B) 1887ж. Семейде

C) 1895ж. Омбыда

D)& 1876ж. Оралда

E) 1912ж. Верныйда.

39. Қарағанды жерін Игілік Өтеповтан ресей капиталисі Ушаков қанша сомға сатып алған:

A) 500 сом

B)& 250 сом

C) 1000 сом

D) 150 сом

E) 3000 сом.

40. Қай жылы ІІ Александр патша «Орал, Торғай, Ақмола және Семей облыстарын басқару жөніндегі Уақытша ережені» бекітті:

A) 11 шілде 1868 ж.

B) 18 қыркүйек 1867 ж.

C)& 21 қазан 1868 ж.

D) 25 наурыз 1868 ж.

E) 19 сәуір 1867 ж.

41. 1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы Жарғы» бойынша Қазақстандағы сот жүйесінде қандай өзгерістер болды?

A) тәртіптілік күшейді

B) алым-салық көбейді

C) әлеуметтік жіктеу күшейді

D) ру басшыларының саяси беделі төмендеді

E)& Ресейдің империялық сот жүйесіне қазақтың сот жүйесі сәйкестендірілді.

42. Абайдың әкесі Құнанбай қай жылдары Қарқаралы уезінің аға сұлтаны болды:

A) 1846-1849 жж.

B) 1847-1950 жж.

C) & 1849-1851 жж.

D) 1851-1854 жж.

E) 1855-1855 жж.

43. 1891 жылғы реформа бойынша құрылған генерал-губернаторлық:

A) Түркістан

B)& Дала

C) Батыс-Сібір

D) Шығыс-Сібір

E) Орынбор.

44. Құрманғазы «Кішкентай» күйін кімге арнады?

A) Сырым Датұлына

B)& Исатай Тайманұлына

C) Махамбет Өтемісұлына

D) Есет Көтібарұлына

E) Кенесары Қасымұлына.

45. 1916 жылы Ұлт-азаттық көтерілісте Амангелді батырдың жақын серігі және мергендердің отрядының басшысы болған кім:

A) Ә. Жанбосынов

B) Т.Бокин

C)& Кейкі Көкімбайұлы

D) М.Дулатов

E) С.Сейфуллин.

46. 1917 жылғы 21 қарашада Қазақ газеті арқылы жарияланған ұлттық демократиялық Алаш партиясының бағдарламасы неше бөлімнен тұрды:

A) 5 бөлім

B)& 10 бөлім

C) 14 бөлім

D) 20 бөлім

E) 8 бөлім

47. Орынбор қаласында Екінші бүкілқазақ съезі қашан өтті?

A) 4 қаңтар, 1920 ж.

B)& 5 -11 желтоқсан, 1917 ж.

C) 10 маусым, 1916 ж.

D) 22 ақпан, 1916 ж.

E) 6 тамыз, 1919 ж.

48. Қос үкімет қандай басқарушылық органдарынан тұрған?

A) Уақытша үкімет

B)& Уақытша үкімет пен жұмысшы және солдаттар депутаты Кеңестері

C) Шаруа депутаты және казачество

D) Пролетариат диктатурасы және монархия өктемдігі

E) Уақытша үкімет және монархиялық өкімет.

49. «Алаш» партиясын құрушы кім?

A)& Ә.Бөкейханов

B) Ә.Жангелдин

C) Т.Рысқұлов

D) К.Тоғысов

E) С.Сейфуллин.

50. 1917 жылы 22-29 қарашада өткен ІV Төтенше өлкелік мұсылмандар съезі Түркістан (Қоқон) автономиясының құрылғандығын жариялады, кім премьер-министр болды?

A)& Мұхамежжан Тынышпаев

B) Мұстафа Шоқай

C) Әлихан Бөкейханов

D) Міржақып Дулатов

E) Ахмет Байтұрсынов.

51. Апталық «Қазақ» газетінің бірінші редакторы кім болды?

A)& А.Байтұрсынов

B) М.Жұмабаев

C) С.Сейфуллин

D) Ә.Бөкейханов

E) М.Дулатов.

52. Қай съезде Алашорда Халық Кеңесі үкіметі құрылды?

А)& Екінші жалпықазақ съездінде.

В) бірінші жалпықазақ съездінде.

С) үшінші жалпықазақ съездінде.

D) төртінші жалпықазақ съездінде

Е) бесінші жалпықазақ съездінде.

53. Бүкілресейлік құрылтай жиналысына сайлау қарсаңында Семей облысы бойынша сайлауда Алаш партиясы қанша пайыз халықтың дауысын алды?

A)& 85,6 %

B) 75%

C) 57,5 %

D) 70%

E) 15%.

54. 1926 жылғы санақ бойынша қазақтар бүкіл республика халқының қанша пайызын құрады:

A) 50,5 %

B) 60 %

C)& 61,3 %

D) 81,2 %

E) 40 %.

55. Ахмет Байтұрсыновтың 1919 жылғы жарыққа шыққан саяси мақаласын ата:

A) Маса

B)& Революция және қазақтар

C) Тағы соғыс

D) Мұсылмандық шарт

E) Оян Қазақ.

56. Өз кезінде Астрахань губерниясына қараған Бөкей Ордасында Кеңес өкіметі қай уақытта жария болды?

A) 1918 ж. қаңтарда

B) 1919 ж. ақпанда

C)& 1917 ж. желтоқсанда

D) 1920 ж. қарашада

E) 1921 ж. қазанда.

57. Патша үкіметінің отарлау саясаты барысында «Қырғыз» деп аталып кеткен қазақтардың байырғы тарихи атауы қай жылы қалпына келтірілді?

A) 1919 ж.

B)& 1925 ж

C) 1920 ж.

D) 1924 ж

E) 1921 ж.

