Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1.Қ.Р –ның су кодексі қашан қабылданған? 1 страница



Тесты экология кукыгы № 3313

1.Қ.Р –ның су кодексі қашан қабылданған?

А) 23 шілде 2003ж

В) 31наурыз 1993ж

С) 29 сәуір 1994ж

D) 6 қыркүйек 1992ж

E) 14 мамыр 1994ж

 

2. Арнайы сутоғандары жеке пайдалануға беру қандай органның рұқсатымен жүзеге асырылады?

А) суды қорғауды басқару органы және табиғатты қорғау органы

В) табиғатты қорғау органы

С) әділет Министрлігі органдары

D) суды қорғауды басқару органы

E) қалалық су каналы (жолы)

 

3. Адамның тұрмыстық және өндірістік қызметіне пайдалануынан қалған су-

А) ағынды су (сточные воды)

В) тұрмыстық қалдықтар

С) ауызсу

D) өнеркәсіптік сулар

E) коммуналдық сулар

 

4. Суды пайдаланудың қандай түрі су кодексінде көрсетілмеген?

А) бөлінбелі

В) жалпы

С) арнайы

D) жеке

E) бірлескен

 

5. Су кодексінде суды пайдаланудың қай түрінің мәртебесі көрсетілген?

А) ағынды су үшін және халықтың тұрмыстық қажеттіліктері үшін пайдалану

В) су көлігі үшін суды пайдалану

С) жер суару үшін суды пайдалану

D) ақаба су (сточные воды) қалдық суларды ағызып жіберу үшін

E) гидроэнергетика қажеттілігі үшін суды пайдалану

 

6. Суға меншік құқығын кім иеленген?

А) мемлекет

В) жеке тұлғалар

С) заңды тұлғалар

D) су ресурстарын мемлекеттік қорғау органдары

E) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

 

7. Су объектілеріне зиянын тигізетін қандай жағдай су кодексінде көрсетілмеген?

А) құрғақшылық

В) ластану

С) сорлану

D) тұздану

E) суға ерімейтін қатты заттарды тастау

 

8. Суды пайдаланудың қандай түрлері Су кодексінде көрсетілмеген?

А) су тоғандарына шомылу үшін пайдалану

В) суды ауылшаруашылығына мұқтаждықтары үшін пайдалану

С) суды өнеркәсіп мақсаттары үшін пайдалану

D) су тоғандарын қалдық суды ағызу үшін пайдалану

E) су тоғандарын балық шаруашылығының мұқтаждықтары үшін пайдалану

 

9. Суды пайдаланудың қандай түрлері Су кодексінде көрсетілген?

А) жалпы және арнайы

В) тек қана арнайы

С) тек қана тегін пайдалану

D) тек қана ақылы пайдалану

E) тек қана жалпы

 

10. Су қоры мыналардан құрылады?



А) жер асты, жер бетіндегі су ресурстары, территориялық сулар және мұздықтар

В) жер бетіндегі сулар

С) ауызсу көздері

D) жер бетіндегі атқыламалы сулар мен тұнбалар

E) минералды және ауызсудың қайнар көздері

 

11. Су ресурстарын басқару комитеті қандай органның құрамына кіреді?

А) ауылшаруашылығы министрлігінің

В) индустрия және сауда министрлігінің

С) өзінше жеке комитет болып табылады

D) қоршаған ортаны қорғау министрлігінің

E) денсаулық сақтау министрлігінің

 

12. Шаруашылық жүргізу барысында белгілі бір аймақ шегінде жер бетіндегі су ағысының ең төмен шегінің азаюы?

