Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1 Кәсіпорын атауы және даму тарихы



Мазмұны

 

 

Кіріспе········································································································2

1 Кәсіпорын атауы және даму тарихы

1.1 «Караганды ТББ» ЖШС сипаттамасы··············································5

1.2 «Мутлу Гипс» ЖШС-нің сипаттамасы·············································6

1.3 «Караганда Стройконструкция» ЖШС-нің сипаттамасы···············7

2 Кәсіпорынның мамандандыруы, бұйымдардың номенклатурасы және олардың тағайындалуы

2.1 «Мутлу Гипс» ЖШС-і·········································································8

2.2 «Караганда Стройконструкция» ЖШС-і және «Караганды ТББ» ЖШС-і··················································································································9

3 Шикізат материалдары, оларға талаптар: шикізат қорларын алу кездері және шикізатты тиеу және жеткізу әдістері······································10

4 Негізгі өндірістің технологиялық тәсілін сипаттау

4.1 Шикізатты дайындау (ұсату, ұнтақтау, себу және т.б.) қолданатын қондырғылар және технологиялық тәсілдер·····························13

4.2 Компоненттерді бірқалыпты араласпаға немесе жақсы қалыптанатын массаға дейін араластыру, қолданатын қондырғылар және технологиялық тәсілдер····················································································14

4.3 Дайындалған массадан бұйымдарды қалыптау, қолданатын қондырғылар және олардың жұмыс атқару дәйегі·········································15

4.4 Дайын материалдар мен бұйымдарды жинақтау, тұтынушыға жіберу·················································································································16

5 Өндірілетін өнімнің негізгі қасиеті және оның сапасы, Техникалық қадағалау бөлімінің зертханалық қызметі. Техника-экономикалық көрсеткіштері, өзіндік құны, жеке өнімнің босату бағасы···························17

6 Еңбекті қорғаудан және мекеменің өрт қауіпсіздік техникасынан негізгі мағлұматтар····························································································18



Қолданылған әдебиеттер тізімі······························································20

 

Кіріспе

 

Құрылыс саласы қазіргі таңдағы Қазақстан экономикасындағы барынша қарқынды дамып келе жатқан сала. Жаңа өнімдер мен жаңа технологиялардың пайда болуына ықпал ететін ғылыми–техникалық прогресс капитал бағасының арзандауына ықпалын тигізеді. Экономиканың әртүрлі салаларында және ғылыми-техникалық прогрестің әртүрлі жағдайларында жағдай әртүрлі қалыптасуы мүмкін. Құрылыс — өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорларды жасау жөніндегі қызмет. Жаңа құрылыстарды салу және қолданыстағыларды өзгерту, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын жасау болып табылады. Құрылыс қызметтері нарығында бәсекелік қатынастарды жүзеге асырудың негізгі тетігі мердігерлік тендерлер мен инвестициялық конкурстар болып табылады. Тендер – аукционға ұқсас, белгілі бір тәртіппен өткізілетін құрылыс компанияларының арасынан құрылыс жұмыстарын жүргізушіні таңдап алу үрдісі.

Елбасының «Қазақстан 2030» Стратегиялық бағдарламасының елімізде құрылыс саласын дамытуда бәсекелік қабілеттілігін арттыру маңыздылығы уақыт өткен сайын айқын аңғарылады. Құрылыс жобаларын жүзеге асыру өңірлердегі индустриялық-инновациялық дамуға жаңа серпін берумен бірге, экспорттық мүмкіндікті арттырса, халықтың энергетикалық тәуелсіздігіне қол жеткізу мен индустриялық аймақ құруға қатысты мәселенің оң шешілуіне бірден-бір негіз қалап отыр. Демек, инновациялы бағыт арқылы әлеуметтік-экономикалық дамуға қеңінен жол ашылып, халықтың дағдарыс салқынын сезінбеуіне керісінше әлеуметтік жағдайдың оң шешілуіне мүмкіндік туатынын көреміз. Соңғы уақыттары Қазақстанда цемент, бетон бұйымдары, қабырғалық және жылу сақтайтын материалдар, гипс, таскендiр, арматура, гипстi картон, қиыршық тас, құм сынды құрылыс материалдарын өндіру ісі жолға қойылған. Дегенмен де отандық құрылыс материалдары құнының шетелдердің арзан импортымен салыстырғанда қымбат. Дағдарыс кезінде еліміздегі құрылыс материалдарын тұтынуының қысқаруы, өндiрiс көлемiнiң төмендеуіне әкеп соққаны жасырын емес. Алдағы уақытта отандық құрылыс материалдарының сапасы мен өндiрiс көлемiн арттырып, жоғары сапаға қол жеткізуінің маңызы зор. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындардың заңды мүдделерi мен құқықтарын қорғауды да назардан тыс қалдырмаған жөн. Үкімет бұл бағытта отандық құрылыс материалдарын өндіруге ден қойған кәсіпорындарға сұраныстың болуына, инновациялық даму мүмкiндiгін кеңейтуге, құрылыс материалдары өндiрiсi бойынша кәсіпорындарды басқарудың озық үлгісі мен жаңа технологияларын енгізуіне көмек қолын созуы тиіс.

