Студопедия
Случайная страница | ТОМ-1 | ТОМ-2 | ТОМ-3
АрхитектураБиологияГеографияДругоеИностранные языки
ИнформатикаИсторияКультураЛитератураМатематика
МедицинаМеханикаОбразованиеОхрана трудаПедагогика
ПолитикаПравоПрограммированиеПсихологияРелигия
СоциологияСпортСтроительствоФизикаФилософия
ФинансыХимияЭкологияЭкономикаЭлектроника

Рентгенограммадан остеохондроманың кемік сүйек тінінен тұратын кең аяқшасын көруге болады, ол неге ұқсайды?:// 2 страница



брадикардия//

аритмия//

«ашық аралық»//

эпилепсиялық ұстама//

+тахикардия

***

Бассүйекішілік гематомасы бар науқасқа мамандандырылған медициналық көмек көрсету үшін, науқасты қайда жөнелтіледі?//

дегидратациялық терапия жүргізу үшін госпитальге//

таңу бөлмесіне//

+операция бөлімшесіне//

операцияға дейінгі дайындықты жүргізу үшін шокқа қарсы бөлімшеге//

бірінші кезекте хирургиялық бөлімшеге

***

Ми шайқалуына тән симптом қандай?//

+құсу, амнезия//

тілдің девиациясы//

зәрді ұстай алмау//

анизокория//

жөтелу

***

Мидың жабық жарақатында сыртқы есту жолынан пайда болған ликвор көрсетеді://

бассүйектің артқы шұңқырының сынуын//

+ бассүйектің алдыңғы шұңқырының сынуын//

төбе сүйектерінің сынуын//

бассүйектің ортаңғы шұңқырының сынуын//

торлы сүйектің сынуын

***

Бас ми жарақаты кезіндегі мидың жаншылуына әкелмейтін жарақатты атаңыз://

мидың ісінуі//

эпидуральды гематома//

+субарахноидальды қан құйылу//

бассүйектің импрессионды сынуы//

субдуральды гематома

***

Декомпрессия және қан тоқтату мақсатында жасалатын бассүйектің жедел трепанациясына нақты көрсеткіш кезіндегі клиникалық көрініс://

субарахноидальды қан кету//

бассүйекішілік гипертензия//

мидың ауыр дәрежедегі соғылуы//

+ми жаншылуы//

бассүйек негізінің сынуы

***

Плевропульмональды шокпен асқынған көкірек қуысының жарақаты бар науқасқа төмендегі шаралардың қайсысын бірінші кезекте жүргізу керек?//

көкірек қуысының рентгенографиясын//

оксигенотерапияны//

+вагосимпатикалық блокаданы//

көкірек қуысын пункциялауды//

кеңірдек интубациясын

***

Кеудесі жарақаттанған науқасқа алғашқы көмек көрсеткенде және ауруханада емдегенде оны қандай қалыпта орналастыру керек://

отырған//

+жартылай отырған//

етбетінен//

шалқасынан//

жанына

***

«Кеуде жарақаты кезінде плевра қуысына аққан қан тоқтады ма жоқ па?» деген сұраққа жауап беру үшін қандай сынама жасалады?//

Эфендиев сынамасы//

+ Рувила-Грегуар сынамасы//

Петров сынамасы//



Филиппс-Ван сынамасы //

Жоров сынамасы

***

Пункция жасалғаннан кейін плевра қуысында ауа қайтадан жиналса дәрігердің келесі тәсілі қандай?//

пункцияны қайталап жасау//

торакотомия жасап, жарақаттанған өкпе тініне тігіс салу//

электрлік сорғышпен белсенді түрде аспирация жасау//

+ Бюлау бойынша плевра қуысына дренаж салу

трахеостомия жасау//

***

Пневмотораксты, плевра қуысынан ауаны сорып алу үшін пункцияны қай жерден жасайды?://

+ортаңғы бұғана сызығы бойынша екінші қабырғааралықта//

ортаңғы бұғана сызығы бойынша үшінші қабырғааралықта

артқы қолтық асты сызығы бойынша жетінші қабырғааралықта //

жауырынның төменгі шеті арқылы//

алдыңғы қолтық асты сызығы бойынша екінші қабырғааралықта

***

Науқаста жауырын сызығы бойымен сол жақтағы бірнеше қабырғалары сынған, рентгенограммадан сол жақ плевралды қуыста гомогенді қараю анықталады. Жарақаттан кейін бірнеше сағат өткен. Осы жарақаттың асқынуын атаңыз://