А) сарқылу

В) былғану

С) ластану

D) құрғау

E) сорлану

 

13. Кіші-гірім өзендерге жататын өзен деп:

А) ұзындығы 200 шақырымдық

В) ұзындығы 100 шақырымдық

С) ұзындығы 50 шақырымдық

D) ұзындығы 150 шақырымдық

E) ұзындығы 400 шақырымдық

 

14. Судың жай-күйі, оны пайдалану және қорғау туралы деректердің жиынтығы –бұл:

А) кадастр

В) мониторинг

С) су құрылғысы

D) суды кешенді пайдалану схемалары

E) су шаруашылық баланстары

 

15. Судағы өзгерістерді дер кезінде анықтап, зиянды құбылыстарды болдырмау және жою үшін судың жай –күйіне аэроғарыштық және жер бетінде бақылау жасау –бұл:

А) мониторинг

В) кадастр

С) су құрылғысы

D) суды кешенді пайдалану схемалары

E) су шаруашылық баланстары

 

16. Бассейндер, экономикалық аудандар және тұтас республика бойынша судың бар-жоғын, оның пайдалану мүмкіндігін бағалау –бұл:

А) су шаруашылық баланстары

В) мониторинг

С) су құрылғысы

D) суды кешенді пайдалану схемалары

E) су кадастрі

 

17. Халықтың экономикалық салаларының суға болашақтағы қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шараларды белгілейтін жобалық құжат-бұл:

А) суды кешенді пайдалану схемалары

В) мониторинг

С) су құрылғысы

D) су шаруашылық баланстары

E) су кадастрі

 

18. Ағынды және ақпайтын (іркінді) сулардың табиғи немесе жасанды жолмен жиналуы?

А) сутоғаны

В) су ресурстары

С) су көзі

D) гидросфера

E) ылғал

 

19. Мемлекеттік құқықтық жолмен реттеліп отыратын су тоғандарының жиынтығы-бұл:

А) су ресурстары

В) гидросфера

С) су

D) су көздері

E) ылғал

 

20. Мемлекеттік су қорын қандай қағиданың негізінде жүзеге асады?

А) әкімшілік –территориялық +бассейндік

В) әкімшілік -территориялық

С) территориялық

D) ауызсуды басқару + өнеркәсіп мақсаты үшін пайдаланылатын суды басқару

E) ағынды суларды басқару+ іркінді (ақпайтын) суды басқару

 

21. Су тоғандарының сарқылуын, ластануынын, былғануын болдырмауды алдын-алу мақсатында сутоғанның жағалауларына белгіленген белдеулер-бұл:

А) су қорғау зонасы

В) жағалау белдеуі

С) суды санитарлық қорғау белі

D) суды санитарлық қорғау аймағы

E) суды қорғау белдеуі

 

22. Су объектісін жекелеген азаматтарға бекітіп бермей және техникалық құрылғыларды қолданбай халықтық ауыз суға және өзге де мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін белгіленген су пайдалану түрі-бұл:

А) ортақ су пайдалану

В) арнайы су пайдалану

С) бастапқы су пайдалану

D) суды жеке пайдалану

E) қосалқы су пайдалану

 

23. Су кадастрі мен су мониторинг жүргізуге өкілетті мемлекеттік орган?

А) су ресурстарын басқару комитеті

В) ҚР Үкіметі

С) Санитарлық –эпидемиологиялық қызметтер

D) жергілікті құқық қорғау органдар

E) жергілікті атқару билік органдары

 

24. Экологиялық жағдайға ұшыраған әрбір жағалай бойынша бекітілетін ең төменгі суды қорғау зонасының ені?

А) мың метр

В) бес жүз метр

С) бір мың бес жүз метр

D) үш жүз метр

E) бес мың метр

 

25. Құрылыстар мен техникалық құрылғыларды қолдану арқылы халықтың ауызсуға және тұрмыстық мұқтаждығына суды пайдалану?

