Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлық



1995 жылғы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасы Конституциясында азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету үшін барлық жағдайдың жасалуы қаралған. Тұрғын үй мәселесі өмірдегі ең басты мәселе болған және бола да береді. Ф.Энгельс: «Бір нәрсені өндіру үшін адамдардың тамағы, киімі және баспанасы болу керек...»,-деген

1993 жылғы 6 қыркүйекте ҚР Президентінің Жарлығымен «Жаңа тұрғын үй саясатының мемлекеттік бағдарламасы және оны жүзеге асырудың механизмдері» бекітілді. Қазақстан Республикасындағы жаңа тұрғын үй заңдылығы. 1992 жылғы 1 маусымда Қазақстан Республикасының тұрғын үй кодексі қабылданды. Қазіргі кезде негізгі заңшығарушы актілердің қатарында ҚР-ның 1997 жылғы 16 сәуірде қабылданған «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңы жатады.Тұрғын үй заңдылығы жатақханалар мен қызметкерлерге берілетін мекемелердегі мекенжайларды бөлу мәселесімен де шұғылданады.Мемлекеттік тұрғын үй қорынан әр адамға 15-18 шаршы метр, ең кемі бір бөлмелі пәтер беріледі.Мемлекеттік немесе әскери, бюджеттік ұйымдарда қызмет істемейтін азаматтар табысы аз, мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғалатын азаматтар болып есептеледі. Оларға тұрғын үй ҚР Үкіметі белгілегендей көлемде, ең кемі бір бөлме беріледі. Табысы аз әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтар «Тұрғын үй туралы» Заңның 68 бабымен белгіленген. Оларға І-ІІІ топтағы мүгедектер мен ҰОС-на қатысушылар, көп балалы азаматтар, зейнеткерлер, оралмандар, толымсыз отбасылар, мүгедек-балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар жатады.

2-16

Азия мен Еуропа құрлықтарының ортасында орналасқан ежелгі қазақ жері – қазіргі Қазақстан Республикасы үлкен аумақты алып жатыр. Ол дүние жүзіндегі екі жүзден астам мемлекеттің ішінде жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды алады. Қазақстанның жері қандай үлкен болса, оның географиялық ерекшеліктері де әр алуан. Оңтүстігінде – Тянь-Шань тауларының Іле Алатауы сілемдері, солтүстігінде – Сібірдің мәңгі жасыл ормандары, шығысында – Алтай тауы, батысында – Каспий теңізі мен Орал таулары орналасқан. Территориясы – 2724,9 мың шаршы км Халқы – 16,5 млн адам Елордасы – Астана.Мемлекеттік тілі – қазақ тілі.Ұлттық ақшасы – теңге.Діні: мұсылмандар – 75%-ға жуық Ұлттық мерекесі – 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні.



3-13

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті. Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді. Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. Алыс пен жақынды танытатын, жақсыдан үлгі алдырып, көңіліндегі ой-түрткі сезімдерден арылтатын сәлем емес пе?!Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

4-22

Университетті ересек өмірдің бір үлгісі деп айтуға болады. Қазіргі студенттің, болашақ маманның және азаматтың бағыт-бағдары университет қабырғасында айқындалады. Студент уақытын шартты түрде оқу уақыты (лекция, семинар, семинарға дайындық, кітапханада өткен уақыт) және сабақтан тыс яғни бос уақыт деп бөлуге болады. Бұл екеуінің екінші бөлігі маңызды, себебі студенттің белсенділігі, болашақта қандай азамат болатыны осы бос уақытты қалай өткізетініне байланысты. Осы тақырыпты ашу үшін «Студент және оның бос уақыты» деген тақырыпта сауалнама жүргізілді. Сұралған 100 адамның 67%-ының бос уақыты жеткілікті болып шықты. Алайда олардың 76%-ы бос уақытын қалай өткізетінін ойламаған, ал, 47%-ы бос уақытында ештеңемен айналыспаған болып шықты (яғни достарымен сыра ішеді, ұйықтайды, телевизор қарайды немесе жай қыдырып жүреді).