Кедендік одақ құрылған соң, әлі аяғына нық тұрмаған отандық кәсіпорындарымыз Ресей мен Белоруссияның кәсіпорындарымен бетпе-бет келіп, өзінің мүмкіндігін бағамдады. Қазақстандағы кәсіпорындардың аталған екі елдің кәсіпорындарымен бәсекелестікке түсе алатын толық мүмкіндігі бар. Ал Шығыстағы көршіміз Қытаймен құрылыс материалдарын өндіріп, жарысқа түсу мүмкін емес. Үкімет құрылыс материалдарын өндіруге талпынған кәсіпорындарға салықтық, жеңілдетілген несие тұрғысынан қолдаулар көрсетуі тиіс. «Индустриялды-инновациялық бағдарламаның шеңберінде салынатын зауыт, фабрикаларға 80 пайызға дейін отандық құрылыс материалдарын қолдану керек», деп Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдегені белгілі. Түсіне білген адамға бұл үлкен қолдау. Алдағы уақытта отандық кәсіпорындардың мүддесін көздейтін мұндай игілікті бастамалардың аясын кеңейте түсуіміз керек. Президент Үкіметтің алдына нақты осындай міндет қойған соң, құзырлы орындар құрылыс материалдарын өндіретін отандық кәсіпорындарды қолдау шараларын кеңейтуі қажет. Қазақстан – жер аумағы үлкен мемлекет. Алматыда өндірген құрылыс материалын сонау Атырауға, Шығыс Қазақстанға жеткізу үшін қыруар шығын шығады. Ал Ресей мен Белоруссияда халық тығыз орналасқан, қажетті инфрақұрылым да жоғары деңгейде дамыған. Үкімет отандық кәсіпорындардың өрісін кеңейтуді ойласа, ел ішіндегі көлік пен темір жолдарды барынша дамыту қажет. Бұдан басқа кәсіпорындар үшін коммуналдық төлемдерді де кемітіп, салықтық жүктемелерді мейлінше азайтудың да маңызы зор. Қазақстанда құрылыс материалдарын шығаратын кәсіпорындардың өнімі бағасы бәсекелестеріне қарағанда төмен болуы шарт. Бұл үшін Үкімет электр бағасы мен коммуналдық төлемдердің бағасын Ресейден кем қылмау тиіс. Сондай-ақ бизнесте жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың да жолын кесуіміз керек. Ресейдің құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарымен салыстырғанда Қазақстанның зауыттары шағын. Зауыттың өндіретін өнімі көп болған сайын, оның өзіндік құны да аз болатыны белгілі. Сондықтан біздер Ресейдегі бәсекелестерімізді айналып өту үшін инновациялық заманауи өндіріске бой ұруымыз керек. Бұл үшін құрылыс саласы жоғары деңгейде дамыған елдермен ынтымақтастығымызды кеңейтіп, көптеген біріккен кәсіпорындар ашуға күш салуымыз керек.

Қазіргі таңда елімізде құрылыс материалдарын өндіретін кәсіпорындарының мүддесін қорғайтын, қордаланған мәселелердің түйінін тарқататын қоғамдық ұйымдар некен-саяқ. Еліміздің әр аймағында құрылыс заттарын шығаруды мықтап қолға алған шағын кәсіпорындар баршылық. Олардың жұмысына кедергі келтіріп, адымын аштырмайтын жайттар да кездесетіні жасырын емес. Алдағы уақытта осындай келеңсіз жайттарды қауымдастықтың араласуымен заң шеңберінде шешіп отыруды алдымызға мақсат етіп қойып отырмыз. Біздер құрылыс материалдарын өндіруші кәсіпорындар арасында тең құқықты бәсекелестiктің қалыптасуын және монополияға қарсы заңдылықтардың сақталуын басшылыққа алмақшымыз. Сондай-ақ кәсіпорындарға салық және кеден заңы, экология бойынша заңдық кеңестер беруді де жоспарлап отырмыз. Жалпы, салық пен кедендегі түйткілдер шағын және орта бизнес өкілдерінің басты бас ауруы десем артық айтқандық бола қоймас. Қазақстан өзінің Тәуелсіздігіне қол жеткізіп, нарықтық қатынастарға көшкен кезде көптеген кәсіпорындар өзінің жұмысын тоқтатып, мыңдаған кәсіби мамандар жұмыссыз қалғаны белгілі. Олардың біршамасы өздерінің тарихи отанына бет алса, қалғаны жергілікті кадрлар саудаға бет бұрып, мамандығы бойынша жұмыс істеуді тоқтатқан-ды. Бүгінде біздер осы маман тапшылығын айрықша сезініп отырмыз. Сондықтан қауымдастық кәсiби кадрларды тартуға, дайындауға және қайта даярлауға баса мән беріп отыр.

 

 

1 Кәсіпорын атауы және даму тарихы

1.1 «Караганды ТББ» ЖШС сипаттамасы

 

