Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1. Cаясаттану ғылымы нені зерттейді



1. Cаясаттану ғылымы нені зерттейді

(!) қоғамның саяси өмірін, мемлекеттік институттардың, партиялар мен қозғалыстардың даму процессін

(?) адамдардың саяси мінез-құлқының психологиялық факторы

(?) қоғамның құрылымы және ондағы адамдардың мінез-құлқы

(?) адамзат қоғамының әскери қуаты

(?) қоғамдық өмірдегі адамдардың психологиясы

 

2. Саясаттану ғылымының объектісі-бұл

(!) қоғамның саяси жүйесі мен өмірі

(?) қоғамның экономикалық саласы

(?) саяси биліктің қалыптасу, қызмет ету және өзгеру заңдылықтары

(?) қауіпсіздікті қамтамасыз ету

(?) сезім арқылы берілген объективтік шындық

 

3. Саясаттану пәні-бұл

(?) бизнес саласы

(?) қоғамдық өмірдің экономикалық саласы

(!) саяси биліктің қалыптасуының, қызмет етуінің және өзгеруінің заңдылықтары, саяси үрдістердің дамуы

(?) өнер саласы

(?) бізге сезім арқылы берілген объективтік шындық

 

4. Саяси ғылымдардың Халықаралық ассоцияциясы қай жылы құрылды

(?) 1945ж.

(?) 1946ж.

(!) 1949ж.

(?) 1950ж.

(?) 1951ж.

 

5. Саясаттану өз алдына жеке пән ретінде қашан қалыптасты

(?) 18ғ

(?) 20ғ

(!) 19ғ. 2-жартысында

(?) 17ғ.басында

(?) 15ғ

 

6. Саясат пен қоғамның, әлеуметтік құрылыс пен саяси институттардың және үрдістердің арасындағы өзара әрекеттерді зерттейтін ғылым

(?) саяси семиотика

(!) саяси әлеуметтану

(?) биосаясат

(?) саяси этика

(?) саяси психология

 

7. Әр түрлі елдердегі саяси құбылыстарды салыстырып, олардың жалпы жақтарын және жеке ерекшеліктерін ажыратуға мүмкіндік беретін саясаттанудың әдісі

(?) бихевиористік

(?) тарихи

(!) салыстырмалы

(?) жүйелік

(?) әлеуметтанымдық

 

8. Саясатты қоғам өмірінің экономикалық әлеуметтік құрылым, мәдениет және т.б. жағдайына байланысты анықтайтын саясаттанудың әдісі

(!) социологиялық;

(?) бихевиористік;

(?) салыстырмалы;

(?) жүйелік;

(?) әлеуметтанымдық.

 

9. Саясатты оқып-білудің жеке адамдар мен топтардың алуан түрлі мінез-құлқын нақтылы зерттеу арқылы іске асыратын саясаттанулық әдіс



(!) бихевиористік;

(?) жүйелік;

(?) эксперттік бағалау әдісі;

(?) іскерлік ойыны;

(?) әлеуметтанымдық.

 

10. Саясаттанудың негізгі қызметтері

(?) рухани, мәдени, діни.

(!) теориялық-танымдық, дүниетанымдық, әдіснамалық, болжамдық, аксиологиялық, реттеушілік.

(?) құқықтық, экономикалық, әскери-саяси, әлеуметтік.

(?) бихевиористік, компаративистік, дуалистік.

(?) парадигмалық, концептуалдық.

 

11. Саяси институттарға, құрылыстарға, мінез-құлықтарына, оқиғаларға баға беретін саясаттанудың қызметі

(!) болжамдық;

(?) тәрбиелік;

(?) басқарушылық;

(?) аксиологиялық;

(?) теориялық-танымдық;

 

12. Саяси құбылыстар мен үрдістерді талдау тәсілдері мен амалдарын жасаудағы саяси ғылымның қызметі

(?) методология;

(?) талдаушылық;

(!) дүниетанымдық

(?) реттеушілік;

(?) идеалогиялық;

 

13. Танымдық қызмет қандай міндеттерді атқарады

(?) адамдардың саяси өмірде өзін-өзі ұстауы;

(!) қоғамдағы саяси оқиғаларды танып білуге, саяси мәнін түсіну;

(?) адамдардың саяси көзін ашу;

(?) саяси құбылыстарға баға беру;

(?) қоғамдағы билікті жүргізу.

 

14. Азаматтықтың, халықтың демократиялық саяси мәдениеттілігін қалыптастыратын қандай міндет

(?) танымдық;

(?) жетілдіру;

(?) реттеушілік;

(!) саяси-әлеуметтену;

(?) болжау.

 

15. Саясатты ұжымдық мақсатқа тиімді жету жолындағы іс-әрекет ретінде қарастыратын түсінік

(!) Телеологиялық

(?) Құрылымдық

(?) Жүйелік

(?) Позитивтік

(?) Коммуникативтік (қатынастық)

 

16. Саяси парадигма – бұл

(!) саяси шындықты қабылдау және түсіну тәсілдерін айқындайтын логикалық ойлау үлгісі

(?) іс жүзінде орындалған, болып кеткен әрекеттердің псевдологиялық негіздемелері

(?) жалпыға міндетті нормалар жүйесі

(?) қоғамдағы қалыптасқан жүйеге көп өзгеріс әкелмейтін саяси өзгерістер

(?) саяси қызметтің әдісі

 

17. ХХғ. 20ж. ғылымға парадигма ұғымын енгізген ғалым

(!) Г.Кун

(?) М.Вебер

(?) Ж.Боден

(?) К.Маркс

(?) А.Бентли

 

18. Саясаттың табиғаты мен пайда болуын әлеуметтік факторлар арқылы түсіндіретін парадигманың түрі

(?) Натуралистік парадигма

(?) Теологиялық парадигма

(!) Әлеуметтік парадигма

(?) Тиімді-сыни парадигма

(?) Мәмілеге келу парадигма

 

19. Саяси қысым жасау мақсатында жұмысты тоқтату, белгілі бір талаптарды қабылдауға тырысушылық деген не

(?) Бұқаралық жиналыс

(!) Ереуіл

(?) Шеру

(?) Парад

(?) сайлау

 

20. Индивидтің субъективті көзқарасы тұрғысынан билікті зертейтін тәсіл

(!) психологиялық

(?) субъективтік

(?) позитивистік

(?) интеракциондық

(?) салыстырмалы

 

21. Kоғамды жаппай саясаттандыру, экономиканы, мәдениетті және т.б. саяси басқарудан шығатын саясат тұжырымдамасы

(?) Анархистік

(!) Тоталитарлық

(?) Либералдық

(?) Консервативтік

(?) Теократиялық

 

22. Тоталитаризмнің идеялық негізін қалаушы

(!) Платон

(?) Аристотель

(?) Шан Ян

(?) Цицерон

(?) Сократ

 

23. Аристотельдің пікірі бойынша басқарудың аса жетілген түрі

(?) Аристократия

(?) Тирания

(?) Олигархия

(!) Полития

(?) Демократия

 

24. Платонның кемелді мемлекетінде басқарушы бола алатындар:

(?) жер иеленушілер;

(?) қолбасшылар;

(?) қолөнершілер;

(?) саудагерлер;

(!) философтар

 

25. Платонның пікірі бойынша адамның басқарушылық құқыққа ие болуы үшін қандай негізгі жағдай болу керек:

(?) жігер күші;

(?) шешендік қабілеті;

(!) шындыққа ие болу, оған үнемі жетіп отыру;

(?) әділеттілік сезімі

(?) қулық, ақыл.