Мұндай салғырттық жастардың бойында мектеп өмірінен басталады. Университетке осындай салғырт, әрекетсіз болып қалыптасқан студенттер де оқуға түседі және олар тек 5 жыл «отырып» қана шығады.

Студенттің бос уақытта ештеңемен шұғылданбауы мынадай әлеуметтік мәселе тудыруы мүмкін:Нашақорлық, шылым шегушілік, маскүнемдік жыл сайын көбеюде;Ұрыс-жанжал, есеп айырысуға құмарлық, бірдеңені қирату, талқандау, т.б.

Тіл – қандай халықтың болсын тарихымен бірге өмір сүреді. Себебі тіл халықпен бірге жаралған. Халықтың тілінде – оның әдебиеті мен мәдениеті, мінезі мен дәстүрі сақталған. Өйткені, тіл – халықтың жаны, ертеңі, болашағы. Ол әрбір адамның бойына ана сүтімен беріледі. Сондықтан да, тілді кім де болса құрметтеуге тиіс. Адамды жақсылыққа жеткізетін ана тілі мен ата дәстүрі. Тілдің көмегімен өнер-білімді, ғылымды игереміз. Тіл арқылы рухани байлығымызды меңгереміз, өзіміз танимыз, өзіміз танып қана қоймай, сол қымбат қазынамызды әлемге танытамыз. Сондықтан әр елдің мақтанышы – сол елдің ана тілі. Бірақ бүгінде кейбір отандастарымыз өздерінің ана тілін білмейді. Қазіргі кезде «ана тілі», «жұмыс тілі», «мемлекеттік немесе ресми тіл» деген ұғымдар қалыптасқан. Ана тілі – әрбір халықтың тілі. Жұмыс тілі- белгілі бір ұйымдардың, бірлестіктердің немесе халықаралық конференциялардың, жиындардың тілі. Мәселен, Біріккен Ұлттар Ұйымының алты жұмыс тілі бар: ағылшын, араб, испан, қытай, орыс, француз тілдері. Мемлекеттік немесе ресми тіл – белгілі бір мемлекеттің арнайы бекітілген тілі. Әлемде екі жүзге жуық мемлекет бар. Ал мемлекеттік тілдердің саны жүз жиырмаға жуық екен. Қазақ тілі осындай мәртебелі тілдердің қатарындағы тіл. Қазақ тілі - мемлекеттік тіл ретінде Қазақстанның тәуелсіздігі қарсаңында 1989 жылы бекітілді. Мемлекеттік тіл дегеніміз – қоғамның барлық саласында қолданылуға тиіс міндетті тіл. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың мемлекеттік тіл туралы: «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде» дегені тілдің жарқын келешегін көрсетеді. Мемлекеттік тіл – мемлекеттік ту, мемлекеттік әнұран, мемлекеттік елтаңба секілді мемлекеттік маңызы ерекше рәміз. Сондықтан ол елдің барша азаматтарын біріктіруі тиіс. Халықтың сақталуы тіліне байланысты. Яғни, тіл – әрбір елдің қуатты күші, сонымен бірге мәдениеті, байлығы. Ал мәдени, рухани байлық деген халықтың ақыл-ойының көрінісі. Қазақ тілі – дүниежүзіндегі ең бай, көркем тілдердің бірі. Ол өзінің лексикалық байлығымен, қалыптасқан жазу нормаларымен танылған тіл. Көрнекті ғалым В. Радлов: «Қазақ тілі – түрік тілдерінің ішіндегі бай, бейнелі тіл» - деп жазған болатын. Бұл тілімізге берілген әділ баға. Қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеретін жан-жақты ұйымдық- насихаттық жұмыс аса қажет. Қоғамда мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілік пен құрметтеу отаншылдық қасиеттің бөлінбес компоненті деген ұғымды қалыптастыру, мемлекеттік тілді білгісі келгендердің ықыласын бағалап, көтермелеп отыру да маңызды. Сондықтан тілімізді шұбарламай, оның көркемдігін сақтау – әрбір азаматтың міндеті. Мемлекеттік тілімізде сөйлеу – баршамыздың басты парызымыз. Мемлекеттік тіл арқылы Қазақстан халықтарының бірлігі мен ынтымағы берік болмақ.

