Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

$$$ 1 Қазақстан тарихы пәнінің оқыту нысаны не болып табылады? 1 страница



$$$ 1 Қазақстан тарихы пәнінің оқыту нысаны не болып табылады?

A) Адамның тіршілік үшін күресі;

B) Адамзаттың Қазақстан территориясында пайда болуы, қалыптасуы және дамуы;

C) Қазақстан территориясында мемлекеттердің пайда болуы және жойылуы;

D) Қазақстан территориясындағы көші- қон және этникалық процесстер;

E) Саясипроцесстер.

 

$$$ 2. Қоғамның белгілі кезеңдерін немесе оның құрамдас процесстерін зерттейтін әдіс:

A) Тарихи;

B) Детерменизм;

C) Кезеңдеу;

D) Логикалық;

E) Тарихи модельдеу.

 

$$$ 3. Археологиялық деректерге жататындар:

A) Діни салт- жоралғылар;

B) Саяхатшының күнделігі;

C) Мұрағаттану материалдары;

D) Қабірлер, тұрақтар, қалашықтар;

Е) Аңыз, ертегі, өлең.

 

$$$ 4. Этнографиялық деректерге жататындар:

А) Аңыз, шежіре,эпос;

В) Еңбек құралдары, қару- жарақ;

С) Әскери экспедицияның және саяхатшылардың күнделігі;

D) Партиялық сьездердің және Жоғарғы Кеңестің материалдары;

Е) Аудио- видео материалдар.

 

$$$ 5.Қай ғылым саласы тарихи білімнің даму тарихын және тарих ғылымындағы кейбір келіспеушілік мәселелердің шешудің негізгі жолдарын атап көрсетеді?

А) Деректану;

В) Тарихнама;

С) Археология;

D) Этнография;

Е) Демография.

 

$$$ 6 Алғашқы Қазақ тарихшылары деп кімдерді атайды?

А) Ж.Баласағұн, М.Қашқари;

В) Әл- Фараби, Әл- Кинди;

С) Қ.Жалайри, Х.Дулати;

D) Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин;

Е) Ш.Құдайбердиев,М.Дулатов.

 

$$$ 7 Қазақстан тарихы бойынша алғаш рет жүйелі түрде еңбек жазған кім?

А) А.Левшин;

В) Ш.Уәлиханов;

С) М.Тынышбаев;

D) С.Асфендияров;

Е) Е.Бекмаханов.

 

$$$ 8. Неолит кезеңінде қандай жаңа шаруашылық түрлері қалыптасты:

А) Балық аулау және аңшылық;

В) Терімшілік пен аңшылық;

С) Жер өңдеу мен мал шаруашылығы;

D) Мал шаруашылығы мен балық аулау;

Е) Көшпелі мал шаруашылығы.

 

$$$ 9. Қазақстан территориясындағы алғашқы адамдардың қоныстануы қай дәуірге жатады:

A) Темір дәуіріне;

B) Қола дәуіріне;

C) Неолит дәуіріне;

D) Мезолит дәуіріне;

E) Палеолит дәуіріне.

 

$$$ 10. Неолит дәуірінің кезеңі:

A) б.э.д 5-3 мың жылдық;



B) б.э.д 12-10 мың жылдық;

C) б.э.д 10-7 мың жылдық;

D) б.э.д 40-12 мың жылдық;

E) б.э.д 140-40 мың жылдық.

 

$$$ 11. Қазақстандағы палеолит кезеңіне тән тұрақтар қай жерде:

A) Тарбағатай жотасы;

B) Сырдария ауданы;

C) Қаратау тауы;

D) Орталық Қазақстан;

E) Орал тауы.

 

12.Оңтүстік Қазақстанда ерте палеолит тұрақтарын ашқан экспедиция?

A) А. Алпысбаев;

B) З.Акишев;

C) А. Маргулан;

D) Ж. Таймагамбетов;

E) А. Медоев.