 

26. Платонның пікірі бойынша атақұмарлар билік ететін мемлекеттің түрі

(?) теократия;

(?) охлократия;

(!) тимократия;

(?) агиократия;

(?) изократия;

 

27. Платонның кемелді мемлекеті ненің прототипі болды

(?) полиархияның;

(?) монархияның;

(?) авторитаризмнің;

(?) охлократияның;

(!) тоталитаризмнің

 

28. Әр түрлі саяси ілімдерде ең жақсылар билік ететін мемлекеттің түрі:

(!) аристократия

(?) геронтократия;

(?) меритократия;

(?) феминократия;

(?) бюрократия;

 

29. Ортағасырлық ойшылдар монархтың үстемдік құқын немен негіздеді

(?) жеке басының сапаларымен

(?) халықтың мойындаумен;

(!) құдайдың қалауымен;

(?) жағдайдың қалыптасуымен;

(?) сайлаушылардың қолдауымен

 

30. Мейірімді қала туралы трактат атты еңбектің авторы кім

(?) Ибн-Рушд

(?) Навои

(?) Низами

(!) Әл-Фараби

(?) Конфуций

 

31. Әл-Фараби өзінің шығармаларында қандай қала-мемлекеттердің типтерін көрсетті?

(?) Жағымды және жағымсыз.

(?) Дұрыс және дұрыс емес.

(!) Қайырымды және қайырымсыз.

(?) Мейірімді және зұлым.

(?) Тирандық және тирандық емес.

 

32. «Мақсат тәсілді ақтайды» деген формула түрінде көрсетілген саясаттың аталуы

(!) макиавеллизм

(?) онапартизм

(?) волюнтаризм

(?) ұлтшылдық

(?) сепаратизм

 

33. Саяси ұйымдасқан қоғамды анықтау үшін “мемлекет” терминін алғаш қолданған кім?

(?) Т.Гоббс;

(?) Д.Локк;

(!) Н.Макиавелли

(?) Ж.Боден

(?) Д.Дидро

 

34. Билікті заң шығарушы, атқарушы және сот билігі деп жіктейтін теорияның авторы

(?) Д.Локк

(?) Э.Дюркгейм

(!) Ш.Монтескье

(?) К.Маркс

(?) Э.Бёрк

 

35. Саяси элита теориясының авторы

(!) Г.Моска, В.Парето

(?) Г.Алмонд, Д.Истон

(?) М.Вебер, Т.Парсонс

(?) Д.де Траси, А.Токвиль

(?) Д.Локк, Ш.Монтескье

 

36. Т.Гоббс ілімі бойынша басқарушының билігі:

(!) Заңмен шектелген.

(?) Шектелмеген абсолютті.

(?) Қайырымды.

(?) Рационалды.

(?) Деспотия.

 

37. Тәуелсіздік декларациясының авторы:

(?) И.Бентам;

(!) Т.Джефферсон;

(?) Аристотель;

(?) Платон;

(?) Хантингтон.

 

38. Егемендік тұжырымдамасының авторы, абсолютизм идеологы

(?) Д.Локк

(?) Т.Гоббс

(!) Ж.Боден

(?) Э.Бёрк

(?) М.Вебер

 

39. Либерализм идеологиясының негізін салушы

(?) Г.Спенсер

(?) Ж.Боден

(?) Г.Тард

(!) Д.Локк

(?) Т.Мор

 

40. XІX ғасырдағы Қытайдың отаршылдық басқару жүйесіне талдау жасаған қазақ ойшылы

(?) А.Құнанбаев

(?) Ы.Алтынсарин

(!) Ш.Уәлиханов

(?) Қ.Шортанбай

(?) Ш.Құдайбергенов

 

41. М.Вебердің анықтамасы бойынша, қоғамдағы саяси үстемдік-бұл:

(!) билікті ұйымдастыру түрі

(?) зорлық-зомбылық;

(?) қанау;

(?) мәжбүрлеу;

(?) сендіру.

 

42. Саяси режимдердің мынадай типтері белгілі:

(?) Унитарлық, федеративтік, конфедеративтік.

(?) Федеративткі, демократиялық, республикалық.

(!) Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.

(?) Тоталитарлық, унитарлық, республикалық.

(?) Унитарлық, демократиялық, авторитарлық.

 

43. Саяси жүйе теориясының негізін салған

(?) Н.Макиавелли;

(!) Д.Истон

(?) Т.Гоббс

(?) М.Вебер

(?) Е.Вятр

 

44. Әлеуметтік жүйелер теориясының негізін салушы:

(?) Д.Истон;

(?) Г.Алмонд;

(?) Ж.Блондель;

(!) Т.Парсонс;

(?) Г.Спиро

 

45. Қоғамның саяси жүйесі ұғымына ұқсас ежелгі гректің сөзі:

(?) полис;

(?) автаркия;

(!) полития;

(?) демократия;

(?) монархия.

 

46. Саяси жүйе орындайтын саяси әлеуметтендіру қызметінің мәні:

(!) қоғам мүшелерін саяси қызметке тарту;

(?) саяси шешім шығаратындарға талаптар қою;

(?) талаптар мен шағындарды жинақтап қорыту, оларға саяси платформа, мәлімдеме, бағдарлама түрін беру;

(?) қоғам дамуының жолын,мақсатын, міндетін анықтау;

(?) қоғамдағы адамдардың және топтардың іс-әрекеті туралы ережелер мен заңдарды өндеу.

 

47. Саяси режим дегеніміз:

(?) мемлекеттің стратегиясы мен тактикасын жетілдіретін өкілеттігі бар тұлғалар емесе органдар жиынтығы;

(?) соғыстан кейінгі экономиканы азаматтық тауарлар (өнім) шығаратын өндіріске көшіру;

(!) белгілі бір мемлекеттегі билікті жүзеге асырудың құралдары мен әдістерінің жиынтығы;

(?) нақты қоғамдық-саяси негізге сүйенетін саяси тәжірибе мен идеология;

(?) саяси жүйедегі негізгі өзгерістің өктемдік тәсілі.

 

48. Тоталитаризм дегеніміз:

(?) билік дін басыларының немесе шіркеу басыларының қолына шоғырланған мемлекеттік құрылыс;

(?) белгілі бір, барлықтарына тән құндылықтарға негізделген, өздерінің спецификалық мүдделерін қорғайтын құрылыс

(!) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылым;

(?) билік формаға келтірілген, нормативті сипаттағы заңды дәстүрлерге негізделген мемлекеттік құрылыс.