6-21

Денсаулық — табиғаттың ең қымбат сыйы. Күнделікті жұмыста жүргенде, деніміз сау болғанда, денсаулықтың қадірін біле бермейміз. Аздап ауырсақ, өзіміз білетін дәрі-дәрмектерді ішіп жазылып кетуге тырысамыз. Дәрігерге бара қоймаймыз. Шын мәнінде кез келген аурудың алдын алуға болады. Ол үшін не істеу керек? Ең алдымен, спиртті ішімдіктер мен темекі шегудің зиянын білген дүрыс. Темекі түтінінің құрамында 30-дан астам зиянды заттар бар. Әсіресе жас балалар мен қарттарға темекі тартуға болмайды. Бұл заттар - қатерлі ісіктің пайда болуына тікелей себептер. Ішімдікке салынып кетуге болмайды. Ішімдікті жақсы көретін адамнан бақытсыздықтан басқа ештеңе күтуге болмайды. Лев Толстой: «Спиртті ішімдік адамның денсаулығын құртады, ең қорқыныштысы — адамның рухы мен ұрпағын жояды», -деген болатын. Денсаулық сақтаудың алдын алуға болады. Ол үшін дұрыс тамақтануға, уақытында демалуға, дене қимылымен айналысуға көп көңіл бөлу қажет. Әсіресе жасы ұлғайған адамдарға майлы тамақтарды көп жеуге болмайды. Оның орнына сүт, көкөніс тамақтарын пайдаланған дүрыс. Денсаулық сақтауда дұрыс тамақтаудың маңызы зор. Ал спортпен айналысу — денсаулықты жақсартады. Спорттың ең қарапайым түрі — жүгіру. Күн сайын таңертең үйдің маңайында, саябақта жарты сағаттай жүгіруе болады. Егер жүгіруге дәрігер рұқсат етпесе, таңғы таза ауада серуендеуге болады. Әр түрлі жаттығулар жасауға болады.

Өткен ғасырдың соңына таман 1991 жылы қазақ елі ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткізді. Осы жылдың 25 қазанында тәуелсіздік жөніндегі декларация қабылданды. Ал 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігін жариялады. Әр ұлт үшін тәуелсіз ел болу – ұлы арман. Дүние жүзінде алты мыңға жуық ұлттар бар. Солардың ішінде екі жүздей ұлт ғана тәуелсіз мемлекет болып отыр. Бұл ұлттар – егемендік бақыты бұйырған халықтар. Сондықтан тәуелсіздік әрбір азаматқа қымбат болуы тиіс. Тәуелсіздіктің арқасында біз ілгері дамып келеміз. Біздің жеріміз қазба байлықтарға бай.

Тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Тәуелсіз еліміздің өз Конституциясы, елтаңбасы, туы және әнұраны бар. Әрбір азаматтың парызы – Отанын қорғау, мемлекеттік рәміздерін білу, құрметтеу.

Астана қаласы – 1998 жылдан бастап мемлекетіміздің әкімшілік-саяси орталығы. Сонымен қатар мәдениет пен өнер, білім мен ғылым, озық технологиясы уақыт талабына сай дамыған қала. Бас қаламыздың тарихы ертеден басталады. Қазіргі зерттеулерде қала маңында ортағасырлық Бозоқ қаласының орны табылды. Ал жаңа дәуірге келсек, 1832 жылы Есіл өзенінің жағалауына Ақмола сыртқы округінің негізі қаланды. Содан 1961 жылға дейін қала Ақмола, одан кейін – Целиноград деп аталды. Ал 1992 жылы Ақмола атауы қалпына келтірілді. Президент Н.Ә.Назарбаевтың 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Астана қаласы деген атауға ие болды.

