Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Мен 01.06.2014-05.07.2014 аралығында АО <<Вокзал Сервис>>Северный региональный филиал кәсіптік тәжірбиеден өттім .Ол мекемеден көптеген өзіме керекті



КІРІСПЕ

Мен 01.06.2014-05.07.2014 аралығында АО <<Вокзал Сервис>>Северный региональный филиал кәсіптік тәжірбиеден өттім.Ол мекемеден көптеген өзіме керекті материялдармен тәжірбие жинадым.Мекеме өз тарихында бұрғылау мекемесінің компютерлік, инженерлік бөлігі юолып есептеледі.Кәсіпорын қызметінің барлық салаларының жұмысын қамтиды және керекті шараларды ұйымдастырады, қаржылық жағдайын сипаттап және басқарушылық шешімді қабылдау үшін негізгі процесстерді, тұтынуды таратуды айналысты және басқа да өндіріс процесін шынайы басқару және көрсету үшін компьютерлік қамтамасыз ету жүйесі ең басты орын алады.

Қазіргі заман талаптарына байланысты есептеуіш техника құралдары дамып,біздің күнделікті өмірімізде тәжірибелерде кеңінен қолданылады. Жобалау мен бағдарламалау тілдері күннен күнге қиындап, саны көбею үстінде.

Бағдарламалық қамсыздандыру біздің өміріміздің бір бөлігі болып қалыптасып кетті. Компьютерлердіру қазіргі барлық қызмет салаларында қолданылады.

Біздің ғасыр-ақпараттық технологиясы менкомпьютерлердіруғасыры. Есептеуіш техника болашақ өмірге айналадағылардың біреуін де қалдырмай, үлкен қадамдармен аттануда. Адамның жеделдетілген іс-әрекеті саласын есептеуіш техникасыз елестетуге болмайды.

Ақпараттық жүйелер өзінің қызметіне, архитектурасы, жүзеге асыру бойынша әртүрлі болады. Олардың барлығына ортақ қасиет:

- ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу, сақтау, жинау үшін арналған, сондықтан олардың әрқайсысының негізіне деректерге дәлел жол ашықтығы мен сақтау ортасы енгізіледі;

- ақпараттық жүйелер есептеуіш техникасын қолданған кезде оларды жоғарғы мамандықты иеленбейтин сонғы қолданушыға бағытталған.

Сондықтан тапсырыс берушінің ұсыныстарындағы ақпараттық сызбалар интерфейспен оңай жүзеге асырылады, ал соңғы қолданушы қызмет жұмысы үшін қажеттіліктің барлығын ұсынылады, сонымен бірге оған қандайда бір артық әрекеттерді орындауға да мүмкіндік берілді.



 

1 ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКАНЫҢ МАҚСАТЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ

 

Еліміздің Президенті халқына жолдауында "Қазақстан 2030", "Кәсіп қойлық, отаншылдық, ұзақ мерзімді міндеттер қоюға қабілеттілік, оларды жаңа жағдайда шеше алатын білімділік пен жігерлілік - кадрларды іріктеу мен жоғарлатудың басты өлшемдері" - деп көрсеткен.

Осыған байланысты жоғары мамандандырылған мамандарды даярлау, оқыту, уйрету маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Қазақстан Республикасының 2007 жылы 27 шілдеде қабылданған "Білім туралы" заңында "Білім алушылардың кәсіптік практикасы мамандар мен жұмысшылар даярлаудың бір бөлігі болып табылады және білім беру ұйымдарындағы оқыту процесінде алынған білімді бекітуге практикалық дағдылар алу мен озық тәжірибені меңгеруге бағытталған" деп көрсетілген.

1. жыл сайын мекемелермен, ұйымдармен және мектептермен тәжірибе базасы ретінде келісім орнатылады, келесі күнтізбе жылына және оқу жылының басына дейін практика базаларымен келісіп, студенттердің практика өту күнтізбелік кестесі жасалады;

2. тәжірибе жетекшілері ретінде профессорлар, доценттер және тәжірбиелі және мамандық ерекшеліктерін және практика базасының қызметін жақсы білетін оқытушылар тағайындалады;

3. студенттер практика өтетін кәсіпорындарды, мекемелерді, ұйымдарды және тәжірибеленушілерді тәжірибе бағдарламасымен қамтамасыз етеді;

4. ұйымға және студенттердің кәсіптік тәжірибеден өтеуіне және оның орындалу мерзімдері мен мазмұнына бақылау жасайды;

5. керек болған жағдайда тәжірибеге жіберілген студенттердің медициналық тексерулерін ұйымдастырады.

Студенттердің өндірістік практиканы өту мақсаты болып, алған теоретикалық білімдердің негізінде кәсіби білімдер мен дағдыларды қалыптастыру табылады. "Ақпараттық жүйе" мамандығы бойынша студенттердің өндірістік практикасының міндеттері болып келесілер табылады: осы бағдарламада көрсетілген жұмыстарды орындауды, студент өндірістік практиканы өтетін органның ұйымдық құрылымын және олардың қызметтік міндеттерін зерттеу мен талдауды, практикалық материалдарды жинау және талдау.

