Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Өндірілетін сүт сапасы сиырдың жайылатын өрісіне және олардың қоректенетін жеміне тікелей байланысты. Сиырдың жемі сүттің түсіне,



Сиыр бағу

Өндірілетін сүт сапасы сиырдың жайылатын өрісіне және олардың қоректенетін жеміне тікелей байланысты. Сиырдың жемі сүттің түсіне, иісіне, дәміне, сүттің майлылық маңыздылығына, протеиндеріне, минералдық заттарына және дәрумендеріне тікелей әсер етеді.

Сүттің сапасы сиырдың тұқымына, лактация фазасына, жемдеу әдісіне және типіне, сауу мерзіміне, әдісіне және малдың жеке ерекшеліктеріне байланысты өзгеріп отырады. ФудМастер компаниясының өнім шығаруға пайдаланып жүрген сүті әрдайым жоғары сапаға және керемет дәмге ие.

Сауу процесi

Сүтті өндіру немесе синтездеу — бұл негізінен сиыр желінінде болатын өте күрделі биохимиялық процесс.

Желін – бұл сүтті синтездеуге қажетті заттар бөлетін құрамында дамыған қан айналым жүйесі бар үлкен «темірлі ағза».

Сауу барысында сүттің табиғи сапасын сақтау үшін желінді тазалауға, жууға және дезинфекциялауға ерекше көңіл бөлінеді.

Қабылдау пунктіне жеткізу және сүтті салқындату

ФудМастер компаниясының зауыттарына сүт Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан 180-нен астам сүт қабылдау пункттерінен және 10 ірі сүт фермасынан жеткізіледі.

Зиянды микроағзалардың көбеюіне жол бермеу үшін сүт сауылғаннан кейін бірден сүзілуі және салқындатылуы керек.

Сондықтан фермерлер сауғаннан кейін сүтті бірден сүт қабылдайтын орынға жеткізеді, онда оны «ФудМастер» компаниясының жүк танкерлері сүт өндіретін өндіріс зауытына алып кеткенге шейін салқындатады және сақтайды.

Сауғаннан кейін екі сағаттан кешіктірмей сүт +2, 9 — 3 °С температурасына дейін салқындатылуы керек. Бұл шикі және жаңа сауылған сүттің ашуына жол бермеу үшін қажет.

Бұл үшін танк-салқындатқыштар – сүтті салқындатуға арналған температураны және араластыруды автоматты түрде реттейтін заманауи жүйе пайдаланылады, ФудМастер компаниясының сүт қабылдайтын пункттері осындай жүйелермен жабдықталған.

Салқындату кезінде сүтке мұз қатпау керек, сондықтан танк-салқындатқышта орнатылған араластырғыш минутына кем дегенде 30 айналым жасайды.



Зауытқа сүтті тасымалдау

Жүк танкері салқындатқыштарда салқындатылған сүтті жинап, сүт өнімдерін өндіретін зауытқа тасымалдайды.

Жүк танкері – бұл сұйық өнімдерді тасымалдауға арналған арнайы көлік құралы. Әр танкердің 3–4 контейнері бар, ондағы оқшауланған қабырғалардың арқасында әр салқындатқыштағы сүтті жеке-жеке тасымалдауға болады. Контейнерлер жеткізу кезінде сүттің сапасын сақтауға арналған сыртқы температураға тұрақты хромдалған материалдан жасалған.

артқа

Сүтті зауытқа қабылдау

ФудМастер сапасының арнайы жүйесінің жұмысы компанияның барлық зауыттарында шикізатты өндіріске қабылдау кезінен басталады.

Жүк танкерлері жаңа сауылған сүтті зауыттағы қабылдау зертханаларына жеткізеді.

Сүттің бірінші тексерілуі танкер қоймаларының үстінде жасалады. Физикалық және химиялық нәтижелері бойынша зауыт әкелген сүтті қабылдау немесе қабылдамау туралы шешім қабылдайды.

Екінші тексерілуі сүт танкер қоймасынан құйылғаннан кейін жасалады.

Барлық талаптарға сай келетін сүт қабылданады, сүзіледі, салқындатылады және сақталу үшін шикі сүтке арналған танкілерге құйылады.