 

$$$ 13 Қазақстан территориясындағы адамдардың алғашқы қауымдық ұйымы:

А) аналық ру;

В) аталық ру;

С) тайпа;

D) алғашқы қауым;

Е) фратрия.

 

$$$ 14 Қай дәуірде адамдар керамикадан ыдыс жасауды үйренді:

А) Неолит;

В) Қола дәуінде;

С) Мезолит;

D) Темір дәуірінде;

Е) Палеолит.

 

$$$ 15 Кейінгі полеолиттің хронологиялық шеңбері:

А) 35-30 м.ж -12-10м.ж. бұрын;

В) 150м.ж.-120м.ж.;

С) 700м.ж.-150м.ж.;

D) 150м.ж.-30м.ж.;

Е) 2,6млн.ж-700м.ж.

 

$$$ 16 Қай кезеңде адамдар жануарларды қолға үйрете бастады:

А) Палеолит;

В) Мезолит;

С) Неолит;

D) Қола;

Е) Ерте темір дәуірі.

 

17. Есік қорғаны түбіндегі қазба жұмыстарын жүргізген экспедиция кімнің басшылығымен жүргізілді?

A) З.Акишев;

B) А. Алпысбаев;

C) А. Маргулан;

D) Ж. Таймагамбетов;

E) А. Медоев.

 

 

$$$ 18 Алғашқы қауымдық құрылыс тарихының қай кезеңінде аналық ру қалыптасты?

А) Темір дәуірі;

В) Қола дәуірі;

С) Неолит;

D) Төменгі палеолит;

Е) Жоғарғы палеолит.

 

$$$ 19 Қазақстанда игеруші шаруашылықтан өндіруші мал шаруашылығына көшу қай кезеңде басталды?

А) Палеолит;

В) Мезолит;

С) Неолит;

D) Қола дәуірі;

Е) Темір дәуірі.

 

$$$ 20 Социогенез – бұл:

A) Адамзат қоғамының қарапайым түрден күрделі қауымдастық түрге дейін дамуы;

B) Адамның маймыл тәріздес түрден қазіргі кезең типіне дейін морфологиялық дамуы;

C) Өңдеу техникасы мен еңбек құралын пайдаланудың дамуы;

D) Өнер түрі;

E) Халық ауыз шығармасындағы бағыт.

 

$$$ 21 Неолит төңкерісі – бұл:

A) Тастан жасалған еңбек құралдарынан темірден жасалғандарға көшу;

B) Өндірмейтін шаруашылықтан өндіретін шаруашылыққа көшу;

C) Садақ пен жебені ойлап табу;

D) Тасты өңдеу жаңа технологиясының – сығылмалы ретуштің пайда болуы;

E) Қоланы ойлап табу.

 

$$$ 22 Адамдардың қазіргі типінің пайда болуы ежелгі адамдардың өмірінің қандай кезеңімен байланысты:

A) Төменгі палеолит;

B) Мезолит;

C) Орта палеолит;

D) Жоғары палеолит;

E) Неолит.

 

$$$ 23 Антропогенез – бұл:

A) Материалдық мәдениеттің прогресіне әкелетін өңдеу техникасы мен еңбек құралын пайдаланудың дамуы;

B) Адамзат қоғамының қарапайым түрден күрделі қауымдастық түрге дейін дамуы;

C) Адамның маймыл тәріздес түрден қазіргі кезең типіне дейін морфологиялық дамуы;

D) Алғашқы қауымдық мәдениеттің түрі;

E) Өнердің түрі.

$$$ 24 Қола дәуіріне қай орнамент жатады;

A) өсімдікті;

B) геометриялық;

C) зооморфтік;

D) рунилік;

E) орнаментке ешқайсысы жатпайды.

 

$$$ 25 Алғашқы ірі қоғамдық еңбек бөлінуіне негіз болған...

А) Тайпалардың мал шаруашылығына және егін шаруашылығына бөлінуі;

В) Көшпелі шаруашылықтың пайда болуы;

С) Қолөнердің егіншіліктен бөлінуі;

D) Еңбектің ер адамдық және әйел адамдық деп бөлінуі;
Е) Еңбектің физикалық және интеллектуалдық деп бөлінуі.