Астана қаласы бүгінгі таңда республикалық автокөлік және темір жол салалары мен әуе жолдарын байланыстырып тұрған ірі тасымал торабына айналды. Елордамызда экономиканың бірнеше салалары: машина жасау; құрылыс материалдары өнеркәсібі; энергетика; полиграфия өнеркәсібі; жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, байланыс және телекоммуникация дамыған. Бүгінгі өркендеген жаңа Астанамызда көптеген зәулім ғимараттар мен ескерткіштер, даңғылдар мен көшелер бой түзеуде. Астана қаласы үш ауданға бөлінеді. Олар: Алматы, Сарыарқа, Есіл аудандары. Астанада көптеген мәдени орындар мен театрлар: К.Байсейітова атындағы ұлттық опера және балет театры, Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театры, М.Горький атындағы орыс драма театры,Тәуелсіздік сарайы, Бейбітшілік және келісім сарайы, Президенттік мәдени орталық, Конгресс-холл, «Жастар» сарайы, «Қазақстан» концерт залы, қалалық филармония бар. Елордамызда көптеген жоғары оқу орындары мен колледждер, мектептер мен балабақшалар, балалар қалашықтары бар. Солардың ішінде Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, С.Сейфуллин атындағы агротехникалық университетін, Астана медицина академиясын, Қазақ ұлттық өнер университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін, Еуразия гуманитарлық институтын айрықша атауға болады. Еліміздің бас қаласында спорттың дамуына да үлкен мән берілуде. «Қазақстан», «Алатау», «Астана» сияқты спорт кешендері, велотрек, мұз айдыны мен «Астана-Арена», Қ.Мұңайтпасов атындағы стадиондар соның куәсі.

Қаламыздың көрікті жерлерінде Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мұражайы, С.Сейфуллин мұражайы мен Қазіргі заман өнер мұражайлары орналасқан. Сонымен қатар қаламызда «Мега», «Керуен», «Хан шатыр», «Думан» ойын-сауық орындары, «Еуразия», «Рамстор», «Астаналық», «Әлем», «Түркістан» секілді үлкен сауда орталықтары ашылған. Ел мақтанышы Астана – ХХІ ғасыр қаласы ретінде әлемдік өркениеттен лайықты орынға ие болып келеді.

9-25

Адам баласына берілген ең баға жетпес құндылықтардың бірі – уақыт. Өркениетті елдерге барсаңыз, осы уақыт мәселесіне аса ұқыпты қарайтынын аңғаруға болады. Себебі олар уақыттан ұтылса, көп нәрсе жоғалтатынын біледі. Көлік аялдамаларында тұрғанда, жүру мезгілдерінің «12.01»; «16.03»; «17.08» секілді әрбір минутқа дейін есептеулі екендігіне таң қаласыз. Автокөлік сол белгіленген уақыт ережесінен бір минут кешігіп, я бір минут озбайды. Небәрі бір-екі минутқа кешіге қалса, жүргізуші әжептәуір сөгіс алып жатады. Ал бізде ше? Сағат сұрағанда «Жетіден он минут кетті» десең, «Е, жеті жарым десеңші» дей саламыз. Демек біз уақытқа аса ұқыпты емеспіз.Бүгінгі күні уақытты өлтіретін «жаулар» көбейген тәрізді. Солардың бірі теледидар деуге болады. Жасыратыны жоқ, «көк сандығы» жоқ үйді елестету қиын-ақ. Алайда осы теледидардың уақыттың нағыз жауы екеніне екінің бірі көңіл бөле бермейді. Бірде Эйнштейн қызметшісіне «Мені жарты сағаттан кейін оятыңызшы» деп, демалыпты. Бірақ қызметшісі оны біраз тынықсыншы деп бір сағаттан кейін барып оятса керек. Тұра сала ғалым жарты сағаттан кейін оятпаған қызметкеріне қатты ренжіп: «Ал, жарты сағатымды қайтарып беріңіз»,- деген екен. Уақыттың жауларының қатарына көп сөз бен көп қыдыруды да жатқыза аламыз. Уақыт – ол мүмкіндік. Мүмкіндікті дер шағында пайдаланып қалмаса, адамның көп нәрседен айырылатыны анық.Еңбекқор қытай халқы да уақыт мәселесіне келгенде: «Сағат сатып алсаң да, уақыт сатып ала алмайсың» деп безектейді екен. Ата-бабамыз «Жас кезімде бейнет бер, қартайғанда зейнет бер» деген. Барлық уақытша қызықты қоя тұрып, дер кезінде қимылдаған адам кейін соның жемісін жейді.

Мінездің мәні мен мағынасының ұғымы кең. Ол – адамның бар болмысын, сезімін, көзқарасын қаз қалпында елестетеді.Адамның мінезі өзгере ме?