58. ҚазақАКСР-нің хронологиялық мерзімін көрсет:

A) & 1920 - 1936 жж.

B) 1919 – 1920 жж.

C) 1920 – 1937 жж.

D) 1919 – 1936 жж.

E) 1921 – 1928 жж.

59. Ұжымдастыру саясаты барысында Қазақстанда азық-түлік даярлау науқаны Кеңес өкіметі тарапынан асқан қатігездікпен, өрескел қателікпен жүргізілгені белгілі. Балқаш аудынында халықта 173 мың мал болды, ал орталыққа қанша мал тапсыруды талап етті:

A) 150 мың

B) 173 мың

C) 200 мың

D)& 300 мың

E) 100 мың.

60. Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық комитет (Қазревком) қашан құрылды?

A)& 1919 ж.10 шілдеде

B) 1920 ж. 10 шілдеде

C) 1918 ж. 10 шілдеде

D) 1921 ж. 10 шілдеде

E) 1916 ж. 10 шілдеде.

61. Қырғыз (қазақ) АКСР-нің бірінші астанасы:

A) Ташкент

B) Қызылорда

C)& Орынбор

D) Орал

E) Омбы.

62. 1920 жылғы 4 қазандағы Орынборда өткен Қазақстан Кеңестерінің Құрылтай съезінде ОАК төрағасы болып сайланды?

A) Ә. Бөкейханов

B) Б.Қаратаев

C) А.Байтұрсынов

D)& С.Меңдешов

E) В.Радус-Зенькович.

63. Қазақстан туралы тұңғыш деректі фильм қай жылы шықты:

A) 1928 ж.

B)& 1925 ж.

C) 1929 ж.

D) 1924 ж.

E) 1938 ж.

64. Қай жылы Қазақстан аумағында Карлаг ұйымдастырылды:

A) 1929ж.

B) 1932ж.

C)& 1931ж.

D) 1937ж.

E) 1941ж.

65. Қазақстанда 1926-1939 жылдары индустрияландыруды жүзеге асыруды жүзеге асыру барысында қанша жаңа қала пайда болды?

A) 44 қала

B) 30 қала

C)& 37 қала

D) 83 қала

E) 27 қала.

66. Турксіб құрылысына Жәрдем комитетінің төрағасы болып кім тағайындалды:

A) С.Садуақасов

B)& Т.Рысқұлов

C) Д.Омаров

D) Ф.Голощекин

E) Т.Қазабеков.

67. Қазақстанның дамуындағы экономикалық күш қуаты мен табиғат және адам ресурстарымен санасуды кім жақтады?

A) С.Орджоникидзе

B)& С.Садуакасов

C) Ф.Голощекин

D) Т.Рысқұлов

E) Ә.Бөкейханов.

68. 1939 жылы санақ нәтижесінде Қазақстанда қазақтар қанша пайыз болып қалды?

A) 30%

B)& 38%

C) 40,2 %

D) 53,4 %

E) 63,1 %.

69. Индустрияландыру барысында КСРО бойынша қорғасын өндіруде Қазақстан нешінші орынға шықты:

A) 3-ші орын

B) 2-ші орын

C) 4-ші орын

D)& 1-ші орын

E) 5-ші орын.

70. Ф.Голощекин қай жылдары ҚазӨК-нің бірінші хатшысы болды?

A) 1920-1930 ж.ж.

B)& 1925-1933 ж.ж.

C) 1930-1933 ж.ж.

D) 1924-1931 ж.ж.

E) 1931-1935 ж.ж.

71. Қазақстанда Стахановшылар қозғалысына қатысқан адамды атаңыз?

A) С.Садуақасов

B) О.Жандосов

C) Д.Омаров

D)& Т.Күзембаев

E) Т.Рысқұлов.

72. Индустрияландыру жылдары Қазақстанда жаңа мұнай базасы ашылды. Ол «Екінші Баку» деп аталды:

A) Жаңа Өзен

B) Теңіз

C) Мұнайлы

D)& Мұнайлы Ембі

E) Теміртау.

73. 1931 жылы көктемде көтеріліс жасаған шаруалар түгелдей қырылып тастаған аудандар:

A)& Абыралы, Шыңғыстау, Шұбартау

B) Батпаққара, Ырғыз, Торғай

C) Қапал, Лепсі, Сарқант

D) Жымпиты, Ойыл, Торғай

E) Зайсан, Семей, Жарма.

74. Түркістан комсомолы Қазақ бюросының тұңғыш төрағасы:

A)& Ғани Мұратбаев

B) Тұрар Рысқұлов

C) Жұмабек Тәштитов

D) Мұхтар Әуезов

E) Нығмет Нұрмақов.

75. Ұжымдастыру салдарынан, аштықтан және соған байланысты эпедемиядан және өлімнің көбеюімен қазақ халқы, жоғалтты:

A) 5,5 млн. астам адамын

B) 10 млн. астам адамын

C)& 1 млн 750 мың адамын

D) 3 млн. жуық адамын

E) 20 млн. адамын.

76. Қазақ халқына ұжымдастыруға дейінгі санына жетуі үшін қанша жыл қажет болды?

A)& 40 жыл

B) 20 жыл

C) 70 жыл

D) 10 жыл

E) 50 жыл.

77. 1931-1933 жылдардағы қолдан ұйымдастырылған алапат аштықтан қазақ халқы қанша пайызын жоғалты?

A) 40 %

B) 39 %

C) 50 %

D)& 49 %

E) 20 %.

78. Орта мектепке арналған алғашқы алгебра мен география оқулықтарының авторлары кімдер?

A) М.Жұмабаев, М.Дулатов

B) А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов

C)& Қ.Сәтпаев, Ә.Бөкейханов

D) М.Әуезов, С.Мұқанов

E) С.Сейфуллин, С.Асфандияров.