пневмоторакс//

посттравматикалық пневмония//

плевра эмпиемасы//

плеврит//

+гемоторакс

***

48 жасар ер адам тротуарда аяғы тайып жығылып, қолдарын созып артқа құлады. Иық буынында ауырсынуға байланысты белсенді қозғалыс жасау мүмкін емес. Белсенсіз қозғалыс ауырсыну тудырады. Шынтақты бұрағанда ауырсыну жіліктің басына беріледі. Иық буыны аймағына жасалған пальпация қатты ауырсыну тудырады. Жарақатқа диагноз қойыңыз://

иықтың алға шығуы//

иықтың артқа шығуы//

иық буынының соғылуы//

+тоқпан жілік мойнының жаншылған сынуы//

тоқпан жіліктің диафизарлық сынуы

***

Шыққан иықты орнына салғанда қолданылатын анестезияның қолайлы әдісі://

буынішілік анестезия//

өткізгіштік анестезия//

+жалпы наркоз//

наркотикалық анальгетиктерді бұлшықетке енгізу//

жергілікті анестезия

***

Тоқпан жіліктің дистальды бөлігі сынуы бар науқасқа шынтақ буынына массаж жасау қандай асқынудың алдын-алу мақсатында тағайындалмайды://

+оссификациялайтын миозиттің//

шынтақ буыны контрактурасының//

ортаңғы нервінің невритін//

шынтақ нервінің невритін//

Фолькман контрактурасын

***

Спортшы жаттығу кезінде оң жақ иығын сыртқа бұрап құлады. Науқасты зерттеуде оң жақ бұғанасының дистальді бөлігі баспалдақ тәрізді көтеріліп тұр, «перне» симптомы анықталады. Оң жақ иық буынындағы қозғалыс көлемі шектелген. Болжамалы диагнозды атаңыз://

бұғананың сынуы//

+бұғананың акромиондық бөлігінің шығуы//

оңжақ иықтың шығуы//

үлкен кеуде бұлшықетінің жыртылуы//

сүйекүсті бұлшықеттің жыртылуы

***

Тоқпан жіліктің ортаңғы үштен бір бөлігінің қиғаш сынуы бар науқаста қол басының белсенді жазылуы мен үлкен саусақтың сыртқа әкетілуі шектелген. Сүйек сынықтары ені және ұзына бойы ығысқан. Сынықпен бірге орын алған қосалқы зақымдануды атаңыз://

орталық нервтің зақымдануы//

шынтақ нервтің зақымдануы//

бұлшықет-терілік нервтің зақымдануы//

+шыбық нервтің зақымдануы//

иық өрімінің зақымдануы

***

Шынтақ өсіндісінің ығысуы бар сынуды емдеуде қандай әдісті қолданған қолайлы://

лейкопластырмен тартуды//

сүйектен тартуды//

+операциялық емді//

Колдуэлл бойынша таңғышты//

Дезо таңғышын

***

60 жастағы науқас тротуарда тайып құлап, алақанымен жерге соғылды. Білезік буынының ауырғанына шағымданады. Кәріжіліктің дистальды бөлігін басқанда ауырсыну күшейеді. Зақымдану диагнозын атаңыз://

Галеаций зақымы//

Монтеджи зақымы//

Смит зақымы//

Мальгени зақымы//

+ Коллесс зақымы

***

Науқас 43 жаста, жұмысқа бара жатқанда мұзға тайып, құлағанда аяғын сыртқа қайырып алды. Рентгенограммада қандай зақымдану түрін болжайсыз://

Потта-Десто зақымын//

Галеаций зақымын//

Монтеджи зақымын//

+ Дюпюитрен зақымын//

Дюверней зақымын

***

Асық (таран) сүйегінің зақымдануы кезінде асептикалық некрозды алдын-алудың негізгі шарасы://

+ статикалық салмақты кеш түсіру//

ерте бастаған ЕДШ (ЛФК)//

кеш басталған ЕДШ//

ерте статикалық салмақ түсіру//

артродездеу

***

Ортанжіліктің проксимальдік бөлігінің сынуын қате емдегенде жамбас-сан буынында қандай контрактуралардың дамуын күтуге болады://