Тәжірибен өту кезде өз жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін студентке нұсқаулар:

- кәсіпорын іс-жүргізу кезінде басшылыққа алатын негізгі заңнамалық және нормативтік құжаттарды мамандармен бірлесе отырып меңгеру және талдау;

- іс-тәжірибе өтетін орынның Мемлекеттік мекеме туралы ережелерін меңгеру, сондай - ақ аталмыш мекеме өз қызметін соның шеңберінде және негізінде жүзеге асыратын қолданыстағы нұсқаулармен, әдістемелік ережелермен т.б. нормативтік актілермен танысуы тиіс;

- әртүрлі меншік формаларындағы кәсіпорындардан тәжірибеден өткен жағдайда басқаратын субъектінің құрылтай және тіркеу құжаттарымен, сондай-ақ осы кәсіпорын қызметінің салалары мен түрлерін реттейтін ҚР заңдарымен және басқа да нормативтік - құқықтық актілермен танысуы тиіс;

- осы мекеме қызметінің көрсеткіш жүйесімен танысуы қажет.

Студент - тәжірибеленушінің құқығы:

1. тәжірибе бағдарламасымен және оның өткізілу кестесімен танысуға;
2. студент-практикантқа кәсіби жұмысшының тағайындалуын және оның студент –тәжірибеленушініңжұмысты орындау барысында оған бақылау жасап, күрделі жұмыстарда шешім көрсетуіне;

3. бағдарламада көрсетілмеген жұмыстарға қатыспауға;

4. мамандық бойынша айлық ақысы бар бос орынға жұмысқа тұруға құқығы бар.

Кәсіптік тәжіриде бойынша студент міндетті:

1. келіп түскен құжаттарды қабылдауды және тіркеуді білу, шығыс құжаттарды толтыруға;

2. кәсіптік қызметін жүзеге асыруда этикалық және рухани нормаларды сақтау, айналасындағылармен дұрыс қарым-қатынас жасауға;

3. әр түрлі келісімдерді құруда икем-дағдылы болуы міндетті Тәжірбиленуші-студент:

1. тәжірбие үрдісінде туындаған сұрақтарды университет атынан тәжірибе жетекшісінен, әкімшіліктен сұрауына, өңдіріс (оқу-тәрбиелік) үрдісін жетілдіруге байланысты өз ұсыныстарын ұсынуға құқылы;

2. тәжірибе бағдарламасында көрсетілген жұмыстың барлық түрін атқарады;

3. мекеменің қоғамдық жұмысына белсенді түрде араласады;

4. мекеменің ішкі тәртіп-ережелеріне бағынады, әкімшілік және тәжірибе жетекшісінің айтқандарын орындайды;

5. күн сайын тәжірибеге қатысуға және жұмыстың барлық түріне 6 сағаттан кем емес уақыт өткізуіне міндетті.

Бүгінгі жағдайда маңызды міндет тек қана студенттің кәсіпорында тәжірибе жинауы ғана емес, сондай - ақ оның өзін-өзі дамыту және мәнсап құру технологияларын меңгеру болып табылады. Мұнда өндірістік тәжірибе студентке жұмысқа орналасу мәселесін шешуге көмектеседі.
Мұндай формадағы тәжірибе студенттердің таңдау жасауға кеңес алу, мәселелерді негіздеу, теориялық материал жинау, талдау және бақылау кезеңдерін жасауғы негіз береді.

Сонымен, тәжірибе өтудің негізгі себебі – студенттерді оқыту сипатының қазіргі өмір талаптарына сәйкес келуі, түлектің университтен кейінгі бейімделуін қысқарту, жоғары оқу орнында меңгерген білімін жүйелеу, практикалық іскерлігі мен икем-дағдысын шыңдау.

Тәжірибе барысында студент жоғары оқу орнынан кейін жұмыс істейтін сала бойынша нақты міндеттерді таңдауға және негізді түрде шешуге дағдылануы тиіс, сонымен қатар сол кәсіпорынның болашақ қызметкері ретінде өзін көрсетіп, жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін еңбек нарығында өзінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруы тиіс.

 

 


 

2 ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫНЫҢ ЕРЕЖЕЛЕРІ

 

Бірінші барған күні жетекшім мені мекемедегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарына абай болу керек екенін айтып отырды. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Мен өзіме тиесілі жұмыстарды техника қауіпсіздігін сақтай отырып жұмыс істедім.

Дербес компьютермен жұмыс кезінде жұмыс істеп отырған адамға компьютерден көптеген ағзаға зиянды факторлар әсер етуі мүмкін. Мысалы:

- Электромагнитті сәуленің әсер етуі

- Статикалық электртоғының көлемінің ұлғаюы

- Ауадағы иондардың төмендеуі

- Көздің тез шаршауы

Студенттің дербес компьютермен жұмыс жасау кезіндегі техника қауіпсіздігінің ережесіне қойылатын талаптар:

- ЭЕМ-мен жұмыс жасау кезінде көзді экраннан 60-70 см қашықтықта ұстау керек;

- Көзі шаршаған жағдайда орнынан тұрмай-ақ көз жаттығуларын орындауға болады

- Электр тоғымен зақымданған жағдайда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін, от сөндіру құралдарымен жұмыс істеуді білуі қажет.