(?) әлеуметтік топтардың бір тәртіпке келтірген бәсекесін жүйе ретінде тұжырымдайтын мемлекеттік құрылыс;

 

49. Өзінің қозғалысына сипаттама беру үшін “тоталитаризм” терминін саяси лексиконға енгізуші:

(!) Муссолини;

(?) Гитлер;

(?) Наполеон;

(?) Сталин;

(?) Мао Цзе Дун.

 

50. Тоталитаризмнің түрі ретінде национал-социализм қашан, қай елде пайда болды?

(!) 1933ж. Германияда;

(?) 1922ж. Италияда;

(?) 1928ж. Испанияда;

(?) 1912ж. Қытайда;

(?) 1937ж. Совет Одағында.

 

51. Тоталитаризмнің бір түрі ретінде фашизм қашан, қай елде пайда болды?

(!).1922ж. Италияда;

(?).1933ж. Германияда;

(?).1928ж. Испанияда;

(?).1912ж. Қытайда;

(?).1937ж. Совет Одағында.

 

52. Тоталитаризм кезіндегі биліктің жүргізілуінің сипаты мен мөлшері:

(?) билік қоғам өмірінің әр түрлі салаларында пісіп жетілген, тәуелсіз топтармен диалог жүргізеді және оның нәтижесін өзі анықтайды;

(?) билік заңға сәйкес сайланған азаматтар өкілдері арқылы жүргізіледі;

(?) билікке бағынбайтын қоғамдық өмірдің салаларының пайда болуы;

(?) қоғамның билікке деген рұқсаты аз мөлшерде

(!) жалпы, шегі жоқ бақылау мен зорлық

 

53. Адамдардың тоталитаризм кезіндегі билікке қатынасы:

(?) қоғамның билікке деген қатысы аз мөлшерде;

(?) қоғамның билікке ықпалы;

(?) халықтың биліктен алшақтауы;

(!) қоғамдық сананың билікпен бірігуі;

(?) халықтың биліктің нақтылы өкілдерін таңдауы.

 

54. Авторитаризм дегеніміз

(!) тұлғалар мен қоғамның саяси емес саласындағы автономиясын сақтайтын, саяси оппозицияға жол бермейтін, билікке бір адам немесе бір топ адам келетін тәртіп;

(?) біртұтас мемлекет шеңберіндегі саяси-ұлттық құрылымның ауқымды түрде ішкі өзін-өзі басқаруы;

(?) ғаламдық және өзекті мәселелерді шешуде өзіндік жол табуға ұмтылатын жаңа қоғамдық қозғалыс;

(?) билік әкери адамдардың қолында шоғырланған мемлекетік құрылыс;

(?) қоғамдық өмірдің барлық бағыттарында абсолюттік бақылау жүргізетін мемлекеттік құрылыс

 

55. Авторитарлық режимнің (тәртіптің) әдеттегі тірегі:

(?) шіркеу;

(?) халық;

(?) парламент;

(!) әскер;

(?) Бюрократия

 

56. Тоталитарлық жүйенің демократиялылықтан өзгешелігі:

(?) халық алдында жауаптылығы;

(?) көп меншіктің болуы;

(?) бизнесті бақыламайды;

(?) коллегиялды басқарады;

(!) жеке адамның үстінен толық бақылау жүргізуі.

 

57. Авторитарлы жүйенің тоталитарлы жүйеден айырмашылығы?

(?) демократиялық;

(?) парламенттік;

(!) авторитарлы жүйеде өмірдің барлық жағын шырмап алатын идеология жоқ;

(?) тыйым салатын идеология бар;

(?) халықпен кеңеседі.

 

58. Әлеуметтік-экономикалық құрылым формациясы мен сипатының типіне сәйкес саяси жүйелер мынандай болады:

(?) ашық және жабық;

(?) авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық;

(?) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған;

(?) дамушы және кертартпа;

(!) құл иеленушілік, феодалдық, буржуазиялық, социалистік.

 

59. Саяси режимнің сипатына қарай саяси жүйелер мынандай болып бөлінеді:

(?) ашық және жабық;

(!) авторитарлық, тоталитарлық, демократиялық;

(?) сайысқа түсетін және әлеуметтік табыстыратын;

(?) дамушы және кертартпа;

(?) өтенше және дистрибутивтік.

 

60. Саяси мәдениет типіне байланысты саяси жүйелердің қандай түрлері ажыратылады

(?) дамушы және кертартпа;

(?) ашық және жабық;

(?) демократиялық және автократиялық;

(?) командалық және сайысқа (жарысқа) түсу;

(!) ағылшын-американдық, континентальды-еуропалық, индустрияландыруға дейінгі (жартылай индустрияланған), тоталитарлық

 

61. Биліктің шоғырлануына және бөлінісіне қарай саяси жүйелер мынандай болып жіктеледі:

(?) жаңартылған және дәстүрлі;

(?) демократиялық және автократиялық;

(?) сайысқа түсетін және әлеуметтік табыстыратын;

(!) орталықтандырылған және орталықтандырылмаған;

(?) дамушы және кертартпа.

 

 

62. Мемлекет дегеніміз:

(?) Қаржы-салық аппаратына, байланыс органдарына, коммуналдық қызметке және т.б. негізделген саяси үстемдік.

(?) Әлеуметтік-экономикалық реттеу қызметін орындайтын қоғамдық ұйым.

(!) Үкімет пен оның органдары басқаратын, олардың көмегімен үстем тап өзінің билігін жүзеге асырып, өмір сүруші тәртіпті қорғауды қамтамасыз ететін қоғамның саяси ұйымы.

(?) Қоғамда әлеуметтік әділеттілікті қамтамасыз ететін қоғамдық қозғалыс.

(?) Әрбір адамға жұмыс пен өзге де өмір суруге қажет жағдайларды беруге кепілдік ететін ерікті қоғамдар.

 

63. Мемлекеттің құдайдың қалауымен құрылғанын түсіндіретін тұжырымдама:

(!) теократиялық;

(?) келісім-шарттық;

(?) психологиялық;

(?) әлеуметтік-экономикалық;

(?) патриархалдық;

 

64. Мемлекеттің шығуын басқарушы мен азаматтардың арасындағы келісімнен пайда болды деп түсіндіретін анықтама:

(?) Органикалық

(?) күштеу теориясы;

(!) келісім-шарттық

(?) теократиялық;

(?) патриархалдық.