жазушы//

сыртқа әкетуші//

ішке әкелуші//

ротациялық//

+бүгуші

***

Жаяу жүрушіні автокөлік қаққан. Тізе буынының қатты ауырғанына және табанының жансызданғанына шағымданады. Аяқ басы бозарған, салқын. Аяқ басының сыртқы артериясының пульсациясы анықталмайды. Тізе буыны ісінген, деформацияланған. Тізе буынында белсенсіз қозғалыс аз мөлшерде, серіппелі қарсыластық белгісі анықталады. Алдын-ала қойылған диагнозды атаңыз://

ортанжіліктің айдаршықаралық сынуы қантамыр-нерв будасының қысылуымен асқанған//

+сирақтың шығуы қантамыр-нерв будасының қысылуымен//

тізе үстінің сынығы қантамыр-нерв будасының қысылуымен//

асықты жіліктің екі айдаршығының сынуы тамыр-нерв будасының қысылуымен//

сирақ сүйегінің диафизарлық сынуы тамыр-нерв будасының қысылуымен

***

Науқас жол-автокөлік апатынан кейін ауруханаға жеткізілген. Жамбас-сан буынының ауырғанына шағымданады. Аяғы бүгілген, ішке әкелінген және ішкі қарай бұралған. Аяғы салыстырмалы түрде көп қысқарған. Үлкен ұршық Розер-Нелатон сызығынан жоғары орналасқан. Белінде айқын лордоз байқалады. Зақымданудың диагнозын құрастырыңыз://

ортанжіліктің мойынының сынығы//

ортанжіліктің ұршық аралық сынығы//

жілік басының алға шығуы//

+жілік басының артқа шығуы//

жілік басының орталық шығуы

***

Суретте қандай зақымдану көрсетілген?//

 

 

 

ортанжіліктің мойынының сынуы//

ортанжілік басының мықынға қарай шығуы//

+ортанжілік басының жапқыш (запирательный) тесігіне қарай шығуы//

ортанжілік басының шат үстіне қарай шығуы//

ортанжілік басының шонданай сүйегіне қарай шығуы

***

Егде жастағы ер адам көшеде аяғы тайып жығылып, тізесін бүге құлаған. Емханаға әзер жетіп травматологке қаралады, шағымы - аяғын алға созғанда тізе буынының ауырсынуы. Тізе буыны ісінген, буында сұйықтың болғаны анықталады, «баллатирлау» симптомын тексеру ауру сезімін одан әрі өршітеді. Науқас тік аяғын көтере алмайды. Жарақаттың диагнозын атаңыз://

+тізе тобығының сынуы//

тізе буынының алдыңғы айқасқан байламының зақымы//

тізе буынының ішкі жанама байламының зақымы//

ортанжіліктің айдаршықаралық сынуы//

сирақтың алға шығуы

***

Жамбас-сан буынын эндопротездеу қандай жағдайда қолданылмайды://

ортанжілік мойыны сынуында//

ортанжілік басының асептикалық некрозында//

деформациялаушы артрозда//

+ортанжілік басының остеомиелитінде//

ортанжілік мойынының жалған буынында

***

Төмендегі себептердің қайсысы ашық және оқтан болған сынуларда жараның іріңдеуіне қатысы жоқ://

біріншілік немесе екіншілік өлі тіндердің болуы//

сүйек бастарының қозғалғыштығы//

+жараның көлемі мен ұзындығы//

жарадан сұйықтардың ақпауы//

бөгде заттардың болуы

***

Операциядан кейінгі дамыған остеомиелитті алдын алудағы негізгі жағдай//

антибиотиктерді пайдалану//

+тұрақты остеосинтездеу//

сынық аймағына дренаж қалдыру//

аяқ-қолды тыныштықта сақтау//

тамырішіне дезинтоксикалық терапия жүргізу

***

Ашық сынулар остеомиелитпен асқынғанда сүйек сынығын қолайлы бекіту әдісі қандай?//

гипс таңғышын пайдалану//

сүйектен тартуды пайдалану//

сүйекішілік остеосинтез жасау//

сүйекүстілік остеосинтез жасау//

+сүйекарқылы остесинтез жасау

***

Секвестрэктомия жасағаннан кейін сүйектегі қалып қойған қуысты толтырудың қолайлы тәсілін атаңыз//