Техника қауіпсіздік шараларымен танысу. Сонымен жалпы алғанда мына техника қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:

1. Есептеуіш техника бөлмесінде әрбір студент қауіпсіздік техникасының ережесін қатаң тәртіпте орындау керек.

2. Электр тогымен зақымдалған студентке әрбір студент алғашқы көмек көрсете білу керек.

3. Электр тогымен зақымдалған кезде тезірек тоқты өшіріп, зақымдалған адамды сымнан босату керек.

4. Егер демалысы тоқтап қалған болса, онда дәрігер шақырып жасанды тыныс алу жәрдемін көрсету керек. Ол минутына 16-18 рет бірқалыпты өту керек және қашан тыныс пайда болғанша жасау керек.

Жұмыс бастар алдындағы техника қауіпсіхдік ережелері:

- Жұмыс орнын дайындау

- Құрысғының тоқ көзіне дұрыс қосылып тұрғанын тексеру

- Құрылғы мен тоқ сымдарына назар салу, зақымданбағанын тексеру

- Жұмыс үстелін тексеру, столда міндетті түрде кактус гүлінің болуы, компьютер экранының дұрыс орналасқанын тексеру жәнеүстел үстіндегі тазалықты тексеру

Жұмыс барысындағы техника қауіпсіздігінің ережелері

Жұмысшыға компьютермен жұмыс барысында тыйым салынады:

- Тоққа қосулы тұрған жүйелік блоктың артқы бөлігін ұстауға

- Компьютер қосулы тұрған кезде жүйелік блокқа, маниторға, тышқанға, пернетақтаға, притер және сол секілді қосалқы құрылғаларға стигізуге

- Компьтердің сымын тарту арқылы копьютерді өшіруге

Копьютермен жұмыс барысында жұмысшы демалыссыз 2 сағаттан артық жұмыс жасамауы тиіс мүмкіндігінше әр 20-30 минут аралығында үзіліс жасап отыру керек

Үзіліс кезінде жүйке жүйесінің демалуына, көздің шаршамауы үшін және де бел, омыртқа, мойынға салмақ түспеуі үшін арнай комплекстік жаттығуларды жасап тұру қажет

Төтенше жағдайдағы қауіпсіздік ережелері

- Компьтердің зақымданғанын байқаған жағдайда тоқ көзін өшіріп жетекшіге хабарлау қажет

- Қателктерді жөнге келтіргенше жұмыс жасауға тыйым салынады

- Жарақат алған жағдайда жетекшіге хабарлап, алғашқы көмек көрсету және жедел жәрдем шақыру

Жұмысты аяқтаған кездегі техника қауіпсіздік ережелері

- Компьютерді тоқ көзінен ажырату

- Жұмыс орнын ретке кетіру

- Бөлмедегі терезелерді жабу және де қолға және көзге арналған жаттығуларды жасауды ұмытпау

Қажет болса, электр тогынан зақымданғандарға алғашқы көмек көрсету керек.

Компьютер сыныбында өртті сумен өшіруге болмайтынын білуі керек. Мұнда құмды немеса көбікті өрт сөндіргішті пайдалануға болады.

Егер зақымданған адам электр тогының әсерінде болса, оны жалаңаш қолмен ұстауға болмайтынын білу керек. Зақымданушы электр тогын өткізбейтін материалдарды пайдаланып босатуға болады.

ДК-де жұмысты аяқтау қауіпсіздігінің талаптары:

Ø Аппаратураны оқытушының нұсқауымен өшіру керек.

Ø Жұмыс орнын ретке келтіру керек.

Ø Жұмыс орнын пайдалануды есепке алу журналында белгі қою керек

Алғашқы дәрігерлік көмек көрсету:

1.Тоқты өшіру (щиттағы батырманы басу арқылы);

2.Зақымданушыны ток әсерінен (сымнан) босату;

3. Дәрігер шақыру;

4. Зақымданушыны қарап шығып, оған алған жарақатына байланысты көмек көрсету.

І. Күйген жағдайда:

● Ауырғанда сездірмейтін дәрілер (аналгин, валерьиян және т.б.) беру;

● Күйген жерге арнайы май (облепиха) жағу керек.

2.1 Мекеме жөнінде мәлімет

 

2002 жылдың 20 ақпанындаҚазақстан Республикасы Президентінің үкімімен, мұнай-газ экономика секторында, Қазақстан Республикасының қызығушылығын қолдайтын, тиімділіктің деңгейін көтеру және мұнай-газ кешенін дамыту үшін «ҚазМұнайГаз» компаниясы құрылды. Компанияның 100% иесі "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ. «ҚазМұнайГаз» АҚ, «ННК «Қазақойл» ЖАҚ және «НК «Мұнай және Газ тасымалдау» ЖАҚ компанияларын бір-біріне қосу арқылы құрылды. Сондықтан өзіне дейінгі компаниялардың құқықытық мирасқоры болып келеді.

«ҚазМұнайГаз» бүгін

Мұнай мен газды өндіру

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Маңғыстау мен Атырау облыстарындағы құрлық бетіндегі 44 мұнай-газ кен орындарының меншік иесі болып табылады.

Кен орындарының жалпы аумағы 837,4 км² құрайды. Компанияның өндірістік бөлімшелері 90 жылдан астам қызмет істеп келеді, ал мамандар терең білім мен бай тәжірибеге ие.

