Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Источник: справочная правовая система ЮРИСТ, 30.12.2005 11:06:52 2 страница



Аккредиттеу аттестатының қолданылуын тоқтата тұрудың себептерi жойылмаған жағдайда немесе аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзiмi iшiнде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар қайталап бұзылғаны анықталған жағдайда аккредиттеу аттестатының күшiн уәкiлеттi органның ұсынысы бойынша сот қана жоя алады. Стандарттау саласында:

1) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпараттың жiктеуiштерiн әзiрлеудiң, келiсудiң, есепке алудың, бекiтудiң, сараптаудың, өзгертудiң, жоюдың және қолданысқа енгiзудiң тәртiбiн белгiлейдi;

2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлермен үйлестiрiлген стандарттарды талдауды және әзiрлеудi ұйымдастырады;

3) халықаралық, өңiрлiк және ұлттық стандарттарды, шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелерi мен ұсынымдарын Қазақстан Республикасының аумағында есепке алу және қолдану тәртiбiн белгiлейдi;

4) мемлекеттік, халықаралық және өңiрлiк стандарттардың, шет мемлекеттер стандарттарының ресми басылымдарын, стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi ережелер мен ұсынымдарды басып шығаруды және таратуды ұйымдастырады, олар туралы ақпаратты жариялайды;

5) мемлекеттiк стандарттаудың жоспарлары мен бағдарламаларын әзiрлеу тәртiбiн белгiлейдi;

6) стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттардың мемлекеттiк тiлдегi және орыс тiлiндегi аудармаларын растауды ұйымдастырады.

Сәйкестiктi растау және аккредиттеу саласында:

1) мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң және сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың қатысуымен жұмыстарды жүргiзудiң ережелерiн белгiлейдi;

2) заңды тұлғаларды аккредиттеудi жүзеге асырады;

3) сәйкестiк сертификатының, сәйкестiк туралы декларацияның және аккредиттеу аттестатының нысандарын белгiлейдi;

4) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiн әзiрлейдi;

5) шағымдарды (апелляцияларды) қарау үшiн апелляциялық комиссия құрады;



6) егер басқа ұйымдар шығарған сәйкестiктi растау мәселелерi жөнiндегi құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң талаптарына сай болмаса, олардың күшiн жою туралы ұсыныстар дайындайды;

7) зертханааралық салыстыру сынақтары (салыстырмалар) бойынша жұмыстарды ұйымдастырады.

Уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындайды.

 

8-бап. Мемлекеттiк органдардың техникалық

реттеу саласындағы құзыретi

Мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде техникалық реттеу саласында:

1) техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актiлердiң және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейiн талдауды;

2) уәкiлеттi органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар әзiрлеу, стандарттау жөнiндегi нормативтiк құжаттарға өзектi сипат беру және оларды бiр iзге салу туралы ұсыныстар дайындау мен енгiзудi;

3) Қазақстан Республикасында қабылданатын жоспарлар мен бағдарламаларға сәйкес техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыруды;

4) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн сарапшылық кеңестер құруды;

5) өз құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын басқаруды;

6) Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалатын тәртiппен техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптардың орындалуын мемлекеттiк бақылау мен қадағалауды;

7) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзiрлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үйлестiру жөнiндегi жоспарлар мен бағдарламаларды дайындауды және iске асыруды;

8) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердi, сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және сәйкестiгi мiндеттi расталуға тиiстi өнiм, көрсетiлетiн қызмет жөнiндегi зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.

 

9-бап. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық

реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер

1. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестер техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге және қолдануға байланысты салада мемлекеттiк органдардың құзыретiне кiретiн мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшiн құрылады.

2. Мемлекеттiк органдар жанындағы техникалық реттеу саласындағы сарапшылық кеңестердiң құрамын және олар туралы ереженi мемлекеттiк органдар бекiтедi.

Сарапшылық кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердiң және басқа да мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

 

10-бап. Ақпарат орталығы

1. Ақпарат орталығы мүдделi тараптарға және шет мемлекеттерге олардың сауал салуы бойынша:

1) техникалық реттеу саласындағы қолданылып жүрген немесе әзiрленiп жатқан нормативтiк құқықтық актiлер, стандарттар, оларға енгiзiлетiн өзгерiстер және өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау рәсiмдерi;

2) Қазақстан Республикасының халықаралық ұйымдарға және стандарттау, сәйкестiктi растау, аккредиттеу жөнiндегi екi жақты және көп жақты сипаттағы халықаралық шарттарға мүшелiгі немесе қатысуы;

3) техникалық реттеу саласындағы әзiрленiп жатқан және қабылданған нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын немесе олар туралы ақпаратты жариялау көздерi туралы құжаттардың көшiрмелерi мен ақпаратты беру мақсатында Дүниежүзiлiк сауда ұйымының Хатшылығымен, Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше елдермен, халықаралық ұйымдармен өзара iс-қимыл жасау үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен құрылады және жұмыс iстейдi.