А) арнайы су пайдалану

В) жалпы су пайдалану

С) қосалқы су пайдалану

D) коммуналдық су пайдалану

E) ерекше су пайдалану

 

26. Заңды тұлғалар мен азаматтардың өз қызметтерін жүзеге асыру үшін сутоғандарын және олардың бөліктерін пайдалануы:

А) жеке пайдалану

В) жалпы су пайдалану

С) бастапқы су пайдалану

D) бірлесіп суды пайдалану

E) жай пайдалану

 

27. Суды жеке пайдалануға беру кезінде бірінші кезекте кімнің мүддесі қанағаттандырылуы тиіс:

А) төмендегі кезектегі суды пайдаланушылар

В) балық шаруашылығына суды пайдаланушылар

С) ауылшаруашылық су пайдаланушылар

D) жоғарғы кезектегі су пайдаланушылар

E) суды пайдаланушы-азаматтардың

 

28. Арнайы органның рұқсаты негізінде сутоғандарынан су алуды жүзеге асыратын заңды ұйымдар мен азаматтардың суды пайдалануы:

А) бастапқы су пайдалану

В) қосалқы су пайдалану

С) жалпы су пайдалану

D) бірлесіп су пайдалану

E) суды жай пайдалану

 

29. Үстіңгі қабаттағы суларды пайдалану үшін қандай органның рұқсаты керек?

А) табиғат қорғау органы+ су ресурстарын басқару органы

В) табиғат қорғау органы+ денсаулық сақтау органы

С) табиғат қорғау органы+ салық қызмет органы

D) атқару билік органы

E) су ресурстарын басқару органы

 

30. Жер асты суларын пайдалану үшін қандай табиғат қорғау органның келісімі керек?

А) энергетика және минералдық ресурстарды қорғау органы+ су ресурстарын басқару органы

В) су ресурстарын басқару органы

С) геология және пайдалы қазбаларды қорғау органы

D) геология және пайдалы қазбаларды қорғау органы+мемлекеттік тауды техникалық қадағалау органы

E) мемлекеттік тауды техникалық қадағалау органы

 

31. Ұзақ мерзімді су пайдалану мерзімі?

А) 25 жыл

В) 20 жыл

С) 10 жыл

D) 99 жыл

E) 50 жыл

 

32. Жалпы су пайдалану мерзімі:

А) көрсетілмеген

В) 10 жыл

С) 25 жыл

D) 15 жыл

E) 50 жыл

 

33. Табиғи емдік қасиеті бар су тоғандары қандай санатқа жатады?

А) сауықтыру

В) рекреационды

С) қорықтық су тоғаны

D) арнайы тапсырысты су тоғаны

E) балық шаруашылық

 

34. Су тоғандарын жалпылама демалу, туристік, спорттық мақсаттары үшін пайдалану:

А) рекреационды

В) арнайы тапсырысты

С) қорықтық

D) курорттық

E) жалпы су пайдалану

 

35. Өртке қарсы пайдаланылатын су қайдан алынады?

А) кез-келген су тоғандарынан

В) арнайы жабдықталған су көздерінен

С) ауыз су көздерінен

D) жер асты суларынан

E) арнайы су тартатын құдықтардан

 

36. Шекара аралық суды пайдалану қандай негізде жүзеге асады?

А) Халықаралық шарттар негізінде

В) Конституциялық құқық негізінде

С) Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ведомствалық нұсқаулығы негізінде

D) Қорғаныс министрлігінің ведомствалық нұсқаулығы негізінде

E) Сыртқы істер министрлігінің ведомствалық ңұсқаулығы негізінде

 

37. Судың физикалық, химиялық, биологиялық сипатының өзгеруіне байланысты суды пайдаланудың жарамсыз болып қалуы:

А) ластану

В) былғану

С) сарқылу

D) құрғау

E) булану

 

38. Суға қатты өндірістік, тұрмыстық қалдықтарды тастау неге әкеліп соғады?

А) былғануға

В) ластануға

С) сарқылуға

D) құрғауға

E) булануға

 

39. Ауызсу алатын жерге бекітілетін зона түрі-

А) санитарлық қорғау зонасы

В) гигиеналық

С) жағалау белдеуі

D) қорғаншы зона

E) өлі зона

 

40. Жағалау белдеуінде қандай қызмет түрімен айналысуына тиым салынған?

