Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

«Қазақ тілі» пәнінен емтиханның тестілік тапсырмалары. 6 страница



A. сабақтас құрмалас сөйлем дейміз

B. салалас құрмалас сөйлем дейміз

C. аралас құрмалас сөйлем дейміз

D. жалғаулықсыз сабақтас құрмалас сөйлем дейміз

E. жалғаулықты салалас құрмалас сөйлем дейміз

$$$ 75 А

Жалғаулықсыз салалас құрмалас сөйлемді көрсет.

A. Бұл ағаштан түйін түйген шебердің ғана қолтаңбасы емес, ұлт мәдениетінің бір белгісі.

B. Ақтоғайдан басталатын жол Алматыға қарай тартылған жолмен жарысып отырады да, оңтүстік-шығысқа қарай шұғыл бұрылады.

C. Сыздық - етікші жігіт және жұрттың кезінде ең шебер етікші сол.

D. Бұл жөніндегі пікірімді әлдеқашан жібергенмін, бірақ жауап алған жоқпын.

E. Жел саябырлаған сияқты, дегенмен екпіні әлі де қатты.

$$$ 76 E

Жалғаулықсыз байланысқан қарсылықты салалас құрмалас сөйлемді көрсет.

A. Ортаға салуын салдым, бірақ малыма өзім көз боламын.

B. Теңіз тынышталды, бірақ еш нәрсе көрінбейді.

C. Жанат орнын ұсынып еді, сонда да ол отырған жоқ.

D. Көктем келді, әйткенмен қар толастар емес.

E. Ең сенімді су жер астынікі, - оны іздеу керек.

$$$ 77 D

Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі? Менің әндерімді тыңдаушы да, сынаушы да, салушы да халық, сондықтан біздің біздің жиған-тергеніміздің бәрі халықтікі.

A. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

B. кезектес салалас құрмалас сөйлем

C. түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

D. себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

E. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

$$$ 78В

Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі?

Ержеткен соң түспеді уысыма, - Қолымды мезгілінен кеш сермедім (Абай).

A. қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

B. себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

C. түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

D. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

E. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

$$$ 79 C

Құрамындағы жай сөйлемдері істің, оқиғаның кезектесіп, алмасып келуін білдіретін салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі?

A. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

B. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем



C. кезектес салалас құрмалас сөйлем

D. себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

E. түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

$$$ 80 А

Бірде, кейде біресе жалғаулық шылаулары салаластың қай түрінде кездеседі?

A. кезектес салалас құрмалас сөйлем

B. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

C. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

D. себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

E. қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

$$$ 81Е

Әлде, бірде, болмаса, әйтпесе жалғаулық шылаулары салаластың қай түрінде кездеседі?

A. кезектес салалас құрмалас сөйлем

B. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

C. қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

D. түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

E. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

$$$ 82 В

Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі? Малды не жерден сұрау керек, не аққан терден сұрау керек.

A. кезектес салалас құрмалас сөйлем

B. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

C. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

D. қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

E. түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

$$$ 83А

Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі? Ол неше түрлі қызық әңгімелерді маған айтады, мен аузымның суы құрып тыңдаймын.

A. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

B. қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

C. түсіндірмелі салалас құрмалас сөйлем

D. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

E. кезектес салалас құрмалас сөйлем

$$$ 84 В

Қандай жалғаулық шылаумен байланысқан салалас құрмалас сөйлемде үтір қойылмайды?

A. сондықтан

B. және

C. да, де

D. бірақ

E. әйтсе де

$$$ 85 C

Салалас құрмалас сөйлемнің қай түрі? Студенттер қазақ тілі сабағында бірде ауызша сөйлейді, бірде мәтінмен жұмыс жүргізеді.