Сүт процесі

Өндіріс барысында сүт қажеттіліктеріне қарай бірнеше процедуралардан өткізіледі.

Көптеген технологиялық процестер сүт өнімдерін өндірумен, жоғары тағамдық құндылығын сақтаумен байланысты:

Гомогенизация – өнімнің жалпы салмағына бір қалыпты таратылу мақсатында сүттегі майды езу, бұл сүттің ашып кетуіне жол бермейді.

Пастерлеу – барлық патогенді микроағзаларды жоятын + 92 °С температурада сүтті өңдеу.

Зарарсыздандыру – сүтті термоөңдеу, бұл барлық зиянды микроағзаларды және олардың әсерін жояды.

Сүт қышқылды бактериялардың көмегіменферментациялау – әртүрлі өнімдерді, мысалы йогурттарды өндіру үшін қолданылады.

Сүт өнімдерінің сапасын бақылау

Сапаны бақылау өндірістің барлық кезеңдерінде жалғаса береді.

Физикалық и химиялық талдауға, мысалы сүттегі май, көмірсулар, қышқылдық және т. б. құрамы секілді физикалық және химиялық параметрлерін бақылау кіреді.

Микробиологиялық талдауға өнімнің ағза үшін қауіпсіздігін зерттеу кіреді.

Түйсіктелетін талдауға жемістерді, иісті, түсті және қоюлығын бағалау кіреді. Алынған көрсеткіштер әр өндірілген өнімнің жеке стандарттарымен салыстырылады.

Дайын өнім сапа стандартының барлық көрсеткіштеріне және ҚР санитарлық ережелері мен нормаларына сәйкес зерттеледі, ал өнімнің әр партия легі өндірілген сәтінен бастап арнайы жерлерде сақталады, бұл жарамдылық мерзімі аяқталғанша оның жағдайын бақылауға мүмкіндік береді.

Өнімді сақтау және сауда орнына жеткізу

Дайын сүт өнімдері зауыт-өндірушіден + 2°С-тан төмен түспейтін және + 4 °С-тан жоғары көтерілмейтін өзгеріссіз температураны тұрақты ұстап тұратын компанияның заманауи қоймаларына +4 ±2 °С шамасындағы температурада тұратын бірегей құрылғымен жабдықталған арнайы көлік-рефрижераторларымен жеткізіледі.

Содан кейін өнімдер сауда орнына жеткізілу үшін жүк көліктеріне бөлінеді. ФудМастер компаниясының барлық жүк көліктері +2 +4°С тұрақты температура режімін ұстап тұратын салқындатудың арнайы жүйесімен жабдықталған.

Өнімді тасымалдаудың және сақтаудың барлық кезеңдеріндегі салқындату тізбегін бақылаудың бірегей жүйесінің арқасында ФудМастер компаниясы бүкіл Қазақстан бойынша өзінің тұтынушыларына үнемі кәусар және сапалы өнім ғана ұсынады.

Сауда орындарынан сүт өнімдерін алу

Жүк көліктері дүкендерге сүтті және сүт өнімдерін жеткізген соң, өнім өз тұтынушысын «күтеді», ол ортақ мұздатқышта +4 ±2°С температурасында сақталады.

Тұтынушы ФудМастер өнімі – бұл консерванттар қосылмаған табиғи шикізаттан жасалған жоғары сапалы өнім екендігіне, ал өндірістің бірегей контактсыз технологиясы жарамдылық мерзімі 21 күнге шыдайтын табиғи өнімді шығаруға мүмкіндік беретініне әрқашан сенімді бола алады және кез келген уақытта өзін және өзінің жақындарын сүйікті өнімдермен қуанта алады.

 


Дата добавления: 2015-09-30; просмотров: 35 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Food is fuel. Our minds and bodies depend on them for the energy to be healthy and strong. What is a healthy diet? What do our minds and bodies need? The answer is - carbohydrates, protein, fat, | В большинстве практических случаев достаточно знать, что существуют определённые устройства (усилители, генераторы, вторичные источники питания и.т.п.), которые обладают интересующими потребителя

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)