79. 1933 жылы наурызда ұжымдастырудың нәтижесінде туындаған адам айтқысыз қасіреттің көлемі туралы Сталинге хат жазған Қазақстандық қоғам қайраткері кім?

A) І.Құрамысов

B) К.Қуанышев

C) С.Садуақасов

D) С.Орджоникидзе

E)& Т.Рысқұлов.

80. 20-жылдары Париждің және Майндағы Франкфурт концерттік залдарының тыңдаушыларын таңқалдырған әнші кім?

A) Л.Хамиди

B) А.Әбішев

C) М.Жұмабаев

D) М.Төлебаев

E)& Ә.Қашаубаев.

81. 1920-1940 жылдары қуғын-сүргін кезеңіндегі тұтас халықтарды жер аудару:

A) астракизм

B) эвакуация

C) жер ауыстыру

D)& депортация

E) эмиграция.

82. 1939 жылы Республикада тұрғындарының саны 100 000 астам үш қала болған, олар:

A)& Алматы, Қарағанды, Семей

B) Орал, Ақтау, Тараз

C) Өскемен, Шымкент, Қызылорда

D) Павлодар, Көкшетау, Балқаш

E) Қызылорда, Атбасар, Теміртау.

83. Б.Момышұлы Ұлы Отан соғысы аяқталар тұста қандай әскери құраманы басқарды?

A) взводты

B) ротаны

C) батальонды

D) полкты

E)& дивизияны.

84. Ұлы Отан соғысы жылдары Қазақстанның қай облысы майдан шебіне кірді?

A) Көкшетау

B) Торғай

C)& Орал

D) Қостанай

E) Маңғыстау.

85. «Партизан қызы» хикаятының авторы:

A) Қ.Қайсенов

B)& Ә.Шәріпов

C) Б.Момышұлы

D) М.Ғабдуллин

E) Т.Бигелдинов.

86. Қазақстан Ғылым Академиясының құрылған жылы:

A) 1944 ж.

B) 1945 ж.

C)& 1946 ж.

D) 1947 ж.

E) 1948 ж.

87. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті:

A) М.Қозыбаев

B) А.Қонаев

C)& Қ.Сәтпаев

D) Ә.Марғұлан

E) Е.Бөкетов.

88. 1947 ж. шыққан Е.Бекмахановтың монографиясы:

A) «Кенесары мен Сыздық»

B)& «ХІХ ғ. 20-40-шы жж. Қазақстан»

C) «Абылай хан»

D) «Қазақ тарихының очрктері»

E) «Жоңғария очерктері».

89. Солтүстік Кавказ халықтары Қазақстанға қай жылы депортацияланды?

A) 1941 ж.

B) 1942 ж.

C) 1943 ж.

D)& 1944 ж.

E) 1945 ж.

90. Ұлы Отан соғысы жылдары майдан мен қорғаныс өнеркәсіптеріне жіберілді, әрбір:

A) алтыншы Қазақстандық

B) үшінші Қазақстандық

C) бесінші Қазақстандық

D)& төртінші Қазақстандық

E) жетінші Қазақстандық.

91. 1945 жылы Берлинде, Рейхстагқа ту тіккен Қазақстандық:

A) Х.Қайдауов

B)& Р.Қошқарбаев

C) Х.Көбеков

D) Р.Қараманов

E) А.Еремеев.

92. Кеңес Одағының Батыры атағын екі мәрте алған Қазақстандықтар нешеу?

A) 8

B)& 4

C) 1

D) 10

E) 20.

93. Қазақстандық қанша дивизия гвардиялық атағын алды?

A) 10

B) 15

C) 20

D)& 5

E) 25.

94. Қай қалада генерал-майор И.В. Панфиловтың дивизиясы құрылды:

A)& Алматыда

B) Бішкекте

C) Ташкенте

D) Костанайда

E) Ақмолада.

95. Екібастұз көмір разрезінде ашық әдіспен көмір өндіру қай жылы басталды?

A) 1931 ж.

B) 1945 ж.

C)& 1954 ж.

D) 1958 ж.

E) 1970 ж.

96. Ұлы Отан соғысы кезінде өзінің еңбегімен 100 мың сом қаржы жинап, соғыс самолетін жасатқан балуан:

A) Н. Поддубный

B) Балуан Шолақ

C)& Қажымұқан Мұңайтпасов

D) Иманжүсіп

E) Биткөзов.

97. Семей ядролық полигонында алғашқы сынақ өткізілді:

A) 1945 ж.

B) 1947 ж.

C)& 1949 ж.

D) 1951 ж.

E) 1953 ж.

98. 1954-1962 жж. Қазақ КСР-на тың және тыңайған жерлерді игеруге қанша адам келді?

A) 10 млн адамға жуық

B) 6 млн адамға жуық

C) 5 млн адамға жуық

D)& 2 млн адамға жуық

E) 20 млн адамға жуық.

99. 1954 жылы Қазақ КСР-да қандай аса маңызды шара іске асырылды:

A) Түрксіб құрылысы аяқталды.

B) колхоздар совхоздарға ауысты

C) Алматы Қазақ КСР астанасы болды

D)& тың және тыңайған жерлерді игеру басталды

E) жердің бірінші жасанды серігі ұшырылды.

100. ХХ ғ. 30-шы жылдары қуғын-сүргінге ұшыраған қазақтың тарих мектебін негіздеуші:

A) М.Төлепов

B) Е.Бекмаханов

C) Н.Нұрмақов

D)& С.Асфендияров

E) А.Жұбанов.

101. Қазақ тілін латын әрпінен кириллицаға ауыстыру жүрді:

A)& 1940

B) 1929

C) 1935

D) 1945

E) 1920.