A. талғаулы салалас құрмалас сөйлем

B. қарсылықты салалас құрмалас сөйлем

C. кезектес салалас құрмалас сөйлем

D. ыңғайлас салалас құрмалас сөйлем

E. себеп-салдар салалас құрмалас сөйлем

 

 

@@@ «Сабақтас құрмалас сөйлем»

 

 

$$$ 1А

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

А. Өміріңде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.

В. Сәл нәрсеге ренжімеймін деп, сезімін ақылға жеңдірді.

С. Балаларымыз білім алсын деп, елде барлық жағдай жасалған.

D. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.

Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.

$$$2С

Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А. Қыс келді.

В. Арман - әнші.

С. Жанпейіс үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Ержан тыста қалды.

D. Бас болмақ оңай, - бастамақ қиын.

Е. Теңіз тынышталды, бірақ ешнәрсе көрінбейді.

$$$3В

Қарсылықты бағыңқылы сабақтастың сұрақтарын табыңыз.

А. Неліктен? Не үшін? Не себепті?

В. Қайтсе де? Не етсе де? Қайткенмен?

С. Қашан? Қайтсе? Не етсе?

D. Қалай? Қайтіп? Не мақсатпен?

Е. Қайтпей? Қайтпейінше?

$$$4Е

Сабақтас құрамаластың түріне жатпайтын атауды табыңыз.

А. Мезгіл.

В. Қарсылықты.

С. Себеп.

D. Шартты

Е. Талғаулы.

$$$5D

Мақсат бағыныңқы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А. «Бұл бала - менің інім»,- деді Ержан.

В. Данияр Мәскеуден келді.

С. Бүгін бірінші сабақ болмайды.

D. Кеше үйірмеге жазылмақ болып, оқушылар сарайына бардым.

Е. Гүлдерге су құйылмағандықтан, құрғап кетіпті.

$$$6В

Құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А. Абайдың денесі іріленген, жауырынды.

В. Жаман айтпай, жақсы жоқ.

С. Бала жүрексініп, тіксініп қалды.

D. Өнерге, білімге құштарлан.

Е. Балам, ақылды болғанын жөн.

$$$7Е

Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А. Жел үрлеген сайын, сапырылысып түскен сары жапырақтар жер бетін түгел жапты.

В. Жалғасы қызық болды, олар таңға көз ілмеді.

С.Үсен пышақтың сыртымен тасқа қатты ұрып еді, мақта тұтанды.

D. Дәркембай, Абылғазы, Қаңақ, Тоқсан, Жұмыр да осында.

Е. Кейде ұзақ жырлар жырланып, кейде ел ішінің әңгімелері айтылады, ауыл адамдары бұларды қызыға тыңдайды.

$$$8Е

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмаластың сұрағын анықтаңыз.

А. Не еткенсоң?

В. Қайткендіктен?

С. Қалай?

D. Қашаннан бері?

Е. Не еткенше?

$$$9С

Қарсылықты бағыныңқылы сабақтасты табыңыз.

А. Сәл нәрсеге ренжімейін деп, сезімін ақылға жеңдірді.

В. Басталып қойған әңгімеге тез оралу үшін, одан өзімнің қалай айырылғанымды айтып берейін.

С. Өмірінде қауіп-қатер төніп тұрса да, ата тегіңе кір келтіретін нәрсеге аяқ баспа.

D. Балаларымыз білім алсындеп, елде барлық жағдай жасалған.

Е. Сын түзелмей, мін түзелмес.

$$$10В

Шартты бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А. Ержан үйге кіріп кеткенде, Асқар мен Серік тыс тақалды.

В. Жаңа жұмысшыларға техника қауіпсіздігін ұғындырмайынша, шахтаға жіберуге тыйым салған.

С. Жұмыс бізді үш үлкен жамандықтан: зерігуден, аурудан, жоқшылықтан құтқарады.

D. Білікті адам айтпай-ақ жаныңды ұғар.

Е. Әңгімені басынан бастау үшін, Саржанмен кездескен күнді есіме түсірдім.

$$$11С

Шартты бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

А. Кітабын оқып болғандықтан, досына бере салды.