 

$$$ 26 Физикалық жағынан андроновтықтар:

А) Европеоидтар;

В) Монғолоидтар;

С) Негроидтар;

D) Европеоидтар мен монғолоидтартардың аралас түрі;

Е) Австроидтар болып саналады.

 

$$$ 27 Қай дәуірде қоғамдық құрылымдар аналық ру аталық руды ауыстырды?

А) Тас дәуірі;

В) Қола дәуірі;

С) Мыс-тас дәуірі;

D) Ерте темір дәуірі;

Е) Ру әрқашан ата жағынан айқындалып отырды.

 

$$$ 28 Андроновтық тасқа қашалған суреттердің ең көп шоғырланған жері:

A) Орта Азия;

B) Батыс Қазақстан;

C) Жетісу;

D) Орталық Қазақстан;

E) Солтүстік Қазақстан.

 

$$$ 29 «Көзілдірік» және «алақан» тәріздес алқалар, жартылай оралған сырғалар қай мәдениетті сипаттайды?

A) Андронов;

B) Ботай;

С) Ориньяк;

D) Ашель;

Е) Тасмола.

$$$ 30 Андронов мәдениетінің тұрақтары мына қаланың маңынан табылды:

A) Ачинск;

B) Алматы;

C) Тараз;

D) Орынбор;

E) Атырау.

 

$$$ 31 Б.з.д. II м. ж. мына технология ойлап табылды:

A) Қоланы өңдеу;

B) Темірді өңдеу;

C) Шойын құю;

D) Керамика дайындау;

E) Тоқу.

 

$$$ 32 «Авестада» Қазақстан жерінденгі халық қалай аталды:

А) Теріден киінген халық;

В) Ғұндар;

С) Номадтар;

D) Турлар;

Е) Савроматтар.

 

$$$ 33 Қай тайпаның көшуі «Ұлы қоныс аударудың» басы болды?

A) сақтар;

B) ғұндар;

C) андроновтықтар;

D) түріктер;

E) наймандар.

 

$$$ 34 А. Македонскийдің сақ тайпасына жасаған алғашқы жорығы қай ғасыр?

A) б.э.д VII ғ;

B) б.э.д VI ғ;

C) б.э.д V ғ;

D) б.э.д IV ғ;

E) б.э.д IIғ.

 

$$$ 35 Қаңлы тайпасының территориясы:

A) Жетісу;

B) Оңтүстік Қазақстан;

C) Маңғыстау;

D) Шығыс Қазақстан;

E) Орталық Қазақстан.

 

$$$ 36 Сақ тайпасының өнеріне жататын стиль:

A) соғдылық;

B) құстық;

C) қытайлық;

D) аңдық;

E) парсылық.

 

$$$ 37 Қаңлылардың жазба деректердегі астанасы?

A) Кокмардан;

B) Мардан – Кушик;

C) Чигучен;

D) Қызыл Аңғар;

E) Битянь.

 

$$$ 38 Ежелгі сақтарды өзінің еңбегінде жазған:

A) Сыма – Цянь;

B) Геродот;

C) Мухаммед Хайдар;

D) Ибн Сина;

E) Махмут Қашқари.

 

$$$ 39 Қазіргі Қазақстанның қай бөлігінде массагеттер тайпасы қоныстанды?

А) Жетісу;

В) Орталық Қазақстан;
С) Арал және Каспий теңіздері даласында;

D) Шығыс Қазақстан;

Е) Оңтүстік Қазақстан.

 

$$$ 40 Б.з.д. IV-III ғ.ғ. Қытайдың солтүстік шекарасында қоныстанған тайпалық бірлестіктердің бірігу процесі жүрді: Оларды Сюнку және Дунху деп атады. Бұл тайпалардың кейінгі атауы:

А) Ғұндар;

В) Қаңылылар;

С) Дайлар;

D) Дахилар;

Е) Үйсіндер.