Ел ішінде «мінез өзгермейді» деген ұғым бар. Мінез сәбилік пен кәмелеттік жас аралығында отбасының қасиеттеріне сәйкес, ата-ананың үлгісімен, отбасының мәдени-тұрмыстық, әлеуметтік жағдайларында негізін қалайды.

Одан соңғы кезеңде адамдармен қарым-қатынас, қоғам мен орта, еңбек, тіршілік, ізденіс пен талпыныс, сәттілік пен сәтсіздіктің әсерімен тұрақты мінез қалыптасады. Кейде, әсіресе жастық шақта, үлгі тұтқан азаматтарға еліктеп немесе тағдыр тәлкегімен тектілік мінезде жасандылықтың пайда болуы мүмкін. Бірақ ол табиғи бітімге терең сіңбейді. Мінез бұрынғы қалпына тез түседі. Мінездің көрінісі өте көп. Адамды әр қырынан танытатын мінез екі бағытты: ақылмен астарлас келісті мінез және қым-қиғаш қылықты теріс мінез. Көңіл шалқытар жадыралық, шабыт шақырар жарқындық, адами ажарды ашу, асаулықты басу – келісті мінез. Ал, тұрлаусыз ауытқымалы, ала көңілді, шиелі, кінәмшіл, қырсыз, қыңыр – теріс, жағымсыз мінез.

11-15

Әрбір халық өзінің ұлттық дәстүрімен ерекше. Халықтың дәстүріне қарай оның мінезі, тарихы, дүниетанымы қалыптасады. Халықтық дәстүрдің жүздеген, мыңдаған жылдық тарихы бар. Сондықтан оны әбден сұрыпталған, жинақталған құндылықтардың жиынтығы деп санаймыз. Халықтың дәстүріне оның қоршаған ортасы, географиялық орналасуы, шаруашылығы әсер етеді.

Қазақ халқы ұлттық салт-дәстүрге бай халық. Халықтық салт-дәстүрлер сан ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық мәдениет. Дәстүр – белгілі бір ұлттың немесе халықтың ұрпақтан ұрпаққа беріліп отыратын, тарихи қалыптасқан, олардың әлеуметтік ортасында ұзақ уақыт бойы сақталып отырған әлеуметтік-мәдени құндылықтар жиынтығы. Ұлтымыздың тамаша дәстүрлері үлкенді сыйлау, қонақжайлылық, қайырымдылық, бауырмалдық, балажандылық, төзімділік, арлылық, т.б. жатады. Осы дәстүрлер біздің дербес халықтығымыздың сақталуына, тұтас ұлт ретіндегі ерекшеліктеріміздің айқын болуына оң ықпал етіп келеді. Дәстүр халқымыздың ғасырлар бойы өмір сүру тәсілдерінен, күнделікті әрекеттеріне сұрыпталған мәдениетіміздің үлкен бір бөлігі. Бабалардан бізге жеткен дәстүрлерде біздің халықтық болмысымыз, ұлттық мінезіміз, салт-санамыз айқын көрінеді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жетіп келе жатқан ұлттық дәстүрлер сан алуан. Дәстүрлер іштей бірнеше салаларға бөлінеді. Мысалы: отбасылық дәстүрлер, маусымдық дәстүрлер, діни салттар, мерекелік дәстүрлер, тұрмыстық салттар. Ұлттық дәстүрімізді білу және оны сақтау баршамыздың перзенттік борышымыз. Себебі, дәстүр халықты ғасырлар бойы сақтап келген рухани тірегі. Әрине, ол заманына қарай өзгеріп, жаңғырып тұрады.