В. Ертең апам келеді.

С. Табиғаттың тұла бойы тұнған сыр, оның тілің білсең, ешқашан қор болмайсың.

D. Маған жақындан келгенде ғана, өзімнің шәкіртім екенін таныдым.

Е. Бүгін жаңа ай туды.

$$$12Е

Ыңғайлас жалғаулықты анықтаңыз.

А. Әлде, болмаса, өйткені.

В. Бірақ, неге десең, егер.

С. Алайда, себебі, онда.

D. Я, немесе, біресе.

Е. Мен, да, және.

$$$13D

Мақсат бағыныңқы сабақтасты көрсетіңіз.

А. Ол сабағын жазып отыр, бірақ ойынан бүгінгі жайсыздық шықпайды.

В. Ол жеткенше, Қанабек тықыршып тұр.

С. Кең даланы сұлу сағым басты.

D. Әңгімені басынан бастамақ болып, Саржанмен кездескен күнді есіме толық түсіріп көрейін.

Е. Қыруар уақыт өткенмен, жаңбыр басылмады.

$$$14D

Себеп бағыныңқы сабақтас сөйлемдегі көрсетіңіз.

А. Мен оқыған кітап қызық-ақ!

В. Түн.

С. Әңгіме жалпақ елдің жайына көшкен кезде Абай шешіле түсті.

D. Оның сөздік қоры мол болғандықтан, өз ойын еркін жеткізеді.

Е. Әдейі танытпайын деп, ол бет-аузын таңып алыпты.

$$$15A

Себеп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А. Бұл түн менің ең соңғы көрген дүнием болғандықтан, көп нәрселер әлі көз алдымда тұрады.

В. Өзеннің суы тайыз болғанмен, жағасы тік.

С. Біресе жаңбыр жауып, біресе қар жауады.

D. Жақыпбек ойлардан серпілгісі келіп, романның бірін алып оқуға кірісті.

Е. Шай жиналысымен, қонақтарды Мырзаш шақырып әкетті.

$$$16A

Себеп бағыңыңқы сабақтас құрмаласқандай сұраққа жауап береді, табыңыз.

А. Неліктен? Неге?

В. Не үшін? Қайтпек болып?

С. Қашан? Қашаннан?

D. Қайтсе де? Қайткенмен?

Е. Қалай? Не етпестен?

$$$17B

Мезгіл бағыныңқылы сабақтас сөйлемді табыңыз.

А. Қыз дауысты Қазыбектің әкесі Келдібек би қыз таңдап, үйленбей біраз жүрсе керек.

В. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.

С. Күдері сөзінен Жақыпбектің жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, соңынан ұшып түрегелді.

D. Екпей егін бітпес, үйренбей білім бітпес.

Е. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.

$$$18D

Қарсылықты жалғаулық шылау арқылы байланысқан бірыңғай мүшені табыңыз.

А. Баланың бас ұстазы – ата-анасы.

В. Өзің-ақ бар.

С. Ескі ақынша мал үшін тұрмын зарлап.

D. Сөзге сараң, бірақ ісін орындайды.

Е. Жомарт қазіргісі мен кешегісін салыстыруда.

$$$19C

1. Мезгіл бағыныңқы сабақтас сөйлемді көрсетіңіз.

А. Мен шаңғы теуіп жүремін.

В. Күдері сөзінен Жақыпбектің де жүрегіне жып-жылы бір сезім құйылғандай болып, орнынан ұшып түрегелді.

С. Ол кітапханаға бара жатса, алдынан Серік шықты.

D. Шахта жұмысы жаңа басталып жатқандықтан, Кенжебек бұл кемшіліктерге кеңшілік, кешірім жасайды.

Е. Екпей, егін бітпес, үйренбей, білім бітпес.

$$$20A

Шартты бағыныңқы сөйлемді табыңыз.