102. Қай жылы Шымкентте шина жөндеу зауыты іске қосылды?

А) 1954жылы.

В) 1959 жылы

С)& 1963 жылы

D) 1965 жылы

Е) 1970 жылы.

103. Қазақстандағы ең алғашқы жоғарғы оқу орны:

A) Алматы зооветинарлық институты

B) Қазақ ауыл шаруашылық институты

C) Қазақ Мемлекеттік университеті

D) Алматы Мемлекеттік Медицина институты

E)& Қазақтың педагогикалық институты.

104. Ұлы Отан соғысы қарсаңында Қазақстанда қанша жоғары оқу орындары болды?

A) 10

B)& 20

C) 30

D) 40

E) 50.

105. Қазақстандағы сауатсыздықтың түпкілікті жойылған жылы:

A) 1938 жылы

B) 1950 жж. аяғы.

C) 1940 жж. басы.

D)& 1960 жж. аяғы.

E) 1950 жж. басы.

106. Түркістан автономиясының жақтасы, сталинизм мен кеңестік жүйені сынға алып бірнеше еңбектер жазған зор тұлғаны атаңыз.

A) Міржақып Дулатов

B)& Мұстафа Шоқай

C) Санжар Асфандияров

D) Сәкен Сейфуллин

E) Мағжан Жұмабаев.

107. Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері А.Асылбеков, Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Қ.Тәштитов, Н.Нұрмақов қай жылдары қуғын-сүргінге ұшырады?

A)& 1937-1938жж.

B) 1934-1935жж.

C) 1940-1941жж.

D) 1936-1937жж.

E) 1935-1936жж.

108. 1946-1980 жж. аралығында шет елдермен Қазақстанның байланыстарының басым түрі:

A) елшілік

B) ғылым

C)& мәдениет

D) әскери

E) экономикалық.

109. Семей ядролық полигоны аймағында 1957-1959 жылдары халыққа медициналық тексеру жүргізіп, аса қатерлі «Қайнар синдромы» атпен белгілі болған қатерлі дертті тапқанқандар:

A) Қ.Сәтбаев, Ш.Есенов

B)& С.Балмұханов, Б.Атшабаров

C) Е.Бөкетов, М.Айтхожин

D) М.Айтхожин, У.Ахметсафин

E) О.Байқоңыров, Д.Сокольский.

110. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаевтың көш басшылығымен 1997 жыл аталынды:

A) халықтар бірлігі мен ұлттық тарих жылы

B)& жалпы ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргінге ұшырағандарды еске алу жылы

C) мәдениетті қолдау жылы

D) денсаулық жылы

E) ауылды қолдау жылы.

111. 1937 ж. қарашада Қазақстанға қай халықтың өкілдері депортацияланды?

A) қытайлықтар

B) немістер

C) буряттар

D)& корейлер

E) хакастар.

112. 1953 жылдың аяғында Н.С. Хрущевқа жалған жаламен 25 жылға сотталып кеткен Е.Б. Бекмұхановты ақтау, оны түрмеден босату жөнінде хат жазған көрнекті кеңес тарихшысы:

A) Артомонов

B) Н.М. Дружинин

C) М.П. Вяткин

D)& А.М. Панкратова

E) П.Г. Галузо

113. Әлемнің 30-дан астам тіліне аударылған жазушының шығармасы:

A) І.Есенберлин «Көшпенділер»

B)& М.Әуезов «Абая жолы»

C) С.Мұқанов «Ботагөз»

D) Ғ.Мүсрепов «Ұлпан»

E) О.Сүлейменов «Аз и Я».

114. 1956 жылғы партияның ХХ-шы съезінде Н.С. Хрущевтің «Сталиннің жеке басына табынушылықтың зардаптары және оны жою» баяндамасының толық мазмұны қанша жылдан соң жарияланды?

A) келесі жылы

B) бес жылдан соң

C)& 33 жылдан соң

D) 10 жылдан соң

E) 20 жылдан соң.

115. Социализмнің сталиндік үлгі идеологиясы өзінің шырқау шегіне қай жылдары жетті?

A) 1920-30 жылдардың бас кезі

B) 1917-20 жылдардың бас кезі

C)& 1940-50 жылдардың бас кезі

D) 1950-60 жылдардың бас кезі

E) 1960-70 жылдардың бас кезі.

116. А. Затаевичтің өміріндегі ең басты еңбегі, бұл:

A) «Бүлік»

B)& «Қазақ халқының 1000 әні»

C) «Еңлік-Кебек»

D) «Абай жолы»

E) «Қазақ жастарынның Марсельезасы».

117. Қарағанды Мемлекеттік медицина институтының ашылған жылы:

A) 1935 жылы

B)& 1950 жылы

C) 1953 жылы

D) 1951 жылы

E) 1952 жылы.

118. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев өзінің тұңғыш еңбек жолын қай қаладан бастады?

A) Мәскеуден

B) Алматыдан

C)& Теміртаудан

D) Қарағандыдан

E) Ақмоладан.

119. 1960 жылдары Мәскеуде оқитын студент жастардың қазақ халқының рухани өркендеуі мен дамуын жаңғырту мақсатында құрған ұйымы:

A) «Сарыарқа»

B) «Жас Қазақ»

C) «Жас ұлан»

D)& «Жас тұлпар»

E) «ЕСЕП».

120. 1946 жылы қазанда Қазақ КСР-да арнайы қоныстандырылғандар болды:

A) 600 мың адамға жуық

B) 300 мың адамға жуық

C)& 900 мың адамға жуық

D) 2 млн. адам

E) 4 млн. aдам.

121. 1946-1954 жылдары Қазақстан Компартиясының ОК бірінші хатшысы болды:

A) Д.Қонаев

B) Қ.Сәтпаев

C) Ф.Голощекин

D)& Ж.Шаяхметов

E) Л.Брежнев.