 

65. Мемлекеттің пайда болуын рулардың тайпаға, олардың одан әрі мемлекетке дейін бірігуіне деп түсіндіретін тұжырымдама:

(?) келісім-шарттық;

(?) психологиялық;

(?) теократиялық;

(?) әлеуметтік-экономикалық;

(!) патриархалдық;

 

66. Мемлекеттің түрі ретінде президенттік республика алғаш рет қай елде енгізілді:

(?) Франция;

(!) АҚШ;

(?) Германия;

(?) Италия;

(?) Австрия;

 

67. Бірнеше егеменді мемлекеттік құрылымдар бір одақтық мемлекетке бірігетін мемлекеттік құрылыс формасы:

(?) унитарлық мемлекеттік

(?) конфедерация

(?) монархия

(?) республик

(!) федерация

 

68. Мемлекет территориясы құрамында федеративтік бөліктер болмайтын, оның орнына әкімшілік-аймақтық бөліктерге бөлінетін құрылыс формасы:

(!) унитарлы мемлекет;

(?) парламенттік;

(?) монархия;

(?) республика;

(?) достастық.

 

69. Мемлекеттің және оның институттарының мүддесін азаматтардың саяси еркіндігімен басым санайтын саяси тұжырымдама:

(?) Партикуляризм;

(!) Этатизм;

(?) Сеператизм

(?) Ұлтшылдық;

(?) Протекционизм

 

70. Басқару түрі бойынша мемлекеттердің мынадай типтері белгілі:

(!) Монархиялық, республикалық.

(?) Тоталитарлық, авторитарлық, демократиялық.

(?) Унитарлық, федеративтік, конфедеративтік.

(?) Социалистік, капиталистік.

(?) Батыстық және шығыстық.

 

71. Бір ғана мемлекет басшысының қолына (толық немесе жартылай) шоғырланған мемлекеттердегі басқарудың түрі:

(!) монархия;

(?) республика;

(?) федерация;

(?) диархия;

(?) конфедерация;

 

72. Kай елдерде абсолюттік монархия орын алған:

(?) Дания, Австрия, Швейцария;

(!) Сауд Аравиясы, Катар, Оман, БАЭ

(?) Жапония, Испания, Оңтүстік Корея;

(?) Ұлыбритания, Австралия, Канада;

(?) Бразилия, Аргентина, Чили

 

73. Мемлекеттің ішкі саясатының оның кеңістіктегі, территориясы жағдайына аса тәуелділігі мен байланысын ашып көрсететін саяси тұжырымдама

(?) Пацифизм

(!) Геосаясат

(?) Плюрализм (көппікірлік);

(?) Протекционизм

(?) Этатизм

 

74. Азаматтық қоғам-бұл:

(!) мемлекеттен дербес және тәуелсіз қоғамдық институттар мен қатынастардың жүйесі;

(?) мемлекеттік органдар мен қатынастардың жүйесі;

(?) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар;

(?) сайлаушылардың ассоциациялары.

(?) партиялық жүйе;

 

75. Антикалық дәуірде “азаматтық қоғам” түсінігі қалай тұжырымдалды?

(?) азаматтық ұжымының мемлекетпен қосылуы;

(?) жеке меншікке қол сұқпау идеясы;

(!) жеке бастамалардың қоғамға бағынуына негізделіп құрылған қоғам;

(?) азаматтардың құқықтық қорғалуы;

(?) саяси плюрализм

 

76. “Азаматтық қоғам” ұғымы қай кезеңде шықты?

(?) орта ғасырда;

(!) антикалық дәуірде;

(?) жаңа заманда;

(?) ренессанс дәуірінде;

(?) қазіргі кезде.

 

77. Азаматтық қоғамның пісіп-жетілуімен басталған және оның мемлекеттік институттармен арасындағы айырмашылықтарымен айқындалатын кезең:

(!) жаңа заман;

(?) ағартушылық дәуір;

(?) қайта өрлеу дәуірі;

(?) ортағасырлық;

(?) қазіргі кезең

 

78. Төменде көрсетілген белгілердің қайсысы құқықтық мемлекетке қатысты?

(!) адам құқығының мемлекеттік заңдардан басым, жоғары тұруы;

(?) әлеуметтік қауіпсіздік;

(?) азаматтардың материалдық және мәдени әл-ауқатын көтеру, қамтамасыз ету;

(?) біртұтас көпшілік партия билігінің монополизациясы;

(?) мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарына монополисы.

 

79. Kұқықтық мемлекет дегеніміз

(!) Азаматтардың мүдделері қорғалған және заңның үстемдігі қамтамасыз етілген мемлекет.

(?) Әлеуметтік құрылымы әрбір деңгейдегі субъектілердің субординациясы болуымен сипатталатын мемлекет.

(?) Көзқарастарды, идеялар мен құндылықтарды халықтың қалың бұқарасын білдеретін мемлекет.

(?) Иерархиялық және демократиялық әдістерді қамтитын ұйымдастыру принципі, мемлекеттік құрылымды басқару.

(?) Автократия.

 

80. Kоғамдық жүйені мемлекет пен азаматтық қоғамға бөлінетін саясаттың тұжырымдамасы

(!) Либерализм

(?) Кейнесиандық

(?) Тоталитаризм

(?) Анархизм

(?) Консерватизм

 

81. Kазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара қарым-қатынасы:

(?) бір-бірінен тәуелсіз.

(?) әрқайсының өз даму жолы мен мүмкіндіктері бар.

(!) бірі-бірімен тығыз байланысты, өзара тәуелді, мүмкіндіктері ұштасып жатыр.

(?) тек қажет жағдайда ғана байланысады.

(?) өзара байланысуға мұқтаж емес.

 

82. Билік саласында субъектілердің міндеттерін шешуге арналған белгілі бір білімдер мен іскерліктің жиынтығы

(!) саяси маркетинг

(?) дау-жанжалдың(шиеленістің) медиаторингі

(?) саяси мониторинг

(?) саяси консалтинг

(?) саяси менеджмент

 

83. Басқарушылар мен басқарылатындардың арасындағы ерекше қарым-қатынас түрі ретіндегі “билік” ұғымының анықтамасы

(!) құрылымдық

(?) телеологиялық

(?) инструменталистік

(?) функционалдық

(?) жүйелік

 

84. Белгілі бір тәсілдерді, соның ішінде өктемдікті пайдаланудың мүмкіндігі ретіндегі “билік” ұғымының анықтамасы

(?) технологиялық

(!) инструменталистік

(?) аналитикалық

(?) теологиялық

(?) Болымсыздық

 

85. Билік туралы аңыздармен байланысты, белгілі бір мақсаттарға жету ретіндегі “билік” ұғымының анықтамасы

(!) телеологиялық

(?) шиеленіс (жанжал)

(?) инструменталистік

(?) бихевиористік

(?) функционолистік

 

86. Басқа субъектілердің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкіндігіне негізделген адамдардың мінез-құлқының ерекше түрі ретіндегі “ билік” түсінігінің анықтамасы:

(!) бихевиористік

(?) рационалдық;

(?) либералдық;

(?) теологиялық;

(?) құрылымдық.