гемопломбпен//

+қорек беретін аяқшасы бар аутосүйекпен//

гетерошеміршекпен//

қорек беретін бұлшық ет пластикасы арқылы//

гетеротрансплантатпен

***

Остеомиелит және сүйектің жетіспеушілігімен асқынған жалған буынды қазіргі таңда қандай әдіспен емдейді?//

сүйек пластикасымен бірге сүйекішілік остеосинтез жасау арқылы//

сүйек пластикасымен бірге сүйекүстілік остеосинтез жасау арқылы//

гипсті таңғышпен бекітіп//

+сүйек арқылы остесинтез жасау арқылы//

тежеуші (блокирующий) остеосинтез жасау арқылы

***

Жарақаттан кейінгі дамыған остеомиелит кезінде антибиотикті қолайлы енгізу жолын (тәсілін) атаңыз//

+эндолимфалық енгізу//

артерия ішіне енгізу//

сүйек ішіне енгізу//

вена ішіне енгізу//

буын ішіне енгізу

***

Фолькман контрактурасында жасалатын қолайлы операцияны атаңыз//

алақанның апоневрозын кесу//

білектің терісін кесу//

+фациотомия және білек артериясына ревизия жасау//

кесілген фасцияны тігу//

кесілген теріні тігу

***

Сирақ сүйектерінің варусты деформациясынан кейін дамыған деформациялаушы гонартрозды емдеуде жасалатын қолайлы операцияны атаңыз//

буын байламдарына жасалатын операция//

эндопротездеу//

артродездеу//

+коррекциялаушы остеотомия//

буынға артролиз жасау

***

Бұрышы артқа қарай ашылған аяқ-қолдың деформациясы қалай аталады?//

вальгусты//

варусты//

+антекурвация//

рекурвация//

ротация

***

Буын контрактурасын немесе деформацияларды дәрігер емдеу барысында күштеп жазып және түзетуді қалай атайды?//

+редрессация//

репарация//

артродез//

артролиз//

артропластика

***

Тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен аурулары бар науқастарды реабилитациялау жүйесінің екінші кезеңінде маңызды//

+емдеу шаралары//

әлеуметтік реабилитациялау//

кәсіби реабилитация және қайта оқыту//

психологиялық адаптация жасау//

функциональді тәрбие жүргізу

***

25 беттик

 

Деформациялаушы артрозға тән емес рентгенологиялық белгіні атаңыз//

остеоартроз//

остеопороз//

буын саңылауының кішіреюі//

склероз және буын беткейлерінің деформациясы//

+хондроматозды денелер

***

Шыбық сүйек нервісінің параличінен және жарақаттан кейін дамыған аяқ басының деформациясы қалай аталады?//

+жылқы табан//

жалпақ табан//

өкше табан//

қотан аяқ//

жалпақ-вальгусты табан

***

67 жастағы науқас үйдің кіреберісінде сүрініп жығылып, оң жақ жанына соғылып құлаған. Ауруханаға иммобилизациясыз жеткізілген. Тексергенде оң жақ аяғы буындары жазылған, аяғы сыртқа қарай ротацияланған. Буында белсенсіз қозғалыстар бар, алайда олар ауырсыну тудырады. Өлшегенде оң аяқтың 3 см қысқаруы анықталды. Гиргалов симптомы анықталды. Аяқты қандай әдісті пайдаланып бекітесіз?//

деротациялық етікшемен//

бармақтан бастап қабырға доғасына дейін салынған гипсті таңғышпен//

кокситті гипсті таңғышпен//

сүйектен тарту арқылы//

+остеосинтез жасау арқылы

***

Шығып кеткен ортанжіліктің басын орнына салғаннан кейін жілік басында асептикалық некроздың дамуын алдын-алу үшін қандай емдеу әдісін таңдайсыз?//

кокситті таңғышты//

+сүйектен тартуды//

желімді пайдаланып тартуды//

терең салынған лонгетті//

туторды

***

Асықтыжіліктің проксимальды метафизін сүйектік тарту келесі жағдайда жүргізіледі://

+жамбастың жарты бөлігінің ығысуымен жүретін алдыңғы және артқы жартылай сақиналардың бір жақты сынығында//