2. Ақпарат уәкiлеттi органның ресми басылымында және ортақ пайдаланылатын ақпараттық жүйеде хабарлама түрiнде орналастырылады. Хабарлама нысанын, оны толтыру және ұсыну тәртiбiн уәкiлеттi орган айқындайды.

 

11-бап. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер

1. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады.

Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрамына мемлекеттiк органдардың және мүдделi тараптардың өкiлдерi кiредi.

2. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құзыретiне:

1) бекiтiлiп берiлген объектiлер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамытудың негiзгi бағыттарын айқындау жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

2) мемлекеттiк стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн, халықаралық, өңiрлiк, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердiң техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерiн және оларға енгiзiлетiн өзгерiстердi әзiрлеуге және оларға сараптама жасауға белгiленген тәртiппен қатысу;

3) мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiн дамыту бағдарламаларына техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу жөнiнде ұсыныстар дайындау жатады.

3. Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттердiң құрылу, жұмыс iстеу, таратылу тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

 

12-бап. Сәйкестiктi растау жөніндегі органдар

1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар - меншiк нысанына қарамастан, өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi өндiрушiлерден (орындаушылардан), өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi берушiлер мен тұтынушылардан, мемлекеттiк органдардан тәуелсiз, штатында сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлары және (немесе) бекiтiлiп берiлетiн қызмет бағыттары бойынша зертханалары бар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар.

Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар, оның iшiнде шетелдiк органдар Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелуге тиiс.

Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың филиалдары сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеледi.

2. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдардың құқық қабiлеттiлiгi олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзiмiнiң өтуiне немесе осы Заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп танылуына байланысты тоқтатылады.

3. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар өтінiм берушiлермен жасалған шарт талаптарымен аккредиттеу саласы шегiнде мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) дайындаушылардың (орындаушылардың), сатушылардың сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге өтінімдерін қарайды, сәйкестiгiн растауға ұсынылған өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi бiрдейлендiредi;

2) сәйкестiктi мiндеттi растау жөнiнде жұмыстар жүргiзедi;

3) дайындаушылардың (орындаушылардың) өтiнiмдерi бойынша сәйкестiк туралы декларацияны қабылдауға қажеттi жұмыстар жүргiзедi;

4) сәйкестiк туралы декларацияларды тiркейдi;

5) сәйкестiктi растау схемасына сай сәйкестiгi мiндеттi растаудан өткен өнiмге, көрсетiлетiн қызметке инспекциялық тексеру жүргiзедi, олардың белгiленген талаптарға сәйкес еместiгi анықталған жағдайда берiлген сәйкестiк сертификаттарының қолданысын немесе сәйкестiк туралы декларацияны тiркеудiң қолданысын уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен тоқтата тұрады немесе олардың күшiн жояды;

6) берiлген сәйкестiк сертификаттарының және тiркелген сәйкестiк туралы декларациялардың тiзiлiмiн жүргiзедi.

 

4. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:

1) дайындаушының (орындаушының), сатушының өтiнiмi бойынша аккредиттеу саласы шегiнде объектiлердiң сәйкестiгiн мiндеттi және ерiктi түрде растауды жүргізуге;

2) сәйкестiктi растау рәсiмдерiн жүзеге асыру үшiн шарт жасасу жағдайларында құзыреттi ұйымдарды, сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторларды, өнiм, көрсетiлетiн қызмет немесе қызмет түрлерi бойынша техникалық сарапшыларды тартуға;

3) өтiнiм берушiден сәйкестiктi растау жөнiндегi жұмыстарды орындау үшiн қажеттi құжаттардың ұсынылуын сұратуға құқылы.

5. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар:

1) өтiнiм берушiнiң сәйкестiктi растау ережелерi мен шарттары туралы ақпаратқа кедергiсiз қол жеткiзуiн қамтамасыз етуге;

2) өтiнiм берушiге қатысты кемсiтушiлiкке жол бермеуге;

3) сәйкестiктi растау саласындағы мемлекеттiк техникалық реттеу жүйесiнiң ережелерiне сай берiлген сәйкестiк сертификаттары, тiркелген сәйкестiк туралы декларациялар жөнiнде және объектiлердi сертификаттаудан бас тарту туралы мәлiметтер беруге;

4) өнiм, көрсетiлетiн қызмет шығарылған елге қарамастан, өтiнiм берушiнiң коммерциялық мүддесi болып табылатын ақпараттың құпиялылығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

6. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар сәйкестiктi мiндеттi растау ережелерiн бұзғаны және сәйкестiк сертификатын заңсыз бергенi, сәйкестiк туралы декларацияларды заңсыз тiркегенi үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

7. Сәйкестiктi растау жөнiндегi органдар аккредиттеу саласында консалтингтік қызмет көрсетуге құқылы емес және осы қызметтердi көрсететiн тұлғалармен аффилиирленген болуға тиiс емес.

