Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Тіс ұлпасына инфекция жиі осындай жолмен өтеді// 5 страница



псевдомембранозды кандидоз//

қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

ауыз қуысының екіншілік мерезі //

+жалпақ лейкоплакия//

Боуэн ауруы

***

Науқасқа «Жалпақ лейкоплакиясы» деп диагноз қойылған. Зақымданған ошақтағы эпителийде қандай патологиялық өзгерістер байқалады?//

+Гиперкератоз//

Баллонды дегенерация//

Акантолиз//

Папилломатоз//

Спонгиоз

***

Науқасқа «Жалпақ лейкоплакиясы» деп диагноз қойылған. Зақымданған ошақтағы эпителийнің мүйіздену процессін қалыптастыруына нәтиже беретін тиімді препаратын көрсетіңіз//

Аскорутин//

Пипольфен//

Тиамин//

+Витамин А, майлы ерітіндісі//

Натрий тиосульфаты

***

46 жастағы науқас стоматологиялық бөлімге ауыз қуысын сауықтыру және протездеуге дайындалу мақсатында келді. Объективті тексергенде қатты таңдай кілегей қабатының мөлдір емес көрінісінде оның артқы 1/3 бөлігінде майда қызыл түйіншіктер көрінеді. Олардың ортасында сілекей бездерінің кеңейген шығу өзектері нүкте тәрізді орналасқан. Қандай диагноз қоюға болады://

қызыл жалпақ теміреткі, қарапайым түрі//

қызыл жегі, қарапайым түрі//

лейкоплакия, веррукозды түрі//

созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

+Таппейнер лейкоплакиясы

***

Ер адам, 30 жаста, тілдің күю сезіміне және дәм сезудің төмендеуіне шағымданып келген. Анамнезі бойынша: бұрын фосфор зауытта жұмыс істеген. Қарап тексергенде: ұрттардың шырышты қабығында тістердің түйісу сызығы бойымен және тілдің арқасында және бүйір бетінде әр түрлі көлемді мен пішінді гиперкератоз ошақтары байқалады, төңірегіндегі шырышты қабығынан көтерінкі емес орналасады, шекаралары анық, шырышты қабығының ляписпен күйігіне ұқсайды. Жалпы терапия үшін қандай препаратты тағайындағаны жөн?//

+ретинол ацетаты (А дәрумен)//

тиамин нитраты (В1 дәрумен)//

аскорбин қышқылы (С дәрумен)//

колекальциферол (Д дәрумен)//

токоферол ацетаты (Е дәрумен)

***

Ер адам, 47 жаста, дәрігерге алдын алу мақсатымен келген. Анамнезі бойынша: пациент өте ыстық және ащы тағам қабылдауды жақсы көреді. Қарап тексергенде: ауыздың алдыңғы бөлігінің ұрттардың шырышты қабығының тістердің түйісу сызығы бойында және төменгі еріннің қызыл жиегінде әр түрлі көлемді мен пішінді гиперкератоз ошақтары байқалады, төңірегіндегі шырышты қабығынан көтерінкі емес орналасады, шекаралары анық, қырғанда алынбайды. Осы клиникалық көрініске қандай болжамды диагноз сәйкес келеді?//



+лекоплакия, жазық түрі//

Қызыл жегі, типті түрі//

Лейкоплакия, веррукозды түрі//

Мерез, папулезды түрі//

Гиперпластикалық кандидоз

***

Аталған ауруда жараның шетінен алынған биоптатты зерттеуде екі зонаны анықтайды: беткей (некротикалық) және терең (қабынған). Беткей зонада көптеген және әртүрлі флора (коктар, таяқшалар, фузобактериялар, спирохеталар және т.б.) табылады, терең зонада - фузобактериялар, спирохеталар басым болып келеді. Қандай ауруда осындай патогистологиялық суреттемені көруге болады://