А. Жақсы ұстаздық етсең, болашақтан еңбегіңнің жемісін көресің.

В. Мысық ұйықтап жатқанда, тынышын алма.

С. Басқа пәле тілден деген, байқап сөйлескен дұрыс қой.

D. Биылғы қыс суық болған жоқ.

Е. «Бұның дұрыс болмады,» - деп әкесі ренжіді.

$$$21A

Қарсылықты бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді көрсетіңіз.

А. - Әй, Шығанақ, сыртын айтқанша, ішін айтсаңшы.

В. Ексең егін, ішерсің тегін.

С. Шіркіннің киген киімінде бір кіршік болсайшы, бітімі де өзгеше.

D. Ел орынға отыра, бір топ адам үйге кіріп келеді.

Е. Еңбек - ана, білім - қазына.

$$$22C

Сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

А. Еңбектің наны, жалқаудың жаны тәтті.

В. Ауылда жаңа мектеп салынды.

С. Хамиттер ерте тұрып аттанатын болғандықтан, жаңағы жай-күй айтысудан өзге әңгіме қозғалмады.

D. Айгүл аттан түсіп еді, су қайта таязданып қалғандай екен.

Е. Күн бұлттанды, бірақ жаңбыр жауған жоқ.

$$$23С

Аралас құрмалас сөйлем кем дегенде қанша сөйлемнен тұрады?

А. 2

В. 4

С. 3

D. 6

Е. 7

$$$24Е

Себеп бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

A. Аспанда жапқан тұтас бұлт сиреп, ара-тұра жұлдыздар көріне бастады

B. Сөйлесуге тіл жоқ: Есенейден бата алмайды

C. Аңсаған төлде су тапса, бас қоймайма бастауға

D. Мен қорықпаймын, өйткені әжем кеше сұрап алған

E. Қасқыр енді мұның айғайын елемейтін болған соң, Иса басқа бір тәсілге көшті

$$$25D

Көп бағыныңқы сабақтас құрмалас сөйлемді табыңыз.

A. Ербол ғана сүйеп қалып, зорға дегенде буынын бекітті, бірақ сонда да өзін-өзі аңғарып жүрген жоқ.

B. Қысқы үкідей аппақ болып, ұзақ күндер ұзақ жортып, көбінесе үнсіз жортып, Омбы қаласына бүгін іңір қараңғысында келіп кірді

C. Сиырда аунамақ жоқ, жылқыда күйсемек жоқ, суда қаймақ жоқ

D. Қуаты – ақындық, үміті – халық

E. Осы өткен қыс бойында, кітап соңында көп отырған Абай үй-ішіне, Ербол мен Баймағамбетке, кішкене молдаға және әңгіме тындауға жараған балалары: Әбдірахман, Қүлбадан, Мағаштарға өзі оқыған кейбір романдарын да қызықты хикая етіп айтып беріп отыратын

$$$26С

Қимыл-сын бағыныңқы сабақтасты белгілеңіз.

A. Игілектен қанша жасқанса да, бүгін тәуекел етіп жолығуға келе жатыр еді

B. Біз үйден шыққанда, күн де сәскелекке жақындап еді

C. Құс жоғары-төмен ұшып, бір қанатын сабалап қаша берді

D. Жасында жаттықтыра алмасаң, өскенде бастықтыра алмайсың

E. Біреу зәбір етсе, сен сабыр ет

$$$27А

Мақсат бағыныңқы сабақтасты табыңыз.

A. Абайлар Ойқұдықтағы ауылға жете қонбақ болып, атарын шоқыта, сар желіске сала жөнелді

B. Еңбексіз ауырса емі табылмайды

C. Ғылым өзін-өзі сызғылай отырып, толасыз ілгері жылжи береді

D. Өткенге топырақ шашсақ, болашақ саған тас атады

E. Көз – ақылдың, ақыл – ұжданның, ұждан – рухтың бақылау тетігі екенін біл

$$$28D

Қарсылықты бағыныңқы сабақтастың сұрауларын табыңыз.