 

$$$ 41 Қазіргі Қазақстанның қай бөлігін сақ-тиграхаудтар мекендеген:

А) Орталық Қазақстан;

В) Жетісу;

С) Батыс Қазақстан;

D) Шығыс Қазақстан;

Е) Каспий маңы.

 

$$$ 42 Б.з.д II ғ. Үйсін тайпалары сақ- тиграхаудтар жерлеріне қай аймақтан келді:

А) Алдынғы Азия;

В) Шығыс Еуропа;

С) Орталық Азия;

D) Солт. Қара теңіз;

Е) Африка.

 

$$$ 43 Б.з.д. II ғ.үйсіндердің біраз бөлігі қай территорияға қоныстана бастады?

А) Шығыс Қазақстан;

В) Орталық Қазақстан;

С) Жетісу;

D) Сырдарияның орта ағысы;

Е) Каспий маңы, Арал маңы.

 

$$$ 44 Сақтар Іле алқабына өте тығыз орн\ты. Мұнда қандай қорымдар болды:

А) Бесшатыр,Есік, Түрген;

В) Тасмола,Қарамұрын,Нұрмамбет;

С) Қарасай,Темір-Астау;

D) Тасмола,Ұйғарақ;

Е) Шелекті,Дәндібай.

 

$$$ 45 Атақты «Алтын Адам» қай жерден табылды:

А) Базарық қорғанынан;

В) Бесшатыр қорғанынан;

С) Есік қорғанынан;

D) Дәндібай қорымынан;

Е) Тастыбұтақтан.

 

$$$ 46 Қазақстанды мекендейтін тайпалардың темірді пайдалану кезеңі:

A) Б.з.д. XX-XV ғ.ғ.;

B) Б.з. I-II ғ.ғ.;

С) Б.з.д. VIII-VII ғ.ғ.;

D) Б.з.д. XV-XII ғ.ғ.;

Е) Б.з. III-V ғ.ғ.

 

$$$ 47 Есік қорғанынан табылған “Алтын адам” сақтардың қай тайпалық құрылымына жатады:

A) Парадарайя сақтары;

B) Хаомаварга сақтары;

C) Тиграхауда сақтары;

D) Массагеттер;

E) Исседондар.

 

$$$ 48 Ұлы Жібек Жолы қай ғасырда пайда болды:

A) Б.з.д. VII ғ.;

B) Б.з.д. II ғ.;

C) Б.з.д. IV ғ.;

D) Б.з. I ғ.;

E) Б.з.д. V ғ.

 

$$$ 49 Сақтардың киімдері және жерлеу орындарының регалиялары бойынша, сақтардың өздерінің патшасын неге теңестіргенін көруге болады:

A) Күн құдайына;

B) Ғаламның орталығына;

C) Ата-бабаларына;

D) Әлемді билеушіге;

E) Әлемнің қорғаушысына.

 

$$$ 50 Азиялық скифтер деп аталған тайпалар:

A) Қыпшақтар;

B) Сақтар;

C) Моңғолдар;

D) Түркілер;

E) Үйсіндер.

$$$ 51 «Сақ кезеңінде» (б.э.д. І мың жылдықтың ортасы) қандай шаруашылық кеңінен таралды:

A) Отырықшы егіншілік;

B) Көшпелі мал шаруашылығы;

C) Қала мәдениеті;

D) Үй өнеркәсібі;

E) Айырбас сауда.

 

$$$ 52 Сақтардың қоғамы қандай үш түрге бөлінді?

A) Көсемдер, бектер, қауымшылар;

B) Жауынгерлер, абыздар, қауымшылар;

C) Патшалар, әмірлер, қауымшылар;

D) Көсемдер, шаруалар, қауымшылар;

E) Патшалар, абыздар, қауымшылар.


$$$ 53 Ғұндардың Қазақстан аумағына басып енуі қашан болды?