122. ХХ ғ. 50-ші ж.ж. аяғында металлмен Қазақстанды ғана емес Сібір, Орал, Орта Азияны қамтамасыз еткен металлургия комбинаты:

A) Жезқазған

B) Ақтөбе

C)& Қарағанды

D) Балқаш

E) Шахтинск.

123. 1965 жылы өзінің бірінші мұнайын берген өндіріс орны:

A) Теңіз

B) Сұңқар

C) Қарашығанақ

D)& Өзен

E) Мұнайлы.

124. 1954 – 1986 жылдар аралығында Республикада қазақ тілінде білім беретін қанша мектеп жабылды:

A) 500-ден астам

B) 300-ден астам

C)& 600-ден астам

D) 400-ден астам

E) 700-ден астам.

125. 1959 ж. Теміртауда өткен ереуіл мен бұзақылық неден шықты?

A) кәсіпорын басшыларының жұмысшылармен дөрекі қатынасынан

B)& Әлеуметтік мәселелерге селқос қарау мен өмір сүру деңгейінің төмендеуі

C) ұлтаралық араздық

D) құрылыс материалдарының жетіспеушілігі

E) жұмысшы қолының жетіспеушілігі.

126. 60-шы жж. КСРО-дағы ғылыми – техникалық прогрестің басты бағыттары:

A) компьютерлендіру

B) механикаландыру

C) автоматтандыру

D)& электрлендіру

E) роботтау.

127. ХХғ. 40-80ж.ж. Қазақ КСР-ң территориясында өткізілген болатын:

A)& 500 астам ядролық жарылыс

B) 1000 астам ядролық жарылыс

C) 200 астам ядролық жарылыс

D) 800 астам ядролық жарылыс

E) 2000 астам ядролық жарылыс.

128. ХХ ғ. 50-ші жж. Қазақстанда тез қарқынмен дамыған көлік жолы:

A) теңіз жолы

B) өзен жолы

C) әуе жолы

D)& темір жолы

E) автомобиль жолы.

129. ХХ ғ. 70-ші жж. соңында Қазақ КСР-ң өнеркәсіп өнімдері жеткізілді:

A) 40 елге

B) 30 елге

C) 120 елге

D)& 80 елге

E) 140 елге.

130. ХХғ. 70-80-ші жж. Қазақ КСР-да ғылым мен білім беруді қаржыландыру принципі:

A) ұлттық

B) әкімшілікпен

C)& қалдықтармен

D) территориялық

E) өндірістік.

131. ХХ ғ. 70-ші ж.ж. экономикалық жағдайдың тұрақтануының негізі болып:

A) мысты экспорттау

B)& мұнайды экспорттау

C) бидайды экспорттау

D) қару-жарақты экспорттау

E) станоктарды экспорттау.

132. ХХ ғ. 70-ші ж.ж. Қазақстан жерінде орын тепкен аса зор территориялық-өндірістік кешен:

A) Жетігендік

B) Көкшетаулық

C)& Маңғыстаулық

D) Жамбылдық

E) Петропавлдық.

133. 1979 жылы желтоқсанда өткен:

A) Чехославакияға Кеңес әскерлерін кіргізу

B) Кариб шиелінісі

C) Кеңес-Қытай шекарасындағы жанжал

D)& Ауғанстанға Кеңес әскерлерін кіргізу

E) Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясын қабылдау.

134. Қазақ жастарының 1979 жылы 16 маусымдағы республика территориясында «Неміс автономиясын» құруға қарсы болған шеруі қай қалада өтті:

A) Көкшетауда

B) Павлодарда

C) Қарағандыда

D)& Целиноградта

E) Петропавлда.

135. ХХ ғ. 80-ші ж.ж. Қазақстан өнімінің экспортқа шығарылуы:

A) жиһаздық

B)& шикізаттық

C) киім-кешектік

D) құрал-жабдықтық

E) электротауарлық.

136. 2009 жылғы Ұлттық санақтың қорытындысы бойынша қазақ халқының пайыздық көрсеткіші қанша болды?

A) 53,4

B) 81,5

C)& 63,1

D) 40,2

E) 57,8.

137. Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың жарлығымен 1996 жылы Қазақстан Республикасының ең жоғарғы мемлекеттік наградасы «Халық ҚаҺарманы» атағымен марапатталған Желтоқсан оқиғасының батырлары:

A)& Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев

B) Хасен Қожахмет, Махмет Құлмағамбетов

C) Мұрат Әуезов, Болатхан Тайжан

D) Мақаш Тәтімов, Сайын Баймұханов

E) Олжас Сүлейменов, Кешірім Бозтаев.

138. Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардың басында республика территориясында 1218 ядролық оқтұмысығы бар ракета болды. Ядролық қуаты жөнінен Қазақстан әлем бойынша нешінші орында тұрған еді:

A) 1-ші

B) 2-ші

C) 5-ші

D)& 4-ші

E) 10-шы.

139. Президенттің пікірі бойынша орталық азиялық одақты нығайтуда Қазақстан басты түрде нақты мемлекеттермен қарым-қатынасын дамытуда:

A) Иран, Пакистан

B) Тәжікстан, Өзбекстан

C) Тәжікстан, Иран

D) Өзбекстан, Пакистан

E)& Өзбекстан, Қырғызстан.

140. Еуразия континентінде Қазақстан Республикасының басты серіктестері болып табылатын мемлекеттер:

A) Қытай, Орталық Азия елдері, Жапония

B) Корея, Ресей, Түркия

C)& Ресей, Қытай, Орталық Азия елдері

D) Ресей, АҚШ, Қытай

E) Қытай, Ауғанстан, Үндістан.