Қарағанды қаласындағы темір бетон бұйымдарын өндіретін ең ірі кәсіпорындардың бірі. Бұл компания 1998 жылдан бастап іске қосылды. Мекемеде 500 жуық жұмыскерлер қызметін атқаруда. Нурхан Ассоциациясы Қазақстан нарығында 16 жылдан аса жұмыс істеуде. Қазіргі таңда, бүкіл Қазақстан территориясын құрылыс материалдарымен қамтамасыз ететін ауқымды мекемелердің бірі. Бұл компания мынадай алуан түрлі құрылыс материалдарын өндіріп, тапсырысты жеткізеді: бетон, ленталы фундаменттің тақтасы, ФБС бетон блоктары, жабынды плиталар, колонналар, көк шолақтар, ПРГ төлемдері, бетон баспадақтары, тіреу жастықшалар, темірбетонды сақиналар, қақпақтар, құдықтар және т.б. Олар стандартқа сай жасалынған. Құрылыс материалдарын өндіруіне байланысты лицензиясы, пайда болуы(өндірілуі) туралы сертификаты бар. Жылдар өте келе Қазақстандағы ең сапалы, төзімді цемент, арматура, аязға төзімді қоспа және қиыршық тас өндіретін завод-фабрикалардың ең жақсыларымен тығыз қарым-қатынас орналған. Күннен-күнге бұл кңсіпорынның беделі көтерілуде.Тұтынушылардың санын арттыру мақсатында, түрлі жеңілдіктер енгізуде. Кейбір өзгеше жағдайларда Нурхан Ассоциациясы облыстық орталықтарға құрылыс материалдарын теміржолмен немесе автокөлікпен тасымалдауға мүмкіндігі бар. Көпжылдық тәжірибенің арқасында компания белгілі бір дәрежеде құрылыс материалдарының өзіндік құнын тұрақты ғана ұстамай, кейбір жағдайларда тұтынушының қажеттілігін (тауарды жеткізу және оны тасымалдау, керекті ассортимент, төлем шарттары) қамтамасыз етуде жедел түрде шешім қабылдай алады. "НҰРХАН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің лицензиясы бар және сәйкестік сертификаттары мен Мемлекеттік Стандарт Басқармасымен берілген CT-KZ тауар тегінің сертификатын иемденеді. 16 жыл атқарылған жұмыстың арқасында Қазақстандағы цемент, арматура, аязға төзімді қоспалар жасайтын, қиыршық тас өндіретін басқа да зауыттармен берік іскерлік қарым-қатынас жасайды. Жеке жағдайларда "НҰРХАН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның теміржол және көлік өндірісі орталықтарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Көпжылдық тәжірибе белгілі сегмент тауарларының қол жетімді бағаларын ұстап тұруды ғана емес және тапсырыс берушінің қажеттілігіне шұғыл назар аударып, берілген уақытта қажетті тауарды жеткізеді.

 

 

1.2 «Мутлу Гипс» ЖШС-нің сипаттамасы

 

«Мутлу Гипс» компаниясы 2007 жылдан бастап құрғақ құрылыстық қоспаларды өндіреді. Күнделікті дайын өнімнің көлемі 300 тоннаға жуық өндіреді. Компанияның ең негізгі бағыты – ірі құрылыс жобалары мен гипсті қоспалардың лицензия бойынша өндірілуі. Дайын бұйымдардың тобы Қарағанды зауытында дайындалады. Барлық шығарылған, дайындалған бұйымдар үш мезгілді сапа тексеруден өтеді: кірген кезде – барлық химиялық және минералдық шикізаттар тексеріледі, өндіру процесі кезінде – барлық технологиялық праметрлер мен әдістемелердің сақталуы қатаң қадағаланады, шығар кезде – дайын өнімнің сапасы бақыланады. Бұл зауыт ылғи да тек экологиялық таза және абсолют қауіпсізді табиғи материалдарды қолданады, олардың қатарына гипс те жатады. Бұл табиғи материалдың құрамында зиянды заттар жоқ, оның өзіне тән иісі де жоқ. Гипстің қышқылдық көрсеткіші адам терісінің қышқылдық көрсеткішіне сәйкес келеді. Оның келесі қасиеттері бар: газды және буды жоғары өткізгіштігі, отқа төзімділігі және өзінің табиғатына сай жанбайтын материал. Бұл көрсеткіштердің арқасында баспана құрылысында гипсті қолданған дұрыс екендігін дәлелдейді. Комнанияның маңызжы мәселелерінің бірі – құрылыс материалдарының экологиялық таза және сыртқы ортаға зардапсыз болуы. Сондықтан да, осындай стандартқа сәйкес келу үшін бұйымдардың сапасын тексеру қатаң түрде өтеді. Зауыттың қарапайым шикізаттан дайын өнім дайындауға толық мүмкіндігі бар, өндірудің түгел циклдерімен қамтылған.

 

 

1.3 «Караганда Стройконструкция» ЖШС-нің сипаттамасы

 

1998 жылы «Караганда Стройконструкция» ЖШС-і «Карагандауглестрой» темірбетон бұйымдары трестінің негізінде пайда болған. «Карагандауглестрой» темірбетон бұйымдарын өндіретін зауыт құрылыс материалдарын өндіру саласында 50 жылдан астам жұмыс атқарады. Өндірістің қарқанды өсуінің арқасында Қврвғвндыдағы ең ірі кәсіпорындардың біріне айналды және Қарағанды көмір бассейндерінің шахталарын темірбетон конструкцияларымен қамтамасыз етіп отырды. Қазіргі кездегі атауы - «Караганда Стройконструкция» ЖШС-і. Өзінің персоналын және негізгі өндіріс қарқындылығын сақтаудың нәтижесінде темірбетон бұйымдарын шығаруды жалғастыруда. Жұмыскерлердің саны 450-ден астам. Зауыт бүкіл дерлік темірбетон конструкцияларының номенклатурасын өндіруде. Мекемемен сыртқа шығарылатын негізгі дайын өнімдердің сәйкестік сертификаты бар. Дайын өнімді жеткізу темір жол немесе автокөлік тасымалымен орындалады. Зауытта аттестациядан өткен өндірісті-технологиялық зертхана бар. Ол қазіргі заманғы сынақ өткізетін құрылғымен қамтамасыз етілген.

2005 жылы құрылыс бөлімшесі ұйымдастырылған болатын.Ол бөлімше бүкіл құрылыс машиналарымен, аппараттарымен құралданған. Олардың өндіріс қарқындылығы және білгір мамандарының көмегімен сапалы өнімге қол жеткізуге болады.