A) Б.э.д. ІІІ ғ. 1-жартысында;

B) Б.э.д. ІІ – І ғ.ғ.;

C) Б.э.д. І ғ.;

D) Б.э.д. ІІ ғ. 2-жартысында;

E) Б.э.д. І ғ. 2-жартысында.

 

$$$ 54 Диодор қай тайпа туралы былай деп жазды: олар Скифияның көп бөлігін жаулап, жеңілмейтіндерді жеңіп, жерлерін шөлге айналдырды?

А) Сақтар туралы;

В) Ғұндар туралы;

С) Сарматтар туралы;

Д) Қарлұқтар туралы;

Е) Үйсіндер туралы.

 

$$$ 55. Қазақстан қай ғасырда Түрік қағанатына бағынды:

A) ІІІ ғ.;

B) І ғ. басы;

C) ІV ортасы;

D) VI ғ.;

E) V ғ.

 

$$$ 56. 542ж. «түрік» сөзі алғаш қандай жазба деректерде кездеседі:

A) Үнді;

B) Парсы;

C) Грек;

D) Қытай;

E) Моңғол.

 

$$$ 57. Түрік қағанатының Шығыс және Батыс болып екіге бөлінуі қай жылы аяқталды:

A) 603ж.;

B) 505ж.;

C) 604ж.;

D) 708ж.;

E) 504ж.

 

$$$ 58 VII ғ. Батыс түрік қағанаты қай қағанның тұсында күшейді:

A) Бумын-қаған;

B) Муқан-қаған;

C) Джегуй-қаған;

D) Ток-джагбу-қаған;

E) Үш-елик-қаған.

$$$ 59. 704ж. Жетісуда қай түрік тайпасы саяси үстемдікке ие болды?

A) Түргеш;

B) Қарлұқ;

C) Ғұндар;

D) Қаңлы;

E) Үйсін.

 

$$$ 60. Арабтарға қарсы соғысқан түргеш тайпасының көсемдері қалай аталады?

A) Ток-джабгу;

B) Уш- Элик;

C) Бумын;

D) Мукан;

E) Джегуй.

 

$$$ 61 Оғыз мемлекеті қай елдің көмегімен 965 жылы Хазар қағанатын, ал 985 жылы Волга Бұлғарларын жеңді:

A) Қытай;

B) Қарлұқ қағанаты;

C) Киев Русі;

D) Мауереннахр;

E) Түргеш қағанаты.

 

$$$ 62 Қимақ қағанатының күйреуі:

A) XI ғасырдың басы;

B) X ғасырдың аяғы;

C) XII ғасыр;

D) 980 жылы;

E) 976 жылы.

 

$$$ 63. 751 жылы Атлах қаласында кімдер арасында соғыс болды:

A) қытай мен арабтар;

B) арабтар мен қыпшақтар;

C) қарлұқ пен оғыздар;

D) қыпшақ пен хорезмшах;

E) моңғолдар мен половецтер.

 

$$$ 64. X ғ. Оғыз мемлекетінің астанасы қай қала:

A) Сығанақ;

B) Янгикент;

C) Сауран;

D) Яссы;

E) Баласағұн.

 

$$$ 65 Батыс Түрік қағанаты қай мемлекеттен ойсырай жеңілді?

A) Хорезм;

B) Моңғолия;

C) Саманидтер мемлекеті;

D) Тань империясы;

E) Жоңғария.

 

$$$ 66. Қимақ қағанатының орпталығы:

A) Сырдария өзені бойында;

B) Талас өзені бойында;

C) Ертіс өзені бойында;

D) Ыссық көл бойында;

E) Еділ өзені бойында.

 

$$$ 67. 561 – 563 ж антиэфталиттік одаққа түріктер кімдермен келісті:

A) Иранмен;

B) Византиямен;

C) Қытаймен;

D) Урартумен;

E) Риммен.

 

$$$ 68. XI ғ. қай тайпа оғуз мемлекетін ыдырауға мәжбүр етті?

A) селжұқтар;

B) қыпшақтар;

C) қарлұқтар;

D) сарматтар;

E) ғұндар.