141. Шетелдік инвестициялар Қазақстан Республикасында негізінен қай салаға салынған:

A) жеңіл өнеркәсіпке

B) ауыл шаруашылығына

C) машина жасау өндірісіне

D) қайта өңдеу саласына

E)& шикізат саласына.

142. 1990-жылы қарашада Қазақстан Республикасында бірінші бірлескен банк құрылды, қай мемлекеттің қатысуымен?

A) Жапонияның

B) Қытайдың

C) Оңтүстік Кореяның

D)& Сауд Аравиясының

E) Түркияның.

143. Қазақ халқының атақты зиялылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, М.Дулатов, Ш.Құдайбердіұлы, Ж.Аймауытов қай жылы ақталды?

A)& 1988 ж.

B) 1989 ж.

C) 1990 ж.

D) 1991 ж.

E) 1993 ж.

144. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды:

A) 1989 ж 4-шілдеде

B) 1991 ж 20-мамырда

C)& 1990 ж 25-қазан

D) 1992 ж 1-желтоқсан

E) 1992 ж 12-ақпан.

145. Қазақ КСР-ын Қазақстан Республикасы деп атау жөніндегі қаулы қашан қабылданды?

A)& 10 желтоқсан 1991 ж.

B) 10 желтоқсан 1992 ж.

C) 16 желтоқсан 1991 ж.

D) 16 желтоқсан 1992 ж.

E) 25 қазан 1991 ж.

146. Қазақстан Республикасының ішкі әскері қашан құрылды?

A) 1995 ж.

B) 1991 ж.

C) 1994 ж.

D)& 1992 ж.

E) 1993 ж.

147. 1995 жылғы Конституция бойынша Қазақстанға қандай басқару түрі тән?

A)& Президенттік

B) Парламенттік

C) Монархиялық

D) Аралас

E) Теократиялық.

148. Қазақстан Республикасының елтаңбасының авторларын атаңыз?

A)& Ж.Мәлібеков, Ш.Уәлиханов

B) М.Әлімбаев, Ш.Ниязбеков

C) Ш.Уәлиханов, Ш.Ниязбеков

D) Ш.Ниязбеков, Х.Наурызбаев

E) М.Әлімбаев, Ж.Мәлібеков.

149. 1998 жылы «Әлем артисі» атағына ие болған Қазақстанның мәдениет қайраткері:

A) Әлібек Дінішев

B) Ермек Серкебаев

C) Ескендір Хасанғалиев

D)& Айман Мұсахожаева

E) Роза Рымбаева.

150. Қазақстан Республикасының туының авторы кім?

A) Х.Наурызбаев

B) Ш.Уәлиханов

C) Ж.Мәлібеков

D)& Ш.Ниязбеков

E) М.Әлімбаев.

151. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша республиканың әр азаматының қасиетті парызы мен міндеті:

A)& Қазақстан Республикасын қорғау

B) Конституцияны сақтау

C) тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау

D) табиғатты қорғау

E) Қазақстан Республикасының рәміздерін сыйлау.

152. Н.Ә.Назарбаев «1986ж 17-18 желтоқсан оқиғасына қатысқандарды ақтау туралы» Жарлықты қай жылы шығарды?

A) 12 желтоқсан 1989 ж

B) 12 желтоқсан 1990 ж.

C)& 12 желтоқсан 1991 ж.

D) 12 желтоқсан 1992 ж.

E) 12 желтоқсан 1995 ж.

153. Қазақстандықтар 1991 жылдың 1-ші желтоқсан күнін немен байланыстырады?

A)& Бүкілхалықтық Қазақстан Республикасының Президентін сайлау өткізілді

B) Президенттің Түркияға сапары

C) Қазақстан дүние жүзілік банктің мүшелігіне қабылдады

D) Ұлттық валюта теңге қабылданды

E) Қазақстан Президенті ант қабылдады.

154. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша жергілікті атқару өкімет органы болып:

A) мәжіліс

B) департамент

C) сенат

D)& әкімшілік

E) директорат.

155. Ұлттық валюта теңге енгізілген жылды атаңыз?

A) 1992 ж.

B) 1995 ж.

C) 1994 ж.

D) 1996 ж.

E)& 1993 ж.

156. Қазақстан Республикасының президенті Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қашан қол қойды?

A) 1991 ж. 21 тамыз

B) 1991 ж. 31 тамыз

C) 1995 ж. 30 тамыз

D)& 1991 ж. 29 тамыз

E) 1993 ж. 30 тамыз.

157. Қазақстанда 2000 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша қандай мемлекеттік іс-шара өтті?

A) Абай Құнанбаевтың 150 жылдығы

B) Жамбыл Жабаевтың 150 жылдығы

C) Қаныш Сәтбаевтың 100 жылдығы

D) Тараз қаласының 2000 жылдығы

E)& Түркістан қаласының 1500 жылдығы.

158. Қашан Алматыда дүниежүзі қазақтарының бірінші құрылтайы өтті?

A)& 1992 ж. қыркүйекте

B) 1992 ж. мамыр

C) 1991 ж. қыркүйек

D) 1993 ж. тамызда

E) 1992 ж. қарашада.

159. Қазақстан Республикасының жоғарғы атқарушы органы болып табылады:

A)& үкімет

B) парламент

C) мәжіліс

D) сенат

E) департамент.

160. «Қазақстан-2030» стратегиясында қанша ұзақ мерзімді басымдылық анықталған?

A) 8

B) 9

C) 6

D) 10

E)& 7.

161. Қазақстан Республикасының жоғарғы заң шығарушы органы болып табылатын орган?

A)& парламент

B) үкімет

C) департамент

D) министірлік

E) әкімшілік.

162. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық заң қашан қабылданды?