А) ағаш отырғызу

В) дән егу

С) мал бағу

D) бақ өсіру

E) рекреация

 

41. Суды қорғау зоналарын белгілеу қандай негізде жүзеге асады?

А) жер пайдаланушылар мен меншік иесінен жерді алмастан

В) жерді жер пайдаланушылар мен меншік иесінен алып қою арқылы

С) сервитут негізінде

D) жалдау шартының негізінде

E) субаренда негізінде

 

42. Балық шарушылығы мұқтаждықтары үшін су тоғандарын немесе оның жекелеген бөліктерін беру кімнің рұқсатымен жүзеге асырылады?

А) жергілікті атқару органының

В) қоршаған ортаны қорғау министрлігі

С) су ресурстарын мемлекеттік басқару органының

D) аудандық, облыстық маслихаттың

E) ҚР Үкіметітің

 

43. Аудандық әкімшіліктегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің арасына су ресурстарын тұтынуды бөлу, кімнің құзыретіне жатады?

А) аудандық атқару органның

В) аудандық өкілді органның

С) мемлекеттік су ресурстарын басқару органы және оның жергілікті бөлімшелері

D) қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен оның аймақтық органдары

E) ҚР Үкіметі

 

44. Әкімшілік –аумақтық бірліктерде су пайдаланушылар арасында су тұтыну лимиттерін бекіту кімнің құзыретіне жатады?

А) су ресурстарын мемлекеттік басқару органының

В) облыстық атқару органының

С) облыстық өкілді органы, яғни маслихаттың

D) қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) ҚР Үкіметітің

 

45. Су қорының жеріне не жатпайды?

А) шаруашылықтың ішкі жер суару жолдары(жүйелері)

В) шаруашылық аралық су жүргізу жүйелері

С) көлдің астындағы жерлер

D) мұздықтар

E) су қоймаларының астындағы жерлер

 

46. Суға төленетін төлемнің базалық мөлшерін белгілеуді кімнің құзіретіне жатады?

А) ҚР-ның ҚР Үкіметіі

В) ҚР-ның Парламенті

С) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

D) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

E) жергілікті атқару органы

 

47. Суды қорғау зоналары мен белдеулері туралы ережені кім бекітеді?

А) ҚР-ның ҚР Үкіметіі

В) облыстық өкілді органдар

С) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) облыстық атқару органы

 

48. Су тоғандарында құрылыс, су түбін тереңдету және басқа да жұмыстар жүргізудің тәртібін кім белгілейді?

А) ҚР-ның ҚР Үкіметіі

В) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

С) су ресурстарын басқару органы

D) облыстық әкімшіліктер

E) аудандық әкімшілік

 

49. Қосалқы су пайдалану құқығын кім шектейді?

А) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

В) жергілікті өкілді орган

С) Парламент

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) ҚР Үкіметі

 

50. Су қорының жері қандай құқықта берілмейді?

А) меншік құқығында

В) тұрақты жер пайдалану

С) ақылы уақытша жер пайдалану

D) ақысыз уақытша жер пайдалану

E) жолдауға

 

51. Суды қорғау зонасы мен белдеулерін кім бекітеді?

А) жергілікті атқару органы

В) жергілікті өкілді органы

С) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) ҚР Үкіметі

 

52. Суды қорғау белдеуінен ұйымдарға балық аулау шаруашылық мұқтаждығы үшін, уақытша пайдалануға жер беру, қандай органның рұқсатымен жүзеге асырылады?

А) жергілікті атқару органы

В) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

С) облыстық аудандық су шаруашылық басқармасы

D) жергілікті өкілді органы

E) дұрыс жауабы жоқ

 

53. Жеке пайдаланудағы су тоғандарын жалпы су пайдалануға қолдану кімнің бекіткен ережесіне сәйкес жүзеге асырылады?