 

 

2 Кәсіпорынның мамандандыруы, бұйымдардың номенклатурасы және олардың тағайындалуы

2.1 «Мутлу Гипс» ЖШС-і

 

«Мутлу Гипс» компаниясы 1997 жылы Қазақстан Респубикасының Қарағанды қаласында негізін қалаған. «Мутлу» компаниясының негізгі үш бағыты бар: бірінші – бидайды сатып алып, одан ұн дайындау. Компанияның продукциясы басқа комнаниялардан жоғары сапамен және тиімді бағамен ерекшеленеді. Оның тасымалдану аймағы өте ауқымды: Ауғанстан, Өзбекстан, Тәджікістан, Қырғызстан, Түрменістан, Әзірбайджан және Қазақстанның бүкіл облыстары. Екінші бағыт - «Мутлу» компаниясындағы өндіру бөлмелерін, көптеген жерасты және жерүсті көкеніс сақтайтын жерлер, мұздатқыш бөлмелер. Яғни, осы бөлмелерді өндірушінің дайын өнімдерін сақтауға жалға беріледі.Үшінші бағыты – гипстің негізіндегі құрғақ құрылыс қоспаларын дайындау. Қазіргі таңда, компания сатылымның географиялық аумағын кеңейту мақсатында жаңа әріптестер іздестіруде.

1-сурет.«Мутлу Гипс» компаниясының дайын өнімдерін тиеу процесі.

 

«Мутлу Гипс» компаниясы мынадай өнімдер номерклатурасын шығарады:

1. Мутлу дерз

2. Мутлу гипс декорем

3. Мутлу гипс экосива

4. Мутлу гипс МК 12

5. Мутлу гипс сатен плюс(шпатлевка)

6. Мутлу гипс сатен (шпатлевка)

7. Мутлу гипс серяп (кафель желімі)

8. Мутлу гипс сива (гипсті сылақ)

9. Мутлу гипс сиватек (сыртқы пайдалануға цемент сылағы)

10. Мутлу гипс (гипсті сылақ)

2.2 «Караганда Стройконструкция» ЖШС-і және «Караганды ТББ» ЖШС-і

 

Жеке жағдайларда "НҰРХАН" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Қазақстанның теміржол және көлік өндірісі орталықтарын құрылыс материалдарымен қамтамасыз етуге мүмкіндігі бар. Көпжылдық тәжірибе белгілі сегмент тауарларының қол жетімді бағаларын ұстап тұруды ғана емес және тапсырыс берушінің қажеттілігіне шұғыл назар аударып, берілген уақытта қажетті тауарды жеткізеді.

2-сурет. «Караганды ТББ» ЖШС-індегі ұсақ, ірі толтырғыштарды сақтайтын қойма.

 

Қазақстанның барлық аумағы бойынша құрылыс материалдарын жеткізуді жүзеге асыратын ірі ұйым болып есептеледі. Зауытта өндірілетін бұйымдар:

-қабырға панельдері,

-бетоннан жасалған үй жинақтамасы,

-үй шатырына арналған тақталар,

-жақтау тақталары,

-қабырға блоктары,

-әртүрлі ригельдер,

-фундаментті блоктар,

-тірек тақталар,

-темір-бетонды жер тақталар,

-құдық түптері,

-қабырға панелдері,

-қасбет панелдері,

-бағаналар.

 

3 Шикізат материалдары, оларға талаптар: шикізат қорларын алу кездері және шикізатты тиеу және жеткізу әдістері

 

Көптеген жасанды құрылыс материалдарын алу үшін немесе дайындалатын материалды біріктіріп бұйым, болмаса конструкция жасау үшін бейорганикалық және органикалық сияқты байланыстырғыш заттар қолданылады.

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар ұсақталып езілген жасанды ұнтақ күйінде сумен араластырғанда кейбір жағдайларда әртүрлі тұздардың ерітінділері мен пластикалық тұтқыр және жеңіл қалыптанатын массадан, байланыстырғыш қамырдан тұрады, ол физико-химиялық процестердің нәтижесінде қатайып, тас күйіне айналатын дене. Көп жағдайларда байланыстырғыш қамырға толықтырғышты қосқанда байланыстырғышты үнемдеуге мүмкіндік туғызады және жасанды тастың қасиеттерін жақсартады. Бейорганикалық байланыстырғыш заттар белгілі ортада қатаю қабілетіне байланысты ауадағы және гидравликалық байланыстырғыш болып бөлінеді.

Ауадағы байланыстырғыш (ауалық әк, гипсті және магнезиалды байланыстырғыш, ерітінді, шыны) ауада қатаяды және ұзақ уақыт беріктігін сақтайды.

Суда қатаятын немесе гидравликалық байланыстырғыш заттар ауада және суда қатаяды. Оларға гидравликалық әк, романцемент, портландцемент, ұлғайғыш цементтер, гипсті цемент және т.б. жатады. Гидравликалық байланыстырғыш заттар саны жаңа шикізат қолдану және жаңа өндіріс тәсілінің нәтижесінде күн санап өсіп келеді.

Байланыстырғыштың беріктігі уақытқа байланысты өзгереді, сондықтан оны стандартта көрсетілгендей белгілі уақытта және белгілі жағдайдағы беріктік күшімен анықтайды.

Байланыстырғыш заттардың қатаю процесі 2 кезеңге бөлінеді – бірігу және қатаю. Пластикалық байланыстырғыш қоймалжыңның қоюланып, пластикалық күйін жоғалту кезеңі бірігудің басы болып есептелінеді. Содан кейін байланыстырғыш қоймалжың нығыздалып, қайтадан қатайып біршама берік қатты тас күйіне айналады. Мұндай кезеңді бірігудің аяқталуы деп атайды.

Кейбір байланыстырғыштар бірнеше минут ішінде ұстасып қалады да, бірнеше сағаттың ішінде қатаяды (мысалы, гипсті байланыстырғыш).