A) 1991 ж. 25 қазан

B)& 1991 ж. 16 желтоқсан

C) 1991 ж. 1 желтоқсан

D) 1991 ж.30 тамыз

E) 1991 ж. 10 желтоқсан.

163. Қазақстан елордасы Астананың қашан ресми түрде ашылуы мерекеленді?

A)& 1998 ж. маусымда

B) 1998 ж. шілдеде

C) 1997 ж. маусымда

D) 1999 ж. маусымда

E) 1996 ж. тамызда.

164. Қазақстан Республикасының бас қаласы Астана қаласының күні қай күні аталып өтіледі?

A) 16 желтоқсанда

B) 30 тамызда

C)& 6 шілдеде

D) 7 мамырда

E) 22 наурызда.

165. Конституцияда Қазақстандағы биліктің қайнар көзі кімдер болып табылады?

A)& халық

B) үкімет

C) мәдени қайраткерлер

D) мемлекеттік қызметкерлер

E) министрлік.

166. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының сөзінің авторларын атаңыз?

A)& Ж.Нәжімеденов, Н.Назарбаев

B) О.Сүлейменов, Ф.Оңғарсынова

C) Қ.Аманжолов, Т.Жароков

D) И.Алтынсарин, Қ.Аманжолов

E) М.Алимбаев, О.Сүлейменов.

167. Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранының сазының авторы кім?

A)& Ш.Қалдаяқов

B) Н.Тілендиев

C) Е.Хасанғалиев

D) А.Қоразбаев

E) Ә.Бейсеуов.

168. Қазақстан Республикасының Президенті, Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 1984-1989 жылдардағы атқарған қызметі?

A) Қарағанды Обкомының ІІ-ші хатшысы

B) ҚазақКСР-нің өнеркәсіп жөнінде хатшысы

C)& Қазақ КСР-нің Министрлер Кеңесінің төрағасы

D) ҚазақКСР-нің Компартиясының І-ші хатшысы

E) Теміртаудағы Карметкомбинаттың хатшысы.

169. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданған Бүкілхалықтық референдум қашан өтті?

A)& 1995 ж. 30 тамызда

B) 1995 ж. 31 тамызда

C) 1995 ж. 25 қазанда

D) 1993 ж. 28 қаңтарда

E) 1991 ж. 25 қазанда.

170. Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа қашан ұшты?

A)& 1991 ж. қазан

B) 1991 ж. желтоқсан

C) 1991 ж. қараша

D) 1992 ж. қазан

E) 1992 ж. желтоқсан.

171. Қазақстан Республикасы территориясы жағынан әлемде нешінші орын алады?

A) 8

B)& 9

C) 10

D) 5

E) 6.

172. Қазақстандағы ең үлкен территориялық көлемді алып жатқан облысты атаңыз?

A) Ақтөбе

B) Алматы

C) Шығыс Қазақстан

D) Оңтүстік Қазақстан

E)& Қарағанды.

173. Қазақстан құрамына қанша облыс кіреді?

A)& 14

B) 13

C) 19

D) 12

E) 15.

174. 1989 ж. көктемде О.Сүлейменовтың басшылық етуімен құрылған экологиялық қозғалысты атаңыз:

A) Әділет

B) Азат

C)& Невада-Семей

D) Бірлік

E) Табиғат.

175. Қазақстан тарихында 1992 жылы 2 наурызында Қазақстан Республикасы үшін ерекше оқиға қандай?

A)& Қазақстан БҰҰ мүшесі болды

B) Қазақстан ДДҰ мүшесі болды

C) Жекешелендіру туралы заң шықты

D) Қазақстан Президентін сайлады

E) Қазақстанның егемендігін жарияланды.

176. Бірінші рет бүкілхалықтық Президентті сайлау қашан өткізілді?

A)& 1 желтоқсан 1991 ж.

B) 16 желтоқсан 1991 ж.

C) 22 наурыз 1992 ж.

D) 25 қазан 1990 ж.

E) 28 қаңтар 1993 ж.

177. 1993 жылы президент Н.Ә.Назарбаев қол қойған Лиссабон хаттамасы Қазақстанды қалай жария етті?

A) демократиялық мемлекет

B) егеменді мемлекет

C)& ядролық қару-жарақсыз еркін территория

D) құқықтық мемлекет

E) еркін экономикалық аймақ.

178. Дінмұхамет Ахметұлы Қонаев Қазақстанды қай жылдары басқарды?

A)& 1960 ж. қаңтар - 1986 ж. желтоқсан

B) 1964 ж. қазан - 1984 ж. қараша

C) 1960 ж. қаңтар - 1987 ж. қыркүйек

D) 1972 ж. наурыз -1985 ж. қаңтар

E) 1965 ж. наурыз – 1986 ж. қараша.

179. Қазақ КСР-нің Жоғарғы Кеңесінің бекітуімен Президенттік орынға Н.Ә.Назарбаевтың тағайындалуы қашан өтті?

A)& 1990 ж. 24 сәуір

B) 1991 ж. 16 желтоқсан

C) 1992 ж. 2 наурыз

D) 1991 ж. 2 наурыз

E) 1990 ж. 25 қазан.

180. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстанның мемлекеттік құрылымы қандай болып табылады:

A) авторитарлық

B) федеративтік

C) конфедеративтік

D) аралас

E)& унитарлы.

181. Қазақстан Республикасының Парламенті неден құралады?

A) Қазақстан халықтарының Ассамблеясынан

B)& сенат және Мәжілістен

C) сенат және Халық жиналысынан

D) жоғарғы Кеңестен

E) жоғарғы Кеңес және Ұлттар кеңесінен.

182. Тәуелсіз мемлекеттер арасында ТМД құрылғандығы туралы келісім-шарт хаттамасына қайда және қашан қол қойылды?