 

$$$ 69. 715 – 738 ж Түргеш қағанаты қай қағанның тұсында күшейді?

A) Құлқара;

B) Eсен – Бұға;

C) Үш елік;

D) Мұқан;

E) Сұлу.

 

$$$ 70.Қарлұқ қағанатының жойылуы:

A) 940 ж.;

B) 870 ж.;

C) 942 ж.;

D) 944 ж.;

E) 890 ж.

 

$$$ 71.Қимақтар Қазақстанның қай жерінде орналасты?

A) Батыс Қазақстан;

B) Оңтүстік Қазақстан;

C) Шығыс Қазақстан;

D) Солтүстік Қазақстан;

E) Жетісу.

 

$$$ 72. Жазбаша деректерде Отрар қаласы қалай аталған:

А) Шабғар;

В) Тарбанд;

С) Испиджаб;

Д) Газгирд;

Е) Джувикат.

 

$$$ 73. Көрші тайпаларға шапқыншылықтары кезінде түркілер қандай басты мақсатты көздеді:

A) Өздерінің жерлерін кеңейту;

B) Малды жаулап алу;

C) Құлдарды жаулап алу;

D) Салық жинау;

E) Елді-мекендер мен халықты жою.

 

74. М.Х. Дулатитің «Тарих-и-Рашиди» еңбегі қай тілде жазылды?

A) парсы;

B) қытай;

C) араб;

D) қазақ;

E) орыс.

 

 

$$$ 75 Оғыздар мемлекеті туралы алғаш кімнің еңбегінде айтылады?

A) ӘлФарабидің;

B) ӘлЯкубидің;

C) Қашғаридың;

D) ӘлФакихтың;

E) Әбу Бирунидың.

 

$$$ 76 «Қарақытайлар» деген кімдер?

A) қимақтар;

B) қидандар;

C) кумандар;

D) жалайырлар;

E) қыпшақтар.

 

$$$ 77. 1007ж. найман мен керейттер қай дінді қабылдады:

A) ислам;

B) манихейлік;

C) буддизм;

D) христиандық;

E) иудаизм.

 

$$$ 78. Қарахандық династиясының басшысы:

A) Сатұк Боғра хан;

В) Үш Елік қаған;

С) Кутейба ибн Муслим;

D) Сакал қаған;

E) Сулук қаған.

 

$$$ 79 Қарахан династиясының билігі қай жылы қарақытайларға ауысты:

A) 1130 жылы;

B) 1141 жылы;

C) 1150 жылы;

D) 1151 жылы;

E) 1125 жылы.

 

$$$ 80. Жетісуда Қарлұқ қағанатының орнына келген мемлекет:

A) Түрік қағанаты;

B) Алтын Орда;

C) Түргеш қағанаты;

D) Қарахaн мем лекеті;

E) Қыпшақ мемлекеті.

$$$ 81. Қарахан мемлекетінде хандар өз туысқандары мен әскер қолбасшыларына белгілі бір аудан немесе қала халқынан салық жинау құқығын сыйлады. Ол қалай аталды:

А) Сойырғал;

В) Икта;

С) Вакф;

D) Зекет;

Е) Тағар.

 

$$$ 82. Қарақытай мемлекеті қай жерде орналасқан:

A) Еділдің төменгі ағысы, Арал маңы;

B) Орал мен Еділ өзені арасы;

C) Жетісу, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Түркістан;

D) Үстірт, Маңғыстау;

E) Сібірдің бір бөлігі, Оралдың төменгі ағысы.

 

$$$ 83.VIII–X ғ. қыпшақтар қай мемлекеттің құрамында болды:

A) Оғыз мемлекеті;

B) Қарахан мемлекеті;

C) Саманилер мемлекеті;

D) Қимақ мемлекеті;

E) Қарлұқ мемлекеті.

 

$$$ 84. XIII ғ Жетісудан қарақытайларды ығыстырған тайпа:

A) керейіттер;

B) қидандар;

C) наймандар;

D) меркиттер;

E) қыпшақтар.