Тасымалдау

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын мұнай тасымалының 65%, газ тасымалының 100%, танкерлік тасымалдың 50% қамтамасыз етеді. Құбыр желісімен мұнай тасымалын «ҚазТрансОйл» АҚ, газ тасымалын «ҚазТрансГаз» АҚ, танкерлік тасымалдарды «Қазтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңіз кеме қатынасы компаниясы» жүзеге асырады.

Өңдеу

Компания Қазақстан аумағындағы негізгі мұнай өңдеу активтерін басқарады («Атырау МӨЗ» ЖШС, «ПетроКазахстанОйл Продактс» ЖШС; «Павлодарский МӨЗ» ЖШС), сондай-ақ Румыниядағы мұнай өңдеу зауыттарына ие.

Сату

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнайды, мұнай мен газ өңдеу өнімдерін өздігінше сатумен айналысады және осы өнімдерді сату саласындағы экспорттық саясатта мемлекеттің мүдделерін қорғайды.

Сервистік сектор

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ сервистік бағытты дамыту, жаңа бағыттар мен әріптестіктерді іздестіру және дамыту, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша айтарлықтай жұмыс атқаруда.

« ҚазМұнайГаз» тарихының хронологиясы

1991 жыл

1991 жылдың соңында, республиканың мемлекеттік басқару жүйесінің жалпы өзгерістерімен бірге, Қазақстанның энергетикалық секторы өзгерістерге ұшырады. Сала Қазақстан Республикасының энергетика және электрлендіру министрлігі мен ҚР геология мен жер қойнауын қорғау Мемлекеттік комитетіне көшті.

1995 жыл

1995 жылдың наурызында «Қарашығанақ» атты өндіріс жерінде Қазақстан Республикасы өзінің «Қазақгаз» және «Аджип» (Италия), «Бритиш Газ» (Ұлыбритания) және «Газпром» (Ресей) арасындағы өндірісті бөлісу туралы келісімшартқа қол қойды.

1995 жылы 28 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің «Мұнай туралы» заң күшіне ие қаулысы қабылданды. Бұл заңның ең негізгі мақсаты – республикамызға мұнай - газ қорларын өңдеуіне, шетел инвесторларын тартуға көмектесу. 1995 жылдың 4 қазанында Қазақстан Республикасы Үкіметінен газ құбырының экономикалық техникасын негізге ала отырып, «Ақсай-Қостанай-Көкшетау-Ақмола» атты ұзындығы 480 км және көлемі 4,7 млн.куб. құрылысын бекітті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметімен Қазақстандағы көмірсутек шығатын жерлерді және оның картасын бекітті.

2000 жыл

2000 жылдың ақпан айында мұнай тасымалдаушы Ұлттық «ҚазТрансОйл» компаниясы, «ҚазТрансГаз» еншілес компаниясын құрды. 2000 жылдың жазында «ҚазТрансГаз» республика бойынша энергетика және газ тасымалдау жүйесін толық иемденді. 2000 жылдың ең жарқын жаңалығы болып, Қазақстанда Солтүстік Каспий шельфінен мұнай кен орны табылды. (Қашаған мұнай кен орны).

2000 жылдың маусымында Қазақстан, «Қазақойл» Ұлттық компаниясы «Шеврон» компаниясына 5 % үлесін 450 млн. долларға сатты, өзінде 20 % акция пакеті сақталынуда. 2000 жылдың шілдесінде «ҚазТрансГаз» Жамбыл облысындағы Амангелді тобымен мұнай кен орнын өңдеу жұмысына кірісті. 2000 жылдың қарашасында Теңіз мұнай кен орнының Новосибирск портымен қосылатын КТК құбыр проводын соңғы құбыры жапсарласты.

2000 жылы Қазақстан Республика Президентінің бұйрығымен, «Ұлттық қор» құрылды. Бұл болашақ ұрпақ үшін, қаржының жиналуы елдің экономикасын ішкі және сыртқы қауіпсіз факторлардан сақтау үшін өте қажет. Қордың активтеры Қазақстан секторындағы ірі шикізат кәсәпорындарынан (ең бастысы мұнай компаниялары) және инвестициялық табыс соммалары есептілінеді.

2004 жыл

2004 жылдың 9 қаңтарында қазақстан-ресей келісімімен Каспийдегі Тюб-Қараған және Аташ теңіз жобалары берілді. 2004 жылдың қазанында «Атасу-Алашанкөл» (Қазақстан-Қытай) мұнай құбырының құрылысы басталды. Осы жылы Қазақстанда мұнай сапа банкі ашылды. Бұл Қазақстандағы партиялардың, өңдеудегі әртүрлі кезеңдерін, сақтауды теңестіреді

Батуми мұнай терминалы және теңіз портын иеленуші Batumi Industrial Holdings Limited 100 пайыз акциялары пакетін сатып алу алу бойынша келіссөз аяқталды.

Пайплайн Венчурсқа BP қатысу үлесін сатып алу мақұлданды. “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ 50% + 2 дауыс беру акцияларын сатып алу туралы Central Asia Petroleum Ltd-мен келісім-шартқа қол қойылды.