 

13-бап. Зертханалар

1. Зертханалар - меншiк нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттелген ұйымдар және олардың құрылымдық бөлiмшелерi (филиалдары, өкiлдiктерi).

2. Сәйкестiктi растау мақсатында сынақ жүргiзу жөнiндегi зертханалардың құқық қабiлеттiлiгi олар аккредиттеу аттестатын алған кезде туындайды және оның қолданылу мерзiмiнiң бiтуiне, Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен қайтарып алынуына, күшi жойылуына және жарамсыз деп танылуына байланысты тоқтатылады.

3. Зертханалар сәйкестiктi растау жөнiндегi органдармен немесе басқа өтінім берушiлермен жасалған шарт жағдайларында:

1) өзiнiң аккредиттеу саласы шегiнде сәйкестiктi мiндеттi немесе ерiктi растау мақсатында объектiлерге сынақ жүргiзедi;

2) сынақ нәтижелерiнiң дәйектiлiгiн қамтамасыз етедi;

3) уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен және нысандар бойынша жұмыс нәтижелерiн ресiмдейдi және бередi;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де қызметтi жүзеге асырады.

4. Зертханалар объектiлердiң сәйкестігін растау кезiнде оларға сынақтың дәйектемесiз нәтижелерiн ұсынғаны үшiн Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.

14-бап. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мiндеттерi

1. Техникалық реттеу саласындағы жеке және заңды тұлғалар:

1) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеу, оларға өзгерiстер енгiзу, күшiн жою жөніндегі ұсыныстарды, техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң, стандарттардың жобаларын дайындайды;

2) қажет болған жағдайда осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарда стандарттау жөніндегі тиiстi бөлiмшелер мен қызметтердi құрады.

2. Сәйкестiгi мiндеттi расталуға жататын өнiмдi, көрсетiлетiн қызметтi өткiзетiн жеке және заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес оның техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген талаптарға сәйкестiгiн растауды қамтамасыз етедi.

 

15-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттiк қоры

1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер мен стандарттардың мемлекеттiк қорын уәкiлеттi орган мен мемлекеттiк органдар өз құзыретi шегiнде құрады.

2. Мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәлiметтердi қоспағанда, техникалық реттеу саласында әзiрленетiн және қабылданатын нормативтiк құқықтық актiлер, мемлекеттiк, ұлттық, халықаралық, өңiрлiк стандарттар мен техникалық-экономикалық ақпарат жiктеуiштерi, ұйымдар стандарттары және стандарттау жөнiндегi ұсынымдар туралы ресми ақпарат, сондай-ақ көрсетiлген құжаттар пайдаланушыларға қолжетiмдi болуға тиiс.

3. Стандарттарды және стандарттау, метрология, сертификаттау, аккредиттеу жөнiндегi нормативтiк құжаттарды, стандарттар каталогтары мен сiлтемелерiн басып шығару және пайдаланушыларды олармен және олар туралы ақпаратпен қамтамасыз ету уәкiлеттi орган белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.

4. Құжатты әзiрлеген тұлға әрбiр стандарттың және стандарттау жөніндегі өзге де нормативтiк құжаттың қабылданғаны туралы ақпаратты және олардың бiр данасын уәкiлеттi органға бiрыңғай анықтамалық-библиографиялық деректер базасын құру үшiн жiбередi.

 

16-бап. Сәйкестiктi растау, стандарттау, аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудиторлардың құзыретi

1. Сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөнiндегi органның құрамында немесе техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерге сай онымен жасалған шарт (келiсiм-шарт) негізiнде өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң белгiлi бiр түрлерiнiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

Егер сәйкестiктi растау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар өтiнiм берушiнiң мүддесiн бiлдiрсе немесе онымен еңбек немесе өзге шарттық қатынастарда болса, олар нақтылы өнiмнiң, көрсетiлетiн қызметтiң сәйкестiгiн растау жөнiндегi жұмыстарды орындауға құқылы емес.

2. Стандарттау жөнiндегi сарапшы-аудиторлар халықаралық және өңiрлiк стандарттау жөнiндегi жұмыстарға қатысуға құқылы.

3. Аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторлар сәйкестiктi растау жөнiндегi органдарды және зертханаларды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен аккредиттеу бойынша жұмыстарды жүргiзуге қатысады.