+Венсанның жаралы некротикалық гингиво-стоматит//

Созылмалы қайталамалы афтозды стоматит//

Созылмалы қайталамалы герпетикалық стоматит//

Туберкулезды жег//

Біріншілік сифилис

***

Науқастың жасы 28, жалпы әлсіздікке, ауыз қуысында ауру сезіміне және шіріген иістің шығуына шағымданып келді. Қосалқы аурулары жоқ. Ауру сезімдер қатты салқындану әсерінен 3 күн бойы мазалайды. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, дене температурасы 38,2 °С. Ауыз қуысында ретромолярлы аумаққа жақын жерінде екі ұртта ісінген қызарған фон үстінде некрозданған ошақтар анықталады. Некрозданған ошақтардың шеті тегіс емес, сұр-жасыл түсті, қақты алғанда астынан ауыршаң, қанағыш ойық жаралар (язвы) байқалады. Жаралар түбі және шеттері тығыз емес. Ауыз қуысының гигиенасы орташа. Болжалды диагноз қойыңыз//

+Венсанның жаралы-некротикалық стоматит//

Декубитальды жарасы//

Обыр жарасы//

Трофикалық жара//

Мерез жарасы

***

Науқастың жасы 28, жалпы әлсіздікке, ауыз қуысында ауру сезіміне және шіріген иістің шығуына шағымданып келді. Қосалқы аурулары жоқ. Ауру сезімдер 3 күн бойы мазалайды. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, дене температурасы 38,2 °С. Ауыз қуысында ретромолярлы аумаққа жақын жерінде екі ұртта ісінген қызарған фон үстінде некрозданған ошақтар анықталады. Некрозданған ошақтардың шеті тегіс емес, сұр-жасыл түсті, қақты алғанда астынан ауыршаң, қанағыш ойық жаралар (язвы) байқалады. Жаралар түбі және шеттері тығыз емес. Ауыз қуысының гигиенасы орташа. Диагноз қою үшін қосымша зерттеудің ең тиімді әдіс//

+Қанның толық анализі//

Зәр анализі//

Роттер сынамасы//

Күлдіреік сынамасы//

Вассерман реакциясы

***

Науқас 21 жас, жалпы жағдайының төмендеуіне, әлсіздігіне, дене температурасының жоғарлауына, ауыз қуысында жедел ауырсынуына, қызыл иектің қанауына, жағымсыз иістің пайда болуына шағымданады. Об-ті: әлсіздік, тершендік, бет терісі бозғылт, жақ асты лимфа түйіндер ұлғайған, ауырсынады. Ауыз қуысында: сол жақ ретромолярлы аймағының ісінген, қызарған шырышты қабықтың фон үстінде сұр түсті некрозаданған ошақ анықталады, қақ алған соң ауыршаң, қанағыш диаметрі 1 см-ге дейін ойық жара жалаңаштанады. 3.8 тіс жартылай жарып шықты. Тісаралық емізікшілердің ұштары некрозға ұшыраған, сұр түсті. Тіс қақтары көп мөлшерде. Қан анализі: ЭТЖ (СОЭ) – 18 мм/сағ, лейкоциттер саны 10000х109. Болжалды диагноз қойыңыз//

Мерез жарасы//

Обыр жарасы//

+Венсанның жаралы-некротикалық стоматит//

Трофикалық жара//

Декубитальды жарасы

***

Науқастың жасы 20, ер адам, дәрігерге ауыз қуысында ауру сезімінің болуына, тамақ жегенде аурудың үдейтініне, сілекейдің көп мөлшерде бөлінуіне, ауыздан жағымсыз иістің шығуына және жалпы әлсіздігіне шағымданады. Тексеріп қарағанда: терісінің түсі бозғылт, регионарлы лимфа түйіндері ұлғайған. Ауыз қуысын тексергенде: төменгі жақ сегізінші тісінің маңындағы және ұрттың шырышты қабығында диаметрі 5-6 мм ойық жаралар бар. Олардың қырлары жұмсақ, тегіс емес, жағымсыз иісті, өлі еттенген қақпен жабылған. Қақты алып тастағанда жараның табаны жұмсақ және қанағыш. Клиникалық белгілер негізінде алдын-ала диагноз қойыңыз://

жедел ұшықты стоматит//

созылмалы қайталанбалы стоматит//

+ойық жаралы-өлі еттенген Венсан стоматиті//

созылмалы қайталанбалы афтозды стоматит//

көп түрлі жалқықты эритема

***

Ауыз қуысында туберкулезды жегінің ошақтарының ең жиі орналасатын аймақтары//

Таңдай бадамшасы мен иіндері//

+алдыңғы тістердің қызыл иек маңында, жоғарғы ерін, қатты таңдай//

ұрттың кілегей қабаты, төменгі ерін, өтпелі қатпары//

артқы жұтқыншақтың кілегей қабаты//

барлық жауап дұрыс

***

Шеттері тегіс емес, жұмсақ, терең емес ойық жара, түбі дәндітәріздес, сары қақпен жабылған, сипап тексергенде қатты ауырады, айналасында ұсақ абсцесстенген Трель дәндері бар. Құрт ауруының қандай түріне осындай клиникалық белгілері тән?//