A) Жана-Огаревте, 1991 ж. 23 сәуірінде

B)& Алматыда, 1991 ж. 21 желтоқсанында

C) Ашхабадта, 1991 ж. 13 желтоқсанында

D) Киевте, 1992 ж. 25 қазанда

E) Ташкентте, 1995 ж. 27 қаңтарында.

183. ХХ ғ. 90 жылдардың басында Қазақстанның ауылдық жерлерінде, тұрғындардың қанша пайызы тұрды?

A)& тұрғындардың 40%

B) тұрғындардың 70%

C) тұрғындардың 50%

D) тұрғындардың 30%

E) тұрғындардың 60%.

184. Қазақстанда 1990 ж. шілдесінде құрылған азаматтық «Азат» қозғалысы өз алдына қандай мақсат қойды?

A)& мемлекеттік егемендік алуды

B) адам құқығын қорғауды

C) прогрессивтік экономикалық реформа жасауды

D) заңдарды бұлжытпай орындауды

E) экологиялық мәселелерді шешуді.

185. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес халық атынан сөйлеу құқығы кімдерге берілді?

A) Үкімет пен Парламентке

B)& Президент пен Парламентке

C) Үкімет пен Президентке

D) Парламент пен Жоғарғы сотқа

E) Президент пен Жоғарғы сотқа.

186. 1989 ж. «Тіл туралы» заңда қазақ тіліне берілген статус:

A) ұлтаралық тіл

B) халықаралық тіл

C) ресми тіл

D) міндетті тіл

E)& мемлекеттік тіл.

187. «Қазақстан-2030» Президент жолдауында Қазақстанның дамуындағы бірінші стратегиялық басымдылығы болып не табылады?

A) экономикалық өрлеу

B)& ұлттық қауіпсіздік

C) кәсіпқой мемлекет

D) денсаулық, білім

E) ішкі саяси тұрақтылық.

188. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тапсырмасымен қай жылы «Мәдени мұра» мемлекеттік ұлттық стратегиялық бағдарламасы қабылданды?

A) 2000 ж.

B) 1997 ж.

C) 2002 ж.

D) 2001 ж.

E)& 2004 ж.

189. Қазақстан Республикасы қай жылы Ислам Конференциясы Ұйымына төраға болды?

A)& 2011 ж.

B) 2010 ж

C) 2009 ж.

D) 2012 ж.

E) 2005 ж.

190. Экологиялық қозғалыс «Невада-Семей» қашан құрылды?

A) 1990 ж.

B) 1991 ж.

C) 1992 ж.

D)& 1989 ж.

E) 1987 ж.

191. Қазақ КСР-да «Тіл туралы» заң қашан қабылданды?

A) 1990 ж. 22 қыркүйек

B) 1987 ж. 22 қыркүйек

C) 1988 ж. 22 қыркүйек

D)& 1989 ж. 22 қыркүйек

E) 1991 ж. 22 қыркүйек.

192. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» жолдауында «Бүкіл қазақстандықтардың – гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының жақсаруында» екінші ұзақ мерзімді басымдылық неге байланысты?

A)& ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамның бірлігіне

B) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігіне

C) нарықтық экономика мен жоғарғы қарқындағы инвестицияға сүйенген экономикалық өсудің күшеюіне

D) энергетикалық ресурстардың дамуына

E) инфрақұрылым, көлік пен байланысты дамытуға байланысты.

193. Мемлекеттердің Еуразиялық Одағын құру идеясын кім ұсынды?

A) А.Ақаев

B)& Н.Ә.Назарбаев

C) Б.Ельцин

D) И.Каримов

E) Г.Алиев.

194. Бүгінгі Қазақстан дамудың қандай моделін таңдап алды?

A) ағылшын-саксондық

B) шведтік

C)& өзіндік моделін

D) қытайлық

E) жапондық.

195. Президенттің пікірі бойынша қазіргі кезеңдегі біздің мемлекетіміздің басты тірегі мен орнығуының дәлелі болып кімдер табылады?

A) қалталы бизнесмендер

B) ғылыми-техникалық мамандар

C) көркем өнер интелегенциясы

D)& ортаңғы тап

E) жұмысшылар.

196. Ақмола қаласын қашан Астана атына ауыстырды?

A) 20 желтоқсан 1998 ж.

B)& 6 мамыр 1998 ж.

C) 10 сәуір 1990 ж.

D) 4 қазан 2000 ж.

E) 25 қазан 1990 ж.

197. VІІ Қысқы олимпияда Азиада қай жылы және қайда болды?

A) 2005 жылы Жапонияда

B) 2008 жылы Қытайда

C)& 2011 жылы Қазақстанда

D) 2010 жылы Монғолияда

E) 2007 жылы Кореяда.

198. Қазақстан Республикасы қай жылы ЕҚЫҰ-на төрағалық жасады?

A) 2005 жылы

B) 2009 жылы

C) 2003 жылы

D)& 2010 жылы

E) 2007 жылы.

199. Қазақстанның Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қашан кең түрде аталып өтілді?

A)& 2011ж. 16 желтоқсан

B) 2001 ж. 16 желтоқсан

C) 2004 ж. 16 желтоқсан

D) 1991ж. 16 желтоқсан

E) 2010ж. 16 желтоқсан

200. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясы - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты бағдарламаны қашан ұсынды:

А) 1997 ж. 9 қазан

В) 2004 ж. 13 қаңтар

С) 2010 ж. 1 желтоқсан

D) 2011 ж. 16 желтоқсан

Е)& 2012 ж. 14 желтоқсан.

 

 


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 123 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
 | http://filosof.historic.ru/books/item/f00/s00/z0000181/ 1 страница

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.35 сек.)