 

87. Басқа билік түрлері үшін жоғарғы болып табылатын билік түрі:

(?) әскери;

(?) теократиялық;

(?) экономикалық;

(!) саяси

(?) бюрократиялық

 

88. Бағындырудың қандай мотиві билікті тұрақтандыра түседі

(?) сендіру;

(!) мүдде

(?) қорқыныш;

(?) сенім

(?) мәжбүр ету.

 

89. Фашизмнің негізін қалаушы:

(!) Б.Муссолини

(?) К.Каутский;

(?) Т.Мор;

(?) А.Гитлер;

(?) К.Маркс

 

90. Саяси биліктің конституциялық тәртіп бойынша сипатталатын саяси режим қалыптасқан мемлекеттің түрі:

(?) әлеуметтік;

(?) тоталитарлық.

(?) әскери (полицейлік);

(?) зайырлы;

(!) құқықтық;

 

91. Азаматтардың жүріс-тұрысын және әрекетін бақылауға, реттеуге бағытталған саяси институт

(?) саяси партия

(!) мемлекет

(?) қоғамдық ұйым

(?) әскер

(?) шіркеу

 

92. Белгілі бір әлеуметтік топтардың мүддесін біріктіруге, негіздеуге және қорғауға бейімделген саяси институт:

(?) мемлекет;

(?) бюрократия

(?) армия

(!) саяси партия

(?) қоғамдық ұйым

 

93. Өздері өмір сүріп отырған қауымдастықты басқаруға белгілі бір азаматтардың қатысуына мүмкіндік туғызатын саяси институт

(?) шіркеу

(?) әскер;

(?) мемлекет

(?) ресми емес ассоциация

(!) қоғамдық ұйым;

 

94. Саясаттың алғашқы субъектісі-бұл:

(?) Топ

(?) Жік

(!) Тұлға

(?) Халық

(?) Тап

 

95. Тұлғаның тоталитарлық тұжырымдамасының авторы:

(!) Платон

(?) Соломон

(?) Демокрит

(?) Лукреций

(?) Цицерон

 

96. Мемлекет құдайдың құдіретімен пайда болған деп түсіндіретін анықтама?

(?) патриархалды концепция

(?) келісімдік теория;

(!) теократиялық теория;

(?) психологиялық теория;

(?) әлеуметтік-экономикалық теория

 

97. Жеке тұлғаның саясатқа араласуының (қатысуының) жоғарғы формасы:

(!) Кәсіби саяси қызмет;

(?) Наразылық акциясына қатысуы

(?) Сайлау науқандарына қатысуы

(?) Митингілерге қатысуы;

(?) Түрлі науқандарға қатысуы;

 

98. Адамның жеке, психо-физиологиялық ерекшеліктеріне назар аударылғанда қолданылатын саяси амал (тәсіл):

(!) Психологиялық;

(?) Синтетикалық;

(?) Әлеуметтанымдық;

(?) Жүйелік;

(?) Антропологиялық.

 

99. Өзара байланыстағы және өзара әректтестіктегі әлеуметтік топтардың жиынтығы сипаттайтын түсінік:

(?) Қоғам;

(!) Әлеуметтік құрылым

(?) Мемлекет;

(?) Мәртебе.

(?) Әлеуметтік-таптық құрылым

 

100. Саяси мінез-құлық – бұл:

(?) Адамның саясатқа араласуы

(?) Саяси-әлеуметтік күштердің саяси үрдістегі бірлескен іс-әрекеті

(?) Адамдардың қандай да бір саяси мақсатты іске асыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттері

(!) Жеке тұлғаның әлеуметтік қауымдастығының саяси билікті жүзеге асыруға, өз саяси мүдделерін қорғауға қатысу формасы

(?) Саяси процесті ұдайы өндіру (дамыту) тәсілі

 

101. Саяси процесс дегеніміз -

(!) саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, өзгеруі, қозғалысы

(?) мемлекеттік саясатты жүргізу барысы

(?) ұлтаралық, дінаралық қатынастар

(?) халықаралық саяси жағдайға байланысты қалыптасатын іс-әрекет түрі.

(?) ішкі және сыртқы саясатта болып жатқан түрлі саяси оқиғалар

 

102. Қазіргі әлемдік деңгейде жүріп жатқан саяси процесс

(!) глобализация

(?) урбанизация

(?) милитаризация

(?) эмансипация

(?) легализация

 

103. Саяси технологиялар дегеніміз

(?) жаңалық енгізуді жүзеге асыру кезеңдерін қолдайтын әдістер мен тәсілдер жиынтығы

(?) тауарлар мен қызмет көрсетулерді экономикалық ресурстардан өндіру үшін қолдануға болатын білімдер көлемі

(?) күнделікті пайдаланатын шикізат қайта өңдеу әдістері мен құралдары туралы ғылым

(?) басқару процесін орындаудың тәсілдері, тәртібі, регламенті

(!) қажетті саяси нәтижеге жетуге арналған әрекеттер жүйесі

 

104. Партия – бұл:

(?) Жалдамалы жұмыскерлерден құралып, еңбек процесінде солардың мүшелерінің жиынтығы;

(?) бар адамдардың тарихи тұрғыдан пайда болған әлеуметтік-экономикалық бірлігі;

(?) Саяси қауымдастық;

(?) Өнегелік-саяси одақ

(!) Билік үшін немесе билікті жүзеге асыруға қатысу үшін күресетін саяси қоғамдық ұйым;

 

105. Партияның негізгі саяси қызметі:

(?) коммуникативтік

(!) билік үшін күрес, оны қолдану немесе оған бақылау жасау;

(?) саяси құрамын толықтыру;

(?) партиялық идеологияны жасау;

(?) саяси әлеуметтендіру;

 

106. Партиялық жүйе дегеніміз-бұл:

(!) барлық өмір сүріп тұрған және әрекет етуші партиялар жиынтығы;

(?) партиялар мен мемлекет арасындағы қатынастар жүйесі;

(?) партияның билікті жүзеге асыру жүйесі;

(?) өкілдік мекемелер жүйесі

(?) лоббистік топтар

 

107. Бірпартиялық жүйелер мыналарға тән:

(!) тотолитарлық және авторитарлық саяси жүйелерге;

(?) консервативтік және реформаторлық саяси жүйелерге;

(?) барлық саяси жүйелерге.

(?) автократиялық саяси жүйелерге;

(?) демократиялық саяси жүйелерге;

 

108. Белгілі бір территорияда жоғарғы билікке ие ұйым, мекемелер жүйесі

(?) демократия;

(?) саяси элита;

(?) қоғам;

(!) мемлекет;

(?) партия

 

109. Партиялар жалпыұлттық саяси құрылымдар ретінде қашан қалыптасты?

(?) ХҮІ ғасырда;.