алдыңғы жартылай сақинаның ығысқан сынығында//

ығысқан симфиз жыртылуы кезінде//

ығысқан шеткейлік сынықтарда//

артқы жартылай сақинаның ығысқан сынығында

***

Туа пайда болған қисық мойынның этиопатогенезі:

+төс-бұғана-емізікше тәрізді бұлшықеттің туа пайда болған ақауы //

туу кезіндегі жарақат//

ұрықтың дұрыс жатпауы //

тәрбиелік үрдіс//

жүректің ишемиясы

***

Қисық мойынның консервативті емі тиімсіз болған жағдайдағы хирургиялық ем көрсеткіші:

5 айға дейін//

1 жасқа дейін //

2 жасқа дейін //

3 жасқа дейін //

+3-4 жаста.//

***

Ортанжілік басының туа болған шығуын Виленский шинасымен емдегенде аяқты ішке әкелетін бұлшық еттердің ауырсынуын тудыратын контрактураға көңіл аудармау қандай асқынуға әкеліп соғады//

шокка//

буын капсуласының жыртылуына//

санның бұралуына//

+жілік басының асептикалық некрозына//

аяқ басының қан айналымының бұзылуына

***

Ортанжілік басының шығуын орнына жабық тәсілмен салғаннан кейін аяқты бекітуге қолданылмайды//

+коксидті гипс таңғышы//

12 қабырғаға дейін салынған гипс таңғышы//

сүйектен тарту//

тутор//

аз салмақпен лейкопластырмен тарту

***

Аяқтың сипаттамалы (проекционды) қысқаруы қай кезде байқалады?//

диафиз сынуында//

буын шыққанда//

байламдар созылғанда//

соғылғанда//

+контрактурада//

***

Ортанжілік мойнының субкапитальды сынуынан кейін жілік басында асептикалық некроздың дамуын алдын алуға бағытталған емдеу әдісі://

3 қырлы шегемен остеосинтез жасау //

Функциональды ем жүргізу //

+бір полюсті протезбен эндопротездеу//

сымтемірмен остеосинтез жасау//

сүйектен тартып емдеу

***

40 жастағы науқас көлік апаты салдарынан жарақат алды. Оң жақ жамбас-сан буынының ауырғанына шағымданады. Тексеруде: науқас зембілде жатыр, оң жақ аяғы ішке әкелінген, ішкі ротация байқалады, аяғы тізе мен жамбас-сан буындарында бүгілген. Буында белсенсіз қимылдар ауырсыну тудырады, серіппе тәрізді қарсыласу белгісі анықталды. Диагноз қойыңыз://

сан басының асептикалық некрозы//

жалған буын//

буын анкилозы//

+жамбас-сан буынында жілік басының шығып кетуі//

тромбоз

***

Бұғананың акромионды бөлігінің шығуы сипатталады://

Маркс белгісімен//

«үшбұрышты жастық» белгісімен//

+«перне» белгісімен//

иықтағы «серіппе» тәрізді белгісімен//

орнына салыну мен шығу белгілерімен.

***

Жамбас-сан буынына операция жасау көрсетілмеген://

ортанжіліктің мойын сынығында //

ортанжілік мойнының жалған буынында//

+туберкулезді кокситтан дамыған фиброзды анкилозда//
жамбас-сан буынының 3 дәрежелідеформациялаушы артрозында//

жілік басының туа болған шығуында

***

Шынтақ буынына қан жиналғанда пункция жасалады://

шынтақ өсіндісі мен иық-шынтақ бұлшықет арасы арқылы//

үш басты бұлшықет шеті мен саусақтың шынтақтық бүгушісінің

арасы арқылы//

шынтақ өсіндісі мен ішкі айдаршық арасы арқылы//

+шынтақ өсіндісі мен сыртқы айдаршықарасы арқылы//

шынтақ өсіндісі үстімен

***

Сан сүйегі басының идиопатиялық асептикалық некрозының ең ерте сатысы мына қосымша әдісті қолданғанда анықталады://

жамбас-сан буынының санагрофиясы//

жамбас-сан буынының рентгенографиясы//

+магнитті резонансты томография//

буын қозғалысының көлемін клиникалық қарау арқылы анықтау//

компьютерлі томография.