туберкулезді жегі//

+милиарлы- жаралы туберкулез//

колликвативті туберкулез//

біріншілік туберкулездің ойық жарасы//

туберкулездің барлық түрі

***

Науқастың жасы 35. Ауыз қуысын қарап тексергенде жоғарғы еріннің сілемейлі қабығының оң жақ аймағында беткей жара анықталды, өлшемі шамамен 7х7 мм, жараның шеті жұмсақ, ісінген, аздап ауырады, түбінде таңқурайға (малинаға) ұқсас, қанағыш папиломатозды өсінділері бар. Регионарлы лимфа түйіндері үлкейген, тығыз. Қандай аурудың суреттемесі://

біріншілік мерез//

+туберкулезды волчанка//

үшіншілік мерез//

лейкоплакия, веррукозды түрі//

Венсанның жаралы-некротикалық стоматит

***

Науқас 40 жаста, тілдегі тағам қабылдаған және сөйлеген кезде күшейетін ауырсынуына, соңғы ай ішінде дене қызуының кешкі уақытта жоғарлауына шағымданады. Қараған кезде: науқас жүдеу, әлсіз. Төменгі жақ асты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады. Таңдайда беткейлік, аз ауырсынатын, түбі сары-қызыл жағындымен және грануляциямен жабылған жара байқалады. Ауру этиологиясында қандай микроорганизм орын алады://

герпес вирусы//

+туберкулез микобактериясы//

Венсан спирохетасы//

бозғылт трепонема//

стафилококк

***

Науқас 35 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде сол жақ аймағында диаметрі шамамен 1 см-ге дейін ойық жара анықталды, пішіні сопақ, беті тоң май қақпен жабылған, шеті тегіс, көтерінкі, тығыз, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтраты бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндер үлкейген, диаметрі 2-3 см дейін, шеміршектәрізді тығыз. Болжалды диагноз://

Абразивті канцерозды Маганотти хейлиті//

Туберкулезды жегі//

+Біріншілік мерез//

Обыр жарасы//

Трофикалық жара

***

Науқас 35 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде сол жақ аймағында диаметрі шамамен 1 см-ге дейін ойық жара анықталды, пішіні сопақ, беті тоң май қақпен жабылған, шеті тегіс, көтерінкі, тығыз, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтраты бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндер үлкейген, диаметрі 2-3 см дейін, шеміршектәрізді тығыз. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдіс қажет://

Цитологиялық//

Манту реакциясы//

+Вассерман реакциясы//

Жалпы қан анализі//

Зәр анализі

***

Науқас 35 жаста, жоғарғы ерінде ұзақ уақыт жазылмайтын жараға шағымданып келді. Қараған кезде: еріннің қызыл жиегінде сол жақ аймағында диаметрі шамамен 1 см-ге дейін ойық жара анықталды, пішіні сопақ, беті тоң май қақпен жабылған, шеті тегіс, көтерінкі, тығыз, пальпацияда ауырсынбайды, негізінде шеміршік тінді инфильтраты бар. Төменгі жақ асты лимфа түйіндер үлкейген, диаметрі 2-3 см дейін, шеміршектәрізді тығыз. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдіс қажет://

+Қақтың бактериоскопиясы//

Манту реакциясы//

Жалпы қан анализі//

Цитологиялық//

Зәр анализі

***

27 жастағы науқас ауыз қуысында белгілі бір бөрткендердің пайда болуына шағымданып калді. Анамнезі бойынша: 5-6 ай бұрын тілдің сол жақ бүйір беткейінде диаметрі 1 см-ге дейін жететін ойық жара пайда болды. Жара инфильтрацияланған негізде орналасқан, шеттері тегіс және көтерінкі болды, тиіп кеткенде көп мазалаған жоқ. 2 айдан кейін жара өз бетімен жазылды. Қарап тексергенде жұмсақ таңдайда және бадамша бездерінде ақшыл-сұр түстес түйіншектер (папулалар) анықталды. Түйіншектер ауыршан, беттері қақпен жабылған, кішкене көтерінкі орналасады, қабыну жолақпен шектелген, айналасындағы сілемейлі қабық өзермеген. Диаметрі – 1,5 см. Қақты қырғанда қызыл ет тәріздес беткей жара жалаңаштанады. Болжалды диагноз//