(?) ХҮІІ ғасырда;

(?) ХҮІІІ ғасырда;

(!) ХІХ ғасырда

(?) ХХ ғасырда

 

110. Кадрлық партияларға тән белгілер:

(!) Сан жағынан азшылығы, мүшелігі еркін, саясаткерлер мен қаржы элитасына сүйенеді;

(?) Саны жағынан көптігі, идеологиялық бағыттылығы, қатал ұйымдастырылуы және мүшелелерінің арасындағы тығыз байланыс;

(?) Жалпыұлттық мүдделерді білдіруге ұмтылу;

(?) Төменгі органдардың партия басшылығына қатал бағынуына негізделген;

(?) Радикалды идеологияны жақтау

 

 

111. Қазақстан әкімшілік-территориялық құрылысы бойынша

(!) унитарлы мемлекет;

(?) конфедерация;

(?) федерация;

(?) монархия;

(?) деспотиялы мемлекет

 

112. Kандай принциптер бойынша партиялар “оңшыл”, “солшыл” және “центристік” болып бөлінеді?

(!) саяси темпераменті бойынша;

(?) іс-қызметті ұйымдастыру және іс-қызмет әдістері бойынша

(?) саяси билікке қатысу бойынша

(?) ұйымдастыру принципі және мүшелігі бойынша;

(?) саяси-әлеуметтік шындыққа қатынасы бойынша

 

113. Саяси партияларды олигархизациялау теориясының авторы:

(!) Р.Михельс;

(?) М.Дюверже;

(?) Д.Урвин;

(?) Р.Даль;

(?) У.Кларк.

 

114. Саяси институт ретіндегі саяси партияның қалыптасуы мен қызмет етуінің үрдісін нұсқаңыз:

(!) Партогенез;

(?) Қалыптасу;

(?) Генезис.

(?) Этногенез;

(?) Даму;

 

115. Партия тарихын үш кезеңге (аристократиялық топтар, саяси клуб, бұқаралық партия) бөлген ғалым кім?

(!) М.Вебер;

(?) А.Бентли;

(?) Р.Даль.

(?) Р.Арон;

(?) Э.Бернштейн;

 

116. Саяси ұйымдардың жетекшілері мен қызметкерлерінің іскерлік әрекеттерінің тәуекелін төмендету негізінде олардың мамандандырылған міндеттерін шешудегі кәсіби көмек түрлері

(!) саяси кеңес беру

(?) анкеттеу

(?) сауалнама

(?) аудит

(?) құқықтық баға

 

117. Парламенттік, президенттік немесе муниципалдық сайлауларда қандай да бір саяси партияға дауыс беретін сайлаушылар тобы:

(!) электорат;

(?) элита;

(?) люмпендер;

(?) азаматтар;

(?) әлеуметтік топ.

 

118. Сайлау өткізудегі үкіметтің міндеті неде?

(!) жариялылығын және барлық үміткерлер үшін тең дәрежеде өтуін қамтамасыз ету;

(?) өзіне жағымды үміткерді өткізу;

(?) ұнамаған үміткерге тыйым салу;

(?) билік ресурсын пайдалану;

(?) сайлаудың өтуін бақылап отыру.

 

119. Пропорциялық сайлау жүйесі дегеніміз не?

(!) саяси партияның ұсынған тізіміне дауыс беру.

(?) үміткердің екі рет сайлауға түсуін;

(?) сайлаушылардың 100% дауыс беруі;

(?) 50-50% дауыс беруі;

(?) сайлаушылардың түгелге жуық құатысуын;

 

120. Мажиторитарлық сайлау жүйесі дегеніміз не?

(!) сайлауға түскен үміткерлердің ең көп дауыс алғаны жеуін;

(?) сайлаушылардың түгел қатысуын;

(?) ашық дауыс беруін;

(?) сайлаушылардың өзінің сайлануын;

(?) сайлауға элиталық топтың дауыс беруін.

 

121. Партияның әрбір сайлау округында депутаттық орынды көп дауыс алуымен иеленетін сайлау жүйесі қалай аталады?

(!) Мажоритарлы;

(?) Пропорционалды;

(?) Преференциалды;

(?) Плюралды (көппікірлік);

(?) Тоталитарлы;

 

122. Республика президентін алғашқы балама сайлау Қазақстанда қай жылы өтті?

(?) 1991ж.

(?) 1995ж.

(?) 1994ж.

(?) 1993ж.

(!) 1999ж.

 

123. Әкімшілік органдар, шіркеу, әскер және т.б. мүдделі топтардың қандай типіне жатады?

(!) институционалдық;

(?) бюрократиялық;

(?) формалды емес;

(?) теологиялық;

(?) бірен-саран.

 

124. Кай ойшылдың еңбектерінде бірінші рет “саяси мәдениет” термині пайда болды?

(?) Платон;

(?) Кант;

(!) Гердер;

(?) Гегель

(?) Ницще

 

125. Саяси мәдениетті түсіндірудегі “психологиялық” тәсіл дегеніміз -

(?) мінез-құлықтың типтік үлгілерінің жиынтығы

(?) нормативті талаптардың пайда болуы;

(!) рухани құбылыстар мен символдардың жиынтығы;

(?) саяси объектілерге бет бұру жүйесі;

(?) адам мінез-құлқының белгілі бір шектеулері

 

126. Кұрылымдық функционализм шеңберіндегі саяси мәдениет дегеніміз-

(?) саяси символдар жиынтығы;

(!) жоғарғы принцип, оның негізінде қоғамда келісім сақталады;

(?) рухани құбылыстардың жиынтығы

(?) нормативті талаптардың көрінісі

(?) саяси объектілерге бет бұру жүйесі

 

127. Адамның түсінігінде өзінің топқа тиістілігін үнемі қажет ететінін ашып көрсететін саяси мәдениеттің функциясы

(?) Бейімделу (адаптация);

(!) Ұқсастыру

(?) Интеграция

(?) Әлеуметтендіру

(?) Коммуникация

 

128. Саяси субмәдениет дегеніміз – бұл:

(?) Рухани құбылыстар мен символдардың жиынтығы

(?) Мінез-құлық типтік үлгілерінің жиынтығы;

(?) Саяси объектілерге бағдарлайтын жүйе

(!) Қоғамның бір тобының саяси мақсаттары мен құндылықтары ұлттық саяси мәдениеттен ерекше байқалатындығы

(?) Нормативті талаптардың көрініс беруі

 

129. Саяси мәдениеттің үш “таза” түрінің типологиясының авторлары (дәстүрлік, бағынушылық, белсенділік):

(!) Г.Альмонд, С.Верба;

(?) Ф.Хайек, Р.Нозик;

(?) М.Вебер, И.Шумпетер

(?) Г.Моска, В.Парето

(?) О.Тоффлер, Е.Масуда

 

130. Саяси сана – бұл:

(?) Тікелей қарау нәтижесі ретіндегі саяси білім;

(!) Саяси билік механизмдерінің іс-қызметтерін көрсететін және саяси қатынастар саласындағы адамдар іс-әрекетін, мінез-құлқын бағыттап отыратын адам руханилығының көптүрлі көрінісі

(?) Саяси мүдделерді қорғау

(?) Саяси мүдделерді қорғау.