 

$$$ 85.Дешті- Қыпшақ атауы қай ғасырда пайда болды:

A) XIғ.;

B) XII ғ.;

C) XIII ғ.;

D) XVI ғ.;.

E) XV ғ.

 

$$$ 86. Қыпшақтардың орыс жазбаларындағы атауы:

A) хазар;

B) ойрат;

C) половец;

D) печенег;

E) түріктер.

 

$$$ 87.Қыпшақ мемлекетінің бірлестігі ненің нәтижесінде құлады:

А) Монғол шапқыншылығы;

В) Оғыздар шапқыншылығы;

С) Ішкі талас-тартыс;

D) Хорезм шапқыншылығы;

Е) Қимақтар шапқыншылығы нәтижесінде құлады.

 

$$$ 88.Қыпшақтардың байлығының негізгі көрсеткіші:

А) Жылқы саны;

В) жердің көлемі;

С) Жайылым аумағы;

D) Ұсақ мал басының саны;

Е) Құл саны.

 

$$$ 89.Қай жылы Қарахан мемлекеті исламды өзінің мемлекеттік діні ретінде жариялады:

A) 960 ж.;

B) 1036 ж.;

C) 1212 ж.;

D) 930 ж.;

E) 840 ж.

 

$$$ 90.Қыпшақ халқының қалыптасуының соңғы кезеңі кімдердің шапқыншылығының салдарынан тоқтатылды:

A) Жоңғарлар шапқыншылығы;

B) Моңғолдар шапқыншылығы;

C) Әмір Темір шапқыншылығы;

D) Өзара соғыстар;

E) Араб шапқыншылығы.

 

$$$ 91.Дешті Қыпшақ мына территорияны алып жатты:

A) Тынық мұхиттан Дунайға дейін;

B) Балқаштан Шығыс Еуропаға дейін;

C) Аралдан Днепрге дейін;

D) Оралдан Еділге дейін;

E) Ертістен Днестрге дейін.

 

$$$ 92. 1141 ж. қай тайпаларға Қарахан мемлекетінің екі хандығының да билігі көшті:

A) Қыпшақтарға;

B) Қимақтарға;

C) Оғыздарға;

D) Қарақытайларға;

E) Қарлұқтарға.

 

$$$ 93. Х – ХІІ ғ.ғ. наймандардың мемлекеті қайда орналасты?

A) Хангайдан Тарбағатайға дейін;

B) Ертіс пен Орхонның арасында;

C) Алтайда;

D) Қазақстанның оңтүстігінде;

E) Қазақстанның солтүстігінде.

 

$$$ 94. Ежелгі түрік жазуы қалай аталды:

А) Сақтық;

В) Соғдылық;

С) Руникалық;

D) Санскриттік;

Е) Иероглифтік

 

$$$ 95. XI ғ түркі әдебиетінің өкілі:

А) Ж.Баласағұн;

В) Арсылан-Баба;

С) М.Хайдар-Дулати;

D) Қ.Жалаири;

Е) Қожа-Ахмет Иассауи.

 

$$$ 96. М.Қашқаридың айтуы бойынша қай тіл түркі тілі мен қатар Жетісу қалаларына таралды:

А) қазақ тілі;

В) латын тілі;

С) соғды тілі;

D) грек тілі;

Е) қытай тілі.

 

$$$ 97. Қазақстан жеріндегі Ұлы Жібек жолының тармақтарында ҮІ- ХІІғғ қай қалалар орналасты:

А) Шаш, Жент;

В) Тараз, Суяб;

С) Мерв, Бұхара;

Д) Нишапур, Хотан;

Е) Үргеніш, Самарқанд.

 

$$$ 98. Суфизм деген не?

A) Өнердің түрі;

B) Исламдағы мистикалық бағыт;

C) Салықтың түрі;

D) Халық ауыз шығармасындағы бағыт;

E) Архитектуралық стиль.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 44 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.118 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>