Cooperative KazMunaiGaz PKI U.A. пайдасына KazMunaiGaz Finance B.V. компаниясының 100 пайыздық акционерлік капиталдары жүзеге асырылды.

«Атырау халықаралық әуежайы» АҚ 100% акциялар пакетін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «Самұрық Қазына» ҰӘҚ АҚ арасында «Казмортрансфлот» ҰТКК 50% акциялар пакетіне айырбастау туралы шешім қабылданды.

2010 жыл

27.09.2010 жылғы № 12/2010 хаттама бойынша ҚМГ ДК шешіміне сәйкес БКТУ, ҚМГ акцияларын төлеуге «Д.В. Сокольский атындағы органикалық катализ және электрохимия институты» 100% акциялар пакеті, «А.Б. Бектұров атындағы химиялық ғылымдар институты» АҚ 100% акциялар пакеті берілді.

2010 жылғы 12 шілдеде бекітілген заң тәртібінде ҚМГ ҰК-мен ҚМГ БӨ «Қазахойл Ақтөбе» (КОА) ЖШС-да 50% үлесін, «Қазақтүрікмұнай» ЖШС-да (КТМ) 51% үлесін және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ 100% акциялар пакетін иеленуші Mangistau Investments B.V-да (“MIBV”) 50% үлесін сатып алу туралы келісімге қол қойылды.

2010 жылғы 25 мамырда «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ еншілес ұйымы - «PSA» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі құрылды.

30.11.2010 ж. Маңғыстау облысының Бейнеу ауылында Маңғыстау облысының Толқын және Боранкөл кен орындарында үздіксіз технологиялық үдерістерді қамтамасыз ету мақсатында келісім-шарт аумағын және мүлкін уақытша иеленуге және пайдалануға беру үшін «БейнеуМұнайГаз» ЖШС жаңа жер қойнауын пайдаланушыға уақытында беруге дейін тіркелді.

2012 жыл

Қаңтар айында ҚМГ БӨ өзінің ӨМГ және ЕМГ өндірістік филиалдарын акционерлік қоғам етіп қайта ұйымдастыру ниеті туралы жариялады. Сондай-ақ, жыл басында Компания Маңғыстау облысының 2 000-ға жуық жұмысшыларын жалдау үшін екі сервистік компания құру туралы шешім қабылдады.

Қазақстандық үлесті ұлғайту бойынша жасалып жатқан шаралар

· Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін қазақстандық жабдықтаушыларды компанияның ортамерзімді және ұзақмерзімді перспективадағы қажеттіліктері жөнінде ақпаратпен қамтамасыз ету. 2010 жылға арналған сатып алулар жоспарын корпоративтік сайттарда орналастыру, 2010-2012 жылдары сатып алу жоспарланған тауарлардың каталогын ұсыну.

· 2010 жылдың І тоқсанында Петропавл, Орал, Тараз, Павлодар, Ақтау, Атырау қалаларында отандық тауар өндірушілермен көшпелі кеңес өткізу.

· Тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді жеткізетін қазақстандық жабдықтаушылармен ынтымақтастық жөніндегі меморандумдар және келісім-шарттар жасау.

· «Қазақстан Республикасында мұнай-газ машинасын жасауды дамытуға «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ 2010-2012 жылдары жәрдем көрсету бағдарламасын әзірлеу және іске асыру.

· «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және Қазақстан Республикасының ірі машина жасау кәсіпорындары мамандарынан Мұнай-газ машинасын жасау мәселелері жөніндегі үйлестіру кеңесін құру.

· Кен орындар

Бүгінгі күні дүниежүзілік мұнай қорының 3%-на ие Қазақстан, әлемдегі мұнайға бай 15 елдің қатарына кіреді. Мұнайгазды аудандар еліміздің 62% аумағына орналасқан және 80-нен астамы игеріліп отырған 172 мұнай кен орындарын қамтиды. Мұнай қорларының 90%-дан астамы– Теңіз, Қашаған, Қарашығанақ, Өзен, Жетібай, Жаңажол, Қаламқас, Кенқияқ, Қаражанбас, Құмкөл, Солтүстік Бозащы, Әлибекмола, Орталық және Шығыс Прорва, Кенбай, Королевское ірі кен орындарына шоғырланған. Кен орындары Қазақстанның 14 облысының алтауында орналасқан. Олар Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Маңғыстау облыстары. Бұл ретте, көмірсутектері қорларының шамамен алғанда 70%-ы Қазақстанның батысында топтасқан. Аумағында 930 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы қорлары бар 75-тен астам кен орындары ашылған Атырау облысы неғұрлым барланған мұнай қорларына ие. Облыстың ең ірі кен орны – Теңіз (бастапқы алынатын қорлары – 781,1 млн. тонна). 150 млн. тоннаға жуығы қалған кен орындарының үлесіне тиеді. Бұл қорлардың жартысынан астамы екі кен орнына – Корлевское (55,1 млн. тонна) мен Кенбайда (30,9 млн. тонна) шоғырланған. Маңғыстау облысының аумағында өндірілетін 725 млн. тонна өнеркәсіптік санаттағы мұнай қоры, 5,6 млн. тонна конденсаты бар 70-тен астам кен орындары ашылды. Бұл кен орындарының жартысына жуығы пайдаланылуда. Олардың көпшілігі игерудің соңғы сатыларында. Қалдық қорлардың басым бөлігі алынуы қиын кен орындарына жатады. Ең ірі кен орындар – Өзен, Жетібай, Қаламқас, Қаражанбас. Батыс Қазақстан облысында сұйық көмірсутегі шикізатының алынатын қорлары 320 млн. тоннаға жететін және газдың алынатын қорлары 450 млрд. текше метрден астам Қарашығанақ кен орны болып табылады. 2005 жылдың қыркүйегінде Қарашығанақпен жалғас жатқан Федоровский блогында көмірсутегі шикізатының табылғаны туралы жарияланды. Мұндағы мұнай және газ конденсаты қорлары 200 млн. тонна болады деген болжам жасалып отыр. Мұнайгазға қанықтығы жағынан алғанда тағы бір болашағы зор аймақ Ақтөбе облысы болып табылады. Мұнда 25-ке жуық кен орындары ашылды. Бұл аймақтағы неғұрлым маңызды геологиялық ашылым алынатын мұнай және конденсат қорлары 170 млн. тоннаға жуық болатын Жаңажол кен орындары тобы болып табылады. 2005 жылы Каспий жағалауы ойпатының шығыс бөлігінің орталық блогында Үміт жаңа кен орны ашылғандығы туралы жарияланды. Қызылорда мен Қарағанды облыстарының мұнай өндіруші салаларының негізін Қазақстандағы бесінші мұнайгазды өңір – Құмкөл кен орындары тобы құрайды. 2005 жылдың жазында осы аймақта жұмыс істейтін «ПетроҚазақстан» компаниясы Қызылқия кен орнының солтүстік шекарасына жалғас жатқан Көлжан лицензиялық аумағында мұнайдың коммерциялық қорлары аңғарылғаны туралы жариялады.