(?) Іс жүзінде орын алған немесе енді болып жатқан саяси әрекеттердің псевдологиялық негіздемелері

 

131. Теориялар, тұжырымдамалар, болжамдарды қамтитын саяси сананың саласы:

(?) Саяси география

(!) Саяси ғылым

(?) Саяси психология

(?) Азаматтану

(?) Саяси білім

 

132. Докториналарды, идеялдарды, бағдарламаларды, ұрандарды қамтитын саяси сананың саласы:

(!) Саяси идеология

(?) Саяси этика

(?) Саяси психология

(?) Азаматтану

(?) Саяси білім

 

133. Саяси мүдде, мақсат, ерік, сезім, көңіл-күй, пікір, нанымды қамтитын саяси сананың саласы:

(?) Саяси идеология

(?) Саяси ғылым

(!) Саяси психология

(?) Азаматтану

(?) Саяси әлеуметтану

 

134. Мына ғалымдардың қайсысы алғаш рет “идеология” терминін енгізді?

(?) Д.Локк

(?) Э.Берк

(!) Д.де Треси

(?) Платон

(?) В.Парето

 

135. Ресми бекітілген және барлық азаматтар үшін міндетті идеологияның болуы ненің сипаты болып табылады:

(?) бонапартизмнің;

(?) демократизмнің;

(!) тоталитаризмнің;

(?) либерализмнің;

(?) волюнтаризмнің.

 

136. «Халық басқаруы, халық таңдаған және халық үшін таңдалған» деген демократияның анықтамасы кімдікі?

(?) Д.Вашингтондікі;

(?) Т.Джеферсондікі;

(?) Г.Адамсудікі;

(!) А.Линкольндікі;

(?) Ф.Рузвельттікі.

 

137. Демократия пайда болған жері:

(?) Вавилон;

(?) Рим;

(?) Китай;

(!) Афины;

(?) Спарта.

 

138. Ортағасырлық ойшылдар монархтың үстемдік құқығын немен негіздеді.

(?) жеке басының сапаларымен;

(?) халықтың мойындауымен;

(!) құдайдың қалауымен;

(?) жағдайдың қалыптасуымен;

(?) сайлаушылардың қолдауымен.

 

139. Мемлекет ұғымын саяси форма ретінде қоғамға алғаш енгізген ғалым.

(?) Т.Гоббс;

(?) Т.Мор;

(?) Г.Гегель;

(?) А.Токвиль;

(!) Н.Макиавелли.

 

140. Демократия ұғымы мынаны білдіреді?

(?) үкімет билігін;

(!) халық билігін;

(?) элитаның;

(?) зиялы қауымның;

(?) шіркеудің.

 

141. Ертедегі демократияның басты принциптері.

(?) волюнтаризм;

(!) еркіндік, теңдік;

(?) аскетизм;

(?) гедонизм;

(?) баю.

 

142. Тікелей демократия ұғымы нені білдіреді?

(?) басшының бәрі үшін дауыс беруін;

(!) халықтың өзінің еркін өкілетті емес, жолмен білдіруі;

(?) талқыламай-ақ дауыс беруді;

(?) байлардың дауыс беруін;

(?) әскерлердің дауыс беруін.

 

143. Либералдық демократияға мыналардың қайсысы жатады?

(?) шектеулі демократия;

(!) халық билігі, теңдік;

(?) тоталитарлы демократия;

(?) авторитарлы демократия;

(?) суперпрезиденттік демократия.

 

144. Элиталық демократия ұғымы нені білдіреді?

(!) елдегі демократияны элиталық топ қалыптастырады;

(?) монархиялық демократияны;

(?) тікелей демократияны;

(?) плебисциттік демократияны;

(?) рефенердумдық демократияны.

 

 

145. Демократиялық сайлау жүйесінің басты белгісі қайсысы?

(!) бәсекелестік;

(?) бәсекелестіктің болмауы;

(?) жасырын дауыс бермеуге жол бермеу;

(?) лидерге ғана дауыс беру.

(?) ашық түрде дауыс беру;

 

146. Демократиялық басқарудың басты артықшылығы неде?

(?) биліктің айтқаны болады;

(!) биліктің бір қолға жиналуына мүмкіндік бермейді;

(?) байығанда баи түседі;

(?) ешкім кедей болмайды;

(?) элиталық топ ғана басқарады

 

147. Арнайы заңдар көмегімен өзінің демографиялық эволюциясына бірінші болып ықпал жасаған мемлекет:

(?) АҚШ;

(!) Франция;

(?) Ұлыбритания;

(?) Италия;

(?) Канада.

 

148. Демографиялық саясат дегеніміз

(?) халықтың санының өсуіне ықпалын тигізетін саясат

(?) мемлекеттің ішкі саясатындағы жалпы бағыт

(!) халықтың ұдайы өсіп-өнуіне және жасөспірімдерді әлеуметтендіру процесіне ықпал етуді қамтитын мемлекеттік шаралар жүйесі

(?) халықтың өлім-жітімінің азаюына әсерін тигізетін саясат

(?) елдің қаржылық жүйесінің негізіндегі ақша өлшем бірлігінің құндылығын анықтайтын саясат

 

149. Демографиялық саясаттың негізгі мазмұны

(?) еңбек пен демалыс үшін қажетті жағдайларды жасау

(?) еңбекақыны реттеу

(?) халықтың жалпы өмір сүру жағдайына ықпал ету

(?) халықтың кедей тобына қолдау көрсету

(!) елдің халық санына реттеушілік ықпал жасау

 

150. Казақстан Республикасы демографиялық саясаттың қандай шарасына көңіл аударып отыр:

(?) экономикалық;

(?) әкімшілік-заңдық;

(?) психологиялық;

(!) отбасылық жәрдемақы;

(?) тууды шектеу.

 

151. Саяси элита дегеніміз:

(?) мемлекеттегі және қоғамдағы билік функцияларын атқару үшін бір субъекті ұсынатын саяси феномен;

(!) қауымдастықтағы саяси мүдделерді білдіру үшін дайындалған адамдар тобы;

(?) ерекшелігі жоғарыдан төменге бағыттауы болып табылатын билік түрі;

(?) әлеуметтік позициясы шешім қабылдаумен байланысты басқарушылық мәртебе;

(?) қауымдастықтың символы және топтың саяси мінез-құлқының үлгісі

 

152. Арыстандар мен “түлкілер” деп элитаны екі түрге бөлетін теория:

(!) “элита айналымы” теориясы;

(?) билік олигархизация теориясы;

(?) психологиялық теория;

(?) биліктің күштейтін тұжырымдамасы;

(?) структурация теориясы

 

153. Саяси тап теориясының авторы:

(!) Г.Моска;

(?) В.Парето;

(?) Р.Михельс;

(?) Ж.Боден;

(?) Г.Лассуэл.

 

154. Элита терминін кім ғылымға бірінші болып енгізді?