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар өндірісінде бастапқы материалдар ретінде тау жыныстары, металлургиялық, энергетикалық, химиялық және басқа да өнеркәсіп салаларының жанама өнімдері қолданылылады.

Гипсті байланыстырғыш заттарды алу үшін * O немесе ангидриді бар тау жыныстары қолданылады. Әртүрлі байланыстырғыш заттар алу үшін өнеркәсіп қалдықтарын кең қолданады. Байланыстырғыштардың бірігуі мен қатаюын реттеу үшін оған процстердің жылдамдығын арттыратын немесе баяулататын қосымшалар қосылады. Байланыстырғыштардың қасиетін жақсарту үшін және ұзақ жолдарға тасымалдау, сақтауда активтігін жоғалтып, жылдам бұзылмас үшін, байланыстырғыш массасына қарай 0,1…0,3% үстіртін активті заттар қосылады.

Байланыстырғыштарға арнайы қасиет беру үшін полимерлік органикалық заттар және т.б. қосымшалар қолданылады.

Бейорганикалық байланыстырғыш заттар өндірісінің негізін келесі технологиялық процестерге бөлуге болады: шикізат шығару, шикізат қоспаларын даярлау, күйдіру және ұнтақтау. Барлық технологиялық әрекеттер бір-бірімен тізбектеліп байланысқан және қатал берілген режимде жүргізіледі.

Байланыстырғыш заттар өндірісінде көптеген әртүрлі шикізаттар мен қосымша материалдар өнделеді. Мысалы, портландцемент клинкерін алу үшін 1,5-1,8т әк тас және 0,2-0,5т дейін сазды жыныс жұмсалады. Транспорт бағасын ескере отырып, байланыстырғыш шығаратын зауытты шикізат материалдарының кен орнына жақын жерден салады, және шикізатты шығару, зауыттың жалпы технологиялық операциясына кіреді.

Бастапқы шикізат шығару тікелей эксковация тәсілімен жүзеге асырылады. Тасты жыныстар алдын-ала ұсатылады. Жұмсақ жыныстар гидромонитормен ағымды қоймалжың күйінде шығарылады. Шикізаттарды зауытқа теміржол, автокөлік транспортымен, ленталы конвейермен немесе шлам күйінде трубамен жеткізеді.

Байланыстырғыш заттар өндірісінде міндетті даярлық операция шикізатты ұсақтау болады. Бір компонентті шикізаттан жасалатын байланыстырғыш өндірісінде шикізатты ұсатқанда мөлшерін шамамен бірдей қылуға тырысу керек. Себебі, ұсақ бөлшектері қатты күйіп кетеді де, үлкендері күймей қалады. Сондықтан, біртекті өнім алынбайды. Бірнеше компонентті шикізаттан жоғары сапалы байланыстырғыш тек қана біртекті ұсақ қосындыларды жақсылап араластыру арқылы алуға болады. Шикізаттар конусты, жақты, балғалы, білікті және басқа да уатқыштарда ұсатыылады. Шикізатты ұнтақтап тарту әдісі диірмендерде ылғалды және құрғақ тәсілдермен жүргізіледі.

Ылғалды тәсілді қолданғанда шикізаттық матеиалдарды мұқият ұсатып, қаймақ тәрізжі сулы суспензия – шлам болғанша сумен араластыру қажет. Шикізаттық шахтаның компоненттерін алдын-ала арнайы сапырғыш-аппараттарда жібітіледі. Сапығыш-аппараттар бетоннан жасалған резервуардан, суспензиялы араластырушы құралдардан тұрады, осыдан өткен материалдарды майдалауға шарлы диірменге жібереді. Қатты шикізат материалдарды ішінде тесік қалқалармен бөлінген, камералы болат цилиндрлі диірмендерде тартады. Диірмен айналған кезде ұнтақтаушы денелер белгілі биіктікке көтеріліп барып, төмен түскенде материал түйіршіктерін уатып үгеді. Диірменнен шыққан ылғалдылығы 36-38℅ шикізат шламды труба арқылы шлам бассейнге жеткізіледі, оны бұл жерде бірыңғайлайды немесе гомогонизациялайды, содан кейін күйдіруге жібереді.

Құрғақ тәсілді қолданғанда ұсатылған шикізат материалдарын жарым-жартылай кептіріп, белгілі қатынаста дозалап диірменге тартылуға беріледі. Құрғақ тәсілді қолданғанда силостағы шикізат ұнтақтарына сығылған ауаны айдамалаумен гомогонизациялайды. Портландцемент өндірісінде аралас тәсіл кең қолданылады. Шикізат қоспасын даярлауда әуелі ылғалды тәсіл қолданылады, содан кейін шлам сусыздандырылып одан күйдірілетін түйіршіктер әзірленеді.

Шикізат материалдарын дайындау тәсілдерін таңдауда ең бастысы шикізат материалдарының қасиеттері және экономикалық тиімділік. Ылғалды тәсілді қолдануда материалдарды ұсақтауға және қоспаның біртектілігіне жылдам қол жетеді, бірақ күйдіруге арналған отын шығыны құрғақ тәсілге қарағанда 1,5-2 есе артық болады. Құрғақ тәсілді қолдануда электроэнергия шығыны ұлғаяды және өндіріс көп еңбек шығынын талап етеді. Тарту және құрғақ қоспаларды гомогонизациялау техникасының жетістіктері қазір құрғақ және аралас тәсілдерінің дамуына ықралын тигізуде.