Негізгі көрсеткіштер

Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің деректері бойынша құрылықтағы және шельфтегі көмірсутектерінің расталған қорлары 4,8 млрд. тонна немесе 35 млрд. баррель шегінде бағалануда, 2001 жылғы жағдай бойынша мұнайдың барланған баланстық қорлары тек 2,9 млрд. тоннаны құраған болатын. Оның үстіне, кейбір сарапшылардың бағалауы бойынша мұнайдың болжамды қорлары Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінде орналасқан кен орындары бойынша ғана 17 млрд. тоннадан немесе 124,3 млрд. баррелден астамды құрауы мүмкін. Мұнай мен газ қорларын, сондай-ақ үнемі артып отырған оларды өндіру ауқымдарын ескерсек, таяудағы келешекте Қазақстан дүниежүзілік мұнай өндіру ошағы болып қала бермек. Мұнай және газ министрлігінің ақпараты бойынша 2011 жылдың қорытындылары бойынша мұнай өндіру 80,1 млн. тоннаны құраған. Салыстыру үшін айтсақ, 1998 жылы мұнай өндіру 25,93 млн. тонна деңгейінде белгіленді. Табиғи газ өндіру ауқымы (2011 жылы 39,5 млрд. текше метр) бойынша Қазақстан ТМД-дағы көшбасшылардың бірі болып табылады. Республиканың мұнай және газ өңдеу кәсіпорындарында өткен жылы 2146,9 мың тонна сұйытылған көмірсутегі газы өндірілді. Газды ішкі тұтыну көлемі 10,179 млрд. текше метрді құрады. Мұнайды отандық мұнай өңдеу зауыттарында өңдеу 13,7 млн. тоннаны, оның ішінде: бензин – 2,76 млн. тоннаны, ДО – 4,06 млн. тоннаны, мазут – 3,66 млн. тоннаны, авиакеросин – 387,1 мың тоннаны құрады. Бұл ретте, «ҚазМұнайГаз – өңдеу және маркетинг» АҚ-ның деректері бойынша 2011 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытында мұнай өңдеу көлемі 4,47 млн. тоннаны, ПКОП зауытында (Шымкент мұнай өңдеу зауыты) – 2,3 млн. тоннаны, Павлодар мұнай өңдеу зауытында – 4,6 млн. тоннаны құрады. Қазақстан өндірілетін мұнайдың негізгі бөлігін мұнай құбырлары арқылы экспортқа шығарады. 2011 жылы мұнай экспортының көлемі 69,61 млн. тоннаны құрады, оның ішінде мұнай құбырлары бойынша: «Атырау-Самара» – 15,43 млн. тонна, КҚК – 28,44 млн. тонна, «Атасу-Алашанькоу» – 10,89 млн. тонна мұнай экспортқа шығарылды. Ақшадай есептегенде мұнай экспорты еліміздің жалпы экспортының 62,5%-ын құрайтын 55,2 млрд. АҚШ долларына бара-бар соманы құрады. Қазақстаннан газ экспортының ауқымы 8,15 млрд. текше метрді құрады. Бұл ретте, газдың Қазақстан Республикасының аумағы арқылы халықаралық транзитінің көлемі 96,67 млрд. текше метрді, оның ішінде: ресейлік – 62 млрд. текше метрді, түркмендік – 26,5 млрд. текше метрді, өзбектік – 8,2 млрд. текше метрді құрады.