Қызыл жалпақ теміреткі//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Көп түрлі жалқықты эритема//

+Екіншілік мерез//

Аллергиялық стоматит

***

27 жастағы науқас ауыз қуысында белгілі бір бөрткендердің пайда болуына шағымданып калді. Анамнезі бойынша: 5-6 ай бұрын тілдің сол жақ бүйір беткейінде диаметрі 1 см-ге дейін жететін ойық жара пайда болды. Жара инфильтрацияланған негізде орналасқан, шеттері тегіс және көтерінкі болды, тиіп кеткенде көп мазалаған жоқ. 2 айдан кейін жара өз бетімен жазылды. Қарап тексергенде жұмсақ таңдайда және бадамша бездерінде ақшыл-сұр түстес түйіншектер (папулалар) анықталды. Түйіншектер ауыршан, беттері қақпен жабылған, кішкене көтерінкі орналасады, қабыну жолақпен шектелген, айналасындағы сілемейлі қабық өзермеген. Диаметрі – 1,5 см. Қақты қырғанда қызыл ет тәріздес беткей жара жалаңаштанады. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдіс қажет://

Цитологиялық//

Манту реакциясы//

+Вассерман реакциясы//

Жалпы қан анализі//

Қанның биохимиялық анализі

***

27 жастағы науқас ауыз қуысында белгілі бір бөрткендердің пайда болуына шағымданып калді. Анамнезі бойынша: 5-6 ай бұрын тілдің сол жақ бүйір беткейінде диаметрі 1 см-ге дейін жететін ойық жара пайда болды. Жара инфильтрацияланған негізде орналасқан, шеттері тегіс және көтерінкі болды, тиіп кеткенде көп мазалаған жоқ. 2 айдан кейін жара өз бетімен жазылды. Қарап тексергенде жұмсақ таңдайда және бадамша бездерінде ақшыл-сұр түстес түйіншектер (папулалар) анықталды. Түйіншектер ауыршан, беттері қақпен жабылған, кішкене көтерінкі орналасады, қабыну жолақпен шектелген, айналасындағы сілемейлі қабық өзермеген. Диаметрі – 1,5 см. Қақты қырғанда қызыл ет тәріздес беткей жара жалаңаштанады. Диагнозды нақтылау үшін қандай қосымша зерттеу әдіс қажет://

Цитологиялық//

Манту реакциясы//

+Қақтың бактериоскопиясы//

Жалпы қан анализі//

Қанның биохимиялық анализі

***

Науқасқа «Созылмалы кандидозды стоматиті» деп диагноз қойылған. Осы ауруға жергілікті ем жүргізу үшін қолданылатын этиотропты препаратты көрсетіңіз//

+Саңырауқұлақтарға қарсы жақпа //

Вирусқа қарсы жақпа //

Кең спектрлі антибиотик//

Жансыздандырушы ерітінді//

Кератопластиктер

***

Науқасқа «Жедел псевдомембранозды кандидоз стоматиті» деп диагноз қойылған. Осы ауруды анықтау үшін қандай зерттеулер жүргіземіз//

Рентгенологиялық//

Биопсия//

Иммунологиялық//

+Бактериоскопиялық//

Аллергологиялық

***

Науқас жедел бронхитпен сырқаттануына байланысты бірнеше рет антибиотикті бұлшық ет арқылы ем алған. Антибиотикті 3 күн қабылдағаннан кейін тілінде ақ қақ пайда болып, жағымсыз сезінеді. Қарап тексергенде: ісініп, қызарған тіл бетінде ақ түсті қақ байқалады. Қақ сүзбеге (творог) ұқсас. Қырып тексергенде қақ алынады, астында гиперемияланған ошақ байқалады. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз//

Лейкоплакия, жалпақ түрі//

+Жедел псевдомембранозды кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, типтік түрі//