12-23

Адамдардың бір-біріне лебіз білдіруі, тәрбие талғамы сәлемнен басталады. Сәлем – сөз анасы, сөздің қасиеті. Сәлемдесу - әдептіліктің, адамгершіліктің баспалдағы, сөз бастаудың әрі танысудың дәнекері. Сәлемдесу арқылы адамдар арасында жақсы қарым-қатынастар қалыптасады. Адамдар бір-бірлеріне сәлем беру арқылы дос болады, жақындасады. Ал, сәлем болмаған жерде ешқандай да қатынас жақсы нәтиже бермейді. Сәлемдесу – сағынышты басу, ниеті бір адамдардың жүректен шыққан тілек шашуы. Алыс пен жақынды танытатын, жақсыдан үлгі алдырып, көңіліндегі ой-түрткі сезімдерден арылтатын сәлем емес пе?!Сәлемдесу – ағайын-туысты жақындату ғана емес, ата салтын жалғастыру, алысты жақындату, араздасқанды татуластыру, елдің елдігін, халықтың бірлігін баянды ету. «Сәлем бермеген туысыңнан қадіріңді білген жат жақсы» деген мақалды халқымыз бекер айтпаған. Сәлемдесу – үлкен мәдениеттің белгісі.

Өзінің туған елін, жерін сүю – табиғи құбылыс. Әрбірадамның бойында осындай қасиет болғанда, елде мықты болады. Әсіресе, өркениетті елдердің барлығында ол елдердің азаматтары өз мемлекеттерін мақтан етеді. Осындай мақтаныш сезімнің аясында үлкен сенім жатыр. Қазақ елінің тәуелсіздігі нығайған сайын азаматтардың мемлекетке деген сенімі арта түсуде. Патриоттық сенім бар жерде мемлекеттің тұтастығы артады. Қазіргі кезде әртүрлі діндердің, ұлттардың өкілдері мекен ететін Қазақстан ­- баршамыздың ортақ үйіміз. Осы ортақ үйіміздің шаңырағы биік, болашағы жарқын болуына бәріміз мүдделіміз. Егер еліміз осындай берік болса, онда біздің де жағдайымыз жақсы болмақ. Осыны түсінген адам, соған қызмет еткен азамат – өз елінің шынайы патриоты. Отаншылдық сезім – тек елімді сүйемін деуден ғана тұрмайды. Патриоттық сезім – ең алдымен еліңнің тарихын, дәстүрін, тілін жақсы білуден басталады. Еліңнің өткенін жақсы білсең, - бүгіннің қадірін ұғынасың. Сондықтан, әсіресе, жас ұрпақ елінің өткенін білгені жөн. Біздің патриоттық сезіміміз еліміздің жетістіктеріне сүйсінуден айрықша байқалады. Мәселен, Қазақстанның әлемдегі беделінің артуы, қазіргі кезде Астананың өркениетті дамуы, экономикадағы жетістіктер. Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізді әлемге танытудың үлкен бір жолы – өнер мен спорт саласында. Әрбір адам ең алдымен өз елін мақтан ете білуге міндетті. Қазақ елінің тарихы терең болмаса осынша алып жерді иемденбес еді. Қазақстанның басты халқын құрайтын қазақ халқының ерлігі мен елдігі болмаса дербес мемлекеттікке де жетпес едік. Ал бүгінгі таңда ұлтына қарамастан әрбір азамат қазақ елін шын мақтаныш етіп, соған қызмет етсе, онда біздің Отанымыз алдыңғы қатарлы елдердің санатына қосылады. Сондықтан еліміздің нағыз патриоты бола білейік.

Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері көптеген шаралар жоспарлануда. Солардың бірі – «Мәдени мұра» бағдарламасы. Бұл бағдарлама қазақ халқының ұлттық мәдениетін насихаттауға арналған. Бағдарлама ауқымында көптеген мәселелер шешіледі. Мысалы, мәдени ескерткіштерді қорғау, фольклор шығармаларын тарату, кинофильмдер дайындау. Қазақ халқының мәдениеті өте бай болғандықтан бұл бағдарлама ұзақ жылдарға арналған

 

 

Саясаттың ғаламдануы ұлттық мемлекеттердің халықаралық қатынастардағы орны мен рөлін өзгертуге әкелді. Аймақтандыру және ғаламдастыру процестері жекелеген мемлекеттердің де, сондай-ақ тұтас алғанда халықаралық саяси жүйенің де рөлі мен функциясына үлкен ықпал етуде.