4. Стандарттау, сәйкестiктi растау және аккредиттеу жөнiндегi сарапшы-аудиторларға қойылатын бiлiктiлiк талаптарын, оларды даярлау мен аттестаттау, сарапшы-аудитордың аттестатын беру, оның қолданылуын тоқтата тұру немесе оның күшiн жою тәртiбiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.

2-тарау. Техникалық реттеу саласындағы нормативтік

құқықтық актілер

17-бап. Жалпы ережелер

1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсатта әзiрленедi және қолданылады.

2. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгiленген талаптар мiндеттi болып табылады, Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында тiкелей қолданылады және техникалық реттеу саласындағы тиiстi нормативтiк құқықтық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу арқылы өзгертiлуi мүмкiн.

3. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған талаптар, Қазақстан Республикасының аумағына жануарлар мен өсiмдiктер не олардың өңделген өнiмдерi арқылы тарайтын аурулардың кiруiн болғызбауға бағытталған санитарлық және фитосанитарлық шараларды белгiлеу мен қолдануды қоспағанда, өнiмнiң шыққан елiне және (немесе) шыққан орнына қарамастан, бiрдей әрi тең дәрежеде белгiленедi және қолданылады.

Қажеттiк өлшемдерi, санитарлық және фитосанитарлық шаралардың талаптары мен рәсiмдерi осындай өнiмнiң барлық процестерiнде одан келетiн зиянның нақты ғылыми негiзделген қауiп-қатер деңгейiне негізделедi.

4. Процестерге қойылатын техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған талаптар осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарға жетуге әсер ете алатын жағдайда ғана белгiленедi және қолданылады.

5. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлерде белгіленген талаптар кәсiпкерлiк қызмет үшiн осы Заңның 4-бабының 1-тармағында көзделген мақсаттарды орындауға қажет деңгейден артық кедергі тудырмауға тиiс.

6. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық акт мемлекеттiк саясат мүдделерiне, материалдық-техникалық базаның дамуына және ғылыми-техникалық даму деңгейiне, сондай-ақ Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес келмейтiн жағдайда уәкiлеттi орган мұндай нормативтiк құқықтық актiнiң күшiн жою немесе оған өзгерiстер енгізу рәсiмiн бастауға мiндеттi.

7. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде оның қолданысқа енгiзiлу мерзiмi мен өтпелi кезең уақыты белгiленетiн шарттары көзделуге тиiс, бұл кезең iшiнде техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiнi қолданысқа енгiзуге, нормативтiк немесе техникалық құжаттаманы әзiрлеуге және (немесе) түзетуге арналған мәселелер, сондай-ақ өнiм шығаруға байланысты мәселелер ескерiлуге тиiс.

8. Техникалық реттеу саласында:

1) өнеркәсiптiк және өндiрiстiк қауiпсiздiк;

2) үйлердi, құрылыстарды, ғимараттарды және оларға iргелес аумақтарды пайдалану қауiпсiздігі;

3) өрт қауiпсiздiгi;

4) биологиялық қауiпсiздiк;

5) электромагниттiк үйлесiмдiлiк;

6) экологиялық қауiпсiздiк;

7) ядролық және радиациялық қауiпсiздiк;

8) химиялық қауiпсiздiк;

9) электр қауiпсiздiгi;

10) ақпарат қауiпсiздiгi;

11) уыттылық қауiпсiздігі;

12) өлшемдердiң бiрлiгi;

13) тамақ өнiмдерiнiң қауiпсiздiгi;

14) балалар тағамының қауiпсiздігі;

15) механикалық қауiпсiздiк бағыттарындағы нормативтiк құқықтық актiлер қабылданады.

18-бап. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердiң мазмұны

1. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiлер зиян келтiру қауiп-қатерiнiң деңгейiн ескере отырып, өнiмнiң, процестердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн ең төменгi қажеттi талаптарды белгiлейдi.

2. Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде:

1) оның талаптары қолданылатын өнiмнiң, процестердiң толық қамтылған тiзбесi;

2) техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актіні қабылдау мақсаттарына жетудi қамтамасыз ететiн өнiмнiң, процестердiң сипаттамаларына қойылатын талаптар болуға тиiс.

Техникалық реттеу саласындағы нормативтiк құқықтық актiде өнiмнiң сынамаларын iрiктеу және оны сынақтан өткiзу ережелерi, сәйкестiктi растаудың ережелерi мен нысандары (оның iшiнде сәйкестiктi растау схемалары) және (немесе) терминологияға, буып-түюге, таңбалауға немесе затбелгi жапсыруға және оларды түсiру ережелерiне қойылатын талаптар болуы мүмкiн.


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 18 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.035 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>