(?) Д.Белл;

(!) В.Парето;

(?) О.Тоффлер;

(?) Дж.Гэлбрейт;

(?) З.Бжезинский

 

155. Элита айналымы теориясының авторы:

(?) Дж. Нейсбит;

(!) В.Парето;

(?) Е.Масуда;

(?) М.Вебер;

(?) Дж. Вольф.

 

156. Олигархияның темірдей заңы теориясының авторы

(?) Г.Моска;

(?) А.Бентли

(!) Р.Михельс;

(?) И.Шумпетер;

(?) Б.Барбер.

 

157. Саяси лидер – бұл бүкіл қоғамды топтастыратын және біріктіретін және өзінің үстемдігін сақтап қалу үшін, қоғамдық тәртіпті ұстау үшін кез-келген тәсілдері қолданатын патша деп тұжырымдаған ойшыл:

(!) Н.Макиавелли;

(?) Ш.Л.Монтеське;

(?) Плутарх;

(?) Аристотель;

(?) Т.Карлейль

 

158. Билікті заңдастыру тәсілі бойынша лидерлер мынандай түрлерге жіктеледі:

(!) дәстүрлі, харизматикалық, рационалды-ресми;

(?) басқарушы, оппозициялық;

(?) дағдарысты, ескішілдікке негізделген;

(?) формалды, формалды емес;

(?) авторитарлық, демократиялық

 

159. М.Вебердің пікірі бойынша лидерліктің үш түрі бар

(?) оңшыл, солшыл, центристер

(!) дәстүрлі, харизматикалық, рационалды-ресми

(?) басқарушылық, оппозициялық, оппортунистік

(?) формалды, формалды емес, саналы

(?) индивидуалдық, топтық, бұқаралық

 

160. Саяси қызмет – бұл:

(?) саяси процесті ұдайы өндіру тәсілі

(?) саяси субъектілердің саяси қатынастарға тартылуы

(!) адамдардың қандай да бір саяси мақсатты іске асыруға бағытталған әр түрлі іс-әрекеттері

(?) проблеманы табу және анықтау

(?) мақсаттарды қалыптастыру және басымдықтарын бөліп көрсету

 

161. М.Вебер саяси қызметтің қай түрін өте маңызды деп есептеді?

(?) мемлекеттің істеріне қатысу

(?) билікті бөлу

(!) өмір сүріп тұрған үстемдік қатынастарының сақталуы

(?) дауыс беру

(?) демонстрация

 

162. Саяси шешім – бұл:

(!) белгілі бір саяси іс-әрекеттің жобасын таңдау және негіздеу;

(?) проблемаларды табу және анықтау;

(?) мақсаттарды қалыптастыру және басымдықтарын бөліп көрсету;

(?) саяси процестерді ұдайы өндіру әдісі

(?) саяси субъектілердің саяси қатынастарға тартылуы

 

163. Бұқараның көңіл-күйіне сүйенетін, қоғамдық пікірге деген тура аппеляция шешімдерді іс жүзіне асырудың қай типіне жатады?

(?) радикализм;

(?) элитизм;

(!) популизм;

(?) экстремизм

(?) демократизм.

 

164. Бүтіннің бөлшектен басымдығынан, адамның мемлекетке толық бағынуынан келіп шығатын саяси үлгі (модель):

(?) Социал-демократиялық

(?) Протекционизм

(?) Либерализм

(?) Ұлтшылдық

(!) Тоталитарлық

 

165. Коғамда әлеуметтік теңсіздікті, оның жікке бөлінуін сипаттайтын түсінік:

(!) Әлеуметтік стратификация;

(?) Әлеуметтік құрылым;

(?) Әлеуметтік-таптық құрылым;

(?) Әлеуметтік жүйе;

(?) Қоғамдық жүйе.

 

166. Т.Моска және В.Парето стратификацияның қалай қарастырған?

(?) Әлеуметтік теңсіздік;

(?) Психологиялық сәйкестік және сәйкессіздік;

(?) Азаматтардың өзін-өзі ұқсастыруын анықтауы (самоидентификация);

(?) Әлеуметтік бағыт-бағдар;

(!) Саяси теңсіздік

 

167. Статификациялық грацияны үш фактор-байлық, абырой, билік бойынша анықтауды ұсынған кім?

(?) Р.Даль;

(?) Ф.Хайек;

(!) М.Вебер

(?) П.Сорокин;

(?) Р.Дарендорф.

 

168. Топтар және азаматтардың белсенділігі себеп болған әлеуметтік дифференцияның өзгерту тәсілдерін сипаттайтын ұғым:

(?)Саяси қызмет

(?) Әлеуметтік интеграция;

(?) Саяси міне-құлық;

(!) Әлеуметтік мобильділік

(?) Әлеуме ттік диспозиция

 

169. М.Вебер өзінің қай еңбегінде таптардың үш түрге бөледі: дәулетті, иемденуші және әлеуметтік?

(?) “Зарарлы (қауіпті, зиянды) менмендік (көкіректік)”

(?) “Харизматикалық үстемдік”

(?) “Жаңа тап”

(!) “Шаруашылық және қоғам”

(?) “Саясат”

 

170. Планетадағы өркениетке және жалпы өмір сүруге қауіп-қатер төндіретін әлемдік соғыс проблемасын болдырмау қай проблемалар қатарына жатады:

(!) Жалпы дүниежүзілік жаһанды проблемалар

(?) Жалпы планетааралық жаһанды проблемалар

(?) Жалпы адамдық жаһанды проблемалар

(?) Экологиялық проблемалар

(?) Азық-түлік проблемалары

 

171. Коғам мен тұлға қатынасын, оны азат ету және жан-жақты даму, болашағын жақсарту мәселелерін айқындайтын гуманизация үрдісі қай проблемалар қатарына жатады?

(!) Жалпы адамдық жаһанды проблемалар

(?) Қоршаған ортаны қорғау проблемалары

(?) Қарулану проблемалары

(?) Халықаралық терроризм проблемалары

(?) Апаттық жағдайларды болдырмау проблемасы

 

172. Жаһандану процесі дегеніміз не?

(!) Жалпыадамзаттық кұндылықтарға негізделген өркенниеттердің өзара ықпалдасуы.

(?) Мемлекеттердің оқшаулану процесі.

(?) Бір мемлекеттің екінші мемлекетке ыкпалы.

(?) Барлық мемлекеттердің бір салт дәстүрді ұстануы.

(?) Барлық мемлекеттердің бір орталыққа бағынуы.

 

173. Жаһандану жағдайындағы Қазақстан сияқты ұлттық мемлекеттер үшін аса маңызды мәселе не?

(!) өзіндік ұлттық ерекшеліктерін сақтап қалу

(?) ұлттық қауіпсіздікті ойламау.

(?) шекараларды мықтау.

(?) изоляциялық саясат ұстану.

(?) отандық тауар өндірушілерді қорғау.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 409 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
При пальпации больного на левом боку в правой подвздошной области выявлена болезненность. Для какого симптома характерна данная картина?// 5 страница | 1. Cаясаттану ғылымы нені зерттейді

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.35 сек.)