А) Қоршаған ортаны қорғау органы және су ресурстарын басқару органы

В) Қоршаған ортаны қорғау органы

С) Су ресурстарын мемлекеттік қорғау органы

D) жергілікті атқару органы

E) жергілікті өкілді органы

 

54. Жердің үстіңгі қабатындағы суға арнайы су пайдалану құқығы кімнің шешімімен жүзеге асырылады?

А) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі мен Су ресурстарын мемлекеттік қорғау органы

В) Су ресурстарын мемлекеттік қорғау органы

С) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

D) жергілікті атқару органы

E) ҚР Үкіметі

 

55. Ауылшаруашылық мұқтаждықтары үшін су пайдалану қандай тәртіппен жүзеге асырылады?

А) жалпы мен арнайы су пайдалану

В) жалпы су пайдалану

С) арнайы су пайдалану

D) жеке су пайдалану

E) тек бірлесіп су пайдалану

 

56. Қар суын, жаңбыр суын және тасқын суын тоқтату қандай тәртіппен жүзеге асады?

А) арнайы су пайдалану

В) жалпы мен арнайы су пайдалану

С) жалпы су пайдалану

D) жеке су пайдалану

E) жай су пайдалану

 

57. Өнеркәсіп мақсаттары үшін су пайдалану түрі?

А) арнайы су пайдалану

В) жалпы мен арнайы су пайдалану

С) жалпы су пайдалану

D) жалпы және жеке су пайдалану

E) жай су пайдалану

 

58. Ауызсу санатына жатпайтын, жер асты суларын шаруашылық мұқтаждықтары үшін пайдалану тәртібі?

А) арнайы су пайдалану

В) жалпы мен арнайы су пайдалану

С) жалпы су пайдалану

D) жеке су пайдалану

E) жай су пайдалану

 

59. Кеме қатынайтын су жолдарының категориясына жатқызу тәртібін кім белгілейді?

А) ҚР Үкіметі

В) Облыстық атқару органы

С) Су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) Көлік және коммуникация министрлігі

 

60. Су тоғандарын әуе көлігінің мұқтаждықтары үшін пайдалану тәртібін кім белгілейді?

А) ҚР Үкіметі

В) Облыстық атқару органы

С) Су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) Көлік және коммуникация министрлігі

 

61. Өрт сөндіруге қажетті су пайдалану тәртібін кім белгілейді?

А) ҚР Үкіметі

В) Жергілікті атқару органы

С) Су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) Мемлекеттік өрт сөндіру инспекциясы

 

62. Өзендер мен каналдардағы су деңгейін көтеретін және басқа гидротехникалық құрылыстарды пайдалану неге сәйкес жүргізіледі?

А) құрылыстарды жобалаған кезде жасалған нормаларға сәйкес

В) су ресурстарын мемлекеттік басқару органының талабына сәйкес

С) Қоршаған ортаны қорғау органдарының талабына сәйкес

D) жергілікті атқару органының нұсқауына сәйкес

E) су тоғандарының гидрологиялық режиміне сәйкес

 

63. Суды сақтау және олардың жай-күйін жақсарту судың зиянды әсерін болдырмау, жою шараларын кім жүргізеді

А) ҚР Үкіметі

В) облыстық атқару органы

С) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) төтенше жағдайлар туралы комитет

 

64. Су тоғандарының сарқылуын кім белгілейді?

А) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы мен энергетика және минералдық ресурстарды қорғау органы

В) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

С) геология және пайдалы қазбаларды қорғау органы

D) Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) ҚР Ғылым Академиясының география институты

 

65. Су тоғандарының сарқылуын алдын алу шаралары кімнің келісімімен жүзеге асады?

А) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

В) энергетика және минералдық ресурстар министрлігі

С) Санэпидемиялық органы

D) қоршаған ортаны қорғау органы

E) ҚР Ғылым Академиясының география институты

 

66. Кіші гірім өзендердің тізімін кім белгілейді?

