Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Хан-Тәңірі» шыңы Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен және Қытаймен шекарадағы ең жоғарғы нүкте.



«Хан-Тәңірі» шыңы Қазақстан Республикасының Қырғызстанмен және Қытаймен шекарадағы ең жоғарғы нүкте. Орталық Тян-Шань Орта және Орталық Азияда, негізінен Қырғызстанда (батыс бөлігі) және Қытайда (шығыс бөлігі), жарым-жартылай Қазақстан мен Өзбекстанда орналасқан. Ұзындығы батыстан шығысқа қарай 2500 км-ге жуық, солтүстіктен оңтүстікке қарай 300 км. Жоғарғы нүктелері: Жеңіс шыңы (7439 м.) және «Хан-Тәңірі» (7010м.).

 

Орталық Тянь-Шаньға альпі үлгісіндегі ландшафттар тән: үшкір қырқалары сұр және көгілдір мұздықтармен, сондай-ақ көз шағылыстырар қар жамылғысымен көмкерілген; альпі жайылымының түрлі-түсті гүлдері Тянь-Шань шыршаларынан тұратын қылқанжапырақты ормандармен көршілес орналасқан.

 

Бұл жерде негізінен биік тау туризмі дамыған. Өрлеу маршруты әртүрлі: тасты, қарлы- мұзды, құрамдас. «Хан-Тәңірі» шыңы әлемдегі бірден-бір солтүстік жетімыңдық болып саналады, сондықтан, оның шыңына шығу туризмнің айрықша қауіпті түріне жататанына қарамастан туристерді көптен-көп қызықтырады. Ол, үшкір төртқырлы пирамида түріндегі, әлемнің аса әсем шыңдарының бірі. Бір жағындағы шүбәсіз мәрмәр қабырға анадайдан көз тартады. Хан-Тәңірі шыңының солтүстік-батыс жағында Алматы облысы орналасқан. Шыңның биігіне жету үлкен Оңтүстік Иныльчек (Қырғызстан) және Солтүстік Иныльчек мұздықтары арқылы жүзеге асырылады. Тамыз айының ортасына дейін Солтүстік Иныльчек мұздығына барар жолды, сырға толы мұзды көл Мерцбахера (3400 м.) жауып тастайды, ол кенеттен толысып пайда болады да, бір сәтте жоқ болады. Шыңның солтүстік жағы тасты болып келеді де, тіп-тік болып Солтүстік Иныльчек мұздығына түседі және өте құлди болғандықтан мұз қатпайды десе де болғандай. Хан-Тәңірі алғаш рет, осыдан 1200 жыл бұрын Қытай хроникаларында атап өтілген болатын.

 

Хан-Тәңірін бірінші болып Петр Семенов, кейін Семенов-Тянь-Шаньский баяндап суреттеген. Хан-Тәңірінің шыңына 1931 жылы бірінші болып, пирамиданың оңтүстік жағымен шыққан адам, украиналық альпинист М.П.Погребецкий болды. Бұл маршрут бүгінгі күндері де классикалық маршрут болып саналады. «Хан-Тәңірі» шыңына шығу - әлемнің көптеген альпинистерінің алдына қойған мақсаты. Шыңына 10-нан астам маршрут жүргізілген. Туристердің басым көпшілігі тікұшақты пайдалана отырып, Хан-Тәңірінің етегіндегі базалық лагерьге жетеді.



 

Шыңның ең биік төбесіне жету үшін кем дегенде 14 күн қажет. Өрлеу жыл бойына жүзеге асырылып жатады, бірақ ең қолайлы кезеңі - маусы-тамыз айлары. Таудың айналасында, Мәрмәр тасты Қабырғаны (6400 м.) қоса алғанда, биіктігі 6000 м. болатын шыңдар көптен саналады. Бұл әдемі көлдер мен өзендерге бай альпі алқабы.

 

Шыңның астында, бір маусымда 2000-ға дейін альпинистер мен тау туристерін қабылдайтын «Хан тәңірі» Халықаралық альпинистік лагері (ХАЛ) орналасқан. Облыстық әкімдік пен ЦСКА альпклубының қамқоршылығымен ХАЛ-ң базасында халықаралық фестивальдар өткізіліп тұрады.


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 73 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Учитель: Жанна Николаевна Чарнецкая | Термины общей микробиологии

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.011 сек.)