Қалыптасқан геосаяси өмір болмысын және әлемдегі геосаяси күштердің қатарындағы өзінің орнын байсалды бағалай келіп, Қазақстан ТМД, сондай-ақ бүкіл әлем шеңберінде әр түрлі интегра-циялық топтардың жұмысына белсенді түрде қатысуда, осы арқы-лы ол әлемнің ғаламдық проблемаларын шешуге өз үлесін қосып қана қоймай, сонымен бірге ұлттық мүдделерін шешуге жол ашады. 1992 жылы 2 наурызда Қазақстанның БҰҰ-ға кіруі өзінің маңызы жағынан тарихи акция болды. Қазақстан БҰҰ-ға әлемдік қоғамдастықтың қатардағы жаңа мүшесі ретінде ғана емес, сонымен бірге қазіргі заманның ең бір өзекті халықаралық проблемалары бойынша белсенді позиция ұстанатын, ядролық қарусыздану жолындағы қозғалыстың алғы шебінде тұрған мемлекет ретінде енді. Әлемдік саяси проблемаларға Қазақстанның тепе-теңдік сақтаған және шынайы көзқарасы БҰҰ БА-ның күн тәртібіндегі өткір мәселелер бойынша дауыс берген кезде осы халықаралық форумда оң бағаланып жүр. Біздің еліміз ЕҚЫҰ-ның, Парламен-таралық Одақ пен Экономикалық Ынтымақтастық ұйымының мүшесі болғандықтан осы бірлестіктердің БҰҰ мен ынтымақтас-тығын нығайтуға бағытталған Бас Ассамблея қабылдайтын қарар-лардың тең авторы болып табылады. БҰҰ-дағы біздің мемлекетіміздің ұстанымы БҰҰ қарапайым мәселелердің бүкіл кешені бойынша Қазақстанның мүдделерін ескерудің негізінде қалыптасады. Бұл орайда экономика, экология, әлеуметтік даму, халықаралық құқықты прогрессивті дамыту, адам құқығын сақтау саласында, ұйымдасқан қылмыс пен есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында БҰҰ мен өзара іс-қимылды нығайтуға айырықша көңіл бөлінуде. Экономикалық Ынтымақтастық ұйымы 1985 жылы құрылды. 1992 жылғы қарашада жаңа жеті мемлекет, оның ішінде Қазақстан ЭЫҰ құрамына кіргеннен кейін аталған бірлестіктің қызметі елеулі түрді жанданды. ЭЫҰ-ның негізгі міндеті – мүше елдердің үздіксіз әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін, аймақ мемлекеттері экономикасының шаруашылық байланыстарының әлемдік жүйесіне дәйекті түрде және бірте-бірте кірігуі үшін жағдай жасау болып табылады.Біздің еліміздің қазіргі заманғы әлемнің жетекші қаржылық және экономикалық институттарымен өзара іс-қимылы Қазақ-станның тұрақты экономикалық өсімінің маңызды шарттарының бірі болып табылады. Осындай құрылымдардың қызметіне Қазақ-станның қатысуы әлемдік рынокта оның позициясын нығайтуға, сыртқы берешек проблемаларын реттеу және ішкі ақша айналымын тұрақтандыру үшін енгізуге қаржылық ресурстар тартудың перспективасын жақсартады.

Экономикалық реформаларды қаржыландыру, ұлттық эконо-миканың жекелеген салаларын дамыту жөніндегі арнайы жобаларды іске асыруға арналған заемдар мен несиелерді алу көзқарасы тұрғысынан Қазақстан Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзілік банк, Еуропалық Қайта құру және Даму банкі, Азиялық Даму банкі, Ислам Даму банкі сияқты халықаралық ұйымдармен ынтымақтастыққа басымдықты рөл береді.