Байланыстырғыш заттар өндірісінде шикізаттық шихтаны күйдіру ең маңызды кезең болып табылады. Бстапқы шикізат материалдарын термиялық өңдеудегі физико-химиялың процестердің нәтижесінде пайда болған жаңа қоспа сумен әрекеттесіп қатаяды да, жасанды тасқа айналады. Байланыстырғыш заттардың әрқайсысы өңделетін шикізатқа белгілі уақыт пен температура әрекет етуін талап етеді.

Қыздырғанда қатты денедегі жылу иондардың, атомдардың және молекулалардың қозғалысының жылдамдацына байланысты олардың кейбіреулеріне тұрақты орбита қозғалысынан шығатын жағдай туады да өзін қоршаған кеңістікке өтеді.

Табиғи гипс 150-200°С дегидратацияланады, карбонатты жыныстар 800-900°С декарбонизацияланады, осылардың нәтижесінде жаңа, байланыстырғыш қасиеті бар заттар пацда болады.

Температура 800-1200°С және оданда жоғары болса қатты заттардағы молекулалық жылулық қозғалысы айтарлықтай артады, мұндай жағдайда олардың арасындағы иондармен атомдардың өзара алмасу мүмкіндігі туып, жаңа қоспалар пайда болады.

 

4 Негізгі өндірістің технологиялық тәсілін сипаттау

4.1 Шикізатты дайындау (ұсату, ұнтақтау, себу және т.б.) қолданатын қондырғылар және технологиялық тәсілдер

 

Дайындаудың стенділі әдісі кезінде қалыпты комплектілеу, қалыпқа түсіру, бұйымды жылулық өңдеу сияқты барлық операциялар стационарлық стенділерде жүргізіледі, оларға барлық қажет материалдар мен қалыпқа түсіретін құрылғылар жіберіледі. Бұл кезде мамандандырылған жұмысшылар буыны қажет механизмдерімен бірге бір стендтен екіншісіне бірінен соң бірі орын ауыстыра отырып, қалыпқа түсіру операцияларының барлық кешенін орындап шығады.

Бұйымды жылулық ылғалдық өңдеу жылу тасымалдағышты (буды) бу қалыбына жіберу арқылы іске асырылады. Бұйымның ашық бөлігі шектен тыс буланудың және бетонның үстіңгі қабатының ісінуінің алдын алу үшін қалпақшамен немесе бу өткізбейтін өабықшамен жабылады. Бұйымдарды және конструкцияларды қалыпқа түсіруге арналған стенділерді көлденең және тік күйіндегі деп бөледі, сондай-ақ әмбебап, арнайыландырылған және қысқа стенділер деп те бөлінеді.

Әмбебап стенділер әртүрлі бұйымдарды дайындауға бағытталған. Арнайыландырылған стенділер өлшемдері және типтері ұқсас бұйымдар сортаменттерін шығаруға негізделген.

Жобаланып отырған кәсіпорында ішкі стенділік панельдер мен 111-90 сериялы үстіңгі жабын плиталары кассеталық технология бойынша дайындалады, өйткені бұл тәсіл берілген бұйымдар үшін энергиялық шығыны аз және еңбек шығындарын аз талап етеді, сондай-ақ бұл тәсіл геометриялық өлшемдердің жоғары дәлдігін және басқаларымен салыстырғанда дайын бұйымдардың жоғар сапасын қамтамасыз етеді.

Сыртқы 3- қабатты қабырғалық панельдер конвейерлік технология арқылы жасалады, өйткені бұл тәсіл еңбекті ұйымдастыруды максималды түрде механикаландыруға және жақсартуға мүмкіндік береді, сондай-ақ бұл тәсіл айырмашылықтары аз бір типті бұйымдарды дайындау кезінде тиімді, яғни конвейерлердің өнімділігін арттыруға және өнім құнының төмендеуіне алып келеді.

Агрегаттық-ағынды технологиялық линияның жылдық өнімділігі шығарылатын өнімнің номенклатурасымен, бұйымда қалыпқа түсіру режимімен, тәулік бойында қалыпқа түсіру постындағы жұмыстың ұзақтығымен анықталады.

 

4.2 Компоненттерді бірқалыпты араласпаға немесе жақсы қалыптанатын массаға дейін араластыру, қолданатын қондырғылар және технологиялық тәсілдер

 

Қазіргі кезде бетондар мен құрылыс ерітінділерін алу үшін әсер ету механизмі түрліше болған химиялық қоспалар қолданылады. Химиялық қоспаларды қолдану құрылыс материалдарының маңызды технологиялық параметрлері мен негізгі қасиеттерін реттеуге мүмкіндік беретін әмбебап және арзан әдістеріне жатқызуға болады. Заттың құрамына аздаған мөлшерде химиялық заттарды ендіре отырып әсер ету әдісі металлургия, мұнай өңдеу салаларында ежелден белгілі.

Құрылыста қоспалар маңызды роль атқарады. Себебі, құрылыс материалдары, бұйымдары мен конструкцияларының қасиеттері тек қана оның құрамына енген тұтқыр зат, ірі және майда толтырғыштарға ғана тәуелді болып қалмастан, сонымен бірге оларды қалыптастыру жағдайына да тәуелді болады. Тұтқыр заттың гидратациясы, ұстасуы мен қатаю жағдайларына химиялық қоспалармен әсер етуге болады. Қоспалар гидратация үрдісін реттеу арқылы, бетонның қатаюы мен ұстасу мерзімін басқаруға мүмкіндік береді. Технологиялық классификация, яғни олардың әсер ету механизміне сәйкес барлық химиялық қоспалар төмендегідей жіктеледі[:

1.Бетон араласпасының реологиялық қасиетін реттеуші қоспалар.