A. Қайтпейінше? Не етпейінше?

B. Қашаннан бері? Қайтіп?

C. Не етпек болып? Қалай?

D. Қайтсе де? Қайткенмен?

E. Қайтсе? Не еткенде?

$$$29А

Шартты бағыныңқы құрмаласты табыңыз

A. Жүре берсең, көре бересің

B. Құрмаш қанша тәрбиелесе де, Көксерек ұрлық пен адал астың айырмасының не екенін ұға алмады

C. Артыма жалт қарасам, екі жігіт аттарын байлап жатыр

D. Көзсіз өмір не десе, тас қараңғы көр деуші ем

E. Надан Малқар ескі әдетімен елді қорқытып ұстамақ болса, залым Шәлкендер алдап ұстамақ

$$$30Е

Елімнің қайғысына мың да бір дауа осы болар деп, Сырдың суына төсегін төсеп тартып тұрады. Сабақтастың қай түрі?

A. Мақсат бағыныңқы құрмалас

B. Мезгіл бағыныңқы құрмалас

C. Қимыл-сын бағыныңқы құрмалас

D. Шартты бағыныңқы құрмалас

E. Себеп бағыныңқы құрмалас

$$$31С

Бағыныңқысының баяндауышы «-ғанмен» тұлғалы болатын сабақтастың қай түрі екіндігін анықтаңыз

A. Мақсат бағыныңқы

B. Мезгіл бағыныңқы

C. Қарсылықты бағыныңқы

D. Қимыл-сын бағыныңқы

E. Шартты бағыныңқы

$$$32С

Себеп бағыныңқы құрмаласты табыңыз

A. Тысқа шыққан Сырбай оралғанша, Рахмет хатты төрт-бес рет оқып шықты

B. Екі көзі қанталап, денесі ашумен булыға қалшылдайды

C. Іздеушілер көрмесін деп, біз тасалана қалдық

D. Нұр дегенің не десе, жарқыраған күн деуші ек

E. Қолынан келер бөтен жәрдем болмаған соң, ол қызға жылы сөзімен қайрат береді

$$$33С

Мезгіл бағыныңқы құрмаласты табыңыз

A. Араларына түсетін арашасы болай, екеуі де шаршады

B. Жылтыр көйлегі жалт-жұлт етіп, сықылық атып Майра келді

C. Жалт қарасам, Шұға үйіне қарай кетіп бара жатыр екен

D. Кедір-бұдыр жермен дөңгелектерді тоқылдап, арба ырғала жылжып келеді

E. Аяужан тыңдасын деп, радиоқабылдаңыштың тетігін бұрадым

$$$34А

Қимыл-сын бағыныңқы құрмаласты табыңыз

A. Сапар бұған қарсылық білдірместен, Жарқын меңзеген тұсқа барды

B. Сейфулланың сәлемін айтқанда, Иманмұса жылы ұшырай жымиды

C. Біз жиналып барғанша, олар кетіп қалыпты

D. Көктемнің ескегі соға бастасымен, маңайдың қары ағыл-тегіл тез кетті

E. Ербол біліп қоймасын деп, Әзімбай әдейі үндемеді

$$$35В

Мақсат бағыныңқы құрмаласты табыңыз

A. Қазір де Абай көңілі қандай салқын болса, Ділдә да сондай салқын

B. Күзетші сезіп қалмауы үшін, біз жыраның ішімен еңбектеп кеттік

C. Кітабым болмағандықтан, дайындығым нашар

D. Тезек бықсып жанбаған соң, келіншек еңкейіп үрлер отты жандырды

E. Патша тағынан түсіп, Жәуке түрмеден құтылып үйіне келіп еді

$$$36А

Аралас құрмаластың құрамында қарсылық мәнді сөйлем болса, қандай тыныс белгісі қойылады?