Десквамативті глоссит//

Ромб тәріздес глоссит

***

48 жастағы әйел ауыз бұрыштарында тіліктердің пайда болуына шағымданады. Анамнезі: қант диабетінің компенсирленген түрімен ауырады. Объективті: ауыз бұрышында аз ылғалды эрозиялар бар, шеттері жіңішке сұр қабыршақтармен жабылған. Пальпациялағанда негізінде тығыздану жоқ, аздап ауырады.Төмендегілердің қайсысы диагностикалаудың келесі қадамы болып табылады://

люминесцентті диагностика//

жалпы қан анализі//

+Candida саңырауқұлақтарға жұғынды алу//

биопсия//

стоматоскопия

***

53 жастағы әйел ауыз қуысында құрғақтық және күйю сезіміндеріне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қосалқы ауруы – қант диабеті. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Екі ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында нүкте тәрізді ақ түсті қақтары бар, қырғанда жақсы алынады. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған, оны қырғанда астында анық қызарған беткей жалаңаштанады. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Болжалды диагноз://

Веррукозді лейкоплакия, табақшалы түрі//

Глоссалгия//

Десквамативті глоссит//

Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі//

+Жедел псевдомембранозды кандидоз

***

53 жастағы әйел ауыз қуысында құрғақтық және күйю сезіміндеріне және тіл бетінде ақ қақтың пайда болуына шағымданады. Үш апта бұрын науқас өкпе ауруына қарсы антибиотиктермен емдеу курсын қабылдаған. Қосалқы ауруы – қант диабеті. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы жақсы. Аймақтық лимфа түйіндері өзгеріссіз. Екі ұрты қызарған, ісінген, шырышты қабығында нүкте тәрізді ақ түсті қақтары бар, қырғанда жақсы алынады. Тілі ісінген, қатпарлы ақ-сұр қақпен қапталған, оны қырғанда астында анық қызарған беткей жалаңаштанады. Қырғанда қақ жақсы алынады, тілдің бүртіктері тегістелген. Бүл ауруды емдеу үшін ең тиімді препараттарды көрсетіңіз//

кератопластикалық//

склероздаушы//

қабынуға қарсы//

вирусқа қарсы//

+саңырауқұлаққа қарсы

***

Науқас 75 жаста. Ауыздың құрғауына және таңдай, тілдің ашуына шағымданады. Аталған шағымдар 1 ай көлемінде пайда болды. Ауру тарихнама бойынша: ауызда жоғарғы мен төменгі жақтың пластиналық алмалы-салмалы протездері бар, салғанына 6 жыл болған. Жалпы аурулар: гипертониялық ауру, созылмалы холецистит. Тексеру барысында: жоғарғы жақ протез астында таңдай аумағында шырышты қабық қызарған, тіл беті да қызарған, құрғақ тіл емізікшелері жұқарған, тіл бетінде аз мөлшерде ақ түсті қақтар байқалады, ауыз бұрыштарында сұр түстес қақпен жабылған тіліктер анықталады. Ауыз қуысы гигиенасы нашар. Болжалды диагноз://

Жедел псевдомембранозды кандидоз //

Қызыл жалпақ теміреткі, жалқықты-қызарған түрі//

Медикаментозды стоматит//

Екіншілік папулезды мерез//

+Созылмалы атрофиялық кандидоз

***

Науқас 67 жаста. Шағымы: ауыз бұрышында пайда болған қабыршақтар, және ашу, құрғау сезімдері. Аталған симптомдар 2 апта бұрын пайда болған. Ауру тарихнама бойынша: қабыршақтар пайда болуы бірнеше дүркін. Жалпы аурулары: қант диабеті, вегетотамырлық дистония. Тексеру барысында: бет әлпетінің 1/3-нің төмендеуі. Ауыз қуысының бұрыш қатпарларының тереңдеуі және қызаруы байқалады. Ауыз қуысы бұрышында сұр түсті қабыршақтарымен жабылған әлсіз дымқылды эрозиялар көрінеді. Еріннің қызыл жиектері құрғақ, жақтардың терең қабысуы байқалады. Астыңғы және үстіңгі күрек тістердің патологиялық қажалу байқалады. Жергілікті емдеу шараларына қандай дәрілерді пайдалану тиімді://

йодинол//

0,25% оксолин жақпасы//

+1% клотримазол кремі//

Гепарин жақпасы//

Теброфен жақпасы

***

Науқас жедел бронхитпен ауырады. Аурудың жетінші күнінде ауыз қуысында күйю және құрғақтық сияқты сезімдер, сонымен қатар ауырсыну пайда болды. Қарап тексергенде тіл арқасының қызарған сілемейлі қабығында ақшыл-сұр түсті қақ байқалады. Қырғанда қақ қиын алынады, астында жараланған және қызарған беткей жалаңаштанады. Бұл аурудың этиологиясы//