Бұл қоспалардың өзін:

а) бетон араласпасының пластификациялық қабілетін арттырушы (сульфитті-спиртті барда (CСБ), сульфитті-ашытқы бражка),

ә) бетон араласпасын сұйылтатын (тотықтырылған петралатум,асидол т.б.),

в) бетон араласпасын суды ұстау қабілетін арттыратын (ТЭЦ күлі, жанар тауы күлі, опок, трепель т.б.) қоспалар деп жіктейді.

2. Қатаю мен ұстасу үрдісін реттеуші қоспалар. Бұл қоспалар үрдісті жылдамдатушы және баяулатушы қоспалар болып екіге бөлінеді. Ұстасу үрдісін жылдамдатушыларға сілтілік жер металдарының сульфаты және поташ, төмендетушілерге бор қыщқылы (бура), мырыш оксиді, САБ жатады. Бетон араласпасының қатаюын да тездетуге немесе баяулатуға болады. Оның біріншісіне кальций хлориді және оның негізіндегі қоспалар, ал екіншісіне натрий сульфаты жатады.

 

 

4.3 Дайындалған массадан бүйымдарды қалыптау, қолданатын қондырғылар және олардың жұмыс атқару дәйегі.

 

Қазіргі құрылыс жұмыстарын бетонсыз елестету мүмкін емес. Жылына 2 млрд. м3 көрсеткіш – оның әлемдегі қолданылуының бүгінгі таңдағы көлемі. Ол өркениеттің даму деңгейін анықтайиын кең қолданылатын құрылыс материалдарының бірі болып табылады. Бетон – өте күрделі жасанды композициялық материал, оның бойында көптеген қайталанбас қасиеттер бар. Бетон әртүрлі пайдаланушылық талаптар жағдайында қолданыла береді, қоршаған ортамен үйлесім табады, шексіз шикізаттық базаға ие, құны салыстырмалы түрде төмен, технологиясы салстырмалы түрде қарапайым және қол жетімді, жергілікті шикізатты пайдаланудың кең мүмкіндігі, оны пайдалану кезінде техногенді қалдықтарды пайдаға жарату, энергиялық шығын аз, экологиялық тұрғыда қауіпсіз.

Құрама темір бетонды қолдану құрылыс жұмыстарында металдың, ағаштың әне өзге де дәстүрлі материалдардың шығындарын азайтады, еңбек өнімділігін шұғыл арттырып, ғимараттар мен құрылыстарды салу мерзімін қысқартады.

Бұйымды қалыпқа түсіру жұмыстарын дыбыстық сигналдар жүйесі қосылған кезде орындау керек, қалыптық машиналарды басқару дистанциялы болуы тиіс. Бұйымды жылулық өңдеу кезінде камерадан будың шығып кетуіне жол бермеу керек, камераны жүктеу және бұйымды шығаруды автоматтық траверс көмегімен іске асыру керек

Вибрациялық механизмдер пайдаланылатын цезтерде вибрацияның әсерін жоятын шаралар мен шу деңгейін азайтатын шаралар қабылдануы керек. Бетон қоспасын дайындаған кезде желдету жұмысының дұрыс жұмысын, пульттер кабинасының герметизациясын, дозаторлар мен қоспалауыштарды басқаруды, сигналдар жүйесі мен автоматизацияның дұрыс жұмысын бақылау керек.

Бұйымы бар қалып жылулық өңдеуден кейін келесі операцияларды орындау үшін N1 постына орнатылады: борттарды ашу, доскраттардың көмегімен қалыптың екі қапталынан бір уақытта тарту, тартылған өзектерді бензокескішпен кесу, бұйымды көпірлік кранмен алу, қалыпты майлау және төсеме бөлшектерді салу.

 

4.4 Дайын материалдар мен бұйымдарды жинақтау, тұтынушыға жіберу.

 

Құрамалы темірбетонды өндірістегі ғылымды өндіріспен байланыстыратын техникалық прогрестің маңызды буыны жаңа технологиялық линияларды, цехтерді, зауыттарды жобалау, әрекеттегі кәсіпорындарды қайта жабдықтау, реконструкциялау болып табылады. Жобаларда ең бірінші ғылыми зерттеу нәтижелері іске асырылады, алдыңғы қатарлы техниканың жетістіктері қолданылады. Жобалау сапасына техникалық прогрестің жылдымдығы белгілі бір дәрежеде тәуелді болады.

Мемлекеттің құрылыс саласына деген қажеттілігін толық қанағаттандыру және олардың ғылыми-техникалық прогреске сәйкес болуы ең алдымен құрама темірбетоннан жасалған бұйымдар мен конструкцияларды зауыттарда жасауды ұлғайтумен және алдыңғы қатарлы технологиясы, механизациясы және өндірістің автоматизациясы бар ірі мекемелерді құрумен тікелей байланысты.

Дайындалған рольгангы бар қалып N2 постынаорын ауыстырылады, мұнда созылған арматураның төселу процесі орындалады. Қалып жиналып, арматураны гидродомкраттармен тартады. Осыдан кейін қалып рольгангпен қалыпқа түсіру постына орын ауыстырады, виброалаңға түсіріледі, содан соң оған электр магниттері арқылы бекітіледі. Бетон төсеуші вибрациялау арқылы тығыздалатын бетон қоспасын біркелкі етіп таратып тұрады. Қалыпқа түсіру аяқталғаннан кейін бұйымы бар қалып ТВО камерасына жеткізіледі (уақыты-15 сағат,t=80-90С).

 

5. Өндірілетін өнімнің негізгі қасиеті және оның сапасы, Техникалық қадағалау бөлімінің зертханалық қызметі. Техника-экономикалық көрсеткіштері, өзіндік құны, жеке өнімнің босату бағасы.