Алдағы уақытта Қазақстанда мұнай мен газ өндіру көлемі айтарлықтай өсу үрдісіне ие болады. Қазақстандық мұнай мен газ өндіру көлемдерін арттыру үш фактормен байланысты. Біріншіден, бұған инвестициялардың айтарлықтай құйылуы себеп болып отыр. Екіншіден, көмірсутегі шикізатының дүниежүзілік рыноктарында қалыптасып отырған қолайлы коньюнктура. Үшіншіден, ресурстық әлеуетті одан әрі қарқындата түсуге жүргізіліп отырған Каспий мен Арал теңіздері айдындарындағы жер қыртыстары учаскелерін кең ауқымды зерттеу ықпал ететін болады. «Келісімшарттық Агенттік» филиалының Мұнай және Газ ақпараттық-талдау орталығының материалдарына сәйкес мұнайгаз саласында барлығы 71 336 адам, оның ішінде шетелдік – 2 431 адам жұмыс істейді.

 

 

2.2 Техникалық тапсырма

 

Мен өндірістік тәжірибе кезінде компьютерге программаларды орнаттым, жаңарттым, және олармен жұмыс істедім. Соның бір мысалы компьютерге Windows 7 ОЖ орнату былай жүзеге асады.

Операционды жүйені орнатпас бұрын, шағын ғана дайындық жұмыстарын өткізу қажет. Операционды жүйені орнатайын деген бөлімнен барлық маңызды ақпаратты көшіріп алған дұрыс. Өйткені, бұл бөлім форматталу үрдісінен өтеді. Бұл ақпараттың жойылуына әкеледі. Әдетте, бұл C:\ бөлімі. Сондықтан, барлық маңызды ақпараттарды қатқыл дисктің басқа (мысалы, D:\) бөліміне немесе басқа компьютерге көшіріп алған жөн. Ақпаратты DVD дискілерге де көшіріп, жазып алуға болады. Сіз C:\ бөліміндегі ақпараттың жойылуын қаламайсыз ғой.

Әлі де мына маңызды заттарды есте сақтаған жөн. Windows 7-ні орнатпас бұрын, осы операционды жүйеге арналған барлық қосымша драйверлер мен бағдарламаларды сақтап алу керек. Windows 7 дистрибутивінде сіздің желілік құрылғыңызбен немесе Wi-Fi модеммен жұмыс істейтін драйверлер болмауы мүмкін. Егер оларды көшіріп алмасаңыз, операционды жүйені орнатқаннан кейін Интернетке шыға алмайсыз. Көңіл түсіретін жайт, рас емес пе? Сондықтан, бұларды алдын ала жазып алған дұрыс. Өзіңізге маңызды ақпаратты дискілерге немесе басқа компьютерге көшіріп болған соң, ОЖ орнатудың келесі қадамдарына өте беруіңізге болады.

Windows 7-ні орнату үрдісін мынадай бөлімдерге бөлуге болады:

1. Windows 7 дистрибутиві бар дискті дайындау;

2. Дисктен жүктелу;

3. Windows 7-ні орнату;

4. Дистрибутиві бар дискті дайындау.

1. Windows 7 дистрибутиві бар дискті дайындау

Егер сізде Windows 7 дистрибутиві бар дискі болса, бұл қадамға көңіл бөлмеңіз. Егер дискі болмаса, оны жазып алуға тура келеді (немесе дүкеннен сатып ала аласыз). Егер операционды жүйені Интернеттен жазып алуға бел бусаңыз, Windows 7-нің таза MSDN нұсқаларын таңдаған жөн. Бұндай нұсқаларды қолдансаңыз, кейін сізде келеңсіз жайттар туындамайды. Сіз компьютерді немесе ноутбукті туындаған келеңсіз мәселелерді шешуге емес, шұғыл шаруаларыңызды реттеуге пайдаланасыз ғой. Компьютеріңізге ОЖ-нің таза MSDN нұсқаларын орнатсаңыз, біршама уақыт үнемдейтініңіз айдан анық.

Енді операционды жүйені дискіге көшіруді бастайық.

Windows 7-ні дискіге көшіруге керекті заттар:

1..iso форматындағы Windows 7 операционды жүйенің көшірмесі;

2. Ashampoo Burning Studio бағдарламасының көмегімен ақпараттарды дискіге көшіре аласыз. Бұл бағдарламанының тегін нұсқаларын ғаламтор желісінен оп-оңай тауып ала аласыз;

3. Таза DVD-диск;

Біріншіден, жоғарыда айтылған Ashampoo Burning Studio бағдарламасын көшіріп алып, компьютерге орнатқаннан кейін іске қосамыз:

«Создать/записать образ диска» мәзірінде «Записать CD/DVD/Blue-ray диск из образа диска» деген тармақты таңдаймыз.

«Обзор» пернесін басып, Windows 7-нің орналасқан жерін көрсетеміз:

«Далее» пернесін шертеміз.

DVD құрылғысына таза дискті салып, «Записать DVD» таңдаймыз.

Бірнеше минут күтеміз:

Міне дискі де дайын:

Осы дискіні компьютерге немесе ноутбукқа саламыз.