A. Үтір

B. Нүктелі үтір

C. Қос нүкте

D. Сызықша

E. Үтір және сызықша

$$$37Е

Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз

A. Көл бетіндегі сырғанақшылдарға бармақ болып, Асқар үйден шыққан соң, Айбала шай қоюга кірісті

B. Мен барар ем, сабалаған қымызым, жетектеген сойыстығым болса

C. Түсі сұрланып, екі танауы желбірей түсіп, тентерек көздері жиреніш отын шашып тұр

D. Ертеңінде тұрсақ, жел басылып, бұлт ашылып, маужыраған бір әдемі күн басталыпты.

E. Жабай шығып кетпегенде, Игілік жігіттерді сөзге айналдырып бөгей тұрмақ еді, ойы жүзеге аспады

$$$38В

Мына аралас құрмалас сөйлемнің схемасын табыңыз

Үй маңында басқа байлық көрінбеді, қоңыр үйдің төменгі жағына киіз жетпеген соң, туырлық орнына ши ұстап қойыпты

A. Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

B. Басыңқы, бағыныңқы, басыңқы

C. Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

D. Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы

E. Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы

$$$39А

Аралас құрмалас сөйлемді табыңыз

A. Бұлар үйге кіргенде, түн ортасы жуық еді, бірақ Дәурен мен Айжан жатпады

B. Уақыт өткен сайын, су киімдерімізге қатқан мұз қалыңдай түсіп, мұз оранған дене дірілдей түсті

C. Тамшылар жиі тарсылдап, нөсердің салқын екпіні төне бергенде, біз де үйге жеттік

D. Машина жақындаған сайын қала да қойнын ашып,көшелері кеңи береді

E. Басында бірін-бірі онша білмесе де, осында келгеннен кейін, отбасы мүшелеріндей қатты араласып, туыстай болып кеткен еді

$$$40С

Себеп-салдар мәнді сөйлемдері бар аралас құрмаласты табыңыз

A. Бүгін жұмысқа кім шықпай қалса, соны көнгенге санаймын да, бүгіннен бастап жібе

B. Шарды түбінде елбасылары ремін

C. Қарағандының қары қауырт еріп, сай-салалар суға толып, өзендер тасығалы тұр салып болған соң, санайтын ұлықтардың өзі болмайды, оны екі тілмаштың бірі санайды

D. Өмірдің ащы-тұщысын бірдей таттық: шаңырақ көтергенімізге жарты жыл толмай жатып, соғыс басталды

E. Осы минутта күдері Жақыпбек көзіне мейрімді әке сияқты болып көрінсе, көзіне жас іркіліп қалып тұрды

$$$41С

«Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы, басыңқы» схемасына сәйкес келетін аралас құрмалас сөйлемді табыңыз

A. Жолдан бұрыстау болғанмен, егер сен қарсы болмасаң, соға кетуді ойлап келемін

B. Қыстың қысқа күні түс шағына жеткенде, барлық жылқышы түсіріліп, ат атаулы алынып, Абылғазының айтқаны түгелдей орындалып болғанды

C. Ақбоз алдыңғы екі аяғын ербитіп, көзі шатынап тұра бергенде, Шолақ құлағын төмен қарай тұқырта басып қалып еді, ат етпетінен түсті

D. Жиын есіне түскенде, бетінен оты шықса да,мұғалімнің сөзіне көнбесіне Бектайдың шарасы болмады

E. Денесі әлсіреп, сүлдері құрығандай болып, зорға келіп арбаға мінді

$$$42Е

«Келген үшеудің бірі Жабай еді, болған іске өкініп, енді Омардың бетіне қарамауға тырысты», - деген сөйлемнің сызбасын көрсетіңіз

A. Бағыныңқы, бағыныңқы, басыңқы

B. Басыңқы, бағыныңқы, бағыныңқы

C. Бағыныңқы, басыңқы, басыңқы


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 428 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.052 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>