Бронхит тудырған бактериялар//

Қарапайым герпес//

+Ашытқытәрізді саңырауқұлақтар//

Туберкулезды микобактериялар//

Бозғылт трепонемалар

***

Науқас, ер адам, 47 жаста, қышқыл, ащы тағам қабылдағанда пайда болатын ауырсынуына, ауыз қуысының құрғауына шағымданады. Қосалқы ауру: бронхиалды астма. Осы ауруына байланысты соңғы 3 апта бойы белсенді кортикостероидтық терапия алған. Обьективті: тіл арқасының қызарған шырышты қабық беткейінде ақшыл-сұр түсті қақ байқалады, қақ табақшаларға (бляшкалар) ұқсас, астынғы тіндеріне қатты жабысып тұр. Жағымсыз әдеттері жоқ. Болжалды диагноз://

Веррукозды лейкоплакия, табақшалы түрі//

Қызыл жалпақ теміреткі, типті түрі//

+Созылмалы гиперпластикалық кандидоз//

Қызыл жалпақ теміреткі, жалқықты-қызарған түрі//

Жалпақ лейкоплакия

***

Науқас, ер адам, 47 жаста, қышқыл, ащы тағам қабылдағанда пайда болатын ауырсынуына, ауыз қуысының құрғауына шағымданады. Қосалқы ауру: бронхиалды астма. Осы ауруына байланысты соңғы 3 апта бойы белсенді кортикостероидтық терапия алған. Обьективті: тіл арқасының қызарған шырышты қабық беткейінде ақшыл-сұр түсті қақ байқалады, қақ табақшаларға (бляшкалар) ұқсас, астынғы тіндеріне қатты жабысып тұр. Жағымсыз әдеттері жоқ. Диагноз нақтылау үшін дәрігер-стоматолог науқасты қақтың бактериоскопиясына жолдама берген. Қақтың құрамы://

Көп мөлшерде нейтрофилдер, көп ядролы алып жасушалар//

+Эпителийдің түленген жасушалар, тағам қалдықтары, ашытқытәріздес саңырауқұлақтар//

Атипиялық эпителиалды жасушалар//

Пирогов-Лангханстің және эпителиоидты жасушалар//

Лейкоциттер және плазмалық жасушалар

***

Ер адам, 45 жаста, ауыз қуысының құрғауына, тағам қабылдаған және сөйлеген кезде пайда болатын ауру сезіміне, тілдің күю сезіміне және дәм сезудің бұзылуына шағымданып келген. Бұл симптомдар бірінші рет байқалады. Объективті: тіл арқасы қызыл, таңқурай түсті, құрғақ, жылтыр, жіптәрізді бұртіктері атрофияланған, тіл қатпарлардің ішінде қақ анықталады. Осы клиникалық көрініс қандай диагнозға сәйкес келеді?//

Жедел псевдомембранозды кандидоз//

Созылмалы жайылмалы кандидоз//

Созылмалы атрофиялық кандидоз//

+Жедел атрофиялық кандидоз//

Созылмалы гиперпластикалық кандидоз

***

Науқастың жасы 76. Бетінде бөртпенің пайда болып, оң жақ бетінің неврагиялық жедел түрде ауру сезімінің құлаққа беріліп ауратынына шағымданып келген. Ауырғалы 5 күн болған. Аурудың басталуы жоғарғы жақтың оң жақ аймағында пайда кенет басталған ауру сезімі пайда болған, дене температурасы 39°С дейін көтерілген. Анамнезі бойынша жан ұясында бала жел шешек сырқатымен екі апта бойы ауырады. Жалпы аурулары: гипертонияның II дәрежесі; бала жасында жел шешек және қызылшамен ауырған. Қарап тексергенде: оң жақ ұрт және мұрын қанат терісі қызарған, беті сары қабықшамен жабылған ауратын көпіршіктер және жара анықталады. Ауыз қуысының шырышты қабатының оң жағы қызарған, ісінген, жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында және қатты таңдайда топтасып орналасқан жаралар анықталады. Болжалды диагноз://


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 36 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.033 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>