2. Дискіден жүктелу

DVD-дискіден жүктелу үшін біріншіден, BIOS баптауларына кіреміз. Қарапайым тілмен айтқанда, BIOS – компьютер немесе ноутбуктың маңызды параметрлерінің баптаулар мәзірі. Маңызды параметрлердің ішіне «құрылғыны жүктеуді анықтау тәртібі» де жатады. Бізді дәл осы параметр қызықтырып отыр. Компьютерді немесе ноутбукті қосқаннан кейін алдын ала белгіленген пернені басу керек. Жүктелу кезінде BIOS-ке кіру үшін қандай пернені басу керек туралы мағлұмат экранның астында жазылып тұрады. Көп жағдайда бұл F2, Del, Esc т.б. BIOS мәзіріне кіру туралы ақпарат ноутбуктың нұсқаулар кітапшасында да жазылады. Кейде сол кітапшаға қараған дұрыс та шығар.

BIOS мәзіріне кіргеннен кейін құрылғыларды жүктеу тәртібін табу керек. Әдетте, осы баптаулар BOOT терезесінде орналасады, дегенмен, олар BIOS мәзірінің басқа жерінде де орналасуы мүмкін. Жүктеу тәртібін ауыстыру үшін әдетте, F5/F6 немесе бағыт көрсетуші пернелер қолданылады. Жүктеу тәртібінің өзгертілуі жайлы ақпарат BIOS мәзірінде де болуы тиіс.

Өзіңіздің CD/DVD құрылғыңызды жүктелу тізімінің бірінші сатысына қойып, барлық өзгерістерді сақтайсыз да, BIOS мәзірінен шығасыз. Бұны жүзеге асыру үшін Save and Exit Setup деген тармақ қолданылады.

Баптаулар сақталып болғаннан кейін компьютер не болмаса нетбук қайта жүктеледі.

3. Windows 7-ні орнату;

Міне, Windows 7-ні орнату үрдісіне де жетіп қалдық.

Дискі жүктелген соң, мынадай бейне шығуы керек:

Пернетақтадағы кез келген пернеге шерту керек.

Жүйенің тілін таңдап, «Далее» пернесін басамыз.

Жүктелуді жүзеге асыру үшін «Установить» мәзірін таңдаймыз.

Windows 7 нұсқасын таңдаймыз. Кілті бар нұсқаны таңдаған жөн. Әдетте, кілт ноутбуктың түбінде жабыстырылған қағазда жазылады. Windows 7 жүйесінде сериялық нөмірді енгізу үрдісі орнатудың соңында жүргізіледі. Оны кейін де енгізуге болады. Бірақ, бұны 30 күн ішінде жасауды ұмытпаңыз.

Лицензионды шартпен келісіп, «Далее» пернесін басамыз. Мәзірдің ішінен «Полная установка» тармағын таңдаймыз.


 

ҚОРЫТЫНДЫ

Мен оқу тәжібиесі кезінде көптеген өзіме керекті материялдар мен мәлеметтермен таныстым, жұмыс барысы қалай жүргізілетінін үйрендім.

Бірінші барған күні жетекшім мені мекемедегі техника қауіпсіздіктерімен таныстырды. Онда компьютерді қалай қосып-өшіру керектігін көрсетті. Және де электр сымдарынан абай болу керек екенін айтып өтті. Компьютерді жұмыс істеп болғаннан кейін міндетті түрде сөндіріп қою қажеттігін, компьютердің алдына міндетті түрде кактус гүлін қойып қою көзге қауіпсіз екенін ескертті. Бөлмеден шығарда бөлменің терезелерін жауып, бөлмедегі электр жарығын сөндіріп кету керектігін айтты. Егер бұл міндеттерді орындамаған жағдайда кенеттен төтенше жағдай болуы мүмкін екендігін ескертті. Тәжірибелік жұмыс кезінде мекеменің өзіндік жоспарлау мен басқару жүйесімен таныстым. Мекемедегі ақпараттық жүйелерін ақпаратпен қамтамасыз еттім. Тәжірибелік жұмыс барысында Delphi 7 ортасында жұмыс істеп, білімімді бір сатыға көтердім. Microsoft Office программаларымен жұмыс жасадым. Яғни Access-те деректер базасымен жұмыс істеп, мекеме басшылығының сұрауы бойынша бухгалтерия бөлемінде Exccell-де есеп бердім. Тәжірибеде жүйелер жиынтығын сараптамалық ақпаратттарды өндеуді, мағлұматтарды жинақтауды жүзеге асырдым. Кеңседегі өндірістік бөліміндегі компьютерлерге Windows 8 операциялық жүйесін толық орнаттым.Маған оқу тәжібиесі өте ұнады. Өзімнің мамандығыма деген қызығушылығым артты.Өзіме қажетті білімді жинадым.

 

 


 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 

1. Д.Т.Ахметова, Г.Ә.Әбдікәрімова Информатикалық технология негіздері, оқу құралы, Астана, 2001ж.

2. Д.Т.Ахметова, М.Н.Рахымжанов Ақпараттық жүйелердегі жаңа технологиялар пәнінен зертханалық жұмыстарға арналған практикум. Астана, 2004.

3. Балапанов Е.Қ Жаңа инфармоциондық технологиялар, Экз.20, оқулық 2003ж.

 

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 60 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
Проживает: Челябинск, северо-запад | Вечернее кино и доброе воскресенье

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.047 сек.)