А) ҚР Үкіметі мен облыстық атқару органы

В) Аудандық атқару органы

С) су ресурстарын мемлекеттік қорғау органы

D) қоршаған ортаны қорғау министрлігі

E) Аудандық өкілді орган

 

67. Жергілікті жердегі су тоғандарын жаппай демалу аймағын айналдыру тәртібін кім белгілейді?

А) жергілікті атқару органы

В) су ресурстарын мемлекеттік басқару органы

С) санитарлы-эпидемиологиялық қызмет орталығы

D) қоршаған ортаны қорғау органы

E) ҚР Үкіметі

 

68. Табиғат пайдаланушының ең озық қолжетiмдi технологияларды енгiзу және Қазақстан Республикасының экологиялық зақнамасында белгiленген эмиссиялардың техникалық үлес нормативтерiн сақтау шартымен қоршаған ортаға эмиссияларды жүзеге асыру құқығын куәландыратын бiртұтас құжат ол

А) Кешендi экологиялық рұқсат

В) Коршаған ортаға эмиссияға рұқсат

С) Табиғат пайдаланушыға арналған мақтау қағаз

D) Сақтандыру полюсы

E) Экологиялық салық декларациясы

 

69. Экологиялық аудит келесі мақсаттарда жургізілмейді

А) сонғы үш жылдың бухгалтерлік баланстардын дұрыстығын тексеру

В) қоршаған ортаға әсер туралы ұсынылған есептiлiктiң дұрыстығын тексеру

С) өндiрiстiк-технологиялық процестiқ экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау

D) өндiрiстiк мониторинг пен бақылау жүйесiнiқ экологиялық талаптарға сәйкес келуiн бағалау

E) қызметкерлердiң бiлiктiлiк деңгейiн бағалау

 

70. Экологиялық аудит түрлерi

А) мiндеттi аудит және бастамашылық аудит

В) кұрделі аудит және ағымды аудит

С) ақылы аудит және ақысыз аудит

D) жеке аудит және қоғамдық аудит

E) отандық аудит және шетелдік аудит

 

71. Экологиялық аудиттi жүргiзудiң сатылары мыналар табылмайды

А) аудиттелетiн субъектіні заңдық жауапқа тарту

В) аудиттелетiн субъектiмен алдын ала танысу

С) аудит жүргiзу жоспарын әзiрлеу

D) қажеттi ақпаратты жинау және жүйелеу

E) аудиттелетiн субъектiнi қарап тексеру және оның қызметкерлерiне сауал жүргiзу

 

72. Экологиялық аудиторлық есепте келесі мәліметтер қажет емес

А) аудиттелетiн субъект тауар шығару бес жылдық жоспары

В) аудиттелетiн субъект туралы жалпы ақпаратты

С) экологиялық аудитордың және экологиялық аудиторлық ұйымның құқықтылығын растайтын мәлiметтер

D) экологиялық аудиттi жүргiзу негiздемесiн

E) экологиялық аудиттi жүргiзудiқ жоспарын

 

73. Залалды экономикалық бағалаудың қандй әдістері бар

А) тура әдiсi және жаңама әдiсi

В) реттеуші әдісі

С) тепетендік әдісі

D) дифференциалдық әдісі

E) пропорцианалдық әдісі

 

74. Үшiншi тұлғалардың өмiрiне, денсаулығына, мүлкiне және (немесе) авариялық ластануы нәтижесiнде қоршаған ортаға келтiрiлген зиянды өтеу

А) экологиялық сақтандырудың мақсаты болып табылады

В) экономикалық ынталандырудың мақсаты болып табылады

С) мемлекеттің экономикалық саясаттың мақсаты болып табылады

D) экологиялық тұрақтылықтын мақсаты болып табылады

E) экологиялық тепетендіктің мақсаты болып табылады


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 85 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>