Қазақ жерінде мәдениет ерте кезден бастап дамыған. Оған еліміздің әр өңірінен табылып жатқан ортағасырлық көне қалалардың орны, мәдени бұйымдар басқа да алуан-алуан заттар куә. Мысалы Есік қорғанынан, Жайық бойынан, Алтай өңірінен табылған алтын адамдар, әртүрлі бұйымдар мен әсем безендіріліп жасалған қару-жарақтарды атауға болады. Археологиялық қазбалардан алынған деректерге қарағанда біздің эрамызға дейінгі адамдар мекендеген көне қалаларда алаңдар, сәулет өнерінің туындысы болатын ғимараттар болған. Одан бергі кезеңдерде қазақ жері мәдениетінің дамуына «Ұлы Жібек жолы» үлкен ықпал етті. «Ұлы Жібек жолы» бойындағы Отырар, Сауран, Сығанақ, Тараз, Шымкент, Яссы сияқты мәдениеті дамыған ортағасырлық қалалар мәдениет пен өнердің орталығы болған. Ахмет Иассауи, Арыстанбаб кесенелері, Айша бибі, Алашахан мазарлары мәдениетіміздің тарихы көне замандардан басталатынын көрсетеді. Жоғарыда аталған қалаларда әдебиет, музыка, сәулет өнерлері айрықша дамыды. Бұл қала – қорғандарда байырғы мәдениет қалыптасты. Ұлттық мәдениетпен бірге, тайпааралық, ұлтаралық дәстүрлер де көптен-көп дамыды. Сондықтан сол кездің өзінде мәдениетаралық байланыстардың бірте-бірте өрістегенін аңғарамыз. Қазақ мәдениетінің дамуына сәулет өнерімен бірге музыка өнері, қолданбалы өнер әсер етті. Қазақ даласының әр түкпірінде осындай өнерлердің өзіндік дәстүрлері қалыптасты. Мәселен, Сыр өңірінің, Арқаның, Жетісудың, Еділ мен Жайық атырабының ән мен күй, шешендік сөз бен поэзия дәстүрлерінің өзіндік сипаты болды. Бұл қазақ мәдениетінің жан-жақты дамуына ықпал жасады. Қазақтың ұлттық мәдениетінің стильдері – ою-өрнектерден айқын аңғарылады. Ою-өрнектердің алуандығы мен байлығы, әсіресе, киіз үй бұйымдарынан көрінеді. Алаша, текемет, сырмақ, желбау, тұскиіз, кілем, сандық беттеріндегі бейне-нақыштар далалық мәдениеттің эстетикасы. Қазақстан мәдениеті жалпы адамзат дамуы сияқты ХХ ғасырда айрықша өркендеді. Қазақстанның театр, бейнелеу өнері, кино өнері, саз өнерінің қазіргі заманға сай түрлерінің дамуы – мәдениетімізді жаңа деңгей-дәрежеге, сандық-сапалық белеске көтерді.

Қазақстандағы демографиялық мәселелердің сипаты айрықша. Ең алдымен, қазіргі кезде экономиканың дамуы адам мүмкіндігімен сәйкес келмей отыр. Бүгінгі күні экономикалық даму қосымша жұмысшы күшін қажет етеді, ал, қосымша жұмысшы күші дегеніміз - шетелдік жұмысшылардың келуі, бала туудың көбеюі т.б.Елбасы Н.Назарбаев өзінің ақпандағы халыққа Жолдауында «ауылда ғана емес, қалада да бала тууды көбейту керек, мемлекеттің өзі жұмыс беруші болып, тұрғындардың қызығушылығын оятатындай жағдай жасалу керек» деп айтқан. Елбасы, сонымен қатар, қазақ жерінде заңды, заңсыз мигранттар қаптап жүргендіктен, өзіміздің санымызды көбейту керек екенін айтады. Қазір Қазақстанда кез келген адам, егер басқа мемлекетте өмір сүру жақсы болса, сол жаққа кетіп қала алады. Ал, оларды елден жібермес үшін мемлекет адамдармен жақсы экономикалық, әлеуметтік саясат жүргізуге тиіс және бала тууды молайту үшін жағдай жасау керек. Тіпті 2015 жылға дейін қазақстандық азаматтардың санын 20 миллионға дейін жеткізу керек деп те айтылған. Алайда, Қазақстанда экономикалық-демографиялық мәселе әзірге өзгеріп отырған жоқ. Елбасы айтқандай, Қазақстан «саны жағынан тым кішкентай ел» болып отыр.

 


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 37 | Нарушение авторских прав




<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>
1 место медаль + грамота 550 рублей | 3. Work the phrase and the definition through Get wires crossed A silver surfer The jungle telegraph Don't push my buttons! Bells and whistles Garbage in, garbage out

mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.014 сек.)