 

Бетон деп белгілі бір пропорцияларда алынған ұсақ және ірі толтырғыштардың, тұтқыр заттардың сумен мұқият араластырылған және тығыздалған кейін қатырылуы нәтижесінде алынатын жасанды тас материалдарын атайды. Қатқанға дейін бұл қоспаны бетонды қоспа деп атайды. Толтырғыштардың қазірде бар қоймаларын төмендегідей етіп жіктеуге болады:

1) Сақтау тәсілі бойынша: ашық, жабық, ішінара жабық;

2) Сыйымдылық түрі бойынша: қатарлық (материал тегістетілген алаңқайға ұзыннан қатар етіп жиналады), бункерлік, жартылай бункерлік, сүрлемдік және трансшеялық;

3) Көліктің түріне және қойманың қандай көлік жолдарында орналасуына байланысты: рельс маңы, трасса маңы, жағалау маңы және аралас қоймалар болып бөлінеді;

4) Қойманы жүктеуге арналған құрылғы түрі бойынша: эстакадалық (толтырғыштар ыдысқа үстіңгі жағынан лақтыратын арбадағы жолақты транспортердің көмегімен жүктеледі), грейферлік (грейферлік жүгі бар көпірлік крандар қойма ыдыстарының үстімен жүреді);

5) Қоймадағы жүкті тиеу үшін қолданылатын құрылғының түріне және БСУ-ға толтырғыштарды жіберу бойынша келесі түрлерге бөлінеді: галереялық (материалды жинау қойма ыдыстарының астында жерасты галереясында орналасқан жолақтық транспортерлардағы бекітпелер арқылы жүргізіледі), бункерлік (материал ыдыстардан грейферлік крандардың қабылдау бункерлеріне, авто жүк тиегіштер немесе бульдозерлерге жіберіледі);

Қойманы есептеу шикізат материалдарына деген қажеттілік, нормативтік запастар және қойманың қабылданған типінің нақты сипаттамасы мәліметтері негізінде жүзеге асырылады. Есептеулер сыйымдылықты, ауданды және қойманың геометриялық өлшемдерін анықтауға тоғыстырылады.

 

6 Еңбекті қорғаудан және мекеменің өрт қауіпсіздік техникасынан негізгі мағлұматтар

 

Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы нормативтер ұйымдық техникалық, технологиялық, санитарлық – гигиеналық, биологиялық, физикалық және қызметкерлердің еңбек қызметі процесінде олардың өмірі мен денсаулығы сақтауға бағыттталған өзге де нормаларды, ережелерді, рәсімдер мен өлшемдерді белгілейді. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласында салалық нормативтерді әзірлеуді және бекітуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілетін тәртіппен жүзеге асырады.Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықтарды әзірлеуді және бекітуді уәкілетті орган бекіткен тәртіппен жұмыс беруші жүзеге асырады.

Осы "Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар" техникалық регламенті (бұдан әрі - Техникалық регламент):

1) " Өрт қауіпсіздігі туралы " 1996 жылғы 22 қарашадағы, " Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы " 2001 жылғы 16 шілдедегі, " Техникалық реттеу туралы " 2004 жылғы 9 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру;

2) азаматтар өмірі мен денсаулығын, жеке және заңды тұлғалардың мүлкін, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті өрттен қорғау мақсатында қабылданды.

2. Техникалық регламент өрт қауіпсіздігі саласындағы техникалық реттеудің негізгі ережелерін анықтайды және мыналарды:

1) осы Техникалық регламенттің 1-қосымшасында келтірілген өрт және оның қауіпті факторлар, заттар мен материалдар, сондай-ақ өрт-жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша технологиялық құралдар; жарылыс қауіпті және өрт қауіпті аймақтар; өрт қауіптілігі бойынша құрылыс материалдар; құрылыс құрастырылымдары мен өртке қарсы тосқауылдар; өрт жарылыс және өрт қауіптілігі бойынша электр жабдықтар, сыртқы қондырғылар, ғимараттар, имараттар және үй-жайларды жіктеу;

2) өмірлік циклінің барлық сатысында түрлі мақсаттағы шаруашылық объектілеріне қойылатын; қала және елді мекендерді жобалаған кезде; ғимараттар мен имараттарды жобалаған және құрылысы кезінде; өнімдерге қойылатын өрт қауіпсіздігі талаптарын белгілейді.

3. Осы Техникалық регламенттің ережелері:

1) жобалау, құрылыс, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс объектілерін қайта салған, техникалық қайта жарақтандыру, атқарымдық тағайындалуы өзгерген, техникалық қызмет көрсету, арналуы мен меншік түріне қарамай объектілерді пайдалану;

2) техникалық регламенттер, ішінде өрт қауіпсіздігі талаптары бар нормативтік және техникалық құжаттардың ұсынылатын ережелерін әзірлеу, қабылдау, қолдану және орындау кезінде міндетті.

4. Арнайы мақсаттағы объектілер, оның ішінде әскери мақсаттағы, радиоактивті және жарылыс заттары мен материалдарын өндіру, қайта өңдеу, сақтау бойынша, химиялық қаруды; космостық объектілер мен стартты кешендерді; тау қазбаларын жою және сақтау бойынша объектілер үшін осы техникалық регламентпен қатар басқа техникалық регламенттерде, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінде және белгіленген тәртіпте бекітілген өрт қауіпсіздігі саласындағы құжаттарда баяндалған өрт қауіпсіздігі талаптары сақталуға тиіс.

 

Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.

2.

3.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 309 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Изучение любой учебной дисциплины начинается с определения ее предмета, т.е. того, что изучается. Предпринимательское право анализирует и исследует предпринимательство, предпринимательскую | На главную»История аудита

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.045 сек.)