***

Туылғаннан соң алғашқы жарты жылда туа біткен маймақтық кезінде мынадан басқа деформациялар болады://

табан эквинусы//

табан супинациясы //

+табан пронациясы //

табанның алдыңғы бөлімінің ішке әкелінуі//

өкше супинациясы

***

Тізе буынын қарау кезінде қай әдіс арқылы 95% дұрыс диагноз қою мүмкіндігі бар?//

тізе буынының кең артротомиясы //

+тізе буынының артроскопиясы //

тізе буыны сонографиясы//

магнитті-резонансты томография//

компьютерлік томография

***

Асықтыжіліктің артқы қырының буындық беткейінің 1/4 –ден 1/3- бөлігіне дейін сынығы кезінде мына биіктікке дейін ығысу болады://

1 мм дейін//

2 мм дейін //

+3 мм дейін //

5 мм дейін //

7-10 мм дейін

***

Тізетобықтың көлденең сынығы кезінде ығысудың мына шамасында остеосинтез операциясы көрсетілген://

1 мм//

2 мм//

+3 мм//

5 мм//

7мм және жоғары

***

Жарақаттық шокты емдеуде гипотермияны қолдану://

+көрсетілмеген//

басқа емдеу әдістерімен бірге//

міндетті түрде//

шоктың белгілі кезеңдерінде көрсетілген//

емдеу соңында.

***

Аяқ-қолдың жаншылудан кейін болған босату мынадан басқа инфузиялық ерітінді беруі тиіс://

+кальции хлориді 10мл-10%//

реополиглюкин 400//

глюкоза-калий-инсулинді қоспа 500//

глюкоза ерітіндісі 5%-500//

новокаин ерітіндісі 0,25%.

***

Дюпюитрен типті тобық сынығында табанды қалпына келтіруде сүйек сынықтарын түзеудің соңғы кезеңі болып табылады://

+алдыңғы бөлімінің супинациясы және әкелінуі//

алдыңғы бөлімнің супинациясы және әкетілуі//

алдыңғы бөлімінің пронациясы және әкелінуі//

алдыңғы бөлімінің пронациясы және әкетілуі//

табанды қалыпты жағдайға келтіру керек

***

50 жасқа дейінгі науқастарда сан сүйегі мойынының медиальды варусты сынығы кезінде остеосинтез операциясын жарақаттан кейін мына уақытта жүргізу керек://

+жарақаттан соң алғашқы 12 сағатта//

жарақаттан соң алғашқы 24 сағатта//

жарақаттан соң алғашқы 48 сағатта//

алғашқы 5 тәулік//

алғашқы 7 тәулік

***

Асықтыжілік шыбығы нервісі зақымданғанда мына типтегі табан деформациясы дамиды://

эквино-валгусты табан//

ат табаны//

+эквино-варусты табан//

табанның алдыңғы бөлімінің әкелінуі//

паралитикалық маймақтық

***

Тізе буынының зақымдалулары мен ауруларын зерттеудің қазіргі әдісі болып табылады://

рентгенография//

артропневмография//

контрастты рентгенография//

+артроскопия//

буын пункциясы

***

Ересек ер адамдарда қалыпты жағдайдағы айналымдағы қан көлемін анықтауда мына мәліметтерге сүйену керек://

60 мл/кг//

65 мл/кг//

+70 мл/кг//

75 мл/кг//

80 мл/кг

***

Науқасты 3 дәрежелі шоктан қан құю арқылы шығаруда сарысулық гемолитикалық сарғаю мына жағдайда жиі дамиды://

бір донордан бүтін қанды құйғанда//

+бірнеше донордан қан және плазма құйғанда//

бір донордан плазманы құйғанда//

бір донордан эритроцитарлы массаны құйғанда//

бір донордан қан мен плазманы құйғанда

***

Шок кезінде қанның микроциркуляциясы мен оттегі тасымалдауына қолайлы жағдай болу үшін гематокриттің оптимальды деңгейі://

15-20% шамасында//

+30-35% шамасында//

35-40% шамасында//

40-45% шамасында//

45-50% шамасында


Дата добавления: 2015-09-29; просмотров: 85 | Нарушение авторских прав







mybiblioteka.su - 2015-2024 год. (0.07 сек.)







<== предыдущая лекция | следующая лекция ==>